11. Жүк көтергіш құрылғылар
503. Осы бөлімнің дайындауға, кемеде монтаждауға және жүк көтеру құрылғыларын Номенклатураға сәйкес сынауға байланысты қатынастарды реттейді (осы Қағиданың 1-қосымшасы).
504. Жүк көтергіш құрылғыларын дайындау, жөндеу және сынауды Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.
505. Механизмдерді, жүк көтергіш құрылғыларын, қысымдағы ыдыстарды, жүзбелі крандардың корпустарын, жүзбелі доктарды, олардың құрылғыларын және жүйелерін, электр жабдықтарды дайындауға техникалық бақылау жүргізу кезінде осы Қағиданың тиісті бөлімдерін басшылыққа алады.
506. Кеме қатынасы тіркелімімен сыныпталатын, дайындаушы - ұйыммен кемеде орнату үшін шығарылатын жүк көтергіш құрылғыларға Техникалық бақылауды жүргізу кезінде тексереді:
1) металлконструкцияда пайдаланылатын негізгі және дәнекерлеу материалдарының сапасы және олардың Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкестігін;
2) жинақтаушы бұйымдарға Номенклатураға сәйкес қажетті құжаттардың болуы (осы Қағиданың 1-қосымшасы);
3) бөлшектерді, бөліктерді дайындау және Тізбеге сәйкес жүк көтеру құрылғысын жинау (осы Қағиданың 8-қосымшасы);
4) алмалы-салмалы бөлшектерді осы Қағиданың 509-512-тармақтарына сәйкес, жүк көтеру құрылғысын жиналған күйінде стендте Кеме қатынасы тіркелімі келісілген бағдарламамен сынақ жүргізу бойынша дұрыстығын.
507. Тексеру және жүк көтеру құрылғысын стендте сынаудың оң нәтижесінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері сертификатты ресімдейді.
508. Сыналған жүк көтергіш құрылғыларын таңбалау ІСЖКЖҚ-ның 369-тарауына сәйкес жүргізеді.
509. Жүк көтергіш құрылғының барлық қайта жасалған алмалы-салмалы бөлшектерін құзырлы тұлғаның бақылауымен сынама жүктемемен сынайды.
Сынау тиісті үлгіде бағаланған машинада немесе жүктің белгілі бір көлемін сыналатын бөлшекке ілу жолымен жүргізіледі (осы Қағидаға 20-қосымша).
Сынама жүктеме статистикалық қосылады, жүктеме астында ұстап тұру уақыты кемінде 5 минут.
Сынаудан кейін барлық бөлшектер құзырлы тұлғамен ақаулардың немесе қалдық деформациялардың жоқтығын анықтау үшін мұқият қарауға жатады. Блоктар осьтерді және шкивтерді қарау үшін бөлшектеледі.
Барлық алмалы-салмалы бөлшектер қарауға және сынауға мүмкіндігінше антикоррозиялық жабынмен (бояуды қоспағанда) ұсынылады.
Сыналған бөлшектерді таңбалау Номенклатураға сәйкес жүргізіледі (осы Қағиданың 1-қосымшасы).
510. Шынжырларды, болат, синтетикалық және өсімдіктен жасалған арқандар сынауды және үздік жүктемелермен созылуға сынауды ІСЖКЖҚ-ның 2-бөлігінің талаптарына сәйкес жүргізеді.
Сынауды жүргізу дерегі дайындаушы-ұйымның құжатымен расталады.
511. Егер жүк көтергіш құрылғының алмалы-салмалы бөлшектері түйінде біріктірілген болса, осы түйінді жиында сынауға рұқсат етіледі.
Сонымен бірге алмалы-салмалы бөлшектерді жекелеп сынау талап етілмейді.
512. Өндірісі дайындаушы-ұйыммен игерілетін стандартталған алмалы-салмалы бөлшектердің, сондай-ақ алмалы-салмалы бөлшектердің басты үлгілерін екі есе сынама жүктемеге тең шекті жүктемемен сынайды.
Кеме қатынасы тіркелімі мұндай сынауларды алмалы-салмалы бөлшектердің басты үлгілері үшін де талап ете алады.
Егер сынақ жүгімен сынаудың есептері және нәтижелері бойынша олардың беріктілігінің жеткіліктілігі құжатпен расталса, жүк көтерімділігі 100 т және одан жоғары крандардың алмалы-салмалы бөлшектері Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша шекті жүктемемен сыналмайды.
Кеме қатынасы тіркелімі қажет болған жағдайда дайындалатын алмалы-салмалы бөлшектердің сапасын шекті жүктемемен сынау жолымен мерзімді тексеруді жүзеге асыруды талап етеді.
Мұндай сынауға жататын бөлшектер партиясының саны Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша анықталады.
Патрондарды және болат арқандардың ұштарын престеуге арналған қысқыштарды, сондай-ақ сына бекітпелерді оларды бітегеннен кейін арқанмен бірге сынайды.
Бөлшек егер шекті жүктеме кезінде ол бұзылмаса, сынаудан өтті деп есептеледі. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бөлшектер бұзылғанға дейін сынауды жалғастыруды талап ете алады.
Шекті жүктемемен сыналған бөлшектер, жөндеуге жатпайды, ал оларды тікелей мақсаты бойынша қолдануға рұқсат етілмейді.
Шекті жүктемемен сынау Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.
Сынаулар нәтижелері дайындаушы - ұйымның актісінде көрсетіледі, ал олардың дұрыстығы Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қолымен расталады.
513. Кемеде орнатуға дайындаушы-ұйыммен сыналған, мынадай мәліметтерді құрайтын таңбалы жүк көтеру құрылғысына рұқсат етіледі:
1) жүк көтерімділігі;
2) сынау айы және жылы;
3) кран немесе жебе нөмірі;
4) Кеме қатынасы тіркелімінің таңбасы.
Ескерту: Толықтай бұрылатын жүзбелі крандар үшін қосымша стандарт нөмірі көрсетіледі.
514. Жүк көтергіш құрылғының монтажын тексергеннен кейін ұйым бос жүрісте барлық агрегаттарға алдын ала сынама сынағын жүргізеді.
Сынама сынағының нәтижесі оң болған кезде жүк көтергіш құрылғысы тиісті құжаттарымен ақырғы рет сынау үшін Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне ұсынылады.
515. Кемеде сынауды бастағанға дейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мынадай құжаттарды тексереді:
1) қабылдау және құрылғының сынауға дайындығы туралы хабарлама;
2) паспорт немесе сертификат (крандар үшін);
3) сынау бағдарламалары;
4) жүк көтергіш құрылғының шынжырларының, арқандарының, алмалы-салмалы бөлшектерінің, сондай-ақ машинаның жауапты бөлшектердің материалдарының, крандардың металл бөліктерінің, рангоуттың және дәнекерлеу материалдарының сертификаттарын;
5) дәнекерлеген жалғаулардың сапасын тексеру актісін және дәнекерлеу жұмыстарын орындаған жауапты дәнекерлеушілердің дипломдалғаны туралы мәлімет;
6) механизмдерге және агрегаттарға паспорттар;
7) жүк көтергіш құрылғының сипаттамасы;
8) сызбалар және схемалар.
516. Сынау басталғанға дейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды тексеру мақсатында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жүк көтергіш құрылғысына қарауды жүргізеді:
1) агрегаттардың іргетастарға және іргетастардың палубаларға бекітілу сенімділігі;
2) жүк көтергіш құрылғыны жинаудың дұрыстығы;
3) басқару постыларын орналастырудың ыңғайлығы;
4) арқанды барабанға орнату қауіпсіздігі;
5) қауіпсіздік құралдарының және құрылғыларының, сақтандырғыш құралдардың және шектеулердің болуы.
517. Кемеде орнатылған жүк көтергіш құрылғысы сынама жүктемесімен статистикалық және динамикалық сынауға жатады.
Сынама жүгінің орнына динамометрді қолдануға рұқсат етілмейді.
Ауыспалы аралықты кранда сынама жүгін ең жоғары және ең төмен аралықта көтереді, ал ауыспалы кезде жүк көтерімділіктің аралығына байланысты - әрбір белгіленген жүк көтерімділігі үшін ең ұзын және ең кіші аралықта.
Сынама жүгімен сынау кезінде жүк көтерімділіктің шектеуішін ажыратады.
518. Кранды статистикалық сынау кезінде номиналды жүк көтерімділіктің 125 % көлемді сынама жүгі қолданылу қажет, сонымен бірге жебені кранның кіші орнықтылығына жауап беретін бағытқа орнату керек, жүкті 100-200 мм биіктікке көтереді. Қозғалмай тұрғанда жүк кранмен 10 кем емес ұстап тұрылу қажет.
Кранды динамикалық сынау кезінде номиналды жүк көтерімділігінің ПО % көлемді сынама жүгі қолданылу қажет. Қозғалыстың барлық түрлері толық жылдамдықта орындалады.
Сынау кезінде аралықты өзгерту ұштың шеткі күйінің рұқсат етілген екі аралықтың мүмкінді мәндерінде барлық диапазонда жүзеге асырылады.
Жүк шығырлары ұшының және крандардың тежеуіш жұмысының сенімділігінің сынама жүгін 3 м оны тез тежеумен түсірумен тексереді. Бұл сынауды аз шамада ұштың екі күйінде жүргізіледі.
Сондай-ақ сынама жүгін шығырдың жетегі ажыратылған таразда ұстап тұрып тексереді.
519. Кранды сыналатын жүкпен сынағаннан кейін ол тең көтеру, бұрылу, аралықтың өзгеру және ең жоғары жылдамдықпен қозғалу механизмінің жұмысы кезінде жүк көтерімділігі салмағына жүкпен сыналады, сонымен бірге осы жылдам тежеумен көтеру, бұрылу, аралықтың өзгеру және қозғалу механизмдерінің тежеуіштері тексеріледі.
Сынау кезінде ақырғы ажыратқыштар және аралық көрсеткіштерінің жұмысы тексеріледі.
Егер кранда қозғалысты сыйыстыру көзделсе (көтеру, аралықтың өзгеруі, бұрылу және қозғалу), оның рұқсат етілген осындай сыйыстыруды нұсқаларында жұмысын тексереді.
Жүк көтерімділіктің шектеуіштерін тиісті шектеуіш қондырғыда жүк көтерудің жұмыс істеуін тексереді.
520. Сынау кезінде болат конструкциялардың, жебелердің, механизмдердің, жауапты бөлшектердің және бекітулердің жағдайын бақылау керек.
Кранның тұрақтылығына, барлық тіректердің төменгі бөлік негізіне жанасуға, бекіту және қарсы салмақ жұмысына және тежегіш құрылғыларына ерекше назар аударады.
Сондай-ақ жүк вахтасы органының ең төменгі жұмыс күйіндегі барабанда шығырлар арқанның бір жарым орамынан кем емес қалатынына көз жеткізеді.
521. Жылжымалы типті крандарды сынау кезінде домалақтар рельстен ажырамайтынына көз жеткізеді.
522. Барлық металлконструкцияларды, агрегаттарды және жүк көтеру құрылғысының бөлшектерін сынағаннан кейін, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері мүмкін болатын ақауларды: сызаттарды, қалдық деформацияларды анықтау мақсатында қарайды.
Ақауларды байқаған кезде олардың пайда болу себебін белгілейді, ақауларды Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген тәсілмен жояды, қажет болған жағдайда қайта сынау жүргізеді.
523. Жүк көтергіш құрылғысын сынауды аяқтағаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары ресімделеді.
12. Электр жабдықтар
524. Осы бөлімнің нормалары Кеме қатынасы тіркелімі дайындауды, кемеде монтаждауды және Номенклатураға сәйкес электр жабдықтарын сынауды техникалық бақылауды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды регламенттейді (осы Қағиданың 1-қосымшасы).
525. Осы Қағиданың 504-тармағына сәйкес Кеме қатынасы тіркелімі техникалық бақылау кезінде:
1) электр жабдығын дайындау жобаларын және сынау бағдарламаларының техникалық шарттарын келісуді;
2) дайындаушы-ұйымда электр жабдықты дайындау мен сынауға техникалық бақылауды;
3) электр жабдықтарын кемеде монтаждау мен сынауға техникалық бақылауды көздейді.
526. Оларды орнатқаннан кейін және жұмысын аяқтағаннан кейін бақылау үшін мүмкін болмайтын электр жабдықтарының барлық түрлері, монтаждау жұмыстары, материалдар арматуралары және басқаларды, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне қажетті тексерулерді жүзеге асыру мүмкін болған жұмыс кезеңінде ұсынады.
527. Технологиялық, шаруашылық және тұрмыстық мақсаттағы электр жабдықтарына техникалық бақылау мынадай тексерулермен шектеледі:
1) оқшаулаудың жағдайы және қарсыласуы;
2) электр энергиясын таратқыш жүйесін қолдану;
3) электр энергиясы көзіне қосылу түйіндерінің дұрыстығы;
4) өрт қауіпті үй-жайларда және кеңістіктерге орнату кезінде электр жабдықтарының жарылыстан қорғау деңгейі;
5) кабельде қолданылатын желілердің типі, маркасы және қималары;
6) жерлендіру.
528. Осы Қағиданың 527-тармағында көрсетілген электр жабдықтарды, басты үлгімен осы жабдықтың жауапты мақсаттағы электр жабдықтарына кері әсерінің мүмкіндігін болдырмау және жарылыс, өрт, су алып кету және адамдармен оқыс оқиғаның пайда болу қауіптілігін болдырмау мақсатында тексереді.
529. Осы бөліммен электр жабдықтарын дайындаушы-ұйымда басты үлгілерді және кейінге қалдырылған сериялық бұйымдарды тексеру және сынау бойынша негізгі қағидалар регламенттеледі.
530. Кеме қатынасы тіркелімі электр жабдықтарын дайындау және сынауға Номенклатураға сәйкес техникалық бақылау жүргізеді.
531. Дайындаушы-ұйымда электр жабдығын дайындау мен сынауға техникалық бақылауды бастаудан бұрын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мынадай құжаттардың болуын тексереді:
1) электр жабдығының Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамасы;
2) егер бұл Номенклатурада көзделсе, жинақтаушы бұйымдардың Кеме қатынасы тіркелімі техникалық бақылауымен дайындалғанын растайтын құжаттарды;
3) егер ол сынау бағдарламасымен көзделсе, арнайы сынау түрлерінің (мысалы жарылыстан қорғау) оң нәтижелерін растайтын құзыретті органдардың құжаттарын;
4) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген сынаулар бағдарламасын және әдістемелерін;
5) сынау бағдарламасында көзделген оның сипаттамасын растайтын қажетті құжаттарымен бірге сынақ жабдықтарын;
6) нақтылығы 1,5 кем емес сыныпты өлшеу құралдарын.
532. Электр жабдықтарын қарау және тексеру бұйымның Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға, Қағида талаптарына және бұйымның сынауға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.
533. Қарау кезінде (қажет болғанда ашумен және жекелеп бөлшектеумен) тексереді:
1) бұйымды дайындау кезінде қолданылған материалдардың техникалқ құжаттамасын;
2) қаралатын бұйымның құрамына кіретін жинақтаушының техникалық жай-күйі;
3) бұйымның электрлік схемасы монтажының сапасы;
4) бұйымның конструктивтік орындалуы;
5) түйіндердің жалғау және бекітілу, тоқ жүргізуші бөліктер, дәнекерленген, бұрандалған және конструктивтік және байланыс жалғауларының беріктілігі;
6) антикоррозиялық жабындардың болуы;
7) қажетті маркалаудың және жазулардың болуы;
8) кабельдердің және өткізгіштердің байланыс және қорғау терезелерінің техникалық жағдайы;
9) электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғының дұрыстығы (қорғағыш жерлендіру, блоктау).
Бұйымды қараудың оң нәтижесінде сынауға жіберіледі.
534. Іс-қимылда сынауға дайындаушы-ұйымда бұйымның әрбір үлгісі жатады.
Іс-қимылда сынау техникалық құжаттамамен көрсетілген қалыпты климаттық жағдайда номиналды режимде жүргізіледі. Сынау процесінде қажетті өлшеулер орындалады және барлық сипаттамалары алынады. Жүктемеде жұмыс істеуші электрлік жабдық үшін сипаттаманы алып тастау белгіленген жұмыс температурасына жету бойынша жүзеге асырылады.
535. Оқшаулаудың электрлік беріктілігін сынау және кемедегі жұмыс шартына сәйкестігін сынау (рұқсат етілген температура, дірілге тұрақтылық) ІСЖКЖҚ-на 4-қосымша талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
536. Сынау және тексеру сынау бағдарламаларында және әдістемелерінде көрсетілетін, тізбекті бір және сол үлгілерде жүргізіледі.
537. Оқшаулаудың қарсыласуын өлшеу сынаулардың барлық түрлерін бастау және анықтау алдында міндетті болып табылады.
538. Егер бұйым сынаудың қандай да бір түрінен өтпесе және оның конструкциясында осыған байланысты өзгеріс немесе жетілдіру енгізілсе, сынау бағадарламасына сәйкес қайта сынау жүргізіледі.
Қайта сынау көлемі Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен белгіленеді.
539. Сынаудың және тексерудің оң нәтижесінде бұйымға сертификат беріледі.
540. Іргетастарды және электр жабдықтарының басқа тірек конструкцияларын зерттеу кезінде:
1) орындалған жұмыстар сапасы, үшкір жиектердің және орнатылған электр жабдығына зақым келтіретін басқа ақаулардың болмауын;
2) антикоррозиялық өңдеулердің, сырлаудың, гальваникалық жабындардың сапасын;
3) электр жабдығын күту үшін мүмкіндіктің болуын;
4) электр жабдығы қондырғысының осы Қағида талаптарына сәйкестігі (кеме корпусы қаптамасында, отын, май, су цистернасының қабырғаларында, қысымдағы ыдыстарда орнатудың мүмкін еместігі);
5) электр жабдығы қондырғысының және әсіресе оның кернеуленген бөліктерінің корпус қаптамаларынан, палуба төсеніштерінен және платформалардан алыс болуын;
6) электр жабдықтарының жанғыш материалдардан, жылу көздерінен, газға арналған орыннан, сондай-ақ құбырлардан, цистерналардан, клапандардан және басқа электр жабдығын зақымдау немесе қоршаған материалдардың жануы үшін жағдайлар туғызатын арматуралардың алыс орналасуын тексереді.
541. Еспелі электр қондырғыларын зерттеу кезінде:
1) еспелі электрлі қондырғының электрлі машиналарының үстіндегі құбырлардың, клапандардың және басқа арматуралардың фланецті және бұрандалы жалғауларының болмауын;
2) су салқындатқыштардың олардың құбырларын орналастыру, су магистральдарында, іске қосу клапандарында клапанның болуын тексереді.
542. Кабельді желіні зерттеу кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды тексереді:
1) кабель төсемдерінің жолдарын май және мұнай өнімдерінің түсуі мүмкін жерлерден алыстату;
2) кабельдерге арналған тіректік құрылғылар конструкциясының дұрыстығы;
3) тіректік конструкцияны кабельді бекіту жеткіліктілігі және жиілігі;
4) әр түрлі міндеттегі және әр түрлі кернеудегі кабельдердің жеке төсемдерін;
5) құбырларды орнату конструкциясын және тәсілдерін, өтем конструкцияларын және оларға кабельдерді, каналдарды, науаларды, тіреуіштерді, стакандарды, шино өткізгіштің қаңқаларын, қорапшалардың өткізу кабельдерін арнайы тығыздайтын конструкциялар және техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігіне тән кабельдерді қалқалар және палубалар арқылы салуға арналған басқа да конструкцияларды;
6) жарылысқа қауіпті үй-жайларда және кеңістіктерде және өртке қауіпті бөлмелерде кабельді орнатудың дұрыстығы;
7) маркалауды, кабель желілерін және сымдарын ұштау.
543. Аккумуляторды зерттеу кезінде тексереді:
1) аккумуляторға арналған бөлменің (шкафтың) және аккумулятордың орналасуының Қағида талаптарына сәйкестігі;
2) батареяларды бекітудің сенімділігі;
3) аккумуляторлы үй-жайдың төбесінде іркілген зонаның болмауы;
4) аккумуляторлы үй-жайда автономды желдеткіштің болуы;
5) аккумуляторлы үй-жайдың желдеткішін қосқанға дейін, аккумулятордың зарядқа қосылуын болдырмайтын блоктаудың дұрыстығы;
6) жарылыстан қорғау шаралары.
544. Штатты орынға орнатқаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері, барлық электр жабдықтары өзінің жинақтылығын, санын, электр қорғауын, кабельді желісін орындау бойынша, кеме үй-жайларында және кеңістіктерінде орналасуын, техникалық күтудің, құрылғылармен басқарудың және реттеудің, шектеудің өртке қауіпті және жарылыстан қорғау қауіпсіздігі шаралары, электр тогымен бос болмаудан қорғаудың, жерлендіруді қорғаудың және басқа сипаттамалары және параметрлері бойынша өзінің мақсатына сәйкес келетініне және кеменің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ететіне көз жеткізеді.
545. Орнатылған электр жабдығын қарауды салғаннан, бекіткеннен, бөлшектегеннен және барлық кабельдерді жабдыққа қосқаннан кейін жүргізеді.
546. Құймалы кемелердің электр жабдықтарының монтажын тексерген кезде осы кемелердің жабдықтарына арналған осы Қағиданың арнайы талаптарының орындалуын қосымша бақылайды.
547. Арқандап байлап сынауда барлық тұтынушыларды қоректендіру штатты кемелік генераторлардан жүзеге асырылуы қажет.
Жекелеген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша тиісті параметрлері бар, жағалаулық электр энергиясынан кемелік тұтынушыларды қоректендіру кезінде арқандап байлап сынау жүргізуге рұқсат етіледі.
Электр энергиясының штатты тұтынушылары арқандап байлап сынауда талап етілетін кемелік генераторлардың жүктемесін қамтамасыз ете алмаса, арнайы жүктемелік құрылғылар қолданылады.
548. Еспелі электр қондырғысынарқандап байлап сынау процесінде тексереді:
1) жобалық құжаттамамен көзделген ауыстырып қосқыштардың барлық нұсқаларында алдыңғы және артқы жүріске орнату жұмысының дұрыстығын;
2) басты дизель-генераторлардың, резервті қоздырғыштардың, желдеткіштердің, салқындату және майлау агрегаттарын іске қосу құралдарының дұрыстығын;
3) резервті постылардан қондырғыларды басқару мүмкіндігін;
4) толық жүктеме және реверс кезінде щетка астындағы ұшқын деңгейін;
5) қорғау аппараттарының, сигнал берудің және блоктаудың дұрыстығын;
6) электрлі машинаның, кабельді желінің және суық және қыздырылған жағдайдағы электр қозғалтқыш жүйелердің қосымша агрегаттарының оқшаулауының қарсыласуын;
7) машиналық үй-жайдағы және жүрістік көпірдегі еспелі біліктің айналу жиілігін көрсеткіштің көрсетулерінің келісілгендігін тексереді.
549. Кемелік электр станцияларының генераторларын барлық режимдерде басты қалқан таратқышпен бірге сынайды.
Сынау кезінде мыналарды:
1) сынау бағдарламасына сәйкес генераторлардың жұмысқа қабілеттілігін;
2) әр түрлі жүктеме және жүктемені бір генератордан басқасына ауыстырып қосу кезінде параллельді жұмыстың орнықтылығын;
3) кернеулерді реттегіштің және генераторлар аралығында активті және реактивті құрылғыларды таратқыштардың дұрыстығын;
4) генереторларды қорғайтын автоматты аппараттарды күйіне келтіруді;
5) генераторлар щеткасы астындағы ұшқын деңгейін;
6) оқшаулаудың қарсыласуын;
7) синхронизацияны және жүктемені бөлетін автоматты құрылғының дұрыстығын тексереді.
550. Аккумуляторлы батареяны әрекетте байқау кезінде:
1) аккумуляторлардағы электролиттің тығыздығын және деңгейін;
2) оқшаулаудың қарсыласуын;
3) зарядты құрылғының және тоқтан ажырату режиміндегі батареяның жұмысын;
4) қорғаудың автоматты құралының жұмыс істеуін (кері тоқтан);
5) тікелей мақсаты бойынша тоқтан ажыратудағы батареяның сыйымдылығы және оның қысқышындағы кернеуін;
6) үй-жайды немесе шкафты желдету тиімділігін (басты кемелерде) тексереді.
551. Таратқыш құрылғыларды сынау кезінде мыналарды:
1) жобамен көзделген, үйлестірудің барлық режимдерінде және жүктеме нұсқаларында құрылғылардың артық жүктемеде жұмысқа қабілеттілігін;
2) негізі постылардан басқаруды қондырғыларымен жергіліктіге аудару мүмкіндігі және олардың осындай басқарумен үздіксіз жұмыс істеуін;
3) басқару органдарының тапсырылған күйге басқарылатын объектінің нақты жұмыс режимімен сәйкес келуін;
4) қорғаудың, блоктаудың және сигнал берудің автоматты аппараттарын күйіне келтіруін;
5) өлшеуіш және тіркеуші құралдардың көрсеткішін;
6) оқшаулаудың қарсыласуын тексереді.
552. Электр жетектерін сынау кезінде әрбір электр жетектің сипаттамасы және оның мақсатына сәйкестігі анықталады.
Мұндай сынаулардан басқа мыналарды:
1) сынау бағдарламасында айтылған уақыт ішінде жүктемеде жетектің жұмысқа қабілеттілігін (қажет болған жағдайда өлшеуіш құралдарды қолданумен);
2) қашықтықтан және жергілікті постылардан жетекті басқару мүмкіндігі және авариялықсөндіргіштер көмегімен ажырату;
3) ақырғы ажыратқыштардың, тежеуіштердің, блоктаудың, бақылау құрылғыларының, автоматты қорғау және сигнал беру аппараттарының жұмыс істеу дұрыстығын;
4) отыннан қорғау қондырғысы мәнінің электр қозғалтқышты қорғау тоқтарына сәйкес келуін;
5) салқын және қыздырылған күйде электр қозғалтқыштарының және аппаратуралардың оқшаулауларының қарсыласуын тексереді.
553. Басқару және сигнал беру құралдарын сынау кезінде:
1) тапсырылған және орындаушы құралдар әрекетінің келісілгендігін (телеграфтар, рульдің бағытын көрсеткіштер, тахометрлер);
2) сигнал берудің, құрылғылардың, аппараттардың дұрыстығын;
3) қауырт және өрт сигналының іске қосылуын;
4) оқшаулау қарсыласуын тексереді.
554. Авариялық электр қондырғысын сынау уақытында:
1) авариялық дизель-генератордың тоқтаусыз автоматты іске қосылуын;
2) авариялық генератордың апатты таратқыш қалқанның шиналарына автоматты қосылуының тоқтаусыздығын;
3) тұтынушылардың авариялық электр энергиясы (дизель-генератор немесе аккумуляторлы батарея) көзінен қорекке қосылуының тоқтаусыздығын;
4) тұтынушылардың апатты қысқа мерзімді электр энергиясы (егер мұндай қарастырылса) көзінен қорекке қосылуының тоқтаусыздығын;
5) барлық авариялық тұтынушылардың жұмысы кезінде кернеуді, айналу жиілігін және тоқ күшін өлшеу жолымен авариялық дизель-генератор параметрлерінің мәндерін тексереді.
555. Сондай -ақ қолдық жетек және ақырғы ажыратқыштарды қосу кезінде қайықты шығырлардың электр жетектің блоктау құрылғысының жұмыс істеуінің дұрыстығын тексереді.
556. Негізгі және авариялық жарықтандыру шырағдандарының дұрыстығын тексереді, соның ішінде кемелік техникалардың барлық жауапты объектілерінің, кеме үй-жайларында және кеңістіктерінде, құтқару шлюпкаларында, салдарында, жеке құтқару құралдарын сақтау орындарында
557. Жұмыс кезінде сигнальды-ажыратқыш шамдарды және олардың жөнделмегені туралы сигнал беруді тексереді.
558. Жүрісте сынау кезінде бағдарламада көзделген барлық режимдерде кеменің электр қондырғылары жұмысын тексереді, кеме жүрісінде орны бар нақты жүктеме және шарт кезінде, сондай-ақ арқандап байлап сынау кезінде толықтай сыналмаған электр жабдығы жұмысының дұрыстығын тексереді.
Электр жабдығын сынау және тексеру ұзақтылығын, осы Қағиданың тиісті бөлімдерінде сынау жүргізуге талаптарды тұжырымдау және электр энергиясын әрекетке келтіретін кемелік техникалық құралдарды және құрылғыларды тексеру кезінде көрсетілген уақытты ескере отырып тағайындайды.
559. Кемелік электр станциясын сынау кезінде тексереді:
1) кеменің тұрақтағыдан басқа, барлық режимдерінде жүктеме кестесіне сәйкес тұтынушыларды қоректендіру үшін, генераторлардың қуатының жеткіліктілігін;
2) ГРЩ кернеу және онан қажетті тұтынушыларды қоректендіру жоғалып кеткен кезде электр энергисының авариялық көзінің тоқтаусыз қосылуын;
3) қысқа мерзімді авариялық электр энергиясы көзінің (егер мұндай қарастырылса) авариялық дизель-генераторды әрекетке енгізу уақытында тоқтаусыз қосылуын тексереді.
560. Еспелі электр қондырғысын сынау кезінде жүзеге асырылады:
1) осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |