Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
«______» ____________ 20_____ ж ____________ Қолы ______________________________________________________ Сараптамалық кеңестің (комиссия мүшесінің) толық аты-жөні Портфолионы бағалау парағына түсініктеме Біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттау кезінде педагог материалдары мәлімделген біліктілік санатына қойылатын талаптарға сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді көрсетуі тиіс. 1. «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің тиімділігі» өлшемшарттары бойынша балл қою кезінде мыналарды ескеру қажет: - білім сапасының динамикасы, соңғы 3 жылдағы білім беру бағдарламасын игеру; - білім беру ұйымы басшысының (орынбасарының, әдіскерінің), педагогінің; әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің соңғы оқу жылындағы сабақты (сабақты, ұйымдастырылған қызметті, іс-шараны, тексеру және кеңес беру рәсімін) бағалау парақтарының болуы: (байқау парағы білім беру ұйымының мөрімен және басшының қолымен расталады) «педагог-модератор» - 5, «педагог-сарапшы» - 5, «педагог-зерттеуші» - 5, «педагог-шебер» - 5; - «оқыту (өткізу, ұйымдастыру) сапасы» көрсеткіші бойынша орташа арифметикалық мән (кемінде бес бақылау парағы) қойылады. 2. «Жетістіктер» өлшемшарттары бойынша балл қою кезінде мыналарды ескеру қажет: - конкурстық іс-шаралар білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі; - көрсеткіштің әрбір бірдей атауы (жұмыс түрі) бойынша ұсынудың ең жоғары деңгейі ескеріледі: мысалы, кезеңдер бойынша олимпиадаға қатысқан жағдайда қатысудың ең жоғары бір деңгейі ескерілетін болады; - әртүрлі атаулар (жұмыс түрлері) бойынша балдар жинақталады: мысалы, республикалық деңгейде 2 түрлі жоба ұсынылған жағдайда әрбір жоба үшін балл ескерілетін болады; - әр көрсеткіште кемінде бір жеңімпаз сертификаты болған жағдайда 1 балл қосылады (бірақ жеңімпаздар саны бойынша емес: мысалы, республикалық деңгейде 2 жеңімпаз болған жағдайда бұл деңгейде тек 1 балл қосылады) 3. «Тәжірибені жалпылау және тарату» өлшемшарттары бойынша балл қою кезінде мыналарды ескеру қажет: - тәжірибені тарату жөніндегі іс-шаралар республикалық оқу-әдістемелік кеңес, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі («педагог-шебер») немесе облыстың білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестік бекіткен материалдар негізінде жүргізіледі; - көрсеткіштің әрбір бірдей атауы (жұмыс түрі) бойынша ұсынудың ең жоғары деңгейі ескеріледі: мысалы, семинарда сөз сөйлеген жағдайда қатысудың ең жоғары деңгейі ескеріледі немесе сол материал жарияланған жағдайда жарияланымның ең жоғары деңгейі ескеріледі; - әр түрлі атаулар (жұмыс түрлері) бойынша балдар жинақталады: мысалы, 2 түрлі топқа қатысқан жағдайда бір деңгейде әр жоба үшін балл ескеріледі; - «оқу-әдістемелік материалдар» көрсеткіші бойынша (авторлық бағдарламадан басқа) бірлескен авторлық жағдайда (3 автордан аспайтын) республикалық оқу-әдістемелік кеңес, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған материалдар үшін 2 балл қойылады 1 балл - Облыстың білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес немесе аудан/қала білім бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесі немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестік, бұл ретте әртүрлі деңгейлерде ұсынылған бір жұмыс үшін балдар қосылмайды; - «зерттеу қызметі (практиканы зерттеу) негізінде жариялау» көрсеткіші бойынша бірлескен авторлық жағдайда 2 балл қойылады, бұл ретте әртүрлі басылымдарда және әртүрлі деңгейлерде жарияланған бір жұмыс үшін балл қосылмайды; - «біліктілікті арттыру» көрсеткіші бойынша біліктілікті арттыру курстары шеңберінде сағат санына сәйкес балл қойылады, бұл ретте, егер педагог екі және одан да көп курстарға қатысқан жағдайда сағат саны жинақталады. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 16-қосымша Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (оқу сабақтарын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бақылау парағы
жүктеу/скачать 186.72 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |