Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»



бет5/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#130604
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 6. Маневрлерді жүргізу

 

181. Станциялық жолдардағы маневрлер тек бір ғана қызметкердің - станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша жүргізілуі тиіс.

182. Маневрлік жұмыс кезінде нұсқауларды берудің негізгі құралы радиобайланыс, ал қажетті жағдайларда екі жақты парк байланысы құрылғылары болуы тиіс.

Маневрлік жұмыс кезінде сигналдарды қол сигнал аспаптарымен беруге рұқсат етіледі.

183. Маневрлер жүргізіп жатқан локомотив, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам машинисіне маневрлер басшысының нұсқауын жеке өзінен, радиобайланыс, екі жақты парк байланысы құрылғылары бойынша немесе қол сигнал аспаптарымен берілетін сигналды алмастан локомотивті немесе өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды қозғалысқа келтіруге тыйым салынады. Маневрлер басшысының нұсқауынан немесе сигналынан басқа, орталықтандырылған маневрлік маршруттардың бағыттамаларына шығар алдында машинист маневрлік бағдаршамның рұқсат етуші көрсетуінің бар екендігіне көз жеткізуі, ал орталықтандырылмаған бағыттамаларға шығар алдында бағыттамалық қосын кезекшісінен бағыттамалардың маневрлік қозғалыстар үшін дайын екендігі туралы сигнал немесе хабарлама (жеке өзінен, радиобайланыс, екі жақты парк байланысы құрылғылары бойынша) алуы тиіс. Маневрлік бағдаршамдар болмаған кезде орталықтандырылған бағыттамаларға шығар алдында машинист станция бойынша кезекшіден бағыттамалардың маневрлік қозғалыстар үшін дайын екендігі туралы хабарламаны (жеке өзінен, радиобайланыс, екі жақты парк байланысы құрылғылары бойынша немесе маневрлер басшысы арқылы берілген) алуы тиіс.

Бағыттамалардың және сигналдардың электрлік орталықтандыруы бар станцияларда бағыттамаларды орталық басқарудан жергілікті басқаруға берген жағдайларда бағыттамаларға шығуға осы бағыттамаларды бұру жүктелген қызметкердің нұсқауы немесе сигналы бойынша рұқсат етіледі.

184. Маневрлер мына жылдамдықтармен жүргізіледі:

1) Сағатына 60 км-ден артық - бос жолдар бойынша автотежегіштері іске қосылған және сынап байқалған жалғыз локомотивтер және артына тіркелген вагондары бар локомотивтер қозғалған кезде;

2) Сағатына 40 км-ден артық - бос жолдар бойынша артына тіркелген вагондары бар локомотивтер, сондай-ақ жалғыз өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам қозғалған кезде;

3) Сағатына 25 км-ден артық - бос жолдар бойынша вагондарды алдына ұстап, сондай-ақ қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары қозғалған кезде;

4) Сағатына 15 км-ден артық - адамдары бар вагондармен, сондай-ақ бүйіргі және төменгі габаритті еместігі 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежедегі габаритті емес жүктермен қозғалған кезде.

5) Сағатына 5 км-ден артық - итермелеу маневрлері кезінде, дөңес асты паркте вагондар ағытпасы екінші ағытпаға жақындаған кезде.

6) Сағатына 3 км-ден артық - локомотив (вагондармен немесе вагондарсыз) вагондарға жақындаған кезде.

185. Жылжымалы құрамның вагон таразысы бойынша қозғалу жылдамдығы таразы конструкциясына қарай станцияның ТБА-да белгіленеді.

Ынтымақтастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол жөніндегі кеңесінің 1996 жылғы 5 сәуірдегі № 15 хаттамасымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған итермелегіш маневрлер мен жекелеген санатты жүгі бар вагондарды сұрыптау дөңесінен таратуды және рефрижераторлық вагондар мен секцияларды аса абайлықпен жүргізілуі тиіс.

186. Бас жолдарда немесе оларды қиып өту, сондай-ақ шығу бағыттамаларының арғы жағына шығып кету арқылы жүргізілетін маневрлерге, жолдарға кіруді қоршап тұрған тиісті шығу бағдаршамдары және маневрлер жүргізіліп жатқан бағыттамалар жабық болған кезде тек қана станция бойынша кезекшінің рұқсаты бойынша жол берілуі мүмкін.

Поезд диспетчерінің және көршілес станция бойынша кезекшінің келісімісіз және машиниске берілетін белгіленген рұқсатсыз құрамның станция шекарасынан дара жолды учаскелерде аралыққа және қос жолды учаскелерде бейімделмеген жолдар бойынша шығып кетуі арқылы жүргізілетін маневрлерді жүргізуге тыйым салынады. Құрамның станция шекарасынан қос жолды учаскелерде бейімделген жол бойынша шығып кетуі арқылы жүргізілетін маневрлерге поезд диспетчерінің келісімімен станция бойынша кезекшінің ауызша рұқсаты бойынша жол беріледі.

Кіру бағдаршамының діңгегінде станция осіне қарай арнаулы маневрлік бағдаршамы бар станцияларда маневрлер жасап жүрген құрамның станция шекарасынан шығып кетуі соның сигналы бойынша жүргізіледі.

187. Жылжымалы құрамның аралыққа және поездар жүретін маршруттарға кетіп қалу қауіпі бар еңістерде орналасқан станциялық жолдардағы маневрлер, вагондардың тежегіштерін іске қосу және сынап байқау, арқылы локомотивті еңіс жағынан қою арқылы жүргізіледі. Локомотивті еңіс жағынан қою мүмкін болмаған кезде мұндай жолдарда маневрлер шегіндіру арқылы жүргізілуі тиіс, ал вагондардың автотежегіштері іске қосылуы және сынап байқалуы тиіс.

188. Төменде көрсетілген жағдайдарда, итеріп маневрлер жүргізуге және дөңестен таратуға тыйым салынады:

1) жүкті алып жүрген жолсеріктері (командалары) бар вагондарды қоспағанда, адамдары бар вагондарды;

2) Ынтымақтастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол жөніндегі кеңесінің 1996 жылғы 5 сәуірдегі № 15 хаттамасымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жүктердің жекелеген санаттары бар вагондарды;

3) бүйірлік және төменгі габаритті емес 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежедегі габаритті емес жүктер және 3-ші дәрежедегі жоғарғы габаритті емес бар жүктер тиелген платформаларды және ашық вагондар, жүк тиелген тасымалдағыштарды;

4) жұмыс істемей тұрған локомотивтерді, моторвагонды жылжымалы құрамды;

5) рефрижераторлық поездардың құрамдарын, жолаушылар вагондарын, темір жолмен жүретін крандарды;

6) «Дөңестен түсіруге болмайды» деген трафаретті жазуы бар вагондарды және арнайы жылжымалы құрамды.

189. Көрсетілген жылжымалы құрам сұрыптау дөңесі арқылы тек маневрлік локомотивпен қана өткізілуі мүмкін.

190. 12 және одан артық осі бар тиелген және бос тасымалдағыштарды, тіркесте бір немесе екі аралық платформа болған кезде жүккөтергіштігі 120 т тіркес үлгісіндегі жүк тиелген тасымалдағыштарды, сондай-ақ «Дөңес арқылы өткізуге болмайды» деген трафаретті жазуы бар жылжымалы құрамды сұрыптау дөңесі арқылы өткізуге тыйым салынады.

191. Жылжымалы құрам станциялық жолдарда шектік бағаншалармен белгіленген шекарада орналастырылуы тиіс.

Станциялық жолдарда локомотивсіз тұрған поездардың құрамдары, вагондар және арнаулы жылжымалы құрам тежегіші табандықтармен, вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғылармен, қол тежегіштерімен жүріп кетуден сенімді бекітілуі тиіс.

192. Вагондар мен құрамдарды бекіту тәртібі станцияның ТБА-да белгіленеді.

Станцияда тұрған және жүк операцияларына тартылмаған және тазартуда, дезинфекциялауда және жөндеуде тұрған вагондардың есіктері жабылып тұруы тиіс.

193. Жүк тасымалдау ережелерінде және Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жүктердің жекелеген санаттары бар вагондар маневрлер жүргізген кезде қауіпсіз жүктері бар вагондардан немесе бос вагондардан құрылған қатты отынмен жұмыс істейтін паровоздан тиісті бүркемесі болуы тиіс.

Сұрыптау парктеріндегі жолдарда жинақталып жатқандарды қоспағанда, 1-сыныпты қауіпті жүктері (жарылғыш заттары) бар вагондар және сұйытылған газы бар цистерналар поездан тыс станцияда тұрған кезде ерекше жолдарға тұрғызылуы тиіс. Мұндай вагондар тіркелуі, жүріп кетпес үшін сенімді бекітілуі және алып жүрілетін тоқтау сигналдарымен қоршалуы тиіс.

Мұндай вагондар тұрған жолдарға апаратын бағыттамалар бұл жолға кіру мүмкіндігін болдырмайтын қалыпқа қойылады.

1-сыныпты қауіпті жүктері (жарылғыш заттары) бар вагондар және сұйытылған газы бар цистерналар сұрыптау парктеріндегі жолдарда жинақталып тұрғанда, Жүк тасымалдау ережелерінде, Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде және Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген сақтықтың ерекеше шаралары сақталуы тиіс.

194. Маневрлер жүргізіп жатқан локомотивтің қозғалысын олардың дұрыс орындалуы үшін жауапты болатын бір ғана қызметкер - маневрлердің басшысы (поездарды құрастырушы) басқаруы тиіс.

195. Маневрлер басшысы:

1) маневрлік жұмысқа арналған тапсырмаларды дәл және уақтылы орындауға;

2) маневрлерді жүргізуге қатысатын барлық қызметкерлердің дұрыс орналастырылуын және олардың алда болатын маневрлік жұмыс жоспарымен және орындау тәсілдерімен таныстыру негізінде олардың іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз етуге;

3) осы Ережелердің, тиісті нұсқаулықтар мен нұсқаулардың талаптарына дәл сәйкес етіп поездарды құрастыру;

4) маневрлік жұмысты қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлермен айналысатын қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Адамдары, габаритсіз және 1-сыныпты қауіпті жүктері (жарылғыш заттары) бар вагондармен маневрлік жұмыстарды ерекше сақтықпен жүргізуге міндетті.

196. Станцияларда жол тарамдарына, маневрлік жұмыс сипаты мен көлеміне қарай жолдар маневрлік аудандарға бөлінеді.

Аралық станцияяларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың немесе оның міндеттемелерін орындайтын қызметкердің басшылығымен жүргізілуі мүмкін.

197. Құрастырушы бригада немесе бас кондуктор қызмет көрсетпейтін локомотивтің маневрлік қозғалыстарын осы ауданда маневрлерді жүргізуді басқаруға құқығы бар қызметкер немесе оның нұсқауы бойынша сигналшы (бағыттамалық қосынның кезекшісі) басқарады.

198. Локомотив бригадасы маневрлерді жүргізген кезде:

1) маневрлік жұмысқа арналған тапсырмаларды дәл және уақтылы орындауға;

2) берілетін сигналдарды зейін қойып қадағалауға, қозғалу туралы сигналдар мен нұсқаулар дәл және уақтылы орындауға;

3) жолдарда жүрген адамдарды, бағыттамалардың қалыптарын және жылжымалы құрамның орналасуын зейін қойып қадағалауға;

4) маневрлерді жүргізу қауіпсздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

§ 7. Поездарды қалыптастыру



 

199. Поездар осы Ережелерге, қозғалыс кестесіне және қалыптастыру жоспарына толық сәйкес түрде қалыптастырылуы тиіс. Жүк поездардың салмағы мен ұзындығының нормалары бағыттар бойынша және әрбір учаске бойынша қозғалыс кестесінде және поездарды қалыптастыру жоспарында белгіленеді және локомотив үлгісіне, поездардың айналым учаскелеріндегі жолдың профиліне және осы учаскелердегі қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығына, ал электрлендірілген желілерде электрмен жабдықтау жағдайларына сәйкес болуы тиіс.

Алысқа қатынайтын және жергілікті жолаушылар поездарының салмағы мен ұзындығының нормалары және оларда вагондарды орналастыру тәртібі поездар қозғалысы кестесінің кітапшаларында көрсетіледі.

Поезға жылжымалы құрамды, сондай-ақ арнаулы жылжымалы құрамды қойған кезде оның салмағы мен ұзындығы поездар қозғалысы нормативтерінің кестелеріне сәйкес белгіленеді. Бұл кестелер поездар қозғалысы кестесінің кітапшаларында да беріледі.

200. Поездарға:

1) қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін және күйі тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етпейтін ақаулы вагондарды;

2) олардың жүк көтергіштігінен артық жүк тиелген вагондарды;

3) ашық жылжымалы құрамға жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарын бұза отырып жүк тиелген платформаларды және ашық вагондарды;

4) шашақтың қисаюына және рама мен вагон шанағының жүріс бөліктерін соғылуына алып келетін серіппегіштері отырып қалған вагондарды, сондай-ақ төбе жабындысы табақтарының ұшып кетуі қаупін тудыратын төбе жабындысының ақаулығы бар вагондарды;

5) қарап тексергенге және қозғалыс үшін жарамды деп танылғанға дейін, рельстерден шығып кетуі болған немесе күйреуге ұшыраған поезда болған вагондарды;

6) ерекше құжаттар бойынша (өз осьтеріндегі жүк ретінде) келе жатқан вагондарды қоспағанда, жөндеудің белгіленген түрлерінің жүргізілгендігі туралы трафаретті жазуы жоқ вагондарды;

7) габаритсіз жүктері бар платформаларды, тасымалдағыштарды және ашық вагондарды, егер мұндай вагондардың қатынауы туралы ерекше нұсқаулар берілмесе;

8) борттары жабылмаған платформаларды, бункерлері бекітілмеген вагондарды, жоғарғы және төменгі тиеу-түсіру құрылғыларының қақпақтары ашық цистерналарды, хопперлерді, астықтасығыштарды, цементтасығыштарды және осыған ұқсас жылжымалы құрамды;

9) есіктері мен люктері ашық немесе люктері бекіткіш механизмнің бір салмасымен ғана жабылған ашық вагондарды;

10) есіктері ашық және есік салмағымен жабылмаған бос жабық вагондарды, қос доңғалақтарының сырғанау беті битумнан тазартылмаған мұнай битумын тасымалдауға арналған вагондарды қоюға тыйым салынады.

201. Алысқа қатынайтын және жергілікті қатынастағы жолаушылар поездарына қызметтік-техникалық мақсаттағы тұтастай металл емес вагондарды тіркеуге жол беріледі.

Барлық жолаушылар поездарында бірінші және соңғы вагондарда шеткі бүйірлік есіктер жабық, ал өту алаңдары көтерілген қалыпта бекітілген болуы тиіс.

202. Жолаушылар және почта-багаж поездарына:

1) қауіпті жүктері бар вагондарды;

2) кезеңдік жөндеу мерзімдері өтіп кеткен немесе бірыңғай техникалық ревизия мерзімдері өтіп кеткен вагондарды қоюға тыйым салынады.

203: Жолаушылар поездарына (шапшаң жүретін және жүрдек поездардан басқа) жүк вагондары келесі жағдайда қойылуы мүмкін:

1) төрт осьті төбесі жабық;

2) сүт тасымалдауға арналған цистерналар;

3) автономды рефрижераторлық;

4) тірі балық тасымалдауға арналған.

204. Бұл ретте алысқа қатынайтын жолаушылар поезына біреуден аспайтын жүк вагонын немесе тірі балық тасымалдауға арналған қос вагонды секцияны, жергілікті және қала маңындағы қатынастағы поезға үшеуден артық емес вагонды тіркеуге жол беріледі.

Почта-багаж поездарына осы тармақта жолаушылар поездарына тіркеу үшін көрсетілген жүк вагондарына, сондай-ақ мамандандырылған вагондарға саны алты вагоннан аспайтын термостарды, рефрижераторлық бес вагондық секцияларды және рефрижераторлық секциялардың жекелеген вагондарын, жеңіл салмақты жүктерге арналған төбесі жабық төрт осьті вагондарды және тұтас металл вагондарды қоюға жол беріледі. Тіркелетін жүк вагондарының конструкциясы мен техникалық күйі және оларда жүктердің бекітілуі жолаушылар, почта-багаж поездарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз етуі тиіс.

Конструкциясы және үлгілері басқа жылжымалы құрам енгізілген жолаушылар және почта-багаж поездарының қозғалыс жылдамдығы осы жылжымалы құрам үшін белгіленген жылдамдықтардан асып түспеуі тиіс.

205. Жүк-жолаушылар поездарына қауіпті жүктері бар вагондарды, сондай-ақ сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған бос цистерналарды қоюға тыйым салынады. Ерекше жағдайларда жүк-жолаушылар поездарынан басқа ешқандай поездар қатынамайтын аз әрекетті учаскелерде қауіпті жүктері бар вагондарды (1-сыныпты «жарылғыш материалдары» бар вагондарды қоспағанда) қоюға жол берілуі мүмкін.

206. Жүк поездарын қалыптастыру вагондарды ось саны мен салмағы бойынша іріктеусіз жүргізіледі.

Ауыр салмақты және ұзын құрамды плездарды қалыптастыру кезінде бос вагондар поездың соңғы үштен бір бөлігіне қойылуы тиіс.

207. Құрама поездарда вагондар тағайындалған станциялары бойынша топтап іріктеледі, ал құрама-тарату вагондары бір топ етіп қойылады.

Моторвагонды жылжымалы құрам жөндеуге немесе жөндеуден келе жатқан кезде жүк поезының соңына бір топ етіп қойылады.

Қауіпті жүктері бар вагондар жүк поездарына Ынтымақтастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол жөніндегі кеңесінің 1996 жылғы 5 сәуірдегі № 15 хаттамасымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде белгіленген шарттарына сәйкес қойылады.

208. Қызметтік және жүктерді алып жүрген жолсеріктері (командалары) бар вагондарды қоспағанда, жолаушылар және адамдар отырған жүк вагондары жүк поездарына бір топ болып қойылады және олардың локомотивтен, рельстері, арқалықтары, білеулері және күрт дүмпулер мен тоқтаулар кезінде орнынан жылжып кетуі мүмкін осыған ұқсас басқа жүктері бар ашық жылжымалы құрамнан бүркемесі және поездың соңынан кем дегенде бір вагон болуы тиіс.

209. Адамдар таситын поездарға қауіпті жүктері бар вагондарды, сондай-ақ сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған бос цистерналарды қоюға тыйым салынады.

210. Жүк поездарына адамдар отырған вагондарды, сондай-ақ жүк поездарына адамдары бар вагондарды қойған кезде, нормативтік құқықтық актілерде көрсетілгендей жекелеген санаттар жүктері бар вагондарды қойған кезде олардың қауіпсіз жүктері бар немесе бос вагондардан тиісті бүркемесі болуы тиіс.

211. Аралықта жұмыс істеу үшін келе жатқан шаруашылық поездарында кондукторлардың және жұмыстар басшыларының жүруі үшін өту алаңдары бар вагондар қойылуы тиіс.

 

 

§ 8. Поездарда тежегіштерді қосу тәртібі



 

212. Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы жылжымалы құрамның тежегіш құралдарымен техникалық жарақталуына қарай мыналарды белгілейді:

1) жүк және жолаушылар поездары үшін салмағының әрбір 100 т-сына бірыңғай ең аз тежегіштік басуды және поездардың белгіленген барынша жоғары жылдамдықтармен қозғалуына жол берілетін ең жоғары басшылық көрсетілетін құламаны;

2) қозғалыс жылдамдығы, еңіс шамасы, тежегіштік басу және тежеу жолы арасындағы тәуелділіктерді;

3) жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы жылжымалы құрамның осіндегі тежегіш қалыптарды басудың есептемелік нормалары, поездарды қол тежегіштерімен қамтамасыз ету нормалары және тежегіш есептемелерді жүргізу үшін қажетті басқа деректерді.

213. Көрсетілген нормалар мен деректер поездардың қозғалыс кестесі кітапшаларында және нұсқаулықтарында беріледі.

214. Жолаушылар поездарында автотежеу жүйесіне жолаушылар үлгісіндегі автотежегіштері бар барлық вагондар, ал жүк және шаруашылық поездарында - жүк үлгісіндегі автотежегіштері бар барлық вагондар және арнаулы жылжымалы құрам енгізілуі тиіс.

Жолаушылар және почта-багаж поездары электр-пневматикалық тежеуде пайдаланылуы тиіс. Жолаушылар және почта-багаж поездарына РИЦ габаритті вагондары, сондай-ақ жүк үлгісіндегі тежегіші бар вагондар енгізілген кезде бұл поездардың пневматикалық тежеуде жүруіне рұқсат етіледі.

Барлық поездарда барлық локомотивтердің және паровоздар тендерлерінің (жұмыстық емес күйде келе жатқандардан, тежеудің бос режимі жоғын қоспағанда), сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамдардың автотежегіштері автотежеу жүйесіне енгізілуі тиіс.

Жүк және шаруашылық поездарына аралықтық магистралі бір, бірақ бір топта S осьтен артық емес, ал поезд соңында соңғы екі вагон алдында 4 осьтен артық емес жылжымалы құрам, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам қойылуы мүмкін. Соңғы екі вагонда іске қосылған түзу жұмыс істейтін автотежегіштері болуы тиіс.

215. Поездардағы автотежегіштерді сынау төмендегідей жүргізіледі:

1) толық, тежеу магистралінің күйін тексеру және барлық вагондардағы тежегіштердің жұмысын тексеру арқылы:

2) қалыптастыру станцияларында поезды жөнелту алдында;

3) локомотивті ауыстырғаннан кейін. Егер локомотивтердің айналым учаскесі 600 км-ден артық болса, бұдан басқа, локомотив бригадаларын ауыстыру жүргізілетін және вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті бар станциялардың бірінде жүк поездарының автотежегіштерін толық сынау жүргізілуі тиіс.

216. Моторвагонды поезда деподан немесе оны бригадасыз тоқтатып қоюдан кейін станцияда беру алдында;

1) созылмалы еңістері бар аралықтар алдындағы, поездың тоқтауы қозғалыс кестесінде көзделген станцияларда;

2) 0,018 және одан тік созылмалы еңістер алдында;

3) жүк поездарын шектес кепілдік жүру учаскелерін бөлетін станцияларда, локомотивті ауыстырмастан техникалық қызмет көрсету кезінде;

4) толық сынау тежелген күйде он минут ұстау арқылы жүргізіледі.

217. Электр пневматикалық тежегіштерді толық байқау жолаушылар поездарының қалыптастыру және айналым станцияларында стационарлық құрылғылардан немесе поезд локомотивінен жүргізіледі.

218. Тежеу магистралінің күйін тексеру арқылы соңғы екі вагонда тежегіштердің жұмыс істеуі бойынша қысқаша тексеру:

1) егер алдын ала станцияда сығымдағыш қондырғыдан немесе локомотивтен автотежегіштерді толық сынау жүргізілсе, поезд локомотивін құрамға тіркеген соң;

2) моторвагонды поезды басқару кабинасын ауыстырған соң және локомотив поездан ағытылмағанда локомотив бригадаларын ауыстырған соң;

3) поезд құрамындағы жеңдер ажыратылған сайын, құрамдағы шеткі кран жабылған соң, жылжымалы құрамды тіркеу салдарынан жеңдер жалғанған соң (соңғы жағдайда әр тіркелген вагонда тежегіштердің жұмыс істеуін тексеру арқылы);

4) жолаушылар поездарында поезд 20 минуттан артық тұрған соң, бас резервуарлардағы қысым 5,5 кгс/кв.см-ден төмен түскен кезде, басқару кабинасын ауыстырған кезде немесе бас кабинадан әрі қарай басқарудың мүмкін болмауына байланысты поезд тоқтаған соң аралықта басқаруды екінші локомотив машинисіне берген соң;

5) жүк поездарында, егер поезд тұрған кезде автотежегіштердің өздігінен іске қосылуы немесе ВУ-45 нысанындағыдан 20%-ға артық тығыздығы өзгерген болса;

6) жүк поездарында поезд 30 минуттан артық тұрған соң, вагондарды қарап тексерушілер немесе автотежегіштерді сынау жөніндегі операцияларды орындауға үйретілген және осы міндеттеме оларға жүктелген қызметкерлер болғанда.

219. Егер алдын ала станцияда электр пневматикалық тежегіштерді стационарлық құрылғылардан немесе локомотивтен толық сынау жүргізілсе, электр пневматикалық тежегіштерді қысқаша сынау локомотивтерді, локомотив бригадаларын ауыстыру пункттерінде әр тіркелген вагонда тежеудің жұмыс істеуін тексеру арқылы, сондай-ақ поезд локомотивін құрамға тіркеген соң жүргізіледі.

Тежегіштерді толық немесе қысқаша сынауды жүргізген соң, бұдан басқа, жүрген жолда тежегіштердің жұмыс істеуін тексеруді жүргізуі тиіс.

220. Жолаушылар поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен кезде вагондарды қарап тексерушілер көзделмеген станцияларда және аралықтарда тежегіштерді қысқаша сынауға жолаушылар поезының бастығы (механик-бригадир) және радиобайланыс бойынша берілетін машинистің нұсқауы бойынша вагондардың (бас, соңғы) жолсеріктері тартылады.

221. Поездағы тежегіштерді толық сынаған соң (егер алдын ала станцияда тежегіштерді толық сынау стационарлық құрылғылардан немесе локомотивтен жүргізілсе), вагондарды қарап тексеруші жетекші локомотивтің машинисіне поездың тежегіштермен қамтамасыз етілуі және олардың түзу жұмыс істейтіндігі туралы анықтаманы тапсырады. Поезға берілетін анықтамада соңғы вагонның нөмірі де көрсетіледі.

Моторвагондық поездарда автотежегіштердің әр толық сыналуы туралы арнайы кітапта жазба жасалады.

222. Автотежегіштердің әрбір қысқаша сыналуы кезінде вагондарды қарап тексеруші, ал бұл лауазым қарастырылмаған жерлерде станция бойынша кезекші, бас кондуктор немесе поездарды құрастырушы тежегіштер туралы анықтамада автотежегіштердің қысқаша сыналуы туралы белгі жасайды (құрамның болған өзгеруі туралы белгіні қоса алғанда).

Автотежегіштерді қысқаша сынау кезінде екі соңғы вагонда тежегіштер іске қосылмаған жағдайда, автотежегіштерді сынау жүктелген қызметкер поездың жөнелтілуін болдырмауға шара қолдануға міндетті.

Вагондарды қарап тексерушілер лауазымдары қарастырылмаған станцияларда жолаушылар поездарындағы автотежегіштердің жұмысын тексеруге вагондардың жолсеріктері, ал жүк поездарында - автотежегіштерді сынау бойынша операцияларды орындауға үйретілген қызметкерлер тартылады.

223. Поездардағы тежегіштерді басқару режимдерін (жылдамдық өлшегіш таспалардың мәнін ашу арқылы) тексеру үшін тежеуді сынау вагондары қолданылуы тиіс.

 

 

§ 9. Поездарды жарақтандыру және қызмет көрсету



224. Жолаушылар, почта-багаж, жүк-жолаушылар, әскери және адам таситын поездар өрт сөндіру, алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдарымен жабдықталады.

Жолаушылар поездарының құрамдары поезд машинсімен байланысу үшін радиостанциялармен жабдықталады.

225. Локомотивтер екі алып жүретін радиостанциямен, өрт сөндіру және жылжымалы құрамды жолға көтеру құралдарымен, қажетті сигнал аспаптарымен, құрал-саймандармен және басқа мүліктермен жабдықталуы тиіс.

Локомотив қос диапазондық немесе үш диапазондық радиостанциямен жабдықталған жағдайда локомотивте бір алып жүретін радиостанцияның болуы жеткілікті.

Локомотивтер және моторвагонды поездар, бұдан басқа, құрамды аралықта бекіту қажет болатын жағдайға арналған төрт тежегіш табандықпен жабдықталуы тиіс.

Өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам аспаптармен, құрылғылармен және мүліктермен жабдықталуы тиіс.

226. Поезға локомотив бригадасы немесе көлік режиміндегі өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды басқаруға арналған бригада қызмет көрсетуі тиіс. Жолаушылар поезына, бұдан басқа, вагондар жолсеріктері және басқа қызметкерлер қызмет көрсетеді.

Өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамға, бұдан басқа, осы жылжымалы құрамды оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жұмыс режимінде басқару және қызмет көрсету үшін тағайындалатын бригада қызмет көрсетеді.

Аралық станцияларда олармен маневрлік жұмыс жүргізілетін поездарда бұл жұмысқа басшылық жасау үшін бас кондуктор (поездарды құрастырушы) немесе кондукторлар (құрастырушылар) бригадасы тағайындалуы мүмкін. Шаруашылық поездарының аралықта қозғалуына басшылық етуді жұмыстар басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.

Локомотив бригадалары мен кондукторлардың айналым пункттерінде тынығуы үшін арнаулы жайлар болуы тиіс.

227. Қолданыстағы электровоздар мен тепловоздар поездың басына қойылады және оны машинист алдыңғы кабинадан басқарады. Бір басқару кабинасы бар тепловоздар және паровоздар алдыңғы жүріспен қозғалу үшін поездың басына қойылады.

228. Бүкіл айналым учаскесі бойынша екі немесе үш қолданыстағы локомотивпен жүретін поездарда поездың басына қуаттырақ сығымдағыштары (бу-ауа сорғылары) бар локомотив қойылады.

229. Екі және одан артық басқару кабиналары бар немесе көп бірліктер жүйесі бойынша жұмыс істейтін локомотивтердің маневрлік қозғалыстары үшін жергілікті жағдайларға қарай локомотивті басқарудың қозғалыс қауіпсіздігін және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртібін белгілейді.

Поездық жұмыспен айналысатын локомотивтер және өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам айналым учаскелері шегінде пайдаланылуы тиіс.

230. Бір кабинасы бар локомотивтердің және өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамның артқы жүріспен қозғалуына мына жағдайларда ғана жол беріледі:

1) қала маңындық, шаруашылық, қалпына келтіру, өрт сөндіру, берілме және жұмсамалы поездарда;

2) темір жол кірме және жалғағыш жолдарымен жүрген кезде;

3) маневрлер жүргізген кезде;

4) қосарлы тартым кезінде екінші локомотивпен келе жатқан кезде;

5) локомотивтерді бұруға арналған құрылғылар жоқ станциялардан поезды жөнелткен кезде;

6) итермелеген соң жөнелту станциясына поезбен қайтып келгенде;

7) поездарды бір пункттен екі бағытқа итермелеген кезде, сондай-ақ поездарды станциялар шегінде итермелеген кезде;

8) поезды қосалқы локомотивтің көмегімен аралықтан шығарған кезде;

9) вагондарсыз жүрген кезде.

231. Жұмыс істемей тұрған күйдегі жөнелтілетін локомотивтер мен өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам поездарға қоюға дайындалуы және оларға енгізілуі тиіс.

Жұмыс істемей тұрған күйдегі локомотивтер жетекші локомотивтің артына қойылуы мүмкін.

 

 

6. Поездар қозғалысы



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет