Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы операциялық жоспарын іске асыру туралы есеп



бет7/10
Дата12.06.2016
өлшемі1.14 Mb.
#130511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚРҰБ банк секторының кредиттік портфелінің төмен сапасының проблемасын шешу үшін шаралар кешенін іске асырды, оған сәйкес: 1) проблемалық активтер «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-на (бұдан әрі – ПКҚ) және/немесе бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарға (бұдан әрі – КАБҰ) берілуі мүмкін, сондай-ақ 2) қосымша салық міндеттемесінің туындауынсыз үмітсіз берешекті кешіру талаптары көзделген.



4.1.1.7-тікелей нәтиже көрсеткіші. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту (10%)

1-іс-шара. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысын дайындау

ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын 10%-ға ұлғайту туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 289 қаулысы қабылданды.



4.1.2-міндет. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қаржы ұйымдарында қолдану тиімділігін қамтамасыз ету

4.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру бойынша әзірленген нормативтік құқықтық актілердің саны (5 нормативтік құқықтық акті)

1-іс-шара. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі, сондай-ақ ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

2012 жылы ҚРҰБ Басқармасының 9 қаулысы қабылданды:



  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 8 қаулысы;

  2. «Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 43 қаулысы;

  3. «Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 111 қаулысы;

  4. «Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау мерзімі және оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беру туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 223 қаулысы;

  5. «Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысы;

  6. «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылған деп тану туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 271 қаулысы;

  7. «Бухгалтерлік есепті жүргізуді автоманттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысы;

  8. «Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысы;

  9. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 388 қаулысы.


4.1.2.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Қаржы ұйымдарына бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптардың сақталуына жүзеге асырылған тексерулер саны (12 тексеру)

1-іс-шара.

1) қаржы ұйымдарын бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде ҚҚК қызметкерлерін тарта отырып тексеру арқылы жүзеге асыру;

2) бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру мақсатында, екінші деңгейдегі банктердің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясын алу үшін екінші деңгейдегі банктердің автоматтандырылған банк жүйесін тексеру.

Осы көрсеткішті іске асыру шеңберінде 2012 жылы 12 тексеру жүргізілді (жоспарланған жылдық көрсеткіштің 100%):

1) «БТА Банкі» АҚ «БТА Секьюритис» ЕҰ» АҚ (жоспарлы);

2) «Zurich Invest Management» АҚ (жоспарлы);

3) «Банк «Bank RBK» АҚ (жоспардан тыс; автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны беру бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде);

4) «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ (жоспарлы);

5) «NOMAD FINANCE» АҚ (жоспарлы);

6) «Қазпочта» АҚ (жоспарлы);

7) «Punjab National»-Қазақстан» еншілес банкі» АҚ (жоспарлы);

8) «Эксимбанк Қазақстан» АҚ (жоспардан тыс; автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны беру бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде);

9) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (жоспарлы);

10) «Банк «Bank RBK» АҚ жоспардан тыс; автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны беру бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде);

11) «БТА Өмір» БТА Банкі өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» (жоспардан тыс);

12) «Kompetenz» СК» АҚ (жоспардан тыс).

Сондай-ақ осы шараны іске асыру шеңберінде 2012 жылы төмендегі ұйымдарға бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру бойынша тексерулерді жүзеге асыру барысында анықталған бұзушылықтарды жою үшін шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды:

1) «АТФ Банк» АҚ - 04.01.2012ж. № 24202/1 міндеттеме хат талап етілді;

2) «Қазкоммерцбанк» АҚ - 04.01.2012ж. № 24202/4 міндеттеме хат талап етілді;

3) «Ситибанк Казахстан» АҚ- 01.02.2012ж. № 24202/136 жазбаша ұйғарым;

4) «Альянс Банк» АҚ - 20.02.12ж. №24202/253 жазбаша ұйғарым;

5) «Zhurich Invest Management» АҚ- 02.04.12ж. № 24204/533 міндеттеме хат талап етілді;

6) «БТА Банк» АҚ «БТА Секьюритис» ЕҰ» АҚ - 05.04.12ж. № 24202/551 жазбаша ұйғарым;

7) «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ - 03.07.12ж. № 24218/1022 жазбаша ұйғарым;

8) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ - 12.09.2012ж. № 24218/1379 жазбаша ұйғарым;

9) «Punjab National Bank» - Қазақстан» еншілес банкі» - 07.12.12ж. №24202/1860 міндеттеме хат талап етілді;

Есепті кезеңде бастамашылық өтініш негізінде, бухгалтерлік есепті автоматтандыру және Бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны алу мақсатында төмендегі екінші деңгейдегі банктердің автоматтандырылған банк жүйесі тексерілді:

1)  «Банк «Bank RBK» АҚ (оң қорытынды берілді);

2) «Эксимбанк Қазақстан» АҚ (оң қорытынды беруден бас тартылды);

3) «Банк «Bank RBK» АҚ (қайта оң қорытынды берілді).


4.1.2.3-тікелей нәтиже көрсеткіші. Қаржы ұйымдарының, ҚҚК қызметкерлерін және ЖОО студенттерін ХҚЕС бойынша оқыту және біліктілігін арттыру бойынша өткізілген семинарлар саны (5 семинар)

1-іс-шара. Қаржы ұйымдарының, ҚҚК қызметкерлерін және жоғары оқу орындарының студенттерін ХҚЕС бойынша оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

2012 жылы 6 төмендегі оқыту іс-шаралары жүргізілді:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасында «Сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп және есептілік» пәні бойынша оқыту (31 сағат);

2) халықаралық деңгейдегі «ХҚЕС қолданылуы: проблемалары, жетістіктері және перспективалары» деген тақырыптағы дөңгелек үстел;

3) қаржы ұйымдары үшін ХҚЕС жөніндегі кеңес өкілінің қатысуымен ХҚЕС мәселелері жөніндегі семинар;

4) ҚРҰБ ҚҚК Өңірлік өкілдері басқармасының қызметкерлері үшін семинар для (2 сағат);

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасында «Қаржылық есеп» пәні бойынша оқыту (177 сағат);

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және ҚРҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті бөлімшелерінің қызметкерлері үшін семинар.


4.1.2.4-тікелей нәтиже көрсеткіші. Қаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын сақталуына жүзеге асырылған тексерулер саны

1-іс-шара. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде ҚҚК тексерулері аясында жүзеге асыру.

Осы көрсеткішті іске асыру мақсатында 2012 жылы төмендегі тексерулер жүргізуге қатысты (оның ішінде ҚҚК ұйымдастырған):

1) «БТА Банк» АҚ «БТА Секьюритис» ЕҰ» АҚ;

2) «Zurich Invest Management» АҚ;

3) «FIVE BROKERS' CAPITAL» АҚ;

4) «БТА Банк» СК «Лондон-Алматы» АҚ ЕҰ» АҚ;

5) «Сақтандыру брокері» ЖШС «e-kz.com»;

6) «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ;

7) «ҚИК» АҚ;

8) «Seven Rivers Capital» («Севен Риверс Капитал») АҚ;

9) «БТА Сақтандыру» БТА Банкінің еншілес компаниясы» АҚ;

10) «NOMAD FINANCE» АҚ;

11) «Сбербанк России» АҚ ЕБ бухгалтерлік есепте кредиттік арналар шеңберінде кредиттік шарттар бойынша операцияларды көрсету тәртібі мәселесі бойынша;

12) «BCC Invest» - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы» АҚ;

13) «Premier Capital» АҚ;

14) «Punjab National»-Қазақстан» еншілес банкі» АҚ;

15) «АТФ Банк» АҚ;

16) «Kaspi Bank» АҚ;

17) «Капитал»ЖЗҚ» - «Банк Центр Кредит» АҚ еншілес ұйымы» АҚ;

18) «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ;

19) «Цеснабанк» АҚ;

20) «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ;

21) «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ;

22) «МұнайГаз» – Дем» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (ашық);

23) «Цесна Капитал» АҚ;

24) «Заман-Банк» АҚ;

25) «Марш (сақтандыру брокерлері)» ЖШС;

26) «Trust Insurance» сақтандыру компанияся» АҚ;

27) «CAIFC INVESTMENT GROUP» АҚ;

28) «Prime Financial Solutions» АҚ;

29) «Астана» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ;

30) «Алатау» СК» АҚ;

31) «МСК «Архимедес Қазақстан» АҚ;

32) «Банк ЦентрКредит» АҚ;

33) «Kaspi Сақтандыру» АҚ.

Осылайша, 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы іс-шара шеңберінде қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын сақтауына жүргізілген 33 тексеруге (оның ішінде ҚҚК ұйымдастырған) қатыстық.


Осы іс-шараны іске асыру шеңберінде 2012 жылы бухгалтерлік есепті жүргізу және қажылық есептілікті жасау саласындағы тексерулерді жүзеге асыру барысында анықталған жөнсіздіктерді жою үшін мынадай ұйымдарға шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды:

1) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ - 02.04.2012ж. №24202/532 міндеттеме-хат талап етілді;

2) «Ситибанк Қазақстан» АҚ - 02.04.2012ж. № 24202/535 жазбаша ұйғарым;

3) «Қазинвестбанк» АҚ - 09.04.2012ж. №24202/575 міндеттеме-хат талап етілді.


Сонымен қатар есепті кезеңде мыналарға қатысты ҚРҰБ қызметкерлері қозғаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды:

1) «ЭкоПолис» сақтандыру компаниясы» АҚ (2 хаттама жасалып, жалпы сомасы 2 823 254 теңгеге айыппұл салынды);

2) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (1 хаттама жасалып, қарау нәтижелері бойынша әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды);

3) «Ситибанк Қазақстан» АҚ (хаттама жасалып, қарау нәтижелері бойынша әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды);

4) «Альянс Банк» АҚ (5 хаттама жасалды (қарау нәтижелері бойынша 1 хаттаманың әкімшілік ісін жүргізу тоқтатылды) және жалпы сомасы 365 955,46 теңгеге айыппұл салынды);

5) «БТА Банк» АҚ (5 хаттама жасалды және жалпы сомасы 1 895 031,85 теңгеге айыппұл салынды);

6) «Банк ВТБ-Қазақстан» ЕҰ АҚ (1 хаттама жасалды және жалпы сомасы 6 472 000 теңге айыппұл салынды);

7) «Қазпочта» АҚ (1 хаттама жасалды қарау нәтижелері бойынша аса маңызды болмағандықтан әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды);

8) «Premier Capital АҚ (1 хаттама жасалды және іс Алматы қ. ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді);

9) «Kaspi Bank» АҚ (3 хаттама жасалды (қарау нәтижелері бойынша 2 хаттаманың әкімшілік ісін жүргізу заңның немесе оның әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін жекелеген ережелерінің күшінің жойылуына байланысты тоқтатылды) және сомасы 10 117 теңгеге айыппұл салынды);

10) «АТФ Банк» АҚ (2 хаттама жасалды және жалпы сомасы 2 269 448, 37 теңгеге айыппұл салынды);

11) «Цесна Капитал» АҚ (1 хаттама жасалды және хаттаманы қарау нәтижелері бойынша ӘҚтК 580-бабындағы тәртіппен іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын жағдайларға: әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды);

12) «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ (1 хаттама жасалды және жалпы сомасы 161 800 теңгеге айыппұл салынды);

13) «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (1 хаттама жасалып, 161 800 теңге сомасына айыппұл салынды);

14) «Trust Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ (1 хаттама жасалып, 161 800 теңге сомасына айыппұл салынды);

15) «Алатау» сақтандыру компаниясы» АҚ (3 хаттама қаралып, жалпы сомасы 4 494 617 теңгеге айыппұл салынды);

16) «Архимедес Қазақстан» медициналық сақтандыру компаниясы» АҚ (1 хаттама қаралып, 161 800 теңге сомасына айыппұл салынды);

17) «Зерде» тіркеушісі АҚ (1 хаттама қаралып, іс Алматы қ. ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді).


Сонымен қатар 2012 жылы қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын 12 заңды тұлға банк операцияларының нәтижелерін бухгалтерлік есепте тиісінше көрсетпей оларды жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
4.1.3-міндет. Банк жүйесінің өтімділігіне қолдау көрсету

4.1.3.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Банктердің қайта қаржыландыру операциялары және берілген кепілдіктер бойынша Ұлттық Банктің алдында өтелмеген міндеттемелерінің көлемі (банктердің жиынтық меншікті капиталының 50%-нан аспайды)

Банктердің қайта қаржыландыру операциялары мен берілген кепілдіктер бойынша Ұлттық Банктің алдындағы өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 4,86% құрады, оның 1,44% - KASE-дегі операциялар, 3,42% - екінші деңгейдегі банктер. Есепте «БТА Банкі» АҚ жеке лимитінің болуына байланысты оның меншікті капиталы мен берешегі есептелген жоқ.



4.1.3.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері:

- ішкі міндеттемелер бойынша (кезеңнің соңында 6% көп емес)

- өзге міндеттемелер бойынша (кезеңнің соңында 8% көп емес)

1-іс-шара. Ұлттық Банк Басқармасының қаулысын дайындау (қажеттілігіне қарай)

Мынадай қаулылар қабылданды:

1) Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 290 қаулысы. Қаулы 2012 жылғы 13 қазаннан бастап күшіне енді.

2) Ұлттық Банк Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 291 қаулысы. Қаулы 2012 жылғы 13 қарашадан бастап күшіне енді.

2012 жылғы 13 қарашадан бастап ең төменгі резервтік талаптардың мынадай нормативтері белгіленді:

- банктің ішкі қысқа мерзімді міндеттемелері үшін - 2,5 пайыз;

- банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелері үшін - 0 пайыз;

- банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелері үшін - 6,0 пайыз;

- банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелері үшін - 2,5 пайыз.
4.1.4-міндет. Қаржы ұйымдары қызметінің жағдайын жақсарту

4.1.4.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Қадағаланатын субъектілерді жоспарлы тексеру санын қысқарту (қадағаланатын субъектілердің жалпы санының 15%)

1-іс-шара. Қадағаланатын субъектілерге инспекциялық тексеру ұйымдастыру және жүргізу

2012 жылы Комитет 36 жоспарлы тексеру жүргізді:



1. Екінші деңгейдегі банктер:

1) «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ;

2) «Punjab National»-Қазақстан» еншілес банкі» АҚ;

3) «АТФ Банк» АҚ;

4) «Kaspi Bank» АҚ;

5) «Цесна Банк» АҚ;

6) «Заман Банк» АҚ;

7) «Темір Банк» АҚ;

8) «БанкЦентрКредит» АҚ.

2. Сақтандыру секторы:

1) «БТА Банк» АҚ «Лондон-Алматы» СК ЕҰ» АҚ;

2) «БТА Банкінің «БТА сақтандыру» еншілес компаниясы» АҚ;

3) «БТА Банкінің «БТА Өмір» өмірді сақтандыру еншілес компаниясы» АҚ;

4) «НОМАД Иншуранс» СК АҚ;

5) «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ;

6) «Авангард» сақтандыру брокері» ЖШС;

7) «Trust Insurance» СК» АҚ;

8) «Марш» ЖШС (сақтандыру брокерлері);

9) «Архимедес Қазақстан» МСК» АҚ;

10) «Алатау» СК» АҚ;

11) «Kaspi Сақтандыру» АҚ;

12) «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ.

3. Бағалы қағаздар нарығы:

1) «БТА Банк» АҚ «БТА Секьюритис» еншілес ұйымы» АҚ;

2) «NOMAD FINANCE» АҚ;

3) «Zurich Invest Management» АҚ;

4) «FIVE BROKERS' CAPITAL» АҚ;

5) «Seven Rivers Capital» АҚ;

6) «BCC Invest» АҚ;

7) «Цесна Капитал» АҚ;

8) «CAIFC INVESTMENT GROUP» АҚ;

9) «PRIME FINANCIAL SOLUTIONS» АҚ;

10) «Premier Capital» АҚ.

4. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі:

1) «Капитал» ЖЗҚ» АҚ;

2) «МұнайГазДем» ЖЗҚ» АҚ;

3) «Астана» ЖЗҚ» АҚ.



5. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен басқа да ұйымдар:

1) «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ;

2) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ;

3) «Бірінші кредиттік бюро» АҚ.


4.1.4.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Бизнесті тіркеуге және жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар алуға, аккредиттеуге; консультациялар алуға) байланысты операциялық шығыстарды азайту, уақыт пен шығындарды қоса алғанда (2011 жылмен салыстырғанда 30%)

1-іс-шара. Әкімшілік кедергілерді қысқарту бөлігінде заңнаманы жетілдіру.

1. 2012 жылғы 6 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 530-IV Заңы қабылданды, оған сәйкес:

- мәміле паспорты жойылды (келісімшарттардың есептік нөмірлерін беру рәсімі көзделген);

- құрылтай құжаттарын нотариатта куәландыру қажеттілігі жойылды, оның орнына құрылтай құжаттарының көшірмесі талап етіледі (нотариатта куәландырылған көшірмелер салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларды берген жағдайда қажет);

- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялағанда, айырбастау пункттерін тіркеген, валюталық операцияларды тіркеген және олар туралы хабарлаған кезде салық төлеушінің мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талабы жойылды.

2. 2012 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 30-V Заңы қабылданды, оған сәйкес:

1) рұқсат беру рәсімдерінің мына түрлері алып тасталды:

- өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру қағидаларын келісу;

- арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру;

- жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін уәкілетті органмен келісу;

- Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының кәсіби қатысушыларын аккредиттеу;

- заңды тұлғаға өзін өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру;

- екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайлары дайындығының деңгейі туралы қорытындыны беру;

- бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны беру.

2) рұқсат беру рәсімдерінің мына түрлері хабарлау тәртібіне аударылды:

- банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органмен келісу;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органмен келісу;

- жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органмен келісу;

- қызметінің айырықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын келісу.

3. 2012 жылғы 24 ақпанда «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 42 қаулысы қабылданды, ол мәміле паспортын ресімдеу рәсімін сыртқы саудалық келісімшарттардың есептік тіркеу рәсіміне ауыстыру жолымен кедендік ресімдеуде талап етілетін құжаттар санын қысқарту салдарынан сыртқы саудалық қызметті жүзеге асырғанда әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған.

4. 2012 жылғы 28 сәуірде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 154 қаулысы қабылданды, ол тұтастай алғанда валюталық режимді одан әрі ырықтандыру аясында валюталық реттеу мен бақылау рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

5. 2012 жылғы 25 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілері және жинақтаушы зейнетақы қорлары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 195 қаулысы қабылданды, онда мыналар:

- «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне кіргізудің жеңілдетілген рәсімін, сондай-ақ осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеудің жеңілдетілген рәсімін;

- исламдық бағалы қағаздарды биржаға жіберу бойынша талаптарды ырықтандыруды;

- шетелдік эмитенттердің жоғары дамыған төрт елдің немесе аудиторлық есебі Дүниежүзілік биржалар федерациясының мүшесі болып табылатын қор биржасын танитын аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін беру мүмкіндігі көзделеді.

2012 жылғы 4 шілдеде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 202 қаулысы қабылданды.

Лицензиаттарға (уәкілетті банктерге және уәкілетті ұйымдарға) және айырбастау пунктіне қойылатын талаптарды жеңілдету бөлігінде осы қаулыда мынадай өзгерістер көзделген:

- жарлықтың көшірмесіне құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін беру қажеттілігі жойылды 12-тармақтың (2 тармақшасы), 14-тармақ);

- лицензиялаудың электронды қызметін көрсету көзделген («Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы) (14 және 21-1-тармақтар);

- қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу және сату туралы мәліметтері бар ақпараттық стендтің болуын құжаттамалық растау талабы жойылды (26-тармақ және 44-тармақ);

- кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс жүргізуі бойынша арнайы дайындықтан өткенін растайтын құжаттарға қойылатын талаптары бар норманы әртүрлі түсіндіру жойылды (27-тармақ). 27-тармақтың жаңа редакциясында кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс жүргізуі бойынша арнайы дайындықтан өткенін куәландыратын құжат болғанда, қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс жүргізуі бойынша кассир ретінде еңбек қызметін растайтын құжатты қоса беру талап етілмейді;

- қызметті лицензиялау және айырбастау пунктін тіркеу кезінде салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесін беру талабы жойылды (14 және 29-тармақтар);

- тиісті тұлғаны айырбастау пунктінің кассирі ретінде тағайындау туралы бұйрықты ресімдеуге қойылған бір мәнді емес талап алып тасталды (45-тармақтың 1) тармақшасы). 45-тармақтың 1) тармақшасы редакциясының бір мәнді болмауына байланысты шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаларға банкке кассир ретінде қандай да бір жеке тұлғаны қабылдау туралы бұйрықпен қоса қабылданған кассирді банктің айырбастау пунктінің кассирі ретінде тағайындау туралы қосымша бұйрықты шығару талап етілген болатын.

6. 2012 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 233 қаулысы қабылданды, ол:

- «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ облигацияларын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізудің жеңілдетілген рәсімін;

- исламдық бағалы қағаздарды биржаға жіберудің талаптарын ырықтандыруды;

- шетелдік эмитенттердің үлкен төрттіктің немесе аудиторлық есебін Дүниежүзілік биржалар федерациясының мүшесі болып табылатын шетелдік қор биржасы танитын аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін беру мүмкіндігін көздейді.

7. 2012 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 234 қаулысы қабылданды, оған сәйкес қолданыстағы заңнамадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (уәкілетті органның) мынадай мәселелер:

- өзін өзі реттейтін ұйым мәртебесін тағайындау;

- ҚРҰБ арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсат беруі;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ҚРҰБ алдын ала келісу бойынша рәсімдерді айқындау және нормативтік құқықтық актілерді шығаруға өкілеттіктерінің алып тасталуына байланысты 4 нормативтік құқықтық актінің күші жойылады.

8. 2012 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 235 қаулысы қабылданды, ол:

- рұқсат ету құжаттарын беру, сондай-ақ қаржы ұйымдарының қызметін лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талап етілетін құжаттардың тізбесін қысқартуға негіз болатын өзгерістерді енгізу;

- Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде ҚРҰБ аккредиттеу рәсімін алып тастау көзделеді.

9. 2012 жылғы 24 тамызда «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 250 қаулысы қабылданды, ол банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларының дайын екендігі туралы қорытынды беру тәртібінің күшін жойды.

10. 2012 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 297 қаулысы қабылданды. Ол қаулы қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және екінші санаттарына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін резиденттердің ұйымдарының акцияларын, оларды «акциялар» секторының үшінші санатына енгізу шартымен шығаруға және (немесе) шет мемлекетінің аумағына орналастыруға уәкілетті органның рұқсатын алу мүмкіндігін беру мақсатында әзірленді.

Осы түзетуді қабылдау әкімшілік кедергілерді төмендетеді және пәрменді дамып келетін бизнесі бар орташа компанияларға шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды шығару арқылы шетелдік капиталды тартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

11. 2012 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 298 қаулысы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен жасалған шартсыз трансфер-агенттің қызметін пайдалануға мүмкіндіктің болмауына байланысты заңнамалық кедергілерді жою мақсатында әзірленді және қабылданды.

12. 2012 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 299 қаулысы қабылданды. № 189 қаулының нормалары мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін ашық сауда-саттық әдісімен жасасуға талаптарды белгілейді.

Сонымен бірге енгізілген түзетулер мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасасқан жағдайда оларды бастапқы орналастырған кезде жоғарыда көрсетілген талапқа ерекшеліктерді көздейді.

13. 2012 жылғы 29 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа жіберу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 332 қаулысы қабылданды.

Көрсетілген қаулымен IPO халықтық бағдарламасын іске асыру шеңберінде акцияларды ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығына шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялардың санына қатысты қор биржасының және АӨҚО арнайы сауда алаңының ресми тізімін «акциялар» секторының бірінші санатына қосу бойынша жекелеген талаптар көзделген. Атап айтқанда, еркін айналыстағы акциялар саны осы акциялармен сауда-саттықты ашқан күннен бастап бір жыл өткен соң орналастырылған акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды. Сондай-ақ көрсетілген ұйымдарға еркін айналыстағы акциялар санына акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларына тиесілі акциялар қосылмайтындығын белгілейтін талап қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет