Криминалды мінез-құлық — делинквентті мінез-құлықтың бұрмаланған формасы болып табылады. Тұтас алғанда делинквентті мінез-құлық қоғам ережелерінде (зандарында) айқын көрініс тапқан, мемлекеттік өмірдің қалыптасқан нормаларына тікелей қарсы бағытталған.
2.7. Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлқының негізгі түрлерінің психологиялық сипаттамасы.
Қазіргі таңда әрқайсысымыз күн сайын агрессия, зиянды әдеттер, заңға қайшы әрекеттермен тұспа тұс келіп жатамыз. Осы мәселелермен айналысатын мамандар көптеген жылдар бойы сұрақтарға жауап іздеп келеді.
Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аясында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға жат құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, мектеп алдында жаңа міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір - қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Осы мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны өте зор. Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың басымдық танытуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап – тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне қарсылық туса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір балалардың азуы және соның нәтижесінде өзімшілдікке мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, кейбір балаларға тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш - қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу – тәрбие мен еңбек үдерісіне қатынасуынан байқалады. Себебі, девиантты мінез–құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай – күйі жол таба алмай әлеуметтік–педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез–құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге артып айналасымен жанжалдасуға, ұрыс – төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Девиантты мінез-құлық-жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі.
Балалық шақ - ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Балалық шақтағы кезеңдегі девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға бағынады – жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп жоқ. Бірақ әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік - экономикалық теңсіздігі, мүмкіншіліктерінің теңсіздігі жасөспірімдер мен жастардың санасына психологиялық әсер етеді.
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жасөспірімдік кезең ол балалықтың бір жас ерекшелік кезеңі болып табылады.
Балалардың құқығы туралы конвенциядағы анықтамалармен келіссек бала болып 18-ге толмаған әрбір адам табылады. Жасөспірімдік шақтың қарапайым белгілеріне адамның күрделі биологиялық, психологиялық және әлеуметтік даму кезеңдері жатады, негізінде бұл кезеңдер әрқашанда толығымен бір-біріне сәйкес келе бермейді.
Зерттеушілердің көбі психикалық дағдарысқа әкеліп соқтыратын ауыр және сонымен қатар жасөспірімнің санасына күрделі күш түсірмейтін, жыныстық жетілуіне және дамудың биологиялық факторына көп көңіл бөледі, мұндай жасөспірімдік шақтың белгілеріне тән мінездемелерге ашуланшақтық, дөрекілік және қырсықтық, долылық, субъективтік уайым әлеміне кіріп кету тағы басқалар жатады. Жыныстық жетілуге байланысты туындайтын жаңа сезімдер, ойлар зерттеушілердің пікірлері бойынша – оның іс - әрекетін және қылықтарын анықтай отырып жасөспірімдердің санасында басымдылық болады.
Л.С.Выготский балалық шақтан ересектік шаққа өту кезеңінде екі үлкен өзгеріс болады: ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетті ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Жасөспірімнің түсінуімен, бейімделу және белсенділік жүйесі ретінде өмірлік жоспардың туындауы мәдени процесін қорытындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |