Аралас егіс бір мезгілде екі немесе бірнеше дақылдар араластырып егілген ал-қап. Аралас тыңайтқы



бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі56.74 Kb.
#481245
  1   2   3
модуль


Абиотикалық факторлар - тірі ағзаға әсер етуші температура, ауа, ылғал, жа-рық, жер бедері, топырақ сияқты органикалық емес факторлар.
Аралас егіс - бір мезгілде екі немесе бірнеше дақылдар араластырып егілген ал-қап.
Аралас тыңайтқыш - екі немесе бірнеше тыңайтқышты араластыру арқылы дай-ындалады.
Аралық дақылдар - негізгі дақылдар егісінен бос уақыт аралығында өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары.
Арам шөптер - адам арнайы өсірмейтін, бірақ егістікте, өңделген жерде тіршілік етуге бейімделіп ол жерлерден алынатын мәдени дақылдар өнімін түсіріп жіберетін өсім-діктер. Арнайы ауыспалы егіс - ерекше жағдайларды және агротехникаларды қолдану-ды қажетсінетін дақылдар егілетін ауыспалы егіс.
Астықты-екпе шөпті ауыспалы егіс - егістің көп бөлігінде дәнді және отамалы емес техникалық дақылдар, ал қалғанында көпжылдық шөптер өсірілетін ауыспалы егіс.
Астықты-отамалы ауыспалы егіс - ауыспалы егістің жартысы мен одан да көп бөлігіне дәнді дақылдар орналасатын ауыспалы егіс. Астықты-отамалы-екпе шөпті ауыспалы егіс - дәнді дақылдары егіс көлемінің жартысынан аспайтын, ал қалған бөлігінде отамалы және бұршақ дақылдары егілетін ау-ыспалы егіс.
Астықты-отамалы-сүрі жерлі ауыспалы егіс - дәнді дақылдар егістері таза сүрі жерлер және отамалы дақылдармен алмасып тұратын ауыспалы егіс.
Астықты сүрі жерлі егіншілік жүйесі - негізгі бөлігіне астық өсірілетін және бір бөлігі үнемі сүрі жерге арналатын егіншілік жүйесі. Астықты-шөпті егіншілік жүйесі - егіншілік даму тарихында сүрі жерлік жүйе-нің орнына келген егіншілік жүйесі.Ол сүтті мал шаруашылығы жедел дамыған немесе техникалық дақылдар егісінің көлемі ұлғайған аймақтарда қолданылады.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері - мәдени өсімдіктерді зақым-даушы және құртушы зиянкес жәндіктер мен насекомдар. Ауыспалы егіс - ауыл шаруашылығы дақылдарының (сүрі жердің де) ғылыми не-гізде егіс танаптарында белгілі уақыт аралығында алмасып отыратын егісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет