2. 2-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту
1. Дамудың негізгі параметрлері
Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы коммуникациялық ағынның орталығында орналасқан және ұлттық транзиттік ресурстарды іске асыруға қабілеті орасан зор көлік әлеуетіне ие. Осы бірегей геосаяси жағдайды пайдалану қажет. Нақты айтқанда, құрлықішілік тасымалдарды жүзеге асыру кезінде Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағытындағы бағыттардың көпшілігінде өңірді айналып өту мүмкін емес, соның өзі ортаазиялық көлік дәліздерінің басымдылық жағын көрсетеді.
Соңғы жылдары Еуразия құрлығында халықаралық экономикалық байланыстардың жаһандану процесінің тереңдеуіне және Шығыс Азия мен Еуропа арасында жүк ағынының өсуіне байланысты «Ұлы Жібек жолын» жаңғырту – кешенді еуразиялық трансқұрлықтық көпір құру өзекті мәселе болып отыр.
Оңтүстік Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ТМД және Еуропа елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын өзекті ету Қазақстанның экспорт-импорттық және транзиттік мүмкіндіктерін дамытудың маңызды факторы болып табылады. Сонымен бірге Орталық Азиядағы өңірді Қытаймен байланыстыратын және экспортталатын қытай жүктерінің бөлігін Таяу Шығыс және Еуропа бағытында Орталық-Азия магистральдарына қайта бағдарлауға мүмкіндік беретін жаңа көлік бағыттарын құруға үлкен үміт артылып отыр.
Маңызды факторлардың бірі басты серіктесі Еуропалық Одақ болып табылатын, сыртқы сауда айналымының ерекше жоғары қарқынын көрсетіп отырған Қытайдың қарқынды дамыған экономикасы (2006 жылдың қорытындылары бойынша шамамен 1,7 трлн. АҚШ доллары көлемінде) болып табылады. Одан басқа Қытай Жапониядан, Кореядан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға тауар тасымалдауға мүдделі, бұл жерде бағыттардың үштен бір бөлігі біздің аумағымыздан өтеді, ол өз кезегінде транзиттен мол табыс алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 700 млрд. АҚШ долларын құрайды, кейбір болжамдар бойынша 2015 жылға қарай аталған көрсеткіш 1 трлн. АҚШ долларына, ал Қазақстан транзитінен түсетін табыс 2015 жылға қарай шамамен
1,1 млрд. АҚШ долларына жетеді (2007 жылы – 500 млн. АҚШ доллары) деп болжануда. Жалпы алғанда Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия – Еуропа бағыттарындағы транзиттік ағындар шамамен 330 – 400 млрд. АҚШ долларына бағалануда, бұл жерде осы ағымдардың 20 %-ы Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін.
Иран Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты порттарына, сондай-ақ Түркия мен ЕО нарығына шығатын жолдағы маңызды дәліз болып табылады және шетелдік жүк жөнелтушілерге транзиттік операцияларда Иран аумағын барынша кеңінен пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа көлік дәліздері мен инфрақұрылымдық объектілерді дамытуға барынша күш жұмсайтын болады.
Оңтүстік Азиядағы ең тұрақты нарық және басты жүк қабылдаушы мен жүк жөнелтуші Үндістан болып табылады, ол өнеркәсіп өндірісінің жедел қарқыны мен өндіріс саласындағы шетелдік инвестициялардың өсуіне байланысты болып отыр. Үндістан экономикасының жыл сайынғы өсімі шамамен 9-10 %-ды құрайды, үнді тауарларын АҚШ-қа экспорттау қазіргі кезде пайыздық арақатынасы Қытайға қарағанда барынша жылдам өсуде, бірақ көлемі жағынан біршама төмен, ал үнді экономикасындағы шетелдік инвестициялардың 2/3 бөлігі өндірістік салаға бағытталған.
Теміржол саласындағы құрылыс пен электрлендірудің барлық жобалары бірінші кезекте жаңа көлік дәліздерін құруға, келешегі бар желілерді дамытуға, жеткізу қашықтығы мен уақытын қысқартуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының трансқұрлықтық тасымалдарды жүзеге асыру саласындағы транзиттік әлеуетін дамыту көбінесе республика аумағындағы көлік дәліздері мен олардың тармақтарын дамытуға байланысты:
1) Еуропа – Кавказ – Азия халықаралық көлік дәлізі (бұдан әрі – ТРАСЕКА): негізгі бағыт Түрікменбашы порты – Сарыағаш – Достық арқылы, Ақтау – Достық тармағы (ұзақтығы 3 836 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі – 19 тәулік; 2010 жылы –
129,67 мың тонна, 2011 жылы – 51,42 мың тонна, 2012 жылы –
219,56 мың тонна, 2013 жылғы 10 айда – 183,0 мың тонна тасымалданды);
2) Солтүстік – Оңтүстік дәлізі: Қазақстанның Ақтау теңіз порты учаскелерінде қатысуы арқылы - Ресейдің Орал өңірлері – Никельтау – Ақтау және кері қарай Солтүстік Еуропа – Парсы шығанағының елдері Ресей мен Иран арқылы (ұзақтығы 1 235 км, Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі – 7 тәулік; 2010 жылы – 17,6 мың тонна, 2011 жылы – 9,8 мың тонна тасымалданды, 2012 –2013 жылдары – болған жоқ).
3) Ортаазиялық дәліз: Сарыағаш – Өзіңкі, Өзіңкі – Сарыағаш (ұзақтығы – 2 147 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі – 11 тәулік;
2010 жылы – 972 мың тонна, 2011 жылы – 756 мың тонна, 2012 жылы –
766 мың тонна, 2013 жылғы 10 айда – 498,4 мың тонна тасымалданды).
4) Трансазиялық дәліз (солтүстік бағыт): Достық – Петропавл, Петропавл – Достық (ұзақтығы – 1 910 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі –10 тәулік; 2010 жылы – 117 мың тонна, 2011 жылы –
103,6 мың тонна, 2012 жылы – 2 381,6 мың тонна, 2013 жылғы 10 айда – 1 738,9 мың тонна тасымалданды).
5) Трансазиялық дәліз (орталық бағыт): Достық – Сарыағаш, Сарыағаш – Достық (ұзақтығы – 1 831 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі – 9 тәулік; 2010 жылы – 1 828 мың тонна, 2011 жылы –
1 936 мың тонна, 2012 жылы – 2 327 мың тонна, 2013 жылғы 10 айда –
1 800 мың тонна тасымалданды).
2013 жылы Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өткізілген контейнерлік пойыздар туралы ақпарат
бағыты
|
саны
|
қатынас
|
елде қалыптастырылған
|
132
|
Ақсу – Достық – ҚХР «Баянауыл»
|
елде қалыптастырылған
|
103
|
Алматы – Алтынкөл – Хоргос
|
елде қалыптастырылған
|
1
|
Алматы – Достық – ҚХР
|
елде қалыптастырылған
|
9
|
Жетісу – Достық – ҚХР
|
елде қалыптастырылған
|
17
|
Жетісу – Алтынкөл – ҚХР
|
елде қалыптастырылған
|
70
|
Защита – Локоть – Находка
|
Қазақстанға бағытталған
|
3
|
Ляньюньган – Алтынкөл – Луговая – Аламедин
|
Қазақстанға бағытталған
|
728
|
Ляньюньган – Алтынкөл – Алматы
|
Қазақстанға бағытталған
|
6
|
Ляньюньган – Алтынкөл – Жетісу
|
Қазақстанға бағытталған
|
70
|
Находка – Локоть – Защита
|
Қазақстанға бағытталған
|
2
|
Циндао – Достық – Аблык
|
Қазақстанға бағытталған
|
17
|
Циндао – Алтынкөл – Аблык
|
Қазақстанға бағытталған
|
1
|
Драугисте – Алматы
|
Қазақстанға бағытталған
|
35
|
Чунцин – Достық – Дуйсбург
|
Қазақстанға бағытталған
|
27
|
Чэнду – Достық – Лодзь
|
Қазақстанға бағытталған
|
8
|
Чжэнджоу – Достық - Гамбург
|
Қазақстанға бағытталған
|
54
|
Брест – Локоть – Защита
|
Қазақстанға бағытталған
|
3
|
Паняряй – Қостанай
|
Қазақстанға бағытталған
|
2
|
Мууга – Петропавл – Сарыағаш-Ұлықбек
|
транзиттік қатынаста
|
214
|
Находка – Локоть – Аблык
|
транзиттік қатынаста
|
23
|
Находка – Локоть – Галаба
|
транзиттік қатынаста
|
28
|
Гамбург – Рига – Озинки – Галаба
|
транзиттік қатынаста
|
1
|
Гамбург – Ақтау – Галаба
|
транзиттік қатынаста
|
4
|
Аламедин – Алтынкөл – ҚХР
|
транзиттік қатынаста
|
7
|
Аблык – Алтынкөл – ҚХР
|
транзиттік қатынаста
|
3
|
Жінішке – Рига – Краста «Евразия-1»
|
транзиттік қатынаста
|
1
|
Дуйсбург – Брест – Достық – Чунцин
|
БАРЛЫҒЫ:
|
1569
|
|
2016 жылға қарай Достық станциясынан Ақтау теңіз портына дейін
1 200 км қашықтықты қысқартатын «Бейнеу-Жезқазған» теміржолын салу жобасын іске асыру жоспарланады. Жоба Қазақстандағы көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға себеп болады және бүгінгі күні Орталық Қазақстан өңір үшін осы жобаны іске асыру ең маңызды оқиға болып табылады.
Қазақстан аумағы арқылы 70 халықаралық әуе дәлізі өтеді. Алматы, Астана, Қарағанды және Атырау әуежайларында «EL AL» (Израиль) «KLM» (Нидерланд), «FedEx» (АҚШ) және т.б авиакомпанияларының Боинг-747 жүк тасымалдайтын тағы басқа әуе кемелері тұрақты түрде жанармай құюды жүзеге асырады.
Қазақстандағы ең ірі жоба Батыс Еуропа елдеріне шығу арқылы Қазақстан мен Ресей аумақтарымен өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автокөлік дәлізін ұйымдастыру жобасын іске асыру басталды. Жоба құрамында Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстаннан шығатын барлық дәліздерді қайта жаңарту көзделген. Бағыттың жалпы ұзақтығы 8 445 км, оның ішінде: Ресей арқылы – 2 233 км, Қазақстан арқылы – 2 787 км (2 552 км – реконструкциялауға жатады), Қытай арқылы – 3 425 км құрайды.
Ақтау порты «ТРАСЕКА», «Солтүстік – Оңтүстік», «Иногейт» үш халықаралық көлік дәлізінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Каспий бассейнінің су қатынасында тасымалданатын жүктердің жалпы көлемі шамамен 30 млн. тоннаны құрайды. Бұл ретте Ақтау портының үлесі жалпы көлемінің 38 % құрайды.
Қазақстанның Еуразия құрлығының орталығында, ең iрi сауда әрiптестерi Қытай және Еуропа арасында орналасуы Қазақстан Республикасының көлік-логистика жүйесін дамыту үшiн басты түрткі болады. Қазiр осы сауда әрiптестердiң арасындағы жалпы тауар айналымының 0,5 пайыздан азы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Қазақстан міндеті – Қытай Халық Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы республиканың аумағы арқылы жерүсті маршрутымен өтетін транзиттік жүк ағынының ұлғаюын қамтамасыз ету. Қытайдан Еуропаға Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік маршрутының бірқатар артықшылықтары бар: ол Суэц арнасы арқылы теңiз маршрутымен салыстырғанда жылдамырақ және Қытай Халық Республикасынан Еуропаға әуе тасымалына қарағанда арзанырақ. Осылайша, ол болашақта Қытайдан Еуропаға теңiздегi, сондай-ақ әуе жолындағы жүк ағынының бiр бөлiгiн тартуы мүмкін.
Транзиттік әлеуетті iске асыруымен қатар Қазақстан Республикасының көлік-логистика жүйесі қазақстандық өнеркәсiптiң көлiк-логистика қызметтерiне қажеттiгiн қанағаттандыруы тиіс.
Көлiк-логистика жүйесі Қазақстан өңірлерiнiң арасындағы экономикалық байланыстарды iске асырудың негiзгi құралы, сондай-ақ әлемдiк нарықтарға қазақстандық тауарлар экспортының негізгі өткiзгiшi болып табылады.
2020 жылға қарай Қазақстанның экспорттық операцияларының көлемi 96 млн. тоннадан 147 млн. тоннаға дейін 1,5 есе өсуі мүмкін, ол өз кезегінде көлік-логистика жүйесінен Ресейге, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Еуропаға және Орта Азияға қосымша жүк ағынына қызмет көрсетуін талап етеді. Сонымен бiрге Қазақстанмен шекаралас елдер арасындағы сауда операцияларының көлемi 1,5 есеге өсіп, 2020 жылы 1 трлн. долларға жетеді деп күтiлуде және ол өз алдына Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік әлеуетті құрайды. Қытай Халық Республикасы, Ресей және Еуропа елдері арасында тауар айналымының көп артуы болжануда. Осыны ескере отырып, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» және «Батыс Қытай – Ресей Федерациясы» транзиттік дәлізін дамыту аса перспективалы болып табылады.
Әлемдік үрдістер, экспорттың өсуi және iшкi тасымалдардың өсуі шартты логистика нарығының дамуына әкеледі. 2015 жылға қарай Қазақстанның келісімшарттық логистика нарығының әлеуеті 320 бастап
810 миллион АҚШ долларын құрай алады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Халықаралық тасымалдардың әлемдік тәжірибесі көлік маршруттарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету тек қана техникалық проблемаларды шешумен ғана шектелмейтіндігін куәландырады. Барлық мүдделі тараптармен келісілген халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша саясаттың болмауы, шекаралық өткелдер арқылы жүктерді өткізу технологиясының жетілдірілмеуі, құқық саласындағы және т.б. ақпараттық қамтамасыз етудің жетіспеушілігі сияқты транзиттік жүк ағындары жолында физикалық емес кедергілерді жоюдың маңызы зор.
Көлік инфрақұрылымының кейбір техникалық параметрлерінің халықаралық стандарттарға және Қазақстанның қазіргі сауда серіктестерінің жүйелеріне сәйкес келмеуі сауда-көлік байланысын дамыту және өңірлік ықпалдастық жолындағы ерекше кедергі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық аумағында көліктік-коммуникациялық желінің теңгерімсіз орналасуы бірыңғай экономикалық кеңістіктің дамуы халық ұтқырлығының өсіміне кедергі келтіреді.
Жүк тасымалдарының өзекті проблемаларын мынадай топтарға бөлуге болады:
1) инфрақұрылымдық шектеулер және жылжымалы құрамның тапшылығы;
2) жүк АКҚ (ершiктi тартқыштар) өндірісінің жоқтығы;
3) логистикалық сервис деңгейiнің төмендігі;
4) дамымаған экспедиторлық қызмет.
Жүк тасымалдары секторында кешендi логистикалық сервис деңгейiнің жеткiлiксiздігін және жүк жөнелтушілер үшін тартымдылықты төмендететiн маршруттар мен дәліздердің жүйелiк басқаруының жоқтығын атап өткен жөн. Жолаушылар тасымалында мұндай «бейінді» проблемаларға бірінші кезекте ыңғайлылық пен тасымалдау қауiпсiздiгінің жоғарғы деңгейiнің жеткiлiксiздігі жатады.
Халықтың ұтқырлығын арттыру және Қазақстан Республикасының туристiк әлеуетін iске асыру көлiк жүйелерiнен сапалы қызметтердi; жайлылықтың және қауiпсiздiктің биiк деңгейiн; негізгі экономикалық және туристiк орталықтардың жақсы көлiк орамдылығын; агломерациялардың iшкi орамдылығын; тасымалдар бағасының қолжетімділігін талап етедi. Алайда, жолаушылар тасымалы секторының ағымдағы жай-күйi көрсетiлген талаптардың ешқайсысына сәйкес келуге мүмкiндiк бермейдi.
Жолаушылар тасымалының өзекті проблемаларын мынадай топтарға бөлуге болады:
1) инфрақұрылымдық шектеулер және жылжымалы құрамның тапшылығы;
2) тасымалдар қолжетімділігінің, сапасының және қауiпсiздiгінiң төмен деңгейi.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:
-
«Ұлы Жібек жолын» жаңғырту – кешенді еуразиялық трансқұрлықтық көпірді құру;
-
Оңтүстік Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ТМД және Еуропа елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын жаңарту.
Ішкі факторлар:
-
Қазақстанның экспорттық-импорттық мүмкіндіктерін және ұлттық транзиттік ресурстарын іске асыру;
-
Қазақстанның бірегей геосаяси орналасуы;
-
қосымша халықаралық әуе дәліздерінің бар болуы;
-
Қазақстандағы ең ірі жоба Батыс Еуропа елдеріне шығу арқылы Қазақстан мен Ресей аумақтарымен өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансқұрлықтық автокөлік дәлізін ұйымдастыру жобасын іске асыру;
5) Достық станциясынан Ақтау теңіз портына қашықтықты қысқартатын «Бейнеу-Жезқазған» темір жолын салу жобасын іске асыру.
3. 3-стратегиялық бағыт. Мультимедиалық қызметтерді ұсынуға бағытталған, қазіргі заманғы технологияларға негізделген қызметтерді, өндірістерді және АКТ инфрақұрылымын дамыту
1. Дамудың негізгі параметрлері
Ақпаратты қоғамға өту үшін жағдай жасау мақсатында АКТ саласын дамыту «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады, бұл оның қазіргі заманғы Қазақстан экономикасы үшін маңызды екенін көрсетеді.
АКТ ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтер және өндіріс салаларын қамтиды. Осы саланы дамыту байланыс технологиясының, ақпараттық технологиялардың туындауымен өзара байланысты, олар соңғы онжылдықта бүкіл әлемде байқалуда.
Осы саланы дамыту мақсатында Министрліктің алдында елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны тұтынуды және қолдануды айтарлықтай ұлғайту, АКТ-дағы жергілікті қамтуды ұлғайту міндеті тұр.
Жоғары жылдамдықты оптикалы және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызмет ұсыну, телерадио хабар таратудың сандық технологияларын енгізу және дамыту, сондай-ақ жергілікті телефон байланыстарын цифрландыру деңгейін көтеру телекоммуникация саласының үрдісі болып табылады.
Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша байланыс желілерін дамыту озық қарқында іске асырылуда. Қазақстан тұрғындарының 69,3 %-ы Интернет желісінің пайдаланушылары болып табылады (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2013 жылғы 3 тоқсандағы жедел деректеріне сәйкес).
Телекоммуникация саласын дамытудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының тұрғындарын Интернет желісіне CDMA/EVDO, FTTH/B, 3G, 4G сияқты қазіргі заманғы технологияларды пайдаланумен кең жолақты қолжетімділік (бұдан әрі – КЖҚ) қызметімен қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі күні, барлық перспективалық және электр энергиясымен қамтамасыз етілген АЕМ жеке және/немесе ұжымдық қолжетімділік арқылы 100 % телефондандырылған.
2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген байланыс абоненттерінің саны 4,3 млн. құрайды, тіркелген телефон байланысымен қамтылған, тиісінше үй шаруашылықтарының санын есепке ала отырып, шамамен 3,5 млн. құрады, көрсетілген нарықтың даму үрдісі байқалады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының барлық аумағында CDMA/EVDO технологиясын пайдаланумен кең жолақты қолжетімділік қызметін ұсыну бойынша жоба іске асырылған, жобаның аяқталуы
2015 жылдың соңына жоспарлануда.
Жоғары жылдамдықты КЖҚ қызметіне өскен сұранысты қанағаттандыру және көрсетілген қызметтің спектрін кеңейту мақсатында 2011 жылы талшықты–оптикалық әмбебап Fiber to the Home (FTTH) қолжетімділік желісінің құрылысы басталды. Жоба Алматы, Астана қалаларының көп пәтерлі үйлері мен коттедждер құрылысын және Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын 100 % қамтуды көздейді.
Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын және Алматы, Астана қалаларын Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етумен FTTH жобасының аяқталуы 2015 жылдың соңына қарай жоспарлануда.
Қазір, мобильді байланыс желілерінде үшінші буынды 3G стандарты енгізілуде, бұл желімен Астана, Алматы қалалары, барлық облыс орталықтары және халық саны 50 мың және одан да көп елді мекендер қамтылған, 2015 жылға қарай бұл қызметті аудан орталықтарының тұрғындары және тұрғындар саны 10 мың және одан көп елді мекендер алады.
2012 жылдан бастап төртінші буынды (4G стандарт) желілердің құрылысы бойынша жобаның іске асырылуы басталды, бұл деректерді жоғары жылдамдықпен беруді сипаттайтын мобильді байланыстың перспективалық буыны, 4G желісін енгізу халыққа және бизнеске жоғары жылдамдықты мобильді КЖҚ қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
2012 жылдың соңында Астана және Алматы қалаларында мобильді байланыс желісінің 4G стандарты (LTE) пайдалануға берілді, 2014 жылға қарай бұл желілер барлық облыс орталықтарында, 2015 жылға қарай халық саны 50 мың және одан көп елді мекендерде, ал 2018 жылға қарай барлық аудан орталықтарында салынуы тиіс.
«Қазтелерадио» АҚ телерадиохабарларын таратудың ұлттық операторы 2011 жылғы 18 қаңтарда MPEG-4 компрессиясы форматында DVB-S2 стандартын пайдаланумен Ұлттық спутниктік телерадио хабарларын тарату желісін пайдалануға енгізуді жүзеге асырған болатын, 2012 жылғы
3 шілдеде DVB-T2 стандартын пайдаланумен эфирлік цифрлық хабар таратуды пайдалануға енгізу жүзеге асырылды: қазіргі уақытта цифрлық эфирлік хабар тарату Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен қалаларында және жақын арадағы елді мекендерде пайдалануға енгізілген, тұрғындарды қамту 2012 жылдың соңында 23 % құрады. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуда облыс орталықтары және Астана, Алматы қалаларының деңгейінде 30 телеарнаға дейін, аудан орталықтарында және ауылдық округтерде – 15 телеарнаға дейін трансляциялау көзделген.
Телекоммуникациялық салаларды дамыту жөніндегі өткізіліп жатқан іс-шаралар кестеде көрсетілген мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
№
|
Көрсеткіштерінің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл*
|
1
|
Тіркелген телефон желісінің тығыздығы
|
100 тұрғынға
|
24,8
|
25,8
|
26
|
25,9
|
2
|
Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы
|
100 тұрғынға
|
124
|
127
|
180,1
|
177,0
|
3
|
Интернет пайдаланушыларының тығыздығы
|
100 тұрғынға
|
31,6
|
50,6
|
61,9
|
69,3**
|
4
|
Жергілікті телекоммуникация желісін цифрлау деңгейі
|
%
|
92
|
95,5
|
97,3
|
97,9
|
Ескертпе:
* 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдайда СА жедел деректеріне сәйкес
** - 2013 жылғы 1 қазандағы жағдайда СА жедел деректеріне сәйкес
Пошта байланысы саласында қызмет көрсету нарығының негізгі жеткізушісі ұлттық оператор болып табылатын «Қазпошта» акционерлік қоғамы болып қалады. Еліміздің барлық аумағын қамтитын 3229 пошта байланыс бөлімшелері/пункттері қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Ақпараттандыру және әлемдік қоғамдастықтың тұтастыққа қозғалысы жағдайында еңбек мамандары нарығына сай жоғары білікті, кәсіби мамандарды даярлау қажет. Қазіргі заманғы қоғамның мамандардың кәсіби дайындық деңгейіне қоятын талабы жоғары және шет елдермен ынтымақтастық аясының кеңеюі, сондай-ақ коммуникацияның жаңа құрал-жабдықтарының пайда болуы жағдайында басқа елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі туындайды.
Ақпараттық коммуникация саласында білім беруді дамыту мақсатында «Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АТХУ) АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз жұмыс істейді.
Бұдан басқа «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Жобаларды басқару», «Математикалық компьютерлік үлгілеу» мамандықтары бойынша магистратурада оқыту жүргізілуде; «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша PhD докторантуралары ашылды. Малайзия, Сингапур, Корея және Ресейдің жоғары оқу орындарының арасынан АТХУ үшін қосымша шетелдік әріптестерге іріктеу жүргізілуде.
2011 жылы екі R&D зертханасы ашылды. Біреуі АТХУ базасында (open source) және екіншісі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында (ақпараттық технологиялар) құрылды.
IT құрылымында үш ірі секторды бөліп көрсетуге болады: АТ-жабдықтарының өндіріс секторы, қораптық (лицензиялық) бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және ІТ-қызметтер секторы.
Қазақстанның ІТ-нарығы құрылымындағы өндіріс және ІТ-жабдығын іске асыру секторы жалпы көлемінде басыңқы болып табылады (81,9 % астам), ол қазақстандық қоғамды ақпараттандыру процесін сүйемелдейтін компьютерлерге, желілік және перифериялық компьютерлік жабдыққа сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді.
2012 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, «Зерде» ҰИКХ» АҚ және ірі қазақстандық коммуникациялық компаниялардың, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ,
«Кар-Тел» ЖШС және «Кселл» АҚ қолдауымен және бастамашылығы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялардың корпоративтік даму қоры құрылды. Қордың негізгі мақсаты инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру және отандық АКТ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Қор өз қызметін 2 бағытта жүргізеді: АКТ саласындағы стартап-жобаларды, өзінің бастапқы кезеңіндегі стартап-жобаларды инвестиция салу арқылы акселерациялау, сараптамалық қолдау көрсету және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ Астаналық экономикалық форум шеңберінде жыл сайынғы салалық «ASTEX» көрме – конференциясын өткізу.
Бұдан басқа, «Инновациялық технологиялар паркі» аумағында АКТ-кластерін құру жөніндегі жоба іске асырылуда. АКТ-кластері ауданы 14 га аумақта орналасады, онда ғылыми-зерттеу кешенін, бизнес орталығын, дата-орталығын салу, бизнес инкубациялау және дамыту институттарының АКТ-кластерінің жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да функциялары бар себу қорын салу көзделген.
Қазақстан Республикасында АКТ қарқынды дамытудың маңызды аспектісі мемлекеттің жоғарыда аталған саланың даму институттарын құруы болып табылатынын атап өткен жөн.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі проблемалар:
1) Қазақстан Республикасы геосаяси жағдайына байланысты (халықтың орналасу тығыздығы төмен салыстырмалы үлкен аумақ) үй шаруашылықтарының Интернет желісіне КЖҚ қызметімен толық қамтылмауы. Елдің үй шаруашылықтарын толық қамтуды қамтамасыз ету үшін Министрлік байланыс операторларымен бірлесіп байланыс желісін сымсыз технологиялар (CDMA/ EV-DO, 3G и 4G) бойынша дамыту шараларын қолдануда;
2) Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамыту республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады;
4) АКТ құралдарының отандық өндірісі деңгейінің төмендігі және оның импортқа тәуелділігі;
5) ақпараттық коммуникациялар саласындағы басым мамандықтар бойынша талаптардың біліктілік анықтамалығының жоқтығы;
6) ІТ-білім берудің халықаралық стандарттары мен жаңа білім беру технологияларын трансферлеу мақсатында отандық жоғарғы оқу орындарының шетел университеттерімен ынтымақтастықты дамыту деңгейінің төмендігі;
7) елде ақпараттық инфрақұрылым құру үшін білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады.
3. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Ішкі факторлар:
1) Интернет желісіне КЖҚ қызметтерін қоса алғанда, телекоммуникация саласын дамыту радиожиілік спектрінің шектеулі ресурстарын, нөмірлеу ресурсын пайдаланумен тікелей байланысты;
2) Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамыту республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жүзеге асырылады;
3) Қазақстанда бағдарламамен қамтамасыз ету нарығында шетелдік өндірушілердің өнімі үстем жағдайына ие;
4) қазақстандық кәсіпорындар негізінен белгілі халықаралық өндірушілердің қондырғыларын өткізумен және компьютерлік техниканы жинаумен айналысады.
Сыртқы факторлар:
1) байланыс кәсіпорындарының кірісіне халықтың саны, орналасу тығыздығы және қозғалысы әсер етеді;
2) телекоммуникациялық нарықтың жағдайы еліміздегі экономикалық белсенділікке тікелей байланысты:
3) АКТ секторының импортқа тәуелділігінің жоғарылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |