Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»



бет6/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#130604
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 1. Жалпы талаптар

 

232. Учаскеде поездар қозғалысына бір ғана қызметкер - қызмет көрсететін учаске бойынша поездардың қозғалыс кестесінің орындалуы үшін жауап беретін поезд диспетчері басшылық етуі тиіс.



Поезд диспетчерінің бұйрықтары осы учаскедегі поездар қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлердің сөзсіз орындауына жатады.

233. Учаскеде поезд диспетчерінен басқа поездар қозғалысы туралы шұғыл нұсқаулар беруге тыйым салынады.

Жолаушылар поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен кезде поездық диспетчер мұндай поезд ол қызмет көрсететін учаскеде болған кезде оның қозғалуына бақылауды қамтамасыз етуге және осы учаскенің станциялары бойынша кезекшілерді бұл туралы хабардар етуге міндетті.

234. Әр станция және жол посты поездар қозғалысына басшылық ету бөлігінде және әр поезд бір мезгілде станцияның бір ғана қызметкерінің: - станция бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде - поезд диспетчерінің, посты - посты бойынша кезекшінің, поезд - жетекші локомотив (моторвагонды поезд), өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам машинисінің қарауында болуы тиіс.

Станцияларда жол тарамдарына қарай станция, пост немесе парктер бойынша бірнеше кезекші болуы мүмкін, олардың әрқайсысы өз жұмыс ауданы шегінде поездар қозғалысын бір өзі басқарады. Мұндай станцияларда станция, пост немесе парк бойынша әр кезекшінің басқару аудандарын және поездар қозғалысымен байланысты міндеттер шеңбері бойынша бөлу станцияның техникалық-басқару актісінде көрсетіледі.

Станцияларда жетекші локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинисі және поезға қызмет көрсететін барлық қалған қызметкерлер станция бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелердің станцияларында поезд диспетчерінің нұсқауларына бағынады.

235. Аз әрекетті учаскелерде станциялар бойынша кезекшілердің кезекшіліктері алынып тасталғанда бұл станцияларда поездар қозғалысына басшылық етуді поездардың, соның ішінде бір машинист қызмет көрсететін поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіпті белгілеу арқылы, егер станция іргелес станциялардың бағыттамалары мен сигналдарын телебасқару құрылғыларымен жабдықталса, көршілес станция бойынша кезекшіге немесе диспетчерлік бақылау құрылғылары бар учаскелерде поезд диспетчеріне жүктеуге рұқсат етіледі.

236. Әр жолаушылар, почта-багаж, жүк- жолаушылар және адамдарды таситын поезд, әдетте, белгілі жолға, ал жүк поездары - белгілі жолдар топтарына қабылдануы тиіс.

Станцияда тоқтамайтын поездар, әдетте, бас жолдар бойынша өткізілуі тиіс.

237. Станция бойынша кезекші поездарды уақтылы қабылдау үшін бос жолдардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. Қажеттіліктен туындамаған поездың жабық кіру сигналы алдында кез келген кідіруі үшін станция бойынша кезекші жауапты болады.

Өтіп бара жатқан поездардан ағытылған және жүк тиеуге, жүк түсіруге, жөндеуге және басқа операцияларға тағайындалған жеке вагондарды немесе вагондар топтарын қабылдау-жөнелту жолдарына қоюға тыйым салынады.

Аралық станцияларда жеке вагондарды немесе вагондар топтарын қабылдау-жөнелту жолдарына уақытша кіруге тек поезд диспетчерінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.

238. Ұстаушы тұйықтарға кез келген жылжымалы құрамды кіргізуге, ал сақтандырғыш тұйықтарға жолаушылар вагондарын немесе адамдар отырғызылған жүк вагондарын, қауіпті жүктері бар вагондарды кіргізуге тыйым салынады.

Бір машинист қызмет көрсететін жолаушылар поезын қабылдау, жөнелту алдында станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде - поездық диспетчер маршруттың дайын және сигналдардың ашық екендігі туралы машинисті хабардар етуге міндетті.

239. Станция бастығы станция бойынша кезекшілердің, орталықтандыру посты операторларының, сигналшылардың және бағыттамалық пост кезекшілерінің поездарды қабылдау және жөнелтумен және маневрлер жүргізумен байланысты операцияларды орындау бойынша жұмысын, әсіресе БОС құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайларда, бақылауға міндетті. Станция бастығы станция бойынша кезекшілердің жұмысын қозғалыс қауіпсіздігі сөзсіз қамтамасыз етілетін жағдайда поездардың кідіруіне жол берілмейтіндей етіп ұйымдастыруы тиіс.

Станция бойынша кезекшінің жайы оқшауланған болуы тиіс. Станция бойынша кезекшінің жайына кіру құқығын тек станция бастығы, тікелей станция бойынша кезекшімен бірлесіп жұмыс істейтін немесе өз міндеттерін станция бойынша кезекшілермен бірлесіп орындайтын тұлғалар және станция бойынша кезекшінің іс-қимылдарын және басқару аспаптарының түзулігін бақылайтын қызметкерлер қолданады.

240. Штатында тасымалдау қызметінің қызметкерлері көзделмеген станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту, маневрлер жүргізу, бағыттамалы бұрмаларға техникалық қызмет көрсету, жолаушыларға қызмет көрсету, жүктерді алу және беру жөніндегі операцияларды басқа қызметтердің қызметкерлері орындайды.

 

 



§ 2. Поездарды қабылдау

 

241. Поездарды станцияға қабылдау станцияның техникалық-басқару актісінде осы үшін тағайындалған бос жолдарға және ашық кіру сигналы кезінде ғана, ал жолаушылар поездары, бұдан басқа, автоматты локомотив сигнал беруінің жол құрылғыларымен жабдықталған жолдарға жүргізілуі тиіс.



Жекелеген станцияларда жолдың ұзындығы екі моторвагонды поезды қою үшін жеткілікті болған кезде жолды осы поездарды қабылдай алатын екі учаскеге маршруттық бағдаршамдармен бөлуге рұқсат етіледі.

242. Моторвагонды поезд қабылдау жолын бөліп тұрған маршруттық бағдаршамның арғы жағындағы жол учаскесіне тұрған кезде екінші моторвагонды поезд осы бағдаршамға дейінгі бос учаскеге кіру (маршруттық) бағдаршамындағы арнаулы сигнал бойынша қабылданады. Кіру (маршруттық) бағдаршамының көрсетулері қабылдау жолын бөліп тұрған маршруттық бағдаршамның көрсетулеріне тәуелді болуы тиіс.

Мұндай жолға қарама қарсы бағыттардан екі моторвагонды поезды бір мезгілде қабылдауға тыйым салынады.

243. Моторвагонды поездарды қабылдаудың осы станция үшін белгіленген тәртібін станцияға дара локомотивтерді және алынбайтын үлгідегі дара дрезиналарды қабылдаған кезде қолдануға рұқсат етіледі.

Станцияға итермелегіш локомотивтерді және станцияда орналасқан депоға келе жатқан локомотивтерді немесе деподан поездардың құрамдарына келе жатқан локомотивтерді қабылдау үшін жолдардың белгіленген учаскелері тағайындалуы мүмкін.

Қажетті жағдайларда қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарын, қосалқы локомотивтерді, вагондары жоқ локомотивтерді, қар тазартқыштарды, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды, сондай-ақ шаруашылық поездарын (аралықты жабу арқылы жұмыстар жүргізген кезде) станциялық жолдардың бос учаскелеріне қабылдауға жол беріледі.

244. Станция бойынша кезекшіге маршруттың поезды қабылдау үшін дайын, бағыттамалардың жабық, қабылдау жолының бос екендігіне және қабылдау маршрутының бағыттамаларындағы маневрлердің тоқтатылғандығына көз жеткізбей тұрып кіру бағдаршамын ашуға тыйым салынады.

Кіру бағдаршамын станция бойынша кезекші жеке өзі немесе оның нұсқауы бойынша орталықтандыру қосынының операторы ашады. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде кіру бағдаршамын поезд диспетчері ашады.

Кіру бағдаршамы келе жатқан поездың бірінші қос доңғалағы одан өткен соң автоматты жабылуы, ал электр рельс тізбектері жоқ станцияларда оны станция бойынша кезекші, орталықтандыру постының операторы немесе бағыттамалық пост кезекшісі келе жатқан поезы бүкіл құрамымен бағдаршамнан өткен соң жабу керек.

245. Кіру бағдаршамының тыйым салғыш көрсеткіші немесе негізгі жарықтары сөніп қалған кезде поезды станцияға қабылдауға жол берілмейді. Кіру бағдаршамының тыйым салғыш көрсеткіші немесе негізгі жарықтары сөніп қалған кезде поезды станцияға қабылдау шақыру сигналы бойынша, тек ерекше жағдайларда станция бойынша кезекшінің арнаулы рұқсаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Шақыру сигналы бойынша немесе станция бойынша кезекшінің арнаулы рұқсаты бойынша станцияға қабылдаған кезде поездың қозғалыс жылдамдығы сағатына 20 км-ден астам болмауы тиіс, бұл ретте машинист поезд ерекше қырағылықпен және, егер әрі қарай қозғалу үшін кедергі кездессе, дереу тоқтауға әзірлікпен жүргізуге міндетті.

246. Станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчері поезды қабылдар алдында:

1) поезды қабылдау үшін жолдың бос екендігіне көз жеткізуге;

2) жолға және поезды қабылдау маршрутына шығатын маневрлерді тоқтатуға;

3) поезды қабылдау маршрутын дайындауға;

4) кіру бағдаршамын ашуға міндетті.

247. Егер станцияға кірер жер ең болмаса бір жағында созылмалы еңісте орналасса және бұл ретте осы еңіске қарама-қарсы жақтағы поезды қабылдау маршруты басқа поезды қабылдау маршрутынан оқшауланбаса (сақтандырғыш тұйықпен немесе жолдардың өзара орналасуымен), станцияға қарама-қарсы бағыт поездарын бір мезгілде қабылдауға тыйым салынады.

Бұдан басқа, тежегіш жол ұзындығы бойына 0,006-дан тік еңісі бар жақтан келе жатқан поезды қабылдау маршрутының жалғасы жолаушылар, почта-багаж, жүк-жолаушылар немесе адамдар таситын поезды қабылдау маршрутын қиып өткенде де қос жолды және көп жолды желілердің аралық станцияларында қарама-қарсы бағыт поездарын бір мезгілде қабылдауға тыйым салынады.

Поездарды бір мезгілде қабылдауға жол берілмейтін станцияларда олар бір мезгілде жақындаған жағдайда жабық сигналдың алдында тоқтау немесе тұрған жерінен қозғалу жағдайлары қолайсыздау поезд бірінші болып қабылданады.

248. Станцияға келе жатқан поезд шығу сигналы мен қабылдау жолының шектік бағаншасы арасында, ал шығу сигналы жоқ жерде шектік бағаншалар арасында тоқтатылуы тиіс.

Егер поездың соңы шектік бағаншаның сыртында қалып қойған жағдайда, сигналшы немесе бағыттамалық қосынның кезекшісі бұл туралы станция бойынша кезекшіге дереу баяндауға міндетті, станция бойынша кезекші поезды қабылдау жолының пайдалы ұзындығы шегінде қоюға шара қолданады.

249. Бағыттамалардың электрлік орталықтандыруы бар станцияларда поездың қабылдау жолының пайдалы ұзындығы шегінде қойылуына бақылауды станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша поезд диспетчері жүзеге асырады.

Егер поезды қабылдау жолының пайдалы ұзындығы шегінде қою мүмкін болмаса, станция бойынша кезекші шектес жолдар бойынша жылжымалы құрам қозғалған кезде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қолдануға міндетті.

250. Станция бойынша кезекші келе жатқан әр поезды оның күйін, поезд сигналдарының болуын және олардың дұрыс көрсетілуін қадағалап қарсы алады.

Поездарды қабылдау жолдары алыс станцияларда немесе жергілікті жағдайлар бойынша станция бойынша кезекші поездарды қарсы ала алмаса, оларды сигналшылар немесе бағыттамалық пост кезекшілері қарсы алуы тиіс.

251. Станцияға жолаушылар, почта-багаж, адамдар таситын немесе жүк-жолаушылар поезы келген кезде станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде - поездық диспетчер осы поездардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, станцияның техникалық-басқару актісінде көзделген қажетті шараларды қолданады.

Станция бойынша кезекшілері жоқ диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде, ал автоматты бұғаттауы бар учаскелерде орналасқан. Станция бойынша кезекші жергілікті жағдайлар бойынша поездарды қарсы ала алмайтын және басқа қызметкерлері (сигналшылар, бағыттамалық пост кезекшілері) жоқ станцияларда поездардың келуі басқару аспаптарының көрсетулері бойынша бақыланады, бұдан басқа, поездың станцияға толық құрамда келуін тежегіш магистралінің тұтастығын сипаттайтын аспаптардың көрсетулері бойынша поезд локомотивінің машинисі бақылауы тиіс.

252. Әр поездың іс жүзінде келу немесе жүріп өту уақытын және оның нөмірін станция бойынша кезекші поездар қозғалысы журналында белгілеуге және поезды жөнелткен көрші станция бойынша кезекшіге және поезд диспетчеріне дереу хабарлауға және, бұдан басқа, тиісті ақпараттың автоматтандырылған басқару жүйесіне берілуін қамтамасыз етуге міндетті.

Қозғалысы қарқынды учаскелерде поездардың келуі және жөнелтілуі туралы мәліметтерді беру тәртібі белгіленеді.

 

 



§ 3. Поездарды жөнелту

 

253. Станция бойынша кезекшіге қос жолды учаскелерде және бейімделген жол бойынша қос жолды учаскелерде поезд жөнелтілетін станцияның станция бойынша кезекшісінің келісімісіз поездарды жөнелтуге тыйым салынады. Автобұғаттаумен жабдықталған дара жолды учаскелерде поездар көршілес станция бойынша кезекшімен алдын ала келіспестен бірінші блок-учаске босаған соң поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша жөнелтіледі.



Қос жолды учаскелерде поездарды жөнелту одан поездар бейімделген жол бойынша жөнелтілетін станцияның станция бойынша кезекшісінің нұсқауы бойынша бұрын жөнелтілген поездың келгені туралы хабарламаны алған соң, ал автобұғаттау кезінде блок-учаске босаған соң жүргізіледі. Поезд жөнелтілетін станцияның станция бойынша кезекшісінің алдын ала келісімі талап етілмейді.

254. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поездарды жөнелту поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі. Станциядан осы Ережелердің 309-тармағына сәйкес қауіпсіздік құрылғыларымен жабдықталмаған өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды жөнелтуге поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша станциялар арасындағы поездардан бос аралыққа рұқсат етіледі.

255. Станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчері поезды жөнелтер алдында:

1) аралықтың, ал автоматты бұғаттау кезінде бірінші блок-учаскенің бос екендігіне көз жеткізуге;

2) поезды жөнелту маршрутына шығатын маневрлерді тоқтатуға,

3) жөнелту маршрутын дайындауға;

4) кіру бағдаршамын ашуға немесе аралыққа кіруге басқа рұқсатты машиниске тапсыруға міндетті.

256. Станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз поезды аралыққа жөнелтуге тыйым салынады.

Жөнелтіліп отырған поездың машинисі үшін аралыққа кіруге рұқсат шығу бағдаршамының рұқсат етуші көрсетуі, ал оның ақаулықтары кезінде немесе поезд шығу бағдаршамдары жоқ жолдардан жөнелтілген кезде - радиобайланыс арқылы берілген станция бойынша кезекшінің белгіленген нысандағы жазбаша рұқсаты немесе асатаяқ болып табылады.

Жолаушылар және почта-багаж поезының машинисіне кестеде белгіленген уақыттан бұрын станциядан жөнелтілуге, сондай-ақ кесте бойынша жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін аялдауы көзделген станцияға тоқтамай өтуге тыйым салынады.

257. Жолаушылар немесе почта-багаж поезының технологиялық операцияларды (айырылысу, озу) орындау үшін аялдауы көзделген және жолаушыларды отырғызуға, түсіруге және багаж бен почтаны тиеуге, түсіруге тағайындалмаған бөлектенген пункттерде ол машинистке және станция бойынша кезекшіге берілетін поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.

Поездар қозғалысының қызметтік кестелерінде мұндай аялдаулар ерекше белгімен белгіленеді, ал афишаларда және жолаушылар үшін басылатын кестелерде бұл аялдаулар көрсетілмейді.

258. Станция бойынша кезекшіге, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчеріне поезды жөнелту маршрутының дайын, бағыттамалардың жабық екендігіне, қабылдау маршрутының бағыттамаларындағы маневрлердің тоқтатылғанына, құрамға техникалық қызмет көрсетудің және оны коммерциялық қарап тексерудің аяқталғанына көз жеткізбей тұрып шығу бағдаршамын ашуға немесе аралыққа тұруға басқа рұқсатты беруге тыйым салынады.

Поездарды поездардың құрамына вагондарды тіркеу және ағыту жүргізілген, олар қалыптастырылған станциялардан немесе поездың соңын білдіретін сигналдық дискілерді ауыстыру көзделген станциялардан жөнелткен кезде станция бойынша кезекші шығу бағдаршамын ашар немесе аралыққа кіруге рұқсатты локомотив, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам машинисіне берер алдында сондай-ақ станцияның ТБА-де белгіленген тәртіпке соңғы вагонда поездық сигналдың болуына көз жеткізуі тиіс.

Шығу бағдаршамын станция бойынша кезекші жеке өзі немесе оның нұсқауы бойынша орталықтандыру постының операторы ашады. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде шығу бағдаршамын поезд диспетчері ашады.

259. Поездардың қозғалыс кестесі бұзылған кезде станция бойынша кезекші жолаушылар, почта-багаж, адамдар таситын немесе жүк-жолаушылар поезынан кейін келе жатқан поезға шығу бағдаршамын ашар алдында жолаушылар поезының артынан келе жатқандығы туралы машинисті хабардар етеді.

Шығу бағдаршамы жөнелтіліп бара жатқан поездың бірінші қос доңғалағы одан өткен соң автоматты жабылуы, ал электр рельс тізбектері жоқ станцияларда оны станция бойынша кезекші, орталықтандыру постының операторы немесе бағыттамалық қосын кезекшісі жөнелтіліп бара жатқан поезд бүкіл құрамымен бағдаршамнан өткен соң жабуы тиіс.

260. Поезды шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсетілуі кезінде станциялық жолдардан, сондай-ақ шығу бағдаршамдары жоқ жолдардан жөнелткен кезде, жетекші локомотивтің, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамның машинисіне аралыққа тұруға рұқсаты болғанда радиобайланыс бойынша берілген станция бойынша кезекшінің нұсқауынсыз немесе станция бойынша кезекші не болмаса оның нұсқауы бойынша пост, парк бойынша кезекші, орталықтандыру постының операторы, сигналшы немесе бас кондуктор (поездарды құрастырушы) берген жөнелту сигналысыз поезды қозғалысқа келтіруге тыйым салынады. Жөнелту сигналын беру тәртібі станцияның ТБА-да және оған қосымшаларда белгіленеді.

Поезды қозғалысқа келтірер алдында жетекші локомотивтің және өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамның машинисі, оның көмекшісі поездан немесе станция қызметкерлері тоқтату сигналдарын беріп жатыр ма, жоқ па екендігін тексеруі тиіс.

Жолаушылар поезының вагондар жолсеріктері қауіпсіз жүруге кедергі болған кезде оны тоқтату бойынша шараларды дереу қолдануы тиіс.

262. Жолаушылар поезы (моторвагондыдан басқа) тоқтату кранын қолданудан немесе өздігінен тежелу салдарынан аралықта тоқтап қалған жағдайда жолсеріктер өздері қызмет көрсететін вагондарды қарап тексеруі және қажет болғанда тоқтату сигналын локомотив жағына дереу беруі тиіс.

Жолаушылар поезының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен кезде поезды қозғалысқа келтірер алдында станцияда немесе аралықта машинист радиобайланыс бойынша жолаушылар поезының бастығынан (механик-бригадирінен) поездың жөнелтуге дайындығы туралы хабарламаны алуы тиіс.

263. Аралыққа кіруге рұқсат шығу сигналдары жоқ жерлерде, сондай-ақ шығу сигналының тыйым салушы көрсетілуі кезінде поезды жөнелту жағдайларында жетекші локомотивтің, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамның машинисіне станция бойынша кезекші жеке өзі немесе осы поездың локомотив бригадасы қызметкерлерінің біреуі, пост, парк бойынша кезекші, бағыттамалық постының операторы, кезекшісі, сигналшы немесе бас кондуктор (поездарды құрастырушы) арқылы тапсырылады.

Машинист аралыққа кіруге рұқсаттың дұрыстығына көз жеткізуге міндетті.

264. Сол бағыттағы поезды станцияға бір мезгілде жөнелту және қабылдауға тыйым салынады, егер станцияға кіретін жер қабылданатын поезд жағынан созылмалы еңіс болса және бұл ретте қабылданатын поездың маршруты жөнелтілетін поездың маршрутынан оқшауланбаған (сақтандырғыш тұйықпен немесе қабылдау-жөнелту жолдарының өзара орналасуымен).

265. Станция бойынша кезекші, оның күйін, поездық сигналдардың болуын және олардың көрсетулерінің дұрыстығын қадағалап әр жөнелтілетін немесе станция бойынша аялдамай жүріп өтетін поезды шығарып салады.

Поездың толық құрамда жөнелтілгені туралы станция бойынша кезекші сигналшының, бағыттамалық қосын кезекшісінің баяндамасы бойынша немесе жеке өзі көз жеткізеді.

Поездарды жөнелту жолдары алыс станцияларда немесе жергілікті жағдайлар бойынша станция кезекшісі поездарды шығарып сала алмаса, оларды сигналшылар немесе бағыттамалық қосын кезекшілері шығарып салуы тиіс.

266. Станция бойынша кезекшілері жоқ диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде және жолдар мен бағыттамалардың электр оқшаулауы жоқ станцияларда станция бойынша кезекші жергілікті жағдайлар бойынша поездарды шығарып сала алмайтын және басқа қызметкерлері (сигналшылар, бағыттамалық пост кезекшілері) жоқ станцияларда поездардың жөнелтілуі басқару аспаптарының көрсетулері бойынша бақыланады.

267. Поезды шығарып салушы қызметкер поездың түзу күйде жүріп өткеніне көз жеткізуге міндетті.

Поезда қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ поезд белгіленген поездық сигналдарсыз жүріп өткен кезде поезды шығарып салушы қызметкер оны тоқтатуға шара қолдануға міндетті.

Станция қызметкерлері поезды жөнелтер алдында станция жұмысының технологиялық процесіне, ТБА-ға, қозғалыс графигіне және поездарды құрастыру жоспарына толық сәйкес түрде поездың дұрыс қалыптастырылуын және ашық жылжымалы құрамда жүктердің бекітілу дұрыстығы мен беріктігін тексеруі, жүктердің сақталуы толық қамтамасыз етілгендігіне және қажетті поезд мүліктерімен жабдықталғанына көз жеткізуі тиіс.

268. Жүк және жүк-жолаушылар поездарының соңын білдіретін поездың сигналдық аспаптарына техникалық қызмет көрсету, осы поездарға сигналдық аспаптарды ілу және алу вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің қызметкерлеріне жүктеледі.

269. Барлық және жүк-жолаушылар поездарына қалыптастыру станцияларында поезды жөнелтер алдында жетекші локомотивтің машинисіне нысандағы анықтама қағаз және жабық күйде тасымалдау құжаттары беріледі. Құрамында тасымалдау құжаттары жоқ вагондары бар поездарды жөнелтуге тыйым салынады.

Жолаушылар (моторвагонды поездардан басқа) және почта-багаж поездарына поездың анықтама қағазы жетекші локомотивтің машинисіне және жолаушылар поезының бастығына (механик-бригадиріне) қалыптастыру станцияларында және айналым станцияларында беріледі.

270. Жүрген жолында вагондарды тіркеген және ағытқан кезде поездың анықтама қағазына станция қызметкерлері тиісті өзгерістер енгізуі тиіс.

Барлық жолаушылар (моторвагонды поездардан басқа) және почта-багаж поездарына поездың анықтама қағазы жолаушылар поезының бастығына (механик-бригадиріне) беріледі.

271. Әр поездың іс жүзінде жөнелту немесе жүріп өту уақытын, оның нөмірін станция бойынша кезекші поездар қозғалысы журналында белгілеуге және поезд жөнелтілген көрші станция бойынша кезекшіге және поезд диспетчеріне дереу хабарлауға міндетті. Бұдан басқа, станция бойынша кезекші поезд туралы қажетті деректердің автоматтандырылған басқару жүйесіне берілуін қамтамасыз етуі тиіс.

272. Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары түзу күйде ұсталуы тиіс.

Құрылыстар мен құрылғылар ақаулықтарының алдын алу және олардың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз ету оларды күтіп ұстау үшін жауапты адамдардың жұмысында ең басты болуы тиіс.

Құрылыстар мен құрылғылардың күйі үшін оларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлер және осы құрылыстар мен құрылғылар қарауында болатын кәсіпорындардың басшылары жауапты болады.

Аталған қызметкерлер, әрқайсысы өз учаскесінде, пайдалану ережелерін білуі және құрылыстар мен құрылғылардың күйін жүйелі тексеріп отыруы, метрологиялық ережелерді, нормаларды және темір жол көлігінің құрылыстары мен құрылғыларына арналған мемлекетаралық, мемлекеттік стандарттар талаптарын сақтай отырып, күтіп ұстаудың, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жоғары сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

273. Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер мен жабдықтар бекітілген жобалау құжаттамасына және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс. Негізгі құрылыстардың, құрылғылардың, механизмдер мен жабдықтардың маңызды техникалық және пайдалану сипаттамалары бар паспорттары болуы тиіс.

274. Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары поездардың белгіленген ең жоғары жылдамдықтарымен өтуін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес болуы тиіс: жолаушылар поездары - сағатына 140 км, рефрижераторлық поездар - сағатына 120 км, жүк поездары - сағатына 90 км.

275. Жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған желілерді, құрылыстарды, құрылғылар мен ғимараттарды тұрақты пайдалануға қабылдау комиссиялары қабылдауы тиіс.

Жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған құрылыстар мен құрылғылар олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейтін, еңбекті қорғауды және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құжаттама (техникалық-басқару актілері, жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар) бекітілген соң және осы құрылыстар мен құрылғыларға қызмет көрсетуші қызметкерлердің көрсетілген құжаттаманы білуін тексерген соң ғана қолданысқа енгізіледі.

276. С және Сп габариттері магистральдық темір жол желісін, теміржолдық кірме жолдарды, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалаған, салған, қайта жаңғыртқан кезде, екінші жолдарды электрлендірген және салған кезде, сондай-ақ бұрын аталған габариттерге келтірілген пайдаланымдағы барлық құрылыстар мен құрылғыларда сақталуы тиіс.

С мен Сп габариттерінің талаптарына жауап бермейтін қолда бар құрылыстар мен құрылғыларды қайта орналастыруды жоспарлаған кезде, бірінші кезекте, Тпр және Тц габариттерінің перспективалық жылжымалы құрамын, сондай-ақ зоналық габарит бойынша тиелген жүктерді өткізуді қамтамасыз етпейтін объектілер ескерілуі тиіс.

277. Кез келген жөндеу, құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізген кезде құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін бұзуға тыйым салынады.

278. Қос жолды желілердің аралықтарындағы түзу учаскелердің жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ден кем болмауы тиіс.

Үш және төрт жолды желілерде екінші және үшінші жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 5000 мм-ден кем болмауы тиіс.

Темір жол станцияларында (бұдан әрі - станциялар) түзу учаскелерде іргелес жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4800 мм-ден кем болмауы, екінші дәрежелі жолдар мен жүк аудандарының жолдарында 4500 мм-ден кем болмауы тиіс. Станцияларда бас жолдар шетте орналасқан қалыпта Ұлттық темір жол компаниясы басшылығының рұқсаты бойынша олардың арасындағы қашықтықты 4100 мм етуге жол беріледі. Жүкті тікелей вагоннан вагонға қайта тиеуге арналған жолдардың осьтері арасындағы қашықтықты 3600 мм етуге жол беріледі.

279. Аралықтар мен станцияларда қисық учаскелердегі іргелес жолдар осьтерінің арасындағы және жол осі мен құрылыстардың жақындау габариті арасындағы горизонтальдық қашықтықтар белгіленеді.

280. Ашық жылжымалы құрамға тиелген жүк (орамасын және бекітілуін ескергенде) Министрлік белгілеген тиеу габариттері шегінде орналасуы тиіс.

281. Көрсетілген габарит шегінде жүктің дұрыс орналастырылуын тексеру үшін жаппай тиеу орындарында (темір жол кірме жолдарында, теңіз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпалары орнатылады. Жолдың жанына түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габариті бұзылмайтындай етіп қойылуы және бекітілуі тиіс.

Жүктің (жол жұмыстарына арналып түсірілген балласттан басқа) биіктігі 1200 мм-ге дейін болғанда ол шеткі рельс бастиегінің сыртқы қырынан 2.0 м-ден жақын, ал биіктігі жоғары болғанда 2.5 м-ден жақын тұрмауы тиіс.

282. Темір жол жолының барлық элементтері (жер төсемі, үстіңгі құрылысы және жасанды құрылыстар) төзімділігі, тұрақтылығы және күйі бойынша поездың осы учаскеде белгіленген жылдамдықтармен қауіпсіз және жатық қозғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

283. Жол дистанцияларының, жол машиналары станцияларының және жол шаруашылығының басқа кәсіпорындарының орналасуы және техникалық жарақтандырылуы белгіленген жылдамдықтармен поездар қозғалысының берілген мөлшерлерін орындау үшін темір жол жолын, құрылыстар мен құрылғыларды күтіп ұстау және жөндеу, бойынша қажетті жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

284. Осы Ережелерде белгіленбеген құрылыстар мен құрылғылардың құралымына қойылатын талаптар, оларды күтіп ұстау және пайдалану тәртібін белгілейді.

285. Станциялар, разъездер мен озу пункттері алаңда тігінен орналасуы тиіс. Жекелеген жағдайларда олардың 0,0015-тен түзу емес, ал қиын жағдайларда 0,0025-тен түзу емес еңістерде орналасуына жол беріледі.

Аса қиын жағдайларда барлық үлгідегі разъездер мен озу пункттерінде, не болмаса Министрліктің рұқсаты бойынша маневр және локомотивті немесе вагондарды құрамнан ағытып алу және біріктірілген поездарды айыру көзделмейтін бойлық немесе жартылай бойлық үлгілегі станцияларда станциялық алаң шегінде 0,0025-тен артық емес еңістерге жол беріледі. Қолда бар станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарын ұзартқан кезде және вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсіз) өздігінен жүріп кетуіне қарсы шаралар қолдану шартымен Министрліктің рұқсаты бойынша 0,0025-тен артық, бірақ 0,010-нан түзу емес еңістерге жол беріледі.

286. Вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсіз) өздігінен жүріп кетуін болдырмау үшін станцияларда, разъездер мен озу пункттерінде вагондарды локомотивтен ағытып алу және маневрлік операциялар жүргізу көзделетін жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған қабылдау-жөнелту жолдарының шектеуші бағыттамалар жағына еңіске қарсы құрылғылары бар бойлық профилі болуы және оны жобалау нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.

287. Вагондардың өздігінен басқа жолдарға, поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына шығып кетуінің алдын алу үшін сақтандыру тұйықтарын, қорғау бағыттамаларын, лақтырғыш табандықтарды, лақтырғыш үшкірлерді, лақтырғыш бағыттамаларды орналастыру, сондай-ақ вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды қолдану көзделуі тиіс.

Станциялар, разъездер мен озу пункттері еңістерде орналасқан барлық жағдайларда белгіленген салмақ нормасындағы поездардың орнынан қозғалу жағдайлары және локомотивтердің қосалқы тежегіштерімен поезды ұстап тұру жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс.

288. Станциялар, разъездер мен озу пункттері, сондай-ақ жекелеген парктер мен тартымдық жолдар түзу учаскелерде орналасуы тиіс. Қиын қалыптарда оларды радиусы кем дегенде 1500 м қисықтарда орналастыруға жол беріледі. Аса қиын қалыптарда қисықтың радиусын 600 м-ге дейін азайтуға, ал таулы жағдайында 500 м-ге дейін азайтуға жол беріледі.

289. Бас және станциялық жолдардың, сондай-ақ темір жол ұйымына тиесілі кірме жолдардың жоспары мен профилі кезең-кезең құрал-сайманмен тексерілуі тиіс.

Жоспар мен профилді құрал-сайманмен тексеру, тиісті техникалық құжаттаманы жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ станциялардың масштабтық және схемалық жоспарларын жасау бұл жұмысқа жобалау институттарын, жобалау-ізденіс және жобалау-сметалық топтарды тарту арқылы Ұлттық темір жол компаниясына жүктеледі.

290. Жол дистанцияларында:

1) дистанцияда бар жол шаруашылығының барлық құрылыстары мен құрылғыларының сызбалары мен сипаттамалары, сондай-ақ тиісті стандарттар мен нормалар;

2) станциялардың масштабтық және схемалық жоспарлары, барлық бас және станциялық жолдардың, сұрыптау дөңестерінің, сондай-ақ локомотивтер жүретін темір жол кірме жолдарының бойлық профильдері болуы тиіс.

291. Сұрыптау, учаскелік және жүк станцияларындағы сұрыптау дөңестерінің, дөңес астылық және бейінді тартымдық жолдардың бойлық профильдері кем дегенде үш жылда бір рет тексеріледі. Барлық станциялардың станциялық жолдарының қалған ұзындығында профиль кем дегенде он жылда бір рет тексеріледі. Бас жолдардың бойлық профилі аралықтарда жолдардың күрделі және орташа жөндеу кезінде тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша профильдерді түзетудің нақты мерзімдері белгіленеді. Жолды қайта жаңғырту және жоспар мен профильдің өзгеруіне алып келетін басқа жұмыстар жүргізілетін жол учаскелерін жұмыс аяқталған соң жол дистанциясына, ал станцияларда сондай-ақ станция бастығына тиісті құжаттаманы беру арқылы жұмысты орындаушылар тексереді.

Станция аумағында жаңа объектілер салған, қолда барларын кеңейткен немесе көшірген кезде мұндай жұмыстарды орындаушы кез келген ұйым станцияның қолда бар тарамдарына объектінің байланыстырылуын белгілейтін орындаушылық құжаттаманы дереу жол дистанциясына және станция бастығына беруі тиіс.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет