*****
...Мемлекеттің өз адамдарының діни сезімдеріне деген сый-құрмет сезімі – біздің еліміздегі конфессияаралық келісімнің аса маңызды негіздерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың православиелік Рождествомен құттықтау сөзінен, 2006 ж., 7 қаңтар
*****
...Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізді мекен ететін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отыр.
Халқымыз осы заманғы және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсене орнатып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті50 елдің қатарына кіру стратегиясына арналған сөзінен, 2006 ж., 1 наурыз
*****
...Біз барлық діндердің тең құқығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамассыз етеміз.
Біз Исламның басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы заманға сай зайырлы мемлекет орнатамыз.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан, 2006 ж., 1 наурыз
*****
...Ұлтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі – Казақстанның әртүрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпыәлемдік үрдісіне қосқан үлесі.
Бізді халықаралық ауқымда дәл осылай танығанын қалаймыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінің ашылуында сөйлеген сөзінен,
2006 ж., 12 қыркүйек
*****
...Қазақстан өзінің нақтылы саясатында адамның ішкі бостандығы ғана конфессияаралық төзімділіктің шарты екенін басшылыққа алады.
Тап сондықтан да, тарихи тұрғыдан исламның мәдени материгінің бір бөлігі бола тұра, біз Қазақстандағы барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өркен жаюына кедергі келтірмейміз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінде сөйлеген сөзінен,
2006 ж., 12 қыркүйек
*****
...Әлемде аталған тақырыпқа қатысты пікірталастар өте өткір күйінде қалуда, өйткені соңғы уақытта дүниежүзінде орын алып отырған оқиғалардың өзі сан түрлі этностық және конфессиялық дәстүрлер жағдайындағы тиімді мәдениеттер үнқатысуына қолдау көрсетуге негізделген қауіпсіздіктің жаңа парадигмаларын құру қажеттігін алға тартып отыр.
Біз қазіргі заманда, әсіресе, қыр көрсетулер мен қатерлер белең алған жаһандану тұсында тұрақтылықтың басты факторларының бірі саналатын төзімділіктің мән-мағынасы өсіп отырғанын мойындауға тиіспіз.
Сондықтан діндер арасындағы келісім мен этностық топтардың бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету ұзақ мерзімді қауіпсіздіктің маңызды басымдығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ кеңесінде сөйлеген сөзінен,
2006 ж., 12 маусым
*****
...Қазақ топырағы арқылы барлық әлемдік діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық немесе діни фанатизм сезімі бізге жат.
Осынау рухани дәстүр, Жаратушының қандай жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашықтығы – Қазақстандағы конфессияаралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі.
Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этностараралық, конфессиялараралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз.
Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла береді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің ел халқына дәстүрлі Жолдауынан,
2008 ж., 6 ақпан
*****
...Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезі дүние жүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табу ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп есептеймін.
Қазақстан Республиканың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінен, 2009 ж., 2 шілде
*****
...Астана – бұл конфессияаралық келісімнің қаласы.
Бейбітшілік және келісім сарайы, мешіттердің мұнаралары, христиандық храмдар мен синагогалардың күмбездері, басқа дін өкілдерінің ғибадат үйлері қала архитектуралық ансамблінің және оның рухани өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III Съезінде сөйлеген сөзінен,
2009 ж., 2 шілде
*****
...Этносаралық және конфессияаралық келісімнің азақстандық тәжірибесі посткеңестік кеңістікте барынша табысты тәжірибелердің бірі ретінде мойындалған.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III Съезінде сөйлеген сөзінен,
2009 ж., 2 шілде
*****
...Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде сөйлеген сөзінен,
2009 ж., 2 шілде
*****
...Осы жылдар ішінде, Батыстағы кейбір сәуегейлердің пессимистік болжамдарына қарамастан, елімізде ұлтаралық, дінаралық келісім берік орнығып, қоғамның тұрақтылығы қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ОТАН» партиясының кезекті тыс республикалық VIII Съезінде сөйлеген сөзінен,
2009 ж., 9 қыркуйек
*****
...Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы мақсаты – Еуропа мен Шығысты жақындастыру.
Соның нәтижесінде біз бір-бірімізді артықша түсінетін боламыз, Еуропалық қоғамдастықпен Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық татулық тәжірибесімен бөлісеміз.
Франция Президенті Николя Саркози мен Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың кездесу барысында
сөйлеген сөзінен,
2009 ж., 6 қазан
*****
...Біздің ұлтаралық және дінаралық келісімнің моделі – бүкіл әлемдегі түрлі конфессиялар арасындағы қарым-қатынас ісіне Қазақстанның қосқан қомақты үлесі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық міндетіне кірісуі кезінде сөйлеген сөзінен,
2010 ж., 24 ақпан
*****
...Қазақстанда діни себептерге байланысты кикілжің ешқашан болған емес.
Біздің Астана жаһандық дінаралық диалогтың орталығы ретінде әлемге белгілі.
Біз үш рет Әлемдік және дәстүрді діндер көшбасшыларының съезін өткіздік.
Осылайша Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді жүйесі қалыптасты».
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының XVІ сессиясында
сөйлеген сөзінен,
2010 ж., 20 қазан
*****
...Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар, православтер, католиктер, протестандар, буддистер, иудейлер сияқты көптеген дін өкілдерінің бірлікте, бейбітшілікте, конфессияаралық келісімде өмір сүріп келе жатқан мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының
XVII сессиясында сөйлеген сөзінен, 2011 ж., 18 ақпан
*****
...Дін аралық келісім – бұл біздің халқымыздың бірлігінің негізі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың IV сайланған Парламенттің
V сессиясында сөйлеген сөзінен, 2011 ж., 1 қыркүйек
*****
...Тарихи тұрғыдан ислам, христиан және иудаизм өзара бір-бірімен жақын, біздің діндеріміз өзара тәуелді және бірін-бірі толықтырып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Ислам конференциясы ұйымда сөйлеген сөзінен, 2011 ж., 28 маусым
*****
...Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жұмысқа белсенді атсалысуы тиіс. Нақ осы Ассамблея мәдениетаралық үнқатысуды қалай дамыту керектігін көрсете алады.
Біздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту тәжірибеміз көптеген елдер үшін пайдалы болмақ.
Оны кең-байтақ еуразиялық кеңістіктегі барлық қақтығыстан кейінгі қоғамда қолдануға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында сөйлеген сөзінен, 2012 ж., 23 қараша
*****
...Қазақстанда қазіргі уақытта шамамен 40 шақты діннің өкілдері өмір сүреді, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің IV Съезінде сөйлеген сөзінен,
2012 ж., 31 мамыр
*****
...Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен тағаттылықты нығайтуға бағытталған.
Бізде діни сенім бостандығына Конституция кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу барысында сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 25 ақпан
*****
...Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.
Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын.
Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында
сөйлеген сөзінен, 2013 ж., 24 сәуір
*****
...Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері.
Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын.
Бұл біздің мәңгі құндылығымыз.
Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы.
Достарыңызбен бөлісу: |