Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №216 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет8/31
Дата09.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
#125266
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
36. Техникалық жай-күйін анықтау

 

288. Тоңазытқыш қондырғының техникалық жай-күйі алдыңғы куәландыру актісін қолданумен куәландыру нәтижесі және табылған тозу, зақым және бұзылған, сондай-ақ кеме құжаттамасы бойынша жүргізілген жөндеу және ауыстыру (техникалық жай-күйінің формуляры, кеме актісі, машиналық журнал) мәліметтері бойынша белгіленеді.

289. Конструкцияның, тораптың және бөлшектің тозу және ақау нормалары ұйымдастырушы-дайындаушының нұсқаулығы және формулярына және осы бөлімнің нұсқауына сәйкес, сонымен қатар осы Қағиданың тоңазытқыш қондырғы объектісінің техникалық жай-күйін анықтау жөніндегі (ішкі жану қозғалтқыштары, компрессорлар, сорғыштар, желдеткіштер, аппараттар және қысымдағы ыдыстар, арматуралар және құбырлар, электрлік жабдықтар) бөлімдеріндегі сәйкес нұсқаулықтарды қолданумен белгіленеді.

290. Тоңазытқыш қондырғының техникалық жай-күйі жарамды деп табылады, егер ол жұмысқа қабілетті жағдайда табылса, тоңазытқыш машиналар және салқындату бөлмесін оқшаулау, салқындату бөлмесіндегі, мұздатқыш камерада және басқа салқындатқыш құрылғыларда арнайы температураның құрылуын және ұстап тұруын қамтамасыз етеді, ал тозу және ақау параметрлері осы Қағиданың 289-тармағында белгіленген нормасынан аспайды.

291. Тоңазытқыш қондырғының техникалық жай-күйі жарамсыз деп табылады, егер:



1) параметрлері нормадан асатын тозулар мен ақаулар табылса немесе адам өміріне және кеменің қауіпсіздігіне қатер төндірсе;

2) тоңазытқыш машиналарды немесе салқындату үй-жайларын оқшаулау, салқындату үй-жайында, мұздатқыш камераларда және басқа салқындату құрылғыларында арнайы температураға жетуді және ұстап тұруды қамтамасыз етпейді.

292. Салқындату үй-жайларында пайдалану шектеуіштерін орнатумен арнайы температураға жетуді және ұстап тұруды қамтамасыз етпейтін тоңазытқыш қондырғыны пайдалану туралы мәселесі, сондай-ақ реврижераторлық кемені пайдалану туралы, тоңазытқыш қондырғының техникалық жай-күйі жарамды деп танылған, кемені басқа міндеті бойынша қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.



 

 

7-бөлім. Жүйелерді куәландыру



 

37. Жалпы нұсқаулар

 

293. Осы тарауда жалпы кеме жүйелерін куәландыру мазмұндалады: өрт сөндіру, құрғататын, балластық, гидравликалық, желдеткіш, ағынды, әуе, өлшеуіш, жүк тиейтін, тазарту және мұнай құю кемелерінің арнайы жүйесі (газ шығаратын, ұшқын өшіргіш, жарылуға және өртке қауіпті үй-жайларды және бөлімшелерді желдету, инертті газ жүйелері, түтіндену, сулау) улы құралдары бар жүйелерді, ас суды тазарту үшін қондырғылар.

294. Жүйе құрамындағы сорғыларды, желдеткіштерді, компрессорларды, сепараторларды, гидромоторларды куәландыру кезінде осы Қағиданың 4-бөлігінің талаптарын басшылыққа алады.



Жүйе құрамындағы қысымдағы ыдыстарға куәландыру жүргізу кезінде осы Қағиданың 5-бөлігінің талаптарын басшылыққа алады.

295. Жөндеу немесе кемеге жаңа жүйе элементтерді орнатқаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарында жазылған қажетті құжаттарды ресімдеу арқылы сынақ жүргізіледі және жөнделген объектілерге (құбыр, арматура, баллондар, резервуарлар, цистерналар) гидравликалық сынақ жүргізіледі.



Сонымен бірге Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ауыстырылған жабдықтардың құжаттарын, қолданылған материалдардың, құбырлардың, арматуралардың сертификаттарын, гидравликалық сынаудың актілерін тексереді.

296. Әрекеттегі жүйені сынау барлық штаттық сорғылармен, компрессорлармен, аппараттармен, құралдармен, қысымдағы ыдыстар, қашықтықтан жетектегіш, тұйықтайтын және сигналды құрылғылармен жүргізіледі.

297. Ас суды тазартатын қондырғыны куәландыру және сынау әрбір навигация алдында кеме иесімен жүргізіледі.

Сынау және зертханалық талдау нәтижелері кемеде сақталады.

298. Жүйелерге және құбырға алғашқы куәландыру Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес осы Қағиданың 3-тарауының § 1 талаптарын ескере отырып жүргізіледі.



 

 

38. Кезекті куәландыру



 

299. Жүйелерді кезекті куәландыруды корпусты кезекті куәландыру мерзімінде жүргізеді. Сонымен бірге түп борттық арматураның ақаулығы слип кезінде орындалады.

300. Кезекті куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесі ұсынған қарау және құбырлардың және арматуралардың ақауын табуды, кемелік жүйелердің, оларға қызмет көрсететін агрегаттарын, тозу және ақаудың табылуын, жөндеу көлемін анықтау нәтижелері көрсетілген құжаттармен танысады.

301. Кезекті куәландыру кезінде жүйелерге және қажет болған жағдайда оқшауды ашу немесе бөлектеу, шектеуді, құбырды арматураларды құбырларға рұқсатты қамтамасыз етумен қарау жүргізіледі. Су түбіндегі, борттық және өткізбейтін аралығында орнатылған арматураға аса назар аударады.

302. Сыртқы қарау, өлшеу және сынау нәтижелері және іріктелген бақылау нәтижелері бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жөндеу жұмыстарының көлемін келіседі және жөндеу жүйесі талаптарын ұсынумен кезекті куәландыру актісін жасайды.



 

 

39. Сыныптамалық куәландыру



 

303. Жүйені сыныптамалық куәландыру кемені сыныптамалық куәландыру мерзімінде жүргізіледі.

304. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері атқарылған жұмыстың көлемі мен сапасын растайтын құжаттарды: қабылдау актілерін, ауыстырылған құрал-жабдықтың сертификаттарын, құбырлар, арматуралар, гидравликалық сынау актілерін тексереді.

305. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кезекті куәландыру кезінде қойылған талаптардың орындалғанына, жүйені жөндеу және ауыстыру бойынша барлық жұмыстардың аяқталғандығына, ал осы Қағиданың 304-тармағында көрсетілген құжаттар тиісті түрде ресімделгеніне көз жеткізеді.

306. Әрекеттегі жүйені және құбырларды тексеру кезінде осы Қағиданың 310-313-тармақтарындағы нұсқаулықтарды басшылыққа алады.

Аэрозоль өрт сөндіру жүйесі осы Қағиданың 334-тармағының ережелерін ескере отырып, жүйені қосуға ұқсас жолмен тура тағайындау арқылы тексеріледі.

307. Жүйелерді сыныптамалық куәландыру нәтижелері сыныптамалық куәландыру актісінде көрсетіледі.



 

 

40. Жыл сайынғы куәландыру



 

308. Жүйені жыл сайынғы куәландыру кемеге жыл сайынғы куәландыру жүргізу мерзімінде жүргізіледі.

309. Жүйенің сыртынан қарауды мүмкін жерлерінде жүргізіледі.

310. Сумен өшіру жүйесінде, кез келген өрт кранының оның көбік өшіруге, суландыруға және басқа да қажеттіліктерге берілуін ескере отырып, суды ең көп шығындалуында тексеру керек, сондай-ақ өрт сорғыларының автоматты және/немесе қашықтықтан басқару әрекетінде тексереді.

311. Бумен өшіру жүйесін әрекетте күзетілетін үй-жайға сынама буын жіберу арқылы тексереді.

312. Көбікпен өшіру жүйесін әрекетте қысқа мерзімді көбік құрайтын суды жіберу арқылы тексереді. Аэрозольды сөндіру жүйесін сигнал беруші және басқару аралығында индикация бойынша дұрыстығын тексереді, сондай-ақ өткізгіш сым жолы жүйесін және жабдықтың бекітілу сенімділігін бақылайды.

313. Көмір қышқылмен өшіру жүйесін әрекетте сығылған ауамен тексереді. Сумен сынауға рұқсат етіледі.



Баллондарда көмір қышқылдың болуы кеме иесімен жыл сайын навигация алдында ұсынылатын өлшеу актісімен тексеріледі. Баллондардағы көмір қышқыл көлемінің ауытқу мүмкіндігі, бұл ретте жобамен немесе қондырғыларды пайдалану нұсқаулығымен қарастырылғаннан 10 % аспауы қажет.

314. Көлемді сұйықтықты өрт сөндіру жүйесінің баллондарында жеңіл буға айналатын сұйықтықтың бар болуын өлшеу құрылғыларымен, ал құбыр және тозаңдатқышты - өрт сөндіру сұйықтығын жібермей сығылған ауамен тексереді. Өлшеу құрылғылары болмаған жағдайда кеме иесі жыл сайын навигация алдында ыдыстарды өлшеуді жүргізеді және тиісті актіні жасайды.

315. Электрлік жылу және майлы сорғылардың қашықтықтан өшіру құрылғысын, жылу айдағыш жүйенің ілмек қақпақтарын, желдеткіш түтікті және каналды жабу құрылғысын әрекетте тексереді.

316. Құрғату жүйесін корпус бөлігінен суды айдауды сынап көру жолымен тексереді.

317. Балласты жүйені куәландыру кезінде, оны әрекетте сынау және балласт деңгейін өлшеу жүйесін тексереді.

318. Әрбір навигация алдында мұнай құятын кемелердің жүк көтеруге арналған жүйесін куәландыру кезінде құбырлардың мүмкін жерлерін сырт жағынан қарау қажет, сорғыларды, арматураларды әрекетте тексереді.



Жүк көтеруге арналған жүйелер кеменің алғашқы рейске шығуына дейін жүкті қабылдау кезінде тікелей міндеті бойынша тексеріледі. Әрекетте газ шығарушы жүйені және танкідегі жүк деңгейін анықтауға арналған қондырғыны бір мезгілде жүргізеді. Бұл сынақтарда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерінің қатысуы міндетті емес.

Кеме иесімен жасалған жүйелерді тікелей міндеті бойынша сынау актісі, кемеде сақталады.

319. Газ шығарушы жүйені жекелеген қақпақшаларды, жалынды айырғыш және тыныс құрылғыларын ішінара ашу жолымен тексереді. Сонымен бірге кеме иесімен, кемеде орнатылған барлық от кедергісі туралы актісі ұсынылады.

320. Инертті газ жүйесін жекелеген қақпақшаларды, жалынды үзгіш құрылғыларын іріктеп ашу жолымен, сондай-ақ әрекетте тексереді.

321. Машиналық бөлімшенің желдеткіш жүйесі жергілікті және қашықтықтан басқару постынан жіберу және тоқтату жолымен әрекетте тексеріледі. Құйма кемелерінде тексеру әрекетте, сонымен қатар сорғыш бөлімшенің желдеткіш жүйесінде жүргізіледі.

322. Жүйелер мен құбырларды жыл сайынғы куәландыру нәтижесі жыл сайынғы куәландыру актісінде көрсетіледі.

 

 

41. Гидравликалық сынау



 

323. Сулы, булы, көмір қышқылды өшіру, жеңіл буланатын сұйықтық буымен өшіру, құрғатқыш, балластық, бу жылытқыш және құрылғыларды гидравликалық жетектегіш жүйелеріне гидравликалық сынауды кеме иесі әрбір тақ сыныптамалық куәландыру алдында, ал мұнай құюшы кеменің жүк көтеруге арналған жүйесін - әрбір сыныптамалық куәландыру алдында жүргізеді. Жөндеу барысында құбырларды, арматураларды және басқа да жүйенің элементтерін ауыстырған жағдайда жүйелерді сыныптамалық куәландыру міндетті.

324. Жүйелерді сынау кезіндегі байқау қысымды ІЖКЖҚ-да келтірілген нормаға сәйкес қабылдау керек.

325. Өрт сөндіру жүйесі құрамына кіретін қысымдағы ыдысты гидравликалық сынау осы Қағиданың 5-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

 

 

42. Техникалық жай-күйін анықтау



 

326. Жүйенің техникалық жай-күйі куәландыру және олардың элементтерін сынау (сорғылар, компрессорлар, сепараторлар, желдеткіштер, жылу ауыстырғыш аппараттар, тазартқыш, құбырлар және арматуралар) нәтижелері бойынша алдыңғы куәландыру және кемелік құжаттама бойынша табылған тозулар, ақаулар, жүргізілген жөндеулер және ауыстырулар актісін (ақаулық актісі, өлшеу нәтижесі, сынау актісі, формуляр, машина журналы) қолданумен белгіленеді.

327. Жүйелер элементінің тозу және ақау нормасы техникалық шарттарға, ұйымдастырушы-дайындаушының нұсқаулықтары және формулярларына, Кеме қатынасы тіркелімімен танылған нормативтік құжаттарға, сондай-ақ осы тараудың нұсқауларына сәйкес белгіленеді.

328. Жүйенің техникалық жай-күй, егер жүйе дұрыс қалыптасса, ағудың орташа жұмысы табылса, ал бақылау-өлшеу құралдары жөнделген болса жарамды деп табылады.

329. Осы Қағиданың 326-тармағында көрсетілген объектінің техникалық жай-күйі жарамсыз деп табылады, егер мыналар табылса:



1) бұзылу, сызат, корпустағы жанама қуыстар;

2) бұзылу, сызат, қозғалу бөліктеріндегі, мойынтіректердегі, жалғастырушы және фрикционды муфталардағы соғылған жерлер;

3) іргетастар бекіткішінің әлсіреуі, жоғарғы діріл;

4) агрегаттардың жұмысы кезіндегі бөгде шулар;

5) компрессор және сеператор, сорғылардың және желдеткіштердің көлемге беру өнімділігінің төмендеуі, ұйымдастырушы-дайындаушымен рұқсат етілген норманың асуының мұндай төмендеуі, ал норма болмаған жағдайда - паспорттық мәннен 40 % жоғарылау.

6) жылу ауыстырғыш аппараттардағы бітеліп қалған түтік саны жалпы түтік санынан 5 % артуы;

7) қабырғаларды бұзу және құбырларды оқшаулау, жұмыс ортасы жалғанған құбырлар арқылы ағу, тығындама нығыздығының тозуы, арматуралардың дұрыс қалыптаспауы.

 

 

8-бөлім. Тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларды куәландыру



 

43. Жалпы нұсқаулар, куәландыру

 

330. Осы тарауда сығылған газдың тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларын, камбузды, камбуздық тақталарды, жылытқыш және пештерді куәландыру туралы нұсқаулар қамтылады.

331. Тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларды куәландыру, осы қондырғылар орнатылған бөлме және қондырғының Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидаға сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

332. Тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларға алғашқы куәландыруды ТБЖҚ сәйкес осы Қағиданың 3-тарауының § 1 параграфын ескеріп жүргізіледі.

333. Тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларды мезгіл-мезгіл куәландыруды куәландыру жүйесімен бірігіп жүргізеді.

334. Куәландырудың кез келген түрінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері өртке қарсы қорғау Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының талаптары сақталғанына көз жеткізеді.

335. Сығылған газдың тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларын жыл сайынғы тексеру мен сынау, сондай-ақ алдын алу кеме иесімен қызмет көрсету нұсқаулығына сәйкес орындалады.



Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері алдын алу туралы мәліметтердің, сондай-ақ әрбір навигация алдында кеме иесімен жүргізілген тексеру және сынаулар туралы актілерінің бар болуын тексереді.

Сығылған газдың тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларын тексеру және сынау актілерінде мыналар көрсетіледі:

1) қондырғыларды барлық газ құбырларын және арматуралардың жалғануын сабынды сұйықтықпен жағылған әрекетте сынау нәтижесі;

2) сығылған газдың тұрмыстық қондырғылары, шкафтар немесе баллондарға арналған қоршаулар орналасқан бөлменің желдеткіші дұрыстығын тексеру нәтижесі;

3) түтіндік тартуын тексеру нәтижесі;

4) қондырғының толық дұрыстығы және оның жұмысқа жарамдығы.

336. Кемеде қызмет көрсету бойынша Нұсқаулықтың, сығылған газдың тұрмыстық қондырғыларын тексеру мен сынау актілері, алдын алу жүргізілген туралы мәліметтер болмаған кезде, қондырғының істен шығуы мен Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының талаптарына сәйкес болмауы кезінде қондырғыны пайдалануға тыйым салынады.

337. Сығылған газдың тұрмыстық қондырғыларының жыл сайынғы куәландыру нәтижесі жыл сайынғы куәландыру актісінде, ал сыныптамалық куәландыру - сыныптамалық куәландыру актісінде көрсетіледі.

 

 

9-бөлім. Кемелік құрылғыларды куәландыру және жабдықтау



 

44. Жалпы нұсқаулар

 

338. Осы бөлімде куәландыру бойынша мынадай нұсқаулар айтылады:

1) құрылғылар: рульдік және рульмен басқару, рубкасын көтеруге арналған зәкірлік, швартовті, тарту және тіркеу, шлюпкалық құрылғы;

2) құтқару құралдары;

3) сигнал құралдары;

4) авариялық, навигациялық және өртке қарсы жабдықтар.

339. Техникалық флоттың (қарпығыш рама, мұнара, қарпығыш шынжыр, барабандар, сорғыштар, уақытша және папильонажды шығырлар, топырақ шығарушы шаландадан топырақты жәшіктердегі қалқандарды көтеруге арналған құрылғы) балық аулауға арналған кемелердің және арнайы міндеттегі кемелердің арнайы және технологиялық құрылғылары Кеме қатынасы тіркелімінің сыныптамалық қызметіне жататын объект болып табылмайды. Сонымен қатар, осы Қағиданың 133-тармағының нормалары осы объектілерге қатысты қолданылады.

340. Кемелік құрылғыларға алғашқы куәландыруды және жабдықтауды Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес осы Қағиданың 3-тарауының § 1 параграфын ескеріп жүргізіледі.

 

 

45. Кезекті куәландыру



 

341. Кемелік құрылғылар және жабдықтарды кезекті куәландыру корпусты кезекті куәландыру мерзімінде жүргізіледі.

342. Кезекті куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен ұсынылған кемелік құрылғы мен жабдықтың ақаулық нәтижесін көрсететін құжаттармен танысады.



Кемені слиптеу кезінде корпустың су асты бөлігінде орналасқан (өкшелік, ілмек, рульдің еспесі, қондырма және оларды баллерге бекіткіштер, реверстік-суатқыш қозғалтқышымен кеменің басқару құрылғысы) құрылғылар элементтерінің жағдайы тексеріледі.

343. Рульдік құрылғысын қарау кезінде рульдік жетектің, штуртростың, білікше сымдар, секторлар, буферлік серіппе, румпель, басқару бұрылуын шектегіш, сорғылар, гидроцилиндрлер, құбырлар және арматуралардың жағдайы тексеріледі.

344. Зәкірлік құрылғыны қарау кезінде кеме иесімен ұсынылған зәкірлік механизмдер жағдайын, зәкір түрін және көлемін, калибр және шынжыр ұзындығын, зәкірлік шынжырдың түпкі соңына бекіту және беру құрылғысының жағдайын, өлшеу нәтижесі бойынша зәкірлік шынжырдың тозуын тексереді.

345. Автотіркеу формуляры бойынша тіркеме құрылғысын қарау кезінде оның қызмет ету мерзімін айқындайды.



Қызмет ету мерзіміне байланысты, авто тіркеу жөндеуге арналған техникалық құжаттамамен көзделген көлемде бөлшектенеді.

Жөндеуден кейін авто тіркеуді жөндеу және сынау Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауы бойынша жүргізіледі.

346. Тарту құрылғысын қарау кезінде тарту жүкшығырының, тарту гактарының, тарту кнехтерінің, шектегіш құрылғылардың оның корпус бекіткіші сенімділігінің жағдайын, сондай-ақ, ұзындығы, диаметрі және тіркеп сүйреу арқанының жағдайын айқындайды.

347. Арқандап байлайтын құрылғыны қарау кезінде арқанды шығырдың, арқанды кнехтың, олардың корпусқа бекіткішінің сенімділігіне, сондай-ақ швртовты арқанның жағдайын айқындайды.

348. Шлюпті құрылғыларды қарау кезінде шлюпті шығырдың, шлюп аралықтарының, арқандарының жағдайын айқындайды.

349. Жеке құтқару құралдары және үрленген құтқару салдары «Құтқару құралдарына сынау мен техникалы қызмет көрсету» басшылығына сәйкес сыналады.

350. Әрбір құтқару шлюпкасы және оның әуедегі ұяшықтары, сондай-ақ әрбір металдық құтқару құралдары - өткізбеу қабілетіне, ал әрбір пластмасса құтқару құралдары - еруге сыналады.



Жауапты элементтерін (қаптама, киль, планширь) ауыстыру жөндеуінен өткен шлюпка, беріктілікке қосымша сыналады.

Құтқару шлюпкасы мен құтқару құралдарына сынау жүргізгеннен кейін сынау күні көрсетілген мөртабан қойылады.

351. Рульдік рубканы көтеруге арналған құрылғыны қарау кезінде металл конструкциясын және жетектегіш жағдайын айқындайды.

352. Өлшеу мен сынау және іріктелген бақылау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен ұсынылған жөндеу жұмыстарының көлемін келіседі және кемелік құрылғыларды жөндеу және ауыстыру, құрал жабдық және жабдықтау бойынша талаптарды ұсынумен кезекті куәландыру актісін жасайды.

Осы Қағиданың 175-тармағына сәйкес корпусты кезекті куәландыру актісінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді енгізуге рұқсат етіледі.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет