Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет62/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   129
3367-3369, 3393, 3407, 3409, 3413, 3418-3420, 3468, 3470, 3471, 3481, 3483, 3485 және 3494 басқа да кемелерге қолданылады.

3371. Кемені қайта жабдықтау, жетілдіру немесе қайта сыныптау жүргізу кезінде құтқару құралдар Қағиданың осы бөлімінің талаптарына сәйкес көрсетілуі тиіс.

3372. Дебаркадер, брандвахта және жағалау понтондарының периметрі бойынша ватерсызық ауданындағы корпус құтқару леерімен қоршалуы тиіс.



 

 

313. Ұжымдық құтқару құралдары мен жабдықтау нормалары



 

3373. Жолаушылар тасымалдауға, жүріп тұратын кемелер, арнайы міндетті кемелер және өздігінен жүретін паромды осы Қағиданың 3385 және 3390-тармақтарын ескере отырып осы Қағиданың 363-қосымшасында көрсетілген нормалар бойынша ұжымдық құтқару құралдармен жабдықталуы тиіс.

3374. «М» разрядты бассейндерде пайдалануға арналған жолаушылар тасымалдайтын кемелер қозғалтқышы бар құтқару құралдармен жабдықталуы тиіс.

«М», «О» немесе көлдерде және «Р» разрядты бөгендердегі бассейндерде пайдаланылып жатқан жолаушылар тасымалдауға арналған кемелер құтқару салдарды сүйретуді қамтамасыз ету үшін кемінде қозғалтқышы бар құтқару шлюпкамен жабдықталуы тиіс.

Қалған құтқару қайықтары салдармен ауыстырылуы мүмкін.

3375. Су асты қанаттағы, кеме астында арнаулы иілімді және глиссирлі кемелерді ұжымдық құтқару құралдармен жабдықтауды осы Қағиданың 364-қосымшасында көрсетілген нормасы бойынша қабылдануы тиіс.

3376. Мұнай құйғыш өздігінен жүретін (осы Қағиданың 3373 және 3375-тармақтарында атап өткен кемелерден басқа) және өздігінен жүрмейтін экипажбен пайдаланылатын кемелерді ұжымдық құтқару құралдармен жабдықтау осы Қағиданың 3377 және 3378-тармақтар нұсқауларын ескере отырып 365-қосымшасында көрсетілген нормаларға сәйкес болуы тиіс.

Адамдар санына 100 % құтқару қайықтары бар «М» және «О» разряядты бассейндерде пайдалануға арналған ұзындығы кемінде 30 м және «Р» сыныпты бассейндерде пайдалануға арналған ұзындығы 30 м аса кемелерде құтқару салдарын қарастыруға болады.

3377. Ұйымдастырылған топты тасымалдауға жіберілген жолаушыларды тасымалдауға арналмаған кемелер, кемеде орналасқан адамдардың жалпы санын ескере отырып осы Қағиданың 365-қосымшасы бойынша ұжымдық құтқару құралдармен жабдықталуы тиіс.

3378. Осы Қағиданың 3376-тармағында көрсетілген мұнай құйғыштардан басқа «М» және «О» разрядты бассейндерде пайдалануға арналған кемелерде құтқару қайықтарын салдармен ауыстыруға болады.

3379. Мұнай құйғыштан басқа өздігінен жүрмейтін кемелерді ұжымдық құтқару құралдармен жабдықтау осы Қағиданың 3380-3382-тармақтар нұсқауларын ескере отырып осы Қағиданың 366-қосымшасында көрсетілген нормалар бойынша қабылдау қажет.

3380. «Р» және «Л» разрядты бассейндерде пайдалануға арналған өздігінен жүрмейтін кемелерді ұжымдық құтқару құралдармен жабдықталмауы мүмкін

3381. «М» және «О» разрядты бассейндерде пайдалануға арналған өздігінен жүрмейтін паромдарды осы Қағиданың 363-қосымша нормалары бойынша жабдықтау қажет.

3382. Командасыз пайдаланылатын өздігінен жүрмейтін кемелерді құтқару құралдармен жабдықталмауы мүмкін.

3383. Лақтырылатын типті құтқару салдары қолданылатын ұзындығы 30 м аса «М» және «О» сыныпты жолаушыларға арналған кемелерді адамдарды суға тигізбей отырғызуды қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықтау ұсынылады.

3384. Кемеде бар адамдардың 100 % есептелуге тиіс құтқару кемелері және салдармен жабдықталған 66о30' солтүстік ендікте «М» және «О» дәрежелі бассейндерде пайдалануға арналған кемелері, 66о30' солтүстік ендікте «Р» дәрежелі бассейндерде пайдалануға арналған жолаушы кемелері.

3385. Егер кеме жабдықталған құтқару қайықтардың сыйымдылығы белгіленген нормадан асатын болса, онда құтқару салдар мен құралдардың саны ұжымдық құтқару құралдармен қамтамасыз етілетін адамдардың жалпы санына сәйкес мәніне дейін кемуі мүмкін.



Егер кеме жабдықталған құтқару салдардың сыйымдылығы орнатылған нормалардан асса, онда құтқару құралдардың саны ұжымдық құтқару құралдармен қамтамасыз етілетін адамдардың жалпы санына сәйкес мәнге дейін азайтылуы мүмкін.

 

 

314. Жеке құтқару құралдары мен жабдықтау нормалары



 

3386. Кеме бортта орналасқан адамдардың 100 % қамтамасыз етуден шығатын құтқару жилеттермен жабдықталуы тиіс.

3387. Әрбір кемеде орналасқан адамдардың 2 % есептелінген қосымша құтқару жилеттер қарастырылуы тиіс.



«М» және «О» сыныпты кемелерде меңгерікті рубка мен вахтамен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған машина бөлімінде бір вахтадағы қызметкерлердің санына тең қосымша құтқару жилеттер қарастырылуы тиіс.

3388. Жолаушыларды тасымалдауға арналған кемеде кемінде 10 % жолаушыларға есептелінген қосымша балаларға арналған құтқару жилеттері алдын-ала қарастырылуы тиіс.

3389. Кемелерді құтқару шеңбермен жабдықтау осы Қағиданың 367-қосымшасында көрсетілген нормаларға сәйкес болуы тиіс.

3390. «Р» және «Л» разрядты өзендер мен каналдар өткелдерде пайдалануға арналған өздігінен жүретін паромдар паромның габаритті ұзындығының әрбір 5 м құтқару шеңбермен құтқару қарастырылған; сонымен бірге осы Қағиданың 363-қосымшасында қарастырылған құтқару құралдар қажет етілмейді.

3391. Ұзындығы 30 м және кем бос тұрған кемелерде әрбір палубада екі құтқару шеңберлермен, ал ұзындығы 30 м аса бос тұрған кемелерде - әрбір палубада төрт құтқару шеңберлер болуы тиіс. Басты палубада орналасқан шеңберлердің бірі құтқару линегі болуы тиіс.

3392. Ұзындығы 30 м дейін «О», «Р» және «Л» сыныпты кемелерде барлық құтқару құралдарды шеңберлермен ауыстырылуы мүмкін.



Құралдарды шеңберлермен ауыстыру кезінде бір шеңбер екі адамды ұстайтындай етіп, сонымен бірге осы Қағиданың 367-қосымшасында қажет етілетін шеңберлер есептелінуі мүмкін.

 

 

315. Құтқарғыш қайықтар



 

3393. Құтқарғыш қайықтар мен көтергіш гактардың мықтылығы орналастырылуға рұқсат етілген адамдардың толық санымен және жабдықтау комплектісімен оны суға қауіпсіз түсіруге жеткілікті болуы тиіс.

Қайықты ілу нүктелері орнықтылықты жоғалтпай толық жүктемемен қайықтың түсуін қамтамасыз ететіндей етіп орналасуы тиіс.

3394. Планширьдің жоғарғы жиегіне дейін суға толтырылған адамдардың толық саны мен жабдықтау комплектісімен қоса құтқару қайықшасы жүзгіштік пен ұстамдылығын сақтау қажет. Сонымен бірге, қайықшада қисайған жерлері болмауы, ал оның су асты бортының биіктігі кемінде 20 мм болуы тиіс.

3395. Егер қайықшада орналастыруға рұқсат етілгеннен бір жағында ғана отырған орналастыруға рұқсат етілген адамдар санының 50 % тиелген кезде су асты бортында кемінде 100 мм қалғанда Құтқарғыш қайықшаның орнықтылығы жеткілікті деп саналады.

3396. Белгіленген адамдар саны мен жабдықтаулармен суға толы құтқарғыш қайықшаның жүзгіштігі қайықша немесе үрлемелі өткізбейтін жәшіктерден немесе жүзбелі материалмен жасалған материалдың жүзгіштігін қамтамасыз етуі тиіс.



Жүзгіштікті қамтамасыз ететін (өткізбейтін ауа жәшіктер, орындықтар, жүзбелі материалдар) қайықша корпусының материалы және элементтері осы Қағиданың 3367-тармақ талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3397. Су өткізбейтін әуе жәшіктерінің ұзындығы 600 мм аспауы тиіс. Оларды көлденең өткізбейтін аралық пен бойлық қаттылық қабырғасын орнату шартымен ұзындығы 1200 мм дейінгі әуе жәшіктерді орнатуға рұқсат етіледі.

3398. Қайықшаның авариялық күйдегі қайықшаның орнықтылығын қамтамасыз ету үшін (осы Қағиданың 3394-тармағы) әуе жәшіктері немесе жүзбелі материал борт бойымен орналасуы тиіс.

Барлық әуе жәшіктерде немесе жүзбелі материалдарды борт бойына орналасу мүмкін емес болса, оларды тұмсығында, артқы жақ ұшында және банкілер астындағы орта бөлігінде орнатуға болады, бірақ ең түбінде емес.

3399. Жапсырмалы жәшіктерді орнату кезінде оларды жеңіл ауыстыру, зақымдардан қорғануды қамтамасыз етуі және олардың орын ауыстыруы болмауы тиіс.

3400. Толық толтырылған кезде қайықшаның су асты бортының ол борттың биіктігі кемінде 0,4 болуы тиіс. Құтқару ретінде қолданылатын жұмыс қайықшаның су асты бортының биіктігі (осы Қағиданың 3365-тармағы) толық жүктемеде оның бортының биіктігінің кемінде 0,3 болуы тиіс.

3401. Құтқарғыш шлюпкада орналастыруға рұқсат етілетін адамдар саны алдын-ала бір адамға кемінде 0,226 м3 есебімен жалпы сыйымдылығы бойынша анықталады. Адамдардың соңғы саны есу мен қайықшамен басқаруға кедергі болмай онда орналасуы мүмкін құтқару жилеттерін киген ересек адамдар санын анықтауға мүмкіндік беретін сынауларды жүргізу кезінде белгіленеді.

3402. Ені 150 мм планширь мен қаптаманың жоғарғы белінің қабаты қызғылт сары түске боялуы тиіс.

3403. Қаптаманың жоғарғы белі екі жағынан да қайықшаның тұмсығында кеме атауы, кеме иесі, қайықшаның жалпы көлемі, онда орналастырылатын рұқсат етілген адамдар саны және қайықшаны сынау күні көрсетілген өшірілмейтін жазулар салынуы тиіс.

3404. Құтқарғыш қайықшалар судан көмек қажет адамдарды бортқа көтеру мүмкіндігі болатындай етіп орналасуы немесе арнайы құрылғысы болуы тиіс.

3405. Құтқарғыш қайықшалардың жабдықтауларын осы Қағиданың 368-қосымшасында көрсетілген норма бойынша қабылдануы тиіс.

3406. Тойтарыс ілмектен басқа, құтқарғыш қайықшаны жабдықтаудың барлық заттары штатты орындарда бекітілуі тиіс.

3407. Құтқарғыш қайықшаның қозғалтқышы артқы жүрісті жүзеге асыратын реверс-редуктормен немесе басқа құрылғымен жабдықталуы тиіс.

3408. Құтқарғыш қайықшаның қозғалтқышы қайықшаны пайдалану кезінде мүмкін болатын кез-келген жағдайларда қолмен 2 мин қосылуы тиіс. Қозғалтқыштың сабындағы үлесі бір адамға 160 Н аспауы тиіс.

Қозғалтқыштың қосылуын қамтамасыз ету үшін қосымша құрылғылар мен құралдарды қолдану рұқсат етіледі.

3409. Қозғалтқыш қуаты кемінде 11 км/с және 15 км/с аспайтын жабдықтаулар мен адамдар толы құтқарғыш қайықшаның тынық суда тура жүру жылдамдығы қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.



Отын қоры қозғалтқыштың жүру режимінде кемінде 2 с жұмысына жеткілікті болуы тиіс. Қайықшада отынды сақтау үшін қозғалтқыштың типіне (стационарлы немесе ілінетін) байланысты стационарлы немесе ауыспалы сауыттар алдын-ала қарастырылуы тиіс.

3410. Қозғалтқыш және оған жататын құрылғылар қайықшаның иінді біліктің ось сызығына дейін су басу кезінде үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілетіндей етіп сақтануы тиіс.

3411. Қозғалтқышы бар қайықшада қозғалтқышты қосудың нұсқаулығы болуы тиіс.

3412. Қозғалтқышы бар қайықшаның борт жақтарынан артқы жақ бұрышына жақын құтқару салдарды сүйретуді қамтамасыз ететін айлаққа келген кеме арқанын бекіту тетігі қондырылуы тиіс.

3413. Мұнай құюға арналған кемелердің құтқарғыш қайықшаларына қойылатын қосымша талаптар:

1) қайықшада адамдарды от аймағында оны суға түсіру кезінде, және осы аймақты өту кезінде оттан, түтіннен және жоғары температурадан сақтайтын су өткізбейтін қатты жабулары болуы тиіс;

2) қайықша корпусы отқа төзімді материалдардан жасалуы тиіс;

3) қайықшаның конструкциясы 1,5 мин аспай адамдарды қайықшаға отырғызу қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс;

4) қайықша өрт кезінде пайдалану егжей-тегжейлі нұсқаулықтарымен, сондай-ақ көміртек тотығынан күю мен уланудан медикамент жинағымен жабдықталуы тиіс;

5) қайықша корпусының термо оқшаулауы осы тармақтың 2) тармақша талаптарын ескере отырып қайықша ішінде 6С аспайтын ауа температурасын қамтамасыз етуі тиіс.

Ескертпе:

тұтану температурасы 60оС жоғары мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған мұнай құйғыш кемелердің қайықшаларына осы тармақ талаптары таралмауы мүмкін.

 

 

316. Құтқарғыш салдар



 

3414. Құтқару салдардың конструкциясы оны кемінде 10 м биіктіктен суға лақтыру кезінде құтқару салдар мен оның жарақтары зақымданбайтын болуы тиіс.

3415. Тенті көтерілген немесе тенті жоқ судағы сал, оған сал түбінен 4,5 м биіктіктен салмағы 75 кг адамның секіруіне тұрақты болуы тиіс.

3416. Құтқару салдың және оның жабдықтарының конструкциясы тынық суда адамдар мен жабдықтардың есепті санымен оның жылдамдығы 5,5 км/с сүйретуге мүмкін болатынбай болуы тиіс. Сонымен бірге, құтқарғыш салдың орнықтылығы сақталуы тиіс.

3417. Үрлемелі салдың жүзушілік камералары әрқайсысы өзінің қайтару (қайтарылмайтын) қақпағынан толтырылатын кемінде екі бөлшек бөлікке бөлінуі тиіс.



Жүзушілік камералары кез-келген бір бөлікті зақымдануы немесе жеткіліксіз толуы кезінде зақымданбаған бөліктер кәдімгі қалыпта отырған салмағы 75 кг нан әрбір адамдар саны есепті барлық периметрі бойынша қалыпты су асты бортымен құтқару салдардың жүзушілігін сақтай алатындай етіп орналасуы тиіс.

Қатты салдың жүзушілігі құтқару салдарының шеттеріне мүмкіндігінше жақын орналасқан жүзбелі материалмен қамтамасыз етілуі тиіс. Жүзбелі материал отты баяу тарататын қасиетімен немесе отты баяу тарататын төсемдері болуы тиіс

3418. Құтқару салдың конструкциясы кез келген жағымен жүзіп шығу кезінде оны пайдалану қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.

3419. «М» сыныпты кемелерге арналған құтқары салдар мынадай шарттарды қанағаттандыратын тентпен жабдықталуы тиіс:

1) адамдарды шашыранды, салқын және желден сақтау

2) жеткілікті ауа ауыстырғышты қамтамасыз ету

3) кемінде бір қарайтын терезесі болуы тиіс;

4) жай және тиімді жабулармен жабдықталған кіреберістері болуы;

5) адамдарды отырған күйінде орналастыру үшін жеткілікті биіктігі болуы тиіс.

3420. Құтқару сал периметр бойынша біреуі сыртқы жағынан, басқасы ішкі жағынан бекітілген құтқару леерлерімен, сондай-ақ оны кеме бортына тарту мен оған адамдарды отырғызу кезінде ұстау құралдарымен жабдықталуы тиіс.

3421. Егер құтқарғыш салдың еркіне қалқып шығуын қамтамасыз ететін құралда қоңырау әлсіреген болса, онда:

1) құтқарғыш салдың контейнерінен фалиньнің тартылуына қажетті күшпен үзілмеуі;

2) құтқарғыш салды үрлеуді қамтамасыз ету үшін беріктілігі жеткілікті болуы;

3) 0,105n тең, бірақ 2,2 ± 0,4 кН аспайтын үлесте үзілуі тиіс, мұндағы n - салдың сыйымдылығы, адам.

3422. Егер салдың еркін қалқып шығуын қамтамасыз ететін құралда гидростатикалық таратқыш құрылғысы болса, онда ол:



1) Дұрыс емес іске қосылуын болдырмайтын тиісті материалдардан жасалуы тиіс. Қорғаушы металды төсемін гидростатикалық таратқыш құрылғы бөліктеріне гальвандау немесе басқа тәсілмен салуға болмайды;

2) тереңдігі 4 м аспайтын кемеден автоматты түрде тарату;

3) құрылғының қалыпты күйде табылғанда, онда су жиналуын болдырмайтын гидростатикалық камераларды құрғатуға арналған құралдары болуы;

4) құрылғыны толқындармен толтыру кезінде кемеден құтқарғыш салды таратуды болдырмайтын конструкциясы болуы;

5) корпуста немесе сыртында жасау күнін, типі мен сериялық нөмірін, сондай-ақ сыйымдылығы кемінде 25 адам салдармен қолдану үшін құрылғының жарамдылығын көрсететін таңбаны;

6) оның фалинмен және оған жататын құрылғыларымен қосылатын әрбір бөліктері фалиннің қажетті беріктілігінен кем емес беріктілігі болуы.

3423. Құтқару салдың жабдықтау комплектісіне кіруі тиіс:



1) су өткізбейтін орамадағы бірінші көмек дәрі қобдишасымен;

2) екі жүзбелі ескекпен;

3) қарпығыш;

4) ұзындығы 15 м құтқару сызығына бекітілген жүзбелі құтқару құрылғысы;

5) жүзбелі камерасында саңылауларды жамауды жөндеу комплектісі (үрлемелі құтқару салдары үшін);

6) үрлеуішке арналған қол терісі (үрлемелі құтқарғыш салдар үшін);

7) «М» разрядты бассейндерде пайдаланылатын кемелер үшін алты фальшфейерлер, «О» разрядты бассейндерде падаланылатын кемелер үшн үш фальшфейерлер;

8) бір ысқырық немесе оған тең дыбыс құрылғысы;

9) екі губка;

10) тұтқасы жүзбелі материалдан жасалған, фалинді салға бекіту орнына жақын тенттің сыртқы жағындағы қалтада бекітілетін және сақталатын пышақ;

11) жылу қорғағыш құрылғысы болу тиіс.

Ескерту: 66о30' кеңдігінен солтүстікке қарай пайдаланылатын кемелер үшін құтқарғыш салдардың жабдықтаулар құрамында жылу сақтағыш құрал көзделеді.

3424. Құтқару салдарда орналастыруға рұқсат етілген адамдар саны мынадай мәндердің ең азына теңесуі тиіс:



1) үрленген күйде жүзу элементтерінің көлемін, үрлемелі салдар немесе жүзгек материалының көлемі, м3 ,қатты салдары үшін 0,096 ге бөлу жолымен алынған едәуір аса санынан, м3;

2) түп (көлденең банкілерді қоса алғанда) қимасының ішкі горизанталды ауданын 0,315 бөлу тәсілімен алынған едәуір толық санынан;

3) әрқайсысы құтқарғыш көкірекшені киген, құтқарғыш салды жабдықтау үшін орынды шектемейтін, ыңғайлы отыра алатын салмағы 75 кг адамдар санынан.

3425. Құтқару сал адамдарды судан отырғызуды жеңілдетуге арналған құрылғысы болуы тиіс.

3426. Құтқарғыш салдың түбі су өткізбейтін және салқыннан жеткілікті оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.

3427. Құтқарғыш салды үрлеу үшін уланбаған газды қолдану қажет.

3428. Кез-келген құтқарғыш салдың конструкциясы оны кемінде 3 тәулік пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.

3429. Үрлемелі салдар үшін конструкцияның үрлемелі элементтерін қол терісімен үрлеу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

3430. Әрбір үрлемелі құтқару сал 12 айдан аспайтын уақыт өткен сайын куәландыруды және қайта жиналуы тиіс.

3431. Үрлемелі құтқарғыш сал шашыратқышты өткізбейтін атқаруда орындалуы қажет контейнерде немесе мықты қапта оралуы қажет. Контейнер немесе қап онда оралған салмен бірге 20 минуттан кем емес уақытта дұрыс қалқуын қамтамасыз ету қажет.



Салдарды түсіруге арналған құрылғылармен жабдықталмаған, кемелердегі оралған салдар көлемі 80 кг аспау қажет.

3432. Үрлемелі құтқару салының, қабының немесе контейнердің таңбалары өшірілмейтін және ораналастыруға рұқсат етілген адамдар саны, сериялық нөмірі, шығарылған күні, дайындаушының атауы немесе сауда маркасы туралы мәліметтерден тұруы тиіс.



Қапты немесе контейнерлерді таңбалауда салды пайдалану жағдайына келтіру бойынша қысқаша нұсқаулық болу керек.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет