Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары
1. Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы қандай?
2. Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін не қажет?
3. Педагогикалық инновация дегенімізді қалай түсінесіз?
4. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деген тұжырымдаманы кім айтқан?
5. Дамыта оқыту технологиясын қарастыратын болсақ, ол ең алдымен «Нені дамыту керек?» деген сұрақ туындайды. Сол сұрақтың жауабын қалай түсінесіз?
6. Модульдік оқыту технологиясының артықшылықтары қандай?
7. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру білім алушыларға қандай мүмкіндік береді?
8. Интеграция ұғымын қалай түсінесіз?
9. Дәстүрлі - сабақ технологиясының ерекшеліктері қандай?
10. Оқыту технологиясы жүйелі ұғым. Оның құрылымына не кіреді?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. «Педагогикалық технология - оқу үрдісін іске асырудың мағыналы технологиясы» тақырыбында баяндама жасаңыз.
2. Ахмет Байтұрсынұлының «Мектеп керектері» деген еңбегі туралы конспект жасаңыз.
3. «Сабақта қолданылатын ойындар» тақырыбында реферат дайындаңыз.
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары
1. Бүгінгі таңдағы оқу орындарындағы алдында тұрған мәселе қандай?
А) білім алушыларды дамыта оқыту
Б) білім алушыларды ішкі себептермен оқыту
С) білім алушыларды дамыта қаржыландырумен оқыту
Д) білім алушыларды мониторингпен дамыта оқыту
Е) білім алушыларды білім беру жүйесімен оқыту
2. «Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деген тұжырымдаманың авторы кім?
А) В. Кларин
Б) А.С.Макаренко
С) Е.Смирнов
Д) С.Пейперт
Е) Ю.Первин
3. Инновация дегеніміз...
А) белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
4. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген тұжырымдаманың авторы кім?
А) В.Ф.Сухомлинский
Б) А.С.Макаренко
С) Е.Смирнов
Д) С.Пейперт
Е) Ю.Первин
5. Ж.Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін неше түрге бөліп қарастырады?
А) төрт
Б) бес
С) алты
Д) жеті
Е) сегіз
6. Іс - әркеттің ең өнімдісі - неше деңгейден тұрады?
А) 3-4
Б) 4-5
С) 1-2
Д) 5-6
Е) 2-3
7. «...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім », - деген тұжырымдаманың авторы кім?
А) Ахмет Байтұрсынұлы
Б) Абай Құанбаев
С) Мағжан Жұмабаев
Д) Ыбырай Алтынсарин
Е) Шоқан Уалиханов.
8. Пәндердің өзара байланыс деңгейі қалай шешіледі?
А) білім алушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы
Б) оқулықты зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы
С) дәрістерді зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы
Д) кітапты зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы
Е) дәптерді зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы.
9. Оқытудың мазмұны мен сипаты қалай белгіленеді?
А) қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленді
Б) MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын Місrosof бағдарламасына сай белгіленді
С) бағдарламаға сай белгіленді
Д) сабақты, оқытуды ұйымдастыруға сай белгіленеді
Е) сабақ технологиясының ерекшеліктеріне сай белгіленеді
10. Оқыту технологиясының мақсаты қандай?
А) тұлғаны тәрбиелеу
Б) оқу бағдарламалары
С) жаңа кітап жазу
Д) дәрістер жинағы
Е) жұмыс жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |