Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»



бет11/17
Дата01.07.2016
өлшемі0.83 Mb.
#169710
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

3 ТАРАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ




3.1 Халықаралық келісімдер

Қазақстан 1998 жылы озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасы мен озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылды. 2002 жылы мамырда Лондон түзетуі бекітілді /А қосымшасы/.

Қазақстан Вена конвенциясы және Монреаль хаттамасына қосыла отырып озон қабатын бұзушы шығарынды заттарды реттеу бойынша тиісті шараларды қолдануда міндеттерді өз қолына алды.

2001 жылы қарашада Тараптардың жиналысында Монреаль хаттамасымен Қазақстанға қатысты келесі шешімдер қабылданды:

2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 162 тоннаға дейін ХФК тұтынуды және 2003 жылы ОБЖ 54 тоннаға дейін қысқарту; және 2004 жылдың 1 қаңтарына ХФК тұтынуды тоқтату (Тараптармен рұқсат етілген негізгі түрлерді қолдануды қоспағанда);

2003 жылдың 1 қаңтарына ОБЗ импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін құру;

2003 жылдың 1 қаңтарына ОБЗ қолданылатын импорт жабдықтарына тыйым салуды жүргізу;

2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 5,08 тоннаға дейін галондарды тұтынуды қысқарту және 2003 жылдың 1 қаңтарына галондарды тұтынуды тоқтату;

2002 жылдың 1 қаңтарына тетрахлорметан және метилхлороформаны тұтынуды тоқтату (Тараптармен рұқсат етілген негізгі түрлерді қолдануды қоспағанда);

2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 2,7 тоннаға дейін бромды метилді тұтынуды және 2003 күнтізбелік жылда ОБЖ 0,44 тоннаға дейін тұтынуды қысқарту және 2004 жылдың 1 қаңтарына бромды метилді тұтынуды тоқтату;

Жоғарыда 2 тармақта көрсетілген А, В және Е қосымшаларына енгізілген барлық реттеуші заттардан 2004 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанға толықтай бас тартуға мүмкіндік беретін шараларды көрсету. Осыған байланысты Тараптар Қазақстанға озон қабатын бұзбайтын альтернативке қолдануға көшуде сәйкестендірілген мекеме-орындаушылармен бірлесіп табанды қол жеткізуге шақырады.

ГХФК қатысты (көшу заттары) Қазақстан келесі сызбаны ұстануы қажет:


ХІХ/6 шешімі: І топтың С қосымшасына енгізілген Монреаль хаттамасындағы заттарға қатысты түзетулер (гидрохлорфторкөміртектер)
Тараптар өндірісті және гидрохлорфторкөміртектерді (ГХФК) тұтынуды кезең-кезеңмен тоқтату процесін жылдамдатуда Монреаль хаттамасының келесі қосымшасы негізінде 2 бабы 9 тармағына сәйкес Тараптардың он екінші жиналысы баяндамасының ІІІ қосымшасына келтірілген өзгерістер енгізу жолымен қаулы етеді:
1. Тараптар үшін қолданыстағы Хаттаманың 5 бабы 1 тармағы шеңберінде (Тараптар қолданыстағы 5 бап шеңберінде) 2009 және 2010 жылдарға арналған тұтыну және өндірістің орташа деңгейінде белгіленген базалық деңгей ретінде таңдау; және

2. базалық деңгейде 2013 жылдың тұтыну және өндірісті тоқтату;

3. Тараптар үшін қолданыстағы Хаттаманың 2 бабы шеңберінде (Тараптар қолданыстағы 2 бап шеңберінде) келесі қысқарту кезеңдеріне сүйене отырып 2020 жылға арналған тұтыну және өндірісті кезең-кезеңмен тоқтатудың жылдамдатылған процесін аяқтау:

а) 2010 жылға – 75 %;

b) 2015 жылға – 90 %;

с) бұл ретте 2020-2030 жылдардың жабдықтарға қызмет көрсету үшін 0,5% ескеру.

Қазіргі таңда озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасына, Копенгаген және Монреаль Түзетулеріне қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Монреаль түзетулері ОБЗ импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін айқындауда талаптар қояды. Жүйелерді құру мақсаты - Хаттама шеңберінде міндеттерді орындауға арналған ОБЗ импортын шектеу.

Копенгаген түзетуі гидрохлорфторкөміртектер (ГХФК) мен гидробромфторкөміртектердің сонымен қатар бромды метилді қосымша тізіммен реттеу шараларын енгізеді.




3.2 Озон қабатын қорғауға қатысты ұлттық заңнамалар, әкімдік және құқықтық шаралар;

Қазақстан ОБЗ тұтынуды біртіндеп қысқарту үшін елде және Хаттама және Конвенция бойынша міндеттерді орындаудың қадамдарын жасауда. 1999 жылдың қарашасында Қазақстан Үкіметімен құрамды бөлігі мемлекеттік реттеуге жататын құрамында ОБЗ бар өнімдер және ОБЗ тізбе қосымшасымен құрамында ОБЗ өнімдер мен озон бұзушы заттарды әкелу/әкету туралы Ереже болып табылатын №1716 қаулы шығарылды.

Қазақстан Вена конвенциясының 2 бабы b тармағына сәйкес қызметтер озон қабатының жағдайына өзгерістер немесе қолайсыз ықпалдар немесе жағымсыз өзгерістер жасайтын мүмкіндіктер туғызатын болса адамның қызметін алдын алулар немесе қысқартулар, шектеулер, бақылау бойынша әкімдік немесе заңнамалық шаралар қолданады.
ОБЗ импорт/экспортқа рұқсаттар жүйесін енгізу озон бойынша Секретариатқа есептер ұсыну және мәліметтерді жинақтауға көмек көрсету және ОБЗ заңсыз сауда жасауды алдын алу үшін және Хаттамадан шығатын ел міндеттемелеріне сәйкес ОБЗ импортын реттеуге мүмкіндіктер жасайды.

Осыған байланысты ОБЗ пайдаланушы жабдфықтарды жөндеу және монтаждауға, өндіріске байланысты деталділікке және ОБЗ экспорты мен импортына лицензиялау жүйесін енгізу туралы 2004 жылғы 8 қаңтарда ҚР Үкіметінің №19 қаулысы қабылданып, Үкіметтің 2007 жылғы 18 маусымдағы №508 жаңа Қаулысымен жаңартылып, қайта қарастырылды.

Лицензиялауға мыналар жатады:


  • олардың өнімдерінің құрамында бар озон бұзушы заттардың импорты мен экспорты

  • озонбұзушы заттарға жұмыс жасайтын жабдықтарға қызмет жасау, жөндеу, монтаждау сонымен қатар олардың өнімдерінің құрамында бар озон бұзушы заттарды пайдалану арқылы жұмыстарды өндіру.

2005 жылғы 13 желтоқсандағы №93 міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңда ОБЗ тұтынуды төмендетуге жағдай жасайтын ставкалар енгізілген.

«Технологиялық құнсыз демпинг» проблемасы заңсыз қызмет түріне жатпайтындығына қарамастан бұл проблема бір уақытта пайда болады. Бірнеше дамыған елдер қазіргі таңда саудамен немесе ескірген немесе дамыған елдерде бұрын қолданыста болған құрамында ОБЗ бар жабдықтарды қолдануда. ОБЗ қолдануда бұдан әрі кеңейтілген түрде бақылау жасалатын болса бұл процестер үдей түседі. Қазақстанда «Технологиялық құнсыз демпинг» проблемасын болдырмау үшін құрамында ОБЗ бар жабдықтар импортына шектеулер енгізу 2005 жылғы 22 маусымда №617 Қаулыны қабылдау жолымен жүзеге асырылды. Аталған қаулымен ОБЗ импортының А және В тізімдері мен құрамында аталған заттар бар жабдықтарына тыйым жасалды.

ҚР 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 қаулысымен «Экологиялық кодекс» ОБЗ тұтынуға бақылау және есеп енгізілді сонымен қатар, тұтынуға квота берілді. Экокодекстің 143 бабы озон бұзушы заттарды тұтыну мониторингін қарастырады.

Оқыту орталықтары құрылды. Оңтүстік аймақта (Алматы қаласы) Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институтының жанынан озон бұзушы заттармен жұмыс жасау бойынша қауіпсіздік ережелері мен техникалық пайдаланымдарды қолдану ережелерін оқыту бойынша курстар жүргізілетін озон қабатын қорғау және климатты өзгерту (Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы облыстары) Орталығы құрылды.

Елдің Солтүстік Оңтүстік аймағында (Астана қаласы) озон бұзушы заттармен жұмыс жасау бойынша қауіпсіздік ережелері мен техникалық пайдаланымдарды қолдану ережелерін оқыту бойынша «Озон-климаты» Оқу-өндірістік (Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Ақтебе, Петропавл, Ақмола облыстары) Орталығы құрылды.

Тоңазытқыш мамандарына арналған «Суыту секторындағы жұмыстарды жүргізудің қазіргі таңдағы әдістемелері» әдістемелік құралдары мен «Қазақстандағы ОБЗ импортын/экспортын реттеу» атты кеден офицерлеріне басшылықтар басылып шықты.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет