Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 1. Материал, оны дайындау және қолдану



бет46/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   129
§ 1. Материал, оны дайындау және қолдану

 

2322. Құбыр және арматураны дайындауға арналған материалдар және оларды сынау осы Қағиданың 2-бөлімі талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Агрессивті коррозиялық ортаға арналған құбырлар және арматуралар үшін материалдар әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қарауына жатады.

2323. І және II-сыныптың құбырларын дайындауға арналған, сондай-ақ III-сыныптың мынадай құбырларын дайындауға арналған болат құбырлар:



1) қабылдағыш құрғатуларды;

2) арынды қоректік сулар;

3) балласты ( егер оларды отынды немесе отынды цистерна арқылы жүретін ретінде пайдаланса);

4) отынды, жағу майы;

5) отын және майды қыздырудың бұрандалары;

6) жаңа бу және қазандарды цируляциялау;

7) сығылған газды;

8) гидравликалық

Кеме қатынасы тіркелімімен танылған эквивалентті тігіссіз құбыр, тігіссіз немесе дәнекерленген болуы тиіс.

Көміртекті және көміртекті - марганецті болаттан жасалған құбырлар және арматура, қағида сияқты, 400оС жоғары емес температурадағы орталар үшін, 500оС жоғары емес - төмен қоспаланған болат үшін қолданылады.

Көрсетілгеннен жоғары температурадағы орта үшін бұл болаттарды қолдану, олардың механикалық құрылғысы және ұзақ беріктілік шегі 100000 с қолданыстағы стандарттарға жауап берсе және болатты дайындаушымен осы температурада қолдануға кепіл берілсе рұқсат етіледі.

500оС жоғары температурадағы орта үшін құбырлар және арматуралар қоспаланған болаттан жасалу қажет. Бұл талаптар газ шығарушы құбырларға қолданылмайды.

2324. І және ІІ-сыныпты құбырлар үшін мыс құбырлары тігіссіз болуы тиіс.



Мыстан және мыс қоспасынан жасалған құбырлар және арматура, қағида сияқты, 20С жоғары емес температуралы ортаға, ал 300оС жоғары емес температуралы ортаға мыс-никелді қоспадан жасалған - қолдану қажет.

Қола арматура 260оС дейінгі температурадағы орта үшін рұқсат етілуі мүмкін.

2325. Шаровидті графитті шойыннан жасалған құбырлар және арматура екі еселі түп және жүк цистерналары арқылы өтетін құрғатушы, балластық және сұйық жүктер үшін рұқсат етілуі мүмкін.



Мұндай құбырларды және арматураны басқа жерлерде, сондай-ақ II және III-сыныпты басқа міндеттегі құбырларда қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.

Шаровидті графитті шойыннан жасалған арматура 350оС жоғары емес температуралы орта үшін рұқсат етілуі мүмкін.

Борттық арматура және борттық келте құбырлар, сондай-ақ таранды аралықтарда, отынды және майлы цистерналарда орнатылған арматура осы Қағиданың 2-бөліміне сәйкес толықтай ферритті конструкциясы бар шар тәрізді графитті шойыннан жасалуы мүмкін.

2326. Пластинчатты графитті шойыннан жасалған құбырларды жүк цистерналары арқылы өтетін таза балластың құбырларын қоспағанда, танкерлерде жүк және балласты цистерналар үшін қолдануға рұқсат етіледі.



Пластинчатты графитті шойыннан жасалған құбырларды сондай-ақ жүк шлангасымен жалғасатын құбырлардың және олардың арматураларының ұштық учаскелерін қоспағанда, ашық палуба бойынша өтетін жүк құбырлары үшін де рұқсат етіледі.

III-сыныпты құбырлар үшін пластинчатты графитті шойыннан жасалған құбырларды және арматураны қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.

Бірақ пластинчатты графитті шойын мыналарға қолданылмайды.

1) орта температурасы 220оС жоғары арматуралар үшін;

2) гидравликалық соққымен қыздырылатын құбырлар үшін;

3) кеме корпусының сыртқы қаптамасымен тікелей байланысты құбырлар үшін;

4) кеме корпусының сыртқы қаптамасында және таранды аралықтарында орнатылған арматуралар үшін;

5) егер Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған тәсілмен механикалық әсерден қорғалатын, тікелей отынды және майлы цистерналарда орнатылған гидростатикалық арында табылатын арматуралар үшін.

2327. 150оС жоғары емес температурадағы ортада өтетін құбырлар үшін аллюминий қоспадан жасалған құбырлар қолданылуы мүмкін, егер сонымен бірге байланысты коррозияны болдырмауға арналған шаралар көзделсе.

2328. Пластмассадан жасалған құбырлар және каналдар қолданылады:

1) қолдық сорғымен қызмет етілетін, үлкен емес қималарды құрғату жүйесінің құбырлары үшін;

2) сулы цистерна арқылы өтетін сулы құбырларда (балласты құбырларды қоспағанда);

3) құдықтардағы су деңгейін өлшеу үшін және жолаушылар кемесіндегі жүк трюмдарындағы температураларды өлшегіш құбырлар ретінде;

4) өткізбейтін қималар ішінде немесе су үсті бортының палубасынан жоғары орналасқан, ағынды, санитарлы, желдеткіш каналдар, сондай-ақ ауаны салқындату қондырғысының сулы құбырлардың сөйлесу құбыры ретінде.

Басқа жағдайларда пластмассадан жасалған құбырларды қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.

2329. Ашық палубалардағы өлшегіш құбырлардың палубалық төлкелерінің тығындары және бұранда бөліктері қола немесе латуннан болуы тиіс. Басқа материалдарды қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнай қарау пәні болып табылады.

2330. Отынды цистерналардың өлшегіш құбырларының өздігінен жабдықталатын арматурлары жалынның пайда болу мүмкіндігін жою қажет.

 

 

§ 2. Құбырлардың майысу радиустары.



Құбырларды термиялық өңдеу

 

2331. Ішінде 0,5 Мпа жоғары қысыммен айдалатын орта немесе 60оС жоғары температурадағы болат, мыс және аллюминді құбырлардың майысуының ішкі радиусы, сондай-ақ өздігінен өтелуге арналған құбырлардың майысу радиусы 2,Sd кем болмау қажет, {d\ — (құбырдың сыртқы диаметрі).

Егер майысу процесінде құбыр дуалдарының батуы болмаса, көрсетілген радиус төмендетілуі керек.

Қазандарды үрлеу құбырларының майысуының ішкі радиусы 3,5d кем болмау қажет (d —құбырдың ішкі диаметрі).

Жоғарыда көрсетілгенне қарағанда басқа жағдайларда жұмыс істейтін құбырдың майысу радиусы, машиналық майысуды қолдану кезінде l,5d дейін төмендетілуі мүмкін.

2332. Майысудан кейін гидравликалық сынаққа дейін термиялық өңдеуге қоспаланған болаттан жасалған, сондай-ақ қағида сияқты көміртекті болаттан жасалған мынадай құбырлар жатады:



1) жұмыс қысымы 1,6 Мпа жоғары булар үшін;

2) жұмыс қысымы 1 Мпа жоғары отындар үшін;

3) жұмыс қысымы 3 Мпа жоғары басқа орталар үшін.

4d1 радиусты және жоғары құбырдың мұздай майысуы кезінде және 850— 950оС температурада ыстық майысуда көмітекті болаттан жасалған құбырларды термиялық өңдеу міндетті емес.

 

 

§ 3. Құбыр дуалдарының қалыңдығы



 

2333. Ішкі қысымда жұмыс істейтін металл құбырларды дуалдарының қалыңдығы s, мм, осы Қағиданың (611) формуласы бойынша анықталғаннан кем болмау қажет:

 

s =s0+b+c                           (609)

 

мұндағы s0=dp/(2φlim ц+ p);

d — құбырдың сыртқы иаметрі, мм;

p — есептік қысым (сақтандырғыш клапандарды ашудағы ең жоғарғы қысымыны, ал олар болмағанда - гидравликалық сынақ қысымына тең деп қабылданатын, ең үлкен есепті қысым), МПа

Көмірқышқылды өрт сөндіру жүйесінің құбырлары үшін (сауыттардан іске қосу қақпақтарына дейін) p есептік қысымға тең деп қабылданады.

Қыздырылған отыны бар құбырлар үшін, есепті қысым 1,4 МПа кем емес қабылдану қажет.

Қағидамен көзделмеген ерекше жағдайларда есепті қысымы Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады;

σlimрұқсат етілетін кернеу, МПа;

φ — тігіссіз құбырлар және пісірілген құбырлар үшін бірлікке тең деп қабылданатын, эквивалентті тігіссіз деп танылған беріктілік коэффициенті.

Басқа дәнекерленген құбырлар үшін беріктілік есебінің мәні Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады;

b — майысудағы құбыр дуалдарының нақты батуын ескеретін үстеме, құбырдың майысқан бөліктеріндегі кернеу ішкі қысымнан рұқсат етілгенен аспауы тиіс.

Майысудағы құбыр дуалдарының нақты батуының мәні болмағанда үстеме мынадай формуламен анықталуы мүмкін, мм

 

b = d s0/(2,5R),                     (610)

 

R — құбыр майысуының орташа радиусы, мм;

с — коррозияға үстеме. Осы Қағиданың 323-қосымшасы және болат құбыр үшін және түрлі-түсті металл үшін осы Қағиданың 324-қосымшасы бойынша қабылданады.



Көміртекті және қоспаланған болат құбыр үшін рұқсат етілген кернеу σlim  келіс биіктіктерден жанасатын мәндердің ең кішісіне тең қабылданады:

Rm /2,7; ReL/t/1.8;

Rm/t100000 /1,8; Rpl/t 100000 /1,0

ReL/tең кіші ағымдылық шегі немесе есепті температура кезінде шартты ағымдылық шегі, МПа;

R 100000есепті температура кезінде 100000 с ұзақ беріктілік шегі, МПа;

R100000есепті температура кезіндегі 100000 с жорғалаудың 1%-дық шегі, МПа.

Беріктілік қорын төмендету мүмкіндігі Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылды. Есептік температура ретінде t рұқсат етілетін температураны есептеу кезінде құбырдың ішкі ортасының ең үлкен температурасы қабылданады.

Ерекше жағдайларда есепті температураның мәні Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.

Ұзақ беріктілік бойынша және жорғалау шегі бойынша рұқсат етілген кернеуді анықтау міндетті емес.

Жоғары қоспаланған болаттан жасалған құбырлар үшін рұқсат етілген кернеу Кеме қатынасы тіркелімінің арнай қарау пәні болып табылады.

Мыс және мыс қоспадан жасалған құбырлар үшін рұқсат етілген кернеу осы Қағиданың 325-қосымшасы бойынша анықталады.



Дайындау кезінде қалыңдыққа минустік рұқсаты бар құбырларды қолданған жағдайда, құбыр дуалдарының қалыңдықтары, мынадай формула бойынша анықталады:

 

s1 =s/(1- 0,01 a),                       (611)

 

мұндағы s — (609) формула бойынша есептелген құбыр дуалының қалыңдығы;

а — құбыр қалыңдығына минустік рұқсат, %.

2334. Болаттан, мыстан және мыс қоспадан жасалған құбыр дуалдарының қалыңдығы кез келген жағдайларда осы Қағиданың 326-қосымшасында көрсетілген мәннен кем емес қабылдануы тиіс.

2335. Пластмассадан жасалған дуал қалыңдығын анықтау кезінде рұқсат етілген кернеу мәні Кеме қатынасы тіркелімімен келісілу қажет.

2336. Жүйелерде қолданылатын жылу ауыстырғыш аппараттар және қысымдағы сауыттар осы Қағиданың 33-бөлім талаптарына сәйкес келуі тиіс.



 

 

§ 4. Артық қысымнан құбырларды қорғау



 

2337. Есептіден асатын қысым пайда болуы мүмкін құбырлар, құбырларда есептіден артық қысымның жоғарылауын болдырмайтын сақтандырғыш құрылғылармен жабдықталуы қажет.

Сақтандырғыш клапандардан отынды және майды ашық бұруға рұқсат етілмейді.

2338. Егер құбырда редукциялық клапан көздесе, онда оның артына манометр және сақтандырғыш клапан орнатылу қажет.



Редукциялық клапанның байпас құрылғысы рұқсат етіледі.

 

 

§ 5. Құбырларды жалғау



 

2339. Құбырлардың сыныбына байланысты фланцсіз жалғаулардың мынадай түрлері рұқсат етіледі:

1) дәнекерленген жапсарлы толық қайнатылған дәнекерленіп жалғанған тігістің ұшының сапасын қамтамасыз ету бойынша арнайы шараларды қабылдаған кезде құбырдың кез келген сыртқы диаметрімен құбырлардың барлық сыныптары үшін;

2) дәнекерленген жапсарлы толық қайнатылған дәнекерленіп жалғанған тігістің ұшының сапасын қамтамасыз ету бойынша арнайы шараларды қабылдамаған кезде - құбырдың кез келген сыртқы диаметрінің II және III- сыныпты құбырлары үшін;

3) пісірілген муфталық - құбырдың кез келген сыртқы диаметрімен III- сыныпты құбырлар үшін;

4) бұрандалы муфталы - ыстық ортадағы құбырларды қоспағанда, сыртқы диаметрі < 57 мм III сыныпты құбырлар үшін;

5) штуцерлі жалғау - ішкі диаметрі < 32 мм барлық сыныптар үшін;

Осы Қағиданың 327-тармағының 3) - 5) тармақшасы талаптары орындалмаған жағдайда кез келген диаметрдегі барлық сыныпты құбырлардың муфталық дәнекерлеуі, бұрандалы және штуцерлі жалғаулары құбырлардың міндетіне байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы келісімі бойынша рұқсат етілуі мүмкін.

2340. Құбырлардың фланцтық жалғаулары осы

Қағиданың 327-қосымшасы көрсетілген типке сәйкес келуі керек.

D типті конустық бұрандалы жалғауда қажет болған жағдайда фланцті орнатқаннан кейін құбырды жою жүргізіледі.

Фланц өлшемдері стандарттарға сай болуы тиіс.

Фланцтық жалғаулардың басқа типтері Кеме қатынасы тіркелімінің келісім бойынша рұқсат етіледі.

2341. Фланцтық жалғаудың типтерін таңдау құбырлардың сыныбына байланысты осы Қағиданың 328-қосымшасы сәйкес жүргізілуі тиіс.



Жағалаумен немесе басқа кемемен жалғауға арналған және жарылысқа қауіпті зоналарда және кеңістіктерде орналасқан кез келген міндеттегі құбырларда мынадай гальвандық ұшқын қауіпсіздігі көзделуі тиіс:

1) электрлендіру (фланецтік немесе басқа) жалғау, электрлеуші тіректер немесе корпустан 10 кОм кем емес оқшаулауға қарсыласудың қосындысымен электрді құбыр учаскелеріне өткізбейтін;

2) электрлеуші маттар, төсемдер және құбырлардың металл бөліктерінің жағалаумен немесе басқа корпусты кемемен байланысты болдырмауға арналған қоршаулар; Осы талаптар сондай-ақ пайдаланудағы кемелерге қолданылады.

2342. Төсем материалы айдау ортасының әсеріне қарсы тұратын болуы тиіс.



Отын құбырлары жалғауындағы төсемдер ортаның 120оС төмен емес температурсы кезінде жалғаулардың өткізбеушілігін қамтамасыз етуі тиіс.

2343. Иілмелі жалғаулардың типі және контрукциясы Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлдануы тиіс. Иілмелі жалғаулардың ұшында фланцтар және штуцерлер болу қажет, қамытты қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады. Иілмелі жалғаулар оңай қол жетімді жерде орналасуы тиіс. Бұл жалғауларды зақым келген жағдайда ауыстыру үшін клапандармен отынды, майлы, сығылған ауа және сулы салқындату жүйесінен ажырату көзделу тиіс.



Иілмелі жалғаулар оларды мынадай құбырларда қолданғанда отқа тұрақты болу қажет:

1) отын немесе жағатын майды айдауға арналған;

2) егер жалғаудың зақымдануы кемеге немесе адамдарға қауіп тудыратын болса, басқа тұтанатын сұйықтықтағы айдауға арналған; су өткізбейтін есіктердің жетегімен байланысты; сыртқы қаптамада саңылаулармен байланысты (құрғату жүйесін қоса).

Отқа тұрақты деп болашақта құбырмен жалғанатын, сумен толтырылған және ашық ұшы бар 3 минут ішінде 800оС температураны ұстап тұратын және есептік қысыммен оны кейіннен сынау кезінде су өткізбеушілігін сақтап қалатын жалғаулар түсіндіріледі.

Иілмелі майысу жалғауының материалы қолданылатын сұйықтың, қысымның, температураның және қоршаған жағдайды ескеріп таңдалуы тиіс. Иілмелі жалғаулардың жарылу қысымдары есепті қысымды 4 реттен кем емес асуы қажет.

Жарылысқа қауіпті үй-жайларда және кеңістіктерде қолдануға арналған иілмелі жалғаулар электрөткізгішті болуы қажет.

 

 

§ 6. Дәнекерлеу тігістерін бақылау, электрлік қарсыласуды бақылау



 

2344. Бұзбау тәсілдермен дәнекерлеу тігістерін бақылау осы Қағиданың 2-бөлімі талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

2345. Жарылысқа қауіпті бөлмелерде және кеңістіктерде қолдануға арналған әрбір иілмелі жалғаудың электрлік қарсыласуы жалғауды орнатуға дейін бақылануы тиіс. Кез келген екі нүкте арасындағы иілмелі жалғаудың электрлік қарсыласуы 106 Ом аспауы қажет.



 

 

229. Жолдама арматурасы



 

§ 1. Конструкция

 

2346. Өткел диаметрі 32 мм жоғары клапандардың қақпақтары корпусқа болттармен немесе шпилькалармен бекітілуі тиіс.

Өткел диаметрі 32 мм дейінгіні қоса клапандар егер осы қақпақтарда сенімді стопорлар болған жағдайда бұрандалы бекітетін қақпақтары болуы мүмкін.

Кран тығындарының гайкалары кранмен басқару кезінде өздігінен бұралып кетуден қорғалуы тиіс.

2347. Қашықтықтан басқарылатын арматураның жергілікті басқаруы болуы тиіс.

2348. Сығылған ауаның энергиясы жүк цистернасының ішінде орналасқан клапандармен қашықтықтан басқару жүйелерінде қолданылмауы тиіс.

2349. Жүк цистернасының ішінде орналасқан, клапандармен қашықтықтан басқарудың гидравликалық жүйесін қолданған кезде, әрбір клапанның басқарылуы гидравликалық жүйесіне немесе тікелей оның орындаушы механизіміне тиісті жерде жеке құбырларды қосатын, қолмен сору көмегімен екінші басқару құрылғысы көзделу тиіс.

2350. Жүк цистернасының ішінде орналасқан, клапандармен қашықтықтан басқарудың гидравликалық жүйесіне қызмет етуге арналған шығыс цистернасы, бұл қаншалықты іс жүзінде мүмкін болса цистернаның жоғарғы деңгейінен жоғары табылу қажет және гидравликалық жүйенің барлық құбырлары жүк цистернасына жоғарғы бөлік арқылы кіруі тиіс.

Бұдан басқа шығыс цистернасы жалын үзуші арматурамен жабдықталған және ашық палубадағы қауіпсіз жерге шығарылған әуе құбырымен жабдықталуы тиіс. Бұл цистерна цистерналардағы сұйықтық деңгейінің рұқсат етілген деңгейдің ең кіші деңгейіне төмендеуін қосатын, дыбыстық және жарықтық сигнал берумен жабдықталуы тиіс.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет