Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және



Дата23.02.2016
өлшемі34.16 Kb.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 11 қазандағы № 1090 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 88-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:

орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

5-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Заңның 68-бабының 1-1), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы бар отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен темен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға қолданылмайды;»;

9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің соңғы он екі ай ішінде табысы туралы қосымша мәлімет (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.»;

2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 815-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында:

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтары қойылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға қолданылмайды;»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе осындай балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күнінен не патронат тәрбиешімен шарт жасасқан күнінен бастап алты ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қояды.»;

8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметті қосымша ұсынады;».



2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> «Балаға мейірімді қала» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі өткізілетін іс-шаралар
files -> 103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> Бағалық ұсыныстар сұраныс әдісі арқылы принтерлердің техникалық күту және олардың картридждеріне бояу құю бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
files -> Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет