Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»



бет15/17
Дата01.07.2016
өлшемі0.83 Mb.
#169710
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

4 қосымшасы


Қазақстан Республикасының Озон қабатын қорғау жөнiндегi Вена конвенциясына қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 30 қазан N 177-I


Қазақстан Республикасы 1985 жылғы наурызда қабылдаған Озон

қабатын қорғау жөнiндегi Вена конвенциясына қосылсын.
Қазақстан Республикасының

Президентi

ОЗОН ҚАБАТЫН ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ АКТIСI


Озон қабатын қорғау жөнiндегi өкiлеттi өкiлдер

конференциясының қорытынды актiсi

      1. Озон қабатын қорғау жөнiндегi өкiлдер конференциясын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөнiндегi Бағдарламасының (ЮНЕП) атқарушы-директоры ЮНЕП Басқарушыларының кеңесi 1984 жылғы 28 мамырда қабылданған 12/14 шешiмiнiң 1 бөлiмiнiң 4 тармағын атқару мақсатында
шақырған болатын.

2. Конференция 1985 жылғы 18-22 наурызда Венаның халықаралық

орталығында, Вена, Австрия Республикасы үкiметiнiң тарапынан

көрсетiлген қолдау арқылы өттi.

3. Конференцияға барлық мемлекеттер шақырылды. Конференцияға

шақыруды қабыл алып, оның жұмысына қатысқан мемлекеттер мыналар:


Австралия, Австрия, Аргентина, Беларус КСР-i, Бельгия, Бразилия,

Венесуэла, Германия Федеративтiк Республикасы, Греция, Дания,

Египет, Ирландия, Испания, Канада, Люксембург, Марокко, Мексика,

Нигерия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Перу, Сенегал, Ұлы

Британия Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландия, Америка

Құрама Штаттары, Кеңес Социалистiк Республикалары Одағы, Украин

КСР-i, Филиппины, Финляндия, Франция, Чили, Швейцария, Швеция,

Жапония.
4. Конференция жұмысына:

Болгария, Индонезия, Қытай, Тунис, Уругвай, Эквадор, Югославия

мемлекеттерiнен байқаушылар қатысты.

5. Конференцияға сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мына

органдарынан, мынадай мамандандырылған мекемелерден, үкiметаралық және

үкiметтiк емес ұйымдардан:
Өнеркәсiптiк даму жөнiндегi Бiріккен Ұлттар Ұйымынан, Бүкiл

дүниежүзiлiк метеорология ұйымынан, Еуропа Экономикалық

қауымдастығынан, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымынан,

Химия өнеркәсiбi федерацияларының Еуропалық кеңесiнен, Халықаралық

сауда палатасынан, Аэрозолдер жөнiндегi еуропалық қауымдастықтар

федерациясынан байқаушылар қатысты.

      6. Конференцияның ашылу рәсiмiнiң барысында қатысудың алдында Австрия Республикасы үкiметiнiң атынан федералдық денсаулық сақтау және айналадағы ортаны қоршау министрi д-р Курт Штейрер құттықтау сөз сөйледi. Конференцияны ресми түрде ЮНЕП-тiң атқарушы директоры,
Конференцияның бас хатшысы мiндетiн орындаушы д-р Мұстафа К. Толба

ашты, ал Атқарушы хатшы болып Джерри О,Делл мырза тағайындалды.

7. Конференция Төраға етiп бiр ауыздан Вифрид Ланге мырзаны

(Австрия) сайлады.

8. Конференция сондай-ақ мына лауазымды адамдарды да сайлады:
Төрағаның орынбасарлары: Джеральдо Эулали до Насчименто э Сильва

м-за (Бразилия) Мохамед эль Тахер Шаш

м-за (Египет)

Руне Леннгрен м-за (Швеция)

Юрий Седунов м-за (Кеңес Социалистiк

Республикалар Одағы)


Баяндамашы: Виллем Какебееке м-за (Нидерланды)
9. Конференция мындай күн тәртiбiн бекiттi:
1. Конференцияны ашу.

2. Ұйымдастыру мәселелерi:


а) ресiмдiк ережелердi бекiту;

b) Төраға сайлау;

с) Төрағаның орынбасарларын және Баяндамашыны сайлау;

d) күн тәртiбiн бекiту;

e) өкiлеттiктердi тексеру жөнiнде Комитет тағайындау;

f) Редакциялық комитет дайындау;

g) Конференцияның жұмысын ұйымдастыру.
3. Озон қабатын қорғау жөнiндегi Конференцияның және оған

жасалған техникалық ұсыныстарды қарау.

4. Хлорфторкөмiртегi туралы хаттаманың жобасына қатысты Озон

қабатын қорғау туралы кең ауқымды тұғырлық Конференция дайындау

жөнiндегi Хұқықтық және техникалық мәселелер бойынша Сарапшылардың

арнаулы жұмыс тобының баяндамасын қарау.

5. Өкiлеттiктердi тексеру жөнiндегi Комитеттiң баяндамасын

қарау.


6. Тиiстi тәртiппен Конвенция және басқа құжаттарды қабылдау.

7. Конференцияның Қорытынды актысын қабылдау.

8. Қорытынды құжаттарға қол қою.

9. Конференцияны жабу.

10. Конвенция өзiнiң ресiмдiк ережелердi ретiнде хатшылық ұсынған

UNEP (IG. 53/2) құжатын оған енгiзiлген түзетулерiмен бiрге UNEP

(IG. 53/2/Соrr. 1) бекiттi.

11. Ресiмдiк ережелерiне сәйкес Конференция мынадай комитеттер

құрды:
Толық құрамды комитет
Төрағасы: Конференцияның төрағасы
Бас комитет
Төрағасы: Конференция төрағасы
Комитеттiң мүшелерi: Конференция Төрағасының Орынбасарлары,

Баяндамашы және Редакциялық комитеттiң

төрағасы
Редакциялық комитет:
Төрағасы: Альберто Л. Даверед м-за (Аргентина)
Комитет мүшелерi: Вагих Саид Ханафи м-за (Египет)

Сату Нурми ханым (Финляндия)

Филипп Серьорен м-за (Франция)

Вадим Бакумов м-за (КСРО)

Патрик Зелл м-за (Бiрiккен корольдiк)

Скотт А. Хеджост м-за (АҚШ)


12. Конференцияның жұмысы үшiн мынадай басты құжаттар негiз болды:

- Озон қабатын қорғау туралы Конвенцияның бесiншi қайта қаралған

жобасы UNEP (IG. 53/3)

- Озон қабатын қорғау туралы кең ауқымды тұғырлық Конвенция

әзiрлеу үшiн құрылған хұқықтық және техникалық мәселелер жөнiндегi

сарапшылардың арнаулы жұмыс тобының түпкiлiктi баяндамасы UNEP (IG.

53/4)

13. Осыған қосымша ЮНЕП хатшылығы Конференцияға басқа да бiрқатар



құжаттар табыс еттi.
Озон қабатын қорғау туралы Конвенцияны жүзеге асырудың

қаржылық нәтижесi: қайта қаралған смета және БМҰ табыс еткен

түсiнiктемелер (UNEP /WG/94/13, UNЕР/WG. 94/13 Аdd.1 және

UNЕР/WG.94/13/Аdd.2/Rеv 1. құжаттары).

      14. Конференция 3 тармақта көрсетiлген қатысушы мемлекеттер өкiлдерiнiң өкiлеттерiн қанағаттанарлық деп тану үшiн жүргiзiлген Өкiлеттер тексеру жөнiндегi өз комитетiнiң ұсынысын бекiттi.
      15. Толық құрамды комитеттiң жұмысының негiзiнде Конференция 1985 жылғы 22 наурызда Озон қабатын қорғау туралы Конвенцияны қабылдады. Осы Қорытынды актiге қоса берiлген Конвенция Австрия Республикасының Федеральдық Сыртқы iстер министрлiгiнде Венада 1985 жылғы 22 наурыздан 1985 жылғы 21 қыркүйек бойынша және Нью-Йорктегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде 1985 жылғы 22 қыркүйектен 1986 жылғы 21 наурыз бойынша қол қою үшiн ашық болады.
      16. Конференция сондай-ақ қорытынды актiге қоса берiлiп отырған мынадай қарарлар қабылдады:
      1. Ұйымдастыру және қаржы шаралары бойынша қарар
      2. Хлорфторкөмiрсутегi туралы хаттамаға қатысты қарар
      3. Австрия Республикасының үкiметiне ризашылық бiлдiру

      17. Қорытынды актiнi қабылдау сәтiнде бiрнеше мемлекет мәлiмдеме


жасады, бұлар осы Қорытынды актiге қоса берiлiп отырған UNEP

(IС/16.53/5) құжатында келтiрiлiп отыр.


ОСЫНЫ ҚУАТТАП өкiлдер мына Қорытынды актiге қол қойды.
ВЕНАДА бiр мың тоғыз жүз сексен бесiншi жылғы жиырма екiншi

наурызда ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiнде

жалғыз данадан жасалады, әрi барлық тiлдерiндегi мәтiндер бiрдей

мазмұнды болып келедi. Түпнұсқа мәтiн сақтауға Бiрiккен Ұлттар

Ұйымының Бас хатшысы табыс етiледi.
1. Ұйымдастыру және қаржы шаралары бойынша қарар
Конференция,
Озон қабатын қорғау туралы Вена Конвенциясын қабылдай келiп,

      Конвенцияға сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөнiндегi Бағдарламасына (ЮНЕП) Конвенцияның 6 бабын атқару үшiн шақырылған Тараптар Конференциясының бiрiншi кезектi кеңесi аяқталғанға дейiн Хатшылықтың мiндеттерiн орындау тапсырылғанын еске сала келiп,шақырылған


      Конвенция хатшылығының шығыстарын және әкiмшiлiк шығыстарын қаржыландырудың Конвенция Тараптарына жүктелгенiн тани келiп;

      1. ЮНЕП пен Бүкiл дүниежүзiлiк Метеорологиялық ұйымының (БМҰ) хатшылықтары ұсынып отырған Конвенция хатшылығының алғашқы екi жылдағы жұмысына арналған шығыстарының сметасын еске алады;


      2. Сондай-ақ ЮНЕП-тiң Атқарушы директорының Айналадағы ортаны қорғауға арналған қорда қаражат болған жағдайда уақытша хатшылықтың қызметiнiң алғашқы екi-үш жылының iшiнде оның шығыстарын қаржыландыруға әзер екенiн еске алады;
      3. ЮНЕП-тiң Атқарушы директорынан Конвенцияға өз қол қойған мемлекеттермен консультацияда, әрi БМҰ-мен және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының басқа да тиiстi органдармен тығыз ынтымақтастықта Конвенцияның мақсаттарына жетуi үшiн уақытша хатшылықты қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануды сұрайды;
      4. Бұдан былай ЮНЕП-тiң Атқарушы директоры мен БМҰ-ның Атқарушы Кеңесiнiң Конвенция тұрақты хатшылығының мiндеттерiн орындауға әзiрлiк бiлдiрiлген мәлiмдемелерiн қанағат тұтып, еске алады.

         2. Хлорфторкөмiрсутегi туралы хаттамаға қатысты қарар

      Конвенция.

      Озон қабатын қорғау туралы Конвенциясының Венада 1985 жылғы 22 наурыздан бастап қол қою үшiн ашық болғанын атай келiп.


      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөнiндегi Бағдарламасының Басқарушылар кеңесiнiң 1980 жылғы 29 сәуiрде қабылданған 8/7 В шешiмiн ескерiп,
      Конвенция озон қабатын адам қызметiнен туындайтын өзгерiстерден қорғауды қамтамасыз етудегi маңызды қадам болады деп санап,
      Конвенцияның 2-бабы озон қабатының ахуалын өзгертуге әкелiп соғатын немесе соқтыруы ықтимал қызметiнiң салдары болып табылатын немесе болуы мүмкiн қолайсыз әсерiнен адамдардың денсаулығы мен айналадағы ортаны қорғау үшiн тиiстi шаралар қолдануға мiндеттейтiнiн атап көрсетiп,
      галиодталған хлорфторкөмiрсутегiнiң (ХФК) және хлоры бар басқа заттардың бүкiл жер шары бойынша әуеге тасталуы және толығымен пайдаланылуы озон қабатын едәуiр дәрежеде жұқартуы немесе өзгедей жолмен оның жағдайын өзгертуi мүмкiн екенiн, мұның өзi адам денсаулығы, егiстiктер, теңiз тiршiлiгi материалдар мен климат үшiн ықтимал зиянды зардаптарға әкелiп соғатынын мойындап, сонымен бiр мезгiлде мүмкiн болмақ өзгерiстердi және олардың ықтималды зиянды зардаптарын одан әр бағамдау қажеттiгiн мойындап,
      қазiрдiң өзiнде ұлттық және аймақтық деңгейде қабылданған ХФК-нiң тасталуы мен пайдалануына бақылау жасаудың алдын алу шараларын ескерiп, сонымен қатар мұндай шаралардың озон қабатын қорғау үшiн жетiмсiз болуы мүмкiн екенiн мойындай келiп,
      осыған орай ХФК-нiң кең ауқымда өндiрiлуiне, тасталуына және пайдалануына әдiлеттi негiзде бақылау жасау туралы хаттаманы әзiрлеу жөнiндегi келiссөздердi жалғастыра беруге бекем бел байлай отырып,
      дамушы елдердiң ерекше жағдайына байыпты назар аудару керектiгiн ескерiп,
      сондай-ақ мемлекеттiң индустриялану деңгейi мен оның озон қабатын қорғау үшiн жауапкершiлiгi дәрежесінiң арасындағы өзара байланысты ескерiп,
      ХФК-ге қатысты хаттаманы әзiрлеу мақсатында озон қабатын қорғау туралы кең ауқымды тұғырлық конвенцияны дайындау жөнiндегi хұқықтық және техникалық мәселелер бойынша Сарапшылар арнаулы жұмыс тобының елеулi прогреске қол жеткiзгенiн атап көрсетiп, сонымен қатар аталған жұмыс тобының хаттамаға байланысты өз жұмысын аяқтайтындай мүмкiндiгi болмағанын атап көрсетiп.
      1. Конвенция күшiне енгенге дейiн ЮНЕП-тiң Атқарушы директорынан Арнаулы жұмыс тобы қызметi нәтижесiнiң негiзiнде ХФК-нiң кең ауқымда өндiрiлуiне, тасталуына және пайдалануына, бұл ретте дамушы елдердiң ерекше жағдайын, сондай-ақ соңғы ғылыми және экономикалық зерттеулердiң нәтижелерiн ескере отырып, әдiлеттi негiзде бақылау жасау жөнiндегi қысқа мерзiмдiк, сонымен бiрге ұзақ мерзiмдiк стратегияларға қатысты хаттамаға байланысты жұмысты жалғастыра беру үшiн жұмыс тобын шақыруды сұрайды;
      2. Хаттамаға байланысты жұмысқа жәрдемдесу мақсатында барлық мүдделi тараптарды ХФК-нiң және озон қабатының жағдайына терiс әсер ететiн басқа заттардың кең ауқымда өндiрiлуiне, тасталуына және пайдалануына, сондай-ақ бақылау жасаудың әртүрлi шараларына байланысты жұмсалатын шығындар мен соның салдарына қатысты жасалуы мүмкiн қадамдардың мейлiнше кеңiнен түсiнiктi болуын қамтамасыз ететiн зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға өтiнiм шақырады;
      3. Жұмыс тобынан хаттамаға байланысты бұдан былайға жұмысының барысында inter alta озон қабатын қорғау жөнiндегi үйлестiру комитетiнiң өзiнiң сессиясының жұмысы туралы баяндамасын, сондай-ақ 1985 жылы Бүкiл дүниежүзiлiк метеорология ұйымы өткiзген атмосфералық озонды реттейiн физикалық және химиялық процестердi осы заманғы пайымдауға берiлген бағаны назарға алуды сұрайды;
      4. Атқарушы директорға Конвенцияға қол қойған мемлекеттермен консультация өткiзуге және Конвенция күшiне кiргенге дейiн, мүмкiндiгiне қарай 1987 жылы, осындай хаттама қабылдау үшiн дипломатиялық конференция шақыруға өкiлеттiк бередi;
      5. Конвенцияға қол қойған мемлекеттердi, әрi хаттаманы әзiрлеуге қатысушы басқа да мүдделi тараптарды жоғарыда баяндалған тармақтарда көзделген қызметке қолдау көрсету үшiн ақшалай қаржы беруге шақырды;
      6. Барлық мемлекеттер мен экономикалық ынтымақтың аймақтық ұйымдары хаттама күшiне кiргенге дейiн өз қолдарындағы кез-келген құралдарымен ХФК-нiң, inter аltа, аэрозол күйiндегi тастандыларына бақылау қоюға, оған қоса олардың өндiрiлуiне немесе пайдаланылуына мүмкiн болған деңгейде бақылау қоюға өтiнiп шақырады.

         3. Австрия Республикасының Үкiметiне ризашылық бiлдiру

      Конференция,

      Австрия Республикасы Үкiметiнiң ықыласты шақыруы бойынша Венада 1985 жылғы 18-22 наурыз аралығында өз кеңесiн өткiзе отырып,


      Австрия Республикасы Үкiметi мен Вена қаласының азаматтық үкiмет орындарының техникалық құралдарымен, үй-жайларымен және өзге қызметпен қамтамасыз етудегi күш-жiгерiнiң едәуiр дәрежеде Конференцияның кiдiрiссiз жұмыс iстеуiне жәрдемдескенiне әбден көз жеткiзiп,
      Австрия Республикасының Үкiметi мен Вена қаласының Конференцияға
қатысқан делегациялар мүшелерi, байқаушылар мен хатшылық

қызметкерлерiне қатысты көрсеткен ықыласы мен меймандостығын жоғары

бағалап,

Австрия Республикасының Үкiметiне, Вена қаласының өкiмет

органдарына және солар арқылы Австрия халқына, әсiресе Вена

тұрғындарына Конференцияға қатысушыларға және оның жұмысына араласқан

баршаға шын жүректi қабылдау көрсеткенi үшiн, сондай-ақ Конференцияның

ойдағыдай өткiзуге үлес қосқаны үшiн шынайы ризашылығын бiлдiредi.


ОЗОН ҚАБАТЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫ
Кiрiспе
Осы Конвенцияның тараптары,
Озон қабаты өзгеруiнiң адамның денсаулығы мен айналадағы ортаға

ықтимал қатерлi ықпалын түсiнiп,


      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының адамның айналасындағы ортаның проблемалары жөнiндегi Конференциясы Декларациясының тиiстi қағидаларына, атап айтқанда, "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық хұқық принциптерiне сәйкес мемлекеттердiң өз меншiктi ресурстарын айналадағы ортаға байланысты өзiнiң саясатына сай игеруге егемендi хұқығы бар және өздерiнiң Заңды иелiгi немесе бақылауының шегiндегi қызметтiң басқа мемлекеттердiң немесе ұлттық заңды иелiгiнiң күшi жүретiн жерден тысқары аймақтардағы айналадағы ортаға залалын тигiзбеуiн қамтамасыз ету үшiн жауап бередi" - деп баяндайтын 21 принципiне сiлтеме жасап,


      дамушы елдердiң жағдаяттары мен айырықша қажеттiлiктерiн назарға алып,
      халықаралық ұйымдар, сондай-ақ ұлттық ұйымдар жүргiзiлiп отырған жұмыс пен зерттеулердi, әрi, атап айтқанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөнiндегi бағдарламасының озон қабаты жайындағы iс-қимылдың бүкiл дүниежүзiлiк жоспарын ескерiп,
      сондай-ақ қазiрдiң өзiнде ұлттық және халықаралық деңгейлерде қабылданған озон қабатын қорғау жөнiндегi сақтану шараларын ескерiп,
      озон қабатын адам қызметiнiң салдарынан болатын өзгерiстерден
қорғау жөнiндегi шаралардың халықаралық ынтымақтастықты

ғылыми-техникалық пайымдауларға негiзделуге тиiс екенiн түсiнiп,

сондай-ақ озон қабаты туралы, әрi оның ахуалының өзгеруiнiң

ықтимал терiс зардаптары туралы қосымша ғылыми мағлұматтар алу үшiн

бұдан былай да зерттеулер мен үздiксiз байқаулар жүргiзу керек екенiн

түсiнiп,


адамдардың денсаулығы мен айналадағы ортаны озон қабатының

жағдайындағы өзгерiстердiң қолайсыз ықпалынан қорғауға бекем бел

байлап.
МЫНА ТӨМЕНДЕГIЛЕР ЖАЙЫНДА УАҒДАЛАСТЫ:
I-бап

АНЫҚТАМАЛАР


Осы Конвенциядағы:

1. "Озон қабаты" планетаның шекаралас қабатындағы атмосфералық

озон қабатын бiлдiредi.

      2. "Қолайсыз ықпал" физикалық ортадағы немесе тiршiлiктегi өзгерiстердi бiлдiредi, бұған адамның денсаулығы үшiн немесе табиғи және реттелмелi экожүйелердiң қалпына келтiрушi қабiлетiнiң немесе өнiмдiлiгiнiң құрамы үшiн немесе адам пайдаланатын материалдар үшiн едәуiр зиянды залалы бар климаттағы өзгерiстер қосылады.


      3. "Баламалық технологиялар немесе жабдық" озон қабатына қолайсыз ықпал жасайтын немесе жасауға қабiлеттi заттардың тасталуын азайтуға немесе мүлде жоюға мүмкiндiк беретiн технологиялар немесе жабдықты бiлдiредi.
      4. "Баламалық заттар" озон қабатына қолайсыз ықпалды азайтатын, жоятын немесе болдырмайтын заттарды бiлдiредi.
      5. Бас әрiппен жазылған "Тараптар", егер мәнiнде басқаша айтылмаған болса, осы Конвенцияның Тараптарын бiлдiредi.
      6. "Экономикалық ынтымақ жөнiндегi аймақтық ұйым" осы аймақтың егемендi мемлекеттерi құрған, әрi осы Конвенциямен және оған қосылған хаттамалармен реттелетiн мәселелерде құзырлығы бар, әрi оның iшкi ресiмдерiне сәйкес тиiстi құжаттарға қол қоюға, бекiтуге, қабылдауға, мақұлдауға немесе соларға қосылуға лайықты өкiлдiгi бар ұйымды бiлдiредi.
      7. "Хаттамалар" осы Конвенцияға берiлген хаттамаларды бiлдiредi.

                         2-бап


                  Ортақ мiндеттемелер

      1. Тараптар адам денсаулығы мен айналадағы ортаны озон қабатының жәйiн өзгертетiн немесе өзгертуге қабiлеттi адам қызметiнiң салдарынан болатын немесе болуы ықтимал қолайсыз зардаптарынан қорғау үшiн осы Конвенцияның және өздерi қатысушылар болып отырған қолданылып жүрген хаттамалардың қағидаларына сәйкес тиiстi шаралар қабылдайды.


      2. Осы мақсатпен Тараптар қолдарындағы құралдармен және өздерiнiң мүмкiндiктерiне сәйкес:
      а) адам қызметiнiң озон қабатына ықпалын және озон қабаты жәйiнiң өзгеруiнiң адам денсаулығы мен айналадағы ортаға жасайтын залалын тереңiрек пайымдап, бағамдау үшiн жүйелi байқаулар, зерттеулер жүргiзу және ақпараттар алмасу жолымен ынтымақтасады;
      b) мұндай қызмет озон қабатының жағдайын өзгертiп немесе өзгерту мүмкiндiгiн туғызып, қолайсыз ықпал жасайтын немесе жасауы мүмкiн екенi анықталған болса, өздерiнiң заңдық аясын немесе бақылауына жататын адам қызметiн бақылау, шектеу, қысқарту немесе оған жол бермеу үшiн заң немесе әкiмшiлiк шараларын қабылдайды және тиiстi бағдарламалық шараларды келiсiп алу үшiн ынтымақтасады;
      с) хаттамалар мен қосымшалар қабылдау мақсатында осы Конвенцияны орындау үшiн келiсiп шаралар, ресiмдер мен стандарттар әзiрлеу үшiн ынтымақтасады;
      d) Конвенцияны және өздерi қатысушылары болып отырған
хаттамаларды тиiмдi орындау мақсатында құзырлы халықаралық органдармен

ынтымақтасады.

3. Осы Конвенцияның қағидаларды қайткенде де тараптардың

халықаралық хұқыққа сәйкес жоғарыдағы 1 және 2 тармақтарда көзделген

шараларға қосымша мемлекеттiк iшкi шаралар қабылдау құқығына қатысты

болмайды; бұлар сондай-ақ мұндай шаралар осы Конвенцияның шеңберiндегi

олардың мiндеттемелерiмен қабысатындай Тараптар қабылдап қойған

қосымша мемлекеттiк iшкi шараларға қатысты болмайды.

4. Осы бапты қолдану тиiстi ғылыми-техникалық пайымдалуларға

негiзделедi.


3-бап

Зерттеулер және жүйелi байқаулар


1. Тараптар тиiстi тәртiппен мына мәселелер бойынша:

а) озон қабатына ықпал жасауы мүмкiн физикалық және химиялық

процесстер;

      b) озон қабаты жағдайындағы өзгерiстен, әсiресе тiрi организмдерге әсер ететiн әзiрге күлгiн сәулелерiнiң (ОК-Б) өзгеруiнен туындайтын адам денсаулығына жасалатын әсерлер мен басқа да биологиялық зардаптар;


      с) озон қабаты жағдайындағы өзгерiстiң климатқа әсерi;
      d) озон қабаты жағдайындағы кез-келген өзгерiстердiң және ОК-Б сәулелерi шағырмақтылығын бұдан былай кез келген өзгеруiнiң адам пайдаланатын табиғи және жасанды материалдарға ықпалы;
      е) озон қабатына ықпал өте алатын заттар, жұмыс тәжiрибесi, процесстер мен қызмет түрлерi, әрi олардың жинақтала келе жасайтын ықпалы;
      f) тиiстi әлеуметтiк-экономикалық мәселелер;
      сондай-ақ I және II қосымшаларда егжей-тегжейлi қаралып отырған басқа да мәселелер бойынша зерттеулер мен ғылыми бағамдаулар ұйымдастыруға және оларды өткiзуге тiкелей немесе халықаралық құзырлық органдар арқылы ынтымақтасуға мiндеттенедi.
      2. Тараптардың өздерi немесе халықаралық құзырлы органдар арқылы ұлттық заңдарды және ұлттық деңгейде, сондай-ақ халықаралық деңгейде жүргiзiлетiн қызметтiң осындай саласын толық ескере отырып, озон қабатының жағдайына және басқа да тиiстi көрiнiстерiне, I қосымшада көзделгендей, жүйелi бақылау жасаудың бiрлескен немесе бiрiн-бiрi өзара толықтырып отыратын бағдарламалары жүргiзiлуiне жәрдемдесуге немесе жүргiзуге мiндеттенедi.
      3. Тараптар зерттеу деректерiнiң жинақталуын, тексерiлуiн және тиiстi халықаралық деректер орталығы арқылы тұрақты түрде әрi уақтылы берiлiп тұруын қамтамасыз етуде тiкелей немесе халықаралық құзырлы органдар арқылы ынтымақтасуға мiндеттенедi.

                         4-бап


         Құқықтық және ғылыми-техникалық салалардағы
                      ынтымақтастық

      1. Тараптар осы Конвенцияға қатысты ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық, коммерциялық және құқықтық ақпараттар алмасуға II қосымша неғұрлым егжей-тегжейлi баяндалған қағидаларға сәйкес жәрдемдесетiн болады және қолайлы жағдай тұғызады. Мұндай ақпарат Тараптар уағдаласқан органдарға берiлiп тұрады. Берiп отырған тарап құпия санайтын ақпаратты қабылдап алушы кез-келген орган мұндай ақпараттың жария етiлмеуiне кепiлдiк бередi, әрi оны бұл ақпарат барлық Тараптардың қарауына табыс етiлгенге дейiн оның құпиялылық сипатын сақтап қалатындай етiп екшейтiн болады.


      2. Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарына, нормаларына және iс-тәжiрибесiне сәйкес және атап айтқандай дамушы елдердiң тiкелей немесе халықаралық құзырлы органдар арқылы берiлетiн технология мен бiлiмдi дамыту және алу жөнiндегi көмекке зәрулiгiн ескере отырып ынтымақтасады. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастық:
      а) өзге тараптардың балама технологияларды алуын жеңiлдету;
      b) оларға балама технологиялар мен жабдықтар туралы ақпарат және
тиiстi нұсқаулар мен пәрмендер беру;

с) зерттеулер мен жүйелi байқаулар жүргiзуге арналған қажеттi

жабдықтар мен аппаратуралар берiп тұру;

d) қажеттi ғылыми-техникалық кадрлар даярлау жолымен жүзеге

асырылады.
5-бап

Ақпарат беру

      Тараптар хатшылық арқылы 6 баптан құрылған Тараптар конференциясына осы Конвенция және өздерi қатысушы болып отырған хаттамаларды жүзеге асыру жөнiнде қолданатын шаралары туралы ақпаратты тиiстi уағдаластық құжаттарына қатысушы тараптардың кеңесiнде белгiленетiн нысанада және белгiленетiн кезеңдерге берiп тұрады.

                         6-бап


                Тараптар конференциясы

      1. Осы арқылы Тараптар Конференциясы құрылады. Тараптар конференциясының алғашқы кеңесiн 7-бапқа сәйкес уақытша негiзде тағайындалған хатшылық осы Конвенция күшiне кiргеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей шақырады. Алдағы уақытта Тараптар Конференцияның кезектi кеңестерi Конференция алғашқы кеңесiне белгiленген кезеңдерде шақырылып тұрады.


      2. Тараптар Конференциясының кезектен тыс мәжiлiстерi Конференция бұларды қажет деп тапқан кезде шақырылады, немесе Тараптардың бiрiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша, егерде бұл өтiнiштi хатшылық Тараптарға жолдағаннан кейiнгi алты айдың iшiнде оны Тараптардың кем дегенде үштен бiрi қолдаған жағдайда шақырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет