Сабақтың басы
10 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындық.
Жағымды ахуал қалыптастыру
https://youtu.be/10wfKfT1kJ4
«Ақжелең» күйін тыңдату
Саралау: Оқушыларды күй атауларына сай 3 топқа бөлу.
1топ- «Сарыарқа» күйі
2топ- «Көңілашар» күйі
3топ- «Адай» күйі
Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу
|
Оқушылар қағазға жазылған күй атауларын таңдап, үш топқа бөлінеді.
|
Өз-өзін бағалау. Берілген кесте әр оқушыға таратылады. Дескрипторлар бойынша фб жүзеге асады.
|
7-сынып
«Қазақ тілі» оқулығы
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Тыңдалым:
Күй туралы екі аңызды тыңдатады. Мәтін бойынша өзіндік ой тұжырымдауға көмектеседі.
Мәтінде етістіктің өткен шағын тауып, қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтауға бағыт береді.
Етістіктің осы және өткен шақ формалары мен қызметі, мағынасы жайлы түсіндіру, мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың осы тапсырманы орындауына қарай талдап көрсетеді
Айтылым (жұптық жұмыс)
Досыңа хабарласып, жаңа ақпаратпен бөлісу.
Оқылым
5-тапсырма бойынша мәтінді оқып, негізгі ойды анықтау
Мәтіннен өткен шақ түрлерін табу, қызметін анықтауда көмектеседі.
Жазылым (топтық жұмыс)
Етістік шақтарын қызметіне қарай сәйкестендіру, дұрысын табу, түсіндіру
Берілген кесте бойынша оқушыларға сәйкестендіру кестесін береді.
1.Сөйлеушінің сөйлеу кезінен бұрын болып
өткен қимылды жай хабарлау түрінде баяндауы
|
Мен ол қызды жақсы танимын, екеуміз мектепте бірге оқығанбыз.
|
2.Тыңдаушыға өткен істің болу-болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару
|
Кеше Айша екеуміз киноға бардық
|
3. Өткен шақтағы іс-әрекетті айтып, сөйлеушінің қимылға объективті көзқарасын білдіру
|
Мектеп қағаздарын ала келіп, институт жұмыстарының ара-арасында істеп жүрмін
|
4.Бұрын басталған, ара-тұра үзілістермен жалпы осы кезде де болып жүрген, көп уақытты керек ететін, үнемді, ұзақ әрекет
|
Желі басында байлаулы құлынмен бірге байланып, арқандаулы аттай күнім өтіп келеді.
|
5. Іс-әрекет бұрыннан болып келе жатқанын да немесе әдетке, дағдыға айналғанын көрсетуі
|
Атшабар келсе‚ жанжал келетiнiн балаға дейiн сезетiн.
|
|
Күй туралы аңызды тыңдайды. Тыңдаған мәселе бойынша өзіндік ой тұжырымдайды.
Етістік шақтарының формаларын ажыратып, мағынасын анықтайды.
Оқушылар жұптарымен телефон арқылы диалог құрады. Күй, домбыра, ұлттық музыка туралы білетін ақпаратпен өзара бөліседі.
Мәтіннің идеясын анықтайды.
Өткен шақ түрлерін табады, қызметін анықтайды.
Етістік шақтарын қызметіне қарай сәйкестендіреді және сәйкестендіру себебін түсіндіреді
|
|