6. Түзетушi және профилактикалық шаралар туралы есептер
26. Осы бөлiмдi әзiрлеген кезде сапаны қамтамасыз етудiң кез келген жоспарлары сапаны қамтамасыз етудiң қажеттi элементi ретiнде түзетушi және профилактикалық шараларға қатысты АОО персоналының ұсыныстарын тiркеудi және оларға дереу ден қоюды қамтамасыз ететiн есептiлiктiң нақты құрылымдалған жүйесiн қамтитынын есепке алу керек.
27. Әрбiр нақты жағдайда айырмашылықты және/немесе сәйкес келмеушiлiктi жоюға тиiс тұлғаны және/немесе тұлғалар тобын, сондай-ақ түзетушi шаралар белгiленген мерзiмде қолданылмаған болса, iс-қимылдар тәртiбiн айқындау.
28. Есептiлiк жүйесiнде тексерiстер жүргiзуге және қызмет нормативтерiнiң талаптарын бұзушылықтардың алдын алуға қабiлеттi шаралар көрсетiлген ақпаратқа ден қоюға мiндеттi жауапты тұлғаны айқындау.
29. Барынша ашық және тиiмдi есептiлiк үшiн мүмкiндiктердi жасау мақсатында түзетушi және профилактикалық шаралар бөлiгiнде ақпаратты жасырын жiберуге қатысты саясат қосымша айқындалады.
30. Есептiлiк жүйесiн жасау, сүйемелдеу және түзету кезiнде сапа жөнiндегi маманның функцияларын айқындау.
7. Сапа мәселелерi жөнiндегi құжаттама
31. Осы бөлiмде сапаны қамтамасыз етуге сiлтемелер мен АОО сапасын қамтамасыз ету жүйесiнде қолданылатын құжаттаманың толық сипаттамасы бар АОО барлық құжаттамасының тiзбесi, қысқаша сипаттамасы келтiрiледi.
32. Кем дегенде, персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаудың сапаны қамтамасыз ету мәселелерiн қозғайтын бөлiктерiнiң тiзбесi мен қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ мыналарды:
1) сапа саласындағы саясат пен стратегияны;
2) терминдер глоссарийiн;
3) ұйым тәуекелдерiнiң сипаттамасын;
4) тәуекелдердi басқару жоспарын;
5) талаптардың келiсiлгендiгiнiң матрицасын;
6) түзетушi және профилактикалық шараларға қатысты есептiлiк тәртiбi мен жүйесiн;
7) даярлаудың нақты стандарттарын;
8) ұйымның сипаттамасын;
9) функциялар мен мiндеттердi бөлудi;
10) белгiленген нормативтiк талаптарды сақтауға бағытталған сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң шеңберiндегi оқу рәсiмдерiн қамтитын АОО сапасын қамтамасыз ету жүйесiнде әзiрленетiн, сүйемелденетiн және қайта қаралатын құжаттама келтiрiледi.
33. Сондай-ақ, мыналарды:
1) аудиторлық тексерiстердi жүргiзу кестесi мен тәртiбiн;
2) есептiлiк тәртiбi мен сапаны тексеру мен аудитiнiң нәтижелерi туралы есептердi;
3) кейiнгi бақылау және түзету iс-қимылдарын қабылдау тәртiбiн;
4) түзетушi және профилактикалық шаралар туралы есептердi;
5) есеп жүргiзу жүйесiн;
6) басшылықтың бақылау-талдамалық есептерiн;
7) сапа жөнiндегi құжаттаманы бақылауды қамтитын АОО үшiн талап етiлетiн сапаны қамтамасыз ету аудитi жүйесiнiң құжаттамасы егжей-тегжейлi сипатталады.
8. Сапаны қамтамасыз ету аудитiнiң бағдарламасы және сапаны
тексеру
34. Осы бөлiмдi әзiрлеген кезде сапаны қамтамасыз ету аудитi бағдарламасының даярлаудың барлық түрлерi қолданыла алатын талаптарға, стандарттарға, рәсiмдер мен нормативтерге сәйкес жүргiзiлгенiне сенiмдiлiктi қалыптастыру үшiн қажеттi барлық жоспарланған және жүйелi шараларды қамтитынын есепке алу керек.
35. Сондай-ақ сапаны тексерудiң негiзгi мақсаты белгiленген стандарттардың, нормативтердiң, рәсiмдер мен талаптардың сақталуына көз жеткiзу мақсатында нақты құжатты зерделеуден немесе нақты iс-шараны, iс-қимылды және т.б. бақылаудан тұратынын ескеру керек.
36. Сапаны тексерудi жүргiзген кезде, кем дегенде, қызметтiң мынадай үлгi салаларын қамтитын барлық кезеңдер егжей-тегжейлi ашып көрсетiледi:
1) нақты оқу сабақтары;
2) техникалық қызмет көрсету (егер қолданылуы мүмкiн болса);
3) техникалық стандарттар (егер қолданылуы мүмкiн болса);
4) кәсiптiк даярлау стандарттары.
9. Аудиторлар мен сапа аудитi
37. Осы тараудың ережелерi сапа аудитiн жүзеге асыратын аудиторларға қатысты АОО саясатын айқындауға тиiс, атап айтқанда:
1) аудиторлар тобы құрамына тексерiлетiн қызмет үшiн тiкелей жауапты тұлғалардың кiру мүмкiндiгiне жол бермей, сапалық және сандық құрамды айқындау;
2) сапа аудитi саласындағы тысқары мамандарды тарту;
3) аудиторларды оқыту;
4) АОО-да қабылданған қағидалар мен ресiмдеуге сәйкес бекiтiлген аудиторларға арналған мiндеттер мен нұсқаулықтар.
38. Сапа аудитi саласында арнайы даярлыққа ие және мыналарға:
1) сапаны тұрақты қамтамасыз ету аясында сапаны тексеруге және оның аудитiн жүргiзуге;
2) кез келген проблемаларды немесе тұжырымдарды және осындай проблемаларды немесе тұжырымдарды растайтын қажеттi дәлелдемелердi айқындауға және бекiтуге;
3) проблемаларға немесе тұжырымдарға қатысты ұсыныстармен немесе ұсынымдармен АОО-да белгiленген каналдар арқылы шығуға;
4) белгiленген және ақылға қонымды мерзiмдерде шешiмдердiң орындалуын тексеруге;
5) сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi маманға тiкелей есеп беруге уәкiлеттi сапаны қамтамасыз ету аудитi бағдарламасының шеңберiнде қызметтi жүзеге асыру үшiн жауапты тұлғаларды айқындау.
39. 12 айлық кезеңде оқытудың барлық аспектiлерiн зерделеу үшiн сапаны қамтамасыз ету аудитi бағдарламасының егжей-тегжейлi сипаттамасы.
40. Аудит бағдарламасына сәйкес әзiрленетiн және тәуекелдердi басқару жоспарында, сол сияқты келiсiлгендiк матрицасын қамтитын құжаттарда да көрсетiлетiн аудиторлық тексерiстер кестесiн әзiрлеу және бекiту тәртiбi мен рәсiмдерi.
41. Сол немесе өзге тұжырымға байланысты түзетушi шаралардың қабылданғанын және олардың қаншалықты тиiмдi болып табылатынын тексеру үшiн мониторинг рәсiмдерiнiң, түзетушi шаралар мен бақылау тексерiстерiнiң сипаттамасы.
42. Сондай-ақ аудит – даярлаудың қолданылатын тәсiлiнiң және нақты маманданудың мамандарын оқытудың жария етiлген әдiстемесiне сәйкес қолданылуы тиiс тәсiлдi жүйелi және тәуелсiз салыстыру екендiгiн есепке алу керек.
43. Осы аспектiде, кем дегенде, оның сапасын қамтамасыз ететiн мынадай рәсiмдер мен процестердi қамтуға тиiс аудиттi жүргiзудiң сипаттамасы келтiрiледi:
1) аудитке жататын АОО персоналына түсiндiрiлуi тиiс аудит көлемiнiң сипаттамасы;
2) жоспарлау мен даярлау;
3) алынған ақпаратты жинау мен хаттамалау;
4) алынған ақпаратты талдау.
44. Аудиттiң жүргiзiлуiн толыққанды көрсету үшiн мыналар сияқты аудиттiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн рәсiмдер ашылады:
1) жарияланған құжаттарды шолу;
2) әңгiмелесу немесе қызметкерлермен талқылау;
3) есептiлiктiң барабар үлгiсiн зерделеу;
4) оқу iс-шараларын бақылау;
5) құжаттарды сақтау және қадағалау нәтижелерiн тiркеу.
45. Осы өзгерiстердiң қалаулы нәтижелерге шынында әкелгенiн белгiлеу мақсатында процестердi үздiксiз жетiлдiру аспектiсiндегi рәсiмдер.
Достарыңызбен бөлісу: |