Курстық жоба (жұмыс) – оқу сабақтарының негізгі түрлерінің бірі және оқытушының жетекшілігімен курс (семестр) барысында орындалатын студенттердің оқу жұмысын бақылау нысаны болып табылады және өзекті болуы, ғылымның даму жағдайы мен перспективаларына сәйкес келуі тиіс таңдалған тақырыпты дербес зерттеу болып табылады.
Дәріс - педагог оқу материалын студенттердің танымдық іс-әрекетін жандандыру әдістерімен (негізгі ойды жазу, конспекттеу, баяндалған материалдың сызбасын жасау) ұштастыра отырып ауызша баяндайтын оқу сабағының нысаны.
Зертханалық жұмыс –дидактикалық мақсатта қолданыстағы теориялық ережелерді (заңдарды, тәуелділіктерді) эксперименттік растау және тексеру, оқу және кәсіби практикалық дағдыларды қалыптастыру болып табылатын оқу сабағының нысаны.
Модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзін-өзі қамтамасыз ететін және толық бөлімі немесе оқу кезеңі.
Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.
Білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру жолдары мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені.
Кері байланыс - кез келген әрекетке немесе оқиғаға шолу, пікір, жауап беру; басқа адамдардың мінез-құлқын өзгертуге (жақсартуға) арналған құрал.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – оқу процесі аяқталғаннан кейін білім алушының нені білетінін, түсінетінін, көрсететінін білдіретін құзыреттер жиынтығы.
Білім беру қажеттілігі – адамның әлеуметтік мәртебесіне әлеуметтік қажеттілік, ол адамның қоғамда белгілі бір орын мен позицияны иеленуге деген ұмтылысынан көрінеді; адамның өзін-өзі жүзеге асыруына, оның мәдениетті өндіруші, өркениетті сақтаудың кепілі ретінде үздіксіз дамуына деген жеке қажеттілігі; бұл адамға қоршаған әлемді шарлауға мүмкіндік беретін құндылықтар, мінез-құлық жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |