Ұлттық болмыс, ұлттық танымның көркем шығармада берілуі



бет1/3
Дата27.12.2023
өлшемі32.92 Kb.
#488186
  1   2   3
МӨЖ 2 Лингвокультур


М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ


МӨЖ
Тақырыбы: Ұлттық болмыс, ұлттық танымның көркем шығармада берілуі

Пәні: Лингвомәдениеттану және танымдық тіл білімі


Курс: 2
БББ: 7М01723 «қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау
Магистрант: Қадыр А.Қ.
Оқытушы: ф.ғ.к., доцент Макулова Л.Т.
Тараз, 2023
ЖОСПАР:
Кіріспе
1Ұларбек Нұрғалымұлы прозасындағы ұлттық таным мен ұлттық болмыс
1.1Қазақтың байырғы және құбылған замандағы болмысын ашатын –«Дайағашшы
1.2Қазақ танымындағы кісі қадірі және оның Ұ.Нұрғалымұлы прозасындағы көрінісі
Қорытынды


КІРІСПЕ
Әрбір халықтың көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл мұра, өзіндік дәстүр, әдет-ғұрыптары бар.Ол көзден таса, көңілден ада болмай ұрпақтан ұрпаққа жетіп, халықпен бірге жасап келеді және мәңгілік жасай да еретініне бүгін де көзіміз әбден жетті. Оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін бірден бір құрал-әдебиетте болса керек.
Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай қазақ әдебиетінде ірі өзгерістер , ұлттық құндылықтарға бой ұрған сана қуаты жаңа серпін әкелді.Тәуелсіз ел мұраты-өткеннен алған өнегесі, кейінгіге берер үлгісі бар жалғасты дәстүрдің ендігі уақыттағы. Алдағы дәуірлердегі,ұрпақ алдындағы борышы болған ел мен жерді, тіл мен ділді таза да, бұзылмаған қалыпта, тарихи қателіктерге ұрындырмай сақтау, аманатты қиянатсыз ертеңге жеткізу болса керек.
Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қылптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықшы қасиетке ие. Қазақ халқының мұндай қасиетін танытатын нәрсе күллі материалдық байлықтың бәрінен де адамгершілік қасиеттер, адами құндылықтар биік болуымен дараланады. Оған себеп, ежелден бері әділет, әділдік, шыншылдық, мейірімділік сынды қасиеттердің барлығы бақ-дәулет, байлық, атақ пен даңқ атаулының бәрінен де жоғары бағаланатын болған.
Ұлттық кодымызды, ұлттық мәдениетімізді сақтап қалуда, оны насихаттауда әдебиеттің ықпалы зор.Қазіргі таңда ұлттық болмысты көркем тілмен шебер жеткізіп жүрген жазушылардың бірегейі-Ұларбек Нұрғалымұлы.
Әдебиетке деген алғашқы қадамын өлең жазудан бастап,ақын ретінде танылған Ұларбек Нұрғалымұлының қалам тербеп жүрген негізгі тақырыбы-ұлттық болмыс, қазақ халқының танымы мен мәдениеті. Ол өз шығармаларына қазақтың мақал-мәтелдерін, атадан балаға жетіп отырған тұрақты сөз тіркестерін, ғасырлар бойы қаймағын бұзбай сақтап келген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды, ұлттық музыкамыз бен халық әндерінің сөздерін арқау еткен.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет