Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті Алматы, 2015 жылғы ақпан


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ



бет3/4
Дата24.04.2016
өлшемі7.87 Mb.
#79757
1   2   3   4

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ

Қазақстанда жылдам ақша аудару қызметтерінің нарығы жүйелердің кең ауқымын ұсынады, олардың көмегімен басқа елдегі адресатқа санаулы минуттарда ақша аударымын жүзеге асыруға болады. Мысалы, тез әрі қауіпсіз ақша аударымын жүзеге асыру үшін Золотая корона, Western Union, Юнистрим, Faster, Contact, Блиц, Лидер, MoneyGram, Дүниежүзілік почта одағы жүйесі, Анелик, Жедел Почта, InterBanking, Coinstar Money Transfer, IntelExpress, Migom сияқты жүйелер және басқа жүйелер арқылы ақша аудару операцияларын жүзеге асыру бойынша банктердің және «Қазпочта» АҚ-тың қызметтерін пайдалануға болады.

Қазақстанда халықаралық ақша аударымдарының жүйелері агенттерінің функцияларын ақша аудару жүйелерімен агенттік келісім жасасқан немесе тікелей жүйелердің операторлары болып табылатын екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпочта» АҚ қана орындайды, бұл операциялардың айқындылығы мен тұтынушылардың қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде ақша аударымы бойынша қызметтер көрсетудің қаржылық тәуекелдерінің қысқаруына және негізгі қағидаттарының орындалуына мүмкіндік береді.

Ақша аударымдары жүйелерінің (бұдан әрі – ААЖ) операцияларын жүргізудің ыңғайлылығы мен жеделдігіне байланысты еліміздегі халық арасында барған сайын танымалдылыққа ие болып келеді, бұл аталған жүйелер арқылы жүргізілетін аударымдар көлемінің жыл сайын өсуімен сипатталып отыр. Мысалы, 2014 жылы ААЖ арқылы жіберілген ақша аударымдарының көлемі 321,2 млрд. теңге сомадағы 2 474,1 мың транзакцияны құрады, бұл 2013 жылғы көрсеткіштерден ақша аударымының саны бойынша 7,3% және көлемі бойынша 14,2% артық. Бұл ретте ААЖ-ды тек жеке тұлғалар23 ғана емес, сондай-ақ заңды тұлғалар да пайдалана алады (жеке тұлғалардың ақша аударымдарының жалпы саны мен сомадағы үлесі 96,5%-ды және 94,5%-ды, заңды тұлғалардың ақша аударымдарының жалпы саны мен сомадағы үлесі тиісінше 3,5%-ды және 5,5%-ды құрады).

Көптеген жағдайларда ААЖ-ды халық шетелге ақша аударымдарын жіберу үшін пайдаланады (жүйе арқылы шетелге жіберілген ақша төлемдері мен аударымдарының үлесі жүйелер арқылы жіберілген транзакциялардың жалпы санының 75,6%-ын және жалпы сомасының 87,3%-ын құрады). Сонымен қоса, аталған жүйелер орташа сомасы шамамен 67,5 мың теңгені құрайтын Қазақстан бойынша жедел аударымдарды жүзеге асыру үшін де қолданылады.

Мысалы, 2014 жылы Қазақстан бойынша ААЖ-ды пайдалана отырып, 40,8 млрд. теңге (227,7 млн. АҚШ долл.) сомасына 604,5 мың транзакция жүргізілді. Бұл ретте жалпы төлемдер көлемінің 19,9 млрд. теңге сомасындағы 474,5 мың транзакциясы ұлттық валюта теңгеде жүргізілді (ААЖ арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жалпы санының 78,5% және жалпы сомасының 48,7%). Қазақстанның ұлттық төлем жүйелері (БААЖ және БКЖ) мен ААЖ арқылы теңгемен жүргізілген жеке тұлғалар аударымдарының жалпы көлеміндегі аталған аударымдардың үлесі төлемдер сомасы бойынша барлығы 1,0%-ды құрады.

Алайда, ААЖ негізінен елімізде теңгемен жүргізілген осындай ақша аударымдарының (БААЖ, БКЖ мен ААЖ арқылы) жалпы көлемінің шамамен 13%-ын иеленетін өтеусіз өзгеше аударымдарды жүргізуге (ААЖ арқылы теңгемен ақша аударымдарының жалпы сомасының 99,5%) бағытталғанын ескерген жөн.

Қазақстан бойынша ақша аударымдары үшін ең танымал жүйе Faster жүйесі (жеке тұлғалар арасында банк шотын ашпастан жүргізілетін халықаралық ақшалай экспресс-аударымдардың қазақстандық жүйесі) болып табылады, осы жүйе арқылы 2014 жылы еліміз бойынша ААЖ пайдалана отырып жүргізілген транзакциялардың жалпы санының және сомасының 33,3% және 40,5% жүзеге асырылды. Сондай-ақ Қазақстан халқы елішілік аударымдар үшін Western Union, Колибри (Блиц) сияқты жүйелерді және «Қазпочта» АҚ почта аударымдарын белсенді түрде пайдаланады.




Жүйе

Саны

(мың транзакция)

Жалпы санындағы үлесі, %-бен

Сомасы (млн. теңге)

Жалпы сомасындағы үлесі, %-бен

Faster

201,0

33,3%

16 536,1

40,5%

Western Union

88,1

14,6%

12 035,9

29,5%

Колибри (Блиц)

44,4

7,4%

4 937,0

12,1%

Почта аударымдары

260,7

43,1%

3 704,0

9,1%

Contact

1,9

0,3%

1 027,2

2,5%

Юнистрим

2,6

0,4%

704,9

1,7%

Лидер

0,3

0,1%

526,5

1,3%

Жедел почта

1,5

0,3%

426,6

1,0%

Банк шотын ашпастан жылдам ақша аудару

1,7

0,3%

365,0

0,9%

Анелик

1,0

0,2%

284,7

0,7%

Золотая корона

1,1

0,2%

244,1

0,6%

Coinstar Money Transfer

0,1

0,01%

13,6

0,03%

MoneyGram

0,002

0,0003%

0,4

0,001%

Жалпы жиынтығы

604,5

100,0%

40 806,1

100,0%

Бұл ретте ел бойынша ААЖ арқылы жүргізілген ақша аударымдары көлемінің жалпы өсуіне Western Union, Faster және Блиц сияқты жүйелерді пайдалану (2013 жылмен салыстырғанда тиісінше 4,4 млрд. теңгеге, 2,2 млрд. теңгеге және 1,7 млрд. теңгеге өсуі) негізгі әсерін тигізді.



ААЖ-дың негізгі мақсатына сәйкес басымдық берілген үлесі өзге тұлғалардың пайдасына өтеусіз аударым жасауға (емделуге және білім алуға жүргізілетін аударымдарды қоспағанда) тиесілі болып келеді.


Төлем мақсаты

Қазақстан бойынша ААЖ арқылы жүргізілген транзакциялардың көлемі (млн. теңге)

2013

2014

Өзгеріс,

%-бен/бөл.

Өзгеше аударымдар, оның ішінде:

36 281,3

40 558,2

11,8%

Басқа да өтеусіз аударымдар (емделуге және білім алуға жіберілетін аударымдарды қоспағанда)

36 219,4

40 509,1

11,8%

Депозиттер

472,9

205,9

-56,5%

Тауарлар мен материалдық емес активтер

0,5

1,3

в 2,9 раза

Қызметтер

44,1

25,4

-42,6%

Басқа да аударымдар

14,8

15,3

3,4%

Жиынтығы

36 813,6

40 806,1

10,8%




Ел бойынша жіберілген аударымдардың жалпы санының үлесі



Ел бойынша жіберілген аударымдардың жалпы сомасының үлесі



Қазақстаннан ААЖ арқылы ақша аударымдары елге түсетін аударымдарға қарағанда шетелге неғұрлым көп аударылады. Мысалы, 2014 жылы елден шетелге жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 280,4 млрд. теңге сомаға 1 869,6 мың транзакцияны құраса, шетелден келіп түскен ақша аударымдары 121,4 млрд. теңге сомаға 948,3 мың транзакцияны құрады. Осылайша, жөнелтілген ақша аударымдары елге алынған аударымдардан транзакциялардың саны бойынша 2,0 есе асып түседі. Елден жөнелтілген бір аударымның орташа сомасы шамамен 150 мың теңгені құраса, елге алынған аударымның орташа сомасы 128 мың теңгені құрайды.

Бұл ретте елден ААЖ арқылы жіберілген ақша аударымдарына басымдық беру және олардың көлемін өсіру (2013 жылмен салыстырғанда саны бойынша өсім 4,7% және транзакциялар сомасы бойынша 17,4%) көбінесе ел халқының көші-қон белсенділігіне (2014 жылы елге 14 842 адам келді), сол сияқты халықтың шетелден түрлі тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін ақша аударымдарына деген сұранысына да байланысты болып отыр. Атап айтқанда, 2014 жылғы желтоқсанда Қазақстан халқының тауарлар құнының арзандауына (қараша айының ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда 69%-дан астам) байланысты тауарлардың құнын төлеу үшін Ресейге жіберілетін ақша төлемдері мен аударымдарының едәуір өскені байқалады. Сонымен қоса, 2014 жылдың соңында Ресей Федерациясына жіберілген негізгі ағын белгілі бір тауарларды одан әрі сатып алу үшін жіберілген ақша аударымдарына тиесілі болғанына қарамастан, оларды банктер арқылы кодтау ақша аударымдарының негізгі проблемаларының бірі болып табылатын өтеусіз аударымдар ретінде жүзеге асырылған болатын.

Мәселен, өтеусіз аударымдар (емделуге және білім алуға жіберілетін аударымдарды қоспағанда) ААЖ арқылы шетелге жөнелтілген барлық ақша аударымдарының 98%-дан астамын құрайды.



Төлем мақсаты

Шетелге жөнелтілгендері (млн. теңге)

2013

2014

Өзгеріс,

%-бен, бөл.

Өзгеше аударымдар, оның ішінде:

232 555,3

276 588,2

18,9%

Басқа да өтеусіз аударымдар (емделуге және білім алуға жіберілетін аударымдарды қоспағанда)

230 750,7

275 535,7

19,4%

Депозиттер

5 444,1

3 294,7

-39,5%

Тауарлар мен материалдық емес активтер

53,2

78,5

47,5%

Қызметтер

170,4

133,0

-22,0%

Басқа да аударымдар

607,0

261,2

-57,0%

Жиынтығы

238 830,1

280 355,5

17,4%

ААЖ арқылы шетелге ақша аударымын жөнелту кезінде Золотая корона және Western Union сияқты жүйелер ең танымал жүйелер болып табылады, олардың үлесіне ААЖ арқылы шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының барлық сомасының 50%-нан астамы тиесілі. Сондай-ақ Contact, Юнистрим және Faster жүйелері арқылы ақша аударымдары да біршама болып келеді.

ТМД елдеріне ақша аударымдарының ең көп сомасы Золотая Корона (29,0%), Western Union (15,9%), Юнистрим (15,2%), Contact (14,7%), Faster (13,0%) арқылы жөнелтілді.

Алыс шетелдерге ақша аударымдарының негізгі көлемі Western Union жүйесі арқылы (аударымдардың жалпы сомасының 53,9%) жіберілді, сондай-ақ тиісінше Золотая корона жүйесінің үлесі де (26,0%) айтарлықтай.

ААЖ арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы санының үлесі



ААЖ арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы сомасының үлесі



Жүйе

Саны

(мың транзакция)

Сомасы

(млн. теңге)




Золотая корона

618,5

79 289,2




Western Union

350,3

70 567,6




Contact

163,4

35 324,2




Юнистрим

226,8

34 489,4




Faster

269,3

28 254,7




Колибри (Блиц)

102,7

11 668,1




Лидер

13,5

7 835,6




MoneyGram

23,0

4 402,7




Дүниежүзілік почта одағы жүйесі

87,3

3 802,3




Анелик

6,4

2 190,0




Жедел почта

6,9

1 760,9




InterBanking

1,1

756,7




InterExpress

0,1

9,2




Почта халықаралық аударымдары

0,2

5,1




Жалпы жиынтығы

1 869,6

280 355,5




ААЖ арқылы ақша аударымдарының негізгі ағыны ТМД елдеріне (жөнелтілген ақша төлемдері мен аударымдарының жалпы көлемінің 85,8% және 75,6%) жіберілді, олардың ішінде Ресей Федерациясына жасалған аударымдар елеулі үлеске ие болды. Сондай-ақ ААЖ арқылы Өзбекстанға, Қытай мен Қырғызстанға жіберілген ақша аударымдарының сомасы да айтарлықтай.

Елдің атауы

Саны (мың транзакция)

Сомасы (млн. теңге)

ТМД елдері

1 603,8

211 831,3

Ресей Федерациясы

837,8

108 952,2

Өзбекстан

420,4

55 725,0

Қырғызстан

164,4

19 923,8

Әзірбайжан

39,2

8 639,5

Украина

68,1

7 357,6

Армения

19,0

4 535,5

Тәжікстан

32,9

3 595,4

Беларусь

14,1

2 037,0

Молдова Республикасы

5,5

793,8

Түркіменстан

2,2

271,6

Басқа елдер

265,8

68 524,2

Қытай

49,6

28 514,7

Түркия

31,7

7 053,0

Грузия

20,1

2 807,8

Біріккен Араб Әмірліктері

5,7

1 923,4

АҚШ

8,2

1 561,3

Германия

8,8

1 418,5

Өзге елдер

141,8

25 245,62

Жалпы жиынтығы

1 869,6

280 355,5

ТМД елдеріне ақша аударымдарын жіберу кезінде АҚШ доллары (ТМД елдеріне жіберілген ақша төлемдері мен аударымдарының жалпы санының 58,0% және 68,0%) мен Ресей рубліне (36,8% және 28,5%) басымдық беріледі. Ресей Федерациясына аудару кезінде барлық ақша төлемдері мен аударымдарының жартысынан астамын жүзеге асырған кезде Ресей рублі қолданылады (ақша төлемдері мен аударымдарының саны бойынша 69% және сомасы бойынша 55%).

Басқа елдерге ААЖ арқылы ақша аудару кезінде негізінен АҚШ доллары (төлемдердің жалпы саны мен сомасының 79,9% және 86,0%) қолданылады.



Сонымен қоса, өтеусіз аударымдар (емделуге және білім алуға жіберілетін аударымдарды қоспағанда) негізінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан елдері сияқты резиденттердің пайдасына жіберілді.

Жөнелтілген өтеусіз аударымдардың жалпы сомасының үлесі






Депозиттермен операциялар бойынша аударымдарды (шоттарды толықтыру, шоттардан алу, шоттар бойынша аударымдар) негізінен заңды тұлғалар жүргізді (төлемдер көлемі бойынша үлес тиісінше 92,9% және 79,1% болды) және көбінесе Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Үндістан, Қытай елдері сияқты резиденттердің пайдасына жіберілді.

Депозиттермен операциялар бойынша жөнелтілген аударымдардың жалпы сомасының үлесі






Қазақстанға ААЖ арқылы шетелден алынған ақша аударымдары көлемдерінің өсуі 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда саны бойынша 1,4%-ды және сомасы бойынша 34,1%-ды құрады. Бұл ретте аталған аударымдардың негізгі үлесі өтеусіз аударымдарға тиесілі болды.




Төлем мақсаты

Шетелден алынғаны (млн. теңге)

2013

2014

Өзгеріс,

%-бен, бөл.

Өзгеше аударымдар, оның ішінде:

89 956,5

121 186,7

34,7%

Басқа да өтеусіз аударымдар (емделуге және білім алуға жіберілетін аударымдарды қоспағанда)

89 432,2

120 653,1

34,9%

Депозиттер

525,8

174,8

-66,8%

Тауарлар мен материалдық емес активтер

0,8

1,5

79,4%

Қызметтер

27,3

29,9

9,9%

Басқа да аударымдар

9,4

5,4

-42,6%

Жиынтығы

90 519,8

121 398,3

34,1%

Ақша аударымдарының жүйелері бөлігінде ақша төлемдері мен аударымдарының негізгі ағыны Золотая корона, Western Union, Faster және Юнистрим сияқты жүйелер арқылы келіп түседі.

ТМД елдерінен ақша аударымдарының ең көп сомасы Золота Корона (45,4%), Faster (17,6%), Юнистрим (12,8%), Western Union (10,8%) жүйелері бойынша келіп түсті.

Алыс шетелдерден ақша аударымдарының жалпы көлемінің 50%-дан астамы Western Union, 19,7% - Золотая корона, 10,7% - MoneyGram жүйелері бойынша келіп түсті.

ААЖ арқылы алынған ақша аударымдарының жалпы санының үлесі мың. бірл.



ААЖ арқылы алынған ақша аударымдарының жалпы сомасының үлесі млрд. тг.


Жүйе

Саны

(мың транзакция)

Сомасы

(млн. теңге)




Золотая корона

312,4

48 151,8




Western Union

217,9

23 720,6




Faster

100,1

16 862,9




Юнистрим

60,2

13 899,5




Колибри (Блиц)

44,8

4 637,2




Дүниежүзілік почта одағы жүйесі

143,1

3 741,3




Contact

27,5

3 596,9




MoneyGram

28,3

3 194,0




Лидер

8,6

2 262,0




Анелик

2,3

885,8




Coinstar Money Transfer

2,1

309,3




Жедел почта

0,5

125,3




Почта халықаралық аударымдары

0,3

7,6




InterExpress

0,0

3,9




Migom

0,0

0,2




Жалпы жиынтығы

948,3

121 398,3




ААЖ арқылы ақша аударымдарының негізгі ағыны Қазақстанға ТМД елдерінен келіп түседі (алынған ақша төлемдері мен аударымдарының жалпы көлемінің 73,2% және 77,8%). Алынған ақша төлемдері мен аударымдарының жалпы көлемінің 61,0% және 60,2% Ресей Федерациясынан алынатын аударымдарға тиесілі болып келеді.

Ел атауы

Саны (мың транзакция)

Сомасы (млн. теңге)

ТМД елдері

694,2

94 459,4

Ресей Федерациясы

578,2

73 023,4

Өзбекстан

39,8

9 359,7

Қырғызстан

35,8

5 614,8

Тәжікстан

7,2

2 787,4

Әзірбайжан

8,2

1 193,1

Украина

11,4

954,1

Түркіменстан

5,6

532,1

Беларусь

5,3

528,5

Армения

1,4

310,2

Молдова Республикасы

1,3

156,0

Басқа елдер

254,1

26 938,9

Германия

49,4

3 383,7

Америка Құрама Штаттары

28,5

2 810,7

Түркия

14,8

2 119,3

Қытай

4,3

1 755,1

Біріккен Араб Әмірліктері

9,0

1 253,3

Басқалар

148,1

15 616,7

Жиынтығы

948,3

121 398,3

ТМД елдерінен ақша төлемдері мен аударымдары негізінен АҚШ доллары мен Ресей рублінде келіп түседі (ТМД елдерінен алынатын ақша төлемдері мен аударымдары ақша төлемдері мен аударымдарының жалпы санының АҚШ долларындағы үлесі 29,4% және 55,0%, Ресей рубліндегі үлесі 67,0% және 42,9%). Басқа елдерден ААЖ арқылы жасалатын ақша төлемдері мен аударымдары негізінен АҚШ долларында келіп түседі (төлемдердің жалпы саны мен сомасының 76,7% және 82,1%).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет