ІІ Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттары
2.1 Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестициялық ынтымақтастық
Екі мемлекет арасындағы инвестицияялық ынтымақтастықты қарастырмастан бұрын инвестиция және шет ел инвестициясы туралы мәселеге тоқталып өтейік. Инвестиция – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды[Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. - Алматы: «Бiлiм», 1998. - 96 с.].
ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестицияның көлемі бойынша көш бастап келеді. Күрделі құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 1995 ж. 1,5%-дан 2000 ж. 38,6%-ға артты. 2000 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның өзі 1999 жылғымен салыстырғанда 48,6% жоғары. Тек 1993 – 99 ж. тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 9700 млн. долл. болды, бұл ретте оның жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-ы қара металлургияға, 3,7%-ы энергет. кешенге, 3,4%-ы тамақ өнеркәсібіне салынды. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесіне тиеді – жалпы көлемінің 33%-ы, Оңтүстік Кореяның үлесі – 15,4%, Ұлыбританияның үлесі – 12,5%, Түркияның үлесі – 4,9%, Қытайдың үлесі – 4,7%[Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003]. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуропалық Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды, осы желілердің шеңберінде 90-нан астам келісімге қол қойылды. Қазақстанның сыртқы қарызы шекті өркениетті шеңберден шыққан жоқ, яғни тікелей мемл. және Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген сыртқы борыш оның жалпы көлемінің 25,5%-ы ғана болды. Борышқа қызмет көрсету нормасы сыртқы борыштар бойынша төлемдердің экспорт көлеміне қатынасы ретінде 2000 ж. 32,6% болды. 2000 ж. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдарының дамымағандығында. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногі (МБҚР) бағалы қағаздар рыногінің неғұрлым серпінді түрде дамып келе жатқан буыны болып табылады. Мұндай қағаздардың ең маңыздылары: мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МҚМ), олардың айналыс мерзімдері 3, 6, 12, 24 айдан 10 жылға дейін, Мемл. қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕККАМ), Мемлекеттік индекстелетін қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ), Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕОКАМ), Мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер (МЕАКАМ), Арнаулы валюталық мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (АВМЕАКАМ), Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ); ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО), Ұлттық банктің ноталары, муниципалдық құнды қағаздар[ Нәдірбек Ә, Қ. Исабеков, Ө. Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б. ]. Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін; ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық; Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар[ Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. – Москва. Экономика 2000г.] : 1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы; 2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы; 3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі; 4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы; 5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал; Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі: - өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ; - портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін); Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті[Методическое пособие по разъяснению основных положений Стратегии развития Казахстана до 2030 года. Алматы: - 1991.]. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады. 2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді. 2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп. 2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды. Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады. Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді. Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады. 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% [9]құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді. Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған. Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді. Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%)[ Сагандыкова С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогноз инвестиционных процессов. Алматы: 1994.]. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады[Особенности инвестиционного процесса в Казахстане // Транзитная экономика. 2003. - № 2.] Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.)[ Сарсембаев М.А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы: Гылым, 1997 г.] және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет: 1. Жоспарлау; 2. Бағдарламалау; 3. Бюджетті дайындау; 4. Орындау; Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады: - инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері; - жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі); - Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы. Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет: - жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу; -жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы; - отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ; - экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру; - ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану; - менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу; - жаңа жұмыс орындарын құру; - жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу; - өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету; - қоршаған табиғи ортаны жақсарту. Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады. Мемлекеттік инвестициялық саясат – бұл елдің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуын мақсат ететін биліктің барлық деңгейлерімен жүргізетін әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Мемлекеттің реттеудің негізгі міндеті – инвесторларға капиталды тиімді орналастырудың барлық түрлерімен қамтамасыз ету. Инвестициялық қызметті мемлекеттік тұрғыдан басқару келесі міндеттерді шешуге бағытталған: 1 Тиімді инвестициялық қызмет арқасында елдің жоғары экономикалық дамуын қамтамасыз ету; 2 Инвестициялық қызметтен түсетін мемлекеттік пайданы максисизациялауды қамтамасыз ету; 3 Инвестициялық тәуекелділікті азайтуды қамтамасыз ету; 4 Инвестициялық бағдарламаларды жылдамдату жолдарын іздеу; Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудің нысандары мен әдістері[ Абуталипов Ж.А. Казахстан в мировой экономике. – Алматы – 1998г]. Мемлекет инвестициялық қызметті реттеу мақсатында ең қол жетімді және тиімді реттеуші қолданады. Ол – құқық. Яғни, елдегі инвестициялық қызметті реттеудің заңды нысаны болып қаржы-құқықтық акттер болып табылады. Мемлекеттің инвестициялық саясаты келесі нысандарды жүргізіледі: - мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар (өндіріс саласында мемлекеттің инвестициялауы, ғылым, білім және т.б.); - мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару; - салық салудың дифференцияланған салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерінің жүйесі. Елдің экономикасына жеке және шетел инвестицияларды тарту үшін салық салудың жеңілдікті механизмдері қолданылады; - қаржылы көмек ретінде жеке территориялар, салалар, өндіріс дамуына дотациялар, субсидиялар, субвенциялар, бюджеттік ссудалар және гаранттар беру. Мұндай қаражаттар тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге, білім сферасы, шағын және орта бизнеске берілуі керек. - ақша-несиелік саясат, баға құрылу саясат және амортизациялық саясаттар жүргізу; - инвестициялық үрдіске қажетті нарықтық инфрақұрылымның дамуы; - бағалы қағаздар нарығын реттеу. Ел аумағында инвесторлардың қызметін реттеу үшін мемлекет келесі әдістерді қолданады: -мемлекеттік нормалардың сақталуын, инвестициялық қызметтің жеке түрлерінің міндетті лицензиялау ережесінің орындалуын бақылау; - антимонопольдық әдістемелер, мемлекеттік меншіктің жекешелендірілуі, сонымен қатар аяқталмаған құрылысты да; - инвестициялық жобалардың сараптамасы. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты. Қазақстан шетел капиталын тарту стратегиялық міндет ретінде екенін хабарлап, әлемдік шаруашылық пен ашық экономикаға көшу жолында қажетті іс-шаралар ұйымдастыруда. «Шетел инвестициялары туралы», «Тікелей инвестицияларды мемлекетттік қолдау туралы» заңдары қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Нурсұлтан Назарбаев 1997 ж. «Тікелей және шетел инвестицияларын тартудағы Қазақстан Республикасының экономикасының приоритетті секторларының тізімін бекітілуі туралы» және «Инвесторлармен келісімшарт жасаған кездегі жеңілдіктер мен преференциялардың жүйесі мен оларды белгілеудің тәртібі туралы» Жарлықтар шығарды. 1997 ж. инвестициялық қатынастарды ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық реттеудің құқықтық-нормативтік актілердің пакеті «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен келісімдерді тіркеу туралы» заңдармен толықтырылды. Сонымен қатар, инвестицияларды қорғаудың көптеген үкімет аралық келісімдері жасалды. Жалпы, шетел инвестициялады тарту мен қорғаудың үрдісі қазіргі кезде 20-дан аса заңнамалық және нормативті құқықтық актілермен реттеледі. Оларға сәйкес, Қазақстанда шетел инвестициялары рұқсат етілген ұйымдастыру-құқықтық нысанда әр объект пен әр қызмет түріне салынуы мүмкін, сонымен қатар, толықтай шетел инвесторлардың иелігіндегі шетел фирмалардың құрылуы, олардың филиалдары мен бөлімшелері, немесе біріккен кәсіпорындар рұқсат етіледі. Шетел инвесторларына өз қызметінен түскен табысын өз еркімен пайдалануына кепілдік беріледі, Мысалы, тауарлар сатып алу немесе басқа мақсаттар үшін[ Деньги. Кредит. Банки. / Под ред. Сейткасимова И.С. Алматы. 1999.]. Елдің экономикасына ірі масштабты инвестицияларды тарту керектігін есекере отырып, Президент жарлығымен біріккен құзыретті орган – Инвестициялар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті құрылды. Республикада экономиканың тиімді секторларына тікелей инвестицияларды тарту жөнінде белгілі жарнамалық жұмыстар жасалуда. Жасалып жатқан ұйымдастыру шаралары, қабылданып жатқан заңнамалық әдістер қазақстандық экономикаға шетел инвестициялардың ағымын әкелді. Оған бүгінде 40-қа жуық ел өз қаржы ресурстарын салып жатыр. Сонымен бірге, мемлекет тікелей инвесицияларды тарту жөніндегі мәселе айрықша қарас тырылуда. Инвестициялық нарықтың негізгі қатысушылары – мемлекет, компаниялар және жеке тұлғалар, сонымен қатар осы қатысушылардыі әрқайсысы инвестициялық үрдістің сұраныс жағында және ұсыныс жағында бола алады. Инвестициялық нарықтың қаржылық құралдарының негізгі сипаттамалары және түрлері Жеке (дара) инвесторға әртүрлі қаржылық құралдар қол жетерлік болады. Олардың бірі – бағалы қағаздар болады, екіншісі – болмайды. Бағалы қағаздардың түрлері өте көп, және оның әрқайсысының қызмет ету мерзімі, бағасы, табыстылық және тәукелділік деңгейі, өзінің салық салу шарты болады. Осыған мүлік салымы да жатады. Бұл сұрақта қаржылық құралдарыдың негізгі типтері ең жалпы түрде және ең қысқа сипаттаумен қарастырылған: қысқамерзімді құралдар, жай акциялар, бағалы қағаздар нақты табыстылығымен, спекулятивті қаржылық құралдар және басқа кең таралған түрлер. Қысқамерзімді құралдар – бұл бір жылғы немесе бір жылға дейінгі жинақтаушы құралдыр. Жай акция – бұл бір бөлігіне иеленушілік құқықты беретін акционерлік капиталға салым құралы. Облигация – бұл корпорацияның және үкіметтің борыштық құжаты. Жай акциялар сияқты, артықшылықты акциялар корпорацияның капитал бөлігіне иелегуге құқықы береді. Айналатын бағалы қағаздар – бұл нақты табыстылығы белгіленген бағалы қағаздардың ерекше түрі, ол бойынша инвестор сол эмитенттің белгілі бір жай акциялар санына ауыстыруға рұқсат алады. Спекулятивті инвестициялық құралдар жалпы жоғарғы тәуекелділікпен сипатталады. Инвесторға сатып алу құқығын немесе керісінше, басқа бағалы қағазды бекітілген мерзім шегінде анықталған курс бойынша сату құқығын беретін бағалы қағазды опцион дейміз. Сонымен , спекулятивті қаржылық құралдардың тағы бір тобы – бұл тауарлық және қаржылық фьючерстер және нақты активтер. Инвестор сонымен қатар басқа да қаржылық құралдармен қолданады. Оларға екі жақты қордың акциялары, мүлік, салық жеңілдіктерін беретін бағалы қағаздар, жауапкершілігі шектелген компаниялардың капиталына салымдар[Кабдиев ДК. Проблемы стабилизации и экономического роста /Экономика Казахстана на пороге XXI века. Сб.науч.ст./ Под ред. д.э.н., проф. Н.К. Мамырова. - Алматы: Экономика, 1998]. «Нарық тиімділігі» түсінігінің маңызы nиімді (оңтайлы) нарық (efficient market) келесі түрде анықталуы мүмкін: абсолютті тиімді нарық – бұл бағалы қағаздың бағасы әрдайым оның инвестициялық құнына тең болатын нарық. Басқаша айтқанда, бұл нарықта бағалы қағаз әр уақытта өзінің әділетті құны бойынша сатылады. Осылайша, дұрыс емес баға бойынша сатылатын бағалы қағазды табу мүмкін емес.Тиімді нарықта ақпараттық баршылық неғұрлым толық және жаңа ақпарат лезде (тез, шапшаң) нарық бағаларында өз көрінісін табады. Тиімді нарықта қайсыбір жаңа ақпарат шапшаң жіне толық курста айқындалады. Абсолютті тиімді нарықта курстың өзгеруі кездйсоқ емес. Қаржы нарығының конъюнктурасын зерттеудің қағидалары Экономикалық конъюнктура интегралды көрсеткіш ретінде нарық ортасынының жағдайын және күйін сипаттайды, факторлар санының маңыздылығына байланысты және тауар немесе қызметті сату және сатып алу құқығы бойынша араласу және коммуникация үрдісіне тартылған әрбір тұлғаның экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Экономикалық конъюнктураның дәстүрлі әдісі жалпы түрде экономикалық индикаторларға негізделген. Экономикалық индикаторлардың негізгі кемшілігіне келесілерді жатқызуға болады: «жалған дабылдардың» көп көлемде болуы; әртүрлі индикаторлардың динамикасында мағынасыздығы; экономикада жоспарланған және зерттелген өзгерістердің сандық бағаларының қиындығы. Доу теориясы. Элиоттың толқындар теориясы. Орташа жылжымалы теориясы. Доу теориясы – бұл техникалық анализдің концепциясы, нарық динамикасы ұзақмерзімді Доу Джонс орташа тренді өндіріс компаниялар курстары үшін, оны транспорттық компаниялардың орташа динамикасы белгілейді. Доу теориясы келесіге негізделген, ең негізгі параметр – акциялар жиынтығының курс тренді. Бұл теория Чарлз Доу құрметіне Доу теориясы деп аталды, «Доу Джонс» теориясы «бұқалар» және «аюлар» нарықтарының аяқталу стадиясын белгілейтін дабылдарды іздеуге бағытталған . тағы да айтатыт нбір жайт, ол бұл теория түбегейлі бетбұрыс уақытын көрсетпейді. Ол жалпы түрде ұзақмерзімді тренд нарық динамикасына айқындалады, ол тек қана күнделікті өзгерістер мен екінші ретті үрдістерді көрсетеді. Нарық жағадайын анықтау үшін Доу Джонстың өндірісітік және транспорттық орташала қолданылады. Осыдан кейін, бастапқы тренд ( Доу ДЖонс өндірісітік базасының орташасы) нарық динамикасы қалыптасқан күйде өзгереді. Бұл кезең бекітуші болып табылады және ол концепцияның негізін құрайды: нарықтағы екінші ретті немесе екінші деңгейлі өзгерістер қайталанады немесе транспорттық орташада бекітіледі. Доу Джонс теориясына сәйкес, екінші ретті толқулар ( шапшаң қысқамерзімді өзгерістер қисығы Доу Джонс өндірістік және транспорттық орташалар динамикада көрініс табады); алайда алғашқы трендтің қисығы өндірісітік орташаның қисығын көрсетеді[. Теория Доу. ru.wikipedia.org/wiki/Теория_Доу]. Әрине екі мемлекеттің инвестиция тарту мүмкіндіктері әрт түрлі. Қазақстан. Қазақстанда Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру шетелдерден инвестициялар тартудың жүйелі әдісін жасауға мүмкіндік беріп отыр. 2009 жылдан бері Қазақстан экономикасына 57 млрд. АҚШ долларының инвестициясы тартылды, бұл - тәуелсіздік жылдары тартылған барлық тікелей шетелдік инвестицияның 39 пайызы[pm.kz сайты]. Ал, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметі бойынша, 1993 жылдан бері Қазақстанға 143,6 млрд. АҚШ долларының тікелей шетелдік инвестициялары тартылған, оның 39 пайызы немесе 57 млрд. доллары соңғы үш жылдың үлесі (2009 жылы - 19017 млн. долл., 2010 жылы - 18 144 млн. долл., 2011 жылы - 19 850 млн. долл.). Айта кету керек, Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында соңғы 2,5 жылдың ішінде өңдеуші салаға тартылған тікелей инвестиция - 60 пайызға ұлғайып, өндіруші салаға тартылған инвестиция - 14 пайызға қысқарды. Ағымдағы жылдың 5 айында негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 1541,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы көрсеткіштен 5,9 пайызға көп. Экономиканың шикізаттық емес секторында да инвестиция көлемі едәуір өсіп отыр. 2011 жылы өңдеуші секторға салынған шетелдік инвестиция сомасы 2868,3 млн. АҚШ долларын құрады. 2011 жылмен салыстырғанда, инвестиция ағыны 39 пайызға ұлғайып отыр. Қазақстанда шетелдік инвесторларды қолдау үшін заңнамалық және жүйелік шаралар кешенін қамтыған Инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық жоспар бекітілді. Атап айтқанда, ресімдік және визалық жеңілдіктер, инвесторларға өңірлерде және орталық деңгейде қолдау көрсету сияқты шаралар қарастырылып отыр. Оған қоса, ынтымақтастық үшін 20 басымдықты инвестор-ел және сол елдерден технология жағынан жетекші 150 компания анықталып отыр. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі шет елдерде еліміздің инвестициялық ахуалын таныстыруға арналған роуд-шоу шараларын ұйымдастырды. Қазіргі уақытта 20 млрд. доллар соманың 400 инвестициялық бастамасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оған қоса, инвесторларға Қазақстан туралы 12 тілде толық ақпарат беретін ұлттық инвестициялық веб-сайт іске қосылды. Қазірдің өзінде веб-сайтқа әлемнің 160 елінен 100 мыңнан астам оқырман кірген. Оның ішінде, 58,3 пайызы - ТМД елдерінен, 14 пайызы - Еуропа елдерінен, 12 пайызы -Азия елдерінен, 4,5 пайызы - Америкадан кірген. Сондай-ақ инвестициялық жобалар мен шетелдік инвесторлар туралы мәліметтер базасы орналастырылған www.baseinvest.kz сайты жұмыс істейді. Бұл жоба инвестициялар тарту үдерісін автоматтандыруға, Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың жұмысына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді және инвестиция талап ететін жобалар бойынша мәліметтер, анықтамалар және статистикалық ақпараттар ұсынады. Әлеуетті шетелдік инвесторлармен жалғасатын жұмыстар ел экономикасының орнықты өсуіне қажетті қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Қырғызстандағы инвестициялық сасяаты бірінші кезекте Қырғызстандағы Ыстықкөлдің жағасындағы 4 пансионатты қосымша инвестициялар салу шартымен Қазақстанға беруге мәселені қарастырған жөн. Бұл мәселеге А. Акаев, Қ. Бакиев билік тұсында бірнеше рет көтеріліп, ортақ шешімге келе алмаған болатын. Ыстық көлдегі пансионаттарды Қазақстанның меншігіне 1 айда өткеріп беру туралы хаттамаға сонау 2003-жылдың желтоқсан айында қол қойылған. Бірақ сол тұста мәселе аяқсыз қалған. Сол себепті тараптар бұл мәселені жуырдағы қайтадан талқылауға кірісті. Ресми ақпаратарға сәйкес, екі елдің тиісті мемлекеттік құрылымдары қазір нысандарды қосымша инвестициялар салу арқылы 3-4 жұлдызды қонақүйлерге айналдыру шартымен Қазақстанның меншігіне беру мүмкіндіктерін талқылап жатыр. Пансионаттар орналасқан жерлер 49 жылға жалғаберілмек [http://kaz.gazeta.kz/news/qyrghyzstan-ystyqkoldegi-pansionattardy-qosymsha-investiciyalar-salu-shartymen-qazaqstangha-beruge-dajjyn-newsID39415.html Қырғызстандағы Қазақстандық инвестициялардың келесі ауқымды секторы Банк жүйесі. Қырғызстанда қазақстандық инвестициялардың негізгі бөлігі - 60% банк секторына бағытталады. Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес «Қырғызстан экономикасындағы қазақстандық инвестициялардың құрылымы: банк секторы - 60%; тау-кен саласы -10%; су-энергетика кешені -10%; құрылыс индустриясы - 3%; ауыл шаруашылығы өндірісі -12%; сауда саласы -2% және туристік сала - 5%», делінген[http://bnews.kz/kk/news/post/237063/].
Қырғызстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 400-ден астам кәсіпорын тіркелген, олардың 10-ы ірі кәсіпорын саналады. Қазақстан сауда көлемі бойынша Қырғызстанның Ресей мен Қытайдан кейінгі үшінші серіктесі саналады. Соңғы екі жыл нәтижесі бойынша, тауар айналымының көлемі 1 млрд доллардан асты.
Дегенменде екі ел арасында инвестициялық саясатқа байланысты шешімін таппай отырған міселелерде жоқ емес. Соның бірі ірі ұялы телефон компаниясы Бител байланысты мәселе.
Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өмірзақ Өзбеков пікірінше Қырғызстан экономикасына салынатын Қазақстандық инвестициялардың тағдыры Бител ұялы телефон байланысы компаниясын сатуға қатысты іс бойынша қабылданатын сот шешіміне тікелей байланысты болмақ.
Ө.Өзбеков еліміздегі болашақ инвесторлар қазір Қырғызстандағы аса ірі Бител ұялы телефон байланысы компаниясын сатуға қатысты іске баса назар аударып отыр деп мәлімдеді. "Қазақстандық инвесторлардың құқығы бұзылған жағдайда біз Қырғызстанынң жоғарғы басшылығынан көмек сұрауға мәжбүр болмақпыз",- деді елші. Елші 2000-жылдан бері Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының ауқымы арта түсу ағымы байқалуда. Былтыр оның көлемі 290 млн. долларды құрады. Бүгінде Қырғызстанда Қазақстандық 4 банк пен 400-ге жуық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұдан бұрын Қазақстан Seimar Ivestment Group компаниясы акцияларының қоржынын толық сатып алған. Алайда Бішкек экономикалық соты Fellows компаниясының шағымына сәйкес Қазақстандық инвесторларды ұялы телефон байланысы компаниясын меншіктену құқығынан айырды[http://kaz.gazeta.kz/news/bolashaqta-qyrghyzstan-ehkonomikasyna-salynatyn-qazaqstandyq-investiciyalardyng-taghdyry-bulyngghyr---qr-elshisi-newsID37458.html].
Сонымен, 2014 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанның Қырғызстан экономикасына салған инвестиция көлемі 15,8%-ға артты[ BNews.kz].
Статистикалық мәлметтергеқарағанда, Қазақстан Қырғызстан экономикасына жұмсаған инвестициясының көлеміне қарай 49 елдің арасында алдыңғы орында. Мысалы, соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына Қазақстаннан 14,8 млн. доллар көлемінде тікелей инвестиция жұмсалды. Ө.Өзбековтың пікірінше, былтыр Қырғызстанға Қазақстаннан 40,3 млн. доллардың инвестициясы келді. Бұл 2004-жылғы көрсеткіштен 2,6 есе артық.
“Қазақстан көршілері кедей әрі тауқыметтен құтыла алмай жатқанда жекелеген бір елдің гүлдене дамуы мүмкін емес екенін жақсы ұғынады. Осыған байланысты Қазақстан аймақтағы барлық елдің, соның ішінде Қырғызстанның да тұрақты дамуынан мүдделі. Сол себепті өз көршілеріне материалдық және ақшалай инвестиция салу арқылы көмек қолын созуға талпынады”,- деді Қазақстанның Қырғыз еліндегі Төтенше және өкілетті елшісі Ө.Өзбеков. Қазақстандық дипломат Қазақстандық инвесторлардың жұмысына баға бере отырып, Ыстықкөл облысындағы Курмент цемент зауытын қайтадан пайдалануға, Ақсу жүгері өңдеу комбинаты және Канттағы жергілікті материалдарды өңдейтін зауыттың екінші желісі іске қосудағы еңбекті аиап өтті. Қазір Қырғызстанда 400-ден астам Қазақстанмен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Сонымен, Қазақстан тәуелсiздiк жылдары Қырғыз Республикасының экономикасына 1 млрд АҚШ долларын салды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-отырысы барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi[ BNews.kz ].
Президенттің пікірінше, Қазақстан мен Қырғызстан түрлi халықаралық ұйымдар, ықпалдасу қауымдастықтары аясында өзара әркеттестiк орнатқан. Екi ел терроризм мен экстремизм қауiптерiне қарсы бiрге күресiп те жатыр. Бiшкекте 2012 жылы өткен соңғы отырыстан кейiн түрлi оқиғалар орын алды. Бiздiң елдерiмiз арасындағы екiжақты сауда қатынастары жоғары өрбiп келе жатыр. Соңғы 2 жылдағы тауар айналымы тұрақты түрде 1 млрд АҚШ долларынан асты. Осы жылдың 8 айындағы өсiм 5,2%-ды құрады. Оған айналадағы түрлi қиындықтар тосқауыл болмай отыр. Н.Назарбаевтың айтуынша, Қырғызстан экспорттайтын жалпы электр энергияның 86%-ы, сүт өнiмдерiнiң 90%-ы, жемiс-жидек пен көкөнiстердiң 56%-ы Қазақстанға жiберiлуде.«Қырғызстанның астық импортына деген қажеттiлiгiнiң 100%-ға жуығын, ұнның 97%-ын, минералдық шикiзаттың 70%-ын, органикалық емес, химиялық заттардың 53%-ын Қазақстан қамтып отыр. Бұл – ауыз толтырып айтарлықтай ынтымақтастық көрсеткiштерi. Қырғызстан экономикасына тәуелсiздiк жылдары iшiнде 1 млрд АҚШ доллары бағытталды. Бүгiн бiз сыртқы саяси әрекеттердi үйлестiру мәселелерiн талқылап, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық көкжиегiн кеңейтудiң болашағын айқындаймыз. Сонымен қатар, екi ел арасындағы өзара әрекеттестiктiң әлеуеттi бағыттарын анықтаймыз», - деп түйіндеді Елбасы. Ал, Қырғызстанның инвестициялық мүмкіндігіне келетін болсақ, Қырғызстанның 2013 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда биылғы жылдың сәйкес кезеңінде Қырғызстан экономикасына салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 38,1%-ға кеміді. Қырғыз жерінің 95%-дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан, ал оның 40%-дан артық бөлігі 3000 м биіктікте жатыр. Биік таулы жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын табиғат жағдайлары елдің экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді. Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металдардың (молибден, мыс, сурьма), Ішкі Тянь-Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибден, темір және қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, сондай-ақ қоры онша мол емес темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі. Тауалды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр көмір және таскөмір, мұнай коры барланған. Көптеген кең орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан, оларды игеру мәселесін қиындатады. Қырғыз жері таулы болғандықтан, су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ең ірі өзені — Нарын, сондай-ақ Шу, Шатқал, Ақсай өзендері бар. Өзен сулары суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады. Ондағы беткі ағынның 20%-ға жуығы жер суаруға жұмсалады. Ыстықкөл Қырғызстанның негізгі инвестициялық және ұлттық байлығы болып санады. Ыстықкөлдің тереңдігі 702 метрге жетеді. Су көлемі көп болғандықтан, Ыстықкөл қыста қатпайды, көл атауы да сонымен байланысты. Көл айналасымен қоса, айрықша қорғауға алынған Ыстықкөл қорығының аумағына енеді. Ыстықкөл жағалауында жалпы саны 100-ден асатын демалыс орындары, емдеу-сауықтыру мекемелері орналасқан. Емдеу-сауықтыру мақсатында көлдің шипалы тұзды суы ғана емес, жағалаудағы емдік балшықтар да пайдаланылады. Ыстықкөл қазаншұңқырында минералды бұлақтар да өте көп. Шолпан-Ата, Ыстық-Ата, Жетіөгіз, Алтын-Арашан шипалы су көздері көпшілікке танымал. Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы дәстүрлі байланыстар үзіліп, ел экономикасына едәуір нұқсан келді. Бүгінгі таңда Қырғызстан нарықтық экономика жүйесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда. Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 2008 жылғы мәлімет бойынша 12 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, 12%-ы өнеркәсіп, ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі. Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары электр энергетикасы, тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп, тірсті металлургия болып табылады. Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ең ірісі—Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл салаға қазіргі кезде өте көп шетел және Ресей қаржысы жұмсалуда. Отын өнеркәсібі Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан өндірілетін таскөмір негізінде өркендеуде. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, кігіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатты өндеуге бағытталған. Түсті металлургия, негізінен, сыртқа өнім шығаруға маманданған. Ош облысындағы Қадамжай комбинаты өндіретін сурьма халықаралық нарықта эталон ретінде бағаланады. Осы облыстағы Хайдарқан елді мекені жанындағы сынап кенінің маңызы аса зор. Мұнда қосымша қорғасын-мырыш концентраты алынып, одан әрі өңдеуге Қазақстанға жіберіледі. Жаңа іске қосылған алтын (Жалалабад облысындағы «Макмалалтын»), сондай-ақ қалайы (Ыстыккөл облысының оңтүстік-шығысы) комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен ғана жұмыс істеуде. Қырғызстан экономикасында мал шаруашылығы басым. Ол Қырғызстан жерінің басым бөлігінің таулы болуымен, өнделетін жер үлесі көрсеткітттінің төмендігімен түсіндіріледі. Өнделетін жерлердің басым көпшілігі Шу облысында шоғырланған, оның 25%-ы шабындықтардың үлесіне тиеді. Шу аңғарын бойлай 200 км-ге созылған Үлкен Шу каналы өтеді, одан егістіктер мен бау-бақшаларға су жеткізетін көптеген тармақтар бөлінеді. Нарын облысында жайылымдардың, әсіресе қысқы жайылымдардың үлесі басым. Елдің оңтүстігіндегі Ферғана жотасының беткейлерінде пішен дайындалады. Қырғызстан қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны 4,5 млн басқа дейін қысңарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады. Тауалды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны салыстырмалы түрде кеп (300 мың бас), Қазакстанда бұл көрсеткіш 985 мың басқа жеткен. Таулы аудандардағы шаруашылықтарда қырғыз халқының сүйікті сусыны — қымыз дайындалады. Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды жылқылар есіретін шаруашылықтар бар. Егіншілік құрылымында 50%-ын дәнді дақылдар, 41%-ын малазықтық шөптер құрайды, қалғаны техникалық және көкөніс-бақша дақылдарының үлесіне тиеді. Ферғана аңғарында мақта және темекі өсіріледі, Шу облысында қант қызылшасының егістіктері қалпына келтірілуде. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде жүзімдіктер мен жеміс бақтары едәуір алқаптарды қамтиды. Жалалабад облысында табиғаттың қайталанбас ескерткіші болып саналатын грек жаңғағының реликтілік ормандары өседі[География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9]. Ресми деректер бойынша тікелей шетелдік инвестицияның 85,5%-ы геологиялық барлау, сақтандыру мен қаржылық делдалдық сала мен қайта өңдеу өндірісіне бағытталған. Халықаралық валюта қорының болжамынша, Қырғызстан экономикасы 2011 жылы 7,1 пайыздық өсімге қол жеткізді. Халықаралық валюта қоры ағымдағы жылы Кавказ бен Орталық Азия аймағындағы елдерде ағымдағы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,7 пайыз деңгейінде болады деп болжам жасап отыр. Экономиканың қалпына келу үрдісі Қырғызстаннан (-3,5 пайыз) басқа елдердің бәрінде де байқалып отыр. Мәселен өсім Арменияда - 4; Әзірбайжанда - 4,3; Грузияда - 5,5; Қазақстанда - 5,4; Тәжікстанда - 5,5; Түрікменстанда - 9,4: Өзбекстанда - 8 пайызды құрамақ. Халықаралық валюта қорының Қырғыз Республикасындағы тұрақты өкілі Коба Гвенетадзенің айтуынша, мемлекеттік төңкеріс бұл елдегі экономикалық ахуалға кері әсерін тигізіп отыр. Дегенмен экономикалық дағдарыстан айығу үрдісіне байлансты Қырғызстан экономикасын қалпына келтіруге шет мемлекеттер тарапынан көрсетілетін көмек көлемі ұлғаюда. Бұл алдағы жылы елдегі экономикалық өсім көлемінің 7,1 пайызға дейін ұлғаюына мүмкіндік бермек. Ал Кавказ бен Орталық Азиядағы өзге елдерде: Арменияда - 4,6; Әзірбайжанда - 1,8; Грузияда - 4; Қазақстанда - 5,1; Тәжікстанда - 5; Түрікменстанда -11,5; Өзбекстанда -7 пайызды құрайды деп болжануда. Қырғызстан мен Қазақстанның тікелей инвестициялар қорларымен ынтымақтастығының келешегіне тоқталайық. 2011 жылы 25 қазанда Бішкек қаласында ҚР Премьер-министрінің м.а. Омурбек Бабановтың және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқармасы Төрағасының Орынбасары Айдан Кәрібжановтың қатысуымен «Капитал нарығы: мүмкіндіктер мен келешектер» қырғыз-қазақстандық форумы өтті. Шарада ҚР экономикалық даму министрі Учкунбек Ташбаев, ҚР ЕҚДБ Офисінің Атқарушы директоры, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы Абай Алпамысов, тікелей инвестициялар қорларының өкілдері, бизнес-қауымдастықтардың басшылары мен Қырғызстан кәсіпкерлері баяндама жасады. Қырғызстан экономикалық реттеу министрлігі мен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының (Қазақстан) 100% еншілес компаниясы) шараны ұйымдастырушылар болып табылады. Қырғыз-қазақстандық форумның негізгі тақырыбы - қырғыз-қазақстандық инвестициялық қорын (ҚҚИҚ) құру болды. ҚҚИҚ-тан қаржыландыру алуға арналған кәсіпкерлердің өтінімдерін алдын ала қабылдауды жүзеге асыратын офис 2011 жылғы қазан айында ашылды. Форум Қырғызстандағы экономикалық жағдай мен инвестициялық ахуалды, сондай-ақ екі елдің капитал нарығындағы ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын талқылау алаңы ретінде қызмет етуде. Форумға қатысушылар қырғызстандық кәсіпкерлердің халықаралық инвесторлар мен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (Қазақстан) қатысуымен құрылған тікелей инвестициялар қорларымен (private equity funds) ынтымақтастық мүмкіндіктерін дамытуға үлкен үлес ұосып келеді. Соның ішінде, қызметі Орта Азия, Қазақстан және Кавказ елдерінің шағын және орта бизнесін инвестициялауға бағытталған - Aureos Central Asia Fund қоры. Қордың инвестициялық портфелі «Лизинг Групп» АҚ (Қазақстан), «Ала ТВ» (Қырғызстан), «Корпорация Держава» (Қазақстан) компанияларынан тұрады. Қорды капиталдандыру 70 млн. АҚШ долларына тең. Aureos Central Asia Fund қорының бір компанияға жұмсайтын инвестициялары 2-ден 10 млн. дейінгі АҚШ долларын құрайды. Қордың инвесторлары – Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Қазына Капитал Менеджмент, Халықаралық Қаржы Корпорациясы (IFC), Ұлттар достастығы елдерін дамыту жөніндегі Корпорация (CDC), FMO (Нидерланды), Жапон даму банкі (DBJ). Орта Азия, Қазақстан және Ресей нарығында жұмыс істейтін тағы бір қор - Kazakhstan Growth Fund қоры. Қордың инвестициялары тамақ өнеркәсібі, өндіруші салаға арналған жабдық шығару, қызмет көрсету саласы, металлургия, ағаш өңдеу және тоқыма өндірісі және басқа сол сияқты секторлардағы ШОБ бағытталған. Қорды капиталдандыру 80 млн. АҚШ долларына тең, Kazakhstan Growth Fund қорының бір компанияға жұмсайтын инвестициялары 8 млн.дейінгі АҚШ долларын құрайды. Қордың инвесторлары - Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) және Қазына Капитал Менеджмент. Қазақстан мен Қырғызстан Форумдары қазақстандық және қырғызстандық компаниялардың экономикалық өрлеу кезіндегі борыштық жүктемесі үлкен мөлшерлерге жеткені аталды.Дағдарыстан кейінгі кездегі орта-азиялық аймақтағы және жалпы нарықтағы өтімділіктің жетіспеушілігін ескергенде компаниялар несие «оралымын» азайту үшін капиталды арттыруға мұқтаж болады. Бұл жағдайда тікелей инвестициялар қорлары (ТИҚ) сияқты қосымша капитал көздерін құрудың актуалдылығы сөзсіз. ТИҚ компаниялар бизнесіне қатысуы борыштық міндеттемелер пайызын төмендетеді, ол өз алдына компанияларға келешекте коммерциялық банктерден дефолт тәуекелін көтермей қосымша қаржы тарту мүмкіндігін береді. Санамаланған тікелей инвестициялар қорлары (ТИҚ) қызметінің мәні қорлар компанияларының капиталына кіріп, сатып алынған үлесті шарт бойынша келісілген уақыттан кейін (3-5 жылда) нарық талаптарында қайтару болып табылады. Компанияға инвестициялау сатысында тәуекелдерді азайту мақсатында ТИҚ корпоративтік басқару органдары арқылы компанияның барлық бизнес-процестеріне қатысады. ТИҚ-пен ынтымақтастықтың негізгі артықшылықтардың бірі – компаниямен тәуекелдерді бөлісу болып табылады. ТИҚ 3-5 жыл ішінде қордың үлесін бар акционерлерге қайта сату арқылы немесе үлесті серіктестерге, менеджментке (МВО), сыртқы менеджментке (MBI) сату арқылы, акцияларды қор биржасында бастапқы орналастыру жолымен (IPO), үлесін стратегиялық инвесторға бірлесіп сату арқылы компаниядан шығуды жүзеге асырады. Қазір бұл қорлар Қырғызстандағы инвестициялық қызмет стратегиясы мен бизнес ортасын бағалауға және кәсіпкерлікке зор назар аударуда. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (бұдан әрі – ҚКМ), "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының 100%-дық еншілес кәсіпорны, Қазақстанның тікелей инвестициялар нарығын дамытумен айналысатын қазақстандық қорлар қоры болып табылады. ҚКМ қызметінің негізгі мақсаты – қазақстандық және шетелдік инвестициялық қорларға Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларын әрі қарай дамыту үшін инвестициялау арқылы Қазақстандағы инвестициялық белсенділікті арттыру болып табылады. ҚКМ тікелей инвестициялар қорларын құру мен құрылымдауда елеулі тәжірибеге ие. ҚКМ инвестициялық портфелі мынадай қорларды қамтиды: Aureos Central Asia Fund, Falah Growth Fund, Kazakhstan Growth Fund, Macquarie Renaissance Infrastructure Fund, CITIC Kazyna Investment Fund I, ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund, Kazakhstan Hong Kong Development Fund, Қазақстан-Тәжікстан қоры, Wolfensohn Capital Partners Сонымен, Қазақстан мен Қырғызстан арасында,ы инвестициялық сасяатты қорытындылай келе Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстаннан келетін инвестициялардың артуынан үмітті деген пікірімен аяқтағымыз келедң. Қазақстандық БАҚ өкілдерімен сұхбаты барысында Қырғызстан Республикасының президенті екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың басым салалары туралы айта келе, елде қазақстандық инвестицияларды тарту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті. Қырғыз елінің басшысы ел Үкіметінің қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру мен сыртқы инвесторлар үшін экономикалық қатерлерді азайтуға бағытталған шараларды қолға алып отырғанына ерекше көңіл бөлді. Алмазбек Атамбаев екі жақты тиімді экономикалық интеграцияға деген ұмтылысын білдіре отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынастар дамуының жаңа кезеңінен үміт күтетінін жеткізді. Бүгінгі таңда тауар айналымы бойынша елімізде Қазақстан Қытай мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алады. Өсу қарқыны жоғары. Жақсы инвестициялардың да Қазақстаннан келгенін айта кету керек. Қазақстандық инвесторлар Қырғызстан экономикасына миллиард доллардан астам қаражат салған. Менің ойымша, бұл өсім арта түседі. 2015 жылдың 6 -7 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қырғызстан басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген кезінде, Қырғыстан мен Қазақстан арасындағы 4-ші Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысы өтіп жаңа жоспарлар бекітілді.
2.2.Екі ел арасындағы сауда қатынастарының қалыптасуы мен дамуы.
Орталық Азия секілді әлемнің геосаяси және геоэкономикалық мүдделері тоғысқан аймақтың табиғи мүмкіндіктері, оның былайғы әлемдік нарыққа қадамы, аймақтағы бес мемлекеттің өзіндік амал шарттарымен де астасып, аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәселелердің күрделі мазмұнын толықтыруда.
Екі ел арасындағы сауда өатынастарына келетін болсақ, КСРО ыдырағаннан кейін бұл қатынастар жаңа деңгейге көтерілгені белгілі. Қырғыз елі КСРО мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болыды. Қомақты энергетикалық және өзге табиғат ресурстарына ие, әлдеқайда сыйымды ішкі нарықтары, көлік артерияларына жақын болып келетін ТМД елдерінен ерекше, Қырғыз Республикасында тиісті шарттар мен ресурстары жоқ. Сол себептен, қырғыз экономикасының дамуы оның халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне тізбекті интеграциялауынсыз мүмкін емес. Осы міндеттерді шешу көбінесе, сыртқы экономикалық ортаны сәттілікті реформалауға, елдің экспорттық әлеуетін жоғарылатуға және әлемдік нарықта ұлттық өнеркәсіп пен жеке кәсіпорындардың өздерінің бәсекелік ұстанымдарын қаншалықты жақсарту және шетелде жаңа нарық кескіндерін игеру қабілеттілігіне тәуелді болып келеді. Қырғыз Республикасының сыртқы сауда қызметі ұлттық экономиканы дамытуда маңызды орын алады. Республиканың экспорттық мүмкіндіктерін жоғарылату мақсатында үкімет сыртқы сауданы либерализациялау және әлемдік экономикаға интеграциялау бағытын таңдаған болатын. Сыртқы сауданы либерализациялау саясаты, төмен импорттық тарифтерді сақтау және барлық экономикалық агенттер үшін тауарларды еркін экспорттау мен импорттау мүмкіндігі Қырғызстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруімен нығайтылған еді. Алайда, сыртқы экономикалық дамудың аталмыш стратегиясы күтілген нәтижелерді алып келмеді. Мемлекеттің әлемдік саудаға интеграциясы әлі де шектеулі болып қалуда, қырғыз экспорты жағрапиясының, ДСҰ-ға қосылғанынан кейін, ТМД елдерінен алыс шетел елдеріне қарай қайта бағытталуы өңдеуші өнеркәсіп өнімінің экспорты үлесінің ұлғаюымен түсіндіріледі, Қырғызстанда экспортқа шығарылатын өнім баптары тауар өнімі өндірісінен ауылшаруашылық пен өндірістік шикізат өндірісі жағына қарай, бұл кезде, бірқатар азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп атаулары бойынша өзінің салыстырмалы артықшылығын жоғалтып, ауысты. Елде халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі байқалады. Осыған байланысты, Қырғызстанның ДСҰ-ға кіргенінен кейінгі либерализациялау саясаты мен елдің қол жеткізген нәтижелері арасындағы анық айырмашылықты түсіндіретін факторларды анықтау ерекше өзектілікті болып табылады.
Қырғызстан ДСҰ-ға алғашқы болып қосылған Орталық Азиядағы жалғыз ғана мемлекет болып табылса да, мемлекет тікелей шетел инвестицияларын тартуда және экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайтуда үлкен қиыншылықтарға тап болуда. Бұл негізінен, сыртқы кедергілердің, сонымен бірге, инвестицияларға кедергі келтіретін шектен тыс реттеу жүйемен байланысты ішкі кедергілердің әсерінен болды. Оның үстіне, елде жеке сектор инвестицияларына арналған экономикада шағын немесе қолдауы жоқ мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі әлі күнге дейін жоғары.
Қырғызстан экспорттық бәсеке қабілеттілікті қолдау үшін тек тарифтер мен преференциалды сауда концессияларынға ғана жүгіне алмайды. Әлемдік нарықта бәсеке қабілетті жабдықтаушы болу үшін Қырғызстан өзінің экспорттық өнімінің сапасын жақсартуы тиіс. Жаңа өнімдер шығарып, жаңа нарықтарды зерттеу керек. Оған қосымша, Қырғызстан өндірістік және саудалық дамуды қолдау үшін құрал-жабдықтар тарапынан, сондай-ақ, бағдарламалық қамсыздандыру тарапынан да инфрақұрылымды дамытуы тиіс. Бағдарламалық қамсыздандыру тарапынан экономиканы басқаруды, адам ресурстарын дамыту және индустриалды дамытуды атап өту керек.
Қырғызстанның бәсеке қабілеттілігін ұлғайтатын негізгі фактор – саудаға ұлттық әрекеттесу жүйесі болып табылады. Саудаға әрекеттесудің тиімді жүйесі елдің сауда мүмкіндіктерін сақтауда аса маңызды компонент болып табылады (әсіресе, теңізге шығуы жоқ Қырғызстан үшін). Тиімді сауда одан да арзан импорт түрінде жағымды нәтижелерге қол жеткізеді (бұл қолданыстағы саудалық дисбалансқа байланысты мәселелерді ішінара жеңілдетеді). Сонымен қатар, ол одан да төмен инфляцияға алып келеді.
Кеңес одағының құлдырағанынан кейін Қырғызстан мен Қазақстан үшін сауда саттық қатынастарында екі негізгі міндет пайда болды:
Біріншіден, өздерінің саяси және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті институттарды құру арқылы өзінің тәуелсіздігін бекіту;
Екіншіден, ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді интеграцияның императивімен халықаралық саяси және экономикалық құрылымдарға үйлестіру.
Онымен қоса, елдер топтарының қызығушылықтары бойынша интеграциялау үрдісі – аймақтандыру үрдістері белсенді түрде тарала бастады. Аймақтандыру үрдістері, қатысушы-елдердің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында жабық экономикалық топтамаларды құра отырып, ұлғайып келе жатқан ғаламдануға қарама-қарсы келмейді, себебі осы үрдістің құрамдастары – капитал мен өндірістің интернационалдандыруы, өндіріс факторларының трансшекаралық ауысуы, саудалық, технологиялық, мәдени алмасудың тереңдеуі мен өсуі – интергациялық топтамалар шектерінде ең қарқынды жүреді. ДСҰ-ға қосылғаннан кейін Қырғызстан экономиканы терең дағдарыстан шығару үшін негіз болған халықаралық стандарттарға сәйкес келетін экономикалық даму мен құқықтық базаның мүлдем жаңа үлгісіне ие болды. Алайда, бұл кезде Қырғызстан ДСҰ-ға ерте қосылудың барлық артықшылықтарын толық мөлшерде пайдалана алмады, экспорттық әлеуетті, инновациялық және инвестициялық тартымдылықты дамыту үшін ДСҰ-ның құралдарын іске қоса алмағанын айта кету керек [ Мантусов В.Б., Мишаков С.С., Страны СНГ в ВТО: процесс вступления, проблемы, перспективы. М.: Научная книга. 2004. – С.119.].
Қырғызстан экономикасының бөлек секторларының әлемдік экономика мен сауда жүйесіне интеграциялау міндеті қалай іске асырылғандығы туралы мәселелерді сауданы және кедендік реформаны либерализациялау жөніндегі USAID Аймақтық жобаның тапсырысы бойынша өткізілген арнайы зерттеу нәтижелері бойынша СИАР Зерттеу-консалтингтің есебінде ұсынылды [Отчет Исследовательско-консалтингового агентства СИАР по заказу Регионального проекта USAID по либерализации торговли и таможенной реформе. 2010. С. 29. ].
СИАР сарапшылары, Ұлттық есептеу комитетінің деректеріне, сондай-ақ, республикалық бизнес өкілдерін интервьюлеу мен сұрақ-жауап алу негізінде Қырғызстан экономикасының төрт саласына: жеміс-жидек өнімін қайта өңдеу, банктер, телекоммуникация және тігін өнеркәсібінің талдауын жасады.
Зерттеушілердің пікіріне сәйкес, жеміс-жидек өнімін қайта өңдеу саласындағы барлық жағымсыз және оңтайлы беталыстар ішкі факторлармен – халық сұранысының ерекшеліктерімен, өндірушілердің әлсіз маркетингтік жұмысымен, кәсіпорын басшыларының нарықтық сауатсыздығымен, осы кәсіпорындарда стратегияылық талдау мен жоспарлаудың болмауымен шартталған. Сол себептен, осы кәсіпорындардың басым көпшілігінің көрсеткіштері жылдан жылға нашарлауда, олардағы өндірістік қуаттылықтар толығымен іске қосылмаған, құрал-жабдықтар жаңартылмайды десе де болады. Салада ірі болып саналатын кейбір кәсіпорындар, өздерінің өнімдерін тіпті бөлшектеп өткізеді, бұл олардың өндірісінің шағын ауқымдар туралы куәландырады. Қырғызстандағы жемістер мен жидектерді қайта өңдеудің осындай маңызсыз көлемдерінің себебі ретінде СИАР сарапшыларының пікіріне сәйкес – қайта өңдеу кәсіпорындарындағы қаржы қаражаттарының жеткіліксіздігі, моральдық және физикалық ескірген құрал-жабдықтар мен технологияларды пайдалану, сапаны бақылаудың жетілмеген жүйесі, шикізатты өндірушілер мен қайта өңдеушілер арасында тұрақты байланыстардың болмауы кіреді. Және бұл кезде, Қырғызстан экологиялық таза жеміс және жидек мәдениеттерін өсіру бойынша үлкен әлеуетке ие болып келеді [ Отчет Исследовательско-консалтингового агентства СИАР по заказу Регионального проекта USAID по либерализации торговли и таможенной реформе. 2010. С. 29. ].
Қырғызстанның ДҰС мүшелігі оның Қазақстанмен сауда қатынастарына тікелей әсер етпей қоймады. Қырғызстанда бір жылда 40 мың тоннаға дейін жемістер мен жидектерді, 10 мың тонн жүзім, 110 мың тонн томатты қайта өңделеді. Қазақстан нарығына негізінен осы өңделген өнімдер экспорталады.
Қазақстан үшін Қырғызстанның телекоммуникация нарығы тартымды болып отыр. Қырғызстанда ұялы байланыс нарығы таяудағы уақытта қанығу кезеңіне жетеді және оның әмбебаптануы телекоммуникация нарығындағы өзге қатысушылардың стагнациясына алып келеді. Қазірдің өзінде ұялы байланыс операторлары байланыс қызметтерінің тәжірибелі барлық түрлерін ұсынады, соның қатарында тіркелген байланыс және интернетті. Зерттеушілердің бағалаулары бойынша, тіркелген байланыс нарығы соңғы жылдары тұрақты болып қалуда және оны либерализациялау бойынша ДСҰ-ның талаптарын орындауға қарамастан, нарықтың даму динамикасы жоғары емес деңгейде болып қалуда. Сарапшылардың болжамдарына сәйкес, пайдаланушылар санының өсуі орта мерзімді әлеуетте жоғары емес болып қалады. Нарықта тарифтік реттеу сақталынуда, ол нарықтық мезанизмдерді толық мөлшерде енгізуге қол жеткізбейді[4 Князев А.А. Интеграционные проекты и геополитическое соперничество в Центральной Азии // Проекты сотрудничества и интеграции для Центральной Азии: сравнительный анализ, возможности и перспективы/ Под ред. А.А. Князева. – Бишкек.: Изд. дом Кыргызстана, 2009. - С. 411.].
Қырғызстанның ДСҰ-ға қосылуынан болған жағымсыз әсері біршама дәрежеде интернет-қызметтері нарығының дамуында көрінді, оның ары қарайғы дамуы, негізінен, ұялы байланыс абоненттері арасында қосымша қызметтердің енуін ұлғайту есебінен жүретін болады.
Сонымен бірге, СИАР мамандары Қырғызстандағы жеңіл өнеркәсіптің үш сектор ішіндегіні: маталар өндірісі, дайын тігін бұйымдарын шығару және трикотажды өндіруді жетік зерттеді. Нәтижесінде, олар Қырғызстанның ДСҰ-ға енуінен кейін оның маталар өндірісіне болған әсері айтарлықтай әсер етпеді деген қорытындыға келді.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда қатынасвтарының ерекшелігіне тоқыма өнеркәсібі де, тігін және трикотаж салаларын жатқызуға болады. Бұл салаларда екі мемлекетте біршама құлдырауды басынан өткеріп отыр. Қырғызстанда қазіргі уақытта, маталар өндірісі мемлекеттің текстильдік және тігін салаларының дамуында маңызды орын ала бастады. Қазақстанда керісінше бұл өнеркәсіп құлдырау кезеңіннен шыға алмай отыр. Маталар өндірісінің жандануы өте елеулі ірі инвестицияларды талап етеді және ол инвестициялардың ақталатындығы туралы сұрақ өте күрделі күдіктерді туындатады. Ерекше жағдайларды есепке алғанда,екі ел бұл салаға инвестиция тартуды көздейді.
Қырғызстан нарығында Қаазақстанмен сауда саттық саласында тігін өнеркәсібі салыстырмалы тұрақты, әрі сәттілікті дамуы елдің ішкі нарығына Қытайдан, Түркия мен өзге елдерден арзан маталардың ағылып келуінің арқасында мүмкін болды, ол кезде жергілікті маталар өндірісі құлдырау үрдісінде болып, олар импортпен бәсекеге түсе алмады. Қазақстанда жағдай тігін саласынад мүлде нашарлап кеткені белгілі. Бізде тігін өнеркәсібі жоқтың қасында. Сондықтанда қазір Қазаақстанға Қырғызстаннан тіігіен өнімдері көптеп келуде.
Қырғызстанның шекараны, ішкі нарықты ашу және сауданы либерализациялау тігін өнеркәсібі өндірісі көлемдерінің өсу қарқындарын маңызды дәрежеде жылдамдатты, ол өткізу нарықтарын жоғалтуға, айналым капиталының жетіспеушілігіне, жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтардың болмауына байланысты қиыншылықтарды игере алды. [Асанова А. Трамплин на мировой рынок: Внешнеторговая политика Кыргызстана в системе ВТО. // Рынок капиталов Кыргызской Республики. 2002. №11. С.32-34.].
Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы сауда қатынастарын сараптай келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:
КСРО ыдырағаннан кейін екі мемлекет арасындағы сауда қатынастары жаңа дәрежеге көтерілді
Қырғыыз экспорты Қазақстанда әзірге маңызды болмай отыр.
Қырғыз товарларының экспорттық әлеуеті бар болғанына қарамастан, сарапшылар қырғызстан экспортының деңгейі төмен деген қорытынды жасауда.
Қырғызстан тікелей шетел инвестицияларын тартуда және экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайтуда үлкен қиыншылықтарға тап болуда. Бұл негізінен, сыртқы кедергілердің, сонымен бірге, инвестицияларға кедергі келтіретін шектен тыс регулятивтік жүйемен байланысты ішкі кедергілердің әсерінен болуда. Оның үстіне, елде жеке сектор инвестицияларына арналған экономикада шағын немесе қолдауы жоқ мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі әлі күнге дейін жоғары. Қырғызстан экспорттық бәсеке қабілеттілікті қолдау үшін тек тарифтер мен преференциалды сауда концессияларынға ғана жүгіне алмайды. Әлемдік нарықта бәсеке қабілетті жабдықтаушы болу үшін Қырғызстан өзінің экспорттық өнімінің сапасын жақсартуы тиіс. Жаңа өнімдер шығарып, жаңа нарықтарды зерттеу керек. Оған қосымша, Қырғызстан өндірістік және саудалық дамуды қолдау үшін құрал-жабдықтар тарапынан, сондай-ақ, бағдарламалық қамсыздандыру тарапынан да инфрақұрылымды дамытуы тиіс. Бағдарламалық қамсыздандыру тарапынан экономиканы басқаруды, адам ресурстарын дамыту және индустриалды дамытуды атап өту керек [8 Токбаева А. Членство Киргизии в ВТО: подводя итоги, размышляя о перспективах // Бизнес-Киргизия от 05.10.2009.- C.8-9.
Андрюшина Е. Это сладкое слово ВТО // Континент. 2007. №10. C. 12-13]. Қырғызстанның бәсеке қабілеттілігін ұлғайтатын басқа негізгі фактор – саудаға ұлттық әрекеттесу жүйесі болып табылады. Саудаға әрекеттесудің тиімді жүйесі елдің сауда мүмкіндіктерін сақтауда аса маңызды компонент болып табылады (әсіресе, теңізге шығуы жоқ Қырғызстан үшін). Тиімді сауда одан да арзан импорт түрінде жағымды нәтижелерге қол жеткізеді (бұл қолданыстағы саудалық дисбалансқа байланысты мәселелерді ішінара жеңілдетеді). Сонымен қатар, ол одан да төмен инфляцияға алып келеді және соның салдарынан, одан да төмен жалақы мен өндіріс құнына. Бұл дегеніміз материалдар импорты мен экспорттық секторларға салынатын салымдардың одан да арзандарына алып келеді, бұл экспортты құны тұрғысынан бәсеке қабілетті етеді. Оған қоса, тиімді сауда экспорттық тауарлардың жылдам, әрі сенімді қозғалуын білдіреді. Бұл әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілік үшін маңызды. Сөйтіп, тиімді сауда артық құжаттама және өзге кедергілердің әсерінен қиындықсыз Қырғызстан экономикасын елеулі түрде жақсартады. Жалпылай алғанда қырғыз қазақ сауда қатынастарының нарығының болашағы зор. Оған Қырғызстанның ЕврЭО кіруіде үлкен септігін тигізеді деп есептеледң. Сонымен қатар Қырғызстанның Еен аймақтағы геоэкономикалық мәселелердегі ашықтыққа жол ашылады деп бағалануда.
2.3 Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы гуманитарлық саладағы ынытымақтастығы
Қазіргі халықаралық қатынастарда гуманитарлық ынтымақтастық мәселесінің орны ролі ерекше болып отыр. Гуманитарлық Ынтымақтастық - осы заманғы халықаралық қарым-қатынас жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі. Мақсаты – Жер бетінде тіршіліктің сақталуын қамтамасыз ету, бақуатты тұрмыс-салтын орнықтырып, барлық ел, аймақтар мен құрлықтар тұрғындарының әлует-ахуалын арттыруға жәрдемдесу болып табылады. Екі мемлекет арасындағы гуманитарлық саладағы қатынастар негізінен ШЫҰ шеңберінде де дамуда. ШЫҰ кеңістігіндегі гуманитарлық ынтымақтастық тату көршілікті нығайта түсуге сеп болмақ. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Үкімет басшылары кеңесінің соңғы отырысында мәлімделінді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Қытайдың, Қазақстанның, Ресейдің және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің өзара іс-қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери текекеріс деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды шеше білудің үлкен дәлелі бола алады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхаймен Мәскеуде қол қойылған келісімдердің әлемдік дипломатияда бұрын-соңды үлгісі болған жоқ. Демек олардың аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде қызмет ететіндей практикалық құндылығы бар.
Шанхай келісімінің шеңберінде шекаралық проблемаларды реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары жөніндегі жұмыстың басталуы 1990 жылдың сәуір айына тура келеді, сол кезде Кеңес Қытай шекарасы ауданында қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын принциптері мен әскери салада сенім білдіруді нығайту туралы КСРО Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды. Сол уақытта бұл Сенім білдіру мен қарулы күштерді қысқарту туралы бірыңғай келісім болады деп көзделді. Барабар нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім оған қатысушы мемлекеттердің, бүкіл аумағында қолданылса, біз сөз етіп отырған келісім шекаралық аймақта ғана қолданылды.
Парасатты түрде тұжырымдалған мүдделердің негізінде осы саладағы ынтымақтастыктың төмендегідей принциптері белгіленді:
• тату көршіліктің және достықтың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын нығайту және дамыту;
• шекара ауданында кауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту;
•Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау;
• біржақты әскери үстемдікті болдырмау;
• шекара ауданында орналасқан қарулы күштерді қысқарту және шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс сипатын беру.
КСРО ыдырағаннан кейін осы ерекше маңызды келіссөздерді жалғастыру үшін Бірлескен тарап делегациясы кұрылды, оның кұрамына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді. Одан кейінгі келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді нығайтатын саяси шешімдер қабылданды.
Алайда шешім қабылдау барлық уақытта оңайға түскен жоқ. Бұл ең алдымен келіссөздердің басты такырыбына қысқарту процесі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның қару-жарақтың және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыс ырғағын елеулі түрде бәсеңдетті. 100 километрлік аймақта саны аз әскері мен әскери техникасы бар Қытай тарапы біржақты қысқартуды талап етті. Және де ТМД елдері әскерінің үлкен бөлігі тап осы шекаралық, аймақта тарихи және географиялық тұрғыдан қалыптасып кеткен орналасуы ескерілмеді. Осы мәселені шешудің қытайлық нұсқасы Қытайдың шектес әскери округтеріндегі әскерлердің негізгі бөлігін Келісім қолданысынан тыс сақтап қалуды көздеді.
Келіссөздерді тұйыққа тіремес үшін Бірлескен тарап делегациясы шекара ауданындағы әскери саладағы сенім білдіру шараларына қатысты мәселелерді жеке құжатқа көшіруді ұсынды. Тынымсыз дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде тиісті Келісімге бес мемлекеттің басшысы 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда қол қойды.
Одан әрі келіссөздер қысқарту, шектеу, бақылау мен тексерудің деректерімен алмасу мәселелеріне қатысты жүргізілді. Қытай Бірлескен тараптың шекті деңгейлерге қатысты ұсыныстарымен келісті. 1997 жылы 24 сәуірде Мәскеуде қол қойылған Қарулы күштерді қысқарту туралы келісім біртүтас құжат болып табылады, оның мынадай қосымшалары бар:
• Келісімді қолданудың географиялық шектері туралы хаттама, оған географиялық шектерді белгілейтін сызықтар түсірілген және осы сызықтардың өтуінің мәтіндік сипаттамасы бар карталар қоса тіркеледі;
• Келісім шеңберінде деректер алмасудың санаттары мен үлгілерін белгілейтін ақпарат алмасу туралы хаттама;
• Бақылау жасау объектілерінде, қысқарту орындарында және Тараптардың инспекторлары көрсеткен аудандарда верификациялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және оның тәртібін егжей-тегжейлі қарайтын бақылау мен тексеру жасау туралы хаттама;
• Келісім қамтитын қару-жарақ пен әскери техниканы қысқартуды жүргізудің нақты түрлері мен әдістерін белгілейтін қысқарту тәртібі туралы хаттама.
Шекара ауданында сенім білдіру шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы келіссөздер процесі Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесімен, сондай-ақ даулы учаскілерге қатысты проблема-ларды шешумен тығыз байланысты болды. Осындай жолмен көп жақты келісімді жасасу екі жақты Қазақстан-Қытай шекаралык. проблемаларын реттеуге жәрдемдесті. Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған, аталған келісімдердің пайдасы мен маңызы осыдан көрінеді.
Шекара ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы күштерді қысқарту туралы уағдаластықтар әлемдік практикада теңдесі жоқ үлгі болып табылады. Бұл уағдаластықтарды әлемдік қоғамдастық оң бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадан көрінеді, халықаралық құқықтық тұрғыдан алғанда бәсендік процесіне Қытай тартылды.
Түпкі нәтижесінде аталған келісімдер шекаралас елдерге Еуразияның ұлан-байтақ аумағындағы кауіпсіздікке катысты мәселелердің анағұрлым кең ауқымы бойынша келіссөздерге кіріруге мүмкіндік берді.
1998 жылғы 3 шілдеде Алматыда: Шанхай және Мәскеу келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтгі. Міне, тап осы кездесуден кейін «Шанхай бестігі» деп аталатый ұйым өмірге келд. Оған қатысушылар осы құжаттардың екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті. Делегациялар басшылары бес мемлекеттің өзара іс-қимылы әскери-саяси және шекара мәселелерімен шектелмеуі тиіс деген пікір білдірді. Өйткені қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың проблемалары бойынша тұрақты механизмді қалыптастыру қажеттігі пісіп-жетілді.
Сыртқы істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде «қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін туындаған қауіпсіздіктің нығайып келе жатқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылды. Сыртқы саяси ведомстволар басшылары бес мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге қарсы бағытталмағандығын атап көрсету қажет деп тапты.
Тараптар аймақтағы нақты болмыстарды негізге ала отырып, қауіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты консультацияларды белсенді түрде жүргізуге уағдаласты. Кездесуге қатысушы бес мемлекет XXI ғасырда жалпыға бірдей бейбітшілік пен гүлдену үшін жаңа әділетті және ұтымды халықаралық саяси сондай-ақ экономикалық тәртіп құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңістікте тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс істейтін факторына айналдыруға бекем бел буғандарын білдірді.
1999 жылғы тамызда болған «Шанхай бестігінің», Бішкек мәжілісі маңызды саяси оқиға болды. Оның қатысушылары сенім білдіру тетіктерін әзірледі, олар мыналарды көздейді: әскери қызметтің транспаренттілігі және оны шекара алабында азайту; шекаралық мәселелерді реттеу және әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу; Бес мемлекеттің басшылары көп тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады және халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына жәрдемдеседі деген пікір білдірді.
1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 километрлік географиялық аймақтардағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды. Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық практикада ұқсас нұсқасы жоқ. Сондықтан аймақтағы қарусыздану процесі практикалық нәтижелерге айналды деп кәміл сеніммен айтуға болады. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені әңгіме шекара арасындағы қытайлықтарап іс-қимылының толық ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.
Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар өткізілді, олар, сөз жоқ, «Шанхай бестігіне» қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің арасында ашық ой-ниеттің нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.
Сол уақытта «Шанхай бестігі» шеңберіндегі ынтымақтастықта жаңа элементтер көзге түсті. Олар аймақтағы күрделеніп келе жатқан жағдай, ланкестік пен экстремизмнің таралуы, есірткімен және атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюі азиялық мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды кешенді түрде қайта қарауды талап етті.
2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің кездесуі және 2000 жылы Душанбеде өткен «бестіктің саммиті» жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын паш еткен маңызды оқиғалар болды. Саммит қорытындылары бойынша қабылданған Душанбе декларациясында «бестікке» қатысушылар өз аумағын барлық қатысушы мемлекеттердің егемендігіне, қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіретін қызмет үшін пайдалануға жол берілмейтіндігін қадап айтты.
2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Президенттерінің қатысуымен «Шанхай бестігі» мемлекеттер басшыларының кезекті кездесуі өтті. Осы форумның жұмысына бірінші рет Өзбекстан Президенті қатысту форум жұмысының нәтижесінде төмендегідей құжаттар өмірге келді. Олар:
-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру туралы декларация; - терроризмге, экстремизмге сондай-ақ сепаратизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы; Декларацияда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басқа мемлекеттермен тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен пікір алмасуға, байланыстар жасауға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдіреді. ШЫҰ шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерді бөлісетін басқа елдер үшін ашық.
Алты мемлекеттің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығының орасан зор әлеуетін және ауқымы кең мүмкіндіктерін сауда-экономикалық салада пайдалануға, екі жақты және көп жақты негізде аймақта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниеттеніп отыр деп мәлімдеді. Саммитте сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев «Шанхай бестігі» аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты үлес қосты деп атап өтті, мұның өзі әскери қызметте сенім білдіру, транспаренттілік, шекара ауданында қарулы күштерді қысқарту, теңдік, дәйектілік, өзіне алған міндеттемелерді орындау сияқты бірлестіктің негізінде жатқан принциптерге байланысты мүмкін болды.
Қытаймен ортақ шекарасы жоқ, мемлекет Өзбекстанның ШЫҰ-ға қосылуымен осы ұйымның алдында жаңа міндеттердің туындайтыны белгілі болатын. Бұл, ең алдымен, терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау. Аталған теріс үрдістер Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен бірге Қытайдың да қайғылы шындығы болып табылады. ШЫҰ-ға енген елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген ортақ қауіп-қатер олардың бірлескен іс-қимылға дай-ындығының алғышарты болды.
ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Қазақстанда бөліседі, ол азаптан көз ашпаған осы мемлекеттегі жағдайды бейбіт реттеуге жәрдемдесу үшін келісілген саясатты жүзеге асыру талап етіледі деп есептейді. Бұрынғысынша бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап ұйым болып табылатын БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының консультациялар жүргізуінің зор маңызы болар еді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа бағыты көп үміт ұялатады. Әңгіме сауда-экономикалық байланыстарға, көлікке, коммуникацияларға және туризмге қатысты мәселелерді шешудегі өзара іс-қимыл туралы болып отыр. 2001 жылғы 9-10 шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуі жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға және тиісті көп жақты құжаттарды пысықтауға арналды.
2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда ШЫҰ-ға қатысушы үкіметтер басшыларыныңтұңғыш отырысы өткізілді, онда алты тарапты үлгіде ынтымақтастык.тың басымдық берілетін салалары қаралды, осы процесті жандандыру және тереңдету жөнінде нақты қадамдар белгіленді. Аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумға алты мемлекет Премьер-министрлерінің қол қоюы форумының маңызды нәтижесі болды.
Ресей Федерациясының солтүстік астанасында 2002 жылдың 7-8 маусымында еткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті шын мәнінде маңызды оқиға болды. Форум таяуда ғана Қазақстанда аяқталған, бір шаңырақтың астына 16 азиялық мемлекеттердің көшбасшыларын жинаған АӨСШК Саммитінің ізін ала өтті. Сондықтан Алматы кездесуінде болған сындарлы әңгіме енді алты тәрапты үлгіде өткен келіссөздердің жемісті болуына жағдай жасады.
Бірден мына нәрсенің басын ашып алу керек. ШЫҰ мен АӨСШК бірінші кезекте тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге қатысты ұксас мақсаттар мен міндеттерді бөлісетін құрылымдар болып табылса да, бірін-бірі қайталамайды, екі бастан бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше әңгіме Азиядағы кауіпсіздіктің ұжымдық жүйесінің өзара толықтырғыштары, өзінше бір қосылғыштары туралы болып отыр. Егер Шанхай ұйымы оған қатысушылардың барлығының нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК көкейдежатқан проблемаларды емін-еркін талқылауға және шешуге арналған анағүрлым кеңейтілген форум болып табылады.
ШЫҰ-ға мүше алты мемлекеттің басшылары Санкт Петербургте Ұйымның қызметін жандандыруға және өзара іс-қимылдың аясын кеңейтуге қатысты мәселелерді тар шеңберде талқылауға мүмкіндік алды. Осы заманғы халықаралық жағдайдың өзекті проблемалары төңірегінде тыңғылықты пікір алмасылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелерімен қатар, экономикалық ынтымакдастықтың, транзиттік-көліктік әлеуетті тиімді турде іске қосудың перспективаларына мұқият көңіл бөлу форумның ерекше сипатына айналды, бұл жерде ШЫҰ мемлекеттерінің көпшілігінің ашық теңізге шығатын жолы жоқ екендігі ескерілді. Осындай жоспарларды нақтылау үшін Н. Назарбаев сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тиісті бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
Саммиттің қорытындысы бойынша Қазақстанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Ресейдің, Тәжікстанның және Өзбекстанның Президенттері негізгі алынатын үш құжатқа қол қойды, олар: - Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясы; - Аймақтық террорға қарсы құрылым туралы келісім; - ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының декларациясы. Алғашқы құжат айрықша назар аударуды талап етеді, өйткені ол Ұйымның өзінше бір Жарғысы болып табылады. Осы құжатты қабылдамас бұрын сарапшылық деңгейде тынымсыз жұмыс жүргізілді, соның нәтижесінде Ұйым оның өзіне тән барлық рәміздерімен бірге толыққанды халықаралық форумның мәртебесін алды. Президент Н. Назарбаев атап көрсеткеніндей, ынтымақтастық үшін ашық ұйым ретінде Хартияда ШЫҰ-ға қатысудың түрлі баскыншының көзделуі маңызды болып табылады. Бұл Ұйымның әлеуетін еселеу үшін және диалогты дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашады.
Батыл түрде ілгерілеудің дәлелі ретінде аймақтық террорға қарсы құрылымды құру туралы шешімді қарауға болады. Мұны осындай құбылыстарды басынан кешкен елдердің Қырғызстан мен Тәжікстанның басшылары әсіресе атап керсетті.
Тұтас алғанда, жоғары деңгейдегі Санкт-Петербург кездесуінен кейін ШЫҰ оған қатысушы елдердің мәселелердің кең ауқымы бойынша ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған толыққанды халықаралық ұйым ретінде өмірге келді деп нық сеніммен айтуға болады. Форумның қорытындылары дүниежүзілік қоғамдастықтың басқа да мушелері тарапынан үлкен қызығушылық туғызды, Ұйым Азия құрылығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда елеулі фактор ретінде танылды. Осы айтылғандар ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің маңызды міндеттерін шешуде ШЫҰ мемлекеттері жұмсап жатқан күш-жігердің көкейкестілігін тағы да қуаттай туседі.
Қазіргі кезде екі мемлекет күн тәртібінде тұрған халықаралық өзекті жайттар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде ортақ пікірде. Оған дәлел, Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үрдістердің негізгі даму бағыттары туралы ортақ келісімге келіп Қазақстан Қырғызстанның бұл ұйымға өту саясатын толық қолдады. Елбасы Қазақстанның Қырғызстанға қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін жие аитып жүр. «Қазақ пен қырғыз – ежелден бауырлас халықтар. Біз Қырғызстандағы оқиғаларды жіті бақылап отырмыз. Сіздің бүгінгі сапарыңыз және оның барысында қол қойылатын құжаттар елдеріміздің арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастардың айғағы болып табылады», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев[]7 Қырғызстан Президентінің пікірінше, әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал қалыптасуда. «Ауғанстанда және Сирияда болып жатқан оқиғалар, Ресей мен Батыс арасындағы келіспеушіліктер біздің елдерімізге де кері әсер етуде. Біз алдымызда тұрған барлық мәселені күш-жігерімізді біріктіре отырып шешуге тиіспіз. Қазақстан мен Қырғызстан өз ынтымақтастығы арқылы өзге елдерге үлгі көрсетуі керек», – деді Қазақстан басшысы. Екі мемлекет арасындағы қатынастардың белгісі ретінде Қырғызстан Президенті А.Атамбаевқа елдер арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденін тапсырудың мәртебесі зор. Екі мемлекеттердің арасындағы қарым – қатынастардың қакрқынды дамуына 2015 жылы Ақордада өткен екіжақты Қазақстан-Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-ші отырысы дәлел. Бұл – президенттер басқаратын жоғары деңгейдегі кеңес. Сондықтан, ол екі елдің арасындағы экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынастар мәселесіне өзінің ықпалын тигізетін болады. Қазақстан мен Қырғызстан түрлі халықаралық ұйымдар, интеграциялық бірлестіктер аясында бірлесе әрі ықпалдаса жұмыс істеуде. Сол арқылы жаңа заман алға тартқан түрлі қауіп-қатерлерге, оның ішінде терроризм мен экстремизмге күш біріктіре қарсы тұруды мақсат етіп қоюда. Қазақстан басшысы Қазақстан-Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бұған дейін, яғни 2012 жылы Бішкектегі отырысынан кейін көп оқиға өтіп, көп өзгерістің орын алғанын атап өтті. Соңғы кезде екіжақты сауда қатынастары өрлеу траекториясы бойынша дамуда. Мәселен, соңғы 2 жылда тауар айналымы тұрақты түрде 1 миллиард доллардан асқан. Өңірлік және әлемдік экономикадағы күрделі ахуалға қарамастан, биылғы жылдың 8 айында өсім 5,2 пайызды құраған. Қырғызстан тарапынан экспортталатын бүкіл электр энергиясының шамамен 86 пайызы, сүт өнімдерінің 90 пайызы, көкөністер мен жеміс-жидектің 56 пайызы Қазақстанға келеді. Ал Қырғызстан импортындағы бидайға деген қажеттіліктің 100 пайызы дерлік, ұнның 97 пайызы, минералды шикізаттың 70 пайызы, органикалық емес химиялық заттардың 53 пайызы Қазақстаннан жеткізіліп, сол арқылы қамтамасыз етіледі. «Бұл – ынтымақтастықтың айтуға тұрарлық көрінісі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бизнесі арқылы Қырғызстан экономикасына 1 млрд. АҚШ доллары салынды. Бүгін біз сыртқы саяси мәселелерге қатысты мәселелерді талқылаймыз. Сол арқылы екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, кеңейту жолдарын қарастырамыз. Бұл біздің мемлекеттер әріптестігін жандандырудың тиімді бағыттарын айқындауға ықпал ететін болады. Сондықтан, біз сіздің елімізге жасаған алғашқы мемлекеттік сапарыңыз үшін шын көңілімізбен ризашылығымызды білдіреміз», – деді Қазақстан Президенті[]. Екі елдің халқы көп жағынан жақын әрі ұқсас, олардың басты парызы берік қарым-қатынастар орнату, сондай-ақ, бұл баға жетпес мұраны келер ұрпаққа жеткізу болып табылады. Қазақстан Президентінің пікірінше, Қазақстан мен Қырғызстан – рухани жағынан да, тарих жағынан да, мәдени тұрғыдан да, тіл жағынан да, гуманитарлық жағынан да, дін жағынан да өте жақын бауырлас елдер. Демек, бұрынғы ата-бабаларымыздың ізгілікті жолын жалғастырып, елдеріміздің арасындағы байланысты одан әрі нығайту, оны келер ұрпаққа аманаттау – парызымыз. Қырғызстан Президенті А. Атамбаев Қазақстан туралы өз ойын былай жеткізді: «Маған сiздерге келу әрдайым қуаныш сыйлайды. Себебi, Сiзден үйренетiнiм мол әрi, жасыратыны жоқ, көптеген мәселелердi Сiздiң көмегiңiзбен шешiп жатырмын. Қырғызстан күрделі жағдайда тұр, елеулі энергетикалық проблемалар бар. Осы және басқа да көптеген мәселеде бізге қолдау-көмек көрсетуіңіз біздің жүрегіміз бен жадымызда әрдайым сақталады. Мұндай ықылас пен қолдауға бүкіл Қырғызстан халқы риза. Осы жылдар ішінде Сіздің ел қандай секіріс жасағанын көріп отырмыз. Қазақстан ең жедел дамыған бес мемлекеттің, әлемдегі 50 ірі экономиканың қатарына кірді. Астанаға келген сайын оның көркiне таңғалып отырамын», – деді А.Атамбаев. Қазақстан-Қырғызстан арасындағы гуманитарлық қатынастардың дамуына байланысты Мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдемеде Қазақстан басшысы Қырғызстан еліміздің Орталық Азиядағы маңызды одақтасының бірі және стратегиялық әріптесі екенін айтты. «Біздің ынтымақтастығымыз айрықша сенім және туындайтын мәселелердің бәрін шешуге деген сындарлы қадаммен ерекшеленеді. Бүгінгі сапар – екі елдің арасындағы берік байланыстардың тағы бір айғағы», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке қосылуына байланысты Қырғызстан Қазақстанның қолдауына сүйене алатынын да айтты. Біздің ел қажетті техникалық, консультациялық және басқа да көмектер көрсетуге әзір екенін жеткізді. Қазақстан Президенті екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жақсы дамып келе жатқандығын атап көрсетті. Мамандардың пікірінше, екі ел арасындағы сауда соңғы кездері тұрақты өсу үдерісін көрсетуде. Қазақстан Қырғызстанның ірі сыртқы сауда серіктесі саналады. Екі ел арасында тікелей инвестициялар қорын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қырғызстанның оңтүстігі мен солтүстігінде Қазақстанның қаражаты есебінен екі мектеп салынып жатыр. Бұл мәлімдемеде Қазақстанның Қырғызстанға келесі жылы 1,4 млрд. киловатт/сағат электр энергиясын жеткізу тұрғысында көмек көрсететіні туралы да айтылды. Өз кезегінде Қырғызстан біздің елді вегетациялық кезеңде егінге қажетті сумен қамтамасыз ететіні жөнінде уағдаластық жасалды. Сонымен, ҚР Президентінің пікірнше, Қазақстан мен Қырғызстанды берік мәдени-тарихи байланыстар біріктіретінін, «Бішкекте - Абайдың, біздің елордамызда Манастың ескерткішін орнату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қолға алынды. Гуманитарлық қатынастардың тағы бір көрінісі Шоқан Уәлиханов пен Шыңғыс Айтматовтың есімдерін Бішкек пен Астана көшелеріне беру шаралары болып табылады[ http://egemen.kz/2014/11/08/42177].
Екі мемлекет арасындағы қазіргі қарым-қатынас нығайтып, оны одақтастық және стратегиялық серіктестіктің жаңа сапалық деңгейіне шығару жоспарланып отыр. Қырғызстан Президенті «Электр энергиясына қатысты қиындықтарға байланысты біздің елде веерлік ажырату әдісін енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Мұнда, Қазақстанда тұрғындар ондай проблемаға тап болмайды, ал бізде мұндай жайт жұрт электр энергиясыз, суықта, ешқандай жағдайсыз қалған 2008-2010 жылдары болды. Мен веерлік ажыратуды енгізуден бас тарттым, өйткені, Қазақстан Президенті бұл мәселеде қолдау көрсетеді деп сендім. Нәтижесінде, электр энергиясын жеткізу туралы Жоғары мемлекетаралық кеңестің шешіміне қол қойылды», – деді Қырғызстан Президенті. Сонымен қатар, А.Атамбаев екі елдің қалыптасқан қарым-қатынасы қандай да бір саяси шарт қоймастан, риясыз қолдауға негізделгеніне назар аударды. «Шағын құрамдағы кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев түйткілді мәселелерді өзі көтеріп, көмек көрсету ниетін білдірді. Саясатта бұл – өте маңызды. Қазақстан өзге мәселелерде, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге байланысты мәселеде де бізге қолдау көрсетіп отыр. Бір ғана нәрсені айтқым келеді: елдеріңіздегі қол жеткен тұрақтылық пен өркендеудің қадірін біліңіздер. Қазақстан осы жолмен жүруді жалғастыра беретін болса, әлемнің дамыған 30 мемлекеті қатарына қосылу мақсатының орындалатынына сенімдімін», – деді Қырғыз Республикасының Президенті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі болашақта Еуразиялық интеграция жағдайында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы, Энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы шешімдері қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |