Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады



жүктеу 0.75 Mb.
бет1/4
Дата26.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4



Мазмұны

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------4


1. Қорларды жіктеу және бағалау -------------------------------------------------------6

1.1 Қорлар жайлы түсінік ----------------------------------------------------------------6

1.2 Қорлардың жіктелуі -------------------------------------------------------------------8

1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ------------------13

1.4 Қорларды бағалау әдістері ---------------------------------------------------------18
2. Қорлардың есебі -----------------------------------------------------------------------21

2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС -------------------------------------------------------------21

2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ------------------------------------ 27

2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі ---------------------------------------30

2.4 Материалдық қорларды түгендеу ------------------------------------------------33
3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау -----------------38
Қорытынды --------------------------------------------------------------------------------47
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------49
Қосымшалар -------------------------------------------------------------------------------50
Кіріспе

Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.

Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.

ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде «Тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі және аудиті» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебін теориялық жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.

Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.

Қаржы және есеп жұмысының көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.

Шаруашылық тауарлы-материалды құнды бұйымдардың есебін бекітілген нұсқаулықтар, ұсыныстар бойынша жүзеге асырады. Жалпы алғанда материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес құжаттармен жабдықталады.

Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.



1. Қорларды жіктеу және бағалау

1.1 Қорлар жайлы түсінік

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:



  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

  2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.

  4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

  5. Мтериалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

  6. Дйындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

  • тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;

  • материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.

Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:



  • материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;

  • құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;

  • біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
1.2 Қорлардың жіктелуі

Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:



  • шикізат;

  • негізгі материалдар;

  • көмекші материалдар;

  • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.

Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.

Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатрына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнімдер», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай босалқылар», 1360 «Босалқыларды есептен шығару резерві».

1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар» шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.

1312 «Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.

1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.

1314 «Қосалқы бөлшектер» жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.) аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады.

1315 «Өзге материалдар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. алынады.

1316 «Өңдеуге берілген материалдар» шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.

1317 «Құрылыс материалдары» құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады.

Мысалы, «Шығыс» ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1 дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасасқаннан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800000 теңге және түсіру шығыны (Түсірушәлердәі жалақысы – 300000 және әлеуметтік - 56700-(300000-300000*10%*21%)=356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймадасақтау шығыны 630000теңге құраған. «Шығыс» ААҚ теріне өңдейтін тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген. Нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.

Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм2-ты 127,84 теңге құраған:



  • сатып алу бағасы -   2758624 теңге (ҚҚС қоспағанда);

  • көлік-дайындау шығындары (КДШ) - 1156700 теңге (800000+356700);

  • сақтау шығындары - 630000 теңге «сақтау шығыны өзіндік құнға енгізілуі мүмкін, егер олар қойманың тұрған жеріне дейін жеткізіп берсе ғана).

Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкін. Тек осындай өнімді басқа кәсіпорны 90 теңгеден емес, онық бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан «Шығыс» ААҚ-на да сол бағадан сатуына тура келген.

Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.

1-кесте Қорлар бойынша шоттардың корреспонденциясы

Рет №

Шаруашылық операцияларының мазмұны



Сома, мың теңге

Шоттардың корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1

ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға аванс берілген

3200004

2910

1040

2

Жабдықтаушыдан сары тері алынды:

  • материалдардың құнына



  • ҚҚС-ның сомасына

2758624
441380


1310


1410

3310


3310

3

Тасымалдау шығындары өтелді
Сақтау шығыстары төленді


800000
630000


4240

4240


1040

1040


4

Сары теріні алумен байланысты шығыстары материалдық құнына қосылды:

  • тасымалдау шығысы




  • артып-түсіру бойынша кеткен шығыстары



  • сақтау шығыстары

800000


356700

630000


1310
1310


1310

4240
3350,3140


4240

5

Жабдықтаушының қарызын өтеуге бұрындары берілген авансы зачет жасалды

3200004

3310

2910


6

Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есптен шығарылды. Өзіндік құны 4545324 теңге болған. Таза сатылған құны 2300447(355555,6*64,7) теңге құраған (ҚҚС қоспағанда). Материалдардың өзіндік құны оларды алумен байланысты шығыстарын қоспағанда 2758624 теңге құраған. Таза сатылған құны мен материалдардың өзіндік құнының арасындағы айырмасы 458177 теғге құраған (2758624-2300447).

458177



7450


1310



1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау

Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және номерін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторған немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхатты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалдарды тұрақты алып тұратын экспедиторға береді. М-2А түрлі «сенімхат» алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа қызметкері М-2А түрлі «сенімхатты» алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.

Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (дана) етіліп «тауар-көлік жүкқұжаты» толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

Жүргізуші тауар-көлік жүк құжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады.

Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес тұрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.

Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Матиалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 «кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы «уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар» деп аталатын шотта есептелінеді.

Матриалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материлдарды босату (ішкі ауыстыруды) «талап ету жүк құжаты» бойынша босатылады.

Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) « талап ету жүк құжаты» екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтардің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.

Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-15Аматериалдарды босатуды (ішкі ауыстыруларды) «талап ету жүк құжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырады.

Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт толтырылады.



Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылаты материалдық құндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өнідіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін лимиттік-заборлық (шектеу картолары) карталарды қолдануға болады. Лимиттік-заборлық картаның үлгілі түрі М-8 бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын, ол материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептен шығарады. Лимиттік-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Лимиттік-заборлық картаның негізіне сүйене отырып өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Лимиттік-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Лимиттік-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі лимиттік-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады. Қоймашы лимиттік-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты (күні, айы, жылы) мен олардың санын номенклатуралық номері бойынша жазады. Содан кейін лимиттік-заборлық картаның цехтағы данасына қомашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланған жағдайда толтырылатын алғашқы құжаттардың санын азайту үшін қоймада босатылатын материалдарды тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін деқолдануға болады. Бұл жағдайда материалдарды қоймадан босатуға ешқандай құжат жазылмайды. Лимиттік-заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі – М-17. Цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды да, ал қоймашы цехтың лимиттік-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ лимиттік-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе лимиттік-заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс. Бұл жағдайда лимиттік-заборлық картаны қоймалық есептің тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитті пайдаланып болғаннан кейін қоймадағы лимиттік-заборлық картаның қорытынды дерегі лимиттік-заборлық картаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл лимиттік-заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.

Айдың аяғында лимиттік-заборлық картада көрсетілген материалдардың пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан барлық лимиттік-заборлық карталар бухгалтерияға тапсырылады.

Құрылыс ұйымдарында көбіне лимиттік-заборлық картаның М-28 және М-28А номірлі үлгілі түрлеріқолданылады. Үлгілі түрі М-28 нөмірлі лимиттік-заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа ол құрылыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін босатуға арналған. Лимиттік-заборлық картаның бұл түрі құрылыс жұмысына жүргізуші прорабтар немесе мастерлер т.б. жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады.

1.4 Қорларды бағалау әдістері

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:



  1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі

  2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

  3. ФИФО әдісі

  4. ЛИФО әдісі

Арнайы сәкестендірілген есептеу әдісі

Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есетпеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі

ФИФО есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы тізімі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың бағасымен бағаланады.

ЛИФО әдісі

ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Өндіріске жұмсалынған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А – түрлі материалдар тобы

2-кесте. Қорларды бағалау әдісі






Саны (дана)

Бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)

А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы

50

100

5000

Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар

1-Топтамада

2-Топтамада

3-Топтамада

4-Топтамада

5-Топтамада


100

80

90



100

70


110

120


130

140


150

11000

9600


11700

14000


10500

Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы




440

---

56800

Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы




490

---

61800

Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені

ФИФО әдісімен бағалағанда

250




28200

ЛИФО әдісімен бағалағанда

250




34900

Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы

ФИФО әдісімен бағалағанда

240




33600

ЛИФО әдісімен бағалағанда

240




26900

Бұл кестеден көріп отырғанымызда йшығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны бойынша есептелінеді.

ФИФО әдісі бойынша:

Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.

ЛИФО әдісі бойынша:

Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 дана материалдардың сомасы 11700 теңге, 80 данасы сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.

Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қордың сатып алынған құны мен дайындау-тасымалдауы шығындарының қосындысынан тұрады.


  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет