Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығЫ


Қазақстан Республикасының Президенті



бет4/4
Дата25.02.2016
өлшемі479.53 Kb.
#19939
1   2   3   4

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында сөйлеген сөзінен,

2010 ж., 26 мамыр

*****
...Өздеріңіз білетіндей, төзімділік, сенім, дәстүр – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты бағыты.

Осы мәнмәтінде біздер келесі ұсыныстардың қаралуын маңызды деп есептейміз. Біріншіден – төзімділік пен кемсітпеушілік мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ Орталығын ашу қажет

Екіншіден – этникааралық және дінаралық төзімділік мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ рөлін арттыруды қарастыру керек.

Мұндай институттың қызметі ЕҚЫҰ едеріндегі түрлі діни ұйымдар арасындағы диалогты реттеуге, жанжалдың алдын алуға, орын алған алауыздыққа шұғыл араласуға жол ашады, және ұйымның бедел-абройын көтереді.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ конференциясында

сөйлеген сөзінен,

2010 ж., 29 маусым
*****
...Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар,  православтар,  католиктер, протестанттар, буддистер, иудеилер сияқты көптеген дін өкілдерінің бірлікте, бейбітшілікте, конфессияаралық келісімде өмір сүріп келе жатқан мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында сөйлеген сөзінен,

2011 ж., 18 сәуір

*****



…1991 жылы Қазақстанда небәрі 68 мешіт болатын, бүгінде олардың саны 2400-ге жуықтады.

Қашанда толеранттықты ту еткен біздің елде дін бостандығына барлық жағдай жасалған.

Тек өткен жылдың өзінде еліміздің 3 300 азаматы Мекке-Мединеге барып, қасиетті қажылық парызын өтеп қайтты.

Құт қонған қазақ елі сан түрлі дін өкілдерінің басын 3 рет қосып, бүкіл әлемдегі діндарлардың сауабын алды.

Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының құрылтайларын өткізу еліміздің игі дәстүріне айналды.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының

IV құрылтайында сөйлеген сөзінен,

2011 ж., 25 мамыр
*****
...Егемендік арқылы ата дініміз өркен жайып келеді.

Біз Тәуелсіздік жоқ жерде діннің де болмайтынын таяу тарихымыздан жақсы білеміз.

Осы орайда тарихқа жүгініп, бір жайтты еске салғым келеді.

Діннің діңгегі – дәстүрімен берік. Өзгенің қаңсығы бізге таңсық бола алмайды.

Біздің ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салтымыз, дәстүрлі қалпымыз, ата-бабамыздан қалған айқын бағытымыз бар. Сол жолмен жүрген абзал.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен,

2011 ж., 15 желтоқсан

*****



...Біздің қоғамның тұрақты дамуының берік кепілі – мемлекетіміздің зайырлы қағидаттарын терең зерттеу болып табылады.

Дін – бұл адамның жаны мен әдебінің аясы. Әрбір дін өкілінің уағыздайтын жоғары адамзаттық құндылықтары мемлекет тарапынан әрқашан қолданып, құрметтеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық XIX сессиясында

сөйлеген сөзінен,

2012 ж., 27 сәуір
*****
...Әлемде моральдық-адамгершілік дағдарыстың өрістеуіне тән белгі дінге сенетіндерді баса-көктеп қаралау оқиғалары, дінді әлеуметтік үдерістердің жаға­лауына ығыстырып шығару әрекеттері болып табылып отыр.

Діни құндылықтарды қорлау фактілері көптеген елдерде, іс жүзінде, барлық діндерге қатысты байқалып отыр.

Бұлардың қатарында қасиетті кітаптарды көпшілік алдында өртеу, мешіттерді, храмдарды, синагогаларды және басқа да ғибадат орындарын қорлау мен өртеу, дін қызметкерлерінің беделін түсіру, діншілдерді соққыға жығу мен өлтірулер бар.

Бүгінде мұсылман әлемінде күрделі үдерістер жүруде. Мұнда экономикасы ырғақты және елеулі әлеуметтік-саяси проблемалары жетерлік елдер бар.

Ислам – бұл адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары.

Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес. Осыған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес ,тіпті қатерлі де.

Біз олардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына қарамастан барлық қазақстандықтың жалпы ұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласын қалыптастырдық.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Сьезі - бұл Қазақстанның бүкіл әлемге парасатты сыйы.





Қазақстан Републикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидердерінің IV Сьезінің ашылуында

сөйлеген сөзінен, 2012 ж., 30 мамыр
*****
...Өкінішке қарай, әлемдік тәжірибеде қандай да бір діннің күшін ядролық қару қуатымен «нығайтуға» деген жал­ған тұжырымдар әлі де байқалуда.

Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан­ның кейбір «тілектестердің» кеңестері­нен және бірінші мұсылмандық ядро­лық держава болудың күмәнді абы­ройынан батыл түрде бас тартқанын еске сала кетпекпін.

Ядролық қару – адамзат үшін өз-өзіне ажал шақыру.

Ал суицидті тікелей Жаратушы алдындағы асылық ретінде әлемнің бүкіл діндері айыптайды.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінен,

2012 ж., 29 тамыз
*****
...Тұрақтылық пен келісімді қамта­масыз ететін этносаралық және дін­аралық қатынастар институттарын дамыту өте маңызды.

Діни және этностық кемсітушілік, сондай-ақ осы негіздегі қылмыстар үшін жазалаудың заңнамалық шараларын қатаңдату қажет.

Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның рөлін одан әрі жоғарылатқан жөн.

Қазақстандықтар экстремизм мен радикализмді қабылдамайды.


Біздің азаматтарымыз қашанда саяси боссөзділік пен әлеуметтік алауыз­дыққа қарсы шығады.

Біз сіздермен бірге әлемнің түрлі түкпірлерінде саяси, ұлтаралық, діни жанжалдар болып жатқанын көріп отырмыз.




...ХХІ ғасырда олардан ешкім де сақтанбаған.

Және бұл жерде жеңімпаздар жоқ.

Мұндай жанжалдарда тек қайыр­шылыққа, күйзеліске, аштыққа, созылмалы азамат соғысы менорта ғасыр­ларға кері кетуге алып келетін жаман­дық қана жеңеді.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Назарбаев Университеті» студенттерінің алдында сөйлеген сөзінен,

2012 ж., 5 қыркүйек
*****
...Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейімді болуға тиіспіз.

Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады.

ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс.

Бүгінде кез келген этносқа жататын немесе дінді ұстанатын қазақстандық – өз елінің тең құқықты азаматы.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан,

2012 ж., 14 желтоқсан
*****
...Біздің тарихи таңдауымыз – зайырлы мемлекет пен қоғам. Бірақ зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді.

Зайырлы дегеніміз – ілгерішіл, бейбіт сүйгіш, толерантты, ашық қоғам.


Біз дәстүрлі діндерді қолдаймыз, бірақ кез-келген экстремизмді үзілді-кесілді теріске шығарамыз.
...Мен жастарды біздер үшін жат радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін. Біздің ұлы даламыз мыңдаған жылдар бойы төзімді болды.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясында сөлеген сөзінен,

2013 ж., 24 сәуір
*****
...Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы.

Діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан, (101 бет)
*****
...Жалпы, екі заттан – діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей сақтанған жөн.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан,

(102 бет)

*****
...Дін – ұстараның жүзіндей нәзік нәрсе. Мұнда жаза басып болмайды.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан,

(102 бет)
*****


...Дін – жаһандық дәуірі басталғанға дейін дүниеде гуманизм мен үндесу идеясын сақтаған және таратушы бірден-бір жаһандық құбылыс.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан, (104 бет)
*****
...Діни фанатизм нанымның кеңдігінен емес, шынайы діни мәдениеттің кемдігінен шығады.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан,

(186 бет)
*****
...Өтпелі кезеңдегі қоғамдағы діннің орны мен қызметі – аса күрделі мәселелердің бірі.

Меніңше, оның бірыңғай шешімі жоқ. Әрқилы саятшылар дінге мүлдем керағар пікірлер тұрғысынан қараған.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабынан,

(155 бет)
*****
...Әлемдік ұлы діндер санатына жататын исламның маңызы қайта өсе бастады. Оның өркениеттік орасан зор мүмкіндігі – қазір жаппай мойындалғаны ақиқат.

Қазақстан – ислам діні кеңінен тараған әлемдік аймақтың ең теріскей шығыс шекарасының бірі.

Қазақстандағы миллиондаған мұсылмандар тоталитаризм ажыратып тастаған өз дініне қайтарып оралуға мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабынан,

(156-бет)

*****
...Қай діннің болсын адамгершілік қағидаларының негізіне жалпы адамзатқа ортақ мұраттар алынғаны бәріне де белгілі.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздігіміздің бес жылы» кітабынан, (168 бет)
*****
...Біз тәуелсіздік жылдарында дінімізді қайтарып келе жатырмыз. Қазір қарап отырсаң, қазақтың еш уақытта дінінен айырылмағандығын көруге болады.

Дінге бас ұрып жүрген кезде біз діннің жаман жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен дін орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз дегендер бар. Мұхаммед пайғамбардың сахабалары Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты қайта орнатамыз деген – бұл жаулап алу мәселесі болады.

Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн.

Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек.

Сондықтан дінге бас иетіндер шын жүрекпен, әділеттілік үшін, имандылық үшін барса деп ойлаймын.

Құдайға шүкір, дініміз өзіміздікі, қолымызға тиді.

Қазір бізге ешкім одан алшақта деп айтпайды.

Әркімнің өз еркі бар. Бірақ осыны дұрыс жолмен жүргізуіміз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбатынан,

2014 ж., 24 тамыз

*****


...Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі.

Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады.

Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды.

...Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны.

Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады.

Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын!

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен

құттықтау сөзінен,

2014 ж., 4 қазан

* * * * *





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет