Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 Қаулысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»



бет2/6
Дата12.07.2016
өлшемі356 Kb.
#193009
1   2   3   4   5   6
51-тармағына сәйкес ақпарат жібереді.

12. Ұлттық Банктің филиалы экспортердің немесе импортердің атына резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі мен талаптарына әсер ететін жағдайларды растайтын ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ:



1) егер экспортер немесе импортер алдындағы келісімшарт бойынша орындалмаған міндеттемелерінің сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, Ұлттық Банктің филиалы келісімшарттың есептік тіркеу банкі болып табылатын келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталған;

2) уәкілетті банктен осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес ақпарат алған жағдайларда резидент еместің міндеттемені орындағанын растайтын құжаттарды ұсыну туралы жазбаша сұрату жібереді.

13. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сұратылған құжаттарды (бар болған кезде) және ақпаратты экспортер немесе импортер сұрату алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде ұсынады.

14. Ұлттық Банктің филиалы осы Қағидалардың 10, 12 және 13-тармақтарына сәйкес экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар және ақпарат негізінде экспортердің немесе импортердің іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстық жазалау іс-әрекетінің болуы туралы мәселені қарайды. Қылмыстық жазалау іс-әрекетінің белгілері болған кезде Ұлттық Банктің филиалы құқық қорғау органдарына олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес ақпарат жібереді.

15. Есептік тіркеуге жататын келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарттың есептік тіркеу банкі жүзеге асырады.



Есептік тіркеуге жататын келісімшарт бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізу кезінде экспортер немесе импортер төлем құжаттарында келісімшарттың деректемелерін және келісімшарттың есептік нөмірін көрсетеді.

Түскен сомаларды сәйкестендіру үшін экспортер немесе импортер резидент емеске экспортердің немесе импортердің пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында келісімшарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.

16. Репатриация талаптарының орындалуын бақылау талап етілетін келісімшарт бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізу кезінде уәкілетті банк төлем құжатында есептік тіркеуге жататын келісімшарттар үшін келісімшарт деректемелерінің және келісімшарт есептік нөмірінің болуын тексереді.



Егер экспортердің немесе импортердің төлем құжатында келісімшарттың деректемелері дұрыс көрсетілмесе немесе келісімшарттың есептік нөмірі болмаса (есептік тіркеуге жататын келісімшарттар үшін), уәкілетті банк ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізуден бас тартады.

Егер есептік тіркеуге жататын келісімшарттар бойынша экспортердің немесе импортердің пайдасына түскен ақша төлемі және (немесе) аударымы бойынша төлем құжатында келісімшарттың деректемелері дұрыс көрсетілмесе немесе келісімшарттың есептік нөмірі болмаса (есептік тіркеуге жататын келісімшарттар үшін), уәкілетті банк ақшаны есепке алуды экспортердің немесе импортердің келісімшарттың деректемелерін немесе келісімшарттың есептік нөмірін жазбаша растауы негізінде жүргізеді.

Репатриациялау мерзімдерін сақтамау уәкілетті банк үшін ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін мәмілелер паспорты ресімделген келісімшарттар бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын уәкілетті банк осы Қағидалардың 54-тармағында белгіленген тәртіппен келісімшарттың есептік нөмірі қойылғаннан кейін жүзеге асырады.

17. Төлем құжатында келісімшарт бойынша түскен ақшаны есепке алу үшін қажетті деректер болмаған жағдайда, уәкілетті банк оларды экспортерді немесе импортерді келіп түскен сомаларды бірегейлендіру қажеттілігі туралы алдын ала жазбаша хабарлай отырып жіберушінің нұсқауларын сақтау шотына есепке алады.

Экспортер немесе импортер есептік уәкілетті банкті келісімшарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсете отырып, түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабардар етеді (есептік тіркеуге жататын келісімшарттар үшін).

Егер түскен ақша күнтізбелік 180 күн ішінде келісімшарттың деректемелері немесе келісімшарттың есептік нөмірі бойынша бірегейлендірілмесе не экспортер немесе импортер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген құжаттар мен ақпаратты ұсыну бойынша өзге іс-әрекеттерді орындамаса, уәкілетті банк жіберушіге осындай нұсқауды орындамастан қайтарады.

18. Есептік тіркеуге жататын келісімшарт бойынша басқа уәкілетті банкке ақша түскен кезде уәкілетті банк ақшаны экспортердің немесе импортердің банк шотына есепке алады және экспортердің немесе импортердің нұсқауы негізінде түскен ақшаны есептік тіркеу банкіне аударуды жүзеге асырады. Экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеу банкіне ақша аударуға арналған төлем құжатына келісімшарттың тіркеу нөмірі және оның берілген күні көрсетілген келісімшарт парағының көшірмесін қоса береді.

19. Егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасы келісімшарттың валютасымен сәйкес келмесе, уәкілетті банк түскен соманы:

1) ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасын келісімшарттың валютасына қайта есептеудің келісімшарттың тараптары айқындаған бағамына сәйкес;

2) егер тараптар ақша төлемінің және (немесе) аударымының валютасын келісімшарттың валютасына қайта есептеу бағамын айқындамаса, ақша төлемі және (немесе) аударымы күнгі валюталар айырбастау бағамына сәйкес есепке алады.

20. Тауарларды кедендік тазалау кезінде кеден органының уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидаларға сәйкес есептік тіркеу нөмірін беру талап етілетін келісімшарттар бойынша келісімшарттың тауарларға арналған декларацияда мәлімделген есептік нөмірін келісімшарттың келісімшартты есепке алу банкі келісімшартта көрсеткен есептік нөмірмен не осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жағдайда мәміле паспортының нөмірімен салыстырып тексереді.



 

 

3. Резиденттердің келісімшарттардың есептік тіркеу нөмірлерін алу талаптары



 

21. Келісімшарт:

1) экспортердің немесе импортердің банк шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте - ақша төлемдері және (немесе) аударымдары экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттарын пайдалана отырып асырылатын келісімшарттар бойынша;

2) экспортердің немесе импортердің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында - ақша төлемдері және (немесе) аударымдары толық түрде экспортердің немесе импортердің шетелдік банктегі, Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шоттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын келісімшарттар бойынша;

3) уәкілетті банкте - уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісімшарттар бойынша есептік тіркеледі.

22. Экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін алуды келісімшарт бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы жүргізілгенге дейін және (немесе) тауарлар келісімшарт бойынша экспортердің немесе импортердің экспорты немесе импорты үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өткізілгенге дейін жүзеге асырады.

23. Келісімшарттың есептік нөмірі:

1) тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін, оның ішінде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету келісімшарттары шеңберінде немесе бір жылдан артық мерзімге лизинг келісімшарты бойынша алып өткізілген;

2) тауарларды меншіктеу құқығының резиденттен резидент емеске не резидент еместен резидентке өтуіне байланысты бұрын басқа кедендік рәсім арқылы алып өткізілген тауарларға қатысты экспорттың кедендік рәсіміне арналған кедендік рәсім өзгерген;

3) есептік тіркеу банкі болып табылмайтын уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өткен жағдайда, оның ішінде есептік тіркеу банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұрған не айырған және келісімшартты есептік тіркеуден шығару үшін негіздер болмаған жағдайда;

4) осы Қағидалардың 38-тармағында белгіленген жағдайларда, жеткізілетін тауарлардың құны келісімшарт жасау күні баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын әрбір келісімшарт бойынша жеке беріледі.

24. Экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтінішті;

2) келісімшарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады.

25. Келісімшарттың есептік тіркеу банкінің қызметкері экспортер немесе импортер осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келісімшартты Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттарды журналына тіркейді және келісімшарттың түпнұсқасының немесе көшірмесінің бірінші немесе соңғы парағында келісімшарттың есептік нөмірін және оны берген күнді көрсетеді, өз қолымен және келісімшарттың есептік тіркеу банкінің мөрімен растайды.



Электрондық құжат айналымы кезінде келісімшарттың есептік тіркеу банкі электрондық цифрлық қолтаңбамен растай отырып, келісімшарттың электрондық көшірмесіне есептік нөмір береді.

26. Уәкілетті банк немесе Ұлттық Банктің филиалы:



1) келісімшартта Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының талаптарына қайшы келетін талаптардың болуы, оның ішінде келісімшартта резидент еместің міндеттемелерді орындау мерзімдерінің болмауы;

2) экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 1-қосымшасының нысаны бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін берілген өтініштегі қолдарының және (немесе) мөрлерінің экспортердің немесе импортердің банк шоты бойынша тұлғалардың қолдарының үлгісі бар құжаттағы қол қою және мөр үлгісіне сәйкес келмеген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беруден бас тартады.

27. Келісімшартқа тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі мен талаптарына, келісімшарттың сомасы мен валютасына әсер ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, экспортер немесе импортер есептік тіркеу банкіне осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде растау құжаттарын ұсынады.

28. Есептік тіркеу банкі әрбір экспортер немесе импортер бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлері бойынша, валюталық құжаттардың түсуіне қарай олардың көшірмелерінен қалыптастырылатын істі жүргізеді. Істі электрондық нысанда жүргізуге жол беріледі.

29. Келісімшартқа есептік нөмір беру:



1) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қолма-қол ақша алып өткен кезде;

2) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер шетел банктеріндегі металл шоттарға орналастыру үшін бағалы металдарды әкеткен кезде;

3) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдар әкелген кезде;

4) ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы заемдары немесе Қазақстан Республикасының кепілдік беруімен қамтамасыз етілген сыртқы заемдар есебінен жүргізілетін келісімшарттар үшін;

5) Қазақстан Республикасының ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын мемлекеттік органдарының бөлімшелері (ведомстволары) арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерімен және мемлекеттік кәсіпорындарымен жасалған келісімшарттар үшін;

6) резидент еместермен жасаған, экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өту көзделмейтін келісімшарттар үшін;

7) тауарларды ақша міндеттемелерінің туындауы көзделмейтін келісімшарттар бойынша алып өткен кезде талап етілмейді.

30. Егер ақы төлеу аударым аккредитивін пайдалану арқылы экспортердің (сауда делдалының) және резидент-жүк жіберушінің пайдасына жүргізілсе, онда есептік нөмір аударым аккредитиві бойынша аударым жасайтын банк ретінде экспортерге қызмет көрсететін келісімшарттың есептік тіркеу банкіндегі келісімшартқа беріледі.



Тауарлардың экспорты үшін ақы төлеу түсімі мына жағдайларда:

1) егер екі бенефициардың (экспортердің және жүк жіберушінің) банк шоттарына түскен түсімдердің сомасы келісімшарт талаптарына сәйкес келсе. Бұл ретте экспорттан түскен түсім туралы ақпаратта аккредитив бойынша уәкілетті банкке келіп түскен барлық сома бірінші бенефициар-экспортер мен екінші бенефициар-жүк жіберуші арасында бөлінгенге дейін көрсетіледі;

2) егер екінші бенефициардың банк шотына түскен түсімдер сомасы бірінші бенефициардың банк шотына түсуі тиіс соманы шегергенде келісімшарт сомасына тең болса (бірінші бенефициар аударым жасайтын банктің алғашқы талабы бойынша екінші бенефициар шотының (инвойстың) орнына өз шотын (инвойсты) ұсынбаған және аккредитив бойынша ақы төлеуді эмитент-банк екінші бенефициардың пайдасына жүзеге асырған жағдайда) толық көлемде түскен болып саналады.

 

 

4. Репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың қосымша рәсімдері (жеке оқиғалар)



 

31. Уәкілетті банкте, сол сияқты шетел банкінде ашылған банк шоттарын пайдалану арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды:

уәкілетті банк арқылы жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бөлігінде уәкілетті банк;

экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бөлігінде Ұлттық Банктің филиалы жүзеге асырады.

Шетел банктеріндегі банк шоттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының сомаларын уәкілетті банк экспортердің немесе импортердің Ұлттық Банктің филиалына ұсынған осындай төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратының негізінде есепке алады.

32. Егер келісімшарт бойынша резидент емес берешегінің қалдық сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, есептік тіркеу жүзеге асырылған келісімшарт бойынша басқа банктің қызметіне ауысқан кезде экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банкке:



1) келісімшарт бойынша басқа банктің қызметіне ауысуына байланысты келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы еркін нысандағы өтінішті;

2) келісімшартты есептік тіркеген басқа банкке келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты өзінің сұратуы бойынша беруге арналған жазбаша келісімді ұсынады.

Экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен келісімшартты есептік тіркеген жаңа банктен келісімшарттың есептік нөмірін алады. Келісімшартты есептік тіркеген жаңа банк экспортердің немесе импортердің жазбаша келісімінің негізінде келісімшартқа жаңа есептік нөмір берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банкке келісімшартқа жаңа есептік нөмір берілгені туралы хабарлауды және осы келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты беру туралы жазбаша сұрау салуды жібереді.



Келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банк аталған хабарлау мен жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келісімшарттың түпнұсқасына немесе көшірмесіне тиісті белгі қойып, келісімшартты есептік тіркеуден шығарады және келісімшартты есептік тіркеген жаңа банкке ақша мен тауарлардың қозғалысы және келісімшарттың есептік тіркеуден алынғаны туралы қолда бар ақпаратты ұсынады.

Келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банк келісімшартты есептік тіркеуден шығарғаннан кейін келісімшарт бойынша ақша төлемі мен (немесе) аударымын жүргізбейді.

Уәкілетті банктің бір филиалынан уәкілетті банктің басқа филиалының қызметіне ауысу арқылы келісімшартты есептік тіркеу банкі өзгерген жағдайда, келісімшартты есептік тіркеуден шығару талап етілмейді. Бұл ретте осы келісімшарт бойынша экспортерге немесе импортерге қызмет көрсеткен уәкілетті банктің филиалы бес жұмыс күні ішінде келісімшарт бойынша барлық құжаттар мен ақпаратты осы келісімшартты валюталық бақылауға қабылдайтын уәкілетті банктің филиалына береді.

33. Мыналар:



1) мыналарға:

экспортерге немесе импортерге банк шотын ашқаны және келісімшарт бойынша жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі ақпаратпен банк шоты ашылған немесе төлем жүргізілген және (немесе) ақша аударылған операциялық күннен кешіктірмей уәкілетті банк пен оның филиалы арасында ақпарат алмасуға;

осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұсынылған келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратқа уәкілетті банктің көрсетілген ақпаратты алған операциялық күнінен кешіктірмей қол жеткізуге;

уәкілетті банк (оның филиалдары) келісімшартқа есептік нөмір берген операциялық күннен кешіктірмей есептік нөмірі бар келісімшарттар жөнінде уәкілетті банк бойынша жалпы жиынтық ақпараттың болуына;

экспорт немесе импорт бойынша маңызды электрондық іс қағаздарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесі;

2) мына:

экспортердің немесе импортердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізу;

уәкілетті банктің өз филиалдарына келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты жеткізу;

уәкілетті банктің тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде уәкілетті банк филиалының валюталық бақылау агенттерінің функцияларын жүзеге асыруына және уәкілетті банктер филиалдарының келісімшарттар бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратқа қол жеткізуіне байланысты тәуекелдерді бағалауды, өлшеуді, бақылауды және мониторингін жүзеге асыру рәсімдерін реттейтін ішкі ережелер;

3) уәкілетті банк (оның филиалы) бойынша келісімшарттарға есептік нөмірлерді кейіннен беруді қамтамасыз ететін келісімшарттарды тіркеу журналын және экспорт немесе импорт бойынша істерді электрондық түрде жүргізу мүмкіндігі болған жағдайларда, уәкілетті банктің әртүрлі филиалдарында келісімшарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің (оның филиалының) әртүрлі орналасқан жері бар операциялық залдарының келісімшарттарға есептік нөмірлерді беруіне рұқсат етіледі.

34. Егер келіп түскен ақша экспортердің немесе импортердің банк шотына келісімшартты есептік тіркеу банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру себебі бойынша аударылмаған болса, онда экспорттық түсімнің түсуін не импорт жөніндегі келісімшарт бойынша бұрын аударылған ақшаның келісімшартты есептік тіркеу банкінің корреспонденттік шотына қайтарылуын бақылау мақсаттары үшін экспортердің немесе импортердің пайдасына ақшаның түскенін растайтын құжат ретінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің тарату комиссиясының келісімшартты есептік тіркеудің таратылатын банкінің корреспонденттік шотына келісімшарттың нақты есептік нөмірі бойынша сәйкестендірілген ақшаның түскені туралы анықтамаларын қабылдауға рұқсат етіледі.

35. Резиденттің келісімшарт бойынша төлеуші үшінші тұлға ретінде қатысуы:

1) резидент үшінші тұлғаның резидент емеске кредит ұсынған;

2) импортер мен резидент үшінші тұлғаның арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың не агенттік шарттың шеңберінде резидент үшінші тұлғаның келісімшарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған;

3) экспортердің резидент емеске және резидент еместің резидент үшінші тұлғаға талаптары есепке алынған;

4) үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуын және өзге де мәмілелерді қаржыландырған, сондай-ақ үшінші тұлғалардың нәтижесінде ақшаны және өзге де мүлікті сыйақымен немесе сыйақысыз қайтару міндеттемелері орындалған тұлғаның осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осы орындауды жүзеге асырған тұлғаға міндеті туындайтын кредитор алдындағы борышкер міндеттемелерін орындаған жағдайларда мүмкін болады.

36. Егер келісімшарт есептік тіркелуі тиіс болса, келісімшарт бойынша үшінші тұлға ретінде резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк (бұдан әрі - үшінші тұлғаның банкі) төлем және (немесе) ақша аударымын экспортерге немесе импортерге қызмет көрсететін уәкілетті банктің келісімшарттың есептік нөмірін келісімшартқа бергенінен кейін ғана жүзеге асырады.

Үшінші тұлғаның банкі резидент үшінші тұлға төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде резидент үшінші тұлғаның жазбаша келісімінің негізінде келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі ақпаратты осы Қағидаларға



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет