1.2 Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси дипломатиялық қатынастардың орнауы мен дамуы
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылды. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын 150-ден астам құжат құрайды және олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым қатынастардың қарқынды дамуын екі мемлекет арасындағы ресми сапарлардың деңгейінен де көрінеді. Тек соғңғы бес жылдың ішінде оншаұты жоғарғы деңгейдегі кездесулер болып өтті. Мәселен, 2012 ж. 10-11 мамырда Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтың Астанаға алғаш ресми сапары өтіп, оның барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев және ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен келіссөздер жүргізілді. 2012 жылғы 14-15 маусымда Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының отырысы қарсаңында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасы Н.Нығматулиннің Бішкекке ресми сапары өткізілді. Оның барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Қырғызстан Президенті А.Атамбаевпен, Премьер-Министрі О.Бабановпен және Жогорку Кенеш Спикері А.Жээнбековпен кездесті. 2012 жылғы 1-2 шілдеде Қырғыз Республикасының Премьер-министрі О.Бабановтың Қазақстанға ресми сапары өткізіліп, оның аясында қазақ-қырғыз Үкіметаралық Кеңесінің үшінші отырысы болып өтті. 2012 жылдың 22 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары болып өтті. Сапар барысында Жоғары Мемлекетаралық Кеңестің үшінші отырысы ұйымдастырылып, қазақ-қырғыз стратегиялық одақтастығы мен әріптестігінің келешекті бағыттары анықталды. 2013 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.Ахметовтің Қырғызстанға ресми сапары өткізіліп, оның аясында қазақ-қырғыз Үкіметаралық Кеңесінің төртінші отырысы өтті. Сарапшылардың пікірінше 2012 жылғы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 1059,0 млн. АҚШ долл. құраса (экспорт – 726,0 млн., импорт – 333,5 млн. АҚШ долл.), 2013 жылғы аталмыш көрсеткіш 1001,5 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 672,4 млн., импорт – 329,1 млн. АҚШ долл). Ал, 2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 119,3 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 86,1 млн.АҚШ долл., импорт – 33,2 млн. АҚШ долл.). Қазіргі кезде Қырғызстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 400 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар өз қызметтерін экономика, энергетика, газтасымалдау, өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, банктык сектор салаларында жүзеге асыруда. Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 250 өнеркәсіп жұмыс істеуде. Жұмыс салалары - сауда, туризм, құрылыс, суды тазалау және тарату, көлік, жарнама. Екі мемлекет арасында сонымен бірге мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта қарқын дамуда. Тұрақты түрде екі ел арасында көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер және зиялы қауымдар мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен семинарлар өтеді. Мәселен, 2007 жылғы қыркүйекте Алматы қаласында Қазазақстан мен Қырғызстан зиялы қауымдарының бірінші Форумы, ал 2008 жылғы 25-26 қазанда Бішкекте екінші Форумы өтті. 2013 жылғы 20 қыркүйек - 21 қазан кезеңінде Астана және Алматы қаласында Ш.Айтматовтың 85 жылдығына арналған Қырғызстанның Казақстандағы Мәдениет қүндері өтті. Астанада 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шарт ратификацияланды /Қосымша №1қара/. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуындағы 2007 жылы Қырғызстан мен Қазақстанның жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде екі мемлекет арасындағы бірнеше күрделі келісімдерге қол қойлып, Бішкек пен Астана арасында ешқандай дипломатиялық келіспеушіліктер жоқ деп атауға болады. Сондай келісімдердің бірі, 2015 жылы Қазақстан Қырғыз Республикасына электр қуатын жеткізу ісі туралы келісім. Бұл туралы Ақордада Қазақстан мен Қырғызстан жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің төртінші отырысынан соң ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінде айтылды. Ал Қырғызстан cуару маусымы кезінде Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге уәде берді. ҚР Нұрсұлтан Назарбаев пікірінше бауырлас қырғыз халқын қолдап келдік, алдағы уақытта да қолдаймыз. Сондықтан Қырғызстан президентінің өтініші бойынша биыл 400 миллион киловатт-сағат электр қуатын жеткізуге, алдағы жылы 1,4 миллиард киловатт-сағат энергия тасымалдауға көмек көрсетеміз. Біз техникалық шығындарға қарамастан, осы мәселені шешудеміз[]. Ал Алмазбек Атамбаев бір жылдан соң Қырғызстан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізетінін айтты. Дәл қазір Қазақстан қол ұшын бермесе, елді жарықтан жаппай ажыратуға тура келетін еді деген ол Қазақстан президентіне өз халқының атынан ризашылығын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қырғызстанның Кедендік одаққа мүше болу ниетін де барынша қолдайтынын айтты. Тіпті осы мақсатта көрші елге 100 миллион доллар бөлінбек. Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев ол туралы өз ойын былай жеткізді: "Біз Еуразиялық одаққа кірмекпіз. Осы ретте Қазақстан өзінде артық қаржысы болмаса да, Қырғызстанды қолдауға 100 млн доллар бөледі. Мұндайды бауырлас халық қана жасай алады"[]. Бұдан бөлек, президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар бірлескен декларацияға қол қойды. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Қырғызстан сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев 2002 жылы 25 желтоқсанда бекітілген Қазақстан және Қырғызстан Үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Дегенменде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастарға көлеңкелі түсіретін мәселелері жоқ емес. Сондай мәселенің бірі, Қазақстан мен Қырғызстан арасында туған шекара мен су дауы. Бұл екі мемлекет арасындағы шешімін таппай келе жатқан проблема. Мәселе мынада Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданы тұрғындары Қазақстанмен (ҚР) арадағы шекара бөлісімен келіспей, өзеннен тартылған «Быстроток» (Көксай) су каналын бөгеп, ҚР-дың Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойған болатын. Суды бөгеген азаматтар аумағы 4,5 мың гектар жерді Қырғызстанға қайтаруды және екі ел шекарасын өзен бойымен өткізуді талап еткен. Бұл мәселе екі ел үкіметінің басшылары жүргізген келіссөзден соң 2014 жылы шілденің 17-сі күні Қырғызстаннан Қазақстанға тартылған «Быстроток» каналы бойынша су беру қалпына келтірілген. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 1241 шақырымдық шекараны бөлісу келісімі 2009 жылы аяқталып, екі тарап та оны ресми түрде мойындаса да, ара-тұра туып жататын жер мен су дауын түпкілікті шешудің реті әлі келмей отыр. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше екі елдің қарым-қатынасына қатысты дәстүрлі түрде «қазақ-қырғыз ежелден ауылы аралас, қойы қоралас, тату ел» деген пікірде. Дегенменде, біздің ойымызша, екі елдің қарым-қатынасы керемет жақсы деңгейде деп айту қиын. Мұның себептері көп. Ал Орталық Азиядағы басқа көршілерімізбен салыстырғанда екі елдің арасындағы қатынастар, сол қатынастардың сапалық деңгейі көш ілгері. Бірақ экономикалық, шекаралық және инвестициялық түйткілдер бар. Сондай мәселелердің бірі Көксай каналында туған суға қатысты дауды айтап өтуге болады. Қазақстан мамандары бұл мәселені екі жақтың ресми құзіретті орындары тиянақты түрде айналысуы керек деп санайды. Рас, шекараға, достыққа қатысты екі жақты бірталай келісімдерге қол қойылды. Алайда сол келісімдердің өзі қазір толық орындалмай жатыр. Ал су – біздің аймағымыздағы ең бір түйткілді мәселе. Екі мемлекет арасындағы тағы бір күрделі мәселе Су мәселесі. Су – энергетикалық тақырып. Бұл мәселенің шешілуі 20 жыл бойы кешеуілдетіп келе жатыр. Жүйелі шешімдер жоқ. Мынау трансшекаралық өзендердің жоғарғы жағында тұрған мемлекеттердің (Қырғызстан мен Тәжікстан) жаңа гидроэлектрстанцияларын салып, суларды бөгеп жатқанын түсінуге болады. Себебі бұлар – кедей мемлекеттер, энергетикалық қуат көздері тапшы. Алайда ағыстың төменгі жағында тұрған елдер үшін (Қазақстан мен Өзбекстан) ауылшаруашылығына қажет су тапшылығының салдары өте қиын тиеді. Бірақ осындай мәселе бола тұра, 20 жылдың ішінде бір тиянақты шешім шыққан жоқ. Өткен жылы Өзбекстан президенті Ислам Каримов «Бұл мәселелер өстіп созыла беретін болса, ерте ме, кеш пе, аймақта қақтығыстың тууына соқтыруы мүмкін» деген пікір айтқан еді. Сондықтан да Көксай каналындағы орын алған мәселенің үлкен дау дамаға ұласуы әбден мүмкін. Сондықтанда екі тараптыңда үкімет басшыларының араласуы – проблеманы шешуге жуықтамағанымыздың көрсеткіші. Ал шын мәнінде, бұл ауыл арасындағы ғана мәселе болатын. Сол себепті мен бұл мәселе осымен жабыла қояды деп ойламаймын, керісінше, бұл келешекте екі жақты дипломатиялық қатынавстарға қылаң түсіруі мүмкін. Қазақстан мен Қырғызстан арасында,ы дипломатиялық қатынастардың дамуындағы кедергілер қатарында Су мәселесінен басқада проблемалар бар. Олардың қатарында мемлекеттердің оқшаулануы, әртүрлі саясат ұстануы, сыртқы саясаттағы қайшылық, өз арасындағы ортақ мәміленің жоқтығы да әсер етіп отыр. Сондықтан бұл жерде байқап отырғанымыздай, соңғы 20 жылдың ішінде аймақтық тұрғыдан ойлау, аймақтық тұрғыдан көзқарас қалыптастыру жоқ. Сарапшылардың пікірінше, оның жақын арада қалыптасатынына сындарлы, мардымды алғышарттар шамалы. Себебі әлі күнге дейін жергілікті мемлекеттер Орталық Азияда негізгі ойыншылар емес, сыртқы ірі елдердің жетегінде жүр. Сондықтан да су дауы, жер дауы, азаматтардың жүріп-тұруы, Қазақстан азаматтарының Өзбекстанға барғанда қамалып қалуы, өзбек пен қырғыз гастарбайтерлерінің Қазақстанда істі болып қалуы – ортақ бір аймақтық мәміленің қалыптаспауынан туады. Бұл кикілжіңдер аймақтық ортақ көзқарас қалыптасқанша жалғаса береді. Қазақстан мен Қырғызстанның дипломатиялық қатынастарының дамуына Қырғыз елінің Евразиялық Экономикалық Одағына кірігуі үлкен ісерін тигізуде. Бұл әрекет оның Қазақстанмен арадағы интеграциясына өз әсерән тигізбей қоймайтыны белгілі. Осы орайда бұл мәселеге байланысты Қазақстанда екі жақты пңкңр бар. Біріншілері, Қырғызстанның бұл саясатын қолдаса, екінші жақғы Кеден Одағы – тең дәрежедегі әділ интеграциялық бірлестік емес. Тек Ресейдің мүдделерін көздеген ұйым. Сондықтан Қырғызстанды былай қойғанда, бұл ұйымға мүше болғаны Қазақстанның өзі үшін тиімсіз деп есептейді. Қазақстандық "оппозиция" Қырғызстанның осындай интеграциялық ұйымдарға кірем дегендегі жалғыз-ақ мақсаты – сол ұйымдардың қаржысын, әлеуетін өз пайдасына асыру. Бірақ бұл – ұзақ мерзімді стратегия емес.
Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қорытылайтын болсақ екі мемлекетте көпвекторылық саясатты ұстанатыны айқын. Әрине екі мемлекетің геосаяси орнын салыстырға болмайды. Қазақстан Орталық Азияда көш басшылыққа ұмтылып отырған мемлекет болса, Қырғызстан өзінің саяси тұрақтылығын сақтап қалуға басты назар аударуда. Дегенмен де екі мемлекет басшыларының соңғы кездесуі көрсеткендей халықаралық саясатта екі мелекеттің ортақ ұстанымдары бар және бір бірін халықаралық сахнада қолдайтындығын ерекше көрсете білді.
Достарыңызбен бөлісу: |