268. Мұнай құюға арналған кемелерге және оларға қызмет көрсететін кемелерге арналған қосымша талаптар
2896. Қозғалтқыштар және будың тұтану температурасы 60оС төмен отын қазандары үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
2897. Машиналық үй-жайлар артық қысым тудыратын мәжбүрлі желдеткішпен жабдықталуы қажет.
2898. Сорғылық бөлімдер және оларда орнатылған жүк сорғылар ағып кеткен газды жинауға және жоюға арналған құрылғылармен жабдықталуы қажет.
2899. Өрт қауіптілігінің екінші категориялы үй-жайларында және кеңістіктерінде (осы Қағиданың 441-тарауы) сорғыны жетектеу үшін белдік беріліс рұқсат етілмейді.
Сорғылық бөлмеде орналасқан және будың тұтану температурасы 60оС төмен сұйықтықтарды айдауға арналған сорғылардың жетекті біліктерінде, палуба немесе аралықтар арқылы өтетін жерлерінде салқындатылған герметикалық тығыздалған сальниктер болу қажет.
Сальниктерді салқындату болмаған кезде олардың температурасын қашықтықтан бақылау болуы тиіс.
2900. Жүк құйма цистерналарының (танкілердің) клинкеттерінің штоктары тығыздалған сальниктер арқылы жүк палубаларына шығарылу қажет. Сальниктердің конструкциясы олардың ауысуын немесе палубамен қысылуын мүмкіндік беру қажет.
2901. Жуу цистерналарында (танкілерде) сұйықтық деңгейін өлшеудің негізгі құралы, осы цистерналардағы мойынды ашпайтын, жабық тәсілді болу қажет. Сұйықтық деңгейін өлшеудің ашық тәсілін резервті құрал ретінде пайдалануға ғана рұқсат етеді.
2902. Тұтанатын сұйықтықтарды тиеуге және түсіруге арналған, шлангілердің статистикалық электрін бұру үшін ұштарымен фланцке пісірілген, майысатын сымнан немесе пластинадан жасалған орнату өткізгіші болу қажет.
2903. Қазандардың газ шығарушы құбырлары және іштен жану қозғалтқыштары ұшқын сөндіргшітермен жабдықталуы қажет.
Механикалық қондырғысы бар кемелерде, түтін құбыры ұшқын аулағыштармен жабдықталуы қажет.
Ұшқын сөндіргіштер және ұшқын аулағыштар Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлдануы қажет.
2904. Газ шығарушы жүйенің барлық учаскелерінің конструкциясы еркін ағуды және конденсатты түсіру және магистральды тазартуды көздеу қажет.
2905. Газ шығарушы құбырларда орналасқан жалын үзгіш арматура коррозияға тұрақты материалдан жасалу қажет.
Жалын үзгіш арматураның конструкциясы газ шығарушы құбырларды монтаждамай оны ауыстыру және бөлшектеуге мүмкіндік беру қажет.
2906. Көбікпен өшіру жүйесі кез келген палубасы ашық құйма цистернасына (танкіге), сондай-ақ жүк цистерналарының палубаларының кез келген ауданына көбікті беруді қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсаттар үшін көбікті лафетті бағандармен немесе ауыстырғыш құрылғылармен (әуе-көбікті бағандармен немесе көбік генераторлармен) беру керек.
2907. Лафетті бағандар жүк көтерімділігі 2000 т және одан жоғары кемелерде орнатылу қажет, басқа кемелер тек ауыспалы генераторлармен немесе қолдық әуе-көбік бағандарымен жинақталуы мүмкін. Мұндай жағдайда көбік құраушының ерітіндісінің берілісі интенсивтілігі әрбір көбік генератормен немесе әуе-көбікті бағанмен есептіден 25 % кем еместі құрау қажет.
2908. Кемелерде еселігі орташа көбікті пайдалану кезінде көбікке түрлендіргіштің саны есептіден кем емес және көбікке түрлендіргіштің және бір орнатылған лафетті бағанның есепті көлемі 10 минут бойы жұмыс істеуіне жеткілікті болуы тиіс.
2909. Лафетті баған судың және көбіктің кезектесіп берілуі үшін ауыстырып қосқыш құрылғымен жабдықталу қажет. Бұл құрылғыға су және көбікпен өшіру құбырларынан қосымшалар жеткізілу қажет. Ауыстырып қосқыш құрылғының орнына, егер олардың өзара блокталуы көзделсе жапқыш клапандар орнатуға рұқсат етіледі.
Ерітінді бойынша кез келген лафетті бағанды беріліс осы Қағиданың 334-қосымшасындағы талаптарын қанағаттандыру қажет.
2910. Жүк танкілерінің палубаларындағы қол жетімді жерлерде магистральды құбырда көбікпен өшіру әрбір 30 м соң кесу клапандары орнатылу қажет. Әрбір клапан әдеттегі пайдалану жағдайында клапан үнемі ашық тұру керек екенін жазылған көрсеткіш тақтамен жабдықталу қажет.
Әрбір кесу клапанының алдында магистральда осы Қағиданың 2817-тармақтың талаптарының орындалуы қамтамасыз етілетін қашықтықта, өртке су себуге арналған түтік құбырды әуе-көбікті бағанмен жалғастыру үшін диаметрі 70 мм жуық қосарланған өрт сөндіру крандары орнатылу қажет.
Сумен және көбікпен өшіру жүйесінің магистральды құбырынан лафетті бағанға қосымшалары сонымен қатар кесу клапандарына дейін орнатылу қажет.
Егер орташа еселікті көбік қолданылатын болса, қосарланған өрт сөндіру крандарының орнына, көбік генераторының есепті санының 50 % тең өрт сөндіру крандарының санымен клапанды қораптар орнатылу қажет.
2911. Көбікпен өшіру станциясындағы мұнай құю кемелерінде магистральды құбырдың шығу алдында одан тыс жапқыш клапан орнатылу қажет.
Жапқыш клапан алдында, артқы жағындағы қондырманың лафетті бағанға қарай алдыңғы жақ бөлігінің палубасына шығарылған, артқы жақтық қондырманың алдыңғы жақ аралықтарының немесе тұрғын үй-жайларда жүк палубасының жағына қараған және диаметрі 70 мм жуық өртке су себуге арналған түтік құбырды әуе-көбікті бағанмен жалғастыру үшін қосарланған өрт сөндіру краны бойынша сол және оң борты бойынша орналасқан біреуден қосымша болу қажет.
2912. Мұнай құю кемелеріндегі ұзартушы-құбырлар көбік генераторлардың 50 % көлемде болат немесе жеңіл қоспадан жасалған болу қажет; құбырдың екі ұшында өрт сөндіру және ауыспалы көбік генераторлар үшін жалғаушы арматура болу қажет.
Құбыр-ұзартқыштардың ұзындығы 4-тен 5 м дейін болу қажет; құбырдың ортасында жеңіл треног орнатылу қажет. Құбыр-ұзартқыштарды кеменің артқы жақ бөлігінде орнату қажет.
2913. Жүк палубасында орналасқан әрбір әуе-көбікті баған, 15 м кем емес қашықтықта 4 м3/мин кем емес көбік берілісін қамтамасыз ету қажет.
2914. Будың тұтану температурасы 60оС төмен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған кемелерде мұнай өнімдерінің буының құрамын бақылау үшін 2 қолдық ауыспалы газоанализатор болу қажет.
2915. Палубалық механизмдерді герметикалық жабылатын, құрғақ бөліктердің үстінде орналастыру керек.
2916. Тұтану температурасы 60оС төмен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған мұнай құятын кемелердің механикалық рульдік жетектерінен берілістерді, науалардың немесе қорапшалардың үстінде салу керек.
Осы жетектердің қажалатын бөліктерінің конструкциясы қажау және соққы кезінде ұшқын құрауды жою қажет.
2917. Жарылысқа қауіпті үй-жайларда жұмысы үшін қолданылатын және тұтану температурасы 60оС төмен сұйықтықтарды тасымалдауға, сақтауға және айдауға арналған мұнай құю кемелерінің кеңістіктерінің барлық жұмыс құрал-саймандары (балға, тұтқыр, гайкалық кілттер және т.б.), соққы кезінде ұшқын құрамайтын материалдардан жасалу қажет.
2918. Палубадағы жүк құбырында соққы кезінде ұшқын тудырмайтын материалдан жасалған герметикалық бітеуіштер болу қажет.
Тұтанатын сұйықтықтарды жабық тәсілмен тиеу және түсіру мүмкіндігі конструктивті қамтамасыз етілу қажет.
2919. Егер айдаушы мұнай станциялары тұтану температурасы 60 оС төмен тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс істейтін болса, бу немесе электроэнергия жағалаудан немесе басқа кемеден берілу қажет.
Тікелей осы станциялардағы іштен жану қозғалтқышының қондырғысы Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен рұқсат етілуі мүмкін.
2920. Тазалау станцияларындағы, тұтану температурасы 60 оС төмен тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс істейін қазан үй-жайлары екі өрт сөндіру жүйесімен жабдықталуы қажет.
2921. Порттық кемелер (қызметтік жүріп-тұратын және қосымша кемелер, жүзу-дүкендері), тұтану температурасы 60 оС төмен мұнай өнімдері үшін, қызмет ететін мұнай құю кемелері Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған типті ұшқын өшіргіштермен (ұшқын аулағыштармен) жабдықталуы қажет.
2922. Мұнай құю кемелеріндегі темекі тартуға арналған үй-жайлар сору желдеткішімен жабдықталуы қажет.
2923. Бу тұтану температурасы 60 % төмен сұйықтықтарды тасымалдау. Айдау және сақтауға арналған мұнай құйғыш кемелерде жүк танктермен, инертті газдармен аралас құрғақ бөліктердің толтырылуы немесе желдетілуі көзделуі тиіс.
Итерілетін құрамды өздігінен жүзбейтін баржаларда артқы жақтық коффердамдарды мойыншық қақпағының астын сумен немесе осы бөліктерді инертті газдармен толтыру шартымен пикті бөліктердің желдетуі көзделуі тиіс.
Желдетілуі пикті бөліктерде сағатына 6-еселік ауа айналымын, ал жүк танктермен аралас бөліктерде - кемінде үш еселік ауа айналымы қамтамасыз етуі тиіс.
2924. Өртке қауіпті бөлімшелерде және аумақтарда орнатылған немесе арнайы жабдықтардың конструкциялық бөліктері электрстатикалық және гальновикалық шашыранды қауіпсіздігін қамтамасыз ететін материалдардан жасалуы тиіс.
269. Ұзындығы 25 м кіші кемелердің өртке қарсы қорғауы
2925. Ұзындығы 25 м кіші кемелерге егер осы тарауда қосымша нұсқаулар болмаса, 260-268-тарауларда айтылған талаптар қамтылады.
2926. Ашық палубасыз кемелерде қозғалтқыштар жанбайтын материалдан жасалған алмалы-салмалы бүркеніштермен жабылуы қажет.
2927. Қозғалтқыштардың алмалы-салмалы бүркеніштерінде диаметрі 80 мм кем емес, біреуі кеме корпусының 70 мм түбіне дейін жетпеуі, ал екіншісі - бүркеніштің қақпағында аяқталуы қажет желдеткіш құбырлар орнатылуы тиіс.
2928. Жекелеген бөлімі жоқ палубасыз кемелерде басты қозғалтқыштар үшін отын цистерналары қозғалтқыш және газ шығарушы құбырлардан 800 мм кем емес қашықтықта орналасы қажет. Мұндай жағдайда отын цистерналары алмалы щиттермен қоршалуы қажет.
Отын цистернасындағы кеңістікті желдету, құбырларды жабдықтау және түптерді орнату жеке бөліктерде орнатылған цистерналар үшін де орындалу қажет.
2929. Отын цистерналарын толтыру үшін палубаға корпустың ішініе отынның түсіп кетуін болдырмайтын келте құбыр шығарылу қажет. Келте құбырлардың тығындары ұшқын тудырмайтын металдан жасалу қажет.
2930. Ағаш палубалар және аралықтар арқылы түтін құбырлары өтетін жерлерде өлшемі 150 мм кем емес өңдеу көзделу қажет. Өңдеуге жанасатын жанатын материалдан жасалған конструкциялар қалыңдығы асбеста қабаты бойынша 10 мм кем емес жабын болатпен оқшаулануы қажет.
2931. Камбузды плитадан жанатын материалдан жасалған жанбайтын жылу өткізбеуішпен қорғалған құрылмыға дейінгі арақашықтық 150 мм кем болмау қажет, сонымен бірге оқшаулау қалыңдығы 25 мм кем болмау қажет, ал оқшауланған аудан 250 кем емес плита шегінен шығу қажет.
2932. Газдық құрал және сыйымдылығы 20 л дейінгі сауыт бір үй-жайда орналасуы мүмкін, сонымен бірге оларды резина маталы тармақпен жалғауға рұқсат етіледі.
2933. Ұзындығы 25 м кіші кемелерде, тіркеп-сүйрегіш және итермелегіштерден басқа, суымен өшіретін стационарлы жүйені көздемеуге болады. Мұндай жағдайда машиналық бөлім үшін көмірқышқыл немесе аэрозольды өшіру жүйесі, ал басқа үй-жайлар үшін - автономды ауыспалы немесе тасылатын.
2934. Іштен жанатын қозғалтқышты үй-жайларда, тікелей өрт сөндіру сорғысында орналасқан бір өрт сөндіру краны жеткілікті.
2935. Жолаушылар, тіркеп-сүйрегіштер - итермелегіштер және мұнай құятынды қоспағанда, кемелерде су бір сорғалаумен беріледі.
2936. Көбікпен өшіру жүйесімен жабдықталған кемелерде, өрт сөндіру кранының сору қуысына арналған көбік құраушы берілісі рұқсат етіледі.
2937. Өрт сөндіру краны үшін суды бір кингстоннан қабылдауды көздеуге рұқсат етіледі.
2938. Сумен өшіру жүйесінң құбырлары коррозияға қарсы жабусыз жасалуы мүмкін.
2939. Өрт сөндіру тармақтарының ұзындығы 10 м кем болмау қажет.
2940. Қолдық өрт сөндіру бағандарды диаметрі 12 мм кіші сұғындырмамен қолдануға рұқсат етіледі.
2941. 2819-тармақта көрсетілген кемелерде суды басқа кемелерге беру үшін коллектор орнату талап етілмейді.
2942. Ұзындығы 12 м кіші және қозғалтқыштардың қосынды қуаттылығы 220 кВт және кіші кемелер үшін стационарлы өрт сөндіру жүйесінің орнына осы Қағиданың 323-тарау талаптарын қанағаттандыратын бір көбікті немесе ұнтақ жалын сөндіргіш рұқсат етіледі.
2943. Механизмдер, құрылғылар және жабдықтар қор бөлшектерімен, сондай-ақ орнатудың техникалық шарттарына немесе механизм орнатылатын басқа құжаттамаларға сәйкес бөлшектеуге, жөндеуге және реттеуге арналған құрал-сайманмен және қарапайым құралмен жабдықталуы қажет.
Міндеттілер тізіміне мынадай қарапайым құралдар кіреді:
1) жауапты болттарды және гайкаларды (бұлғақты, анкерлі және т.б.) дәл тарту үшін;
2) қозғалтқыштардың бұлғақты болттарының қалдық деформациясын өлшеуге арналған;
3) қозғалтқыштардың иінді біліктерінің жағының айырмашылығын өлшеуге арналған;
Қор бөлшектері коррозиядан таңбаланған және қорғалған болу қажет, оларды қол жетімді жерлерді сақтау керек.
«М» сыныпты кемелерде қор бөлшектері берік нығайтылу қажет.
4-бөлік. Кемелік құрылғылар және жабдықтау
39-бөлім. Жалпы ережелер
270. Таралу саласы
2944. Қағиданың осы бөлімі техникалық флот кемелерінің арнайы және технологиялық құрылғыларын, жабдықтар және жабдықтауларды қоспағанда (жер снарядтарының папильонды құрылғылары, шаландалардағы және оларға ұқсас кемелердің жарма көтеретін құрылғылары) кемелік құрылғыларға, палубалық механизмдерге, жабдықтар және ішкі жүзу кемелерін жабдықтауларды қамтиды.
2945. Қағиданың осы бөлімінің нормалары техникалық флот кемелерінің (жер снарядтардың папильонажды құрылғылар, шаландалардағы баған көтергіш құрылғылар және олар тектес кемелер) арнайы және технологиялық мақсаттарға арналған құрылғылар, жабдықтар және жабдықтауларға таралмайды.
271. Анықтамалар және түсіндірмелер
2946. Қағиданың осы бөлімінде қолданылатын терминдер мынадай түрде түсіндіріледі:
1) тіркеп-сүйрегіш және итермелегіштер - тіркеп-сүйрегіш және тізбекті құрылғысы бар, басқа кемелерде және жүзбелі құрылыстарды итеру тәсілімен сүйреуге және жүргізуге арналған кеме;
2) тіркеп-сүйрегіш жабдықтары - кнехталар,сүйрегіш арқандары, шектеуіштер, блоктар, клюздар, бекітулер, сырғалар және т.б.;
3) корпус үстіндегі биіктік - сигнальды құрылғыны орнату жеріндегі ең жоғарғы палубаның үстіндегі биіктік;
4) көріну қашықтығы - сигнальды жалындар жарқын ауа-райындағы қараңғы түнде көрінуі қажет қашықтық;
5) есту қашықтығы - дыбсты сигнал 3 м/с дейінгі жел жылдамдығы кезіндегі естілетін қашықтық;
6) кеменің ұзындығы және ені - кеменің конструктивті ұзындығы және ені;
7) артық рульдік жетек - негізгі рульдік жетек қатардан шығып кеткен жағдайда кемені басқару мақсатында, рульді немесе бұрылатын сұғындырманы қайта салуға үшін көзделген жабдық;
8) жеке құтқару құралдары - құтқару дөңгелегі, құтқару көкірекшесі, гидрокостюм және жылудан қорғау құралдары;
9) гидрокостюм - суық суда адам организмін тоңудан сақтауға арналған су өткізбейтін материалдан жасалған костюм;
10) жылудан қорғайтын құрал - суық суда болған адамның температурасын қалпына келтіруге арналған төмен жылу өткізетін су өткізбейтін материалдан жасалған қап немесе костюм;
11) ұжымдық құтқару құралдары - құтқару шлюпкалары, құтқару салдары (онда судан тыс адамдарды орналастыруға арналған сал), құтқару құралдары (адамдарды судың үстінде көтеруге арналған жеңіл сал, үстел, орындық);
12) тізбекті құрылғының корпусты конструкциялары - тіректер, тізбекті белдеудер, нығайтулар, іргетастар және с.с.;
13) негізгі рульдік жетек - механизмдер, рульдік жетектің күштік қондырғылары, егер мұндайлар бар болса, қосымша жабдықтар және (мысалы, румпель, немесе сектор) кемені қалыпты пайдалануда кемені басқару мақсатында руль баллерінің бұрау сәтінің беріліс құралы немесе бұралу сұғындырмалары;
14) палубалық механизмдер - механизмдер, шығырлар, сорғылар, гидро-электрқозғалтқыштар, құлыптар, керу станциялары, рульдік, зәкірлік, швартовты, тіркеп-сүйрегіш, тізбекті, жүк құрылғысы, сондай-ақ рульдік рубканы, мачт және т.б. көтеруге арналған құрылғылар құрамына кіретін күштерді, бұрау сәттерін, шектеуіштерді беру құралдары;
15) Рр есептік жүктеме - есептік иілу сәтінің әрекетінен күштер;
16) есептік иілу сәті Мр - құрамның жазықтықтың диаметральды жазықтығымен ажырау тізбегі қиылысының сызығы бойынша өтетін, тізбектің тік осіне қатысты көлденең жазықтықта әрекет ететін ең үлкен сәт;
17) жарық күші - осы ағын таралатын, жарық ағының денелік бұрышқа қатынасы;
18) өртке қарсы жабдықтау - өрт сөндіруге арналған, өртпен күресетін ауыспалы активті құрал (аппараттар, инвентарь және шығыс материалдары); өртті сөндіру кезінде экипаж әрекетін қамтамасыз етуге арналған; өрт сөндіру жүйесін шығыс материалдарымен, осы жүйелерді өрт сөндіру кезінде қажетті материалдармен қамтамасыз етуге арналған;
19) төмен түсіруші құралдар - құтқару шлюпкаларын түсіру және көтеруге арналған кемедегі белдеу және басқа құрылғылар шлюптері;
20) тізбекті жабдықтар - құлыптар, көру станциялары, шығырлар және с.с.;
21) итеруші құрам - қатты немесе майысатын бір немесе көпжіпті құрам немесе құрамды жүк теплоходы. Итеру итермелегіш құрамның бөлігі болып табылады. «алдыңғы жақ зәкірлері» түсінігі құрамның баржаларына, «артқы зәкірлер» - итергіштерге жатады;
22) тізбекті құрылғының бұрыштық люфті бұрылу сәті бағытының өзгеруі кезіндегі байланыстырдың бос саңылаулары шегіндегі - кемелердің өзара бұрылысының бұрышы.
2947. Қағиданың осы бөлімінің мәтінінде пайда болатын кернеулерде мынадай формула бойынша есептелген эквивалентті σэкв кернеу түсіндіріледі, МПа:
мұндағы σ — қарастырылып жатқан қимадағы қалыпты кернеу, МПа;
τ — қарастырылып жатқан қимадағы жанама кернеу, МПа.
Осы кернеулер бойынша беріктілік шартын тексеру керек.
2948. Қолданылатын материалдың ағымдылық шегі бөлігінде Қағиданың осы бөлімінде регламенттелген беріктілік шартын тексеру кезінде, келтірілген кернеуді салыстыруға қажетті, рұқсат етілген кернеу; сонымен бірге (егер онша айтылмаса) ағымдылық шегінің мәнін сол материалдың 0,7 жоғары емес уақытша қарсыласуын қабылдау керек.
272. Материалдар
2949. Осы Қағиданың 336-қосымшасында келтірілген құрылғылардың бөлшектері және жабдықтаулар осы Қағиданың 2-бөлігінің талабына қатысты Кеме қатынасы тіркелімінің бақылауына жатады.
Осы Қағиданың 335-қосымшасында көрсетілген бөлшектер үшін басқа материалдарды қолдану әрбір нақты жағдайда Кеме қатынасы тікрелімімен арнайы келісу керек.
2950. Румпельдің біліктері, шестерналары, тісті доңғалақтары және секторлары осы Қағиданың 1297-тармағының талаптарына сәйкес ультрадыбыстық тексеруге жатады.
273. Палубалық механизмдерге арналған талаптар
2951. Механизмдердің конструкциясы және орындалуы барлық қалыпты пайдалану кезінде, сондай-ақ кеменің 15о дейінгі ұзақ қисаюда және 5о дейінгі дифферент (құрылыс дифферентін ескермей) кемелердің жұмысын қамтамасыз ету қажет.
Ашық палубада орнатуға арналған механизмдер сыртқы ауаның -20-дан + 40оС дейінгі температура кезінде оларды пайдалану шартынан туындап есептелу қажет.
2952. Құйма кемелердің палубалық механизмдерін герметикалық жабылатын құрғақ бөліктер үстіне орналастыру қажет.
2953. Тежегіш жапсырмалар және олардың бекітілуі су және мұнай өнімдеріне тұрақты, сондай-ақ 250 оС температураға дейін термо тұрақты болу қажет.
Тежегіш жапсырмалар және тіректік каркастар аралығындағы жалғаулардың рұқсат етілген термотұрақтылығы механизмнің барлық мүмкінді жұмыс режиміндегі жалғаулардағы қызудан жоғары болу қажет.
2954. Қиын жерлерде орнатылған механизмдердің және құрылғылардың жылжымалы бөліктерінің тіректік бөлшектерінің олардың өздігінен әлсіреуі және берілуін болдырмайтын құралдары немесе конструкциялары болу қажет. Механизмдердің жылжымалы бөліктері қорғағыш бүркеніштермен жабылуы қажет.
2955. Жарылысқа қауіпті үй-жайларда және кеңістіктерде (осы Қағиданың 4195 және 4196-тармақтары) орнатылған палубалық механизм бөлшектерінің (ілгектер, тежегіш қалыптар және т.б.) конструкциясы және материалы жалын құрауды болдырмау қажет.
2956. Механизмдерді майлауға арналған құрылғы механизмдердің жұмысы кезінде қызмет көрсету үшін қол жетімді жерде және қауіпсіз болу қажет.
2957. Сақтандырғыш және қорғау құрылғылары құрамдастырлған және іске қосылған кезде олар, өртке қарсы қатынас сияқты персоналдарға қызмет көрсету үшін де қауіптілік тудырмайтындай етіп орнатылу қажет.
2958. Өрт қатынасына қауіптілік тудыратын механизмдердің қызатын бетінде жалынға тұрақты жылу өткізгіші болу қажет немесе оларға отын немесе майдың түсуін болдырмайтын конструктивті шешімдер көзделу қажет.
Жылу өткізгіш металл бүркенішпен немесе отын-май өткізбейтін құраммен жабылуы қажет.
2959. Коррозия тудыратын ортамен жанасатын механизмдердің бөлшектері коррозияға қарсы материалдан жасалуы немесе пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті жерлерде коррозияға қарсы тұрақты жабындары болу қажет.
Әртүрлі электрлік әлеуетті материалдардан жасалған және агрессивті ортамен жанасуы мүмкін механизмдердің бөлімдері және бөлшектері электролиттік коррозиядан қорғалуы қажет.
2960. Қашықтықтан және автоматты басқару жүйелерінің механизмдерін басқару құрылғылары осы Қағиданың 3-бөлігінің талаптарын қанағаттандыру қажет.
2961. Палубалық механизмдермен басқару құрылғысы, көтеру маховиктің айналуымен оңға немесе рычагтың қозғалысымен өзіне, ал түсіру - маховиктің айналуымен солға немесе рычагтың қозғалысымен өзінен керу жүргізілетіндей етіп орналасу қажет.
Тежегіштерді тоқтату маховиктерді оңға айналдырумен, ал тоқтата тұру солға айналдырумен жүргізілуі қажет.
2962. Энергия көзінен жетегі бар механизмдер және қолдық жетек, жетектердің бір мезгілде жұмыс істеуін болдырмайтын блоктау құрылғысы болу қажет.
2963. Рычагқа және басқару маховиктеріне қосымшаланатын қолдық күштердің рұқсат етілген мәні минималды болу және қолдық жетектердің қолдану жиілігіне байланысты тағайындалу қажет.
Басқарудың сирек қолданылатын құрылғылары үшін қолдық жетек кезінде 160 Н жоғары емес күш және аяқтан жетектеуде 300 Н жоғары емес күштің рұқсат етілуі мүмкін.
Тік бағытта бір адаммен қоса берілген, максимальды бір реттік күш ретінде 490 Н дейінгі күш рұқсат етіледі (мысалы, тіркеуін ажырататын құрылғылар үшін).
2964. Шығырлар қанаттың ораудың орташа қабатындағы күйінде талап етілетін номинальды тарту күшейтуді қамтамасыз ету қажет.
Олар үшін мынадай тарауларда беріктілік қоры арқанның орташа орау қабатындағы тартуды күшейту кезінде анықталу қажет. Бірақ қолайсыз жағдайларда беріктілік қорының жүктемелері екі еседен кем болмау қажет.
2965. Қолдық жетекті шығырлар әрбір жұмыс істеп тұрғаны 160 Н тең тұтқаларды күшейту кезінде номинальды тарту күшін дамыту қажет.
Бес еселі қолмен күшейту кезінде және арқанның ораудың төменгі қабатындағы күйінде, тарту күші ораудың ең төменгі қабатындағы арқанның үзілуінен 0,85 жоғары болмау қажет.
2966. Арқанның ұштарын барабанға бекітудің сенімді конструкциясы болу қажет.
Барабандардың ребордалар ұшы бойынша арқан диаметрінен 2,5 кем емес ораудың жоғарғы қабатынан және толықтай оралған арқанның соңғысының үстінде 1,5 диаметрден кем емес асулары болу қажет.
2967. Гидравликалық жетектер осы Қағиданың 3058-тармағында көзделгеннен басқа іске қосу қысымы максимальды есепті қысымнан 1,1 жоғары болмайтын сақтандырғыш клапандармен қорғалу қажет.
Сақтандырғыш клапаннан бұрылатын жұмыс сұйықтығы соратын құбырға немесе гидробакке бағытталу қажет.
2968. Жұмыс сұйықтығының гидравликалық жетегін толтыру, сондай-ақ оның ағып кетулерін толтыру және түсіру кезінде ауаны толықтай жоюға арналған құрылғы көзделу қажет.
Гидробактың ішкі қуысы атмосферамен тек сүзгі (сапун) арқылы ғана байланысады
2969. Жұмыс сұйықтығының деңгейін бақылау үшін гиробакта төменгі және жоғарғы деңгейі белгіленген көрсеткіш және минималды сұйықтық деңгейінің датчигі көзделу қажет.
2970. Гидравликалық жүйелерде өткізу қабілетімен және жұмыс сұйықтығының сүзгішінің жіңішкелігіне қажетті сүзгілер көзделу қажет.
Кеменің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін үнемі қолданыстағы гидравликалық жүйелерде, жұмыс сұйықтығының циркуляциясын тоқтатпай сүзгілерді тазалау көзделу қажет.
2971. Негізгі және қор сорғыларының соратын және құйма құбырлары гидробакта жұмыс сұйықтығы өтіп кеткене қор сорғысының жұмыс қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылу қажет.
2972. Гидравликалық жабдықтан жұмыс сұйықтығының ағып кетуі мүмкін жерлерде түптер көзделу қажет.
2973. Гидравликалық жүйелер және құбырлар осы Қағиданың 47-бөлімі талаптарын қанағаттандыру қажет.
274. Сынақ
2974. Артық қысымда жұмыс істейтін палубалық механизмдердің бөлшектері ақырғы механикалық өңдеуден кейін қорғайтын жабынды жапқанға дейін мынадай формуламен анықталатын сыналатын гидравликалық қысыммен рnр сыналу қажет, МПа
рnр = (1,5 + 0,1 k)р, (623)
мұндағы k — осы Қағиданың 336-қосымшасында бойынша қабылданатын коэффициент;
р — жұмыс қысымы, МПа.
Барлық жағдайларда сынау қысымының мәні сақтандырғыш клапанның толықтай ашылуының тиісті қысымынан төмен емес болу қажет, бірақ бөлшектердің қуыстарын салқындатуға арналған және әртүрлі нығыздау түрлеріне арналған 0,4 МПа төмен емес және басқа жағадайларда 0,2 МПа төмен болмау қажет.
Егер температура немесе жұмыс қысымының мәні осы Қағиданың 336-қосымшасында көзделгеннен асатын болса, сынау қысымының мәні Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
2975. Жүктеме астында табылатын гидравликалық жетектердің бөлшектері, жұмыс қысымына сәйкес күшейтудің әрекеті кезінде беріктіліккке тексерілу қажет, сонымен бірге бөлшектердегі эквивалентті кернеулер бөлшектердің материал ағымдылығы шегінен 0,4 аспау қажет.
2976. Ішкі қысыммен туындайтын жұмыс цилиндрлерінің конструктивті элементтеріндегі кернеу материал ағымдылығының 0,33 шегінен аспау қажет.
Майысудың деңгейі 60 жоғары кезінде бойлық иілуде беріктілік қоры 5 кем болмау қажет.
2977. Мұнай өнімдерімен немесе гидростатистикалық немесе атмосфералық қысыммен олардың буымен толтырылатын палубалық механизмдердің бөлшектері және бөліктері (редукторлардың корпустары, түптер және с.с.) тығыздылыққа керосинді толтырумен немесе Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған басқа тәсілмен сыналуы қажет. Пісіріліген конструкцияларында тығыздылыққа пісірілген тігістерді ғана сынау жеткілікті.
2978. Жинау, реттеу және домалатуды аяқтау бойынша кемеде орнатқанға дейін палубалық механизмдер Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағадарлама бойынша жүктемемен қабырғада сыналу қажет.
Жекелеген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша қабырғалық сынауларды кемедегі сынаумен ауыстыруға рұқсат етіледі.
275. Жабдықтаудың сипаттамасы
2979. Жабдықтаудың сипаттамасы Nc, м2, 626 формула бойынша есептеледі
мұндағы L, В, Н — кеменің конструктивті өлшемдері, м;
k — осы Қағиданың 2980-2982-тармақтарға сәйкес тағайындалған коэффициент;
l — жекелеген қондырма және рубкалардың ұзындығы, м;
h — жекелеген қондырма және рубкалардың орташа биіктігі, м.
Катамаран типті кемлер үшін жабдықтау сипаттамасын мынадай формула бойынша анықтау қажет:
мұндағы ВК — бір корпустың ені, м;
Вс — бүтіндей кеменің ені, м;
Т — кеменің жүүке отыруы, м.
2980. k коэффициентті кеменің жартылай ұзындығынан асатын барлық палубаларда орналасқан қондырмалардың және рубкалардың қосынды ұзындықты кемелер үшін 1 тең және көрсетілген қосынды ұзындық кеменің 0,25 бастап 05 дейнгі шегінде жататын кемелер үшін 0,5 тең деп қабылдау керек.
Қондырмалардың және рубкалардың қосынды ұзындығы кеме ұзындығынан 0,25 кіші болғанда зәкірлік сипаттаманы есептеу кезінде қондырмаларды және рубкаларды ескермеуге болады.
2981. Су асты қанатындағы, әуе жастығындағы кемелер және глиссирленетін кемелер үшін к мәнін осы Қағиданың 2980-тармағында көрсетілгенмен салыстырғанда 2 есе кіші қабылдау қажет. Су асты қанаттары жабдықтау сипатын анықтау кезінде ескерілмейді.
Су асты қанатындағы және әуе жастығындағы кемелерде су үсті бортының палубасы болмаған жағдайда терезе тіліктерінің төменгі жиегіндегі кеменің бөлігін қондырма деп санау керек
2982. Жүкті палубада тасымалдаушы кемелер үшін параметрді оның орташа биіктігіне шектеуіш жүк конструкциясымен палубада салынған жүктің бүйір проекциясының көбейтіндісі сияқты есептеу керек, ал коэффициентті к тек сусымалы жүктерді ғана тасымалдауға арналған кемелер үшін 0,5 тең деп және басқа палубалық жүктерді тасымалдауға арналған кемелер үшін 1 тең деп қабылдау керек.
2983. Мұнараның түпті тереңдететін снарядтарындағы жүріс жағдайындағы қарпығыш рамалар және лотоктарды жабдықтау сипаттамасында бүйірлік бетінің ауданы габаритті контур бойынша анықталатын рубкалар сияқты ескеру қажет.
40-бөлім. Рульдік құрылғы
276. Жалпы талаптар
2984. Қағиданың осы бөлімінің талаптары рульді құрылғылар (жәй, теңестірілен, жартылай теңестірілген) және бұрылатын сұғындырмаларды қамтиды.
2985. Осы Қағидамен регламенттелмеген арнайы конструкцияның құрылғысы әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің келісіміне жатады.
2986. Рульдік құрылғымен барлық өздігінен жүретін кемелер жабдықталуы қажет.
Арқанда тіркеп-сүйреуге арналған өздігінен жүрмейтін кемелер, жекелеген негізделген жағдайларда рульдік құрылғының орнына жылжымайтын тұрақтандырғыштармен жабдықталуы мүмкін.
Тек итеру тәсілімен жүргізуге арналған тұрақтағы және өздігінен жүрмейтін кемелерге тұрақтандырғыштарды орнатпауға болады.
2987. Рульдік құрылғы осы Қағиданың 15-бөлімінде көрсетілген маневр көрсеткіштерін қамтамасыз ету қажет.
2988. Негізгі жетек немесе рульдік рубканы коректендіру көзі істен шыққан жағдайда қор жетекке өту ұзақтығы немесе қоректегі үзіліс 5 с аспау қажет.
2989. Активті және алдыңғы жақ рульдердің конструкциясы, сондай-ақ рульдерді бұру құрылғысы әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
277. Руль және сұғындырма
2990. Үшкір рульдің ұшының t, мм, қаптамасының табағының қалыңдығы мынадай формуладан кем болмау қажет:
t = k d0+3, (626)
мұндағы k — осы Қағиданың 337-қосымшасы бойынша қабылданатын коэффициент;
d0 - = 260 МПа кезінде осы Қағиданың 3006-3008-тармақтарына сәйкес анықталатын баллер диаметрі,мм.
ReH = 260 МПа.
2991. Рульдің ұшының бүйірлік табағының қалыңдығы осы Қағиданың 2990-тармағына сәйкес анықталған қаптама табағының 1,3 қалыңдығынан кем болмау қажет.
2992. Пластикатты рульдің ұшының қаптама табағының қалыңдығы tnлр мынадай анықталған формуладан кем болмау қажет, мм:
tnлр =kd0+4, (627)
мұндағы k — осы Қағиданың 338-қосымшасы бойынша қабылданатын коэффициент;
d0 — ReH= 260 МПа кезіндегі осы Қағиданың 3006-3008-тармақтарына сәйкес анықталған баллер диаметрі.
2993. Бұрылатын қуыс сұғындырмалардың және тұрақтандырғыштың қаптама табақшаларының сыртқы қаптамаларының табақшаларының ең кіші қалыңдығы, мынадай формуламен анықталғаннан кем болмау қажет, мм:
t1 = t + 1, (628)
мұндағы t1 — осы Қағиданың 2990-тармағына сәйкес анықталған қаптама табағының қалыңдығы, мм:
Сұғындырманың ішкі қаптамасының табағының ең кіші қалыңдығы t2 мынадай формуламен анықталған кем болмау қажет, мм:
t2 = 1,25t1, (629)
2994. Бұрылатын қуыс сұғындырманың орта бөлігіндегі ішкі қаптамада t2 қалыңдығы мынадай формуламен анықталған кем емес күшейтілген белдігі болу қажет, мм:
t3 = 2t2, (630)
Күшейтілген белдіктер табақтарын даттанбайтын болаттан жасау ұсынылады.
2995. Үшкірленген рульдің ұшының, қуыс сұғындырманың және оның тұрақтандырғыштарының қаптамасының табақшаларының қалыңдығы кез келген жағдайда кеменің артқы жақ ұшындағы сыртқы қаптаманың табақшаларының қалыңдығынан кем болмау қажет.
2996. Мұздық нығайтулары бар кемелердегі рульдың ұшының және тұрақтандырғышымен бұрылатын сұғындырманың қаптамасының табағының қалыңдығы осы Қағиданың 2990 - 2995-тармақтар бойынша анықталғанмен салыстырғанда 20 % ұлғайтылуы қажет.
2997. Рульдің ұшының және тұрақтандырғыштың қалыңдығы ішінен тік қабырғалармен және көлденең диафрагмалармен, ал сұғындырма қаптамасы - бойлық қабырғалармен және айналма диафрагмалармен нығайтылу қажет.
2998. Қабырға және диафрагма қалыңдығы үшкірленген рульдің (тұрақтандырғыш) қаптамасының немесе бұрылатын сұғындырманың сыртқы қаптамасының табағының қалыңдығынан кем болмау қажет.
2999. Қабырғаларда және диафрагмаларда іліктер көзделу қажет.
3000. Рульдің ұшы және бұрылатын сұғындырма құрамында 0,22 % жоғары қөмірқышқылы бар көмірқышқылды болаттан жасалу қажет.
3001. Бұрылатын сұғындырманың пісірілген немесе құйылып пісірілген конструкциясы қабылданады. Шыңдалған немесе құймадағы көмірқышқылдың құрамы 0,25 % жоғары болмау қажет.
3002. Рульдің ұшының бүйірлік табақшаларында, сұғындырмалардың төменгі және жоғарғы нүктелерінде коррозияға тұрақты материалдан жасалған тығын көзделу қажет.
3003. Рульдің ұшы және бұрылатын сұғындырма кеменің габаритінен шығып кетпеу қажет. Бұл талаптарды орындау мүмкін болмаған жағдайларда қорғау құрылғысын (қоршаулар, криналиндер) көздеу керек.
3004. Рульдің және бұрылатын сұғындырманың орналасуы олардың кеменің ең жоғары есепті дифферентпен артқы жаққа жүзуі кезінде соққыдан зақымдалуын болдырмау қажет.
Саяз жерлерде жұмыс істеуге арналған кемелердің рулі және бұрылатын сұғындырмасы. Төменгі тірекпен жобалау ұсынылады.
3005. Рульдің орнына орнатылған жылжымайтын тұрақтандырғыштың қаптамасының қалыңдығын осы Қағиданың 2990, 2991, 2995, 2996-тармақтарға сәйкес анықтау керек. Жылжымайтын тұрақтандырғыштың конструкциясы осы Қағиданың 2997 - 2999, 3003-тармақтардың талаптарын қанағаттандыру қажет.
278. Баллер және рудерпис
3006. Диаметрі төменгі тіректік мойынтіректің баллер рулінің және бұрылатын сұғындырмасының диаметрі рульді немесе бұрылатын сұғындырманы орташа күйден шекті бұрышқа ауыстыру кезінде пайда болатын, ең үлкен гидродинамикалық жүктемелерге үшін орындалған есеппен негізделу қажет.
3007. Есепті ретінде алдыңғы жүрістің толық жылдамдығы қабылдану керек: өздігінен жүретін кемелер үшін 3,5 м/с кем емес, ал өздігінен жүрмейтін кемелер үшін - 3,0 м/с кем емес қабылдау керек.
Артық жүрістің есепті жылдамдығын есепті алдыңғы жүрістің 60 % кем емес қабылдау керек.
3008. Гидродинамикалық есептер болмаған кезде, тіректік мойынтірек ауданындағы баллер диаметрі d0 мм, мынадай анықталған формуладан кем болмау қажет:
1) аспалы руль үшін
2) ахтерштевень өкшесіндегі төменгі тіректік руль үшін
3) ахтершевень ілмегіндегі қадалқы рульдер үшін
k - «Т» және «К» — 2,5;
«Ө» и «А» — 2,0;
сыныпты кемелер үшін тең деп қабылданатын баллер материалының беріктілік қорының коэффициенті
с — с = формуласы бойынша анықталатын коэффициент
- мынадай формулалардың бірімен анықталатын рульдың ұшына қатынасты ұзарту
= h/b; = h2/А; = А2/b;
— мыналарға тең деп қабылданатын коэффициент:
1,0 — бұранданың сорғалауында орналасқан рульдер үшін;
0,9 — бұранданың сорғалауында орналаспаған рульдер үшін;
А — руль ұшының ауданы, м2;
v — жүкке кеменің есепті жылдамдығы (құрамды - итермелегіштер үшін), км/ч;
r — шартты есепті жүктеме қосымшасы нүктесінің оның ауырлық орталығы деңгейінде мынадай формуламен анықталған рульдың ұшын айналдыру осінен ауытқуы, м:
r = b[0,33 + 1,5(А1/А)2]- а; (634)
b — руль ұшының ені,м;
А — айналдыру осінен алдыңғы жағына қарай орналасқан руль ұшы ауданының бөлігі, м2;
а— айналдыру осінің оның ауырлық орталығы деңгейіндегі алдың руль ұшынан ауытқуы, м;
h — руль ұшының биіктігі, м;
ℓ — рульдің ұшының қаптамасының жоғарғы бүйір табағының және баллердің төменгі мойынтірегінің аралығындағы арақашықтық, м;
ReH - баллер материалының ағымдылығының шегі, МПа.
3009. Едендік баллердің dH рұқсат етілген минималды сыртқы диаметрі, мынадан төмен болмау қажет, мм,
dH = d0, (635)
мұндағы — баллер дуалы қалыңдығының сыртқы диаметрге тағайындалған қатынасына байланысты осы Қағиданың 339-қосымшасына сәйкес қабылданатын коэффициент (/dH);
d0 — осы Қағиданың 3006 немесе 3008-тармақтарына сәйкес анықталған баллер диаметрі, мм.
3010. Рульдік құрылғының элементтерінің өлшемін анықтаған кезде есепті тәсілмен рұқсат етілген кернеуді осы Қағиданың 340-қосымшасына бойынша қабылдау керек.
3011. Баллер беріктілігі рульдің немесе бұрылатын сұғындырманың сыналану кезінде рульдік машиналармен құрылатын ең үлкен күшейту іс-қимылына тексерілу қажет.
Бұл жағдайда есепті кернеу 0,8 ReH немесе 0,6 Rm.мәндердің ең кішісінен асу қажет.
3012. Жарылған мұзда жүзуге арналған кемелердегі, осы Қағиданың 3006 және 3008-тармақтарына сәйкес есептелген баллерлердің есепті көлденең қимасының диаметрі 15 % ұлғайтылу қажет.
3013. Баллерлер және рудерпистер қапталған және дәнекерленген болуы мүмкін.
Құйылып пісірілген және литокова, бірақ дәнекерленген конструкция рұқсат етіледі, сонымен бірге баллердің құйылған бөлігінің диаметрі қапталған баллердің есепті диаметрімен салыстырған 15 % ұлғайтылу қажет.
Ұзындығы 25 м кіші кемелер үшін баллерлер және рудерпистерді илемнен жасауға рұқсат етіледі.
3014. Жоғарғы бөліктегі рудерпистің көлденең қимасының ауданы баллердің көлденең қимасының ауданына тең болу қажет. Рульдің ұшының жоғарғы жиегінен төмен рудерпистің көлденең қимасының ауданын біртіндеп жоғарғы бөліктегі көлденең қима ауданының 50 % төмендетуге болады.
Баллерді руль ұшымен немесе бұрылатын сұғындырмамен жалғау берік баллерге тең болу қажет.
3015. Сүйір қуыс рульдерде рудерпис болмаса да болады.
Мұндай жағдайда рудерписті ауыстыратын конструкцияға, осы Қағиданың 341-қосымшасында көрсетілгендей руль ұшының қорап тәрізді емесе құбыр тәрізді қиманың жанасатын қаптамасымен кесілмейтін диафрагмалар қызмет етеді.
Теңестірілген рульдерде айналу осінен руль ұшының ені бойынша ең үлкен өлшемнің s жартысынан аспайтын қашықтықта (осы Қағиданың 341-қосымшасы), екі диафрагммалар орналасу қажет, ал теңдестірілмеген рульдерде - біреуі рульдің алдыңғы жиегінен s өлшемінен аспайтын қашықтықта орналасу қажет. Рудерписті ауыстыруша құбыр диаметрі руль ұшының ені бойынша s өлшемге тең болу қажет. Қаптама табақшаларымен және құбыр дуалдарымен жанасатын диафрагмалар қалыңдығы (626) бойынша есептелген қаптама табақшаларының қалыңдығымен салыстырғанда 2 реттен кем емес ұлғайтылады.
Қаптаманың қалыңдатылған табақшаларының ені руль ұшы қырының ең үлкен қалыңдығынан кіші болмау қажет.
3016. Руль ұшы немесе баллерлі бұрылатын сұғындырма көлденең фланцпен немесе Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген басқа конструкция (конусты, бугельді) көмегімен жалғану қажет.
Қолмен рульдік жетектеу кезінде ұзындығы 10 м кем емес кемелер үшін баллерді руль ұшымен жалғау пісірілген болу қажет.
3017. Жалғау үшін қолданылатын болттар (түйрегіштер) тығыз қималанған болу қажет. Шпонкалар болған жағдайда тығыз қималанған болттар екеуден кем болмау қажет. Барлық болттардың қосынды қима ауданы FΣ мынадай формуламен анықталғаннан кем болмау қажет, мм2:
FΣ=0,3d02 (636)
мұндағы d0 — осы Қағиданың 3006 немесе 3008-тармақтарына сәйкес анықталған баллер диаметрі,мм.
3018. Баллерді және руль ұшын немесе бұрылатын сұғындырманы тіреп жалғау өздігінен бұрылмауды болдырмау үшін сенімді тоқтатылу қажет.
3019. Болт үшін саңылаулар шетінен жалғаушы фланцтың сыртқы жиегіне дейінгі арақашықтық 0,65 dб кем болмау қажет, мұндағы dб - болт диаметрі.
3020. Фланц қалыңдығы жалғаушы болттың диаметрінен кем болмау қажет.
3021. Баллердің фланцпен жанасатын ойын радиусы 0,65d0 кем болмау қажет (d0 - осы Қағиданың 3017-тармағы).
3022. Егер баллерді руль ұшымен немесе сұғындырмамен жалғау конусты болса, онда конус ұзындығы баллер диаметрінен 1,5 кем болмау қажет, ал конустылығы 1:10 кем емес. Баллердің конусты бөлігі цилиндрлікке кемерсіз өту қажет.
Конустың жалғауда өлшемі руль немесе бұрылатын сұғындырмаға әрекет ететін, гидродинамикалық бұрау сәтінің ең жоғары берілісіне есептелетін, шпонка орнатылуы тиіс. Шпонды кертік шаңғы тәрізді шығулары болуы тиіс.
3023. Баллер тіректеріне сырғанау немесе айдау мойынтіректері қызмет етеді.
3024. Сырғанау hвт мойынтірегінің төлке биіктігі мынадай формуламен анықталғаннан кем болмау қажет, мм:
hвт = 1000R/(pd1), (637)
мұндағы R — майысуға осы Қағиданың 3025-тармағына сәйкес анықталған «баллер — рудерпис» белдеуін есептеу кезіндегі баллер тірегінің шартты реакциясы, кН;
р — осы Қағиданың 342-қосымшасына бойынша қабылданатын мойынтірек төлкесінің материалы үшін рұқсат етілген қысым, МПа;
d1 — Тіректегі баллер диаметрі (қаптамана қоса, егер ол қолданылатын болса), мм.
Кез келген жағдайда баллердің мойынтірегінің төлкесінің тіректік бетінің биіктігі 0,8 d1. кем болмау қажет.
3025. Баллердің мойынтірегі жағынан шартты есепті реакция R мынадай формула бойынша анықталғаннан кем болмау қажет, кН:
1) аспалы рульдер үшін
R = 9,81 10-3с (638)
2) төменгі тіректі рульдер үшін
R = 5,39 10-3 с, (639)
Мұндағы с, , A, v осы Қағиданың 3008-тармағына сәйкес қабылдау керек.
h, І, f осы Қағиданың 343-қосымшасында бейнеленген.
3026. Баллер тірегі үшін, оларды сенімді майлау және судан қорғау қамтамасыз етілгенде, тербетудің стандартты мойынтіректерін қолдануға рұқсат етеді.
3027. Баллер мойынтіректерін жобалау кезінде, рульдің немесе бұрылатын сұғындырманың аксиальды араласуын болдырмайтын іс-шаралар көзделу қажет.
3028. Гельмпортты құбырлардың конструкциясы кеме корпусына борт сыртындағы судың түсуін болдырмау қажет.
ГВЛ жоғары орналасқан сальниктер жүзуде қарау және қызмет ету үшін ашық болу қажет.
3029. румпель күпшектерін немесе секторды руль баллерімен жалғау тәсілі әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінң арнайы қарау нысаны болып табылады.
Секторларда еркін отырғызылған және қосымша румпельдердің күпшектерінің биіктігі руль баллері басының диаметрінен 0,8 кем болмау қажет.
Күпшектің сыртқы диаметрі баллер басының диаметрінен 1,6 кем болмау қажет.
3030. Алмалы күпшіктер әрбір жағынан кем дегенде екі болтпен нығайтылу және екі шпонкасы болу қажет.
Шпонкалар алмалы жазықтыққа 90о бұрышпен орналасу қажет.
3031. Рульдік машинаны немесе берілістерді руль баллерімен берік жалғанған бөлшектермен жалғау, міндеті баллер рулінің 0,1 диаметрінен аспайтын баллерді осьтік орнату кезінде, рульдік жетектің сыну мүмкіндігін болдырмау қажет.
279. Рульдік жетектер
Достарыңызбен бөлісу: |