§ 2. Мұнай құятын кемелердің және мұнай-руда тасымалдағыштардың газ шығару құбырлары
2487. Әрбір жүк цистернасы осы цистернаның жоғарғы бөлігіне жалғасқан газ шығару құбыры болу қажет.
Газ шығару құбырлары басқа құбырлармен жалғаспау қажет.
Газ шығарушы құбырлардың конструкциясы жүк цистерналарында қысқа өлшеу мүмкіндігін және жалын бөгеуіштегі қысымының түсіп кету мүкіндігін көздеуі тиіс.
2488. Газ шығарушы құбырлар бір немесе бірнеше магистраль құбырларына жалғануы мүмкін. Құбырларды жалғастыру біртекті жүкті жүк цистерналарына рұқсат етіледі.
Жекелеген газ шығарушы құбырлардың ішкі диаметрі 80 кем болмау қажет, ал жиын құбырларда - 100 мм кем болмау қажет.
Газ шығарушы құбырлардың қима ауданы цистерналардың толтыру құбырларның қимасынан 1,25 кем болмау қажет.
Бірнеше цистерналардан магистральды газ шығарушы құбырлардың қима ауданы осы цистерналардың жалпы толтыру құбырларының қима ауданынан 1,25 кем болмау қажет.
2489. Атмосферамен хабарласатын газ шығарушы құбырлардың шығу ұштары, Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған жалын үзгіш арматурамен жабдықталу қажет. Осы арматураның өту ауданы газ шығарушы құбырдың қима ауданынан кем болмау қажет.
Егер газ шығарушы құбырлар жалпы магистральға жалғасқан болса, онда әрбір цистернадан жүруші құбырларда, Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған жалын бөгегіш орнатылу қажет. Жалын бөгегіштер жүзудің кез келген шартында, айдауды қоса оларға сұйық жүктің түсіп кету мүмкіндігін болдырмайтын жерлерде орналасу қажет.
Жалын бөгегіштер коррозияға тұрақты материалдан жасалу қажет. Жалын бөгегіштер конструкциясы оларды ауыстыру мүмкіндігімен немесе газ шығарушы құбырларды монтаждамай бөліктеуді қамтамасыз ету қажет.
2490. Жүк цистерналарынан газ шығарушы құбырлар мынадай талаптарды орындауды ескеріп ашық палубаға қарай шығарылу қажет:
1) будың тұтану температурасы 45оС төмен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған кемелерде, құбырдың шығу тесігі 1/3 кеме енінен кем емес биіктікте палубаның үстінде орналасу қажет; сонымен бірге олардың биіктігі 5 м асуы мүмкін, бірақ 3 м кем болмау қажет;
2) будың тұтану температурасы 45-тен 60оС дейін мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған кемелерде, шығу саңылаулары басты палубаның үстінде 2,4 м кем емес биіктікте орналасу қажет;
3) будың тұтану температурасы 60оС және одан жоғары мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған кемелерде, шығу саңылаулары палуба үсітнде 600 мм кем емес биіктікте орналасу қажет.
Газ шығарушы құбырлардың шығу саңылаулары рубкалардан, қондырмадан, ауа дуалының орнынан мүмкіндігінше едәуір қашықтықта орналасады, бірақ 1) және 2) көрсетілген жағдайларда 3 м кем емес және 3) жағдай үшін 1 м кем емес.
2491. Газ шығарушы құбырлардағы демалу клапандары, егер цистерналар жоғары қысымға есептелмеген және атмосфералықтан төмен 2 кПа жоғары төмендетілген болса жүк цистерналарындағы қысым 20 кПа аспайтындай етіп конструкциялы және орнатылуы қажет.
2492. Демалу клапаны болған жағдайда газ шығарушы құбырларда жабық арматуралы байпаст маңдайшасы болу қажет немесе жүк операциялары кезінде жүк цистерналары жоғары қысымға ұшырамайтын немесе оларда вакумның пайда болуын болдырмайтын басқа да конструктивті шаралар қарастырылу қажет.
§ 3. Құйма құбырлары
2493. Құю құбырлары шығыс және тұрақтағы отын цистерналарында орнатылу қажет және отынның негізгі қор цистернасына шығарылады.
2494. Құю құбырының қима ауданы оны қол сорғысымен толтырған кезде цистерналардың құю құбырының қима ауданынан кем болмау қажет.
Цистерналарды сорғымен механикалық жетекпен толтырған кезде, құю құбырының қима ауданы цистерналардың толтыру құбырының қима ауданынан 1,25 кем болмау қажет.
§ 4. Өлшегіш құрылғылар
2495. Кіру өте қиын сұйықтық, сондай-ақ льялды (құдық) сақтауға арналған әрбір цистерна, ереже сияқты, ашық палубаға шығарылған өлшегіш құбырлармен немесе Кеме қатынасы Тіркемімен мақұлданған сұйықтық деңгейін көрсеткішпен жабдықталу қажет.
Салымшы құбырдан ашық палубаға өлшегіш құбырды шығару міндетті болып табылмайды.
Отын және май цистерналарының өлшегіш құбырлары жолаушылар және экипаждар бөлмесіне шығарылмау қажет.
2496. Отын және май цистернасының мөлдір салымшамен жабдықталған сұйықтық деңгейін көрсеткіш, зақымданудан қорғалу қажет.
Отын цистерналарының мөлдір салымшалары жалпақ шыныдан немесе сынбайтын пластмассадан жасалып, оларға отын әсері кезінде мөлдірлігін жоғалтпайтындай болу қажет.
Көрсеткіш және цистерна аралығында төмен өздігінен жабылатын кран қарастырылу қажет. Мұндай кран көрсеткіштің жоғарғы бөлігінде орналасады, егер соңғысы цистернамен жалғанса, цистернадағы мүмкін болатын максималды деңгейден төмен.
Сыйымдылығы 0,5 м3 кіші май цистерналары үшін өздігінен жабылатын крандарды орнату міндетті емес.
2497. Егер екі түп борттық льялды құраса немесе егер кемеде жалпақ түп болса, онда өлшегіш құбырлар әрбір бортта орналасу қажет. Бұл құбырлар өндірісті өлшеуге әрқашанда мүмкін болатын жерлерге су үсті бортының палубасынан жоғары шығарылу қажет. Өлшегіш құбырлар мүмкіндігінше тік және футштоктармен өлшеуге қарсы келмеу керек.
Бөліктері ауыспалы сорғылармен құрғататын кемелерде, өлшегіш құбырлар болып ауыспалы құрғататын сорғыларға қосылатын тіреушелер болуы мүмкін.
2498. Отын және майға арналған цистерналардың өлшегіш құбырларын конструктивті шаралар немесе бұл құбырлар отын немесе майдың олардың кездейсоқ өлшегіш құбырлар арқылы шығаруда қазандардың қыздырылған бетіне, қозғалтқыштарға, газ шығарушы құбырларға, сондай-ақ электрлік машиналарға және таратқыш қалқандарға түсіп кетуін болдырмайтын жерлерге шығарылған жағдайда машиналық бөлімнің төсемінің үстіне немесе біліктіректің туннеліне шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай құбырлар өздігінен жабылатын крандармен жабдықталуы қажет, ал олардың биіктігі төсеніш деңгейінен 0,5 м кем болмау қажет.
Отын цистерналарының өлшегіш құбырларын жүк цистернасы арқылы орнату осы Қағиданың 2460-тармағының талаптарын қанағаттандыру қажет.
2499. Дон аралық сулы цистерналардың өлшегіш құбырларын олардың үстіне орналасқан үнемі мүмкін болатын бөлмелерге шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай құбырлар әуелегі ретінде қолданбау қажет және өздігінен жабылатын крандармен жабдықталуы қажет.
2500. Ашық палубаларға шығарылған өлшегіш құбырлардың ұштары осы Қағиданың 2329-тармағының талаптарын қанағаттандыратын тығыз тығындармен жабдықталуы қажет.
Егер өлшегіш құбырлар ашық палубалардан жоғарыласа, онда олар оларға зақым келмейтін жерлерде орналасу немесе тиісті қоршаулары болу қажет.
2501. Жүк танкілеріне жүкті құю деңгейін өлшеу кезінде, өлшегіш құбырлардың ашық ұштарының қаптамасының зақымдануын болдырмайтын шаралар қабылдануы қажет.
Тілігі бар өлшегіш құбырлардың жабық төменгі ұштары кезінде өлшегіш құбырдың бітеуіштеріне қатысты басқа шараларды көздеу қажет.
2502. Өлшегіш құбырлардың ішкі диаметрі 25 мм кем болмау қажет.
Температураны төмендету 0оС дейін және одан төмен түсіру мүмкін салқындату бөлмелері арқылы өтетін құбырлардың ішкі диаметрі, сондай-ақ қыздыру жүйелерімен жабдықталған цистерналардың құбырлары 50 мм кем болмау қажет.
2503. Өлшегіш құбырлардың шығу ұштары ажыратқыш жазулары бар планкалармен жабдықталу қажет
2504. Будың тұтану температурасы 60оС төмен мұнай өнімдерін тасымалдаушы мұнай құятын кемелердегі жүктің құйылу деңгейін анықтауға арналған Футштоктар және басқа да құрылғылар жалын тұтанбайтын материалдан жасалу қажет.
237. Газ шығару жүйелері
§ 1. Газ шығару құбырлары
2505. Газ шығарушы құбырлар ереже сияқты, ашық палубаларға шығарылу қажет.
2506. Газ шығарушы құбырлар қаптама арқылы артқы жағына қарай шығару ұзындығы 25 м кіші кемелерге рұқсат етіледі, ал басқа кемелерде мұндай шығару әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады. Газ шығарушы құбырларды борт қаптамасы арқылы атмосфераға шығаруға рұқсат етілмейді.
2507. Әрбір басты қозғалтқыштың жеке газ шығару құбыры болу қажет. Қажет болған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысанынан ауытқуға рұқсат етілуі мүмкін.
Қосалқы қозғалтқыштардың газ шығарушы құбырлары, мыналарды болдырмайтын қолданыстағы сенімді сақтандырғыш құрылғысы болғанда жалпы газ шығарушы құбырға біріктірілуі мүмкін:
жалпы құбырдан газ ағынын жұмыс істемейтін қозғалтқыштардың құбырына;
кез-келген қозғалтқыштың оны іске қосқан кезде зақымдануы.
2508. Қазандардың түтіндігін біріктіру кезінде, оларды ашық жағдайда бекітуге арналған құрылғымен жабдықталған түтіндік қақпақтарын орнатуға рұқсат етіледі. Түтіндіктерді, сондай-ақ қажет жерлердегі қазанның ауа құбырларын қарау және тазарту үшін лазалар немесе тұтқа-тараптар қарастырылуы қажет.
2509. Өңделген және құрамдастырылған қазандардың конструкциясы олардың қыздыруына құрғақ күйінде (сусыз) мүмкіндік бермесе, онда газ шығарушы құбырлардан қазандарды ажырататын өткізуші жапқыштармен қапталған құбырлар көзделуі тиіс.
Басты және қосалқы қозғалтқыштардың газ шығарушы құбырлары бір және сол өңделген және құрамдастырылған қазандарға, жұмыс істемейтін немесе сөндірілген қозғалтқыштардың газ шығарушы құбырларын оларға жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштан газ ағынының түсіп кетуінен сақтандыратын, сондай-ақ өңделген немесе құрамдастырылған қазандарды сол немесе басқа қозғалтқыштардан газ шығару құбырларын ажырататын және осы қозғалтқыштан газ ағынын өткізуші газ құбырына бағыттайтын қолданыстағы құрылғы болған жағдайда жеткізілуі мүмкін.
2510. Қазандардың газ шығарушы құбырлары және іштен жау қозғалтқыштары оқшаулау материалының, екі қаьатты қаьырғаның және экранның көмегімен жылылықты сақтау жүргізілу қажет.
Егер температура құбырдың жоғарғы бетінде 60оС аспаса «ылғал» шығарындымен қозғалтқыштардың газ шығарушы құбырларын оқшауламауға рұқсат етіледі.
2511. Қозғалтқыштардың газ шығарушы құбырлары жылу компенсаторлармен жабдықталуы қажет. Мүмкіндік бар жерлерде газ шығарушы құбырлар тазартуға және және қажет болған жағдайда түсіру крандарына арналған люктер болу қажет.
2512. Тұрғын үй арқылы немесе рульдік рубка арқылы өтетін газ шығарушы құбырлар осы бөлмелер ішінен газ өткізбейтін қорғау бұркеншітермен жабдықталуы қажет. Газ шығарушы және қорғаушы бүркеніштер аралығында кеңістікте ашық атмосферамен хабарлануы қажет.
§ 2. Сөндіргіштер және жалын өшіргіштер
2513. Сөндіргіштер және жалын өшіргіштер оларды тазарту мүмкін болатындай етіліп орналасу қажет. Осы мақсат үшін олар люктрамен немесе түсіру крандарымен жабдықталуы қажет.
2514. Өңделген қазандарды және «ылғал» типті жалын өшіргіштерді орнату кезінде, қазандардың құбырында саңылау немесе басқа да ақаулық пайда болғанда қозғалтқышқа судың түсіп кетуіне қарсы шаралар қарастырылуы қажет.
Түсіру құбырлары машиналық бөлімнің льялына бағытталуы және гидравликалық қақпағы болу қажет.
238. Желдету жүйесі
§ 1. Желдету каналдары
2515. Су үсті бортының палубасынан төмен өткізбейтін аралықтар арқылы желдеткіш каналдарын орнатуға рұқсат етілмейді.
2516. Су үсті бортының палубасына төмен бір өткізбейтін бөліктер шегінде, өткізбейтін палубалар арқылы өтетін шахталар және тік желдеткіш каналдар өткізбейтін және кеме корпусының жергілікті конструкциясына тең беріктілікті болу қажет.
2517. Басты жалынды бөгегіш аралықтар арқылы өтетін желдеткіш каналдарда, ереже сияқты аралықтарда орнатылған және қалқалардың екі жағынан да әрекет ететін жергілікті жетектермен жабдықталатын өртке қарсы болат жапқыштары болуы қажет.
Жапқыштарды орнату орны және жетектер олармен басқару оңай және қызыл жарық беретін сырмен боялуы қажет. Жапқыштың ашық немесе жабық екенін көрсететін құрылғы қарастырылу қажет.
Егер жапқыш аралықтарда орнатылмаса, онда аралықтар және жапқыштар арасындағы канал болаттан немесе соған тең материалдан жасалу қажет және қажет жерде отқа тұрақты аралыққа тең оқшау болу қажет.
2518. Желдеткіш каналдар терлеу мүмкін жерлерде оқшаулану қажет, ал су жиналуы мүмкін жерлерде түсіру тығынымен жабдықталу қажет.
2519. Жарылыс және өртке қауіпті булар және газдарға арналған желдеткіш каналдар, герметикалық болуы қажет және басқа бөлмелердің каналдарымен жалғанбау қажет.
Бұл каналдарды жабу олардың жалын тұтану мүмкіндігін жоятындай етіп орналасу қажет.
Осы Қағиданың 2531-тармағында көрсетілгеннен басқа каналдардың сыртқы саңылауларында жалын үзгіш арматуралар болу қажет.
2520. Жататын каюталармен жабдықталған жолаушылар кемесінде жасанды желдеткішті қолдану кезінде, желдеткіштер және желдету каналдарын, желдететін бөлмеде табылатын бір басты өртке қарсы зона шегінде орналастыру ұсынылады.
§ 2. Желдеткіш маңдайшаларын және қабылдау саңылауларын
орналастыру. Машиналық үй-жайды желдету
2521. Қиыстырылған желдеткіштің желдеткіш маңдайшалары, сондай-ақ желдету жүйесінің қабылдау саңылаулары газдармен, мұнай өнімдерінің буларымен ластанған дуал ауасының ықтималдығы минимумға дейін біріктірілген және борт сыртындағы судың желдеткіш каналына түсіп кету мүмкіндігін жоятын жерлерде орналастыру қажет.
Желдеткіш қоныштарының комингстері осы Қағиданың 12-14-бөлімдерінің қолданылатын талаптырна сәйкес биіктігі болу қажет.
2522. Машинналық бөлмені желдету қызмет көрсетуге және кемені кез келген пайдалу кезінде энергетикалық қондырғысының жұмыс объектісіне қажетті ауаның келуін қамтамасыз ету қажет.
Бөлменің төменгі зоналарынан, сондай-ақ ауыр ауаның газдарының жиналуы мүмкін төсеніштердің астындағы жерлерде ауаның жойылуы қамтамасыз етілуі қажет.
Тоңазытқыш бөлмелерді желдету туралы осы Қағиданың 2241 және 2242-тармақтарды қараңыз.
2523. Біліктіректердің туннелдерінде желдеткіш болу қажет.
2524. Апатты дизель-генератордың бөлмесі жабық есіктерде (люктерде) пайдаланудың барлық жағдайларында толық жүктемемен дизель-генератордың жұмысы үшін ауаның жеткілікті келуін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталуы қажет.
§ 3. Автокөліктерді және жылжымалы техниканы тасымалдауға
арналған паромдардағы және трюмдардағы жабық үй-жайларды желдету
2525. Автокөліктерді және басқа жылжымалы техникаларды багтарындағы отынмен тасымалдауға арналған жабық бөлмелер және жүк трюмдары тәуелсіз жасанды соратын минимум мыналарды қамтамасыз ететін желдеткіштермен жабдықталу қажет:
1) паромдарда және жолаушылар кемесінде сағатына 10 есе ауа айырбастау;
2) барлық басқа кемелерде 6 есе ауа айырбастау.
2526. Желдету жүйесі желдеткіш жұмысын бақылау үшін құралдармен жабдықталу қажет. Құралдар рульдік рубкаларда орналасу қажет.
2527. Максималды деңгейдегі желдеткіш конструкциялы жалын құралу мүмкіндігін жою қажет.
§ 4. Салқындатқыш және аккумулятор үй-жайларын және жәшіктерді желдету
2528. Салқындату бөлмелеріне арналған талаптар осы Қағиданың 2252-2255-тармақтарында келтірілген.
2529. Аккумулятор бөлмелерін және жәшіктерді желдету жүйесі тәуелсіз және желдететін бөлменің жоғарғы зоналарынан ауаны жоюды қамтамасыз ету қажет.
Соратын желдеткіштер каналы газ өткізбейтін болу қажет.
2530. Келетін ауа желдететін бөлменің төменгі зонасына жеткізілу қажет.
2531. Желдеткіш каналдардың сыртқы ұштары, оларға судың, атмосфералық тұнбаның және қатты заттардың түсіп кетуін жоятындай түрде орындалу қажет.
Оларға жалын үзгіш арматруа оратылмауы қажет.
Соратын желдеткіш каналдардың саңылаулары, шығарылатын газдар өрт қауіптілігін тудырмайтын жерлерге шығарылу қажет.
2532. Батареяларының зарядты қуаттылығы 0,2 кВт аспайтын аккумуляторлы жәшіктердің желдеткіші газдардың жойылуын қамтамасыз ететін жәшіктердің төменгі және жоғарғы саңылаулары арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Батареялардың зарядты қуаттылығы осы Қағиданың 400-тарауына сәйкес анықталады.
2533. Аккумуляторлы бөлмені немесе жәшіктерді табиғи жолмен желдету кезінде ауа шығысы Q мынадай фомуламен анықталғаннан кем болмау қажет, м3/с:
Q = 0,11І n, (618)
мұндағы I — А батареялары зарядталатын номиналды токтан 0,25 кем емес, газ шығару кезіндегі максималды зарядты тоқ;
n — Батарея элементтерінің саны.
2534. Аккумуляторлы бөлмені немесе жәшіктерді табиғи соратын желдеткіші каналының көлденең қимасының ауданы F Q мынадай фомуламен анықталғаннан кем болмау қажет, м2:
F = 2,9 104 Q (619)
бірақ қышқыл аккумуляторлар үшін 0,008 м2 және сілтілік үшін 0,012 м2 кем болмау қажет.
Мұндағы Q — осы Қағиданың (616) формуласы бойынша анықталған ауа шығысы,м3/с.
2535. Бөлмені табиғи желдету мынадай шарттарды орындау кезінде қолданылуы мүмкін:
1) осы Қағиданың (616) формуласы бойынша анықталған ауа шығысы 85 м3/с кішіні құрайды;
2) желдеткіш каналының вертикалдан ауытқу бұрышы 45о кішіні құрайды;
3) каналдың буын саны екеуден аспайды;
4) желдету каналының ұзындығы 5 м аспайды;
5) желдету әрекеті желдің бағытына байланысты емес;
6) желдету каналының қима ауданы осы Қағиданың (617) формуласымен анықталғаннан кем қабылданбайды.
2536. Егер осы Қағиданың (616) формуласы бойынша есептелген ауа шығысы 85 м3/с және одан жоғарыны құраса, аккумуляторлы бөлме жасанды соратын желдету жүйесімен жабдықталу қажет.
2537. Сору каналдарының ішкі беттері, сондай-ақ желдеткіштер электролитпен бөлінетін газдардың әсерінен қорғалу қажет.
2538. Желдеткіштердің қозғалтқыштары жойылатын газдардың ағынында орналасу қажет.
Желдеткіштер конструкциялы ең жоғары деңгейде жалын құрауды жою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |