Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы


Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi



бет6/56
Дата03.07.2016
өлшемі8.61 Mb.
#175553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. Электрондық форматта қол жеткiзуге болатын ақпарат қызметтерiнiң % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1059 қаулысына  
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 393 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған жағдайда мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлiгiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетедi.


      Өтiнiштердi қабылдау және рәсiмделген құжаттарды берудi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi – орталық) арқылы жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк қызметтiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елдi мекендердiң тұрғындарына мобильдiк орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 3-бабы 2, 3-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекiтiлген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi жүзеге асыру ережесiнiң негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкiлеттi ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
      3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      4) орталықтағы, уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiндегi стендiлерде;
      5) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкiлеттi ұйымның call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi:
      1) уәкiлеттi ұйымда немесе орталықта: мемлекеттiк қызметтi тағайындау не Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органы (бұдан әрi – бақылау және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аумақтық органдар) шешiмiнiң көшiрмесiн бере отырып қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап.
      2) порталда: мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәкiлеттi ұйымның ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) орталық уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама бередi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушының өтiнiшi немесе мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тiркелген сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде.
      Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде алушыны немесе орталықты хабардар етедi.
      Порталда мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу – уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ақпараттық жүйесiне сауал түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды.
      2) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн (тiркеу, талон алу кезiнде) мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн күтудiң ең ұзақ шектi уақыты - 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн азаматтарды қабылдауды кезекшi мамандар жүргiзедi.
      Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
      2) орталықтың – мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электронды кезек» тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мобильдi орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бiрақ бiр елдi мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес.
      3) порталдың – тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет мыналарда көрсетiледi:
      1) тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнiң жеке кiреберiсi, күту залы бар, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген, қажеттi құжаттарды дайындау үшiн орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стендiлермен жабдықталған ғимаратында.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнiң үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.
      2) мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттың стендiлер бар.
      3) порталда – жеке кабинетте.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы уәкiлеттi ұйымға немесе орталыққа мынадай құжаттарды тапсырады:


      мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесi (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнiң, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейiн оралман куәлiгiнiң) көшiрмелерi;
      2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банк шотының не түзеу мекемелерiнiң арнайы шот нөмiрi туралы мәлiметтер;
      5) Комитеттiң аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерi беретiн белгiленген нысандағы анықтамадан үзiндi көшiрме.
      Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) радиациялық әсерге ұшыраған адамдар ауруларының, мүгедектiгiнiң себептi байланысын анықтау жөнiндегi Ведомствоаралық сараптама кеңесi шешiмiнiң көшiрмесi;
      2) Орталық әскери-дәрiгерлiк комиссия шешiмiнiң көшiрмесi;
      3) госпиталь берген ауруы туралы куәлiктiң көшiрмесi не әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;
      4) 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыны тағайындау үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесi (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнiң, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейiн оралман куәлiгiнiң) көшiрмелерi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы не нотариалды расталған көшiрмесi;
      3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
      4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банк шотының не түзеу мекемелерiнiң арнайы шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;
      5) асыраушының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi не соттың адамды хабарсыз кеттi немесе қайтыс болды деп тану туралы шешiмi.
      Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) қайтыс болған адаммен туысқандық қатынастарды растайтын құжаттың көшiрмесi (туу туралы, неке туралы, некенi бұзу, әкелiктi (аналықты) анықтау туралы куәлiктер, жеке куәлiгi және басқалары);
      2) егер туу туралы куәлiкте әкесi туралы мәлiметтер анасының айтуы бойынша жазылған болса, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдарының белгiленген нысандағы анықтамасы;
      3) қамқорлықты (қамқоршылықты) растайтын құжаттың көшiрмесi;
      4) оқу орнының 18-ден 23 жасқа дейiнгi адамдар күндiзгi оқу нысанының оқушылары болып табылатыны туралы анықтамасы;
      5) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетiнiң көшiрмесi не әскери қызметтi өткеруi туралы анықтама;
      6) әскери қызметшiнiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қазасы немесе өлiмi қызметтiк мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметiн өткеру кезiнде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертiгу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.
      Қайтыс болған адамның сегiз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн бағып-күтумен айналысатын азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еңбек кiтапшасының еңбек қызметiнiң тоқтатылғанын растайтын көшiрмесi (көшiрмесi еңбек кiтапшасының түпнұсқасымен жыл сайын тексерiлiп отырады);
      2) салық органының тұлға дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы анықтамасы (жыл сайын жаңартылып отырады);
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны тағайындау үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесi (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнiң, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейiн оралман куәлiгiнiң) көшiрмелерi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы не нотариалды расталған көшiрмесi;
      3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
      4) зейнетақы және жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банк шотының не түзеу мекемелерiнiң арнайы шот нөмiрi туралы мәлiметтер.
      Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне өтiнiш бергенде салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:
      1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде өтiнiш нысанын мемлекеттiк қызмет үшiн өтiнiш берген мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде уәкiлеттi ұйымның маманы бередi.
      2) орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
      3) портал арқылы электронды сұрау нысанын толтыру қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау тiкелей:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ғимаратында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректерi www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi үй-жайларының көрнектi жерiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырылады.
      2) орталықта «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
      1) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне немесе орталыққа жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлген құжаттардың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi;
      2) орталыққа өтiнiш бергенде:
      сұраудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      орталықтың құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi;
      3) портал арқылы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алатын күнi мен уақыты көрсетiлген мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау туралы ақпарат алу үшiн сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
      15. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде немесе орталықта алушы жеке өзi келген кезде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет алушы қызметтiң нәтижесiн алу үшiн белгiленген мерзiмде келмеген жағдайларда, орталық оларды бiр ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады.
      Алушы портал арқылы өтiнiш берген кезде мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiне жiберiледi.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздемелерде қаралады.
      Мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Орталық қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiлген қолхат берiледi.
      Мемлекеттiк қызмет алушы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк органда не осы стандарттың 7-тармағында бекiтiлген мерзiмдерде электронды құжат түрiнде жеке кабинетте алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкiлеттi ұйым қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағым дайындауға жәрдемдесетiн лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген.


      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша тiкелей:
      1) уәкiлеттi ұйымның басшысына. Уәкiлеттi ұйым басшысының азаматтарды қабылдау кестесi осы стандартқа 1-қосымшада келтiрiлген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет ресурсында орналастырылған;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмiрлерi бойынша «сенiм телефонына»;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлiмiнде;
      4) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогы» парағы);
      5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк арқылы;
      6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кеңсесiне жүгiну арқылы жолданады.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсетуге мемлекеттiк қызмет алушылар шағымдарын:
      1) уәкiлеттi ұйымда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 21-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi ұйымның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларына не уәкiлеттi ұйымның тiкелей басшысына;
      2) орталықта шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген тiкелей орталықтың басшысына не орталық РМК-ның басшысына берiледi;
      3) порталда call-орталықтың (1414) телефоны бойынша жолдайды.
      23. Мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның өтiнiш беру себебi және талаптары көрсетiледi.
      25. Уәкiлеттi ұйымға жазбаша шағым жазған мемлекеттiк қызмет алушыға жауап алу күнi және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде өтiнiш иесiне пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Орталық: пошта және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталық немесе орталық РМК кеңсесiнде тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
      Мемлекеттiк қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Портал: мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiнен» портал арқылы электронды хабар жөнелтiлгеннен кейiн (жеткiзiлуi, тiркелуi, орындалуы туралы белгiлер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) мемлекеттiк органда өтiнiштi өңдеу барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қол жетiмдi болады.
      26. Уәкiлеттi ұйымның және оның бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ақпарат www.enbek.gov.kz., www.gcvp.kz интернет-ресурстарында орналастырылады, телефоны 8 (7172) 75 37 10.
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» Әкiмшiлiк ғимараты, 6-кiреберiс және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң орталық РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А, телефоны: 8 (7172) 94 99 95, интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.

«Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу  


жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау»     
мемлекеттiк қызмет стандартына         
1-қосымша                    


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет