Жоқ
38. Шассиі жиналған немесе толық шығарылмаған ұшақты отырғызуды күткенде ұшу-қону жолақтарын (бұдан әрі-ҰҚЖ) өрт сөндіргіш көбік шашып тастау арнайы шаралар болып табылады.
ҰҚЖ көбік шашу туралы шешімді ӘК командирінің талабы бойынша ІІБ органдарынан алынған ақпарат бойынша, ӘК авариялық отырғызуға дейін 30 минуттан кем емес уақыт бар болған кезде АҚЖ басшысы қабылдайды.
ҰҚЖ көбік шашу туралы шешім ҰҚЖ көбік шашқаннан кейін өрт сөндіргіш машиналарда қалған өрт сөндіру құрамдары (бұдан әрі-ӨСҚ) аталған ӘК үшін талап етілетін өртке қарсы қорғаныс деңгейі (бұдан әрі- ТӨҚҚД) бойынша нормативке сәйкес болған кезде қабылданады.
|
ҰҚЖ ереже айқындалу үшін,әуе кемеде тоқтаған кезде өрт сүндеру үшін, өрт сөндіретін құраладар болу керек
|
39
|
Тармақ 32
|
32. Авариялық әуе кемесiнен жолаушыларды эвакуациялау бойынша ИАҚ жасағының iс-қимылына мыналар кiредi:
1) негiзгi және авариялық шығу жолдарын, ал олар қарысып қалған жағдайда тиiстi техникалық құралдар (дискiлi ара, балталар және басқа да жарақтар) көмегiмен белгiлеген орындарда фюзеляжды ашу;
2) әуе кемесiнiң бортына өту және жердегi немесе борттық авариялық басқыштарды және басқа да эвакуациялау құралдарын орнату;
3) әуе кемесiн тастап шығуда экипаж мүшелерi мен жолаушыларға көмек көрсету және өз бетiмен қозғалуға қабiлетсiз адамдарды эвакуациялау.
|
39. Авариялық ӘК жолаушыларды эвакуациялау бойынша ИАҚ жасағының іс-қимылына мыналар кіреді:
1) негізгі және авариялық шығу жолдарын, ал олар ашылмай қалған жағдайда тиісті техникалық құралдар (дискілі ара, балталар және басқа да жарақтар) көмегімен белгілеген орындарда фюзеляжды ашу;
2) ӘК бортына өту және жерүстіндегі немесе борттық авариялық басқыштарды және басқа да эвакуациялау құралдарын орнату;
3) ӘК тастап шығуда экипаж мүшелері мен жолаушыларға көмек көрсету және өз бетімен қозғалуға қабілетсіз адамдарды эвакуациялау.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Редакциялық түзету
|
40
|
Тармақ 33
|
33. Авариялық әуе кемесiнде өрттi сөндiру мен одан адамдарды эвакуациялау кезiнде мынадай қауiпсiздiк шаралары сақталуы тиiс:
1) фюзеляжды ашу және әуе кемесiнен зардап шеккендердi шығару кезiнде АҚК жеке құрамын зақымдамау және зардап шеккендерге қосымша жарақат түсiрмеу үшiн сақтық шаралары сақталуы тиiс;
2) өрттi сөндiру және эвакуациялау кезiнде АҚК жасағының жеке құрамы қорғану жарағын қолдануы тиiс (жылу қорғағыш костюмдер, тыныс алу аппараттары);
3) әуе кемесiнен адамдарды эвакуациялау үдерiсiнде өрттен-құтқару жасағының жеке құрамы өрттiң қалған ошақтарының таралып кетуiнiң алдын алып, оған бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
4) жолаушылар мен экипаж мүшелерiн эвакуациялағаннан кейiн өрттен-құтқару жасағы өрттiң қалған ошақтарын өшiрiп, әуе кемесiнiң бортында ешкiмнiң қалмағанына көз жеткiзу үшiн жолаушы салондарының және экипаж кабинасының, ас бөлмесiнiң, дәретхананың, багаж үй-жайының және гардеробтың көрiнбейтiн орындарын тексеруi тиiс;
5) жарақат алған жолаушылар мен экипаж мүшелерi қауiпсiз орынға (жанып жатқан әуе кемесiнен 100 м жақын емес жел жағына) эвакуациялануы тиiс. Эвакуациялаудың қауiпсiз орнын медициналық жасақтың аға жетекшiсiмен бiрге авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы анықтайды;
6) егер жолаушылар саны және экипаж құрамы туралы мәлiметтер болса, оларды әуе кемесiнен эвакуацияланғандар санымен салыстыру қажет. Айырмашылықтар болған жағдайда, барлық зардап шеккендердi тапқанша iздестiрудi жалғастыру қажет;
7) өрттен құтқару және медициналық жасақтар оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанға дейiн болуы тиiс.
|
40. Авариялық ӘК өртті сөндіру мен одан адамдарды эвакуациялау кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс:
1) фюзеляжды ашу және ӘК зардап шеккендерді шығару кезінде АҚК жеке құрамын зақымдамау және зардап шеккендерге қосымша жарақат алмау үшін сақтық шаралары сақталуы тиіс;
2) өртті сөндіру және эвакуациялау кезінде АҚК жасағының жеке құрамы қорғану жарағын қолдануы тиіс (жылу қорғағыш костюмдер, тыныс алу аппараттары);
3) әуе кемесінен адамдарды эвакуациялау процестерді өрттен-құтқару жасағының жеке құрамы өрттің қалған ошақтарының таралып кетуінің алдын алып, оған бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
4) жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялағаннан кейін өрттен-құтқару жасағы өрттің қалған ошақтарын өшіріп, ӘК бортында ешкімнің қалмағанына көз жеткізу үшін жолаушы салондарының және экипаж кабинасының, ас бөлмесінің, дәретхананың, багаж үй-жайының және гардеробтың көрінбейтін орындарын тексеруі тиіс;
5) жарақат алған жолаушылар мен экипаж мүшелері қауіпсіз орынға (жанып жатқан әуе кемесінен 100 м жақын емес жел жағына) эвакуациялануы тиіс. Эвакуациялаудың қауіпсіз орнын медициналық жасақтың аға жетекшісімен бірге авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы анықтайды;
6) егер жолаушылар саны және экипаж құрамы туралы мәліметтер болса, оларды әуе кемесінен эвакуацияланғандар санымен салыстыру қажет. Айырмашылықтар болған жағдайда, барлық зардап шеккендерді тапқанша іздестіруді жалғастыру қажет;
7) өрттен құтқару және медициналық жасақтар оқиға орнында АҚЖ толық аяқталғанға дейін болуы тиіс.
|
Тармақтың нөмірлерді өзгерісі.
Редакциялық түзету
Штаттық есепке, арнайы жаблықтау жарақ қатысады
|
41
|
Тармақ 34
|
34. Медициналық жасақтың аға жетекшiсi «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын алғаннан кейiн:
1) авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы арқылы жағдайды нақтылағаннан кейiн денсаулық сақтау органдарының өзара iс-қимыл жасайтын күштерi мен және құралдарын шақырады;
2) құралдарымен шабаданды тиеудi ұйымдастырады;
3) есiрткi препараттары салынған буманы (егер ол бөлек сақталса), фургон кiлтi мен эвакуациялау жоспарын алып қояды;
4) оқиға орнына келедi;
5) авариялық-құтқару жұмыстары басшысымен бiрге зардап шеккендердi жинау пунктi үшiн орын (әуе кемесiнен 100 м жақын емес) таңдайды және танымдық белгiлердi қояды;
6) қажет болған кезде, авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы арқылы әуежай үй-жайларында зардап шеккендердi уақытша жинақтау пункттерiн ұйымдастырады;
7) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiндегi медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастырады, осы жұмысқа тiкелей қатысады;
8) зардап шеккендердi көлiкпен эвакуациялаудағы сұрыптауды басқарады;
9) сыртқы жағдайлардың жағымсыз әрекетiнен зардап шеккендердi қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
10) қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң мәйiттерiн жинау орнын анықтайды;
11) авариялық-құтқару жұмыстары басшысымен тұрақты байланыс және жұмыс барысы туралы оған ақпарат бередi.
|
41. Медициналық жасақтың аға жетекшісі «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын алғаннан кейін:
1) авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы арқылы жағдайды нақтылағаннан кейін денсаулық сақтау органдарының өзара іс-қимыл жасайтын күштері мен және құралдарын шақырады;
2) құралдарымен шабаданды тиеуді ұйымдастырады;
3) фургон кілті мен эвакуациялау жоспарын алады;
4) оқиға орнына келеді;
5) АҚЖ басшысымен бірге зардап шеккендерді жинау пункті үшін орын (әуе кемесінен 100 м жақын емес) таңдайды және танымдық белгілерді қояды;
6) қажет болған кезде, АЖҚ басшысы арқылы әуежай үй-жайларында зардап шеккендерді уақытша жинақтау пункттерін ұйымдастырады;
7) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастырады, осы жұмысқа тікелей қатысады;
8) зардап шеккендерді көлікпен эвакуациялаудағы сұрыптауды басқарады;
9) сыртқы жағдайлардың жағымсыз әрекетінен зардап шеккендерді қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
10) қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің мәйіттерін жинау орнын анықтайды;
11) авариялық-құтқару жұмыстары басшысымен тұрақты байланыс және жұмыс барысы туралы оған ақпарат береді.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Редакциялық түзету
|
42
|
|
Жоқ
|
42. Қалған АҚК жасақтары авиациялық оқиға орнындағы іс-қимылдар бойынша АҚЖ басшысының нұсқауларын басшылыққа алады.
|
АҚЖ тәртіп есепті айқындалу үшін
|
43
|
|
Жоқ
|
43. Қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау ӘК эксплуатанты мен әуежай (жиі рейстер үшін) арасында бұрын жасалған келісім бойынша жүзеге асырылады. Қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау туралы шешім қабылдау авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия басшысының келісімімен жүзеге асырылады.
|
«Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау», ҰӨАҚҚ, 9137- АN/898, 5-бөлім.» талаптарына сәйкес қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау. 1 қосымша
|
44
|
|
Жоқ
|
44. Әуежайда қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау бойынша 1-Қосымша, «Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. 5-бөлім. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемелерін алып тастау», құжат 9137-АN/898, ИКАО нормалары талаптарына сәйкес әзірленген жоспар әзірленуде. Оған міндетті түрде:
1) алып тастау бойынша операция жүргізген кезде пайдалануға болатын, әуежай аумағында немесе оған жақын жерде орналасқан жабдықтардың тізбесі және қызметкерлердің дайындығы. Тізбеге тип туралы ақпаратты және ауыр жабдықтың орналасуы немесе қажет болуы мүмкін арнайы құрылғылар және әуежайға крандарды және басқа да жабдықтарды жеткізу үшін уақыттың орташа ұзақтығын енгізу қажет;
2) әуеайлақтың барлық учаскелеріне кіре беріс жолдары және әуе электр желілеріне жақын келген кезде крандар үшін қажетті кез-келген арнайы жолдар туралы ақпарат;
3) ӘК алып тастау бойынша операция кезінде пайдалану үшін координаталық тор салынған әуежайлық карталар;
4) тартылған қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары;
5) қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастауға қатысты, типтеріне әуежайда қызмет көрсетілетін, ӘК өндірушілері таратқан, ӘК эксплуатантынан алынған ақпарат;
6) АҚЖ орындалған орынға жол салу үшін техникалық құрал және әуежай қызметкерлерінің бар екендігі туралы ақпарат;
7) отынды сақтауды ұйымдастыру қажеттілігі кезінде аз уақыт жұмсай отыра, ӘК отынды құю мүмкіндігі туралы ақпарат;
8) комиссия басшысымен авиациялық оқиғаны тексеру бойынша өзара іс-қимылдар жатады.
|
«Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау», ҰӨАҚҚ, 9137- АN/898, 5-бөлім.» талаптарына сәйкес қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау. 1 қосымша
|
45
|
|
Жоқ
|
45. «Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау», ИКАО, 9137- АN/898, 5-бөлім.» талаптарына сәйкес қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау бойынша қолданылатын әдістер анықталады.
|
«Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау», ҰӨАҚҚ, 9137- АN/898, 5-бөлім.» талаптарына сәйкес қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау. 1 қосымша
|
46
|
|
Жоқ
|
ААБ қызметімен тікелей және тұрақты байланыста болатын әуежайдың лауазымды тұлғалары ААБ қызметіне қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастауды ұйымдастыру туралы, әуеайлақта немесе оған жақын жерде ұшу жолағында қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастауды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынады. Қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастау мүмкіндігіне қатысты ақпарат әуежай қызметтеріне алып тастауға шамасы келетін ең ауыр ӘК көрсету арқылы хабарланады.
|
«Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау», ҰӨАҚҚ, 9137- АN/898, 5-бөлім.» талаптарына сәйкес қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау. 1 қосымша
|
47
|
|
Жоқ
|
Мұндай ақпаратты ұсыну және оны жариялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1441 қаулысымен бекітілген Әуе кемелері эксплуатанттарын аэронавигациялық қамтамасыз ету қағидаларымен анықталады.
|
«Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау», ҰӨАҚҚ, 9137- АN/898, 5-бөлім.» талаптарына сәйкес қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау. 1 қосымша
|
48
|
|
Жоқ
|
48. Теңізде орналасқан (теңіз бұрғылау қондырғыларында, теңіз кемесінде, жылжымалы теңіз бұрғылау қондырғыларында немесе жасанды аралдарында), тікұшақ айлақтарында (соның ішінде теңіз үстіндегі) теңіз қондырғы менеджері, теңіз кемесінің немесе жүзбелі теңіз бұрғылау қондырғыларының капитаны басшылық етеді.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
49
|
|
Жоқ
|
49. Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында тұрақты команда пункті (бұдан әрі - ТКП) теңіз қондырғысындағы/кемесіндегі радиорубкада ұйымдастырылады.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
50
|
|
Жоқ
|
50. Тікелей өз тікұшақ алаңында және оған жақын жерде жолаушыларды, экипаж мүшелерін және ӘК құтқару бойынша АҚЖ АҚК жүргізіледі.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
51
|
|
Жоқ
|
51. АҚК - тікұшақ операцияларын жүргізу барысында тікұшаққа қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін команда болып табылады және де АҚЖ орындауға дайын болуы тиіс.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
52
|
|
Жоқ
|
52. АҚК :
1) АҚК тікұшақты қондыру бойынша аға технигі болып табылады – 1 адам;
2) тікұшақты қондыру бойынша технигінің көмекшісі – 3 адам;
3) өрт сөндірушілер, тікұшақ алаңында орналасқан әр өрт лафетті ұңғысына кемінде 1 адамнан тұрады.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
53
|
|
Жоқ
|
53. Суда құтқару жұмыстарын өткізу барысында бортында
авариялық-құтқару командасы бар аз дегенде бір құтқару кішкене катері (қайық), тартылуы керек.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
54
|
|
Жоқ
|
54. Суда АҚЖ орындау кезінде, құтқару кемесі жылжымалы (қозғалмалы) командалық пункті (ЖКП) болып табылады.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
55
|
|
Жоқ
|
55. Су үсті кеңістігінде (теңіз, ірі көл немесе су қоймасы) ұшу немесе қонуы жүргізілетін тікұшақ айлақтар, тікұшақ палубалары, сонымен қатар гидротікұшақтары, жүзбелі көлік құралдарымен (кемелер, кішкене кемелер, моторлы қайық) толық жасақтарымен қамтамасыз етілуі тиіс:
1) ТКП және ЖКП әуе байланыс құралдарымен;
2) судағы жұмыс орындарын жарықтандыру жабдықтарымен;
3) дыбыс және жарықтандыру сигналды жабдықтармен;
4)осы тікұшақта пайдалануға рұқсат етілген ең ірі тіқұшақ жолаушылар сыйымдылық санына сәйкес топталған және/немесе жеке жүзбелі құралдарымен.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
56
|
|
Жоқ
|
56. Жарамдылық нормасының талаптарына сәйкес өртке қарсы құрам және апаттан құтқару жабдығының жинағы болуы тиіс.
|
Тік ұшақты отырғызатын орында жосық орнату АҚЖ АҚК мақсатында
|
57
|
Тармақ 35
|
35. Суда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн жағалаудағы әуежайларда:
1) ұшу және қонуға отыру су үстiнде жүргiзiлетiн әуеайлақтарда қажеттi катер санымен суда құтқару станциялары;
2) суда құтқару құралдары (салдар, жилеттер, құтқару дөңгелектерi, қол прожекторлар және мегафондар) болады.
Судан құтқару станцияларының жеке құрамы суда апатқа ұшырағандарды құтқару тәсiлдерi және оларға алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы оқудан өтедi.
|
57. Суда АҚЖ жүргізуге арналған үшін жағалаудағы әуежайларда бар немесе теңізші ұйымдарымен, суда құтқару станцияларымен жасалған өзара іс-қимыл туралы шарттар бойынша:
1) суда құтқару станциялары қажетті катерлер санымен;
2) суда құтқару құралдары (салдар, кеудешелер, суға батырмайтын дөңгелек, қол прожекторлары және үн күшейткіш) пайдаланады.
Жеке құрам – штаттық және штаттан тыс АҚК есебі суда апатқа ұшырағандарға құтқару және бірінші көмек көрсету әдістері туралы арнайы оқудан өтеді.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Катер және басқа құтқару дүние көмекке беру үшін шарттық негіздерде (құтқару дүние болса)
|
58
|
Тармақ 36
|
36. Су астында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн сүңгуiр құрамалары (шарт бойынша) тартылуы қажет.
|
58. АҚЖ жұмыстарын судын астында жүргізу үшін сүңгуір командасы тартылады (шарт бойынша).
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Редакциялық түзету
|
59
|
Тармақ 38
|
38. Әуе кемесiнiң және оның бөлiктерiнiң батқан орнын анықтау мақсатында буйлармен белгiленуi тиiс.
|
59. Суға батып кеткен ӘК және оның бөлшектерінің орның анықтау мақсатында орны буйлармен белгіленеді.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Редакциялық түзету
|
60
|
|
Жоқ
|
60. Авариялық және ағымдағы хабарламаларды нақты беруді қамтамасыз ету мақсатында әуежай ҰӨАҚҚ қызметінің өрт-құтқару командасы арнайы телефон байланысымен, екі жақты радио байланысымен және басқа да қажетті аппаратуралармен жабдықталады және олар:
1) авиациондық уақиға немесе қақтығыс болған жағдайда өртке қарсы көліктер мен қызметкерлердің «Дабыл» сигналы бойынша жылдам дайындалып және шығуы мақсатында ІІБ органы, әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметі және өрт-құтқару командасы арасында тікелей байланысты;
2) апаттық жағдайда қалған ҰӨАҚҚ қызметі мен ӘК ұшқыштар экипажының арасындағы тікелей байланысты (ІІБ органы жоқ әуеайлақтар үшін);
3) қолда бар күштер мен құралдарды күшейту үшін шұғыл жиналу мақсатында кезекшілікте емес ҰӨАҚҚ қызметінің қызметкерлерін ортақ хабар беру ету мүмкіндігімен;
4) әуеайлақта және одан тысқары жерде орналасқан өзара іс-қимыл жоспары бойынша қатысы бар қызметтер мен мекемелерді шақыру мүмкіндігімен;
5) авиациялық уақиға немесе қақтығыс болған жерде табылатын апаттық шұғыл орталық және авариялық-құтқару және өртке қарсы көлік құралдары арасындағы екі жақты радио байланысты қолданумен қамтамасыз етеді.
|
Байланысқа талапты белгілеу
|
61
|
|
Жоқ
|
61. шектелген көру жағдайындағы рәсімдер: 550 м төмен көрінетін ҰҚЖ ұшып кететін ӘК үшін енгізіледі; ҰҚЖ шектелген 550 м төмен көрінетін және (немесе) 60м. төмен биіктігіндегі аспанның төменгі шекарасында дәл қону кезіндегі II/III категориялары бойынша ұшып келетін ӘК үшін енгізіледі.
Шектелген көру жағдайында ҰАҚҚ ұйымдастыру және АҚЖ жүргізу кезінде келесі қосымша шаралар қарастырылады:
шектелген көру жағдайындағы рәсімдерді іске қосуды енгізу туралы ҰӨАҚҚ қызметінің өрттен-құтқару есебі ІІБ органы хабарлайды;
ҰӨАҚҚ өрттен құтқару есеп қызметінің кезекшілігі шектелген көру жағдайында қызметінің жасағы немесе ұшудың аяқталуына (тоқталуына) байланысты рәсімдерді алып тастағанға дейін, кезекші өрт автокөліктерінде ұйымдастырылады;
3) кезекшіліктегі ҰӨАҚҚ қызметінің жеке құрамы жеке және топтамалы жарықтандыру және жарықты шағырылыстыратын таңбасы және айыру белгісі бар арнайы киімімен (әскери) жабдықталынады;
4) барлық арнайы автокөліктер танып айыру радиолокациялық жүйесімен, тұманға қарсы фарлармен және арнайы жарық маяктарымен жабдықталады.
Сұраныс бойынша ІІБ органы авиациалық уақиға болған жерге АҚК жасағының бағыттауын жүзеге асырады.
Арнайы автокөлік қазғалыстары танып айыру радиолокациялық жүйесінің тек қана іске қосылған кезде рұқсат етіледі.
Авиациалық уақиға болған жерге келген кезде өрт автокөліктерінің экипаждары апаттық ӘК кетуші және кеткен адамдарға соғып кетпеу мақсатында ерекше сақтықта және абай болуға тиісті.
|
Жамаң метео жағдай да АҚЖ тәртібінің анықтау үшін (қатты тұман)
|
62
|
|
39. Әуежайларда ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуге қатысатын мамандарды даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.
|
62. Әуежайда ҰАҚҚ қатысатын мамандарды дайындау тәртібі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілген бағдарлама бойынша іске асырылады.
ҰӨАҚҚ қызметінің іздестіру және авариялық-құтқару командасына (бұдан әрі – ІАҚК) жұмысқа орналысушы тұлғалар, авиациалық оқу орталықтарында немесе мемлекеттік өртке қарсы қызметінің оқу орталығында жұмысқа тұрған күннен бастап 6 айдан кешікпей арнайы дайындықтан өтеді.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Редакциялық түзету
Арнайы дайындықты өту, өрт сөндіретін ерекшелік және құтқару жүмыстар әуе көліктің талабының кіріспесі
|
63
|
|
Жоқ
|
63. Әуежай АҚК жасағының штаттан тыс мамандарының оқуы мен дайындығы:
1) көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезендерінің жұмысына кәсіпорынды дайындау кезінде жұмыс орны бойынша әуежайларда. «Апаттық жоспарды» оқу және жұмыспен істеп өтегендей дайындық жүргізіледі;
2) авариялық-құтқару командасының жоспарлы үйрену жаттығуларында;
3) авариялық-құтқару командасының бірлескен жоспарлы үйрену мен жаттығуларында және өзара іс-қимылдағы ведомстволар мен ұйымдарда іске асырылады.
|
АҚК штаттық оқуы талапты кіргізу
|
64
|
|
Жоқ
|
64. кәсіпорын басшысы бекіткен оқу жоспары бойынша күнтізбелік жыл бойы ҰӨАҚҚ қызметінің іздестіру және авариялық-құтқару командасының жеке құрамымен кәсіптік теориялық және тәжірибелік дайындық үнемі жүргізіледі.
Өрттен құтқару жасғының кәсіби дайындығы мен жаттығулары, өртті сөндіру және адамдарды құтқару бойынша арнайы жұмыстардың барлық жүктелген түрлерін орындауды қамтамасыз ететін дайындық көлемінде жүргізіледі.
|
ҰӨАҚҚ кәсіпші дайындығының мама талап кіріспесі туралы
|
65
|
|
Жоқ
|
65. ҰӨАҚҚ жеке құрамы әр 5 жыл сайын біліктілігін көтеру бойынша куәлік (сертификатын) беру арқылы:
1) өрттен құтқару командасының қызметкерлері Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің оқу орталықтарында немесе авиациалық оқу орталықтарында;
2) қызмет бастығы, оның орынбасарлары, АҚЖ басшылары – мемлекеттік қорғау Республикалық курстарында немесе «ҰӨАҚҚ қызмет басшылары. Іздестіру және апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» категориялары бойынша азаматтық авиация курстарында оқудан өтеді;
|
ҰӨАҚҚ кәсіпші дайындығының маман талап кіріспесі туралы
|
66
|
|
40. Бағдарламаларға сәйкес әуежайдың ҰIАҚҚҚ алдағы оқу жылына тақырыптық жоспарлар әзiрлейдi, оларда АҚК жеке құрамын оқытудың тәртiбi және дәйектiлiгi белгiленетiн АҚК-нiң техникалық жарақталуы ескерiледi.
|
66. Бағдарламаларға сәйкес, әуежайдың ҰӨАҚҚ қызмет басшысы алдағы оқу жылына АҚК штаттан тыс жасағының техникалық жабдықталуын есепке ала АҚК шаттан тыс жасағының жеке құрамының оқу тәртібі мен жүйелілігі анықталатын, отырып, тематикалық жоспарларды дайындайды,.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Редакциялық түзету
|
67
|
|
Жоқ
|
67. Әуежайдың ҰӨАҚҚ қызмет басшысы оқу мен жаттығулардың және жаттығу өткізу кестесін дайындайды, олардың өткізу жоспарларын жасайды, процесінде жеке құрамның әрекетін талдап және оларды бағалайтын, талдау жүргізеді.
Әуеайлақ маңындағы және әуеайлақ аумақтағында АҚЖ ұйымдастыру және өткізу бойынша апаттық жоспарды пысықтау үшін, келесі шаралар өткізіледі:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган бөлімшелерімен бірлесіп, аймақтық деңсаулық сақтау органдарын жедел медициналық көмегімен, әскери бөлімдерімен және құқық қорғау органдарымен, 2 жылда 1 рет кезеңділікпен толық масштабты оқуы;
2) ҰӨАҚҚ қызметінің кәсіптік деңгейін ұстау мақсатында штаттық және штаттан тыс АҚК жасағының жылына 1 рет кезеңділікпен шектеулі оқуы;
3) Толық масштабты немесе шектеулі оқулар өткізілетін жарты жылдық кезеңінен басқа, жартыжылдықта бірден кем емес кезеңділікпен қажеттілік жағдай барысында апаттық жоспарды өзгертуге әкелетін штабтық оқулар Жаттығулар:
- айына 1 рет өрттен құтқару және медициналық есебімен;
- қалған (штаттан тыс) есептерімен АҚК – тоқсан сайын;
- АҚК-мен (әр ауысым сайын) – жылына 2 рет өткізіледі.
Осыдан басқа кәсіпорында күзгі-қысқы навигациясыға (бұдан әрі - КҚН) және көктемгі-жазғы навигациясыға (бұдан әрі - ЖКН)маусымдық дайындық барысында әр өртті сөндірудің оперативтік жоспары жедел түрде жүргізіледі.
|
Әуежайдың ҰӨАҚҚ (Doc 9137-AN/898) қызмет басшысы оқу мен жаттығулардың және жаттығу өткізу кестесін дайындау туралы
|
68
|
|
Жоқ
|
68. Өрттен құтқару жасағының кезекшілікті жүргізу барысында:
1) кестеге сәйкес теориялық оқу;
2) әуежайда ҰӨАҚҚ қызмет басшысының шешімі бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізіледі.
|
АҚК штаттық есепті дайындығының өзгешелігінің анықтау
|
69
|
|
41. Теориялық сабақтар мен практикалық жаттығулар өткiзу үшiн және оның тиiмдiлiгiн көтеру мен нақты жағдайларға барынша жақындау мақсатында әрбiр әуежайда оқу-техникалық базасы құрылады (жабдықталған сынып, полигон, түтiндi камера, есептен шығарылған әуе кемесi және т.б.).
|
69. Әр әуежайда теориялық оқу мен тәжірибелік жаттығуларды өткізу үшін осы Ереженің 7 қосымшасына сәйкес авариялық-құтқарудың оқу-материалдық базасы мен оқу-жаттығулық полигоны құрылады.
Әуежайдың ҰӨАҚҚ қызмет басшысы авариялық-құтқарудың оқу-материалдық базасы мен оқу-жаттығулық полигонының даму, пайдалануын және ұйымдастыруды бақылауын іске асырады.
|
Оқу полигонда талабының орнату
|
70
|
|
Жоқ
|
70. Әуежай басшысы авариялық-құтқарудың оқу-материалдық базасы мен оқу-жаттығу полигонының құрылуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
|
Оқу полигонда талабының орнату
|
71
|
|
42. Әуежайдың ҰIАҚҚҚ басшысы жаттығулар мен оқулар өткiзудiң кестесiн жасайды, оларды өткiзудiң жоспарларын әзiрлейдi, үдерiсiнде жеке құрамның iс-қимылына талдау жасалатын талқылау жүргiзедi және оларға баға бередi.
Оқулар жылына кемiнде 1 рет өткiзiледi.
Жаттығулар:
1) өрттен құтқару және медициналық жасақтарымен айына 1 рет;
2) АҚК қалған (штаттан тыс) жасақтарымен - тоқсан сайын;
3) АҚК-мен (әр ауысымда) - жылына 2 рет өткiзiледi.
|
71. Жеке құраммен жаттығулар:
1) штаттық өрттен құтқару және медициналық есебімен - айына 1 рет;
2) АҚК штаттан тыс есептерімен – тоқсан сайын;
3) АҚК-мен (әр ауысымда) – жылына 2 рет өткізіледі.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Редакциялық түзету
|
72
|
|
Жоқ
|
72. Тәжірибелік оқулықтар мен жаттығулар процесінде келесі іс-қимылдар бойынша жүргізіледі:
1) авиациалық оқиға туралы хабар;
2) оқиға орнына нормативтік уақытта АҚК есебінің келуі;
3) зардап шеккен ӘК іздестіруін ұйымдастыру және орындау;
4) ӘК негізгі және апаттық шығуларын ашу;
5) ӘК фюзеляжын ашу;
6)ӘК жолаушыларды және экипаждарды эвакуациялауын ұйымдастыру;
7) зардап шеккен жолаушылармен және оларды қарсы алушылармен, және туыстарымен жұмыс тәртібі;
8) ӘК салондарының вентиляциясы;
9) ӘК өртті сөндіру;
10) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
11) зардап шеккендерді медициналық мекемелерге эвакуациялау;
12) әуеайлақтың ұшу алаңынан ӘК эвакуациялау.
|
АҚК штаттық және басқа жұмысшылыр-дың есепті дайындығыны орнату
|
73
|
|
Жоқ
|
73. Әуежайдың ҰӨАҚҚ қызметінің жеке құрамына теориалық дайындық, тәжірибелік оқу, жаттығулар және оқу процесінде:
1) «Дабыл» және «Дайындық» сигналдарын хабарлау жағдайында іс әрекеттер мен хабарлау сигналын;
2) АҚЖ жүргізу барысындағы іс-әрекет тәртібін;
3) АҚЖ жинақты жабдықталған апаттан құтқару қарулары мен жабдықтарының құрылымы және пайдалану тәртібін;
4) авария және апат барысында ӘК кіру әдістерін;
5) әр түрлі жағдайларда адамдарды құтқару әдістерін;
6) алғашқы өрт сөндіру құралдарының құрылымы мен қолдану тәртібін;
7) жану және материалдардың өртену тактикасы мен өртті сөндіру тактикасын;
8) зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсетуді;
9) зардап шеккендерді медициналық мекемелерге эвакуациялауды;
10) әуеайлақтың ұшу алаңынан ӘК эвакуациялауды меңгеруі тиіс.
|
АҚК штаттық есепті дайындығының өзгешелігінің анықтау
|
74
|
|
Жоқ
|
74. Авариялық жағдайда теңіздегі тік ұшақ айлағындағы ҰАҚҚ қатысатын барлық ҰАҚҚ мүшелерінің әрекеттері теориялық және тәжірибелік дайындықтары бойынша сәйкес болуы керек.
|
АҚК штаттық есепті дайындығының өзгешелігінің анықтау
|
75
|
|
Жоқ
|
75. Оқыту және тәжірибелік дайындық «Тікұшақ айлағындағы авариялық әрекет ету командасының мүшесі» бағдарламасы бойынша 2 жылда 1 рет жүргізіледі.
|
АҚК штаттық есепті дайындығының өзгешелігінің анықтау
|
76
|
|
Жоқ
|
76. АҚК барлық мүшелері айына 1 рет нақты әуеайлақта апаттық жағдайда жаттығуларын жүргізеді.
|
АҚК штаттық есепті дайындығының өзгешелігінің анықтау
|
77
|
|
Жоқ
|
77. Әуежайда және тікұшақтарда ҰАҚҚ бойынша инспекциалық бақылауды азаматтық авиация саласындағы өкілетті орган іске асырады.
Әуежайдың ҰӨАҚҚ қызмет бастығы тоқсан сайын азаматтық авиациа саласындағы өкілетті органға ҰӨАҚҚ қызмет жағдайы туралы есеп береді. Есеп нысаны азаматтық авиациа саласындағы өкілетті органы белгілейді.
|
Әуежайда ҰАҚҚ тәртіпті өткізу бақылауды анықтау
|
78
|
|
Жоқ
|
78. Жоспардан тыс инспекциалық бақылау мына жағдайда жүргізіледі, егер осы Ереженің талаптарын бұзушылығы туралы ақпарат түскен болса.
|
Әуежайда ҰАҚҚ тәртіпті өткізу бақылауды анықтау
|
79
|
|
Жоқ
|
79. Инспекциялық тексеруді жүргізу барысында ҰӨАҚҚ қызметің тексеруі жүргізіледі, жоспарлы тексеруді өткізу барысында ҰӨАҚҚ қызметің инспекциялық тексеру парағына сәйкес алдында болған бұзушылықтарды жою.
|
Әуежайда ҰАҚҚ тәртіпті өткізу бақылауды анықтау үшін
|
80
|
|
Жоқ
|
80. Тексеру қорытындысы бойынша жай нысанда екі данада акт жасалынады, әуежайдың (тікұшақ айлақтың) иесімен немесе басшысымен және инспекциялық бақылауды жүргізетін тұлғамен (тұлғалармен) қол қойылады.
|
Әуежайда ҰАҚҚ тәртіпті өткізу бақылауды анықтау
|
81
|
|
37. Суда апатқа ұшырағандарды iздестiру және құтқару кезiнде олардың оқиға орнынан ағыспен немесе желмен алып кетуi мүмкiн екендiгiн естен шығармау керек.
|
Шығарылды
|
Үндеудің нормасы
|
82
|
1 - Қосымша
|
Қосымша
Қазақстан Республикасының
әуежайларында
ұшуды авариялық-құтқарумен
қамтамасыз
ету қағидасына
қосымша
Р/с №
|
АКҚ жасағының атауы
|
Келудiң нормативтiк уақыты, мин
|
Әр ҰҚЖ шет жағына дейiнгi арақашықтық шегiнде
|
Әр ҰҚЖ шет жағына 1000 метр алыстатылған нүктеге және ұшу (қону)* курсы бойынша
|
1
|
Өрттен құтқару
|
3
|
5
|
2
|
Медициналық
|
6
|
8
|
3
|
АҚҚ қалған жасақтары
|
10
|
10
|
- нүкте әуеайлақ қоршауының iшiнде орналасқанда
|
Қазақстан Республикасы
әуежайларында ұшуды
авариялық– құтқарумен
қамтамасыз ету
Ережелеріне
-
қосымша
«Әуежай (әуеайлақ) аймағында және әуежай (әуеайлақ ) маңындағы аумақтарда авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша апаттық жоспарды» әзірлеудің
нұсқамалық ұсыныстары
Жалпы ережелер
ҰІАҚҚҚ басшылары дайындайды:
1. Осы нұсқамалық ұсыныс негізінде Қазақстан Республикасының әр әуежайында апаттық жағдайлардың салдарын жою барысында әртүрлі әуежай қызметтерін және өзара іс-қимылдағы ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың әрекеттерінің тиімділігін көтеру үшін қажетті «Әуежайдың жауапты аймағы мен ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша авариялық жоспар» (бұдан әрі – Авариялық жоспар) дайындалады.
2. Әуежай қызметкерлерінің барлығына, сонымен қатар әуежай аймағында өз қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар ҰАҚҚ бойынша талаптар мен шараларды орындауға міндетті.
3. Авариялық жоспардағы бар ақпаратты келісуге және АҚЖ өткізуге қатысатын уәкілетті әуежай қызметкерлерінің назарына берілуі тиіс.
2. ҰАҚҚ ұйымдастыру
ҰІАҚҚҚ басшылары дайындайды:
4. Әуежай басшыларының тізімдемесін бағынушылық сызбасымен бірге көрсету, әуежайдың заңды мекенжайын, лауазымдарын, аты-тегін, жұмыс және басшылардың факс телефондарын, ұшуды авариялық-құтқаруды қамтамасыз ету бойынша әуежай құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін көрсету.
5. АҚЖ қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау бойынша әуежайдың бірінші басшысының іс-әрекетін сипаттау.
6. АҚЖ жүргізуді басқару және ұйымдастыру бойынша ҰӨАҚҚ қызмет басшысының іс-әрекетін сипаттау.
7. ҰАҚҚ мәселелері бойынша әуежайдың іс-қимылдағы мемлекеттік органдарды көрсету, олардың нақты атқарымдары мен қатысуын, заңды мекенжайын, лауазымдары мен басшыларының аты-тегін, жұмыс және факс телефондарын көрсету.
8. ҰАҚҚ мәселелері бойынша әуежаймен іс-қимылдағы мекемелер мен ұйымдарды көрсету, олардың нақты қызметтерін, заңды мекенжайын, лауазымдары мен басшыларының аты-тегін, жұмыс және факс телефондарын көрсету.
9. Әуежайдың ҰАҚҚ қызметің ұйымдастыруын сипаттау;
1) оның құрылымын;
2) әуежайдың басқа құрылымдық бөлімдерімен іс-қимыл сызбасы;
3) штаттық кесте және жинақталуы;
4) өндірістік және оқу базасының болуы;
5) автокөлікпен және арнайы көлікпен, байланыс құралдарымен қамсыздық етілуі;
6) АҚЖ-на қызметкерлерге рұқсаттама тәртібі.
3. Басқару, байланыс және хабарлау
ҰІАҚҚҚ басшылары дайындайды:
10. Көрсету қажет:
1) ҰАҚҚ қамтамасыз ететін және АҚЖ басшылығын жүзеге асыратын әуежай лауазымдық тұлғасын;
2) АҚЖ басшылық ету және үйлестіру бойынша оперативтік штабтың құрамы мен орналасу орнын;
3) авиациялық оқиға орнында АҚЖ басшылық ету тәртібін;
4) авиациялық оқиға кезіндегі өртті сөндіруде басшылық ету тәртібін;
5) әуежай нысаналарында өртті сөндіруде басшылық ету тәртібін;
6) «Дабыл» немесе «Даярлық» сигналын хабарлау тәртібін;
7) әуежай әкімдік, құқық қорғау, іс-қимылдағы ұйымдардың, кәсіпорындар мен басқа мекемелердің, ӘК пайдаланушылар басшыларына ақпарат беру және хабарлау тәртібін;
8) төтенше оқиға кезінде жалпы хабарлау сызбасын және байланысын;
9) әуежайда тек өкілдігі бар ӘК пайдаланушыларымен іс-қимыл тәртібін;
10) АҚЖ өткізу кезінде эвакуациялық-емдеу шаралар жоспарын әзірлеу және әуеайлақ ауданында және аймағында төтенше оқиға барысында зақымданғандарға көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау аймақтық және ведомствалық органдарының әуежай медициналық қызметімен іс-қимыл тәртібін;
11) кесте нысанында әуежайдың әр штаттық және штаттан тыс авариялық құтқару есебінің дайындық уақытын.
4. АҚЖ жүргізу
ҰІАҚҚҚ басшылары дайындайды:
11. Сипаттау:
1) АҚЖ жүргізу ұйымын және басшылық етуін;
2) радиотехникалық құралдармен АҚЖ қамтамасыз ету тәртібін;
3) осы әуе айлақтың ІІБ органдарының ұшу басшысының (диспетчерінің) іс-әрекеттерін;
4) әуежай басшыларын, АҚК мүшелерін, апаттық ӘК пайдаланушыларын өзара іс-қимылдағы, әрекеттес күштердің және ұйым, мекеме, кәсіпорын құралдарына хабарлау тәртібін;
5) әр түрлі апаттық жағдайлар барысында АҚЖ авариялық құтқару есебінің іс-әрекеттерін;
6) ҰҚЖ көпірікпен бүркеуді ұйымдастыру және тәртібін;
7) зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету және іріктеу тәртібін мен ұйымдастыруын;
8) авиациалық оқиға болған жерден ӘК экипаж мүшелері мен зардап шеккен және зардап шекпеген жолаушыларды эвакуациаялау және ұйымдастыру тәртібін;
9) әуе айлақтың ұшу жолағынан апаттық әуе кемелерін эвакуациялауын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;
|
АҚЖ инструкциялы ұсыныстар құрылымы және апаттың жоспарының мазмұнына ұйым талаптың регламенттеуі үшін енгізіледі
|
83
|
2- Қосымша
|
2-қосымша жоқ
|
Қазақстан Республикасы
әуежайларында ұшуды
авариялық– құтқарумен
қамтамасыз ету
Ережелеріне
2- қосымша
Әуе айлақтың өрт сөндіру көліктерінің
жиынтық жабдықтарының Үлгі тізбесі
(сертификациялық талаптар бойынша)
№
|
Атауы
|
Саны
|
1
|
2
|
3
|
Өрт сөндіру-Техникалық құрал жабдықтары
|
1
|
Өрт сөндіретін кернеулік жеңдер,әртүрлі диаметрдегі барлық ұзындығы 200 метрден кем емес (51мм,66мм,тағы басқалар)
|
1 жинақталым
|
2
|
Гидранттардан су алу үшін соратын кернеулік жеңдіктер (жалғайтын арматурасымен)
|
2
|
3
|
Су айдындарынан су алу үшін соратын кернеулік жеңдіктер ұзындығы 7м кем емес ( жалғайтын арматурасымен )
|
1 жинақталым
|
4
|
Өрт сөндіргіш жеңдіктерге арналған өтпелі жалғаушы бастар
|
1 жинақталым
|
5
|
Жеңдік айырымдар
|
1 жинақталым
|
6
|
Жеңдік желілерге арналған кілттер мен қысқаштар
|
1 жинақталым
|
7
|
Өрт сөндіру бағаны
|
1
|
8
|
Гидранттардың үстіңгі жаппасының кілті
|
1
|
9
|
Көбікті ауамен өрт сөндіретін қол діңі
|
2
|
10
|
Өрт сөндіретін құрама қол діңі
|
2
|
11
|
Сумен қол тескіш-діңі
|
2
|
12
|
Орта еселік көбік генераторы ( үлгі ГПС-600 )
|
2
|
Әуе кемелерінен адамдарды көшіруге арналған құрылғылар.
|
13
|
Ұшақтарда өрт-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналган арнайы саты.
|
1
|
14
|
Әуе кемесінен апаттық жағдайда шығуды жасау мақсатында фюзеляжды ашуга арналган құрылым.
|
1
|
15
|
Таңгыш ремендерді қиюға арналған пышақ
|
2
|
16
|
Зардап шеккендерді тасымалдауға арналған қол тасығыштар
|
1
|
Медициналық құралдар
|
17
|
Өрт салдарынан уланғанда, күйгенде, жарақаттанғанда, сынғанда көмек көрсету мақсатында қолданылатын материалдар мен дәрі-дәрмек,құрылғыларды сақтайтын медициналық дәрі қобди.
|
1
|
Жабдықталым,қол аспаптар және бейімделімдер
|
18
|
Сығмдалған ауамен тыныс алу құрылғысы (үлгі АСВ, АИР,т.б.)
|
2 немесе 3
|
19
|
Өрт сөндіру жылу қайтарғыш костюм
|
2 немесе 3
|
20
|
Өрт сөндіру балтасы
|
1
|
21
|
Шандық аспаптар ( лом, күрек, балта)
|
1 жинақталым
|
22
|
Ағаш кескіш ара
|
1
|
23
|
Темір кескіш ара
|
1
|
24
|
Слесерлық құралдар (тескіш,балға,атауыз,темір, кесетін қайшы )
|
1 жинақталым
|
25
|
Ұзындығы 8-10 м ( диаметрі 8-10 мм ) темір трос
|
1
|
26
|
Ұзындығы 10 м ( диаметрі 8-10 мм ) арқан
|
2
|
27
|
Қол өрт сөндіргіштері (көмірқышқылды, суықтандырғыш, ұнтақтық)
|
1
|
28
|
Топтық электр шамы
|
1
|
29
|
Жеке электрлі шамы
|
2 немесе 3
|
30
|
Электрге қарсы боты
|
1немесе 2 жұп
|
31
|
Электрге қарсы қолғаптар
|
1 немесе 2 жұп
|
32
|
Электр сымдарын қиюға арналган қайшылар
|
1
|
33
|
Кернеу индикаторы
|
1
|
Ескерту: 18,19,29,30 және 31 тармақтары бойынша жабдықтар саны ПСР санына байланысты нақтыланады.
|
Әуеайлақтың ҰӨАҚҚ қызметінің санының жиынтық нормативтары енгізіледі
|
84
|
3- Қосымша
|
3- Қосымша жоқ
|
Қазақстан Республикасы
әуежайларында ұшуды
авариялық– құтқарумен
қамтамасыз ету
Ережелеріне
3- қосымша
Автотіркеме – күймені керек-жарақ және мүліктермен жабдықтау
Рет
№
|
Мүліктердің атауы
|
Өлш.бірл.
|
Саны
|
1
|
Зембілдер (әук кемелерінің түрлеріне қарай)
|
дана
|
әуе кемесінің сыйымдылық санының 25 %
|
2
|
қалқандар (көлемі жағынан зембілге салуға келетіндей)
|
дана
|
10
|
3
|
Крамер сатылы жақтаулары
- 100 х 10 см
- 75 х 7 см
|
дана
|
10
10
|
4
|
Кенеп жайма.
10 х 2м
|
дана
|
2
|
5
|
Шатыр
|
дана
|
2
|
|
Әуеайлақтың өрт сөндіретін автомобильдарында комплекттері тізбе бекітіледі
|
85
|
4- Қосымша
|
4- Қосымша жоқ
|
Қазақстан Республикасы
әуежайларында ұшуды
авариялық –құтқарумен
қамтамасыз ету
Ережелеріне
4- қосымша
Жайылма-чемоданды дәрі-дәрмектер, аспаптар және таңғыш материалдармен жабдықтау
1. Жиналма чемоданның құрамы:
Рет
№
|
Дәрі-дәрмектер, аспаптар және таңғыш материалдар атауы
|
Өлш.бірл.
|
саны
|
1
|
йод тұнбасы (шишаларда)
|
шиша
|
2
|
2
|
Түтіктердегі мүсәтір спирті (шиша)
|
шиша
|
2
|
3
|
этил спирті 90%
|
шиша
|
2
|
4
|
адреналин ерітіндісі 0,18%
|
түтік
|
10
|
5
|
кордиамин ерітіндісі 25 %
|
түтік
|
10
|
6
|
Димедрол ерітіндісі 0,5 %
|
түтік
|
5
|
7
|
Жасанды тыныс алдыру арналған ауа үрлегіш
|
дана
|
1
|
8
|
Қан тоқтатуға арналған бұрау
|
дана
|
2
|
9
|
Ауыз кергіш
|
дана
|
1
|
10
|
Тілді ұстатқыш
|
дана
|
1
|
11
|
Қайшы
|
дана
|
1
|
12
|
5 мл бір жолғы піскек
|
дана
|
10
|
13
|
250 г. ылғал жұтқыш залалсызданған мақта
|
буда
|
2
|
14
|
5м х 10 см залалсызданған орауыштар
|
дана
|
20
|
15
|
7м х 14 см залалсызданған орауыштар
|
дана
|
20
|
16
|
Дара таңу пакеттері
|
дана
|
20
|
17
|
83 х 45 см стерильді майлық
|
буда
|
2
|
18
|
Түйреуіш тағылған үшкіл орамал
|
дана
|
15
|
19
|
залалсызданған жайма
|
дана
|
8
|
20
|
Залалсызданбаған жайма
|
дана
|
4
|
21
|
Жабыскақ пластырь
|
дана
|
2
|
22
|
Блокнот пен карандаш
|
дана
|
1
|
23
|
Зардап шегішілерді іріктеуге арналған карточка
|
дана
|
10
|
24
|
Комплект транспортных шин:
- Крамердің сатылы шинасы100 х 10 см
- фанер шиналар 100 х 2,5 см
- Крамердің сатылы шинасы 75 х 7см
- фанер шиналар 50 х 12,5 см
|
дана
|
5
5
5
5
|
2. Дәрі-дәрмегі, аспаптары және танғыш материалдар бар жиналма чемодан медицина жасағының бір мүшесіне екі чемодан есебімен жинақталады. Әр жиналма чемодан 10 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетуге есептелген.
3. Жиналма чемодан авиакәсіпорыннын медициналық пунктінде сақталады. Чемоданға жарамдылық және стирильдеу мерзімі көрсетілген дәрі-дәрмектер тізбесі салынады. Чемоданның жағдайы, олардың жинақталуын мед пункт басшысы ай сайын, медициналық қызмет басшысы жарты жылда бір рет тексеріліп, тексергені туралы белгі салады.
4. Шиналар жиналма чемодандармен бірге кленка немесе брезент қаптамасымен дайындалған күйде салынады.
|
Автотіркеменің-фургонның жаблықтауының сайманмен және дүние-мүлікпен талаптар орындайды
|
86
|
5 - Қосымша
|
5 – Қосымша жоқ
|
Қазақстан Республикасы
әуежайларында ұшуды
авариялық –құтқарумен
қамтамасыз ету
Ережелеріне
5 - қосымша
Рет
№
|
АҚТ
жасағының атауы
|
Келудің нормативтік уақыты, мин
|
ҰҚЖ жанына дейінгі қашықтық шектеуінде.
|
Әр ҰҚЖ жанынан 1000м қашықтықтағы нүктеге және ұшу (қону) курсы бойынша *
|
1
|
Өрттік-құтқару
-бірінші өрт автомобилі үшін (ӨА);
-келесі ӨА үшін;
|
3
4
|
5
|
2
|
Медициналық
|
6
|
8
|
3
|
АҚТ басқа жасақтары
|
10
|
10
|
* - нүкте әуеайлақ қоршауы ішінде орналасқан жағдайда
|
Шабадан-төсеуге, дәрі-дәрмекеге, сайманға, байлайтын затқа талаптар бекітіледі
|
87
|
6-Қосымша
|
6-Қосымша жоқ
|
Қазақстан Республикасы
әуежайларында ұшуды
авариялық–құтқарумен
қамтамасыз ету
Ережелеріне
6-қосымша
Әуеайлақта авариялық жағдай бойынша оқу-жаттығуларын өткізу кезіндегі өрттен құтқару жасақтарының іс-қимыл
мониторингі
1. Күні __________________________
2. хабарлама:
а) хабар беру уақыты мен жүйесі _____________________________________
б) хабар беру белгісі мен сипаты _____________________________________
в) хабарлама берген кім ____________________________________________
г) время отбоя _____________________________________________________
3. Оқу-жаттығу басшысы: ____________________________________________________________________4. Өрттен құтқару жасақтарының құрамы:
____________________________________________________________________ өрттен құтқару жасақтарының іс-қимылы:
____________________________________________________________________ҰІАҚҚ қызметінің бастығы
|