Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»



бет3/17
Дата01.07.2016
өлшемі0.83 Mb.
#169710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың басындағы 70 жылдарда озонды жаһанды қадағалаудың жүйесінің ақпараттандырылуын талдау және арнайы спутниктер негізінде жердің озон қабатына біршама жарық антропогендік пайда болулармен адам іс-әрекетімен өндіріс нәтижесінде озон құрамының азаюы - «озондық тесіктер» пайда болды. 1985 жылы антарктикалық көктемгі озондық тесіктің ашылуы байсалды ғалымдар үшін күтпеген жағдай болмағанмен баспасөз және саяси қоғам үшін әлемдік сенсация болды. Озондық тесiктiң «жарамсыз аймақта» озон тек қана сақталынып, жинақталып, азаймағаны қызық және қауіпті болды. Бұл құбылысты қадағалау және зерттеу атмосферада озонбұзушы заттар мен бұл кезеңдердегі Антарктидаға тән сипаттағы метерологиялық жағдайлардың болуын анықтады.

Озон қабатының жаһанды құруы бүкіл әлем бойынша зерттеу проблемаларының ерекше жоғары көтерілуі қауіпін тудырды. Нәтиже бойынша 20 ғасырдың соңында озон қабатының құруына атмосфераға антропгендік хлорфторкөміртегінің эмиссиясы себеп болғаны анықталды. 1981 жылы ЮНЕП басқарма кеңесімен құқықтық және техникалық мәселелер бойынша озон қабатын қорғау туралы жаһандық шектеу құжатын әзірлеу үшін сарапшылардың арнайы жұмыс тобы құрылды.

Төрт жылдан кейін қауырт жұмыстар мен қиын келіссөздер нәтижесінде 1985 жылы 1988 жылы 22 қыркүйекте күшіне енген озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы қабылданды. Онда озон мониторингі, өндіріс пен хлорфторкөміртектер шығарындылары бойынша ақпарат алмасу, ОБЗ (озонбұзушы заттар) реттеудің құрамды шараларының хаттамасын қабылдау бойынша ғылыми зерттеу саласындағы ынтымақтастық міндеттері бекітілген.

Екі жыл өткен соң озон қабатын қорғау бойынша Вена конвенциясы қабылданғаннан кейін 1987 жылы озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасы қабылданды. Хаттама 1989 жылы күшіне енді. Монреаль хаттамасы негізіне өндіріс пен тұтынуға таратылатын коммерциялық және экологиялық қатынастардағы озонбұзушы заттарға қажетті шаралар жатады.

Монреаль хаттамасына сәйкес «шығарындылар» бүкіләлемдік масштабта бұзушы қабат заттары бойынша кейбір озонбұзушы заттар озон қабатын маңызды деңгейде құртуға немесе басқа үлгіде өзгертеді, бұл заттардың шығарындылары климат жүйесіне потенциалды әсер етеді сонымен қатар, адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қолайсыз себептер тудырады.

Озон қабатының химиялық және физикалық қасиетінің өзгеру себептері болып табиғи және антрогендік тектер табылады.

Табиғи текті заттар: көміртек тотығы (СО), көміртектің екі тотығы (CO2), метан (СН4), көмірсутектердің метанды емес түрлері, азот қышқылы ретіндегі құрамында азот бар заттар (N2O), азот қышқылы (NOx), жартылай галоидирленген алканы частично галоидированные алканы (CH3Cl), сутегі ретіндегі құрамында суы бар заттар (H2) және су (H2O) озонның физикалық қасиетіне ықпал етуі мүмкін.

Озонның химиялық және физикалық қасиетіне ықпал ететін антропогендік химиялық заттарға: құрамында хлоры бар заттардың толық галодирленген алканы жатады, мысалы: CCl4, CFCl3 (ХФУ-11), CF2Cl2 (ХФУ-12), C2F3Cl3 (ХФУ-113), C2F4Cl2 (ХФУ-114) және CHF2Cl (ХФУ-22), CH3CCl3, CHFCl2 (ХФУ-21) сияқты жартылай галодирленген алканы, құрамында бромы бар CF3Br жатады. Жоғарыда көрсетілген әрекеті озон қабатына ықпал ететін барлық газдар ClOx және BrOx қабатсалаларының көздері ретінде шығады. Антропогендік тектегі газ қатарына сонымен қатар тотығу және және көміртектің екі тотығы, метан, көміртегінің метанды емес түрлері, сутегі енгізілген және азот қышқылы біршама антропогендік сипатта болады.

Озон қабатын бұзуға басты үлгіде жөндеу және суыту, ауа тазарту және өрт сөндіру жүйелері қызметі сияқты шаруашылық қызмет түрлеріне байланысты қызметтерді атқаруда антропогендік шығарындылар пайда болады.

Вена конвенциясы қабылданғаннан кейінгі жылдарда хлорлы және бромды қосылулар жағымсыз ықпалдары туралы көбірек дәлелдер пайда болды. Тексерулер озон қабатының қауіптілігін ұлғайтуды растады және олардың негізінде Монреаль хаттамасы Тараптары оған жаңа заттарды қосу және оның талаптарын күшейтуге шешім қабылдады. Олар Хаттамаға сәйкес түзетулер мен толықтыруларды бекітті. (Лондон – 1990 ж., Копенгаген – 1992 ж., Монреаль – 1997 ж. және Пекин – 1999 ж.).

2003 жылдың шілдесіне Вена конвенциясын жалпы есеппен 185 ел бекітті; Монреаль хаттамасы – 184; 166 мемлекет Лондон түзетуін, 151 – Копенгаген түзетуін, 102 – Монреаль түзетуін, 50 – Пекин түзетуін бекітті .

Зерттеу мәліметтері бойынша 2050 жылға Монреаль хаттамасы бойынша шараларды қабылдамай қызмет жасағанда озон қабатының бұзылуы солтүстік жартышарының орташа кеңдіктері 50%-дан және оңтүстік жартышарының орташа кеңдіктері 70%-дан аспайтын еді, бұл ағымдағы жағдайдан шамамен 10 есе нашар болады. Нәтижесінде жоғарыға жеткен ультракүлгін радиациясының қарқыны солтүстік жартышарының орташа кеңдіктерінде екі есеге және оңтүстік жартышарының орташа кеңдіктерінде төрт есеге күшейеді. Атмосферада химиялық заттардың озонбұзушы заттары бес есе ұлғаяды. Мұның салдарлары өте жаман болар еді: меланомды емес рак аурулары жағдайы 19 миллионға, меланомды рак аурулары жағдайы 1,5 миллионға және көз катарактасы аурулары жағдайы 130 миллионға көп болар еді.
1986 жылы ХФК жалпы тұтыну бүкіләлем бойынша ОБҚ 1,1 млн. тоннаны құрады, бұл заттардың тұтыну көлемі 2001 жылға 110 т. дейін түсті. ХФК жалпы тұтынудың жаһандық Халықаралық келісімі бойынша шаралар қабылдамағанда 2010 жылға озон қабаты 50 %-ға жететіні есептелді.

Қазақстан Вена конвенциясына және Монреаль хаттамасыныа 1998 жылы қосылды. 2001 жылы Лондон түзетулер тарапы болды. Қазақстан Конвенция және Хаттама тарапы бола отырып ОБЗ пайдалануды біртіндеп қысқарту қажеттілігімен сонымен қатар, олардың аз озонбұзушы қабілет бар заттармен алмастырылуына келісті.

Қазақстан Республикасы Монреаль хаттамасымен реттелетін заттарды өндірмейді, орталық-азия аймағында ОБЗ ірі импортері бола отырып оларды тек тұтынады. 1998 жылы Қазақстанның тұтынуы 1305 тоннаны құрайды. Импорттың жалпы көлемі ОБЗ Монреаль хаттамасына анықталған заттарына дәл келеді.

Лондон түзетуімен реттелетін ХФК Қазақстанда кең коммерциялық қолдануда болмайды. Тетрахлорметан мен хлороформметилді тұтыну көлемі 19 тоннаны құрайды, оның негізгі бөлігі Монреаль хаттамасымен реттелмейтін зеертханалық мақсаттарда пайдаланылады.

Соңғы жылдары ГХФК тұтынуға көшу заттары тенденциясының ұлғайғаны қайқалады. Қазақстанда ОБЗ импорт/экспортын тексеру жүйесін жүргізу олардың тұтыну көлемін реттейді.

Қазақстан Вена конвенциясына және Монреаль хаттамасына қосыла отырып ОБЗ пайдалануды біртіндеп қысқарту қажеттілігімен ал, болашақта оларды пайдалануды толық қысқартуға келісті. Бұл міндеттерді орындау және реттелетін заттарды пайдалануды біртіндеп қысқарту үшін Қазақстанға ірі капиталқор қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет