Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»



бет16/17
Дата01.07.2016
өлшемі0.83 Mb.
#169710
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
      3. Тараптардың Конференциясы өзiнiң, сонымен бiрге өзi құруы мүмкiн кез-келген көмекшi органдарының ресiм ережесi мен қаржы ережесiн, сондай-ақ хатшылықтың қызметiн реттейтiн қаржы қағидасын келiсе отырып, үйлестiредi және қабылдайтын болады.
      4. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның орындалуын үнемi қадағалап отырады, әрi сонымен қатар:
      а) 5-бапқа сәйкес берiлiп тұруға тиiс ақпараттың нысаны мен беру кезеңдерiн белгiлейдi, әрi осындай ақпаратты, сондай-ақ кез-келген көмекшi орган түсiрген баяндамаларды қарап отырады;
      b) озон қабатының жағдайы жөнiндегi, оның ықтимал өзгеруi жөнiндегi және кез-келген осындай өзгерiстiң ықтимал зардаптары жөнiндегi ғылыми ақпаратқа шолу жасайды;
      с) 2 бапқа сәйкес озон қабатының жағдайында өзгерiстер туғызатын немесе туғызуға қабiлеттi заттардың тасталуын барынша азайту мақсатында тиiстi саясатты, стратегияны және шараларды келiсiп қабылдауға жәрдемдеседi, әрi осы Конвенцияға қатысы бар басқа да кез-келген шаралар бойынша ұсыныстар шығарады;
      d) 3 және 4 баптарға сәйкес зерттеулердiң, жүйелi байқаулардың, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың, ақпарат алмасудың және технологиямен бiлiм берiсудiң бағдарламаларын қабылдайды;
      е) қажеттiгiне қарай 9 және 10 баптарға сәйкес осы Конвенцияға немесе оның қосымшаларына берiлетiн түзетулердi қарап қабылдайды;
      f) кез-келген хаттамаға, сондай-ақ оның кез-келген қосымшасына берiлетiн түзетулер, әрi тиiстi шешiм болған жағдайда, осындай хаттаманың тараптарына бұларды қабылдауды ұсынады;
      g) қажеттiгiне қарай 10 бапқа сәйкес осы Конвенцияға тағы да қоса берiлетiн қосымшаларды қарап, қабылдайды;
      h) қажеттiгiне қарай 8 бапқа сәйкес хаттамаларға қарап қабылдайды;
      i) осы Конвенцияны жүзеге асыру үшiн қандай көмекшi органдар керек болады деп тапса, сондай органдар тұрады;
      j) керек болып қалуына орай ғылыми зерттеулер, жүйелi байқаулар және осы Конвенцияның мақсатына қатысты басқа да қызмет түрлерi саласында халықаралық құзырлы органдар мен ғылыми комитеттердiң, атап айтқанда Бүкiл дүниежүзiлiк метеорология ұйымы мен Бүкiл дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының, сондай-ақ Озон қабаты жөнiндегi үйлестiру комитетiнiң қызметiмен пайдаланады, әрi осындай органдармен комитеттерден алынған ақпаратты тиiсiнше пайдаланатын болады;
      k) осы Конвенцияның мақсатына жету үшiн талап етiлу мүмкiн кез-келген қосымша шараларды қарап қабылдайды.
      5. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелерi және Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк, сондай-ақ осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын кез-келген мемлекет Тараптар Конвенциясының кеңестерiне байқаушылар болып қатысып отыруы мүмкiн, Тараптар Конференциясының байқаушылар ретiнде қатысып отырмақ ниеттерi туралы хатшылықты хабардар еткен, озон қабатын қорғауға қатысты салаларда құзыретi бар ұлттық немесе халықаралық, үкiметтiк немесе
үкiметтiк емес кез-келген органдар немесе мекемелер Тараптардың

кеңесiне қатысып отырғандардың аз дегенде үштен бiрi қарсылық

бiлдiрмесе кеңеске жiберiлетiн болады. Байқаушыларды кеңеске жiберу

мен қатыстыру Тараптар Конференциясында қабылданған ресiмдiк

ережелермен реттеледi.
7-бап

Хатшылық
1. Хатшылыққа мынадай мiндеттер:

а) 6, 8, 9 және 10 баптарда көзделгендегiдей кеңестердi

ұйымдастыру мен оған қызмет ету;


      b) 4 және 5 баптарға сай алынатын ақпаратқа, сондай-ақ 6-бапқа сәйкес құрылған көмекшi органдардың кеңестерiнен алынатын ақпаратқа негiзделген баяндамаларды дайындау және табыстау;


      с) кез-келген хаттамалар өзiне жүктейтiн мiндеттердi орындау;
      d) осы Конвенцияға сәйкес өз мiндеттерiн орындауға бағытталған қызметi туралы баяндамалар дайындау және оларды тараптар конференциясына ұсынып отыру;
      е) басқа тиiстi халықаралық органдармен арадағы қызметтiң қажетiнше үйлестiрiлуiн қамтамасыз ету, атап айтқанда өз мiндеттерiн ойдағыдай орындау үшiн қандай әкiмшiлiк және уағдаластық келiсiмдер талап етiлсе, сондай келiсiмдер жасау;
      f) Тараптар Конференциясы белгiлеуi мүмкiн басқа да осындай
мiндеттердi орындау жүктеледi.

2. 6 бапты атқару мақсатында шақырылған Тараптар Конференциясының

бiрiншi кезектi кеңесi тiкелей аяқталғанға дейiн хатшылықтың

мiндеттерiн уақытша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөнiндегi

бағдарламасы орындайтын болады. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi

кезектi кеңесiнде осы Конвенцияға сәйкес хатшылық мiндетiн орындауға

әзiрлiк бiлдiрген қазiргi бар халықаралық ұйымдардың iшiнен хатшылық

құрады.
8-бап

Хаттамалар қабылдау
1. Тараптар Конференциясы кеңестерде 2-бапқа сәйкес хаттамалар

қабылдай алады.

2. Хатшылық ұсынылып отырған кез-келген хаттаманы Тараптарға

осындай кеңес өткiзiлерден берi дегенде алты ай бұрын беруге тиiс.


9-бап

Конференцияға немесе хаттамаларға түзетулер

      1. Тараптардың кез-келгенi осы Конвенцияға немесе кез-келген хаттамаға түзетулер енгiзудi ұсына алады. Мұндай түзетулерде, атап айтқанда, тиiстi ғылыми-техникалық пайымдаулар лайықты түрде ескерiледi.
      2. Осы Конференцияға түзетулер Тараптар Конференциясының кеңесiнде қабылданды. Кез-келген хаттамаға түзетулер тиiстi хаттама Тараптарының кеңесiнде қабылданады. Осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға ұсынылып отырған кез келген түзетудiң мәтiнiн хатшылық, егер осы хаттамада өзгедей көзделмеген болса, оны қабылдау ұсынылып отырған кеңес өткiзiлерден бұрын алты айдан кешiктiрмей Тараптарға хабарлайды. Хатшылық сондай-ақ ұсынылып отырған түзетулердiң мәтiнiн Конвенцияға қол қойған елдерге еске салу ретiнде хабарлайды.
      3. Тараптар осы Конвенцияға ұсынылып отырған түзетудi мақұлдасу жолымен қабылдау хатында келiсiмге жету үшiн барынша күш-жiгер жұмсайды. Ал келiсiмге қол жеткiзiлмей, мақұлдасуға жетудiң барлық амалдары таусылған болса, онда ақтық шара ретiнде түзету Конвенция Тараптарының кеңесте қатысып отырған және дауыс беруге қатысушы төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, әрi оны Депозитарий бекiту, бекемдеу немесе қосылу үшiн барлық Тараптарға ұсынады.
      4. Жоғарыда 3-тармақта айтылған ресми кез келген хаттаманың түзетулерiне, оларды қабылдау үшiн осы хаттама Тараптарының кеңесте отырған және дауыс беруге қатысушы үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысы жеткiлiктi болатын кездерден басқа жағдайларда, қолданыла бередi.
      5. Депозитарийге түзетулердiң бекiтiлгенi, мақұлданғаны немесе қабылданғаны туралы жазбаша құлақтандыру жолданады, жоғарыдағы 3 және 4 тармаққа сәйкес қабылданған түзетулер оларды қабылдаған Тараптар үшiн, егер осы хаттамада өзгедей көзделмеген болса, Депозитарий осы Конвенция Тараптарының төрттен үшiнiң немесе осы хаттама Тараптарының кемiнде үштен екiсiнiң оларды бекiткенi, мақұлдағаны немесе қабылдағаны туралы құлақтандыру алғаннан кейiн тоқсаныншы күшi күшiне кiредi. Түзетулер бұдан былай келесi кез келген Тарап үшiн бұл түзетулердiң бекiтiлгенi, мақұлданғаны немесе қабылданғаны туралы құжатты осы Тарап сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күшi күшiне кiредi.
      6. Осы Баптың мақсаты үшiн "кеңесте отырған және дауыс беруге қатысушы Тараптар" деген термин қатысушы және "үшiн" немесе "қарсы" дауыс берушi Тараптарды бiлдiредi.

                         10-бап


      Қосымшаларды қабылдау және оларға түзетулер енгiзу

      1. Осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға қосымша, тиiсiнше, осы Конвенцияның немесе осындай осындайхаттаманың ажырағысыз бөлiгi болып табылады, әлбетте егер тiкелей көзделмеген болса, онда осы Конвенцияға немесе хаттамаларына сiлтеме жасау сонымен бiр мезгiлде оның кез келген қосымшаларына сiлтеме жасау болып табылады. Мұндай қосымшалар ғылыми-техникалық және әкiмшiлiк мәселелерiмен шектеледi.


      2. Егер қандай да бiр хаттамада оған берiлетiн қосымшаға қатысты өзге қағидалар көзделмеген болса, онда осы Конвенцияға қосылатын қосымшаны немесе хаттамаға қосымшаны ұсынудың, қабылдаудың және күшiне енгiзудiң мынадай рәсiмi қолданылады:
      а) осы Конвенцияға қосымшалар 9-баптың 2 және 3 тармақтарында белгiленген ресiмге сай ұсынылады және қабылданады, ал кез келген хаттамаға қосымшалар 9-баптың 2 және 4 тармақтарында белгiленген ресiмге сай ұсынылады және қабылданады;
      b) осы Конвенцияға қосылатын қосымшаны немесе өзi қатысушы болып табылатын кез келген хаттамаға қосымшаны мақұлдайтын мүмкiндiгi жоқ деп санайтын кез келген тарап Депозитарий қабылдағаны туралы хабар жолдаған күннен бастап, алты ай iшiнде жазбаша түрде бұл туралы Депозитарийды хабардар етедi. Депозитарий осындай құлақтандыру алғаны туралы Тараптардың бәрiн кiдiріссiз хабардар етедi. Тарап бұрын жолдаған қарсылық бiлдiрген өтiнiшiн қабылдау туралы өтiнiшiмен кез келген уақытта алмастыра алады, содан кейiн қосымшалар аталған Тарап үшiн күшiне кiредi.
      с) хабарламаны Депозитарий жолдаған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн жоғарыдағы тармақшаның (b) қағидаларына сәйкес құлақтандыру бермеген осы Конвенцияны немесе кез келген тиiстi хаттамалардың Тараптарының барлығы үшiн қосымша күшiне кiредi.
      3. Осы Конвенцияның немесе кез келген хаттамының қосымшаларына түзетулер ұсыну, қабылдау мен күшiне енгiзу Конвенцияға қосымшалар немесе хаттама қосымшалар ұсыну, қабылдау мен күшiне енгiзу үшiн белгiленгенге ұқсас рәсiммен реттеледi. Қосымшаларда және оларға берiлген түзетулерде, атап айтқанда, тиiстi ғылыми-техникалық пайымдаулар лайықты түрде ескерiледi.
      4. Егер қосылатын қосымша немесе қосымшаға түзетулер осы Конвенцияға немесе хаттамаға түзетулер енгiзумен байланысты болса онда қосылатын қосымша немесе өзiне енгiзiлген түзетулерi бар қосымша осы Конвенцияға немесе тиiстi хаттамаға енгiзiлген түзетулер күшiне кiргеннен кейiн ғана барып күшiне кiредi.

                         11-бап


                     Дауларды реттеу

      1. Осы Конвенцияны түсiну немесе қолдануға қатысты Тараптар арасында дау туа қалған жағдайда мүдделi тараптар оны келiссөздер жолымен реттеуге ұмытылады.


      2. Егер мүдделi тараптар келiссөздер жолымен келiсiмге келе алмаса, онда олар бiрлесiп үшiншi тараптың игiлiктi қызметiне жүгiне алады немесе оған делдал болуын сұрап, өтiнiш жасай алады.
      3. Осы Конвенцияны бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезiнде не болмаса бұдан кейiнгi кез келген уақытта экономикалық ынтымақ мемлекеттi немесе аймақтық ұйымы жоғарыдағы 1 тармақтың немесе 2 тармақтың қағидаларына сәйкес шешiлмеген даудың хақында Депозитарийге жазбаша өтiнiш жолдай алады, онда олар дауды реттеудiң мiндеттi құралдары мына төмендегiнiң бiрiн немесе екеуiн бiрдей мойындайды, бұлар:
      а) Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi кезектi мәжiлiсiнде белгiлейтiн ресiмдерге сәйкес төрелiкке жүгiну;
      b) дауды Халықаралық Сотқа беру.
      4. Егер тараптар жоғарыдағы 3 тармаққа сәйкес ресiмдердiң сол бiреуiн ғана кез келгенiн қабылдамай тастаса, онда дау, егер тараптар өзгеше уағдаласпаған болса, төмендегi 5 тармаққа сәйкес пәтуаласу ресiмi жолымен реттеуге берiледi.
      5. Дауға қатысушы тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша пәтуаластыру комиссиясы құралады. Комиссия тараптардың әрқайсысы тағайындайтын мүшелердiң бiрдей санынан және әр тарап тағайындаған мүшелер бiрлесiп сайлайтын төрағадан тұрады. Комиссия ұсыныстық сипаты бар түпкiлiктi шешiм шығарады, оны тараптар мұқият ескередi.
      6. Осы баптың қағидалары, егер бұл хаттамада өзгеше көзделмеген
болса, кез келген хаттамаға қатысты қолданылады.
12-бап

Қол қою
1. Осы Конвенция экономикалық ынтымақ мемлекеттерi мен аймақтық

үшiн Венада Австрия Республикасының Федеральдық сыртқы iстер

министрлiгiнде 1985 жылғы 22 наурыздан бастап 1985 жылғы 21 қыркүйек

бойынша, Нью-Йоркте Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде

1985 жылғы 22 қыркүйектен бастап, 1986 жылғы 21 наурыз бойынша қол

қоюға ашық.
13-бап

Бекiту, қабылдау немесе мақұлдау

      1. Осы Конвенцияны және кез келген хаттаманы экономикалық ынтымақ мемлекеттерi мен аймақтық ұйымдары бекiтуге, қабылдауға немесе мақұлдауға тиiс. Бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға берiледi.
      2. Жоғарыдағы 1 тармақта көрсетiлген Конвенцияның немесе кез келген хаттаманың Тарабы болатын кез келген ұйым, бұл ретте ұйымға мүше бiрде-бiр мемлекет осындай Тарап бола алмайды, тиiсiнше Конвенциядан немесе хаттамадан туындайтын барлық мiндеттемелерге байланысты болады. Осындай ұйымның мүшелерi - бiр немесе бiрнеше мемлекет Конвенциясының немесе тиiстi хаттаманың Тараптары болған жағдайда, бұл ұйым және оған мүше мемлекеттер тиiсiнше Конвенциядан немесе хаттамадан туындайтын өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi өздерiне тиiстi мiндеттерге қатысты шешiм қабылдайды. Мұндай жағдайларда ұйым мен мүше мемлекеттер Конвенциядан немесе хаттамадан туындайтын хұқықтарды қосарласып жүзеге асыруға тиiс емес.
      3. Жоғарыда 1 тармақта көрсетiлген ұйымдар бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы өз құжаттарында Конвенция немесе тиiстi хаттама реттейтiн мәселелердегi өз құзырының шегi туралы мәлiмдейдi. Бұл ұйымдар сондай-ақ өз құзырының шегiндегi кез келген елеулi өзгерiс туралы Депозитарий құлақтандырып отырады.

                         14-бап


                         Қосылу

      1. Осы Конвенция және кез келген хаттама экономикалық ынтымақ мемлекеттерi мен аймақтық ұйымдарының қосылуы үшiн Конвенцияға немесе тиiстi хаттамаға қол қою тоқтатылған сәттен бастап ашық.

      Қосылу туралы құжаттар Депозитарийдiң сақтауына тапсырылады.

      2. Жоғарыда 1 тармақта көрсетiлген ұйымдар қосылу туралы өз


құжаттарында Конвенция немесе тиiстi хаттама реттейтiн мәселелердегi

өз құзырының шегi туралы мәлiмдейдi. Бұл ұйымдар туралы Депозитарийды

құлақтандырып отырады.

3. 13-баптың 2 тармағының қағидалары осы Конвенцияға немесе кез

келген хаттамаға қосылатын экономикалық ынтымақтық аймақтық

ұйымдарына қолданылады.


15-бап

Дауыс құқығы


1. Конвенцияның немесе кез келген хаттаманың әр Тарабының бiр

дауысы болады.


      2. Жоғарыда 1 тармақта көзделген қағиданы айтпағанда, экономикалық ынтымақтық аймақтық ұйымдары өз құзырына кiретiн мәселелерде Конвенцияның немесе тиiстi хаттаманың Тараптары болып табылатын өзiне мүше мемлекеттердiң санында тең дауыс санына ие бола отырып, өз даусының хұқығын жүзеге асырады. Егер өзiне мүше мемлекеттер өз даусының хұқығын жүзеге асырғанда ұйымдар өз даусының құқығынан айырылады және керiсiнше ұйымдар өз даусының хұқығын жүзеге асырған, бұл мемлекеттер даусының құқығынан айырылады.

                         16-бап
Конвенция мен оның хаттамалары арасындағы байланыс
1. Экономикалық ынтымақ мемлекетi немесе аймақтық ұйымы егер олар

Конвенцияның Тараптары болып табылатын болса немесе сол уақытта оның

тарабына айналған жағдайда ғана қандай да бiр хаттаманың тарабы бола

алады.


2. Кез келген хаттамаға қатысты шешiмдердi тек қана тиiстi

хаттамаға қатысушы тараптар қабылдайды.


17-бап

Күшiне кiруi

      1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы жиырмасыншы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне кiредi.
      2. Кез келген хаттама, егер бұл хаттамада өзгедей көзделмеген болса, аталған хаттаманы бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы оған қосылу туралы он бiрiншi құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне кiредi.
      3. Осы Конвенцияны бекiтетiн, қабылдайтын немесе мақұлдайтын не болмаса бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы жиырмасыншы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн оған қосылатын әр Тарап үшiн бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты осындай Тарап сақтауға тапсырғаннан кейiнгi тоқсаныншы күнi Конвенция күшiне кiредi.
      4. Кез келген хаттама, егер мұндай хаттамада өзгедей көзделмеген болса, осы хаттаманы бекiтетiн, қабылдайтын немесе мақұлдайтын, не болмаса 2 тармаққа сай ол күшiне енгеннен кейiн оған қосылатын әр тарап үшiн бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өзiнiң құжатын осындай тарап сақтауға тапсырғаннан кейiнгi тоқсаныншы немесе
осы Тарап үшiн Конвенция күшiне кiретiн күнi осы күндердiң қайсысы

кешiрек келетiнiне қарай, күшiне кiретiн болады.

5. Жоғарыдағы 1 және 2 тармақтардың мақсаты үшiн экономикалық

ынтымақтың аймақтық ұйымдары сақтауға тапсырған кезде кез келген құжат

осындай ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша

ретiнде қаралмайды.


18-бап

Желеулер
Осы Конвенцияда ешқандай желеулерге жол берiлмейдi.


19-бап

Шығу


      1. Атаған Тарап үшiн осы Конвенция күшiне кiрген күннен бастап төрт жыл өткеннен кейiнгi кез келген уақытта осы Тарап Депозитарийге жазбаша құлақтандыру жолдай отырып. Конвенциядан шыға алады.
      2. Қандай да бiр хаттамада көзделген жағдайларды айтпағанда аталған тарап үшiн осындай хаттама күшiне кiрген күннен бастап төрт жыл өткеннен кейiнгi кез келген уақытта осы Тарап Депозитарийге құлақтандыру жолдай отырып, хаттамадан шыға алады.
      3. Осындай кез келген шығу Депозитарий құлақтандыру алған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн немесе шығатыны туралы құлақтандыруда көрсетiлуi мүмкiн осындай неғұрлым кештеу мерзiмде күшiне кiредi.
      4. Осы Конвенциядан шығатын кез келген Тарап сондай-ақ өзi Тарабы болып табылатын кез келген хаттамадан шыққан болып саналады.

                         20-бап


                      Депозитарий

      1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның және кез келген хаттамалардың Депозитарийi мiндетiн орындайды.


      2. Депозитарий Тараптардан атап айтқанда:
      а) 13 пен 14 баптарға сәйкес осы Конвенцияға және кез келген хаттамаға қол қойғаны және бекiту, қабылдау немесе мақұлдау не болмаса қосылу туралы құжаттардың сақтауға тапсырылғаны туралы;
      б) 17 бапқа сәйкес Конвенцияның және кез келген хаттаманын кiретiн күнi туралы;
      с) 19 бапқа сәйкес жасалған шығу туралы құлақтандырулар туралы;
      d) 9 бапқа сәйкес Конвенцияға және кез келген хаттамаға
қабылдаған түзетулер, оларды тараптардың және оларды күшiне кiретiн

күндерi туралы;

е) 10 бапқа сәйкес оларға жасалатын қосымшалар мен түзетулердi

қабылдау мен мақұлдауға қатысты барлық хабарламалар туралы;

f) экономикалық ынтымақтық аймақтық ұйымдарының осы Конвенция

және кез келген хаттамалар мен оларға жасалған түзетулер реттейтiн

мәселелердегi өз құзырларының шегi жайындағы құлақтандырулары туралы;

g) II баптың 3 тармағына сәйкес жасалған мәлiмдемелер туралы

хабарландырады.
21-бап

Түпнұсқаулық мәтiндер


Осы Конвенцияның ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз

нұсқауларының мәнi бiрдей болып табылатын нағыз түпнұсқасы Бiрiккен

Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының сақтауына тапсырылады.

Осыны қуаттап, бұған төменде қол қойғандар, осыған деп лайықты

түрде өкiлеттiк алғандар, осы Конвенцияға қол қояды.
Венада 1985 жылы наурыздың 22-шi күнi жасалды.
I Қосымша

ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ БАЙҚАУЛАР


1. Конвенция Тараптары басты ғылыми проблемалары мыналар деп

таниды:

      а) озон қабатының өзгеруi, соның салдарынан күннiң тiрi организмдерге ықпал ететiн және Жер бетiне жететiн әсеркүлгiн (ОК Б) сәулеленуiнiң шоғырлылығының өзгерiске ұшырау мүмкiндiгi, әрi адам денсаулығы, организмдер экожүйелер мен адам пайдаланатын материалдар үшiн ықтимал зардаптары;
      б) озонның атмосфераның температуралық құрылымын бұзуы мүмкiн тiк бетiнiң өзгеруi, әрi ауа райы мен климат үшiн ықтимал зардаптары.
      2. Конвенция Тараптары 3 бапқа сәйкес мынадай салаларда зерттеулер мен жүйелi байқаулар жүргiзуде және бұдан былайғы зерттеулер мен байқаулар туралы ұсыныстарды тұжырымдауда ынтымақтасады бұл салалар:
      а) Атмосфераның физикасы мен химиясын зерттеу
      I) кешендi теориялық модельдеу, радиациялық, серпiндi және химиялық процесстердiң бiрлескен әрекетiн қарастыратын модельдердi одан әрi әзiрлеу, атмосферадағы озонға адам қолымен жасалған және табиғаттағы әртүрлi заттардың бiр мезгiлдегi әсерiн зерделеу;
      жер серiктерiнен және жердегi қондырғылардан алынған телеметрикалық өлшеулердiң деректерiн екшеу;
      атмосфералық және геофизикалық сипаттардың қозғалмалылығын бағалау және осы сипаттардың өзгеру себептерiн анықтау тәсiлдерiн әзiрлеу;
      II) тропосфералық және стратосфералық химиялық және фотохимиялық процесстердiң өзгеруiнiң, сiңiру қимасының және өзара әрекет жасауының коэффициенттерiн лабораториялық өлшеу; спектердiң барлық тиiстi учаскелерiнде далалық өлшеулердi бекiтуге арналған спектроскопия деректерi;
      III) далалық өлшеулер: табиғи, сондай-ақ антропаген тектi негiзгi әуелгi газдардың шоғырлануы мен ағыстарын зерделеу; атмосфераның құбылуын зерделеу; in situ датчиктерiн және қашықтан басқару датчиктерiн пайдалана отырып, жер атмосферасы шекарасынан биiктегi фотохимиялық тектес объектiлерiн мезгiлде өлшеу; жер серiгi аппаратурасына арналған номенклатураны үйлестiру мен бiрегейлендiрудi қоса әртүрлi нүктеден және әртүрлi аспаптардан алынған деректердi салыстыру; атмосфералық қосымшалардың, негiзгi iзiнiң, күн радиациясының спектрлiк ағысы метеорологиялық сипаттардың үш өлшемдiк бейнесiн алу;
      IV) атмосфералық қосындылардың iзiн, күн радиациясының ағысы мен метеорологиялық параметрлердi өлшеу үшiн жер серiгiндiк және серiгiндiк емес датчиктердi қоса аспаптар әзiрлеу;
      б) Озон қабатындағы өзгерiстердiң адамның денсаулығына, биосфераға және фотоыдырау процестерiне әсерiн зерттеу.

      I. Адамның көрiнеу әсiрекүлгiн күн сәулесiне ұшырауының


      а) меланомдық емес, сондай-ақ меланомдық терi рагының өршуiмен әрi b) иммунологиялық жүйесiне ықпалмен байланысы;
      II. ОК-Б сәуле шашуының әуедегi толқынның ұзындығына қарай а) ауыл шаруашылығы дақылдарына, ормандарға және құрлықтың басқа да экожүйелерге b) су жүйелерiнiң тағамдық желiсi мен балық шаруашылығына ықпалы, сондай-ақ теңiз фитопленктонының оттегiн бөлуiн тежеу ықтималдығы;
      III. ОК-Б сәуле шашуының мысқалының қуатының және тiтiркену арасындағы байланысты қоса, биологиялық заттарға, түрлерге және экожүйелерге ықпалының, тетiктерi; фоторепарация, бейiмделу және қорғану;
      IV. Әрекеттiң биологиялық спектрлерiн және полихроматтық сәулеленуге спектрлiк тiтiркенудi зерделеу жолымен аумақтардың әртүрлi толқын ұзындығымен ықтималды өзара әрекетiн анықтау;
      V. ОК-Б сәулеленуiнiң биосфера балансында маңызды рөл атқаратын биологиялық түрлердiң сезiмталдығы мен белсендiлiгiне; фотосинтез бен биосинтез сияқты бастапқы табиғи процесстерге ықпалы;
      VI. ОК-Б сәулеленуiнiң ластанушы заттардың, ауыл шаруашылығы химикаттарының және басқа материалдардың фотоыдырауына ықпалы.
      С. Климатқа ықпалды зерттеу
      I. Озонның және басқа микроэлементтердiң радиациялық ұтырына және құлық пен мұхиттардың бетiнiң температурасы, жауын-шашынның түрi, тропосфера мен стратосфера арасындағы алмасу сияқты климат сипаттамасына әсерiн теориялық зерттеу мен байқау жүргiзу;
      II. Климаттың осындай өзгерiстерiнiң адам қызметiнiң әрқилы түрлерiне әсерiн зерттеу;
      d) Мыналарды жүйелi түрде:
      I. Озон қабатының жағдайын (озонның жалпы құрамының және тiк бiтiмiнiң кеңiстiктегi және уақыт аралығындағы өзгермелiлiгi) байқаудың жер серiгiндiк және жердегi жүйелерiн топтастыруға негiзделген озон қабатын байқаудың ауқымдық жүйесiн түпкiлiктi iске қосу жолымен байқау;
      II. Тропосфера мен стратосферадағы әуелгi газдардың шоғырлануын, олардағы НОх, NOx пен CIOx құрамына сондай-ақ көмiртегiлiк қоспаларды байқау;
      III. жердегi, сондай-ақ жер серiгiндiк жүйелердi пайдаланып, жер бетiнiң мезосфераға дейiнгi температурасын байқау;
      IV. жер серiгiнен алынған деректердi пайдаланып, жер атмосферасына жететiн күн радиациясы ағысы толқынының құрамын, оны тастап шығатын жылу сәулесiн байқау;
      V. спектрдiң әсiре күлгiн бөлiгiнде жер бетiне дейiн жететiн және тiрi организмдерге (ОК-Ф) әсер ететiн күн радиациясы ағысының толқындық құрамын байқау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет