Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011



бет2/20
Дата23.02.2016
өлшемі2.01 Mb.
#7158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Автожол саласы

Автокөлік инфрақұрылымының едәуір бөлігі нормативтік мерзім шегінен тыс пайдаланылады, басқасы осы мерзімге жақындайды, осыған байланысты көлік жұмысының кауіпсіздігі бойынша жағдай едәуір нашарлауда.

Қолда бар жол пайдалану техникасының жоғары тозушылығы; қалпына келтіру жұмыстарының жоғары капиталды қажет етуі; жол қызметінің жөндеуаралық мерзімін сақтау және республикалық маңызы бар автожолдарды дамытуды жеткіліксіз қаржыландыру; қолданыстағы автожолдар желісін техникалық параметрлерінің төмендігі (бірлікке түсетін жүктеме есебі, санаттары бойынша т.б.); екі жолақты қозғалысы бар жолдарда авариялық және қаза табу тәуекелінің жоғарлығы; жергілікті бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары деңгейінің төмендігі; 890 ауылдық елді мекенге қатты жамылғылы кіреберіс автожолдарының болмауы ескеріледі.


Азаматтық авиация

Азаматтық авиация саласындағы негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келмейтін өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі;

2) әуе кемелерін қабылдау-ұшыру үшін бірқатар өңірлік әуежайлардың ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі;

3) авиация персоналының, атап айтқанда ИКАО талаптарына сәйкес ағылшын тілінің 4-деңгейін меңгерген ұшу құрамының жетіспеушілігі болып табылады.

Ескіріп қалған өңірлік авиапаркті (АН-24, ЯК-40) шетелде шығарылған қазіргі заманғы әуе кемелеріне (Эмбраер, Бомбардье) ауыстыру қажет.

Жердегі инфрақұрылымның дамуы, оның ішінде әуежайларды қайта жаңарту, жердегі инфрақұрылымның материалдық-техникалық жарақталуы (ҰҚЖ, аэровокзал, арнайы техника және басқалар). Кейбір әуежайлардың ұшу-қону жолақтарының жай-күйі кауіпсіздік талаптарына толық мөлшерде жауап бермейді.

Кадр әлеуетін қалыптастыру.


Су көлігі

Су көлігі саласында порттық және қызмет көрсету инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, білікті отандық мамандар тапшылығы, кеме қатынасы шлюздерінің төмен техникалық жай-күйі, сауда флотының жеткіліксіз саны, мемлекеттік техникалық флоттың тозғандығы байқалады.

Осыған байланысты теңіз сауда флотын және теңіз операцияларын қолдау флотын сатып алу, мемлекеттік техникалық өзен флотын ауыстыру, Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жаңарту, Шүлбі шлюзінің қорғаныш гидротехникалық құрылысы, кеме қозғалысы мен теңізде құтқару операцияларын басқарудың мамандандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
Автомобиль көлігі

Елдегі экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламент бекітілді. Осы техникалық регламентте зиянды заттар шығарындылары бойынша Еуро экологиялық стандарты талаптарына сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын ел аумағына әкелуге және өндіруге тыйым салу белгіленген. Республика аумағында Еуро-2 экологиялық стандарттары 2009 жылғы 15 шілдеден бастап автокөлік құралдары бойынша және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап отын бойынша енгізілді.

Бұдан басқа осы шара қазіргі қолда бар автомашиналар паркін жаңарту үшін жағдай жасайды.

Саланың нормативтік-техникалық базасын үйлестіру шеңберінде экологиялық кауіпсіздік саласында 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасының 15 мемлекеттік стандарты әзірленгенін қосымша атап өткен жөн.

Нәтижелер көрсеткендей, 2012 жылғы қаңтар-ақпан кезеңінде техникалық байқауға 80 мыңға жуық автокөлік құралдары ұсынылды, соның ішінде автомобильдердің 30% техникалық байқаудан бірінші реттен өте алмады. Негізгі себептері тежеуіш жүйелерінің, жарық аспаптарының және автомобильдердің пайдаланған газдардың шығуы ақаулықтары болып табылады.

Бұл ретте 2011 жылдың көрсетілген мерзімінде жол полициясы органдарында 130 мыңнан астам автомобильдер тексеріліп, соның ішінде тек


7 % ғана ақаулы болып танылған.

Осылайша, техникалық байқаудың жаңа жүйесінің нәтижелері техникалық байқау сапасының және объективтілігінің арттырылуын көрсетеді.

2012 жылғы 25 ақпандағы жағдайға сәйкес республика бойынша
172 техникалық байқау желісі бар 75 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылды.

Аталған орталықтар мөлшерімен көлік құралдары паркінің 38 % қамтылды.

Қазақстандағы көліктердің 100 % техникалық байқаумен қамту үшін 2012 жылдың аяғына дейін 400 техникалық байқау желісі бар 200 техникалық байқау орталықтарын ашу жоспарлануда.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар.


  1. темір жол саласы:

жүк тасымалы көлемінің шикізаттың дүниежүзілік бағасының ауытқуына тәуелділігі;

саланың активтерін қысқартуға алып келетін тарифтерді ұстап тұру саясаты;

өнеркәсіп объектілерінің құрылысын шикізат көздеріне жақын жерде салу арқылы жүк тасымалына сұраныстың төмендеуі;

машина жасаудың әлсіз отандық базасы, тиісінше импортқа тәуелділіктің жоғары болуы;

2) автожол саласы:

Қазақстанның Еуразия құрлығының ортасында геосаяси орналасуы;

Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік дәліздердің Қазақстан аумағы арқылы өтуі;

жергілікті ресурстарды пайдаланудағы үлкен әлеует;

Ресей және Қытай көрші елдерінен Қазақстан транзитіне ықтималды қаупі (транзиттің Қазақстан аумағын айналып өтуі);

алдыңғы қатарлы техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу;

3) азаматтық авиация:

Қазақстанның әуежайлары негізінен Еуропаны Азиямен, Оңтүстік Шығыс Азиямен байланыстыратын әуе трассаларының жолында орналасқан, соның негізінде халықаралық әуе қатынастарын кеңейтуде және қазақстандық авиакомпаниялардың таяу және алыс шетелдерге ұшуларын ұлғайтуда елеулі әлеуеттің болуы;

Еуропаны Азиямен, Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын бірнеше баламалы халықаралық әуе дәліздерінің болуы;

инфляциямен салыстырғанда энергия тасымалдағыштардың ішкі бағаларының алға қарай өсуі мемлекеттік және жеке меншік көлік кәсіпорындары шығындарының және отын сатып алу шығыстарының өсуіне алып келеді;

Қазақстанға іргелес елдермен өз аумақтары арқылы транзиттік әуе қозғалысы ағындарын қайта бағыттау бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде, ол Қазақстанның транзиттік авиакөлік әлеуетіне қауіп төндіруі мүмкін;

4) су көлігі:

Қазақстан Республикасының Еуразия құрлығының ортасында геосаяси орналасуы;

Қазақстан аумағы арқылы Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік дәліздердің өтуі;

Каспий маңы мемлекеттерімен халықаралық-шарттық базасын кеңейту;

Каспий маңы елдері тарапынан жоғары бәсекелестігі;

контрагент-мемлекеттердің порт инфрақұрылымына тәуелділігі;

дүниежүзілік мұхитқа еркін шыға алмауы;

5) автомобиль көлігі:

басқа мемлекеттерде жасанды кедергілерді жасау арқылы көлік қызметтерін көрсетудің халықаралық нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың санын азайту;

халықаралық қатынастағы жүк және жолаушылар тасымалдары қажеттілігінің болуы;

шетелдік тасымалдаушылар тарапынан халықаралық автокөлік қызметтердің нарығындағы бәсекелестіктің болуы.

Ішкі факторлар:


  1. темір жол саласы:

негізгі құралдардың физикалық және моральдық жағынан айтарлықтай тозуы (инфрақұрылымдар мен жылжымалы құрам);

жылжымалы құрам паркінің тапшылығы;

әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалының шығындарын мемлекеттік бюджеттен субсидиялаудың толық емес көлемі;

негізгі жүк тасымалдаушылар өндірісі көлемінің төмендеуі, тиісінше жүк тасымалы көлемінің төмендеуі;

2) автожол саласы:

жеке өңірлерге автожолдар жалғыз көлік қатынасы болып табылады;

теміржол және су жолдарының төмен тығыздығы;

жол-көлік оқиғаларының жоғары деңгейі;

тауарлардың құнында биік көлік құрауышы;

3) азаматтық авиация:

авиаотын қымбат бағалы және отандық мұнай өңдеу зауыттарында оны жеткіліксіз өндіру авиациялық қызметтер құнының көтерілуіне алып келеді;

икемді тарифтік жүйесінің болмауы, мемлекеттік органдардың қызметтер құнын қатаң реттеуі әуежайларға толық көлемде әуежайларда техникалық, транзиттік қону үшін шетелдік ӘК тарту бойынша іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік бермейді;

өңірлік әуежайларда негізгі өндірістік қорлардың (ұшу-қону жолақтары мен терминалдар) тозуы және батыс өндірісінің әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған қазіргі заманғы арнайы техникалардың болмауы;

бюджеттік қаржыландыруды қысқарту;

4) су көлігі:

негізгі құралдардың моральдық және физикалық жағынан айтарлықтай тозуы;

су жолдары тығыздығының төмендігі;

жүктердiң дәстүрлi түрлерi (металл, дән) өндiруден тәуелдiлiгі, олар экспорттық қатынастарда Ақтау теңiз порты арқылы тасымалданады;

көліктің аралас түрлері инфрақұрылымының дамуы;

ішкі су жолдарының навигациялық кезеңге тәуелділігі;

5) автомобиль көлігі:

автокөлік құралдарының қатты тозуы және әлсіз техникалық жағдайы;

тұрғындар және елдiң экономикасының кәсiпорындарында тасымалдаулардағы биiк қажеттiлік;

басқарудың институционалдық құрылымдарының болуы және автокөлiктiң жұмыс жасауының нормативтiк - құқықтық базасының деңгейi;

автокөлiктiң жұмысы жасауының нарықтық тетіктері: тасымалдауларды жүзеге асыруға заңды және жеке тұлғалардың қолжетімділігі, еркін бағалары, тасымалдаушы арасындағы жолаушылар көлiгi маршруттарының конкурстық бөлу жүйесi.

2 Стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту


1. Дамудың негізгі параметрлері
Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы коммуникациялық ағыны орталығында орналасқан және ұлттық транзиттік ресурстарды іске асыруға қабілетті орасан зор көлік әлеуетіне ие. Осы бірегей геосаяси жағдайды пайдалану қажет. Нақты айтқанда, құрлықішілік тасымалдарды жүзеге асыру кезінде Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағытындағы бағыттардың көпшілігі өңірді айналып өту мүмкін емес, соның өзі ортаазиялық көлік дәліздерінің басымдылық жағын көрсетеді.

Соңғы жылдары Еуразия құрлығында халықаралық экономикалық байланыстардың жаһандану процесінің тереңдеуіне және Шығыс Азия мен Еуропа арасында жүк ағынының өсуіне байланысты «Ұлы Жібек жолын» жаңғырту – кешенді еуразиялық трансқұрылықтық көпірді құру өзекті мәселе болып отыр.

Оңтүстік Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ТМД және Еуропа елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын өзекті ету Қазақстанның экспорт-импорттық және транзиттік мүмкіндіктерін дамытудың маңызды факторы болып табылады. Сонымен бірге Орталық Азиядағы өңірді Қытаймен байланыстыратын жаңа көлік бағыттарын құру және экспортталатын қытайлық жүктердің бөлігін Таяу Шығыс және Еуропа бағытында Орталық-Азия магистральдарына қайта бағдарлауға мүмкіндік беретіндігіне үлкен үміт артылып отыр.

Маңызды факторлардың бірі басты серіктесі Еуропалық Одақ болып табылатын, сыртқы сауда айналымының ерекше жоғары қарқынын көрсетіп отырған Қытайдың қарқынды дамыған экономикасы (2006 жылдың қортындылары бойынша шамамен 1,7 трлн. АҚШ доллары көлемінде) болып табылады. Одан басқа Қытай Жапониядан, Кореядан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға тауар тасымалдауға мүдделі, бұл жерде бағыттардың үштен бір бөлігі біздің аумағымыздан өтеді, ол өз кезегінде транзиттен мол табыс алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 700 млрд. АҚШ долларын құрайды, кейбір болжамдар бойынша
2015 жылға қарай аталған көрсеткіш 1 трлн. АҚШ долларына, ал Қазақстан транзитінен түсетін табыс 2015 жылға қарай шамамен 1,1 млрд. АҚШ долларына жетеді деп болжануда (2007 жылы – 500 млн. АҚШ доллары). Жалпы алғанда Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия – Еуропа бағыттарындағы транзиттік ағымдар шамамен 330 – 400 млрд. АҚШ долларына бағалануда, бұл жерде осы ағымдардың 20 %-ы Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін.

Иран Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты порттарына, сонымен бірге Түркия мен ЕО нарығына шығатын жолдағы маңызды дәліз болып табылады және шетелдік жүк жөнелтушілерге транзиттік операцияларда Иран аумағын барынша кеңінен пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа көлік дәліздері мен инфрақұрылымдық объектілерді дамытуға барынша күш жұмсайтын болады.

Оңтүстік Азиядағы ең тұрақты нарық және басты жүк қабылдаушы мен жүк жөнелтуші Үндістан болып табылады, ол өнеркәсіп өндірісінің жедел қарқыны мен өндіріс саласындағы шетелдік инвестициялардың өсуіне байланысты болып отыр. Үндістан экономикасының жыл сайынғы өсімі шамамен 9-10 %-ды құрайды, үнді тауарларын АҚШ-қа экспорттау қазіргі кезде пайыздық арақатынасы Қытайға қарағанда барынша жылдам өсуде, бірақ көлемі жағынан біршама төмен, ал үнді экономикасындағы шетелдік инвестициялардың 2/3 бөлігі өндірістік салаға бағытталған.

Темір жол саласындағы құрылыс пен электрлендірудің барлық жобалары бірінші кезекте жаңа көлік дәліздерін құру, келешегі бар желілерді дамыту, жеткізу қашықтығы мен уақытын қысқартуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының трансқұрылықтық тасымалдарды жүзеге асыру саласындағы транзиттік әлеуетін дамыту көбінесе республика аумағындағы көлік дәліздері мен олардың тармақтарын дамытуға байланысты:

1) Еуропа – Кавказ – Азия халықаралық көлік дәлізі (бұдан әрі – ТРАСЕКА): негізгі бағыт Түрікменбашы порты – Сарыағаш – Достық арқылы, Ақтау – Достық тармағы (ұзақтығы 3 836 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі – 19 тәулік; 2007 жылы транзитпен 30 мың тонна, 2008 жылы –37 мың тонна, 2009 жылы–29 мың тонна, 2010 жылы –


24 мың тонна, 2011 жылы – 51,4 мың тонна тасымалданды).

2) Солтүстік – Оңтүстік дәлізі: Қазақстанның Ақтау теңіз порты учаскелерінде қатысуы арқылы - Ресейдің Орал өңірлері – Никельтау – Ақтау және кері қарай Солтүстік Еуропа – Парсы шығанағының елдері Ресей мен Иран арқылы (ұзақтығы 1 235 км, Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі – 7 тәулік; 2008 жылы транзитпен 11 мың тонна, 2009 жылы –


232 мың тонна, 2010 жылы - 17,6 мың тонна, 2011 жылы – 19,4 мың тонна тасымалданды).

3) Ортаазиялық дәліз: Сарыағаш – Өзіңкі, Өзіңкі – Сарыағаш (ұзақтығы – 2 147 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі – 11 тәулік;


2007 жылы транзитпен 1 137 мың тонна, 2008 жылы – 1 453 мың тонна,
2009 жылғы – 766 мың тонна, 2010 жылы - 987 мың тонна, 2011 жылы –
756 мың тонна тасымалданды).

4) Трансазиялық дәліз (солтүстік бағыт): Достық – Петропавл, Петропавл – Достық (ұзақтығы – 1 910 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі –10 тәулік; 2007 жылы транзитпен 111 мың тонна, 2008 жылы –


177 мың тонна, 2009 жылы – 72 мың тонна, 2010 жылы – 121 мың тонна,
2011 жылы –103,6 мың тонна тасымалданды).

5) Трансазиялық дәліз (орталық бағыт): Достық – Сарыағаш, Сарыағаш – Достық (ұзақтығы – 1 831 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі – 9 тәулік; 2007 жылы транзитпен 1 300 мың тонна, 2008 жылы –


1 834 мың тонна, 2009 жылы – 2 034 мың тонна, 2010 жылы – 1 828 мың тонна, 2011 жылы – 1 935 мың тонна тасымалданды).

2011 жылғы Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өткізілген контейнерлік поездар туралы ақпарат




тағайындалуы

саны

қатынас

жеке қалыптастырылған

358

Алматы – Алашанькоу

жеке қалыптастырылған

1

Алматы – Хайратон

жеке қалыптастырылған

96

Ақсу – Достық - Чиндао

жеке қалыптастырылған

5

Жетісу – Алашанькоу

Қазақстанға тағайындаумен

533

Ляньюньган – Алматы

Қазақстанға тағайындаумен

1

Ляньюньган – Астана

Қазақстанға тағайындаумен

21

Тяньцзинь – Алматы

Қазақстанға тағайындаумен

12

Находка – Локоть – Защита

Қазақстанға тағайындаумен

3

Чиндао - Достық - Алматы

транзиттік қатынаста

102

Находка – Локоть – Аблык

транзиттік қатынаста

5

Находка – Локоть – Галаба

транзиттік қатынаста

2

Находка – Локоть – Алматы 1

транзиттік қатынаста

41

Ляньюньган – Аблык

транзиттік қатынаста

1

Ляньюньган – Сіргелі

транзиттік қатынаста

4

Ляньюньган – Аламедин

транзиттік қатынаста

1

Ляньюньган – Сарыағаш - Чукурсай

транзиттік қатынаста

1

Чуньцинь – Черкесск

транзиттік қатынаста

14

Чуньцинь – Дуйсбург

транзиттік қатынаста

1

Чуньцинь – Антверпен

транзиттік қатынаста

48

Гамбург – Рига – Озинки – Галаба

транзиттік қатынаста

53

Гамбург – Ақтау – Галаба

Барлығы:

1303



2016 жылға қарай Қорғастан Ақтау теңіз портына дейін 1 200 км қашықтықты қысқартатын «Бейнеу-Жезқазған» темір жолын салу жобасын іске асыру жоспарланады. Жоба Қазақстандағы көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға себеп болады және бүгінгі күні Орталық Қазақстан өңірлері үшін осы жобаны іске асыру ең маңызды оқиға болып табылады.

Қазақстан аумағы арқылы 70 халықаралық әуе дәлізі өтеді. Халықаралық транзиттік әуе қатынастар желісі 1995 жылдан 2011 жылға дейін 5 мың км-ден 77 мың км-ге дейін ұлғайды. Алматы, Астана, Қарағанды және Атырау әуежайларында «EL AL» (Израиль) «KLM» (Нидерланды), «FedEx» (АҚШ) және т.б авиакомпанияларының Боинг-747 жүк тасымалдайтын тағы басқа әуе кемелері тұрақты түрде жанармай құюды жүзеге асырады.

Қазақстандағы ең ірі жоба Батыс Еуропа елдеріне шығу арқылы Қазақстан мен Ресей аумақтарымен өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансқұрылықтық автокөлік дәлізін ұйымдастыру жобасын іске асыру басталды. Жоба құрамында Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстаннан шығатын барлық дәліздерді қайта жаңарту көзделген. Бағыттың жалпы ұзақтығы 8 445 км, оның ішінде: Ресей бойынша – 2 233 км, Қазақстан бойынша – 2 787 км (2 552 км -қайта жаңғыртуға жатады), Қытай бойынша – 3 425 км құрайды.

Қорғастан Ақтау теңіз портына дейін 1 200 км қашықтықты қысқартатын «Бейнеу-Жезқазған» темір жолын салу жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба Қазақстандағы көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға себеп болады және бүгінгі күні Орталық Қазақстан өңірлері үшін осы жобаны іске асыру ең маңызды оқиға болып табылады.

Ақтау порты ТРАСЕКА, Солтүстік – Оңтүстік, Иногейт үш халықаралық көлік дәлізінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Каспий бассейнінің су қатынасында тасымалданатын жүктердің жалпы көлемі шамамен 30 млн. тоннаны құрайды. Бұл ретте Ақтау портының үлесі жиынтық соманың 38 % құрайды.

Әлемдік көлік жүйесіне интеграция халықаралық стандарттарды енгізуді, халықаралық дәліздерді дамытуды, басқа мемлекеттердегі ұқсас маршруттарға қарағанда ең жақсы жағдайларды жасауды, басқа да сауда-көлік проблемаларын шешуді және өз экспорттық, импорттық және транзиттік мүмкіндіктерін белсенді дамытуды қажет етеді.

Осы стратегиялық бағыттың стратегиялық мақсаты Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдардың көлемін ұлғайту болып табылады.

Бұл қажетті халықаралық нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруды, халықаралық стандарттарды енгізуді, халықаралық дәліздерді дамытуды, басқа мемлекеттердегі ұқсас маршруттарға қарағанда ең жақсы жағдайларды жасауды, барлық көлік салалары бойынша басқа да сауда-көлік проблемаларын шешуді және өз экспорттық, импорттық және транзиттік мүмкіндіктерін белсенді дамытуды қажет етеді.

Осы мақсатқа жету үшін негізгі міндет Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенін халықаралық көлік жүйесіне интеграциялау деңгейін арттыру болып табылады.

Осыған байланысты Министрлік халықаралық және субөңірлік ұйымдармен жұмысты үйлестіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.


2. Негізгі проблемаларды талдау
Халықаралық тасымалдардың әлемдік тәжірибесі көлік маршруттарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету тек қана техникалық проблемаларды шешумен ғана шектелмейтіндігін куәландырады. Маңызды мәні барлық мүдделі тараптармен халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша саясаттың болмауы, шекаралық өтпелдер арқылы жүктерді өткізу технологиясының жетілдірілмеуі, құқық саласындағы және т.б. ақпараттық қамтамасыз етудің жетіспеушілігі транзиттік жүк ағындарының жүру жолында физикалық емес кедергілерді жою болып табылады.

Қазақстанның қазіргі сауда серіктестерінің халықаралық стандарттары мен жүйелерінің көліктік инфрақұрылымның кейбір техникалық параметрлерімен сәйкес сауда-көліктік байланыстың дамуы мен өңірлік ықпалдастық жолындағы ерекше кедергі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық аумағында көліктік-коммуникациялық желіні теңгерімсіз орналасуы бірыңғай экономикалық кеңістіктің дамуымен халық ұтқырлығының өсімін кедергі келтіреді.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:


  1. Ұлы «Жібек жолын» жаңғырту – кешенді еуразиялық трансқұрлықтық көпірді құру;

  2. Оңтүстік Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ТМД және Еуропа елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын өзекті ету;

Ішкі факторлар:

  1. Қазақстанның экспорт-импорттық мүмкіндіктерін және ұлттық транзиттік ресурстарын іске асыру;

  2. Қазақстанның бірегей геосаяси орналасуы;

  3. қосымша халықаралық әуе дәліздерінің бар болуы;

  4. Қазақстандағы ең ірі жоба Батыс Еуропа елдеріне шығу арқылы Қазақстан мен Ресей аумақтарымен өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансқұрлықтық автокөлік дәлізін ұйымдастыру жобасын іске асыру;

5) Қорғастан Ақтау теңіз портына қашықтықты қысқартатын «Бейнеу-Жезқазған» темір жолын салу жобасын іске асыру.
3-стратегиялық бағыт. Мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған, қазіргі заманғы технологияларға негізделген қызметтерді, өндірістерді және АКТ инфрақұрылымын дамыту.
1. Дамудың негізгі параметрлері

АКТ саласын дамыту «болашақ экономика салаларының» аясындағы мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады, бұл оның қазіргі заманғы Қазақстан экономикасы үшін маңызды екенін көрсетеді.

АКТ ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтер және өндіріс салаларын қамтиды. Осы саланы дамыту байланыс технологиясының, телерадиохабар таратудың және ақпараттық технологиялардың туындауымен өзара байланысты, олар соңғы онжылдықта бүкіл әлемге байқалуда.

Осы саланы дамыту мақсатында Министрліктің алдында елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында АКТ-ны тұтынуды және қолдануды айтарлықтай ұлғайту, АКТ-дағы қазақстандық қамтуды ұлғайту міндеті тұр.

Телекоммуникация саласының үрдісі жоғары жылдамдықты оптикалы және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызмет ұсыну, сондай-ақ жергілікті телефон байланыстарын цифрландыру деңгейін көтеру болып табылады.

Байланыс операторлары жұмыс істеп тұрған қалалық талшықты-оптикалық инфрақұрылымның негізінде қалалық мультисервистік қолжетімділікті және Metro Ethernet көлік желісін құруды жүзеге асырады, ол ADSL негізіндегі Интернетке кең жолақты бұқаралық қолжетімділік (бұдан әрі - КЖҚ), қалалық жоғары жылдамдықтағы арналар сияқты жаңа қызмет түрлерін енгізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. CDMA 450 технологиясын пайдаланып, ауылдық елді мекендерді телефонизациялау және интернеттендіру үшін байланыс желісін салу жалғасуда.

Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары 3G үшінші буынның желілері Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында пайдалануға енгізілді.

Интернет желісіне қол жеткізу қызметін дамыту шеңберінде


2011 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Қазақстан Республикасының аумағында 4G төртінші буын байланыс желілерінің енгізу құқығын «Қазақтелеком» АҚ беру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2011 жылғы 27 тамыздағы хаттамасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ 1730-1785/1825,2-1880 МГц диапазонындағы 20 МГц беру шешілді.

Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы аумағында 4G стандартын енгізу үшін радиожиілік спектрін бөлу үшін біржолғы төлемді анықтау бойынша жұмыстар жүрзілуде.

Министрлік байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін радиоэлектрондық құралдардың және радиожиілік тағайындаулардың тізілімін тиімді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Телекоммуникациялық салаларды дамыту жөніндегі өткізіліп жатқан іс-шаралар елдің әр 100 тұрғынына есептегенде 2010 жылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

1) тіркелген телефон желісінің тығыздығы – 24,9;



  1. ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – 124;

  2. Интернет пайдаланушыларының тығыздығы – 31,6;

  3. жергілікті телекоммуникация желісін цифрлау деңгейі – 92 %.

Пошта байланысы саласында қызмет көрсету нарығының негізгі жеткізушісі ұлттық оператор болып табылатын «Қазпошта» акционерлік қоғамы болып қалады. Еліміздің барлық аумағын қамтитын 2800 пошта байланыс бөлімшелері қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Жазбаша-хабарларды жіберу секторында, ірі қалаларда баламалы жеткізгіш қызметтердің пайда болуы (жергілікті пошта байланысы) байқалады. Осы нарықта бәсекенің пайда болуы, дәстүрлі желілермен салыстырғанда неғұрлым қолжетімді хабарламалар, жарнама материалдарын жеткізу бойынша қызметтердің пайда болуына ықпал етеді.

Ақпараттандыру және әлемдік қоғамдастықтың тұтастыққа қозғалысы жағдайында еңбек мамандары нарығына сай жоғары білікті, кәсіби мамандарды даярлау қажеттілігі бар. Қазіргі заманғы қоғам мамандардың кәсіби дайындық деңгейіне қоятын талабы жоғары және шет елдермен ынтымақтастық аясының кеңеюі, сондай-ақ коммуникацияның жаңа құрал-жабдықтарының пайда болуы жағдайында басқа елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі туындайды.

Ақпараттық коммуникация саласында білім беруді дамыту мақсатында «Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті» акционерлік қоғамы (будан әрі АТХУ) АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз қызмет етуде.



Бұдан басқа «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура бойынша 4 жаңа мамандық ашылды, сонымен қоса Малайзия, Сингапур, Корея және Ресейдің жоғары оқу орындарының арасынан АТХУ үшін қосымша шетелдік әріптестерге іріктеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде трансұлттық АКТ компанияларымен бірігіп АКТ саласында бірнеше ғылыми-зерттеу зертханаларын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылы екі R&D зертханасы ашылды. Біреуі АТХУ базасында (open source) және екіншісі ҚарМТУ базасында (ақпараттық технологиялар).

2012 жылы ғылыми-зерттеу институты және/немесе Қазақстанның ЖОО базасында басқа да зертханалар ашу жоспарланып отыр.

Осы зертханалардың қызметін үйлестіру және АКТ саласында зерттеу қызметін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында салалық ғылыми-зерттеу институты құрылды, ол мынадай функцияларды іске асыру арқылы АКТ дамытудың өзекті бағыттарын анықтайтын және үйлестіретін болады: R&D қызметі, АКТ әзірлемелерін коммерциялау, АКТ мамандарын даярлау және қайта даярлау мәселелері, нормативтік құқықтық актілер бастамалары, салалық стандарттарды әзірлеу және жүйелеу, жабдықтарды, өнімдер мен қызметтерді сертификаттау, лицензияланатын қызметті және қызметтер сапасын бақылау, сала қызметін және жеке қызмет түрлерін, сараптамалық қызметті талдау, консалтинг және жобалар аудиті.

Ғылыми-зерттеу институты «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушы ретінде тіркелді.

Бұдан басқа «Ақпараттық технологиялар паркі» аумағында АКТ-кластерін құру жөніндегі жобаға бастамашылық жасалған. АКТ-кластері ғылыми-зерттеу кешенінің, бизнес орталығының, дата-орталығының, бизнес инкубациялау және дамыту институттарының АКТ-кластерінің жұмыс істеуі үшін басқа да қажетті функцияларымен себу қорының құрылысы көзделген 30 га ауданы бар аумақты алып жатыр.

Қазақстан Республикасында АКТ қарқынды дамытудың маңызды аспектісі мемлекеттің жоғарыда аталған саланың даму институттарын құру болып табылатынын атап өткен жөн.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі проблемалар:

1) Интернет желісіне кеңжолақты КЖҚ төмен қарқынмен дамуы;

2) үй шаруашылығындағы телефон байланысы және Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен елдің толық қамтылмауы;

3) ауылды елді мекендердің пошта байланысы бөлімшелерімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі;

4) халықты компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

5) АКТ құралдарының отандық өндірісі деңгейінің төмендігі және оның импортқа тәуелділігі;



6) ақпараттық коммуникациялар саласындағы басым мамандықтар бойынша талаптардың біліктілік анықтамалығының жоқтығы;

7) ІТ-білім беру халықаралық стандарттар және жаңа білім беру технологияларды трансферлеу мақсатында отандық жоғарғы оқу орындарының шетел унивеситеттерімен ынтымақтастықты дамыту деңгейінің төмендігі;

8) елдегі ақпараттық инфрақұрылымды құру үшін білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады.
3. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Ішкі факторлар:

1) телекоммуникация саласын дамыту, радиожиілік спектрінің шектеулі ресурстарын, нөмірлеу ресурсын пайдаланумен тікелей байланысты;

2) ұтқыр байланыс желісінің конвергенциясының дамуымен телекоммуникация қызметтері тіркелген желілермен жаңа қызметтер пайда болады;

3) тіркелген және ұтқыр байланыс нарығының дамуымен бірге олардың ақпаратты технологиялармен конвергенциясы негізінде қызметтердің жаңа түрлері пайда болуда;

4) қазіргі заманғы ақпараттық коммуникация құралдарының дамуы дәстүрлі пошта қызметтері түрлеріне тұтынушылар сұранысының төмендеуіне әкеп соқтырады;

5) ІТ-қызметтері нарығының негізгі кірісі мемлекеттік тапсырыс есебінен құралады;

6) Қазақстанда бағдарламамен қамтамасыз ету нарығында шетелдік өндірушілердің өнімі үстемдік ету жағдайына ие;

7) қазақстандық кәсіпорындар негізінен белгілі халықаралық өндірушілердің қондырғыларын өткізумен және компьютерлік техниканы жинаумен айналысады.

Сыртқы факторлар:

1) байланыс кәсіпорындарының кірісіне халықтың саны, орналасу тығыздығы және қозғалысы әсер етеді;

2) телекоммуникациялық нарықтың жағдайы еліміздегі экономикалық белсенділікке тікелей байланысты:

3) АКТ секторының импортқа тәуелділігінің жоғарылығы.


4-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу үдерістерін жетілдіру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, оның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар және тетіктер жасау.
1. Дамудың негізгі параметрлері
Бүгінгі күні АТ ақпараттық қоғамды қалыптастыруға арналған маңызды құрал болып табылады, ал мемлекет пен халық қатынастарындағы «өткізуші» «электрондық үкімет» болып отыр.

Бұл ретте мемлекеттік органдарда АТ-ны қолдану бірінші кезекте халыққа және бизнеске электронды нысанда қызмет көрсетуге, мемлекеттік органдардың ашықтығын және есептілігін жоғарылатуға бағытталған болуы керек.

Қазіргі уақытта халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызметтер ұсынудың жай-күйі мынадай деректермен сипатталады:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивті қызметтер көрсетеді (басшылық блогы, элекрондық мемлекеттік сатып алу, интерактивтік сауал және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге ауысуды жүзеге асырады;

2) «электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды, оның шеңберінде өнеркәсіптік пайдалануға 20 АT-ден астам жоба енгізілген;

3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін электрондық форматқа оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 9 қызметі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бір қызметі оңтайландырылды.

4) «электрондық үкімет» сәулетін құру және эталондық үлгілерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қызметтің 3 бағыты бойынша эталондық үлгілерді толтыру жүргізілді (еңбек қатынасы, әлеуметтік қамтамасыз ету, жер қатынастары). Эталондық үлгілерді толтыру және қызметтің басқа да бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталында қызметтердің саны 119, оның ішінде 77 мемлекеттік қызмет, мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мемлекеттік баж алымдарының 16 түрін, салық төлемдерінің 4 түрін төлеу, сондай-ақ Жол қозғалысының ережесін бұзғаны үшін айыппұлдары төлеу. Бұдан басқа, порталда 2 000 астам ақпараттық қызметтер қолжетімді.

Қызметтерді пайдаланушылардың саны 2009 жылмен салыстырғанда
5,6-дан 590 мың адамға көбейді. Берілген анықтамалардың саны 50 мыңнан
8,3 млн-ға дейін өсті. Портал арқылы 19,5 млн. теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізілді.

2011 жылы Қазақстанның қалалары мен аудандарында «электрондық үкімет» және «электрондық қызметтер» тақырыбы бойынша оқу семинарлары өткізілді. 64475 адам оқытылды. Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларының сауда орталықтарында халыққа кеңес беруге қолдау көрсетілді, орташа алғанда 19 276 адамға кеңес берілді.

5) «Е-лицензиялау» (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ) ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2011 жылы осы жүйе
20 орталық мемлекеттік лицензиар органында, 79 аумақтық лицензиарда (ТМҚА, ДА, ІІМ, ККМ) 16 жергілікті атқарушы органының 8-інде енгізілді.
«Е-лицензиялау» МДҚ арқылы қалыптасқан электрондық лицензиялардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге көбейді және 3905 электрондық лицензияны құрады.

Қағаз лицензияны электрондыққа теңестіретін «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 Заңына түзетулер қабылданды;

6) орталық мемлекеттік органдардың құжаттарын қағаз тасығышта қайталамай электрондық құжат айналымына көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде;

7) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы азаматтардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына электрондық өтініш беру жүйесі құрылды.

8) электрондық әкімдіктерді дамыту шеңберінде «Е-әкімдік» өңірлік шлюзі» жобасы 20 мемлекеттік қызметті автоматтандыру мүмкіндігімен іске асырылады. 2010 жылы жоба пилоттық аймақтың 4 әкімдігінде, ал
2011 жылы жоба Астана қаласын қоспағанда қалған әкімдіктерге таратылды.

Қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚО) қызметін жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. ХҚО-ның жұмыс істеуіне қажетті нормативтік база құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету бойынша рәсімдер жеңілдетілді, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша оң үрдіс бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерді ақпараттық қамтамасыз етудің толыққанды жүйесі бар ХҚО-ға көшіру, ХҚО кадр құрамының біліктілік деңгейін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингісінің бірыңғай құралын жасау және оның жұмыс істеуі мен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешу қажеттігі туындайды.

Азаматтарға және бизнеске қызметтер көрсету үдерісін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде ХҚО қызметін ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы органдардан ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беруді Мемлекет басшысы қолдады. Осыған байланысты ХҚО мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын орындау мақсатында Министрлік 2012 жылы Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды қалаларында 4 мамандандырылған ХҚО және 2013 жылы қалған өңірлерде ашу көзделген Іс-шаралар жоспарын (жол картасы) әзірледі.

Осы мамандандырылған ХҚО «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қажетті жағдай және инфрақұрылым жасай отырып, автокөлік құралдарын тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін болады.

Аталған ХҚО-ға халық жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және тәжірибелік емтихандар тапсыра алады, нөмірлік агрегаттарды салыстырып тексеру, жүргізуші куәлігін алу, міндетті техникалық байқаудың өткені туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін алады.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың есебінен халықтың ұсынатын құжаттарының тізімі қысқарады, қажетті деректер іске қосылған мемлекеттік органдардың деректер базасынан электрондық форматта алынатын болады.

Бизнес үдерістің өзгеруінің есебінен жүргізуші куәлігі бойынша да, автокөлік құралдарын тіркеу/қайта тіркеу бойынша да қызмет көрсету уақыты едәуір қысқарады, бұдан басқа аталған шаралардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендетуге әкеледі.

Бұдан басқа ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Министрлік компьютерлік қақтығыстарға мемлекеттік деңгейде қарсы іс-қимыл мәселелерін, атап айтқанда Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымына бірігетін ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеу есебінен реттеуде.

Интернеттің қазақстандық сегментін дамытуға КЖҚ енгізу, дата-орталықтар құру, «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін электрондық қызмет көрсетулерді көбейту, мемлекеттік органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызы бар интернет-ресурстар құру (балалар мен жасөспірімдер үшін) ықпал етеді.

Қазіргі уақытта веб-хостинг қызметтеріне сұранысты, деректерді бастапқы және резервтік сақтауды және сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен шығуды қамтамасыз ету мақсатында есептеу орталықтарының (бұдан әрі – дата-орталықтары) дамуын күшейту қажет. Дата-орталықтары инфрақұрылымының болуы, Қазнетті, электрондық коммерцияны, электрондық қызметтерді және «электрондық үкіметті» дамыту үшін базалық шарт болып табылады.



Деректер алмасу кезінде мемлекетаралық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы Кеден одағы шеңберінде ақпарат алмасу үшін мемлекетаралық шлюзді (Кеден одағының сыртқы және өзара сауданың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегменті) құру қажеттігі туындайды.

Жүйе Кеден одағының кедендік аумағында экономикалық ықпалдасуды дамыту және ықпалдастырылған ақпараттық ресурстарды қолданудың нәтижесінде сыртқы және өзара сауданың экономикалық көрсеткіштерін жақсарту секілді оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ол үшін Кеден одағының сыртқы және өзара сауданың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегментін құру, сондай-ақ ұлттық сенімді үшінші тарапты құру қажет.



2. Негізгі проблемаларды талдау
Электрондық қызмет көрсетуді және «электрондық үкіметті» дамытуды тежейтін негізгі проблемалар:

1) ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің, ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың ресурстарының қорғалуы деңгейінің төмендігі;

2) электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік органдардың бизнес-үдерістерін автоматтандырудың төмен қарқыны;

3) электронды нысанда «бір терезе» қағидасымен мемлекеттік қызмет көрсетулер деңгейінің жеткіліксіздігі;

4) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің жеткіліксіз дамуы;

5) хостинг қызметін көрсету үшін дата-орталықтар инфрақұрылымының толық дамымағандығы.


3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Ішкі факторлар:

1) мемлекеттік қызмет көрсетулерді электрондық нысанда ұсыну үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін дамыту;

2) ақпараттық коммуникация саласында білім беру қызметтеріне сұранысты тұрақты арттыру;

3) электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді және «электрондық үкіметті» алға жылжыту;

4) халықаралық интернет адресацияны енгізу (.қаз).

Сыртқы факторлар:

1) ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамытудың жедел қарқыны;

2) ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға қарай жылжу;

      3) халықаралық нарықта IT-мамандар даярлаудағы жоғары бәсекелестік;

4) өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйесін хостингтеу үшін серверлік тұғырламаны дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет