Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет1/20
Дата23.02.2016
өлшемі1.87 Mb.
#9835
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20







Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « 31 » желтоқсандағы

№ 1561 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
2014 – 2018 жылдарға арналған


стратегиялық жоспары
1. Миссиясы және пайымы
Миссиясы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көлік-коммуникация кешенін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру саласында Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.

Пайымы – экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені, сондай-ақ ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуді қамтамасыз ететін дамыған және қолжетімді ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым.



2. Ағымдағы жағдайды және даму үрдісін талдау
1. 1-cтратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту
1. Дамудың негізгі параметрлері
Теміржол, автомобиль, өзен, əуе көлік түрлерін, автомобиль жəне теміржолдарды, кеме жолдарын білдіретін республиканың көлік кешеніне шаруашылықаралық жəне мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл беріледі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі көлік үлесі
2013 жылы 7,4 % құрады (2013 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша жедел мәліметтер).

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның жалпы пайдаланымдағы көлік желісі 14,7 мың км теміржолдан; 97,4 мың км автомобиль жолынан; 4,04 мың км ішкі су кеме қатынасы жолынан тұрады.

2013 жылы республика аумағындағы қатынас жолдарының тығыздығы 1000 ш.км аумаққа жалпы пайдаланымдағы теміржолдар бойынша 5,5 км; жалпы пайдаланымдағы қатты жамылғысы бар автомобиль жолдары бойынша 31,5 км-ді құрайды.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2013 жылдың 10 айы бойынша 2 631,6 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңдегі көлемінен 8,6 % артық.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, жолаушыларды тасымалдау 2013 жылдың 10 айы бойынша 7,6 %-ға ұлғайды және 16 409,6 млн. адамды құрады.
Теміржол саласы
Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдаудың үлкен арақашықтығы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар үшін неғұрлым қажетті етуде.

Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 14,7 мың км құрайды (оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34 %), электрлендірілген желілер – 4,1 мың км (29 %), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүк тасымалдылығы – км-ге 21,8 млн. тонна-км –ді құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері.


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жылдың

10 айы


Тасымалданған жүктер

млн. тонна

267,7

(+8%)


248,8

(+4,4%)


294,7 (+5,4%)

287,7

(-2,4%)


Тасымалданған жолаушылар

млн. жолаушы

213,2

(+8%)


223,6

(+4,9%)


235,8

(+5,4)


230,9

(-2,1%)


Кірістер

млрд. теңге

15

(+7,1%)


16,5

(+10%)


19,5

(+18,1%)


19

(-2,6%)


Шығыстар

млрд. теңге

13991

(+8,3%)


14649

(+4,7%)


16708

(+14%)


16917

(+1,2%)


Қаржылық нәтиже

млрд. теңге

506,4

(+22,2%)


611,9

(+20,8%)


690

(+12,7%)


669,1

(-3%)

Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы теміржол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.

Теміржол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:



  1. магистральдық теміржол желісін (бұдан әрі – МТЖ) мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда теміржол көлігін нарыққа бейімдеу;

  2. тасымалдау және қамтамасыз ететін қызметте бәсекелестікті дамыту есебінен теміржол көлігі қызметтерінің қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;

  3. салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;

  4. теміржол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.

Қазақстан Республикасының теміржол саласын реформалау барысында мынадай аралық нәтижелерге қол жеткізілді:

1) шаруашылық қызметтің бейінсіз түрлері және мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік-тұрмыстық активтер бөлінді және жергілікті билік органдарына берілді;

2) бәсекелі секторға жөндеу кәсіпорындары бөлінді;

3) жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын ішінара мемлекеттік субсидиялау басталды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет