Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы



бет4/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.95 Mb.
#174796
1   2   3   4   5

ЖИЫНЫ: 8

62

8

72

3 589

95/8

20




Астана қаласы



1.

Айсина М.А.

3

1

2

2 200

0

2

4 өңір: Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары



2.

Бычкова С.Ф.

4

1

3

260

0/0

0

2 өңір: Астана қаласы және Павлодар облысы



3.

Иксанова Г.М.


10

1

6

153

18/7

4

2 өңірде Астана қаласы мен Қарағанды облысында депутаттар Г.М. Иксанова мен

Н.М. Петухованың бірлескен жұмысы





4.

Петухова Н.М.



5.

Қарақұсова Г.Д.

6

1

7




0/0

2

2 өңірде Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында депутаттар Г.Ж. Қарақұсова мен

Т.И. Яковлеваның бірлескен жұмысы





6.

Яковлева Т.И.



7.

Сүлейменов Қ.Ш.

2

1

2

165

4/2

2




ЖИЫНЫ: 7

25

5

20

2 778

22/9

10





Ескерту:

10 депутат 2 өңірге барып қайтты:

  1. БЫЧКОВА Светлана Федоровна: Астана қаласы және Павлодар облысы.

  2. ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович: Атырау және Маңғыстау облыстары.

  3. ИБРАЕВ Төлеген Тоқтасынұлы: Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары.

  4. ИКСАНОВА Гүлнар Мұстахимқыз: Астана қаласы және Қарағанды облысы.

  5. ҚАРАҚҰСОВА Гүлжан Жанпейісқызы: Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы.

  6. ӨКСІКБАЕВ Омархан Нұртайұлы: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары.

  7. ПЕТУХОВА Надежда Михайловна: Астана қаласы және Қарағанды облысы.

  8. СЕЙДУМАНОВ Серік Тұрарұлы: Алматы қаласы және Алматы облысы.

  9. ӨМІРЗАҚОВ Ізбақ Қуанышұлы: Ақмола және Ақтөбе облыстары.

  10. ЯКОВЛЕВА Татьяна Ивановна: Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы.




  1. депутат 3 өңірге барып қайтты:

БЕГЕНЕЕВ Андрей Анатольевич: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
1 депутат 4 өңірге барып қайтты:

АЙСИНА Майра Арапқызы: Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.




    1. депутат заң жобаларымен жұмыс істеуіне байланысты өңірлерге барған жоқ:

МҰҚАШЕВ Рахмет Желдібайұлы.


Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясы

мүшелерінің көшпелі жұмысының қорытындысы бойынша

өңірлердегі жүйелі проблемалардың құрылымына

ҚЫСҚАША ТАЛДАМАЛЫҚ ШОЛУ
Осы талдамалық шолу Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының – «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелерінің 2014 жылғы шілде мен тамыз аралығында республика өңірлерінде жүргізген жұмысының қорытындысы туралы есептерінен алынған деректердің негізінде дайындалды.

Депутаттардың көшпелі жұмысының географиясы 16 өңірді қамтиды (14 облыс, елорда және 1 республикалық маңызы бар қала).

Талдаудың мәні сайлаушылармен кездесу барысында депутаттардың анықталған әлеуметтік-экономикалық проблемалары болып табылады.

Аталған талдау ағымдағы жылғы сәуір мен мамыр аралығында депутаттардың болған сапары кезіндегі кездесулерде көтерілген мәселелердің бір бөлігі шешімін тапқанын көрсетіп отыр.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында санитарлық-қорғаныш аймағынан және Гавань кентіндегі апаттық тұрғын үйлерден тұрғындарды көшіру мәселесі шешілген, Ақмола облысындағы Атбасар қаласында су басудың алдын алу үшін айналма каналдың құрылысы бойынша зерттеу жүргізілуде, «E – learning» электронды оқыту жүйесі» жобасы қаржыландырудан алынылып тасталды, Астана қаласы айналысындағы бағыттар бойынша автобустар санын көбейту шешілуде.

Сонымен қатар, өңірлерде көтерілген проблемалар тізбесінде тұрғын үй, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, балабақша, шағын және орта бизнесті қолдау, ауылдарды газдандыру, жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары, су құбырлары, тарифтерді құру мәселелері өзгеріссіз қалып отыр.

Өңірлерде көтерілген мәселелер санының ішінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар саны 4,6-дан 13,3%-ға дейін өсті. Кәсіпкерлікті экономикалық ынталандыру, арнайы экономикалық аймақтар мен Кедендік одақтың қызметі мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар кеңейтілді. Өңірлерде «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі жетілдіру мәселесі үнемі көтеріледі.

Әлеуметтік мәселелер құрылымдарында спортты дамыту, мұражайлар және театрлар мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Сапар шеңберіндегі кездесулер барысында 239 проблемалы мәселе анықталды, олар елдің әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттары бойынша жүйелендірілді.

Оларға жасалған талдау көрсетіп отырғандай, проблемалардың негізгі үлесі 39,7%-ды әлеуметтік саладағы мәселелер қамтып отыр: зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту проблемалары, денсаулық сақтау, білім жастар саясаты, мәдениет мәселелері.

Халықтың депутаттармен кездесуі кезінде айтылған проблемалы мәселелерге жасалған талдауда экономикалық сипаттағы проблемалар жалпы санының 26,7% құрады.

Ауыл шаруашылығы мен ауылды қолдауды дамытудың проблемалы мәселелері барлық көтерілген мәселелердің 8,4% құрады.

Сонымен бірге, өзекті проблемалар қатарына ТКШ тұрғын үй қатынастары мен жаңарту проблемалары (4,8%), құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері 3,4% құрайды.

Талдау көрсетіп отырғандай, халық экологиялық қауіпсіздік саласындағы проблемаларды (3,7%) көтерді.

Біраз облыстардың халқы бірқатар анықталған проблемаларды шешу үшін заңнамалық сипаттағы шаралар қолдану қажет деп санайды.

Осыған байланысты, сайлаушылармен айтылған қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге (13,3%) байланысты ұсыныстарды тиісті заң жобасымен жұмыс істеу кезінде «Нұр Отан» партиясының Фракциясы назарға алуы керек.




Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының – «Нұр Отан» партиясы фракциясы

мүшелерінің 2014 жылғы шілде мен тамыз аралығындағы көшпелі жұмысының шеңберінде анықтаған

өңірлердегі жүйелі проблемалар құрылымы
Қоғамдық қауіпсіздік 3,4 %

Тұрғын үй, ТКШ жаңарту 4,8%

Экология 3,7 %

Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру 13,3%

Экономика 26,7%

Әлеуметтік сала мәселелері 39,7%



Ауылды дамыту 8,4%


Жалпы республика бойынша
Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының

мүшелерімен кездесу барысында сайлаушылардың айтқан жүйелі

проблемалары мен ұсыныстарының

ТІЗБЕСІ


  1. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ




  1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу қажеттіліктері туралы:

  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі (ауылдық округтер бюджетінің табыстық бөлігін құрайтын салықтық базаны кеңейту, АЭА қатысушы-ұйымдарға жеңілдіктер, қолданыстағы аймақтық даму бағдарламаларын есепке алу);

  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (қаңғырып жүретін малдың иелерін жауапкершілікке тарту, алименттерді төлетудің тиімді шаралары);

  • «Қазақстан Республикасындағы кедендік іс туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Кедендік кодекс) (астық комбайндарының импортына кедендік баждарды төмендету);

  • Қазақстан Республикасының Жер кодексі (жер қорын, қала жерін, қала жанындағы аймақтарды пайдалану, жер учаскелер үшін базалық мөлшерлемелер төлемі, мақсатсыз пайдалану және жерді қайтару);

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарларын жариялау, жеткізушілерге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік сатып алудың тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік сатып алуды уақытылы және сапалы орындау);

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (қолданыстағы нормаларға сәйкестендіру);

  • «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (АЭА қатысушыларымен тең дәрежеде АЭА инфрақұрылым объектілерін пайдалануға беруді жүзеге асыратын және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдарға салықтық жеңілдіктер);

  • «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (ата-ананың біреуін өзінің мүгедек-баласын күтетін әлеуметтік қызметкер ретінде жұмысқа орналастыру, азаматтардың осы санаты үшін коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жеңілдіктер ұсыну, мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота бөлу тетіктерін анықтау);

  • «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (АІК және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіндегі қайшылықтарды алып тастау);

  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (АЭА қатысты жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері мен мәртебесін анықтау, мәслихат депутаттарының мәртебесін анықтау, сыртқы бақылаудың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және тексеретін органдардың құзіреттерін айқын бөлу, тексеру комиссияларының қосарлануын жою);

  • «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (зейнеткерлік жасты өзгерту, оның ішінде шахтерлер, әйелдер, тыл еңбекшілеріне ҰОС қатысушысы мәртебесін беру, көптеген КСРО мемлекеттік наградалары, Ленин ордені наградалары, «Еңбек ардагері» медалы бар тұлғалардың зейнетақы көлемін көтеру, )

  • Энергетика, су шаруашылығын реттейтін заңнамалар;

  • Жетімдік, оралмандар, асырып алушылар, мигранттар мәселесіне қатысты заңнама.




  1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау қажеттілігі туралы:

  • «Ардагерлер туралы»;

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар Еуразиялық одақ мемлекеттерінің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы;

  • Ауыз суды пайдалануды реттеу туралы.



  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

  • Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • отандық кәсіпкерлерді қолдау, заманауи технологияларды сатып алуға бюджеттен қаражат бөлу, өндірісті әртараптандыруды жүргізу, жаңа технологияларды дамыту, суды төлеуге суды пайдаланушылар шығындарын субсидиялау мөлшерін көбейту, егісті субсидиялау;

  • әкімшілік кедергілерді жою, бизнес қызметіне мемлекеттік органдардың араласуын қысқарту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік-жеке серіктестік мәселелерін шешу, тариф құру, салықтық әкімшілік ету, медициналық сақтандыру;

  • «2020 жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру проблемаларын шешу, «2020 жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын тиімді іске асыру, сондай-ақ жас кәсіпкерлерді дамыту үшін «Гранттық қаржыландыру» бағытына толықтырулар енгізу және аймақты дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру, «Даму» қоры арқылы жеңілдікті несиені алу және көбейту процедурасын жеңілдету;

  • ұн экспортымен байланысты проблемаларды шешу (астықты экспорттау ұнды экспорттаудан арзанрақ), балық өнімдерін шығару мәселелері;

  • шекара бойындағы аумақтарды, туризмді, курорттық-шипажай аумақтарын, сауықтыру лагерьлерін дамыту, туристік объектілері құрылысына рұқсат беру процедураларын шешу, туристер үшін қымбат емес әуерейстерін ұйымдастыру;

  • мұнай өңдейтін кешендердің құрылысы, жаңа кен орындарын игеру;

  • Қазақстан Республикасында асыл металдарды өңдеуге ықпал ететін экономикалық сипаттағы шаралар қолдану (лицензиялау, құрамында алтын бар шикізат экспортына ренттік салықты енгізу, Қазақстанда асыл металды тазарту бойынша кәсіпорындарға міндеттерді жүктеу);

  • республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың, көпірлердің және өтпе жолдардың құрылысы және оларды жөндеу;

  • жекелеген аймақтарда қоғамдық көліктерді жаңарту;

  • таза ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбырлары тораптарының құрылысы және оларды жөндеу, кәріз тораптары мен ғимараттарды қайта құру, «Ақ бұлақ» бағдарламасын табысты іске асыру үшін тиімді геологиялық барлауды қамтамасыз ету;

  • бюджеттік саладағы қызметкерлердің еңбекақысын көбейту;

  • әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының, газ бен бензиннің, коммуналдық қызметтердің бағаларын реттеу,

  • ауылдарды газдандыру, халықты табиғи газбен қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік сатып алу бойынша проблемалы мәселелерді шешу;

  • ҮИИДМБ іске асыру.



  1. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МӘСЕЛЕЛЕРІ


Зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту:
Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • әскери қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу, ауған соғысына қатысушылар мен ардагерлердің мәртебесі;

  • зейнетақы жүйесі мәселелерін шешу, оның ішінде зейнеткерлік жастағы әйелдер, шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер, шахтерлер;

  • 1-ден 1,5 жарым жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын төлеу мерзімдерін бекіту және көбейту;

  • БЖЗҚ қызметі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  • шетелдік қызметкерлердің көші-қоны мәселелерін шешу;

  • жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру және жұмыссыздықты төмендету мәселелерін шешу;

  • сайлау науқандарына қатысуға әйелдерді дайындау

  • автомобиль жасау саласында білікті кадрлардың тапшылық мәселелерін шешу;

  • балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жалға берілетін үйлерді алуы;

  • «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгілік ережесі» жобасына өзгерістер;

  • аз қамсыздандырылған азаматтарға адрестік әлеуметтік көмек мөлшерін көбейту;

  • мүгедектердің жүріп-тұруы үшін қажетті жағдай жасау (пандус, қоғамдық көлік, мемлекеттік мекемелер);

  • бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалар үшін оңалту орталығын материалдық-техникалық қамтамасыз ету (Павлодар қаласы).


Білім және ғылым:

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • дуалды оқытуды іске асыру;

  • Қазақстанда АКТ тапсыруына байланысты ресейлік ЖОО-ға колледждер түлектерінің кету ағымын төмендету;

  • жұмысшы кәсіптері бойынша кәсіптік бейімделу жұмысын күшейту;

  • мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы және оларды жөндеу, оқушыларды тамақтандыру, балабақшалардағы виражды балалар мәселелерін шешу және мектептерді қазіргі заман жабдықтармен қамтамасыз ету;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қолжетімдігін арттыру;

  • оқытушылардың біліктілігін арттыру, олардың дайындық деңгейіне байланысты дифференциалды еңбекақы төлеуді қалыптастыру;

  • мектеп автобустарымен қамтамасыз ету;

  • шағын комплекті мектептердің проблемаларын шешу: білім беру стандарттарының, бейімделген оқу бағдарламаларының жоқтығы, мұғалімдердің, оқулықтардың, психологтардың және әдіскерлердің жетіспеушілігі;

  • техникалық мамандықтарды «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мамандықтар тізбесіне енгізу;

  • жетім балалардың, аз қамсыздандырылған отбасыларынан және халықтың басқа да осал жіктерінен шыққан балалардың Кадет корпусына түсу мәселелерін шешу;

  • білім беру ұйымдарын лицензиялау проблемаларын шешу.


Денсаулық сақтау:

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • ауруханалардың, емханалардың, жедел көмек стансаларының, медицина орталықтарының құрылысы, оларды жөндеу, фельдшерлік бекеттерді ұйымдастыру, мектептер мен балабақшаларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету;

  • шипажайлық-курорттық емдеуді квоталау мәселесін шешу;

  • дәрігерлердің практикадан өтуі үшін медициналық мекемелерді ұйымдастыру;

  • шетелдік азаматтардың денсаулығын қорғау;

  • шығу тегі табиғи және синтетикалық жаңа химиялық қосындының биологиялық және фармакологиялық скринингінің бірыңғай жүйесін құру;

  • дәрілерді бұрмалаумен күрес;

  • ТМККК шеңберінде берілетін дәрілердің тізбесі туралы халықты ақпараттандыру;

  • инсульттық орталықтардың науқастары үшін емдеу процедурасының тізбесін және дәрілер таңдауының мүмкіндіктерін көбейту;

  • медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, үстемеақыларды белгілеу, тұрғын үй мәселелерін шешу;

  • донорлар төлемінің деңгейін көтеру;

  • психоневрологиялық және наркодиспансерлерде есепте тұрған азаматтардың бірыңғай республикалық базасын құру;

  • мәселелерді уақытылы шешу және ауруханаларды қаржыландырудың толықтығы, кадрлардың жеке меншік медицина ұйымдарына тұрақты кетуі, жергілікті жерлерде медицина қызметкерлерін оқыту, ЖМК (жедел медициналық көмек) қаржыландыруды көбейту және дамыту, халықаралық аккредитация;

  • әскери дәрігерлерді дайындау үшін факультет немесе жаңа медициналық ЖОО ашу;

  • Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтерді бақылау комитеті жүзеге асыратын тексерістердің жиілігін төмендету.


Мәдениет, жастар саясаты, туризм мен спортты дамыту:
Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • өскелең ұрпақ пен жастар саясатын жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлу;

  • жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу;

  • спорт алаңдарының, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы, спорт жабдықтарын сатып алу, студенттік спортты жандандыру;

  • иппотерапия және бейімделген ат спортты дамыту;

  • туристік инфрақұрылымды дамыту, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту;

  • облыстық театрлардың, Мәдениет үйлерінің, ауыл клубтарының құрылысы және оларды жөндеу, жабдықтарды сатып алу;

  • театр қызметін, гастролдік сапарларды қаржыландыруды көбейту, театр фестивальдарын өткізу, театр үшін автокөліктерді сатып алу;

  • театрлардағы кадрлардың тапшылық мәселелерін шешу, еңбекақыны көтеру, театр қызметкерлеріне тұрғын үй бөлу, ауылдардың мәдениет үйлері үшін қосымша штаттан тыс бірліктер бөлу, бірыңғай мәдениет органының мемлекеттік сатып алуды орталықтандырылып жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

  • тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және тазалау;

  • мұражайларда ғылыми археологиялық орталықтарды құру, тұрғын үй мәселелерін шешу, мұражай қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, білікті әдістемелік көмек көрсету, штаттық кесте нормативтерін бекіту;

  • мұражай экспонаттарын және кітапханадағы кітаптарды сатып алу үшін қорлар мен басқа да көздерді құру.



4. АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • ауыл инфрақұрылымын дамыту, ауылдық елді мекендерді газдандыру, су құбырлары мен ұңғымалардың құрылысы, ауыл тұрғындарын ауыз сумен және суарма суымен қамтамасыз ету, жер суаратын жүйені енгізу;

  • ауылдағы проблемаларды шешу, жеке қонысында малдарды ұстауға арналған ауыл шаруашылығына арналған жердің жоқтығы, жүгері астығын өткізу, ауыл шаруашылығын өндірушілер шығаратын өнімдерді қабылдауды ұйымдастыру;

  • ет, тері және жүнді қабылдайтын жергілікті жерлерде бекеттерді ашу;

  • ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, оның ішінде марал шаруашылығы, ауылда «2020 бизнес жол картасы» бағдарламасын тиімді іске асыру (жеңілдікпен несиелендіру, шаруа қожалықтарын субсидиялау, шағын несиелендіру, ауыл кепілдіктерін жою, несиені беруді бастаудың мерзімдерін ұлғайту);

  • тұрғын үй құрылысы, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жас мамандарға арналған жәрдемақыны көбейту, ауылда жұмыс істеу үшін медициналық ЖОО түлектерін ынталандыру, ауылда жастарды қалдыру үшін оқушылар бригадаларын құру;

  • КО елдері мен алыс шетелдерден әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау саласындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі агенттіктің жұмысын күшейту;

  • аудандық газеттердің жеткіліксіз қаржыландырылу мәселелерін шешу;

  • ауданаралық, кенттер ішіндегі автомобил жолдарын, темір жол арқылы өтетін өтпе жолдарды, автобандарды сапалы жөндеу, саябақтар, гүл бақтарын абаттандыру, көшелерді асфальттау, коммуналдық-тұрмыстық мәселелерді шешу, қазандар, спорт алаңдары және ауылдағы мәдениет объектілерінің құрылысы және оларды жөндеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет