2014 жылдың соңына таман Қазақстан аумағында 28 екінші деңгейдегі банк (барлық банктердің 80%) және «Қазпочта» АҚ электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелерінің көмегімен төлем карточкаларын пайдалана отырып, халыққа электрондық банк қызметтерін (ақпараттық және төлемдік)15 көрсетуді жүзеге асырды.
Банк қызметтерін телекоммуникация арналары бойынша қашықтан көрсету дәстүрлі түрде кассалық қызмет көрсетумен салыстырғанда басымдыққа ие екендігіне күмән жоқ. Осыған байланысты барлық банктерді аталған процеске тарту қисынды әрекет болып табылады. Стратегиялық мақсаттарға қарамастан, кейбір банктердің ерекшелігі тек ұйымдарға (заңды тұлғаларға) ғана қызмет көрсетуге бағытталғанын атап өткен жөн.
Жаңа банктердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, халыққа электрондық банк қызметтерін көрсетуге қызығушылық танытуы соңғы бірнеше жыл ішінде оң үрдіске айналып келеді. 2014 жылы мұндай банктердің саны 4 бірлікке, соңғы үш жыл ішінде 7 бірлікке ұлғайды.
Сонымен қоса, төлем карточкаларының нарығы немесе нақтырақ айтсақ, айналыстағы карточкалардың саны халықтың санына ғана байланысты емес, олардың психологиясының өзгеруіне қарай шектеулерге ие болып отыр. Егер бұрын адамдар жаңа өнім шыққан сайын белсенді түрде бірнеше карточкадан сатып алған болса, уақыт өткен сайын қызығушылықтары кеміп, бір-екі карточкамен ғана шектелетін болды. 2014 жыл осыған дәлел болып отыр, өйткені айналыстағы карточкалардың өсімі 17,3 млн. бірлікті құрай отырып, 4,4% рекордтық төмен деңгейде қалыптасты, олардың ішіндегі 13,1 млн. дебеттік, 3,1 млн. кредиттік және 1,1 млн. алдын ала төленген және кредиттік лимиті бар дебеттік төлем карточкалары болып табылады.
Ұқсас ахуал Ресейде де байқалып отыр. Ресей Орталық банкінің ресми статистикалық деректеріне16 сәйкес 2008 жылдан бастап жыл сайынғы өсім 10%-дан асқанына қарамастан, айналыстағы төлем карточкаларының өсімі 2014 жылғы 3-тоқсанның соңында 6,1%-ды құрады.
Бұл ретте, белсенді төлем карточкалары (операцияларды жасау үшін пайдаланылатын) сияқты көрсеткіштің өсу динамикасы жоғары деңгейде қалып отырғанын атап өткен жөн. 2014 жылы белсенді төлем карточкаларының өсімі 2013 жылмен салыстырғанда азайғанына (14,5%) қарамастан, 12,5%-ды құрады. Айналыстағы 17,3 млн. төлем карточкаларының ішінен 7 млн. аз төлем карточкасы белсенді түрде қолданылады.
Сондай-ақ айналыстағы төлем карточкаларының жалпы санына шаққанда белсенді төлем карточкаларының үлесі 2013 жылы 42,4%-ды құрағанына қарамастан, 2014 жылы бұл көрсеткіш 39,8% болып, біршама азайды.
Төлем карточкаларын жеткілікті түрде көп пайдаланбау бірнеше факторларға негізделіп отыр, олардың ішінде халықтың эмоционалдық көңіл-күйлерін, яғни қаражаттың шығындануына бақылаудың болмауын, операцияларды жасау қауіпсіздігіне, жалпы төлем құралының аталған түріне деген сенімсіздікті және ақы төлеудің тез орын ала қоймау процесін (PIN-кодты теру, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету) атап айтуға болады. Сондай-ақ тауарлар мен қызметтерге дәл сол уақытында төлем жасау мүмкіндігінің болмауы да кедергі келтіретін фактор болып табылады. Оның үстіне аталған ахуалды жақсартуға арналған нормативтік құқықтық құжат екі жыл бұрын қабылданса да, түбегейлі өзгерістер әлі де болса орын алған жоқ.
Қазақстанда жеткіліксіз түрде дамыған төлем карточкаларының көмегімен төлемдерді қабылдау желісі – ел тұрғындары санының сауда-саттық және сервис пункттерінде орнатылған POS-терминалдар санына арақатынасы бойынша айқын құбылыс. Белоруссияда 1 000 тұрғынға - 10, Ресейде - 8, ал Қазақстанда 3 POS-терминалдан келеді. Дамыған елдерде бұл көрсеткіштер бұдан да жоғары17: Англия мен Италияда – 26, Канадада – 24, Францияда – 21, Жапонияда – 15 болып келеді.
2014 жылы кәсіпкерлерде орнатылған POS-терминалдар санының жоғары өсу динамикасының (үш еседен астам) сақталуы және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау желілерін (сауда және қызмет көрсететін орындарды) көбейту туралы атап өткен жөн болар еді.
|
|
Ең көп сұранысқа ие құрылғылар бұрынғысынша банкоматтар болып қалып отыр, 2014 жылы POS-терминалдар бойынша 97 мың операция жасалғанына қарамастан, күніне орташа алғанда 515 мың операция (90% қолма-қол ақшаны алуға тиесілі) жасалады.
2014 жылы банкоматтар арқылы барынша сұранысқа ие болған төлемдер ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және бір банк шотынан басқа банк шотына (картадан картаға) ақша аудару болып табылады. Сондай-ақ, банкоматтар қолма-қол ақшаны, коммуналдық, салық және өзге де төлемдерді енгізу арқылы банк шоттарын толықтыру, сондай-ақ қарыздарды өтеу және алу операциялары үшін пайдаланылды.
Бұл ретте екінші жыл қатарынан банкоматтар санының өсу қарқынының баяулауы байқалды, 2014 жылы 2,7%-ды немесе 241 бірлікті құрады. Алайда, банкоматтар санының жеткіліксіздігі туралы айтуға болмайды, өйткені оларға түсетін жүктеме де аз, яғни орташа алғанда бір банкоматта бір күнде 58 операция жасалады. POS-терминалдарға түсетін жүктеме одан да аз, яғни күніне 2 операция ғана орындалады. Бұл ретте, дамыған елдерде бір POS-терминалға бір күнде шамамен 8 операциядан келеді.
2014 жылы Қазақстанда электрондық терминалдар мен
қашықтан кіру жүйелері арқылы төлем карточкаларын
пайдалана отырып жасалған операциялар
Операцияны жүргізу ортасы
|
қолма-қол жасалмайтын
|
қолма-қол ақшаның көмегімен
|
саны
(мың транз.)
|
көлемі
(млн. теңге)
|
саны
(мың транз.)
|
көлемі
(млн. теңге)
|
банкомат
|
17 370,9
|
185 689,9
|
169 248,6
|
5 694 807,5
|
үлесі %
|
31,1%
|
22,6%
|
96,8%
|
85,2%
|
POS-терминал
|
29 681,1
|
570 131,6
|
5 623,6
|
986 493,2
|
үлесі %
|
53,1%
|
69,3%
|
3,2%
|
14,8%
|
интернет
|
7 466,0
|
37 395,8
|
-
|
-
|
үлесі %
|
13,4%
|
4,5%
|
-
|
-
|
моб-ді телефон
|
220,1
|
214,5
|
-
|
-
|
үлесі %
|
0,4%
|
0,03%
|
-
|
-
|
басқалар18
|
1 181,5
|
29 389,9
|
-
|
-
|
үлесі %
|
2,1%
|
3,6%
|
-
|
-
|
Барлығы:
|
55 919,6
|
822 821,6
|
174 872,2
|
6 681 300,6
|
POS-терминалдарды көп қолданбау проблемасы көбінесе олардың жеткіліксіз санына байланысты орын алып отыр. Яғни, жоғарыда атап өткендей, сатып алушы қай жерде болмасын тауар сатып алғанда немесе қызметтерге ақы төлегенде, оның карточкамен есеп айырысу мүмкіндігі болуы керек. Егер бұл мүмкіндік іске асырылса, қолма-қол ақшасыз есептеудің жоғары деңгейіне ие елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай төлемдерді бірнеше есе ұлғайту нәтижесі орын алмақ. Адамдар қолма-қол ақшасыз ақы төлеудің қолайлылығына тез үйреніп, қалыпты жағдай ретінде қарайды да, уақыт өте келе қолма-қол ақшаны пайдаланудан қалады. Бұл жағдайда Қазақстандағы шетелдік азаматтардың қай жерде болмасын ақы төлеу үшін төлем карточкаларын ұсынатынын (мүмкін ойланбастан) мысалға келтіруге болады.
Егер бұрынырақ POS-терминалдар желілерін көбейту проблемасы олардың салыстырмалы түрдегі жоғары құны болып табылса, бір жылдан астам уақытта құны жағынан төмен, сондай-ақ жан-жақты пайдаланылатын, яғни орналасқан орнынан жылжытуға ыңғайлы болып келетін (шектеу тек мобильді операторлар желілерінің жұмыс аймағы бойынша қойылатын) мобильді POS-терминалдарды19 (mPOS) пайдалану мүмкіндігі іске асырылды.
Осылайша, төлем карточкаларының көмегімен төлемдерді күн сайын қабылдау үшін барлық жағдай жасалған, шешілмеген бір ғана маңызды міндет қалып отыр, ол – салық преференцияларын ұсыну, банкаралық комиссияларды төмендету бойынша жағдайлар жасау, сондай-ақ ақпараттық кампанияларды өткізу арқылы кәсіпкерлерді аталған төлемдерді қабылдауға ынталандыру.
POS-терминалдар арқылы сауда-саттық және қызмет көрсететін ұйымдарда төлем карточкаларын төлемге қабылдау желілерін дамытудан бөлек қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды көбейтетін перспективті орта интернет болып табылады. Мұндай есеп айырысуды көбейтудің жолы интернет аудиторияларын кеңейту болмақ. Ресми деректерге20 сәйкес 2013 жылдың соңында Қазақстанда 1 976 мың стационарлық интернет-абоненттер тіркелді. Бұл цифр интернетті пайдаланушылардың нақты санын көрсете алмайды, өйткені әсіресе соңғы жылдары 3G және 4G стандарттарын енгізу арқылы байланыс сапасын жақсарту, сондай-ақ тарифтердің төмендеуі, адамдардың мобильді телефондар арқылы интернетке белсенді түрде қосылуы орын алып отыр. Мобильді интернеттің қолжетімділігі кейіннен интернет арқылы жасалған төлемдердің үлестерін ұлғайтуға мүмкіндік беруі тиіс. Банкоматтар арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер үлесін азайту есебінен интернет-транзакциялардың үлесін ұлғайтуды күту орынды болып табылады. Қандай жағдай болмасын, негізгі қазақстандық эквайерлер банкоматтардың түпнұсқалық мәзіріне ұқсас қызметтер үшін ғана емес, одан да кең ауқымды қызметтердің интернет-кабинеті арқылы ақы төлеуді іске асырды. Мәселен, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы құрылымындағы интернет-төлемдер саны мен сомасының үлесі ұлғайды (саны мен сомасының 5,8% және 2,5%-нан тиісінше 13,4% және 4,5%-ға дейін), ал банкомат арқылы жасалатын төлемдер үлесі төмендеді (саны мен сомасының 36,3% және 24,8%-нан тиісінше 31,1% және 22,6%-ға дейін).
Сонымен қоса, интернет-аудиторияның кеңеюімен қатар интернет төлемдерді жасау бойынша сервистің болуы қажет. Электрондық коммерция жобаларын, сондай-ақ өзге электрондық сервистерді дамыту интернет-төлемдердің өсуіне ықпал етеді.
2014 жылдың тағы бір есте қаларлық ерекшелігі төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем құрылымдарын өзгерту болып табылады. Соңғы бес жыл ішінде қолма-қол ақшаны беру операцияларының өсуіне қарағанда қолма-қол жасалмайтын төлемдердің саны мен сомасының жылдам өсу динамикасы байқалды.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған
төлемдердің өсу динамикасы
Кезең
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
саны
|
қолма-қол жасалмайтын
|
25,4%
|
20,4%
|
33,9%
|
31,3%
|
19,7%
|
қолма-қол
|
13,3%
|
12,8%
|
17,2%
|
9,9%
|
9,3%
|
сомасы
|
қолма-қол жасалмайтын
|
34,9%
|
42,2%
|
31,6%
|
19,8%
|
7,3%
|
қолма-қол
|
25,2%
|
28,2%
|
27,4%
|
17,2%
|
20,1%
|
2014 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің өсімі қолма-қол ақшаны беру операциялары көлемінің өсімінен шамамен үш есе аз болды. Қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің үлесі 2013 жылы 14,1%-ды құраса, 2014 жылы 12,8%-ды құрады.
Бұл алдымен адамдардың валюта бағамының күрт өзгеруін күту ықтималына байланысты орын алып, тепе-теңдіктің қолма-қол қаражатты алу жағына қарай өзгеруіне алып келді. Сондай-ақ, қолма-қол ақшаны алу операцияларының орташа сомасының өсуі – 2013 жылы 34,9 мың теңгеден 2014 жылы 38,3 мыңға дейін ұлғайғанын атап өткен жөн, ал қолма-қол жасалмайтын төлемдердің (кеден төлемдерін21 қоспағанда) орташа сомасы 2013-2014 жылдары тиісінше 11,7 және 11,3 мың теңгені құрай отырып, біраз азайды. Бұл ретте, қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының тез өсу динамикасы сақталып, өткен жылдармен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының үлесі 2014 жылы 25,2%-дан 26,9%-ға дейін ұлғайды.
Осылайша, соңғы жылдар ішінде аздаған сомаға тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін төлем карточкаларын пайдаланудың оң үрдісі байқалып келеді.
Басқа елдердің ұқсас нарықтарымен салыстыру кезінде Қазақстанда төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемдердің жалпы құрылымындағы қолма-қол жасалмайтын төлемдердің үлесі төмен болып қалып отыр. Мысалы, Ресейде аталған төлемдер 2014 жылғы 1-3 тоқсандарда саны бойынша 57,9%-ды және сомасы бойынша 19,8%-ды құраса, Белоруссияда 2014 жылы саны бойынша 72,0%-ды және сомасы бойынша 25,9%-ды құрады.
Өңірлік бөлуде электрондық банк қызметтерінің нарығы 2014 жылы түбегейлі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Нарықты дамытудың барынша оң ахуалы бұрынғысынша Алматы мен Астана қалаларында, атап айтқанда аталған қалалардағы тұрғындардың төлем карточкалары нарығының көрсеткіштерімен арақатынасы бойынша байқалып отыр.
Облыс/қала атауы
|
2014 жылы көрсеткіш бірлігіне шаққандағы өңір тұрғындарының саны
|
2014 жылы өңірдің бір тұрғынына шаққандағы төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер саны
|
белсенді төлем картасы22
|
POS-терминал
|
банкомат
|
қолма-қол жасалмайтын
|
қолма-қол ақшаны пайдалана отырып
|
Ақмола
|
4
|
656
|
2 384
|
1
|
8
|
Ақтөбе
|
3
|
395
|
1 750
|
2
|
11
|
Алматы
|
7
|
1 626
|
5 553
|
1
|
4
|
Атырау
|
2
|
255
|
1 120
|
3
|
15
|
ШҚО
|
3
|
460
|
1 922
|
1
|
10
|
Жамбыл
|
4
|
1 243
|
3 391
|
1
|
7
|
БҚО
|
3
|
354
|
1 869
|
2
|
11
|
Қарағанды
|
2
|
317
|
1 795
|
2
|
12
|
Қостанай
|
3
|
286
|
2 382
|
6
|
9
|
Қызылорда
|
3
|
1 076
|
2 462
|
2
|
8
|
Маңғыстау
|
2
|
342
|
1 221
|
3
|
13
|
Павлодар
|
2
|
288
|
1 412
|
2
|
11
|
СҚО
|
3
|
428
|
2 056
|
1
|
8
|
ОҚО
|
5
|
1 167
|
4 719
|
1
|
5
|
Алматы
|
1
|
77
|
823
|
16
|
21
|
Астана
|
2
|
115
|
916
|
9
|
21
|
Қазақстан Республикасы
|
3
|
310
|
1 892
|
3
|
10
|
Бұл ретте POS-терминалдар санының өңір тұрғындарына шаққандағы арақатынасы бойынша Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша көрсеткіштер нашарлап кетті, бұл көбінесе аталған өңірлер бойынша халық өсімінің Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен жоғары болуымен түсіндіріледі.
Жалпы алғанда, жекелеген өңірлер арасында электрондық банк қызметтері нарығының сапалы көрсеткіштерін тез арада дифференциациялауды бәсеңдетудің басталып келе жатқан үрдісін жалғастыру туралы атап өткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |