Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №213 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет2/9
Дата01.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#170011
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-тармақтың 4) тармақшасында жазылғандардан басқа (түпнұсқа және көшірмелер):

1) кеме иесінің кемені есептен шығару себебі көрсетілген өтінімі;

2) кемені есептен шығару себебін растайтын ресми құжаттардың көшірмесі (олар болған жағдайда).

44. Кеме иесі, Кеме қатынасы тіркелімінің сыныптамалық есебінде тұрған кемеге Кеме қатынасы тіркелімімен берілетін құжаттарда көрсетілген мерзімде кемені куәландыруға ұсынады.

45. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері, егер кеме немесе оның элементтері куәландыруға дайын болмаса, куәландыру жүргізбейді.

Мұндай жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері куәландырудан бас тарту себебін негіздеп актіде жазады, одан кейін актінің түпнұсқасы кеме иесіне (кеме иесінің өкіліне) немесе капитанға жолданады.

Актінің көшірмесі Кеме қатынасы тіркеліміне жіберіледі, ал басқа данасы Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің формулярына тігіледі.

46. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері куәландырудың барлық түрінде Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына сәйкес шешім қабылдауға өкілетті.



Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасымен регламенттелгеннен ауытқитын шешімдер Кеме қатынасы тіркелімімен келісіледі.

47. Навигация басталар алдында кеменің пайдалануға даярлығы жөнінде кеме иесінің тексеру туралы актісі кеменің ішінде сақталады.

48. Кеме элементтерін куәландыруға дайындау мен сынақтан өткізуге байланысты, кеме куәландыру алдында жүргізілетін барлық жұмыстар, сондай-ақ кеме элементтерінің (конструкцияның толық немесе жартылай бөлшектенуі, еден төсенішінің қаптамасы мен изоляцияны ашу, тозу және деформация параметрлерін, есептеулер мен өлшемдерді анықтау) техникалық жай-күйін анықтауға қажетті жұмыстар кеме командасының және/немесе кеме иесінің күшімен есебінен орындалады.

49. Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасында белгіленген талаптардан төмендетілген параметрлерге ие кеме иелері, кеменің сондай немесе басқа элементінің ақаулығын анықтауын Кеме қатынасы тіркелімінің осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет түріне берген Тану туралы куәлігі бар ұйымда жүргізеді.

50. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің ішінара жүргізген бақылау нәтижелері кеме иесінің ұсынған өлшеу нәтижелерінен өзгеше болған кезде

Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қажетті барлық өлшеулердің қайтадан жүргізілуін талап етеді.

51. Қазандардың сақтандырғыш клапандарын және қысымдағы ыдыстардың реттелуі мен пломбылануын кеме иесі орындайды.

52. Куәландырудың барлық түрлерінде кеме иесі және/немесе команда құрамы Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне бұрынғы және жүргізілетін куәландыру арасындағы кезеңде кеме элементтерінің істен шығуы, анықталған байқаулар, сондай-ақ осы кезеңде жүргізілген жабдық құрамын өзгерту және жөндеулер жөнінде хабарлайды, қажетті құжаттарды, бұрынғы куәландыру актісін, техникалық құжаттаманы және Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасында жазылғанын тексеру және кеме элементтерін сынақтан өткізу актілерін ұсынады.

53. Кеме иесі, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерін кеменің зақымдалуы туралы зақымдану болған қызмет шекарасын шұғыл хабарлайды және кемені куәландыруға ұсынады.

54. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері, егер, зақымдану көлік оқиғасына ұшырамаған, кеме пайдаланудан шығарылмаған және кемедегі ақаулар қысқа мерзімде түзетілуі мүмкін болған жағдайда, куәландыру жүргізбейді.

55. Жүзу ауданынан елеулі өзгешеленетін бассейндерде, көзделген сынып арқылы бір жолғы өтуге жататын кеме, осындай өтуге Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауымен, бір жолғы өту куәлігін ресімдеу арқылы кеме иесімен дайындалады.

56. Жолаушыларды тасымалдауға арналмаған кеме, орнықтылығы мен батпаушылығы жөнінде ақпарат болған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының талаптарына сәйкес осындай кемені арнайы қайта жабдықтау шартымен, кеме иесінің өтінімі бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің ұйымдасқан адамдар тобын (жұмыс орнына және кері қарай жеткізу) тасымалдауға жарамды болып танылады.

57. Кеме құжаттарына сәйкес жүк тасымалдауға көзделмеген кеме, егер, кеме иесі жүкті қауіпсіз тасымалдау мүмкіндігін растайтын және қосымша конструктивтік шараларды сипаттаудан, жүк бекіту әдістерінен, тиеу және түсіру жөніндегі нұсқаулығына толықтырулардан, сондай-ақ кеменің орнықтылығы мен батпаушылығы жөніндегі ақпараттан тұратын техникалық құжаттаманы ұсынған жағдайда, жүк тасу кемесі Кеме қатынасы тіркелімімен жарамды деп танылады.

58. Кеме қатынасы тіркелімінің Қағида талаптары қамтитын кеменің материалдары, бұйымдары мен конструкцияларына қатысты барлық өзгерістер, оларды жүзеге асырғанға дейін Кеме қатынасы тіркелімімен келісіледі.

59. Кеме сыныбы, кемеге оны сыныптау кезінде және кеменің конструктивтік ерекшеліктерін және қауіпсіздік талаптарынан туындайтын оны пайдалану жағдайын сипаттайтын шартты символдар жинағымен анықталады.

60. Кемелерді сыныптау су бассейндерін сыныптау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

61. Ішкі су бассейндері, кеме қатынасының теңіздік режимдегі сағалық учаскелерін қоса, олардың жел-толқын режиміне байланысты «Л», «Р», «О» және «М» разряды бойынша мына көрсетілген жағдайлардан туындап, сыныпталады:



1) «Л», «Р» және «О» разрядты бассейндердегі қамтамасыздығы 1%-дық тиісінше биіктігі 0,6, 1,2 және 2,0 м толқындарда 4%-дан артпайтын навигациялық уақыттың қосынды қайталануы (қамтамасыздығы) болады;

2) «М» разрядты бассейндердегі қамтамасыздығы 3%-дық биіктігі 3,0 м толқындарда 4%-дан артпайтын навигациялық уақыттың қосынды қайталануы (қамтамасыздығы) болады.

62. Кеме қатынасының теңіздік режимдегі сағалық учаскелері ішкі су жолдарының шекарасынан басталады. Осы учаскелерде Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасы мен кеме сыныбына сәйкес барлық типтік кемелерді пайдалануға рұқсат етіледі.

63. Қазақстан Республикасының ішкі су бассейндерінің тізімі олардың разрядтарына байланысты, сондай-ақ кеме қатынасының теңіз режимімен ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді пайдалануды жүзеге асыру және кемелерді пайдалану шарттары осы Қағиданың 6-қосымшасында келтірілген.

Көрсетілген су бассейндерінде, кемелерді пайдалану шарттары Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасымен белгіленеді.

64. Ішкі суда жүзетін кемелердің сыныбы формуласындағы негізгі символдар кеменің конструктивтік ерекшелігін және кеме жүзетін су бассейні разрядын анықтайтын «Л», «Р», «О» және «М» әріп тіркестері болып табылады.

65. «Өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің сыныбы формуласындағы негізгі символдар кеменің конструктивті ерекшелігін және теңіз аудандарында кеме жүзу жағдайларын анықтайтын «О-ПР», «М-ПР» және «М-СП» әріп тіркестері болып табылады.

66. Кеме сыныбының негізгі символына қолданылатын нормативтік толқын биіктіктерінің сипаттамасы осы Қағиданың 7-қосымшасында келтірілген.



67. Кеменің конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты сынып формуласындағы кеме сыныбының негізгі символы мынадай символдармен толықтырылады:

1) Кеме қатынасы тіркелімі немесе басқа танылған сыныптау қоғамының техникалық бақылауымен жасалған кемелер үшін негізгі символдың алдына қойылатын символ - «», « О»;

2) сыныптың негізгі символынан кейін тікелей пайдалану кезінде мүмкін болатын дәлдігі үтірден кейін бірінші белгіге дейін метрмен өлшенген толқынның биіктігі жазылады, « О 1,5».

Аса жүрдек кемелер үшін: глиссер, су асты қанатты кемелер (СҚК), су бетінде қалқып жүзетін кемелер (СҚЖК), сондай-ақ экранопландар үшін толқын биіктігі бойынша шектеулер бөлшек түрінде жазылады, алымында - қозғалыстағы кеменің су ығыстырғыштығы кезіндегі, ал бөлігінде - пайдалану режиміндегі толқынның биіктігі.

Бөлшектен кейін қозғалыс принципі бойынша кеме типі көрсетіледі, мысалы, « 1,2/0,8 глиссер», « О2,0/1,2 СҚК», «0 2,0/1,5 АТК», « 1,2/0,4 экраноплан»;

арнайы мұздық күшейтулері бар кемелер үшін толқын биіктігінің мәнінен кейін жақшаның ішіне алынып «мұз» деген сөз және Кеме қатынасы тіркелімінің кеме жобасын келісу кезінде сантиметрмен белгіленген ұсақ шағылған қысқы мұздың қалыңдығы жазылады, мысалы, « О (мұз 20)». Мұз жарғыштар сыныбының формуласына «мұзжарғыш» деген сөз енгізіледі;

автоматтандыру құралдарымен жабдықталған кемелер үшін Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасына сәйкес, осы тармақтың 1) - 3) тармақшасында көрсетілген барлық символдардан кейін «А» әрпі енгізіледі, мысалы, « О2,0 (мұз 20) А»;

5) егер кеме немесе оның жекелеген элементтері Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасына толығынан сай болмаған, пайдалану тәжірибесінде тексерілмеген, бірақ Кеме қатынасы тіркелімімен тәжірибелілік ретінде оларды зерттеу және тексеру мақсатында пайдалануға жіберілген болса, онда «» символдың алдындағы сынып формуласына «Э» символы енгізіледі, мысалы, «Э  О2,0 (мұз 20) А».

Тәжірибелік сыныбы бар кемені сынақтан өткізу, пайдалану және куәландыру нәтижелері қанағаттанарлық болған кезде «Э» символы формуладан алып тасталады.

68. Кеме қатынасы тіркелімі, сынып формуласына символды енгізуге негіз болған жағдайлардың өзгергені немесе бұзылғаны кезінде, сынып формуласындағы сол немесе өзгеше символды алып тастайды.

69. Кеме қатынасы тіркелімі алғашқы куәландыру кезінде кемеге сынып тағайындайды, растайды, қайтадан жаңартады немесе басқа куәландыру түрлерінде оны қалпына келтіреді.

70. Кемеге сынып тағайындау, қайтадан жаңғырту немесе қалпына келтіру кеме сыныбының формуласын көрсету арқылы кемеге берілетін сыныптау куәлігімен расталады.



Егер кеменің барлық элементтері Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын қанағаттандырса, ал табылған ақаулардың параметрлері рұқсат етілген шекте табылса, кеменің техникалық жай-күйі жарамды болып танылады, оған сынып тағайындалады, расталады, жаңартылады және қалпына келтіріледі және ол өзіне белгіленген сынып және мақсаты бойынша жүзуге жарамды болып танылады.

71. Үнемі осы разрядты бассейнде пайдаланылатын кеме сыныбы осы бассейн разрядынан төмен болмауы қажет.

72. Жағдайы жарамды ішкі суларда жүзетін кеме, конструкицясы, су үсті борты, жабдықтар, жабдықтаулар бойынша қосымша талаптарды, сондай-ақ жүзу ауданы, жел-толқын режимі, маусымдығы, мұз жағдайы бойынша шектеулерді орындаған жағдайда аса жоғары разрядты бассейнде дүркінді (жүйесіз пайдалану) жүзуге жарамды деп танылады.

73. Кеме қатынасы тіркелімі кеме иесінің өтінімі бойынша сынып формуласындағы сыныптың негізгі символын немесе кеменің типі мен мақсатын өзгерту қажет болған жағдайда кемелерге қайта сыныптау жүргізеді.

74. Кеменің сыныбын көтермелеу және/немесе кеменің типі және мақсатына байланысты кемені қайта сыныптауға дайындау жұмыстары Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес және оның техникалық бақылауымен жүргізіледі.

75. Есептеулер мен тексерулер сыныптау бойынша техникалық құжаттамаларды әзірлеу сәтінде қолданылатын Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына сәйкес орындалады және сыртқы жүктемелердің, техникалық сипаттамалардың (шөгу, су сыйымдылығы, су үсті бортының биіктігі), тасымалданатын жүк түрінің өзгеруіне байланысты жаңадан пайдалану жағдайына бейімделеді.

76. Кеме қатынасының тіркелімі сыныптау қызметін жүзеге асыру кезінде кеменің конструкциясы, оның элементтері және немесе қолданылған материалдары пайдалануда жеткілікті тексерілген деп танылмайды, Кеме қатынасы тіркелімі арнайы сынауларды жүргізуді ұсынады, кезеңдік куәландыру арасындағы мерзімдерді қысқартады, осы куәландыру көлемдерін ұлғайтады немесе кеменің пайдаланылу шартын шектейді. Шектеу пайдалану процесінде сынаудың қанағаттанарлық нәтижесін алғаннан кейін алып тасталады.

77. Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасымен көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, кемелерді, кемелік механизмдерді, құрылғыларды және техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді, ал бұрын Кеме қатынасы тіркелімімен берілген кемелердің пайдаланылуын рұқсат ететін құжаттар және сыныбы анықталған ескертулерді кеме иесі жойғанға дейін уақытша тоқтатылады.



 

Ішкі және аралас «өзен-теңіз»



суларында жүзетін кемелерді

сыныптау қағидасына 1-қосымша

 

 

Кеменің сыйымдылығын анықтау

 

Сыйымдылық деп, кеменің жалпы сыйымдылығы түсіндіріледі.

Ішкі суларда жүзетін кемелердің жалпы сыйымдылығы GТ регистрлік тоннада мына формуламен анықталады:

 

GТ = V /2,83,

 

мұндағы V - кеменің барлық жайларын өлшеу жолымен анықталатын, немесе мына формуламен есептелетін жалпы сыйымдылық, м3:

 

V = LВТσ + LВα (Н - Т) + ΣlbҺ,

 

мұндағы L және В - кеменің конструктивті ватерсызығы бойынша ұзындығы мен ені, м;

Н - борт биіктігі, м;

Т - кеменің құрылымдық ватерсызығы бойынша шөгуі, м;

σ - су сыйымдылығының толықтық коэффициенті;

α- конструктивті ватерсызығының толықтық коэффициенті;

l, b, һ - қондырманың немесе рубканың тиісті орташа ұзындығы, ені, және биіктігі, м.

Жалпы сыйымдылыққа басқару рубкасының, асхана, дәретхана, барлық жарық қоймалары мен шағын рубка сатыларының көлемі кірмейді.

Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің жалпы сыйымдылығы Кемелерді өлшеу жөніндегі 1969 жылғы халықаралық конвенцияның 1-қосымшасында мазмұндалған кемелерді өлшеу қағидасына сәйкес анықталады.

 

Ішкі және аралас «өзен-теңіз»



суларында жүзетін кемелерді

сыныптау қағидасына

2-қосымша

 

Нысан

 

 

Кеме қатынасының тіркелімі

20___жылғы «___» _________

 

ӨТІНІМ

 

_____________________________________________________________________________________________________________________

(ұйымның толық аты немесе кеме (объект) иесінің А.Ж.Т.)

Кеменің                    (объект)                  аты

_____________________________________________________________________________________________________________________

________ жоба _____________________________________________________________________________________________________

кеменің (объект) орналасқан жері ________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

(кеме (объект) иесінің заңды мекен-жайы)

_____________________________________________________________________________________________________________________

(кеме (объект) иесінің нақты мекен-жайы)

_____________________________________________________________________________________________________________________

кеменің немесе объектінің орындайтын жұмыс түрі

кемеге (объект)________________________________________________________________________________________ куәландыру жүргізу.

(куәландыру түрі)

Кемені (объект) куәландыру күні _________________________________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________________________________________________

Кеме (объект) иесі: ____________________________ _________________________________________________________________________

                                         (қолы)                                                                       (А.Ж.Т.)

орын.___________________

тел.____________________

 

Ішкі және аралас «өзен-теңіз»



суларында жүзетін кемелерді

сыныптау қағидасына

3-қосымша

 

 

Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылатын техникалық құжаттаманың типтік

 тізбесі

 

Төменде Кеме қатынасы тіркелімінің қарауына ұсынылатын техникалық құжаттама атауларының тізбесі келтірілген.

Осы типтік тізбемен Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға ұсынылатын техникалық құжаттама, Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға ұсынылатын техникалық құжаттаманың атауы тізбеде бекітілген.

Бұл тізбелер типтік болып табылады және кеме элементтері конструкциясының ерекшелігіне байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша жобалаушы ұйыммен кеңейтілуі немесе қысқартылуы мүмкін.

Келісу туралы мөртабандар «*» таңбамен белгіленген құжаттамаға және тізбеде көрсетілген барлық жұмыс құжаттамасына қойылады.

 

 

1. Кеменің техникалық жобасы

 

1. Жалпы жобалық құжаттар:

1) техникалық жоба құжатының ведомості;

2) жобаға түсіндірме жазба;

3)* сипаттама;

4)* Қағидамен регламенттелгеннен айрықшаланатын шешімдер тізбесі, егер олар, қажетті көлемде олардың негіздемелерімен жобаға жіберілсе;

5)* басты кеменің қабылдау сынағының бағдарламасы және әдістемесі (техникалық жобаны бекіткеннен кейін ұсынылады);

6)* жүк кемесіне арналған тиеу, түсіру және балластау бойынша нұсқаулық (жұмыстық жобалау кезінде жүктеме көлемін нақтылағаннан кейін ұсынылады);

7)* Орнықтылық және суға батпаушылық туралы ақпарат (жұмыстық жобалау кезінде жүктеме көлемін нақтылағаннан кейін ұсынылады);

8)* техникалық құралдарды, құрылғыларды және жабдықтарды бейнелеумен жалпы орналасудың сызбалары:

бүйірлік түрі;

су өткізбейтін қалқаларды, палубтарды, платформаларды көрсетумен бойлық тілік;

палубтардың, трюмдардың, көпірлердің, платформалардың жоспарлары;

9)* рульдік рубкадағы жабдықтардың жалпы орналасуы;

10) жарылыс және өртке қауіпті зоналардың және бөлмелердің орналасу схемасы (олар болған жағдайда);

11) кеме корпусының теоретикалық сызбасы;

12) жүктеме көлемінің және ауырлық орталығы бағытының, дифферент және жүктеменің әртүрлі жағдайлары үшін алғашқы орнықтылық есебі;

13) крендеу және аудару моменттерінің және жүктеменің әртүрлі жағдайлары (орнықтылық диаграммасы иығының есебін және басқа да ұқсас есептерді ұсынбауға болады) үшін крен бұрышы кестесімен статистикалық және динамикалық орнықтылықтың диаграммалары; жүктеменің әртүрлі жағдайлары үшін орнықтылықты тексеру; компьютерлік қосымша көмегімен есептерді орындау кезінде бастапқы мәліметтер кестесі;

14) компьютерлік қосымша көмегімен есептерді орындау кезінде бастапқы мәліметтер кестесі;

15) су үсті бортының есептері;

16) кемені басқару есебі, оның ішінде бүтіндей итеру құрамы;

17) жалпы сыйымдылық есептері;

18) жеткізуге куәлікпен немесе басқа Номенклатурға сәйкес ұқсас құжаттармен жататын комплектеуші бұйымдар және жабдықтар материалдарының ведомосі;

2. Корпус:

1) * мидель-шпангоут және жиынтықтың негізгі бөліктерімен корпустың көлденең қимасы;

2) * жиынтық кестесімен, кеменің жалпы иілуіне қатысушы корпус және қондырманың конструктивті сызбасы;

3) * корпусы ауыр жиектелген кемелер үшін сыртқы қаптаманы көру;

4) конструкцияны және корпус байланыстарының өлшемдерін таңдау бойынша есептер, компьютерлік қосымша көмегімен есептерді орындау кезінде бастапқы мәліметтер кестесі;

5) жалпы және жергілікті діріл есептері;

6) корпус элементтерінің беріктілік және тұрақтылық есептері (бір корпусты болат кемелер және ұзындығы 50 м жоғары катамарандар, корпусы жеңіл қоспалардан жасалған кемелер, су асты қанатындағы кемелер, әуе жастығындағы кемелер, корпусы пластмасса кемелер үшін);

7) компьютерлік қосымша көмегімен есептерді орындау кезінде бастапқы мәліметтер кестесі;

8) корпус беріктілігінің есептері (корпусы темірбетонды кемелер үшін);

9) кеменің көлденең беріктілігінің есебі (палубсыз жүк кемелері және регламенттен асатын В/Н қатынасты кемелер үшін);

10) қондырманың беріктілігінің есептері (үлкен терезе тіліктерімен жолаушлыар кемесі үшін);

11) люктік қақпақтардың беріктілік және негізгі бөлшектердің етектерінің есебі көрсетілген кемелердің люктік жабуларының жалпы түрі;

12) кеменің қызмет ету мерзімінің соңында корпустың жалпы беріктілік есебі;

13) мұзжарғыштардың мұздық беріктілік есебі.

3. Жабдықтар және оқшаулау бөлмесі:

1) кемеде қолданылған өңдеу, конструкциялық және ақпарат олардың қайда орнатылған жері, жану сипаттамасы, әрбір бөлменің еденінің 1 м алаңына жанатын материалдар саны көрсетілген оқшауланған материалдар туралы ақпарат;

2)* оқшаулау схемасы және бөлмелерді өңдеу.

4. Жалпы кемелік құрылғылар:

1)* сигналды және ажыратқыш құралдардың орналасу схемасы;

2) құрылғылар элементтерін және Қағида немесе осы элементтерді таңдауды негіздеудің есептерінің көмегі бойынша жабдықтауларын заттарын таңдау;

3) жаңа типті құрылғылардың жалпы орналасу сызбалары.

5. Энергетикалық қондырғы және жүйелер:

1)* басты және қосымша қозғалтқыштардың және жабдықтардың машина бөлмелерде, өтулер және шығулар көрсетілген орталық басқару посты бөлмесінде орналасуы;

2)* дейдвудты құрылғымен, жылжытқышпен, біліктермен және жалғаушы муфтылармен мойынтіректер;

3) мойынтіректің (оның ішінде иірмелі тербелістер), жылжытқыштың есебі және Қағида бойынша мойынтірек элементтерін таңдау;

4)* жүйелердің принципті схемалары (жұмыс параметрлерін, диаметрін көрсетумен, құбыр және арматура дайындалған материалдардың, құбыр қабырғасының қалыңдығы): салқындату, майлы, отынмен қоректендіру, жіберу ауасымен. Газды бұру (бөлімнің жалпы түрінде бейнелеуге рұқсат етіледі) бу құбыры, коденсатты - қоректік.

6. Жалпы кемелік жүйелер:

1)* жүйелердің принципті схемалары (жұмыс параметрлерін, диаметрін көрсетумен, құбыр және арматура дайындалған материалдардың, құбыр қабырғасының қалыңдығы): желдеткіштер, өрт сөндіру, құрғату, балласты, мұнай бар трюмді суларды жою, мұнай өнімдерін қыздыру, қосымша және палубтық тетіктердің гидропневможетегі, әуе, құю және өлшеу құбырларының, сығылған ауаның тұрмыстық қондырғылары;

2) кемелік жүйелердің есептері: желдеткіштер, өрт сөндіру, құрғату балласты, сығылған және жіберетін ауа.

7. Тоңазытқыш қондырғы:

1)* тоңазытқыш қондырғының жалпы орналасу сызбалары;

2)* тоңазытқыш агенттің, салқын тасығыштың, желдеткіштің, әуе салқындататын және су салқындататын жүйелерді, басқару, бақылау, сигнал беру және қорғау жүйелерінің принципті схемалары;

3) тоңазытқыш қондырғы бойынша негізгі есептер.

8. Осы қосымшаның 5 және 6-тармақтарда көрсетілген құжаттамаларға қосымша мұнай тасымалдауға арналған кемелерге қосымша ұсынылады:

1)* сорғы бөлмесіндегі жабдықтардың орналасу сызбалары;

2)* жүйелердің принципті схемалары: жүктік, тазалаушы, инертті газ, газ бұру.

9. Автоматтандыру:

1)* дистанционды басқару және постарды-автоматтандыру, басқару пульттарының негізгі құралдарының орналасуы;

2)* дистанционды басқарудың принципиалды және құрылымдық схемалары, автоматтандырудың және негізгі кемелік құралдардың және қорек көзі көрсетілген жүйелердің автоматты шақыру сигналдары (бұдан әрі - АШС).

10. Электр жабдықтар:

1)* негізгі және апатты көздерден электр энергияны таратудың принципті схемалары: күштік желілер, жарықтандыру (топтық қалқандарға дейін);

2)* басты және апатты таратқыштардың, басқару пульттарының  және типтік емес орындаулардағы таратқыш қалқандардың принципті схемалары;

3)* сәйкес электр жетектердің принципті схемалары;

4)* негізгі және апатты жарықтандырудың алғашқы желілерінің принципті схемалары;

5)* ажыратқыш және сигналды шамдардың принципті схемалары;

6)* қауырт және өрт сигналының принципті схемалары;

7)* басты тоқ тізбегінің, қоздырудың, басқарудың, сигналды бақылаудың, еспелі электр қондырғысын қорғау және блоктаудың принципті схемалары;

8)* өткізбейтін корпусты кемелер үшін жерлендіру схемалары;

9)* найзағайды бұру схемасы (кеменің жалпы түрінде келтірілуі мүмкін);

10) жүктеме режимдерінің кестесі және кеменің барлық режимінің жұмысын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ генератордың санын және қуатын таңдау негіздемесінің электростанциясының қуатына қажетті есеп;

11) кабельдер қимасы ауданының есебі;

12) қысқа тұйықталу тоғының және кернеудің өзгеру есебі;

13) шинаның, коммутациялық және басты таратқыш қалқанның қорғаушы аппаратураларының, қысқа тұйықталу кезіндегі (генератордың номиналды қуаты кезінде және 100 кВт жоғары параллель жұмыс істеуші генераторлар) динамикалық және термиялық тұрақтылыққа жауапты құрылғылардың кабельдерінің есебі;

14) нажағайдан қорғау есебі;

15) электр статикалық және гальваникалық ұшқын қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар тізбесі (мұнай тасымалдауға арналған кемелер үшін).

11. Байланыстар және навигация құралдары:

1)* радиобайланыс құралдарының, дауыс ұлғайтқыш байланыстарының  және трансляцияның, электррадионавигацияның, қызметтік телефондық байланыстың құрылымдық схемасы;

2)* радиорубкада, аппаратта жабдықтарды орналастыру сызбалары;

3)* антендардың орналасу сызбалары (кеменің жалпы түрінде көрсетілуі мүмкін);

4) антенн параметрінің және радиобайланыстың қашықтық есебі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет