Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігі Шымкент қаласының Білім басқармасы



бет2/8
Дата15.02.2023
өлшемі43.26 Kb.
#469595
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Раб 19 ктп

1. Түсіндірме жазба
Осы үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына(2013 жылғы 24 сәуірдегі № 150 6ұйрығымен) сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105013 “Бастауыш білім беру мұғалімі” біліктілігі бойынша әзірленген.
"Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі" пәнін оқу мақсаты қазіргі замандағы бастауыш сыныптардағы математиканы жетік меңгерту, қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы білім алушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгерту.
Пәннің міңдеттері:
1) жеке тұлғаның зияткерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған математика негіздерін сапалы меңгеруге, математикалық білім, білік және дағдыларын әрі қарай қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
2) бастауыш сыныптардағы әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;
3) бастауыш сыныптардың математика пәнінің оқыту құралдарын және ондағы оқу материалдарын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау;
4) практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
5) коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
6) көрнекі құралдарды талапқа сай қолдану;
7) бастауыш сыныптағы математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
«Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі » пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың дәріс,практикалық сабақтар және басқа түрлері ұсынылады.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты әңгіме, пікірсайыс, жағдайлық мәселелерді шешу, рөлдік және іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмысжәне басқа оқыту әдістері ұсынылған.
Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру,проблемалық оқыту, ойын, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, модульдік,ақпараттық-коммуникациялық, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту,деңгейлеп-саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады.
Үлгілік оқу бағдарламасы психология, педагогика, физика,тарих, экономика пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріне,іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.
Осы бағдарлама «Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі»пәнінің мазмұны мен дайындық деңгейде талаптарды жүзеге асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:
-кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;
-бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге(пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
-бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
-жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет