Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет64/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   129
322. Жабдықтаудың нормасы

 

3499. Ішкі суларда жүзетін кемелер осы Қағиданың 369-қосымшасында көрсетілген норма бойынша өрт жабдықтарымен жинақталуы тиіс.

3500. Өрт жабдығының барлақ заттары әрекетке тұрақты дайын күйінде күтіп ұсталуы және жеңіл алынатын жерлерде орналасуы тиіс.

3501. Өрт сөнірушілер жабдықтарының жинақтамалары бір басқасынан мүмкіндігінше алыстатылған жеңіл алынатын жерлерде қолдануға дайын түрде сақталуы тиіс.

3502. Олардың тағайымына байланысты кемелік бөлмелер осы Қағиданың 370-қосымшасында көрсетілген норма бойынша ауыспалы өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс.

3503. Қолмен ауыстырылатын өрт сөндіргіштерді орналастырылуына мынадай талаптар қойылады:



1) олар күн сәулесі мен атмосфералық шөгулердің тікелей әрекетінен бөлменің палубасы немесе төсемінен 1,5 м кем биіктікте және жылытқыш құрылғыларға немесе жылудың басқа көздерден кемінде 1,5 м жақын болмауы тиіс;

2) өрт сөндіргіштер мықты бекіту мен тез алынуды қамтамасыз ететін арнайы ұстағыш-кронштейнерлерде орнатылуы тиіс;

3) тұрғыйн-үй бөлмелерде олар күзетілген орыннан кемінде 15 м қашықтықта орнатылуы тиіс. Өрт сөндіргіштер кемінде бір есіктен кейін болуы тиіс;

4) егер осы Қағиданың 3502-тармағына сәйкес бөлмелерде бірнеше өрт сөндіргіштер болу керек болса, онда олардың бөлігі кіреберіс алдында, ал қалғандары бөлме ішінде әсіресе өрт болуы мүмкін орындарда орналастырылуы тиіс;



5) егер бөлмеде немесе кемеде бір ғана өрт сөндіргіш орнатылса, онда оны кіреберісте немесе өрт болу қауіпі едәуір жердің қасында орналастырылуы тиіс.

3504. Құмы бар металды жәшіктерді қазанды бөлмелерде, инсенератор-қазандары орналастырылған бөлмелерде (жағу фронты жағынан), малярлы, сондай-ақ отынды қабылдау мен тарату орындары аудандарында орналасқан бөлмелерде орнатылуы қажет.

3505. Машиналық және сорғы бөлмелерде құмы бар жәшіктерді орнатуға тыйым салынады. Осы бөлмелерде сода ерітінділері сіңген ағаш үгінді жәшіктер орнатылуы тиіс. Құмы мен үгінділері бар бір жәшік орнына бір ауыспалы көпіршікті немесе ұнтақты өрт сөндіргіштер орнатылуы мүмкін.

 

 

323. Өрт жабдықтауларына қойылатын талаптар



 

3506. Жалынды сөндіруге арналған жамылғы:

1) жеткілікті тығыз және мықты;

2) әдеттегідей жанбайтын материалдан жасалынуы; қалыңдығы кемінде 10 мм түтіп даярланбаған таза тығыз киіз қолданылуы мүмкін;

3) 1,5x2 м өлшемді және жұқа темір табақтан жасалған қабында немесе жеңіл ашылатын есіктер мен қақпалары бар шкафтарда сақталуы мүмкін.

3507. Өрт құрылғысы мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:



1) өрт құрылғысының бір комплекті құрамында өрт балтасы, өрт сүймені, өрт багоры болуы тиіс;

2) әрбір комплект жеңіл алынатын жерлерде штатты металды қалқандарда орналастырылуы және бекітілуі тиіс. Қалқандар мен құрал-жабдықтар қызыл түске боялуы тиіс.

3508. Өрт шелектерінде ұзындығы жеткілікті ұзартылатын кеме арқаны болуы тиіс. Оларды ашық палубада суппорттарда сақтау қажет. Шелектер қызыл түске боялуы және «өртке» жазулары болуы тиіс.

3509. Өрт сөндірушілерге арналған жабдықтау комплектісінің құрамында болуы тиіс:

1) соғудан тиімді қорғауды қамтамасыз ететін өрт дулығасы;

2) қорғаныс киімі жылудан, өрт кезінде шығатын күйдіру мен будан қорғайтын тері материалынан жасалуы. Қорғаныс киімнің сыртқы қабаты суға тұрақты болуы тиіс;

3) электр өткізбейтін материалдан жасалған бәтеңке мен қолғаптары;

4) кемінде 3 сағат бойы жануға есептелінген қауіпсіз конструкциялы ауыспалы аккумуляторлы фонарь;

5) қатты тұқымды ағаштан жасалған тұтқасы бар өрт балтасы. Басқа материалдан жасалған тұтқалар электр тогын өткізбейтін қоршаулаумен қапталуы тиіс;

6) баллондар құрамында кемінде 1200 л ауасы бар сығылған ауада жұмыс істейтін өрт күзеті мен санитарлы бақылау органдарымен расталған типті автономды дем алатын аппараты немесе кемінде 30 мин бойы әрекет ететін басқа дем алатын аппараты.

Әрбір дем алатын аппараттарға ұзындығы шашамен 30 м иілмелі, отқа төзімді сақтандырғыш арқан қарастырылуы тиіс. Арқан 3,5 кН сынама жүктемемен сыналуы тиіс. Оны сақтандыру арқанымен жұмыс істеу кезінде аппараттан үзілмейтіндей етіп ілмек-ілгек көмегімен тікелей аппаратқа немесе бөлек белдікке бекіту қажет.

3510. Қолмен ауыстырылатын конструкциялы өрт сөндіргіштер мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:



1) өрт сөндіргіштер улы газ бөлмейтін өрт сөндіру оқтамамен жабдықталуы тиіс;

2) ашық палубаларда орналастыруға арналған өрт сөндіргіштер қоршаған ауаның теріс температурасы кезінде қолдануға мүмкіндік беретін оқтамамен жабдықталуы тиіс;

3) көпіршікті өрт сөндіргіштердің сыйымдылығы кемінде 9 дм3 болуы тиіс;

4) ұнтақты өрт сөндіргіштер кемінде 4 кг, көмір қышқыл кемінде 3 кг көмірқышқыл газды сыйдыруы тиіс;

5) көбіршікті емес құрылғысы бар өрт сөндіргішті қолдану кезінде олардың тиімділігі көпіршікті сыйымдылығы 9 дм3 кем болуы тиіс;

6) өрт сөндіргіштерде қысымды рұқсат етілгеннен жоғарылау кезінде корпус бөлінуін ескертетін сақтандырғыш құрылғы қарастырылуы тиіс;

7) өрт сөндіргіш салмағы 23 кг аспауы тиіс.

3511. Құмы бар немесе содамен сіңген ағаш үгіндісі бар металды жәшіктер мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:



1) жәшіктер сыйымдылығы кемінде 0,1 м3 болуы;

2) әрбір жәшікте ашылатын қақпақ пен оны ашық күйді ұстауға арналған құрылғысы болуы тиіс. Әрбір жәшікте совковая күрек болу қажет.

 

 

324. Ұзындығы 25 м кем кемелердің өрт жабдықтау нормалары



 

3512. Егер осы тарауда басқа нұсқаулар болмаса, ұзындығы 25 м кем кемелерге осы Қағиданың 321-323-тарауларында көрсетілген талаптар қолданылады.

3513. Ұзындығы 25 м кем кемелердің өрт жабдығы осы Қағиданың 371-қосымшасында көрсетілген нормаға сәйкес болуы тиіс.

3514. Осы Қағиданың 371-қосымшасына сәйкес жинақталған өрт жабдықтауы осы Қағиданың 323-тарауының талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Сонымен бірге қолданылуы мүмкін:



1) оттамасы кемінде 1,4 кг ұнтақты және көмірқышқылды, сыйымдылығы кемінде 3,5 дм3 көбіршікті өрт сөндіргіштер;

2) құмы немесе сыйымдылығы 0,05 м3 сода сіңген құрғақ үгінділері бар жәшік;

3) өлшемі 1,0x1,5 мм жамылғы.

 

 

47-бөлім. Сигнал беру құралдары



 

325. Жалпы ережелер

 

3515. Осы тараудың талаптары қайта жобаланатын және салынатын, сондай-ақ пайдаланудағы кемелерге қолданылады.

3516. Номенклатура мен сигналы ерекшеленетін фонарьлар мен күндізгі сигналдарды салу реті Қазақстан Республикасы Ішкі суларында жүзу қағидалары мен Жүзудің жергілікті қағидаларымен анықталады.

3517. Теңіз кеме қатынасы режимімен саға бөліктерінде пайдаланылатын ішкі суларда жүзетін кемелер Аралас «өзен-теңіз» жүзетін кемелерді жасау қағидаларына сәйкес сигналды фонарьлармен және дыбысты сигналды құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Көріну алыстығы, фонарьлар арасындағы қашықтық және дыбысты сигналды құрылғылардың есту алыстығы Қағиданың осы бөлімі талаптарына сәйкес қабылдануы мүмкін.

3518. Кеме ұзындығы, кеме ені, кеме биіктігі - оның сәйкесінше едәуір аса ұзындығы, ені, биіктігі.



 

 

326. Сигналы-ерекшеленетін фонарьлар мен күндізгі сигналдармен жабдықтау нормалары



 

3519. Ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер осы Қағиданың 372-қосымшасында көрсетілген норма бойынша сигналы ерекшеленетін фонарьлармен және күндізгі сигналдармен жабдықталуы тиіс.

3520. Кемелерде қолданылатын сигналы ерекше фонарьлар электрлі болуы тиіс.

3521. Итеру тәсілімен жұмыс істеуге жабдықталған жүк теплоходтарда итергіштерге осы Қағиданың 372-қосымшасында қарастырылған сигналы ерекше фонарьлар орнатылуы тиіс.

3522. Барлық кемелер сигналы ерекше фонарьларға қосалқы бөлшектермен жабдықталуы тиіс.

1) жарық сүзгісімен - егер фонарьда түсті линза қолданылмаса, бір-біреуден әрбір электрлі фонарьға;

2) электрлің лампасымен - бір-біреуден әрбір электрлі фонарға.

3523. Ұзындығы 7 м кем өздігінен жүретін кемелерде белгі фонары мен жарықсезгіш (түсті) белгілерді орнату қажет емес.

3524. Мұнай өнімдері, жарылғыш және қауіпті заттар тасымалдайтын өздігінен жүрмейтін кемелері бар жұмысқа арналған сүйреткіш және итергіштер қосымша қызыл белгімен жабдықталуы мүмкін.

 

 

327. Сигналды пиротехникалық құрылғылары мен жабдықтау нормалары



 

3525. Сигналды пиротехникалық құрылғыларға парашютті кемелік авариялық сигнал ракетасы және фальшбейер жатады.

3526. Пиротехникалқы құрылғыларға қойылатын навигациялық және техникалық талаптар осы Қағиданың 330-тарау талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3527. Кемелерді пиротехникалық құрылғылармен жабдықтауды осы Қағиданың 373-қосымшасында көрсетілген норма бойынша қабылдануы тиіс.

3528. «Р» разрядты бөгендерге шығатын «Р» сыныпты кемелерді «О» разрядты бассейндерде пайдаланылатын кемелер сияқты жабдықталуы тиіс.

3529. Құтқарғыш салдарды пиротехникалық құрылғылармен жабдықтауы осы Қағиданың 45-бөліміне сәйкес қабылдануы тиіс.

3530. Кеменің әрбір бортында апат ракетасын ұшыру үшін жүрістегі көпіршік қоршауларында немесе фальшбортта сыртына 60-70о горизонтқа еңісті тесігі бар арнайы стакан орнатылуы тиіс.

3531. Жобалық разрядпен салыстырғанда одан жоғары бассейндерде жүзуге жарамды деп танылған «О» және «Р» сыныпты кемелерді осы кемелер пайдаланылатын жүзу ауданына арналған нормалар бойынша пиротехникалық құрылғылармен жабдықталады.

3532. Мұнайды тасымалдауға арналған мұнайқұйғыш және басқа кемелерде, сондай-ақ өздігінен жүзбейтін мұнайқұйғыш кемелерді сүйретуді және итеруді жүзеге асыратын буксирлер мен итергіштерде фальшфейерлерді қолдануға болмайды. Олардың орнына көрсетілген «М» сыныпты өздігінен жүзетін кемелерде қосымша апат сигналының 3 ракета, ал «О» сыныпты кемелерге - 2 ракета болуы тиіс.

3533. Парашютты кемелік апат сигналының ракеталарын алты жұлдызды кемелік қызыл кемелік ракеталарға ауыстыруға болады.

 

 

328. Сигналды дыбысты құрылғылары мен жабдықтау нормалары



 

3534. Дыбысты сигналдарды беруге арналған барлық өздігінен жүретін кемелер әуе тифондары немесе бу ысқырықтары мен қоңыраулармен жабдықталуы тиіс.

3535. Ауа сақтағыш және бу қазандары жоқ ұзындығы 25 м барлық сыныпты кемелерде, сондай-ақ «О», «Р» және «Л» сыныпты кемелерде негізгі дауыс құрылғысы ретінде электр сиренасы қолданылуы мүмкін.

3536. «М» сыныпты кемелерде электр сиренасы қосымша құрылғы ретінде орнатылуы тиіс.

3537. Ұзындығы 20 м кем кемелерде негізгі дауыс сигналы ретінде автокөлік типті дыбыс сигналдары қолданылуы мүмкін.

3538. Өздігінен жүрмейтін кемелерде сигналды қоңырау немесе металды тақта орнатылуы тиіс. Мұнай құйғыш өздігінен жүрмейтін кемелерде қоңырау немесе тақта түсті металдан жасалуы тиіс.

Командасыз қолданылатын кемелерде дыбыс сигналын орнату қажет етілмейді.

 

 

329. Сигналы ерекше фонарьлар мен күндізгі сигналдарға қойылатын навигациялық техникалық талаптар



 

3539. Ішкі суларда жүзетін кемелерге орнатуға рұқсат етілген сигналы ерекше фонарьларды Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық шарттарға сәйкес жасалынуы қажет.

3540. Сигналы ерекше фонарьлар осы Қағиданың 374-қосымшасында көрсетілген жарықтандыру бұрыштары мен көріну алыстығы болуы тиіс.

3541. Тік жазықтығындағы оттың көріну бұрышы жарық көзі ортасынан өтетін горизантальды жазықтығының екі жағынан да кемінде 10о болуы тиіс.

3542. Сигналы ерекше фонарьлар осы Қағиданың 350-тарауында көрсетілген жағдайларда жұмыс істеуге есептелінуі тиіс.

3543. Сигналы ерекше фонарьлар материалдар коррозиясына қатысты тұрақты немесе мықты антикоррозиялық төсемі болуы тиіс.

3544. Фонарьларда конденсатты табиғи сыртқа шығаруға арналған құрылғысы болуы тиіс.

3545. Сигналы ерекше фонарьлардың конструкциясы фонарьлардың ашылуы және жабылуы, сондай-ақ құрал-саймандарды қолданусыз лампаны тез ауыстыру болатындай болуы тиіс.

3546. Фонарьлардағы лампалары тігінен орнатылып, линза фокусында орналасуы тиіс. өздігінен бұрандау және өздігінен бұралатын мүмкіндігі алынып тасталуы тиіс.



Сигналы ерекше фонарьларда екі жібі бар лампаларды қолдануға тыйым салынады.

3547. Сигналы ерекше фонарьлардың ішкі қабаты фонарьлардың түсіне және жарық сипаттамасына әсер етпейтін температура мен ылғал әрекеттеріне тұрақты қорғаушы қабатпен қапталуы тиіс.

3548. Сигналы ерекше фонарьларда оттың минималды көру алыстығы осы Қағиданың 374-қосымша талаптарына, ал қисық тігінен жарық таратқыш - осы тармақ талаптарына сәйкес болуы шартымен линзалар және тегіс шыны қолданылуы мүмкін.

Линзалар және тегіс шынылардың ішкі және сыртқы қабаттары тегіс, ал шыны фонарь сипаттамасын нашарланатын басқа ажыратулары, көпіршіктері болмауы тиіс.

Сигналы ерекше фонарьлар линзалары фонарьдің қисық тік жарық таратқышы мынаны қамтамасыз ететін конструкциясы болуы тиіс:

1) линза симметриясының горизантальды жазықтығынан екі жағына да тік жазықтығы 5о дейін көріну бұрышы шектерінде осы Қағиданың 375-қосымшасында көрсетілгеннен кем емес жарық күші;



2) жарық күшінің жазылған кемінде 60 % көріну бұрыш шегінде 7,5о дейін линза симметриясының горизантальды жазықтығынан екі жағына да.

Борт жағындағы фонарьлардың қисық горизантальды жарық таратуы кемеде орнатылған фонарьлар осы Қағиданың 3552-тармағында көзделген жазылған шекті секторлар сыртынан 1 ден 3о шегіне дейін кемуі және жойылуы тиіс тұмсығы бойынша тура бағыттағы жарық күшіндей болуы тиіс.



Топ және алдыңғы жақ фонарьларында, сондай-ақ борттық фонарьлардың траверз артындағы 22,5о секторлардағы көрсетілген жарық күші осы Қағиданың 374-қосымшасында көрсетілген секторлар шегінен 5о дейінгі шекте ұсталуы тиіс. 5о бастап секторлар шектеріне дейін сектор шегінде жарық күші 50 % кемуі мүмкін, әрі қарай ол жазылған шеттерден кемінде 5о шегінде толық жойылуына дейін бірте-бірте кемуі тиіс.

3549. Түсті жарық сүзгі және линзалар мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:



1) сигналы ерекше фонарьлардағы түс тиесілі жарық сүзгілермен, сондай-ақ түсті линзалармен құрылуы мүмкін. Егер олардың барлық қабатында сүзгінің түсті сипаттамасын қамтамасыз ететін түсті тегіс шыныларды қолдануға болады.

Әрбір жағдайда түсті линзаларды қолдану Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады;

2) сигналы ерекше фонарьларда қолданылатын түсті жарық сүзгілер барлық қалыңдығы бойынша немесе тек беті боялған шыныдан жасалуы мүмкін.

Жарық сүзгілер олардың барлық көрсеткіштері барлық жағдайларда шыныдан жасалған жарық сүзгі мәнінен кем емес мәні болу шартымен пластмассадан жасалуы мүмкін;

3) рұқсат етілген облыстардың бұрыштық нүктелерінің х және у координаталары әрбір түске осы Қағиданың 376-қосымшасында көрсетілген.



От түсі бұнда оптикалық жарық сүзгіден алынған жарық көзі нәтижесінде қабылданады.

Түсті жарық сүзгісінің жіберу коэффициенттері осы Қағиданың 3540 және 3548-тармақтар талаптарына сәйкес фонарьлардың жазылған көріну алыстығы қамтамасыз етілетіндей етіп мәндері болуы тиіс;



4) түсті жарық сүзгі доғасының биіктігі және ұзындығы жарық сүзгі линзаның барлық ішкі қабатын жабатындай болуы тиіс;

5) жарық сүзгінің, ішкі және сыртқы жарық сүзгісінің қабатында жаншылулары мен соғулары, ал жарық сүзгі фильтрлерінде - көпіршіктер, басқа қосылулары және саңылаулары болмауы тиіс;

6) жарық сүзгілер фонарьларда оларды кемеде қолдану кезінде өздігінен ауысу мүмкіндігі болмайтындай етіп орнатылуы тиіс.

3550. Алмалы жарық сүзгілерде барлық периметр бойынша металды арматуралау қарастырылуы немесе пайдалану мен сақтау кезінде мүмкін болатын нақыштар мен механикалық зақымданудан қорғануға тең басқасы қолданылуы мүмкін.

3551. Борт жағындағы ерекшеленетін фонарьлардың жарық сүзгілері және олардың арматурасы қызыл жарық сүзгісінің оң жақты борттағы фонарына және жасылды - сол жақты фонарға орнату мүмкіндігі болмайтындай етіп құрылуы тиіс.

3552. Осы Қағиданың 374-қосымшасында талап етілетін фонарьлардағы І, кд, көріну қашықтығының жарық күші мынадай формула бойынша анықталатыннан кем болмауы тиіс:



 

І = 3,43 106ТD2k-D,               (656)

 

мұнда Т — жарық ағыны, лк; Т = 2·10-7 лк;

D — от көрінісінің алыстығы, теңіз милі;

k — шамамен 13 теңіз миляға тең метеорологиялық көрінісіне тең атмосфераның жіберу коэффициентті k = 0,8.

Осы Қағиданың 656-формуласы бойынша есептелінген жарық күшінің мәні осы Қағиданың 375-қосымшасында көрсетілген.

Фонарьлардың максималды рұқсат етілген жарық күші осы Қағиданың 375-қосымшасында көрсетілген мәнді кемінде 1,7 есе асуы, бірақ 150 кд аспауы тиіс.

Сигналы ерекшеленетін фонарьларда шағылдырғыштарды (рефлекторларды) қолдану рұқсат етілмейді.

3553. Белгі тулары жеткілікті мықты және бояуы тұрақты жүн ту матасынан (флагдука) жасалуы тиіс. Туларды синтетикалық материалдардан жасау рұқсат етіледі.

3554. Белгі тулары төрт бұрышты болуы тиіс. Төрт бұрыш бүйір өлшемі кемінде 1000 мм, ал тудың сермеуі - кемінде 700 мм болуы тиіс.

Ұзындығы 25 м кем кемелерге ту төрт бұрышы кемінде 500 мм.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет