КІРІСПЕ
Тіл, тілдің қазіргі сөз байлығы – ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бірден-бірге ауысып, бүгінгі дәуірге дейін келіп жеткен мол қазына, асыл мұра.
Әр халық лексикасы – сол халықтың басынан кешкен ұзақ сонар тарихының, саяси-әлеуметтік өмірінің тұрмыс-салты, күнкөріс тіршілігінің тілінде қалдырған ізі. Тілдегі сөздер – халықтың барлық білген білімі мен білігі, ойы мен идеясы, дүниетанымының көрінісі.
Тіл үйрену – көптеген аспектілерді қамтитын саяхат және тілді меңгерудің маңызды аспектілерінің бірі – сөздік. Үлкен және кең сөздік қоры бар адамдар әр түрлі жағдайларда өз ойын мәнерлеп жеткізе алады, қиын материалдарды оқып және сәтті қарым-қатынас жасай алады. Дүние жүзіндегі миллиондаған адамдар сөйлейтін ағылшын тілінде сөздік қорыңызды кеңейту сіздің тіл қабілеттеріңізді күрт жақсартып, жаңа мүмкіндіктерге есік ашуы мүмкін.
Тіл, тілдің лексикасы үнемі даму процесінде болады; көне заманнан бермен қарай қолданылып келе жатқан байырғы сөздер бұрынғы үйреншікті мағыналарына қосымша, үстеме мағыналар қосып алып, қолданылу өрісін кеңейте түседі; жаңа міндет атқарып, жаңа мағына білдіріп, әдеби тіл сөздігіне қайтадан еніп, актив лексикада қолданылып жүрген көне сөздер, қарапайым сөздер, жергілікті сөздер, кәсіби, кітаби сөздер де аз емес, орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген интернационалдық сөздер мен терминдер, соның ішінде тілінің сөздік құрамын мейлінше толықтырып, байыта түсуде.
Тілдің лексикасы тілдегі сөздердің қолданылу аясы, шеңберіне қарай да топтастырылады. Өйткені, тілдің лексикасы – тілдің сөздік құрамының белгілі бір стилистикалық қабаттарының да, белгілі бір әдеби бағытқа тән сөздердің де жиынтығы. Қысқасы, тілдің лексикасы стиль ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Оқушының сөздік қорының дамуы, сөздерді дұрыс және мағыналық тұрғыдан дәл қолдана білуге жаттығуы, бейнелі әрі әсерлі сөйлеу дағдысы, жазба жұмыстарында өз ойын анық та айқын жеткізе алуы,стильдік қателерді көп жібермеуі лексиканы жетік меңгеруден қалыптасса керек. Сондықтан да лексика тақырыбын оқушыларға үйреткенде жаңа технология түрлерін сабақта ашық қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім берсек, мақсатымыздың бір баспалдығына көтерілген болар едік.
Сондықтан да, шет тіліне үйретуде үйренушілерге лексикалық дағдыны
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдермен экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары даму үстінде. Сондықтан, елімізге шет тілдерін жетік меңгерген мамандар аса қажет. Шет тілі арқылы оқушы әлемді таниды, тілін оқытып жатқан елмен жан-жақты танысады. Оқушы шет тіліне қатынас құралы ретінде меңгеру үшін мұғалім тиімді, оқушыны қызықтыратын әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Қазақ тіліндегі сияқты шет тілінде де сөз – лингвистикалық, ұғым - лексикалық категория болып табылады. Тілдегі сөздер мен олардың атаулары жалпы болмаса, адамзат бір-біріне әрі ұқсас, әрі мыңдаған түрлі өзіндік ерекшелігі бар адам, тау, ағаш, өзен, жеміс сияқты ұғымдарға жеке-жеке ат-атау іздеген болар еді, ондайда тілде мыңдаған-миллиондаған сөз пайда болар еді, соншама көп сөзді сол тіл халқы өкілдерінің жадында сақтауда қиын болар еді.
Олай болса, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмаған, бір-бірімен пікір алысып, түсінісе алмаған болар еді, тілі қоғам мүшелерінің мүддесін атқарудан қалар еді. Сондықтан шет тіліндегі сөздердің лексикалық құрамының мәнін түсініп, оны дұрыс қолдану өзекті.
Достарыңызбен бөлісу: |