Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 5 тамыз №598 Астана қаласы


Азаматтық әуе кемелердің тізілім паркі



бет7/8
Дата12.06.2016
өлшемі1.12 Mb.
#129919
1   2   3   4   5   6   7   8

Азаматтық әуе кемелердің тізілім паркі
Есепті кезең 20___ жыл
Индексі: № 15 нысан.
Кезеңділігі: жылдық.
Ұсынады: Қазақстан Республикасы авиакомпаниялары.
Тапсыру мерзімі: келесі есепті кезеңнің 25 күні.
I бөлім. Барлық әуе кемелердің тізілім паркі бойынша мәлімет







Әуе кеңістігінің санаты

Әуе кеңістігінің жалпы саны







9 000 кг (2000 фунт) және аса

9 000 кг (2000 фунт) және төмен







1

2

3







ФИКСАЦИЯЛЫҚ ҚАНАТПЕН ӘУЕ КЕМЕЛЕРІ













Турбореактивті













6 қозғалтқыштармен













4 қозғалтқыштармен













3 қозғалтқыштармен













2 қозғалтқыштармен













1 қозғалтқышпен













Турбовинттік













4 қозғалтқыштармен













3 қозғалтқыштармен













2 қозғалтқыштармен













1 қозғалтқышпен













Винттік (піспек)













4 қозғалтқыштармен













3 қозғалтқыштармен













2 қозғалтқыштармен













1 қозғалтқышпен













ВИНТТІК ҚАНАТТЫ ҰШУ АПАРАТТАР













Турбинтік қозғалтқышпен













2 қозғалтқыштармен













1 қозғалтқышпен













Піспек қозғалтқышпен













2 қозғалтқыштармен













1 қозғалтқышпен











II бөлім. Әуе кемелердің ауыр түрі бойынша саны


ӘУЕ КЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРІ

ӘУЕ КЕМЕЛЕРДІҢ САНЫ

1

2














Басшы ______________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

__________________

Мөр орны Қолы

«____» ___________________

Күні, айы, жылы
Ескертпе:

Нысанын толтыру бойынша түсініктеме.

1. «Азаматтық әуе кемелері тіркелген парк» нысаны. Қазақстан Республикасы авиакомпаниялары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне есепті кезеңнен кейін айдың 25 күніне қарай жыл сайын ақпарат ұсынады.

2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

3. I-бөлім мынадай үлгіде толтырылады:

1-бағанда «Әуе кемелерінің санаты» әуе кемелерінің атаулары көрсетіледі;

Осы бөлімде әуе кемелерінің әрбір санаты бойынша тізілімде әуе кемелерінің саны туралы мәліметтер ұсынылады. Әуе көлігін пайдаланушылардың барлық типтері пайдаланатын әуе кемелері санаттарын есепке ала отырып (тіркелген қанаты және винт қанатты ұшу аппараттарымен) және күштік қондырғының типі мен қозғалтқыштар саны типіне байланысты әуе кемелерінің тізіліміне енгізілген жалпы саны көрсетіледі.

2 және 3 бағандарда «Әуе кемелерінің жалпы саны» кемелердің жалпы саны көрсетіледі.

4. 2- бөлім мынадай үлгіде толтырылады:



бағанда «Әуе кемелерінің типі» әуе кемелерінің атаулары көрсетіледі.

Осы бөлімде ең жоғарғы сертификаттық ұшу салмағы 9000 кг әуе кемелері туралы ғана мәліметтер ұсынылады.

Әуе көлігін пайдаланушылардың әуе кемелерінің әрбір типі мен моделінің (мысалы, «Боинг-747-400», «Эйрбас А-320» және т.б.) санын көрсету қажет.

2 бағанда «Әуе кемелерінің жалпы саны» әуе кемелерінің саны бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 5 тамыздағы №598 бұйрығына 16-қосымша

нысан
Әуежайлар бойынша қаржы деректер



Есепті кезең 20___ жыл
Индексі: № 16 нысан.
Кезеңділігі: жылдық.
Ұсынады: Қазақстан Республикасы әуежайлары.
Тапсыру мерзімі: келесі есепті кезеңнің 25 күні.
Кірістер, шығыстар және капитал салымдары


Сипаттамасы

Сомасы

Аралық жиыны

Жиыны

1

2

3

КІРІСТЕР

Функциялар мен бабтар бойынша түсімдер







1. Авиатасымалдар







1.1 Әуе кемелерден алымдар







1.2 Жолаушылардан алымдар







1.3 Авиатасымалдаумен байланысты басқа да алымдар







2. Жердегі қызмет көрсету үшін алымдар







3. Концессиялар







3.1 Авиациялық отын және май







3.2 Мейрамханалар, барлар, кафетериялар.







3.3 Алымсыз сауда дүкені







3.4 Автотұрақтар







3.5 Басқа концессиялар







4. Жалға төлеу







5. Басқа да кірістер







6. Кірістердің жалпы сомасы (1–5 тармақтар бойынша жалпы сомасы)







7. Пайдалану субсидиялар







8. КІРІСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ (6 және 7-тармақтардың ішінде сомасы)







ШЫҒЫСТАР

А. Шығын бабтар бойынша жұмсау







9. Пайдалану және техникалық қызмет көрсету (еңбек шығыстарды қоса алғанда)







9.1 Персоналдарға шығыстар







9.2 Материалдық-техникалық жабдықтау







9.3 Шарттар бойынша қызмет көрсетулер







10. Әкімшілік үстеме шығыстар







11. Басқа да күрделі емес шағыстар







12. Күрделі шығыстар







12.1 Тозу және/немесе амортизация







12.2 Пайыздар







12.3 Басқа да күрделі шығыстар







13. ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ (9–12 тармақтарын қоса алғанда сомалар)







В. Жалпы жұмсауды функциялар бойынша орналастыру







13.1 Ауа кемелерінің қозғалыс аймағы және олардың жарық сигналды құрылғысы







13.2 Жолаушылар және жүк тасымалдау әуежайларының ғимараттары







13.3 Ангар және техникалық қызмет көрсету аймағы







13.4 Әдістеменің диспетчерлік қызметі және әуеайлық диспетчерлік қызмет( CNS қос.)







13.5 Метеорологиялық қызмет көрсету







13.6 Қауіпсіздік







13.7 Авариялық, өртке қарсы және іздеу-құтқару қызметтері







13.8 Басқалары







КАПИТАЛ САЛЫМДАР

Функциялар бойынша жалпы капитал салымдары







14. Жыл сайынғы жалпы капитал салымдары







14.1 Әуе кемелері қозғалыстарының аймақтары







14.2 Аэровокзалдың ғимараты (әуежайға тән)







14.3 Жабдық және көліктік құралдары







14.4 Басқа да жабдықтары







14.5 Жер







ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Функция бойынша жұмысшылардың жұмыспен қамтылуы

Қызметші саны

15. Әуежай эксплуатанты қызметшісі (Жұмыспен қамтылудың толық баламасында (ЭПЗ)







15.1 Авиациялық қызмет







15.2 Авиациялық емес қызмет







16. Әуежайға негізделген басқа мекеме қызметшісі (в ЭПЗ)







16.1 Авиациялық қызмет (мысалы авиатасушылар, көтерушілер)







16.2 Авиациялық емес қызмет








Басшы ______________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

__________________

Мөр орны Қолы

«____» ____________________

Күні, айы, жылы
Ескертпе:

Нысанын толтыру бойынша түсініктеме.

1. Әуежайлардың қаржылық деректері бойынша нысанды Қазақстан Республикасы әуежайлары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне есепті кезеңнен кейін айдың 25 күніне қарай жыл сайын ұсынады.



2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

1-бағанда «Сипаттама» түсімдер, шығыстар, капитал салымдары және қызметкерлерді жұмыспен қамту бойынша баптар көрсетіледі;

«Авиатасымалдар» (1-бағанның 1-тармағы):

«Әуе кемелерінен алынатын алымдар» (1-тармақтың 1) тармақшасы). Ұшу-қону жолағын, рульдеу жолақтарын және перрондарды пайдалану үшін алымдар мен салықтар, сондай-ақ жарық сигналын беру жабдығын пайдалану үшін алымдар төлету нәтижесінде алынған кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, сондай-ақ әуе кемелерін пайдаланушылардан әуе кемелерінің тұрағы, әуе кемелерін буксирлеу, егер олар төленсе, алынған кірістер туралы және әуе кемелерін пайдаланушылардың осындай ангарларды жалдағаны үшін ақыны қоса алғанда әуежайға тиісті әуе кемелерінің ангарларында орналасу үшін алымдар төлету нәтижесінде алынған кірістер туралы көрсетіледі;

«Жолаушылар төлейтін алымдар» (1-тармақтың 2-тармақшасы). Аэровокзалды және жолаушыларға қызмет көрсетудің басқа құралдарын пайдаланғаны үшін алымдар мен салықтар төлету нәтижесінде алынатын кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі (мысалы, қону және түсіру кезінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін);

«Авиатасымалдаушылармен байланысты өзге алымдар» (1-тармақтың 3-тармақшасы). Әуежайлық жабдықты және жүктерді өңдеу аймағын пайдаланғаны үшін алынатын алымдардан түскен кірістерді қосқанда, бірақ әуежайдан тәуелсіз қызмет көрсетуді ұсынатын коммерциялық кәсіпорындардың алымдарды алудан түскен кірістерін қоспағанда әуежайда әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша жабдық пен құралдарды пайдаланғаны үшін әуе кемелерін пайдаланушылардан барлық өзге алымдар мен салықтарды алу нәтижесінде түскен кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ жанар-жағармай материалдары үшін алымдар есептелмейді;

1-бағанның 2-тармағы. «Жерде қызмет көрсету үшін алымдар» Әуежайдан тыс қызмет көрсету ұсынылатын коммерциялық кәсіпорындар төлейтін алымдарды (мысалы, бір авиакомпанияның екінші авиакомпанияға немесе жеке кәсіпорынның әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін төленетін алымдар) қоспағанда, әуежайда әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін ұсынылатын жабдықтар мен құралдарды пайдаланғаны үшін әуе кемелерін пайдаланушылардан алынатын алымдар мен салықтардан түсетін кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі;

1-бағанның 3-тармағы. «Концессиялар» Коммерциялық кәсіпорындар тауарларды сату және әуежайда өз қызметтерін ұсыну құқығы үшін төлеу нәтижесінде түсетін кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі;

3-тармақтың 1) тармақшасы. «Авиациялық отын және май» Мұнай компаниялары авиациялық отын мен майды әуежайда сату құқығы үшін төлейтін жанар-жағармай материалдарын жеткізуге кез келген алымдарды қосқанда концессиялық салықтар туралы барлық мәліметтер көрсетіледі;

3-тармақтың 2) тармақшасы. «Мейрамханалар, барлар, кафетерий мен борт тамағы қызметтері» Әуежай аумағында борттық тамақты әуе кемелерінің бортында жеткізуді қоса алғанда, мейрамханаларды, барларды, кафетерий мен борт тамағы қызметтерін пайдалану құқығы үшін коммерциялық кәсіпорындар немесе басқа ұйымдар төлеген жарналар мен алымдар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, мұнда осындай кәсіпорындар, егер олар әуежайдың өзіне тиесілі болса, барлық түскен кірістер көрсетіледі;

3-тармақтың 3) тармақшасы. «Бажсыз сауда дүкендері» Әуежайдың аумағында бажсыз сауда дүкенін (-дерін) немесе әуежайда сатылған тауарларды жеткізу үшін әуежайдан тыс бажсыз сауда дүкендерін пайдалану құқығы үшін коммерциялық кәсіпорындар немесе басқа ұйымдар төлеген жарналар мен алымдар туралы мәліметтер көрсетіледі. Мұнда сондай-ақ осындай тұрақтар, егер олар әуежайға тиесілі болса пайдаланудан түскен кез келген кірістер туралы мәліметтер енгізіледі;

3-тармақтың 4) тармақшасы. «Өзге концессиялар» Әуежай аумағында тауарларды сату және қызметтерді ұсыну құқығы үшін коммерциялық кәсіпорындар немесе басқа ұйымдар төлеген жоғарыда көрсетілген санаттарға кірмейтін кез келген концессиялық жарналар немесе алымдар туралы мәліметтер көрсетіледі;

1-бағанның 4-тармағы. «Жалдау ақысы» Әуежайға тиесілі үй-жайлар, жабдықтарды пайдаланғаны үшін коммерциялық ұйымдар және басқа ұйымдар төлейтін жалдау ақысының барлық түрлері туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл жалдау ақысына әуежайға тиесілі үй-жайлар, жабдықтарды пайдаланғаны үшін әуе кемелерін пайдаланушылар төлейтін барлық сомалар енгізілуі тиіс (мысалы, тіркеу бағандары, сауда нүктелері және әкімшілік үй-жайлары);

1-бағанның 5-тармағы. «Өзге кірістер» 1-4-тармақтарға енгізілмеген барлық кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі, мысалы, 7-тармақта көрсетілетін пайдалану субсидияларын қоспағанда, құралдарды және қызмет көрсетуді ұсыну бойынша әуежай шығыстарын өтеу мақсатында пайдаланған аэронавигациялық қызмет үшін алымдар алу нәтижесінде түскен кірістер туралы мәліметтер;

1-бағанның 6-тармағы «Жалпы кірістер сомасы» 1-5-тармақтар бойынша жалпы сома көрсетіледі;

1-бағанның 7-тармағы «Пайдаланушы субсидиялары» Әуежайдың ағымдағы жыл сайынғы шығыстарын немесе басқа шығыстарды жабу үшін алынған және пайдаланған, бірақ жауапты қызметтерді ұсынуды талап етпейтін капитал салымдары мен сол төлемдерді қоспағанда, барлық төлемдер туралы мәліметтер көрсетіледі;

1-бағанның 8-тармағы «Жалпы түсімдер сомасы» 6 және 7-тармақтар бойынша жалпы сома көрсетіледі.

«А Шығындар баптары бойынша шығыстар». Осы бөлімге қажетті құралдар мен қызмет көрсету ұсынумен байланысты әуежайдың барлық шығыстары туралы мәліметтер енгізіледі. Әуежайдағы құралдар мен қызметтер қандай да бір агенттікпен ұсынылған жағдайларда әуежайдың агенттікке өтеген сомалары туралы ғана хабарлауы қажет.

«Пайдалану және техникалық қызмет көрсету» (еңбек шығындарын қоса алғанда) (1-бағанның 9-тармағы):

9-тармақтың 1) тармақшасы «Персонал үшін шығыстар» Персонал үшін барлық тікелей төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақы төлеу, мақсатты төлемдер (мысалы, тамақ пен баспана үшін), іссапар төлемдері, персоналды даярлауға және өтемақыны төлеумен және персоналдың біліктілігін арттырумен байланысты емес басқа шығыстар туралы мәліметтер көрсетіледі;

9-тармақтың 2) тармақшасы «Материалдық-техникалық жабдықтау» Әуежай әкімшілігіне бағынбайтын агенттіктер немесе кәсіпорындар көмегінсіз құралдар немесе қызмет көрсету ұсыну мақсатында іс жүзінде әуежай пайдаланатын және шығындалатын қосалқы бөлшектерге барлық шығындар және пайдаланатын материалдар туралы мәліметтер көрсетіледі. Мұндай шығындарға, бірақ сондай-ақ олар амортизациялық қорларға енгізілмеуі шартымен пайдалану, негізгі қорларға техникалық қызмет көрсету (мысалы, машиналар, жиһаздар және үй-жайлардың басқа жабдықтары) бойынша шығыстар жатады. Бұдан басқа, осы тармақта жылыту жүйесін, кондициялау және жарықтандыру жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдарды қамтамасыз ету және қызметтерді ұсынумен байланысты шығыстар, сондай-ақ кеңсе заттарын сатып алу, пошта шығыстары және т.б. шығыстар туралы мәліметтер көрсетіледі;

9-тармақтың 3) тармақшасы. «Келісімшарт бойынша қызметтер» Басқа ұйымдарға әуежай құралдары мен қызметтерін ұсынғаны үшін төлемдермен байланысты барлық шығыстар туралы мәліметтер көрсетіледі;

1-бағанның 10-тармағы «Әкімшілік үстеме шығыстар» Мұндай шығыстар туралы мәліметтер 9-тармаққа енгізілмеген жағдай болса, онда мұнда жалпы әкімшілік қызмет көрсетумен байланысты шығыстар туралы мәліметтер енгізіледі, мысалы, жалпы басшылық ету, экономикалық жоспарлау және т.б.;

1-бағанның 11-тармағы «Өзге капиталдық емес шығындар» Капиталдық емес шығыстар туралы мәліметтер 9 немесе 10-тармаққа енгізілмеген мәліметтер көрсетіледі. Салық төлейтін кәсіпорын ретінде әуежай төлейтін мемлекеттік немесе басқа үкіметтік салықтарды (мысалы, жылжымалы мүлікке салық және табыс салығы) төлеумен байланысты шығыстар туралы мәліметтер көрсетіледі. Алайда бұл ретте айналымдағы салықтар және үкіметтік салық салушы органдар атынан үшінші тараптар алатын кез келген басқа салықтар туралы (мысалы, тауарлар және әуежайға қарасты дүкендерге қызмет көрсету айналымынан салық және персоналдың жалақысынан табыс салығын алып тастау) мәліметтер енгізілмейді.

«Капиталдық шығындар» (1-бағанның 12-тармағы):

«Тозу және/немесе амортизация» (12-тармақтың 1) тармақшасы). Оның физикалық жай-күйінің нашарлауы, ескіруі және олардың өндірістік пайдалану мерзімін шектейтін басқа осындай факторлар нәтижесінде активтердің жыл ішінде төмендеген құнының сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

«Капиталдық шығындар» (бағанның 12-тармағы):



12-тармақтың 1) тармақшасы «Тозу және/немесе амортизация» Оның физикалық жай-күйінің нашарлауы, ескіруі және олардың өндірістік пайдалану мерзімін шектейтін басқа осындай факторлар нәтижесінде активтердің жыл ішінде төмендеген құнының сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.;

12-тармақтың 2) тармақшасы «Пайыздар» Жыл ішіндегі берешегі бойынша төленген немесе төлеуге жататын пайыздары, сондай-ақ негізгі қорлары бойынша есептелген пайыздары бойынша мәліметтер көрсетіледі;

12-тармақтың 3) тармақшасы «Өзге капиталдық шығындар» Егер әуежай қолма қол есептей жүйесін амортизация орнына қолданатын болса, ұзақ мерзімді жалдау және негізгі төлемдер бойынша шығыстар туралы мәліметтер көрсетіледі;

1-бағанның 13-тармағы «Жалпы шығыстар сомасы» 9-12-тармақтар бойынша жалпы шығыстар сомасы көрсетіледі.

«В. Жалпы шығыстарды функциялары бойынша бөлу»:

13-тармақтың 1-8) тармақшасы «Әрбір көрсетілген функциялар бойынша» Жыл ішінде шығыстар сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі. Әуе кемелерінің қозғалыс аймағына (13-тармақтың 1) тармақшасы) әуе кемелері ұшу, қону және рульдеуі (маневрлеу аймағы) үшін әуеайлақ бөліктері және перрон (-дар) кіреді;

14-тармақтың 1-5) тармақшасы «Әрбір көрсетілген функциялар бойынша» Жыл бойындағы жалпы капитал салымдарының құны туралы мәліметтер көрсетіледі. Егер, мысалы, аэровокзал ғимараты сияқты актив біртіндеп бірқатар жыл ішінде игерсе, онда жыл ішіндегі олардың мүлікті пайдалануға алғаннан кейінгі олардың сомалық өлшемін емес, капитал шығындары туралы хабарлау қажет. Әуе кемелерінің қозғалыс аймағына (14-тармақтың 1) тармақшасы) әуе кемелері ұшу, қону және рульдеуі (маневрлеу аймағы) үшін әуеайлақ бөліктері және перрон (-дар) кіреді;

«Функциялар бойынша қызметкерлерді жұмыспен қамту».

«Әуежайды пайдаланушының персоналы» (толық жұмыспен қамту баламасында) (1-бағанның 15-тармағы):

15-тармақтың 1) тармақшасы «Авиациялық қызмет» Жыл ішіндегі шығыстар сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі. Әуе кемелерінің қозғалыс аймағына (13-тармақтың 1) тармақшасы) әуе кемелері ұшу, қону және рульдеуі (маневрлеу аймағы) үшін әуеайлақ бөліктері және перрон (-дар) кіреді;

15-тармақтың 2) тармақшасы «Авиациялық емес қызмет» Авиациялық емес қызметпен айналысатын әуежай пайдаланушысы қызметкерлерінің саны көрсетіледі.

1-бағанның 16-тармағы «Әуежайда орналасқан басқа ұйымдардың персоналы» (толық қамту эквивалентінде):

16-тармақтың 1) тармақшасы «Авиациялық қызмет» Авиациялық қызметпен айналысатын әуежайда басқа орналасқан ұйымдардың қызметкерлерінің саны көрсетіледі;



16-тармақтың 2) тармақшасы «Авиациялық емес қызмет» Авиациялық емес қызметпен айналысатын әуежайда орналасқан басқа ұйымдардың қызметкерлерінің саны көрсетіледі.

2,3-бағандарда «Соммасы» 1-бағандағы көрсетілген көрсеткіштер бойынша сомасы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 5 тамыздағы №598 бұйрығына 17-қосымша

нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет