Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет12/18
Дата14.05.2024
өлшемі377.36 Kb.
#501060
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Тұрсын Меруерт курстық жұмыс (2) (1)

4-сурет. Л.С. Выгосткий.

Г. Шпрангер өзінің мәдени–психологиялық тұжырымдамасында балаларда жасөспірімдік кезеңді мәдени өсу деп анықтайды. Бұл кезеңдегі дағдарыстың болу мазмұны балалық тәуелділіктен босану болып табылады. Г. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезеңдегі басты жаңа білім – “Мен” ашылуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке даралығын сезіну.


Р. Кулен балалардың дамуындағы биологиялық көзқарасты талқылайды, ол бұл кезеңді биологиялық және психологиялық кезеңнен гөрі әлеуметтік - этникалық кезең деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша жасөспірімдік шақта үш негізгі әлеуметтік – этникалық тенденция қарастырылады: үлкендердің қадағалауынан босану, жеке даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық таңдау, әлеуметтік – этникалық нормалар мен құндылықтарды игеру. Р. Куленнің пікірі бойынша, егер бала өзінің алдына осы көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір сүрген жасына қарамастан балалық кезеңде қалып қояды.
Жасөспірімдік кезеңдегі қайшылықтар себептер қатарымен ерекшеленеді; жыныстық жетілу, жасөспірім өзін үлкен санап, ал үлкендердің оны әлі кішкентай деп қарауынан, жасөспірімдік кезеңде нақты бойының өсуі және физиологиялық өзгерісі бақыланады және осы өзгерістердің негізінде жоғары мазасыздық, депрессия, қозушылық, өзіне деген адекватты емес көзқарас, өзі үшін қорқу пайда болады.
Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады . Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау ” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен кейкілжіңде болуымен көрініс береді.
Жасөспірім кезінде өз бетінше іс - әрекет жасауға ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті өзгелермен топтасуға, құмарлық ойындарға әуестенуге, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы мінез –құлық пайда болады. Әлеуметке қарсы мінез –құлықты девиантты мінез –құлық деп атайды.
Балаларда девиантты мінез–құлқындағы негізгі белгілері мен критериларын зерттеушілер төмендегіше бөліп көрсетеді.

  1. отбасының сәтсіздігі (баланың дамуы мен қалыптасуына әсер ететін

  2. отбасының ішкі қарым –қатынасының қалыптасуы);

  3. мінез –құлқындағы ауытқушылықты күрделендіретін жұмыстағы оқу және кәсіби мекемелердің жеткіліксіздігі, жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мұғалімдер кадрының кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;

  4. жасөспірім тұлғасының тұлғалық компоненттері рухани қызығушылықтары мен сұраныстарының дамымай қалуы, асоциальды іс -әрекетке ұмтылу, қалыпты тәрбие әрекетіне кері көзқарасы, анотомо –физиологиялық және психологиялық даму жағынан құрдастарынан артта қалуы, денсаулығының әлсіреуі, парасаттылық сезімінің дамуының артта қалуы т.б.

  5. қарым –қатынастағы қолайсыздық (қарым – қатынас аясындағы кикілжіңдер, құрдастарымен, мұғалімдерімен, үлкендермен қарым –қатынасындағы дөрекілік , т.б.).

Баланың мектептегі өмірі белгілі бір тәртіппен және ұйымдасқан түрде өтсе, ол мектептен тыс ортада жасырын қарама – қайшылықта және ерекше жағдайда өтеді. Мектепте және үйде баланың өзіне тиісті міндеттері болады, бақылаумен ұйымдастырылады. Ал, көшеде бала өзін бақылаудан және жауапкершіліктен еркін сезінеді. Сондықтан да балалардың шағын мектептен тыс уақытын қалай өткізетінін есепке алып отырудың маңызы зор.
Оқушылардың тұратын жерлерін, оның жеке басын қалыптастыратын және дамытатын кіші ортаның бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұрған жерінде бала мектепке келгенше өзімен таныс адамдармен қарым – қатынас жасап та үлгереді. Сондықтан да балалардың тұрған жеріндегі тәрбиелік жұмысты төменгі сыныптан бастап жүргізу керек. Бұл орайда олардың бос уақытын дұрыс өткізуіне, әрбір іс - әрекетін үлкен қызығушылықпен және ынтамен ат салысуын қадағалау орынды болып саналады
Мектеп бұл жағдайда ата – анамен көпшіліктің біріккен жұмысын бір салаға салып, реттеп, онда бала тәрбиесінің нәтижелі өтуіне мүмкүндіктер жасайды.
Бала тәрбиесінің мектеп алдына қойған міндет талаптарын тиімді жолмен шешіп және оның жан – жақты дамып, әлеуметтенуін қамтамасыз ету үшін мектепте педагог – психолог мамандықтармен қоса әлеуметтік педагог мамандығы да ұйымдастырылған.
Әлеуметтік педагог - өзінің негізгі жұмыс бағыттарын оқушының сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану ата – анасымен бірлесе отырып мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан бос уақыттағы іс - әрекеті әлеуметтік педагогтің үлесіне тиеді.
Мектепте әлеуметтік педагог девиантты мінез құлықты балалармен төмендегідей жұмыс бағыттарын жүргізу қажет:

  • сыныпта, топта, қоғамдық бірлестікте және мектептен тыс білім мекемелерінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;

  • жеке бастың психологиялық – педагогикалық ер екшеліктерін, ата – ананың жағдайын, қызығушылықтарын, талап – тілектерін, қиындықтарын, кездейсоқ жағдайларын, тәртіп бұзушылықтарын тексеріп, зерттеу және дер кезінде көмек көрсету;

  • салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың еркіндігіне, денсаулығына қамқорлық жасау, қауіпсіз өмір сүруге көмектесу, жасы келгендерді білім алуға тарту;

  • бос уақыттарында дарын қабілетінің дамуына, ақыл – ой және дене құрылысының өсуіне жағдай жасау;

  • оқушылардың жеке басының дамуы мен тәртібін отбасымен бірлікте шешу;

  • оқушылардың жеке басына тән ерекшеліктерін мұғаліммен бірлікте шешу, кемістігі бар балалардың жағдайын ойластыру және оларға қажетті мүмкүндіктерді жасау.

Әлеуметтік педагог девиантты мінез – құлықтан балалармен жұмыс істеуге ата – аналар мен мұғалімдерге мынадай үш бағытты ескеруге кеңес береді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет