Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №216 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет19/31
Дата09.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
#125266
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
222-тармағына сәйкес ақау табуға жатады.

Ақау табу көлемі ақау табу бойынша нұсқаулықтар мен басқа нормативті-техникалық құжаттамалармен анықталады.

7. Ақау табу мақсатында механизмді кемеде бөлшектеу барлық қажет өлшеулер мен бақылаулар орындалуын қамтамасыз ететін көлемде жүзеге асады.

8. Ақау табу нәтижесі бойынша бас және қосымша қозғалтқыштардың, оларға қызмет ететін жүйелер мен агрегаттардың, білік жетектер, берілістер бөліктерінің бақылау кестесін қоса алатын механизмдердің ақауын табу актісі жасалады.

9. Ақау табу актісінде көрсетіледі:

1) негізгі жалғануларда саңылауларды өлшеу нәтижесі;

2) бөліктермен жасалған сағат саны көрсетілген іштей жану қозғалтқыштары жауапты бөліктерінің (иінді біліктердің, олардың біліктіректерін, поршеньдерді, цилиндрлі төлкелерді, поршеньді саусақтар мен төлкелерді, шатунды бұрандамаларды), тісті берілістер, білік жетектер және олардың біліктіректерінің өлшеу және тозу мәліметтері.

3) жауапты бөліктерде табылған эскиз ақаулары.

Қажет болған жағдайда бөліктер беріктілігі тексеру есептері мен қосымша құралды бақылаумен расталады.

10. Жасалған актіні куәландыру жүргізетін, механизмдердің техникалық жай-күйін анықтайтын және жөндеу жұмыстар көлемін келісетін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынылады.

Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері оның қатысуымен ақырғы өлшеулер өткізуін талап етеді.

 

 

2. Қозғалтқыштардың техникалық жай-күйін анықтау

 

11. І және II-қималардағы иінді білік мойынының эллиптігі тиісті қималарда осы Әдістеменің 23-қосымшасына 2-қосымшаға сәйкес аа және бб бағыттарында өлшенген ең көп және ең аз диаметрлерінің әр-түрлілігі ретінде анықталады.



Мойындардың конустығы І және II қималарда аа, сондай-ақ сол қималарда бб бағыттарында өлшенген ең көп және ең аз диаметрлерінің әр түрлілігі ретінде анықталады.

Иінді біліктің мойын диаметрін өлшеу кемдігі 0,01 мм ден төмен микрометрмен жүргізіледі.

12. Кестеге әр түрлі шатунды немесе түпкілікті мойынға жатуы мүмкін осы Әдістеменің 23-қосымшасына 3-қосымшаға сәйкес эллипті және конусты ең көп мағынасы жазылады.



Осы параметрлер бойынша иінді біліктің техникалық күйі нақты және нормативті көлемін салыстыру нәтижесінде анықталады.

13. Иінді білік мойынын өлшеу кезінде, оның мағынасы осы Әдістеменің 23-қосымшасына 3-қосымшада жазылатын және мағыналарымен нормаланатындармен салыстырылатын түпкілікті және шатунды мойын диаметрлерінің ең көп кемуі белгіленеді.

Салыстыру нәтижесі бойынша осы параметрмен біліктің техникалық күйі анықталады.

14. Иінді білікті түпкілікті мойынының соғылуы орта қималарда ақырғы мойын білігінің астында орналастырылатын және орта мойынға келтіріліп, бір реттелетін цехта тұрақты екі призмалық тіректерде анықталады.

Сонымен қатар, мойынның эллиптігі рұқсат етілген шекте осы ережеге сәйкес болуы қажет.

15. Соғылу орта қимада осы осіне перпендикуляр мойын қабатының нүктесінен айналудың базалық осіне дейін ең жоғарғы және ең төмен арақашықтықтығынан айырым ретінде осы Әдістеменің 23-қосымшасына 4-қосымшаға сәйкес индикатор арқылы өлшенеді.



Қозғалтқыштан монтаждалмаған иінді біліктің түпкілікті мойынының соғылуы біліктіректің жоғарғы қақпақтары алынған мойынның орта бөлігінде индикатормен өлшенеді. Индикаторды өлшегіш аяқты алдын ала басу арқылы орнатылады. Сонымен қатар, индикатордың кіші көрсеткішінің ауытқуы 1-2 мм болуы рұқсат етіледі.

Соғылу мағынасы иінді біліктің толық айналымдағы индикатор көрсеткіштерінің ең жоғары және ең төмен айырымы ретінде анықталады.

16. Орнату мен өлшеу үшін 0,01 мм жоғары емес өлшеу кемдікпен сағат типті индикаторлар қолданылады.

17. Осы Әдістеменің 23-қосымшасына 2-қосымшада тек түпкілікті мойынның ең көп соғылуы ғана жазылады.

Өлшенген мойын соғылу ең көп мағынасы нормаланатынмен салыстырылады, осы негізде параметр бойынша техникалық күйі анықталады.

Иінді біліктің рұқсат етілетін нормаларды демонтаждау және оның түпкілікті мойынның соғылған кезде призмада жоғарыда көрсетілген тәсілмен тексеріледі.

18. Раскептердің өлшенуі маховикпен жалғанған және білік жетектермен жиналған қозғалтқышта жүргізіледі.

19. Иінді біліктің раскептерін қос иін тұрған қалпына кереғарлық (НМТ-ВМТ, сол жақты борт - оң жақты борт) өлшенген иінді біліктің қос иін жақтар арасындағы арақашықтығының айырымы ретінде анықтайды.

20. Өлшеулерді кемдігі 0,01 мм кем қозғалтқышпен бірге жеткізілетін микрометрикалық ішөлшеуішпен немесе арнайы индикатормен жүргізеді.

21. Өлшеуіш құралды дайындаушы-ұйыммен әзірленген арнайы таңбалы ұяшықта орнатады.

Олар болмаған жағдайда қажет нүктелер кернмен салынады.

22. Өлшеуіш құралдың ұзындығын жақтар арасына орнатылғанға дейін ол өлшенген арақашықтықты 3,0-3,5 мм асып тұратындай етіп реттейді.

23. Иінді білікті қозғалтқыштың НМТ алғы қадамынадай қарай және өлшеу аяқталғанға дейінгі айналу бағытымен айналдыру кезінде құрал тек қана серіппе қысым күшімен ұсталуы қажет.

24. НМТ раскепі шатун өлшеу ауданын өткеннен кейін бірден өлшенеді.

25. Иінді біліктің раскептерін анықтау кезінде көрші түпкілікті мойынды рамалық біліктіректерінің асты ішпектеріне жалғасып жатқанын бақылайды.

Егер саңылауды пайдалану бойынша басқа мағынасы техникалық шарттар немесе нұсқаулықпен белгіленбесе, қуыс бұрға қалыңдығы 0,03 мм өтпейді.

26. Раскептің ең үлкен мағынасы осы Әдістеменің 23-қосымшасына 3-қосымшада жазылып, нормаланғанмен салыстырылады.

Салыстыру нәтижесі бойынша осы параметрмен иінді біліктің техникалық жай-күйі анықталады.

27. Негізгі жылжымалы бөліктерінің (біліктер, шатун, шток, тартылыс, балансир, шестерен, муфт) бұзылуларын, задирлерін, жарықтарын байқау көзбен шолу немесе бақылаудың бұзбайтын тәсілімен жүргізіледі.

Жылжымалы бөліктер бетіндегі макроскопиялық жарықтар, коррозиялық және эрозияық бұзылулар, задирлерді байқау кезінде 5 есе ұлғайтатын лупа арқылы анықталады.

28. Бет үсті және бет асты жарықтарды бақылауы бұзбайтын магнит-ұнтақты немесе басқа бұзбайтын тәсілдер арқылы табылған жөн.

29. Шеңбер қимасының шток және шатун майысуын токарь станогы ортасында, ал шеңберлі емес қимасының шток пен шатундарын сағат тектес индикатор және арнайы ілдіріктер көмегімен призмада анықтайды.

Шатундарды ширату ақырғы білікше мен призмалар түріндегі қосымша өлшеуші базаларды қолданумен ақырғы плитада анықталады.

30. Тұлға бөліктерінде бұзылулар, жарықтар, өтпелі раковиналар немесе бояулар (рамалар, картер, блок, цилиндрлі төлке, станиндер мен паралельдерде) байқау кезінде 5 есе ұлғайтатын немесе капиллярлы және тоққұйынды тәсілдер арқылы табылады. Соңғы кезде арнайы құралдар қолданылады.

31. Блоктардың, цилиндрлі төлкелердің өтпелі зақымдарын табу үшін Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының 2-бөлімінің 162-тарауына сәйкес гидравликалық сынаулар жүргізіледі.



32. Егер олар белгіленген нақтылықпен бөліктер көлемін өлшеуді жүзеге асыруға мүмкін болса және Кеме қатынасының тіркелімімен танылса осы тараудың 11-26 тармақтарында көрсетілген өлшеулерді орындау үшін бөлшектемейтін диагностиканың тәсілдері мен құралдарын қолдануға рұқсат етіледі.

33. Осы Әдістеменің 27-30-тармақтарында көрсетілген жылжымалы бөліктердің және тұлға қозғалтқыштың бөліктері анықталған кезде, осы Әдістеменің 23-қосымшасына 2-қосымшада ақау түрі және зақымданған бөлік, сондай-ақ ақау табу жүргізілген тәсіл көрсетіледі (көзбен шолу, токовихрьді).

Егер ақаулар табылмаса, онда бақылау жүргізілген қолданған тәсілді көрсетіп, «зақымдар жоқ» деп жазылады.

 

 

3. Негізгі тісті берілістің техникалық жай-күйін анықтау

 

34. Басты тісті берілістің техникалық жай-күйі тістердің ескіруі (тіс қалыңдығының өзгеруі), сондай-ақ жөндеуге техникалық шарттармен және басқа құқықтық құжаттармен (жалпы норманың ұзындығы, ілінген жақ саңылауы) регламенттелген параметрлер және тісті доңғалақ бетінің күйі бойынша анықталады.

35. Цилиндрлі тік тісті және қисық тісті доңғалақтың тіс қалыңдығын анықтау үшін үздіксіз хорда бойынша тістердің қалыңдықтарын өлшеу тәсілін қолданады.

Ішкі іліну тісті доңғалақтар үшін бас индикаторымен штанген тіс өлшегіш және хордалық тіс өлшегіш қолданылады.

36. Үздіксіз хорда бойынша тістің теориялық қалыңдығын Sc мынадай формула бойынша анықтайды (егер Sc техникалық құжаттамада көрсетілмесе):

 

SС =(1,387+0,643) m,

 

мұндағы f, — редуктордың паспорт мәліметінен алынған түзету коэффициенті;

m — іліну модулі.

37. Үздіксіз хордадан тістер бастарының айналымынадай hc дейінгі ара-қашықтығы мынадай формула бойынша анықталады (егер hc техникалық құжаттамада көрсетілмеген)

 

hс = (0,748 — 0,117f) m.

 

38. Хордалық тіс өлшегіш арқылы үздіксіз хорда бойынша тіс қалыңдығын өлшеу кезінде құралдың тірек планкасын есептелген арақашықтыққа hc орнын ауыстырады. Сосын, тірек планкамен тіс басына тіреліп тұратындай етіп тексеріліп жатқан тісті доңғалақтың тісіне тіс өлшегіш орнатып, тістің нақты қалыңдығын SД осы Әдістеменің 23-қосымшасына 4-қосымшаға сәйкес өлшейді.

39. Тіс қалыңдығының өзгеруі мынадай формула бойынша анықталады:



 

40. Хордалы тіс өлшегішпен бір реттегі тіс қалыңдығын өлшеу үшін орнына келтіру немесе тангенциалды тіс өлшегішті қолдануға болады.

41. Норманың жалпы ұзындығын өлшеу кезінде норма өлшеуіш, тіс өлеуші микрометрлер, жазық соңдама қолданумен универсалды өлшеуіш құралдар, бракталған калибрлер пайдалануға рұқсат етіледі.

42. Жалпы норманың жалпы ұзындығы L түрлі аталған тісшелердің жақ беттері арасының арақашықтығы ретінде осы Әдістеменің 23-қосымшасына 6-қосымшаға сәйкес анықталады.



L бақылауы нормативті құжаттардан алынған DL норманың рұқсат етілген жалпы ұзындығымен таңдалған тісше тобын өлшеу нәтижесі салыстыруына қосылады.

43. сп жақты саңылауды қуыс бұрғымен немесе иілімді сығу тәсілімен өлшенеді.

44. сп иілімді сығу тәсілімен анықтау үшін қорғасын сымды тісті доңғалаққа қапталынан 8-10 тісшені осы Әдістеменің 23-қосымшасына 7-қосымшаға сәйкес салады.



Сымдардың ұштарын иілімді маймен бекітеді.

Сым қалыңдығын m - тісті доңғалақтың шамамен 0,1/я тең қабылданатын сп 0,10 - 0,20 мм жоғары таңдалынады.

Бұдан әрі беріліс айналып, А және В сымдарының қалыңдығы сәйкесінше алдыңғы және артқы жүрісі микрометрикалық тәсілмен өлшенеді. Содан кейін тісшелер тобын пайдалану үшін Аср және Вср орта арифметикалық мағынасы табылады.

Жақты саңылауларды мынадай формула бойынша есептеледі:

 

 

сп = Аср + Вср

 

45. Бас тісті берілістің бөлшектерін бақылау үшін осы Әдістеменің 23-қосымшасына_8-қосымшасының'>23-қосымшасына 8-қосымшасының В-ны толтырады, оған осы Әдістеменің 23-қосымшасына 8-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес осы Әдістеменің 35-44-тармағына сәйкес анықталған өлшемнің ең үлкен мәндері енгізіледі.



46. Осы Әдістеменің 36-44-тармақтары бойынша параметрлерді осы Әдістеменің 34-тармағымен анықталатын бақылау қажеттілігі көрсетілмеген нормативті құжаттарда осы Әдістеменің 23-қосымшасына 8-қосымшаға енгізеді осы сәйкес тозу мағынасы жазылады.

Берілістің техникалық күйі көрсетілген нақты және нормативті мағына көлемін салыстыру нәтижесінен анықталады.

47. Тісті берілістің бас бөліктерінің бөлшектелген күйінде ақау табу мысалына 5 есе ұлғайтатын лупа арқылы байқалады.

Тісті доңғалақтарға бұзылулар (задирлер, сындырып алулар, оралулар, бояулар) мен сызаттар болуын анықтайды.

48. Сызаттар байқау үшін бүлдірмейтін бақылау тәсілдерін қолданылған жөн, мысалы, каппилярлы.

49. Осы Әдістеменің 47-тармағында көрсетілген бас тісті берілістің тісті доғалақтарында ақау табу кезінде осы Әдістеменің 23-қосымшасына 8-қосымшада ақау түрі, сондай-ақ, ақау табу жүргізілген тәсіл көрсетіледі. Қарама-қарсы жағдайда «зақымдар жоқ» деп және бақылау жүргізілген тәсіл көрсетіледі.

 

 

4. Білік өткізгіштердің техникалық жай-күйін анықтау

 

50. Жұмыс білік өткізгішінің тозуы осы Әдістеменің 11-13-тармақтарында көрстілгендерге ұқсас анықталады.

51. Білікжетектердің бөлшектерін бақылау үшін осы Әдістеменің 23-қосымшасына 9-қосымшасының В-ны толтырады, оған осы Әдістеменің 23-қосымшасына 8-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес білікжетектің әрбір білігінің мойыны үшін цилиндрлігінен ауытқу мен диаметрінің азаюының ең аз мәні енгізіледі.



52. Білікжетектің техникалық күйі осы Қағиданың 240-тармағының 26) және 29) тармақшасына сәйкес нормаланған нақты мағынасын салыстыру нәтижесі бойынша анықталады.

53. Білік өткізгіштің бөліктері бөлшектенген күйде ақау табу мысалына 5 есе ұлғайтқыш лупа арқылы байқалады.

Қырылған беттерінде задирлер, забойлар, жегідей жеу және басқа бет ақаулар болуы анықталады.

Біліктерде сызаттар болуы анықталады. Әсіресе, біліктердің саңылаулар мен қиюлар, шпонды жіктер, диаметр өзгерулер ауданындағы аймақ мұқият қаралады.

54. Ақауларды табу үшін бүлдірмейтін бақылау тәсілін қолданған жөн: білікжетектер білігінің күйін бағалау үшін-ұнтақ магнитті тәсіл, ал біліктірек үшін - ультрадыбысты ақаукөргіш арқылы.

55. Осы Әдістеменің 53-тармағында айтылған біліктердің зақымдануын байқау кезінде осы Әдістеменің 23-қосымшасына 9-қосымшада зақымдану түрі, сондай-ақ зақым табу әдісі көрсетіледі. Қарама-қарсы жағдайда «зақымданулар жоқ» деп және бақылау жүргізу тәсілі көрсетіледі.

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

23-қосымшасына

1-қосымша

 

 

Кеме мехнизмінің ақауын табу

АКТІСІ

 

_______________________________________________________________________________________________ «___»________20___ж.

(ақау табуды жүргізу орны)

Кеме атауы ____________________________________________________________________________________________________________

Жоба нөмірі ____________________________________________________________________________________________________________

Кеме иесі ______________________________________________________________________________________________________________

Біз, төменде қол қойғандар

_______________________________________________________________________________________________________________________

(А.Ж.Т., қызметі)

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

Қарау, әрекеттегі сынаулар және механизмдердің параметрлерін өлшеу құжаттарымен танысу нәтижесінде келесіні белгілейді: соңғы орта жөндеудің жылы, орны және реттік нөмері

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Механизмдердің техникалық күйі:

(Ақаулық алдында) алдыңғы куәландыру актісі бойынша_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

Ақаулық нәтижесі бойынша _______________________________________________________________________________________________

Жойылу тиіс ақаулар және жөндеу тәсілдері

 



Механизмдер атауы

Бөліктер атауы және табылған ақаулар

Жөндеу тәсілі

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша: қозғалтқыштың бөліктерін бақылау кестесі, беріліс бөліктерін бақылау кестесі, тораптар мен білік жетектерді бақылау кестесі, ақаулар эскиздері

Қолдары______________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет