Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы


ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ, ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТКШ ЖАҢАРТУ



бет5/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.95 Mb.
#174796
1   2   3   4   5

5. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ, ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТКШ ЖАҢАРТУ
Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • ауылдық округтер мен кенттер әкімдерін сайлау жүйесін жетілдіру;

  • өзін-өзі басқарудың тиімді тетіктерін енгізу, ауылдық округтің бюджетін толықтыру, салықтардан түскен ауылдық округтердің есебіндегі ақшалай қаражатты пайдалану тетіктерін пысықтау;

  • ауылдық округтер әкімдіктерін материалдық қамтамасыз ету;

  • қолжетімді тұрғын үймен, тұрғын үй бөлу кезінде ашықтық процедурасын қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйді бөлу, ауылдағы жас мамандар, медицина қызметкерлері, театр қызметкерлері, әскери қызметкерлер үшін тұрғын үй салу, «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын тиімді іске асыру, ЖТҚ үшін жер учаскелерін қамтамасыз ету;

  • мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін жеңілдікті тұрғын үйді ұсыну;

  • қалалар инфрақұрылымдарының қағанттанбаушылығымен, жылу-электро-сумен жабдықтаудың тапшылығым байланысты мәселелерді шешу;

  • қысқы кезеңге уақытылы дайындықты күшейту, жылумен жабдықтауды жаңарту, сумен жабдықтау торабын қайта құру;

  • тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің қызметін жақсарту, ТКШ саласында қызмет көрсету сапасына арттыру.


6. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • Қазақстанда сот әділдігі жүйесін жақсарту;

  • бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларға арналған Бейімделу орталықтарын заңнамалық (қылмыстық және қылмыстық-атқарушылық кодекстер), ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

  • құқық қорғау органдары жүйесіндегі азаматтардың өтініштерін қарау кезіндегі тиімділікті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мәселелерін шешу;

  • адамдардың (жалпы тамақтану және т.б.) денсаулығымен қамтамасыз етумен байланысты қызметтерді көрсететін кәсіпкерлерді тексеруге мораторийді алып тастау;

  • құқық қорғаудың, қоғамдық тәртіптің алдын алу;

  • жолдардағы ЖКО төмендету үшін құқық тәртібін күшейту.


7. ЭКОЛОГИЯ

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • тасты карьерлер жұмысымен байланысты экологиялық проблемаларды шешу;

  • автожолдар құрылысы кезіндегі экологиялық заңнама нормаларын сақтау;

  • экологиялық іс-шараларды жүргізу кезінде табиғатты пайдалану қатынастарына айыппұл санкцияларын қайта қарау;

  • өзендер мен көлдердің экологиялық жағдайын жақсарту;

  • ластайтын кәсіпорындар (АМТ Теміртау үшін) есебінен қоршаған ортаға мониторинг жүргізу үшін бақылау бекеттерін орнату;

  • өнеркәсіп орталықтарындағы экологиялық проблемаларды шешу, қалдықтар үшін полигондар салу, қорғасын зауытының қалдықтарын көму мәселелерін шешу (Шымкент), Қошқар-Ата қоймасын қалпына келтіру (Ақтау).


Өңірлер бөлігінде
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелерімен сайлаушылардың кездесулері барысында айтқан проблемалық мәселелер мен ұсыныстар

ТІЗБЕСІ


Өңірлердің атауы

Проблемалы мәселелер мен ұсыныстардың мазмұны



Ақмола облысы


Ақмола облысы

Ақмола облысы

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • жобаларды қаржыландырудың әлсіздігі мәселелерін, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» желісі бойынша шағын несие беру (Жарқайың ауданы) және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудағы проблемаларды (ауыл кепілдерінің заңдылығы мәселелері) қоса алғанда шешу;

  • бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, құрылыс пен бизнес үшін жер учаскелерін беру рәсімдерін оңайлату, туристік объектілерге кіреберіс жолдарды құру бойынша рұқсат беру рәсімдерінің мәселелерін шешу;

  • ауыл шаруашылық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, бизнеске арналған несиені қайтару мерзімін арттыру (3 айдан кейін өтеуді бастау мерзімі өте қысқа);

  • туристтер үшін Көкшетау әуежайына дейін қымбат емес әуерейстерін ұйымдастыру, көл жағасында туристік бағыттағы объектілердің құрылысы мәселелеріндегі заңнамалық нормаларды жетілдіру (Зеренді ауданы), Алакөл көлінің жанында курорттық-шипажайлық аймақты дамыту;

  • өңірлер өкілдерінің Субсидия беру ережелерін әзірлеуге қатысуы, бұл Субсидия беру ережелерін жиі өзгертуді төмендетуге алып келеді;

  • Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысымен және мәслихаттар депутаттарының мәртебесімен байланысты мәселелерді шешу;

  • ұнның экспортымен байланысты мәселелерді шешу (астық экспорты ұнның экспортына қарағанда арзанырақ);

  • ауылдардағы проблемаларды шешу, жеке аулаларында малды ұстау үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының жоқтығы;

  • Көкшетау қаласының № 11 орта мектебі үшін спорт алаңына арналған жабдықты сатып алуды, Аршалы кентіндегі ДСК (дене шынықтыру-сауықтыру кешенін), модуль үлгісіндегі спорт кешенін салуды қаржыландыру (Еңбекшілдер ауданы);

  • ескі қоғамдық көлікті жаңарту, «Астана – Ақкөл» автобанында Ақкөл автобус аялдамасын орнату;

  • Қосшы кентінде жолдарды салу, Астана-Новомарковка жолының Новомарковка-Ерементау, Жақсы-Қазгородок (Жақсы ауданы) учаскесін, Ақкөл қаласынан жақын арадағы ауылдарға дейін, Жарқайын, Еңбекшілдер аудандарының кент ішіндегі және Ақкөл қаласының жолдары мен тротуарларын жөндеу;

  • Дамса ауылының тұрғындарын таза ауыз суымен қамтамасыз ету, Қима-Жақсы су тартуының, Есіл ауданының Двуречье ауылындағы су құбырлары жүйесін күрделі жөндеу, Ақ Бұлақ бағдарламасын ұтымды іске асыру үшін тиімді геологиялық барлауды қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

  • Дамса ауылының кәріз желілері мен құрылыстарын және Мамай ауылындағы (Еңбекшілдер ауданы) және Пригородное ауылындағы (Шортанды ауданы) су құбырлары желілерін қайта құру;

  • мектептегі (Игілік ауылы) жылумен қамтамасыз ету жүйесі мен шатырды күрделі жөндеу, тұрғын үйлерге (Ерементау ауылы) орталық жылумен қамтамасыз етуді әкелу, Бозайғыр және Бектау орта мектептерін күрделі жөндеу (қаржыландыру мәселесі), Степняк қаласында бала-бақша құрылысы;

  • Шортанды кенті мен Степняк қаласындағы ауруханаларды жөндеу және салу;

  • ауылдың инфрақұрылымын, ауылдық Мәдениет үйлерін, Жарқайын ауданының спортзалдарын дамыту, Щучинск қаласының мұражайы үшін жабдықты сатып алу, Свободное ауылындағы ауылдық клубты күрделі жөндеу;

  • аудандық газеттерді (Ақкөл қаласы), гастрольдік сапарлар мен театр фестивальдерін өткізуге арналған (Көкшетау қаласы), театр үшін автокөлікті сатып алуға арналған қаржыландыруды арттыру;

  • тас карьерлерінің жұмысымен, Астана-Қарағанды автожолын салу кезінде экологиялық заңнаманы сақтаумен байланысты экологиялық жұмыстарды шешу, Аршалы кентіндегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірқатар техникалық шешімдерді қабылдау;

  • ауылдық округтер мен кенттердің әкімдерін сайлау жүйесін жетілдіру;

  • электр энергиясына (Ерементау ауданы) арналған тарифтерді арттыру, электр энергетикасы саласындағы баға қалыптастыру мен монополия (Зеренді ауданы) мәселелерін шешу;

  • Әкімшілік кодексте қаңғырып жүретін мал иелерін жауапкершілікке тарту бойынша заңнамалық нормаларды қабылдау;

  • кәсіпкер 10 жылға жалға алған ғимаратты сатып алу механизмін қарастыру (Щучинск қаласындағы «Мерей» жеке бала бақшасының қосалқы ғимаратын салу үшін);

  • зейнетақы жүйесі, әйелдердің, келісім-шарттағы әскери қызметкерлердің зейнеткерлік жасын көтеру, әскери қызметкерлерге әлеуметтік сауалнама жүргізу, ауған соғысының ардагерлері мәртебесі мәселелерін шешу;

  • балалар жәрдемақысын 1 жастан 1,5 жасқа дейін төлеуді тағайындау мерзімдерін арттыру;

  • Кадет корпусына жетім балаларды, тұрмысы төмен отбасылар балаларының және халықтың ең аз қамтылған топтарынан балалардың түсу мәселелерін шешу;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту;

  • жұмыс кәсіптері бойынша кәсіби бағдарлау жұмысын күшейту, ауылдағы жұмыс күшінің жетіспеушілігі проблемаларын шешу (Ерейментау ауданы), сонымен бірге жергілікті халық іс жүзінде жұмыс істемейді, масылдықпен айналысады, масылдарды жауапкершілікке тарту бойынша заңдарды қабылдау;

  • дуалды оқытуды іске асыру, ТжКБ базасында 10 ай оқыту мерзімдерін лицензиялаудың электрондық деректер базасына енгізу және колледждердің лицензияға қосымшаны алуы;

  • Қазақстанда АКТ-ны тапсыруға байланысты, жас түлектердің Ресейлік колледждер мен жоғары оқу орындарына ағымының артуын алдын алу;

  • дәрігерлердің практикадан өтуі үшін практикалық базаны ұйымдастыру, жергілікті жерлерде кадрларды бекіту механизмдерін айқындау, Жоғары техникалық мектеп түлектерінің (Көкшетау) бакалавриат пен магистратурадан өтуін ұйымдастыру;

  • мұражай қызметкерлері (Малиновка ауылы), театр әртістері (Көкшетау қаласы), медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй мәселелерін шешу, медициналық ұйымдардың МКК-ден ЖШЖ-ге өтуі медицина қызметкерлерін бюджет саласының қызметкерлері мәртебесінен айырады, сондай-ақ дәрігерлерге жүктемені арттырады;

  • шипажалық-курорттық емделуге квоталарды бөлу мәселелерін шешу;

  • жас дәрігер мамандарына еңбекақысын ынталандыру, жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырылған жоғары оқу орындары түлектерінің еңбек ақысының мөлшері бойынша мәселелерді шешу (жергілікті бюджеттен бөлінетін жалақының 19966 теңге мен республикалық бюджеттен 28482 теңге мөлшеріндегі айырмашылық);

  • кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиеленушілерінің құқықтарын, балабақшалардағы виражды балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

  • бастапқы бизнес үшін жарнаманы орналастыруға арналған мемлекеттік бажды алу мәселелерін шешу;

  • «ЭКСПО – 2017» көрмесіне дайындалу шеңберінде Щучинск қаласының Жоғары техникалық мектебі мен жылыту-механикалық зауытының базасында жел-энергетикалық қондырғыны әзірлеу мен орнату бойынша ғылыми-өндірістік кешенін жасау.

Ақтөбе облысы

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • жергілікті автожолдарды, Ақтөбе-Омбы халықаралық маңыздағы жолды жөндеу;

  • Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығын, шағын бизнесті қолдау үшін қаражат бөлу, «Даму» қоры арқылы жеңілдікпен несие беру көлемдерін арттыру;

  • ауылдарды газбен қамтамасыз ету;

  • ауыз сумен қамтамасыз ету;

  • Ақтөбе қаласындағы жылумен қамтамасыз ету маусымына дайындалу мәселелерін, ТҮКШ проблемаларын, терможаңғырту бағдарламасының шеңберінде тұрғын үйді сапасыз жөндеу мәселелерін шешу;

  • Қарғалы ауданында ауылдық спорт алаңдарын, спорт кешенін салу;

  • мәдениет объектілерін, облыс театрын салу, кітапханаларды жаңа әдебиетпен қамтамасыз ету, модульді жүйеге ауысу;

  • қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, ЖТС үшін жерді бөлу кезіндегі проблемаларды шешу;

  • жұмысқа орналастыру проблемаларын шешу;

  • мәдениет қызметкерлері, медицина мамандары үшін еңбек ақысын арттыру, психологиялық-эмоционалды жүктемесі үшін үстемақы төлеуді жүргізу;

  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру;

  • Бадамша ауылында бала-бақша салу;

  • Ақтөбе қаласында жаңа жедел медициналық жәрдем станциясын салу, ауруханаларды, мектептерді, мектепке дейінгі мекемелерді жетіспейтін медициналық жабдықпен қамтамасыз ету;

  • жаңа перинаталдық орталық үшін ғимарат, жетім балалар үшін жеке тұрғын үй салу.


Алматы облысы

Алматы облысы

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • жүгері астығын іске асыру мәселелерін шешу;

  • аграрлық секторда шағын кредиттермен қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу;

  • Талғар ауданын сумен қамтамасыз ету («Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды құбыржолын салуды аяқтау мен енгізу, Талғар топтық су құбырын «Су құбыры» МКК-ден КШШ теңгеріміне беруге ықпал ету, Тургень өзенінде 2 МВ-ға арналған шағын ГЭС салу);

  • мектептерді салу және жөндеу;

  • халықаралық автожолдарды күрделі жөндеу, елді мекеннің ортасынан өтетін республикалық автомобиль трассасымен байланысты проблемалық мәселелерді шешу (Қорғас ауылы);

  • Панфилов ауданын газбен қамтамасыз ету;

  • жұмыссыздықты төмендету, оның ішінде жоғары оқу орындарының түлектері мен Қапшағай әскери гарнизонының азаматтық тұлғаларын жұмысқа орналастыру;

  • тұрғын үйге кезекке қоюмен байланысты мәселелерді шешу;

  • ауыз суды тұтынуды реттейтін заңды қабылдау;

  • ауылдық почта, бала-бақша қызметкерлеріне еңбек ақысын арттыру;

  • балық өнімін шығару мәселелерін шешу;

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасына өзгерістер енгізу;

  • бірінші қажеттіліктегі тауарларға бағалардың өсуімен байланысты, коммуналдық қызметке арналған тарифтердің тұрақтылығы проблемаларын шешу;

  • халықты әлеуметтік қорғауды жақсарту, мұғалім әйелдер үшін 58 жаста зейнеткерлікке шығу жасын сақтау, төмен зейнетақыларды, оның ішінде ауған-ардагерлері үшін көтеру, өтеусіз медициналық емдеумен қамтамасыз ету, ІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік төлемдер;

  • Семей полигонының ардагерлері мәртебесін алуға көмек көрсету.

Атырау облысы


Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау;

  • жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу;

  • еңбекақыны және зейнетақыларды көтеру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

  • автожолдарды күрделі жөндеу (Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай, Қосшағыл);

  • Жылжымайтын мүлік орталықтарында құжаттарды дайындау үшін тарифтерді ретке келтіру, ХҚКО жұмысын жақсарту;

  • Тұрғын үймен, жолдармен және ауыз сумен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу;

  • балабақшалармен қамтамасыз ету;

  • әйелдердің науқастануын тудыратын экологияның ластануын төмендету, қалдықтар мен қоқыстарды өңдейтін зауыттар үшін полигондар салу;

  • Жайық өзенінің экологиялық мәселелерін шешу.


Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • «Ардагерлер туралы» ҚР Заңын қабылдау;

  • Құқық қорғау органдарының ШОБ заңсыз тексерулерін тоқтату, мемлекеттік органдардың құзыреттілік емес мәселелерін шешу, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау, ауыл шаруашылығын дамытуға, тұрғын үйге жеңілдікпен несие бөлу, шаруашылық қожалықтарды субсидиялау, марал өсіруді субсидиялау;

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандар үшін жәрдемақыларды арттыру, ауылдық елді мекендердегі жас мамандар үшін тұрғын үй салу;

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын тиімді іске асыру (Абай ауданы), ШОБ, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту (Глубоковск, Шемонаиха аудандары);

  • «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалын аудандық салықтық есепке алуға ауыстыруға ықпал ету (Шемонаиха ауданы);

  • жергілікті жерлерде жүн, тері және ет қабылдау бекеттерін ашу;

  • ШҚО-да республикалық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын салу мен жөндеу, Семей-Қалбатау жолын салуды толығымен аяқтау;

  • Риддер қаласы, Абай ауданының Көкбай ауылында ауыз сумен қамтамасыз ету;

  • парктерді, скверлерді жайластыру, көшелерге асфальт төсеу, Согра кентінің коммуналдық-тұрмыстық мәселелерін шешу, жер учаскесін балалар алаңына бөлу;

  • Семей қаласын қыс мезгіліне дайындау, жылумен қамтамасыз етуді жаңғыту, Прииртышское ауылының сумен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңғырту және Семей қаласындағы «ЖМЖА» КММК жаңа ауруханасы үшін жылу трассасын салу;

  • Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, ұшу мектебін қолдау;

  • «АЭС Согринская ТЭЦ» ЖШС-ның жылу энергиясына арналған тарифтерін төмендету;

  • ауылдық округтердің бюджетін қалыптастыру мәселелерін шешу;

  • тұрғын үйлердің иесіз қалу мәселесі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу, жер қоры туралы мәселелерді шешу, қаланың және қала маңындағы жерлерді орынсыз пайдалану мәселелерін шешу, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері үшін базалық ставкаларды белгілеу;

  • Заңға жерлердің орынсыз пайдалануы туралы мәселелерді өзгертуді және оларды мемлекетке қайтару механизмдерін әзірлеу;

  • еңбек заңнамасы, зейнеткерлік жасты өзгерту, оның ішінде шахтерлер үшін өзгерту, тыл қызметкерлеріне ҰОС ардагерлері мәртебесін беру мәселелерін шешу;

  • медициналық қызмет сапасын арттыру, иппотерапияны және бейімделу жылқы спортын дамыту;

  • шойыннан жасалған кәріз қақпақтарына тыйым салу мен полимерліктерге ауыстыру;

  • ҚР азаматтығын алу, шетел азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелерін шешу;

  • «ҚР-дағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу;

  • Ауылдық Мәдениет үйлері үшін қосымша штат бірліктерін бөлу;

  • шекара маңындағы пункттерді дамыту, Барлық-Арасан санаторийін қалпына келтіру, келешекте Бесқарағай ауданында сауықтыру лагерін салу;

  • балалар жәрдемақысының мөлшерін арттыру;

  • орман шаруашылығының қызметкерлеріне, БЖЗҚ қызметкерлерінің төмен жалақысын көтеру;

  • мектеп автобусымен қамтамасыз ету (Шемонаиха ауданы) мектептерді қосымша қаржыландыру (Ұлан ауданы);

  • ауылдық округтер мен кенттердің әкімдерін сайлау жүйесін жетілдіру;

  • Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау агенттігінің КО және алыс шетел мемлекеттерінен әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысын жетілдіру;

  • тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің жұмысымен байланысты мәселелерді шешу;

  • экологиялық мәселелерді шешу, зиянды заттардың шығарылуын төмендету, табиғатты пайдаланушыларға қатысты айыппұл санкциялары тәжірибесін қайта қарау: айыппұл салмай, экологиялық іс-шараларды өткізу мүмкіндігін беру.

Жамбыл облысы

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • БЖЗҚ қызметі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу;

  • суару жүйесін енгізу.




Батыс Қазақстан облысы

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • шағын бизнес жобаларын ауылдық жерлерде енгізу үшін несиелерді алудың күрделі рәсімдерін жеңілдету;

  • 1994 жылдан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың санаты үшін зейнеткерлік жүйені жетілдіру;

  • әскери іс-қимылдарға қатысушылар үшін заңнаманы жетілдіру;

  • мектептер мен бала-бақшаларда жалақы төлеу жүйесін жақсарту проблемаларын шешу, өсіп келе жатқан ұрпақ мәселелеріне неғұрлым жоғары назар бөлу және жастар саясатын жүргізу;

  • өзін-өзі басқарудың, ауылдық округ бюджетін толықтырудың тиімді тетіктерін енгізу;

  • кәсіпкерлер үшін гранттық қаржыландырудың сомаларын арттыру (алдынғы жылдар деңгейін қалпына келтіру);

  • шетел жұмысшыларының көші-қон мәселелерін шешу;

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын жетілдіру (31 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жариялау, конкурстар жағдайында есепке алу, кепілдіктен кейін қызмет көрсету);

  • тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мен тазарту;

  • Орал өзені алқабының экологиялық жүйесін жақсарту;

  • балалар-жасөспірім туризмін дамыту;

  • әйелдерді сайлау науқандарына қатысуға дайындау.


Қарағанды облысы

Қарағанды облысы

Қарағанды облысы


Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • қолжетімді тұрғын үйді салу;

  • ҮИИДМБ-ні іске асыру;

  • Мемлекеттік органдардың бизнес қызметіне араласу көлемін қысқарту, ШОБ қолдау, мемлекеттік-жеке серіктестік, тарифті қалыптастыру, салықтық әкімшілендіру, медициналық сақтандыру;

  • дәрі-дәрмектерді қолдан жасауға қарсы күрес, Дәрі-дәрмек сараптамасының Ұлттық орталығының өңірлік зертханаларын қамтамасыз ету;

  • биологиялық белсенді қоспалар банкі жұмысын жандандыру, табиғи мен қатар синтетикалық жаңа химия қоспаларына биологиялық және фармакологиялық скринингтің бірыңғай жүйесін жасау;

  • жергілікті өзін өзі басқару заңнамасына облыстың атқарушы органдарына ЕЭА инфрақұрылымы объектілерін басқару саласындағы өкілеттіктер беру бөлігінде, облыстық деңгей объектілері ретінде ЕЭА аумағында объектілердің мәртебесін белгілейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және осы объектілерді мемлекеттік қолдау тетігін белгілеу;

  • Салық Кодексіне және «ҚР-дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР Заңына пайдалануды жүзеге асыратын және ЕЭА қатысушыларымен қатар ЕЭА инфрақұрылымы объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдарға салық жеңілдіктеріне қатысты өзгерістер енгізу;

  • импорттық астық комбайндеріне арналған кедендік баждарды төмендету және ауылдық округтер бюджеттерінің кіріс бөлігін қалыптастыратын салық базасын кеңейту мүмкіндігін қарастыру;

  • халыққа ТМККК шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек тізбесі туралы хабарлау;

  • инсулин орталығының науқастары үшін (Қарағанды қаласы) емделу рәсімдерінің тізбесін және дәрі-дәрмектерді таңдау мүмкіндігін арттыру;

  • халыққа қызмет көрсететін және адамдардың қауіпсіздігімен байланысты кәсіпорындарды (тамақтану және т.б.) тексеруге арналған мораторийден алып тастау үшін тексеруге арналған мораторийге жататын шағын және орта бизнес кәсіпорындардың тізбесін қайта қарау;

  • сыртқы бақылаудың тәуелсіздігі мен тексеруші органдардың құзыретін нақты бөлуді заңнамалық қамтамасыз ету, ревизиялық комиссияларды қайталауды жою;

  • ауылда бекіту, жастар оқушы бригадаларын жасау үшін шағын жинақталатын мектептердің, білім беру стандарттарының, бейімделген оқыту бағдарламаларының жоқтығы, оқытушылар, оқулықтар, психологтар, әдіскерлер тапшылығы проблемасын шешу;

  • «Нұр Отан» партиясы Фракциясының Мәжіліс пен мәслихаттарда өзара іс-қимылы шеңберінде өңірде қабылданған заңдардың нормаларын қолдану мониторингі;

  • зейнеткерлік қамтамасыз ету, зейнетақылық төлемдерді индексациялау, ынтымақты зейнетақыны есептеу тәсілдерін өзгерту, әйелдердің, шахтерлердің (шахтерлер зейнеткерлікке 55 жаста шығатын РФ-ға кетуі) зейнеткерлік жасын төмендету мәселелерін шешу;

  • балалар жәрдемақысын арттыру;

  • медициналық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру, үстемеақыларды белгілеу;

  • донорларға ақы төлеу деңгейін арттыру;

  • медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге уәждемелеу;

  • халыққа ақылы қызмет көрсетуді дамыту, жоғары білікті қызмет көрсетулердің спектрін кеңейту, мұражайларға кітаптарды және кітапханаларға кітаптарды сатып алу үшін басқа дереккөздер қорларын қалыптастыру, мұрағаттың жаңа үлгідегі ғимаратын салу;

  • әлеуметтік маңызды азық түлік тауарларына бөлшек бағаларын реттеу, коммуналдық қызметке арналған тарифтердің өсу мәселелерін шешу (жылу-, электр энергиясы);

  • психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрған азаматтардың бірыңғай республикалық базасын жасау;

  • ХҚКО-лардың материалдық-техникалық базасын нығайту, қызметкерлеріне жалақысын көтеру;

  • ластаушы кәсіпорындар есебінен қоршаған ортаны мониторингтеу үшін қадағалау бекеттерін орнату (Теміртау қаласының АМТ);

  • «Қаныш Сәтпаев атындағы арнаны қайта жаңғырту» ТЭН-ді әзірлеу.

Қостанай облысы


Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • Буревестник ауылындағы су құбырын салу;

  • автомобиль жасау саласындағы білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу;

  • балаларды асырауға арналған алименттерді өндіріп алу туралы соттардың шешімдерін орындау бөлігіндегі заңнаманы жетілдіру;

  • балалар үйінде тәрбиеленген балалардың жалға алынатын тұрғын үйді алуы;

  • дуалды білім алу кезінде студенттерге практикадан өту уақытында ақы төлеу;

  • зейнетақылық аударымдар мәселелерін шешу;

  • ауған әскері мәртебесін беру;

  • Наурызым ауданындағы мектептерді қайта жаңғырту;

  • Бала-бақшалардағы орындармен қамтамасыз ету;

  • «Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламаның тізіліміне техникалық мамандықтарды енгізу;

  • шағын құрылыс компанияларға рұқсат беру үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, баға ұсыныстары бойынша сатып алу тәсілін қолдану кезінде жергілікті тауар өндірушілер үшін шартты жеңілдікті қолдану;

  • қолданыстағы өңірлік даму бағдарламаларын есепке алу үшін Салық кодексіне өзгерістер енгізу;

  • жас кәсіпкерлерді дамыту және өңірді дамытуға бағытталған кез-келген (тек қана инновациялық емес) идеяларды іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Гранттық қаржыландыру» бағытына толықтырулар енгізу;

  • мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту бойынша «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталаудың үлгі ережелері» жобасына өзгерістер енгізу.


Қызылорда облысы


Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • «Ардагерлер туралы» ҚР Заңын қабылдау;

  • мұнай өңдеу кешенін салу, жаңа кен орындарын игеру;

  • отандық кәсіпкерлерді қорғау, өндіріс әртараптандыруды жүргізу (мал өсіру, құс өсіру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу), жаңа технологияларды дамыту үшін қазіргі заманғы технологияларды сатып алуға, қосымша қаржыландыруға арналған қаржыны бюджеттен бөлу;

  • ауыл шаруашылық өнімдерін (сүт) қабылдауды ұйымдастыру мәселелерін шешу;

  • энергетиканы, су шаруашылығын, жетім балаларды, оралмандарды реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізу;

  • ауылдық елді мекендерді газбен қамтамасыз ету;

  • ауыз сумен қамтамасыз ету, скважиналарды салу;

  • Арал қаласының ортасынан өтетін темір жол арқылы өткелді салу, автожолдарды жөндеу, асфальт жабу;

  • Жалағаш аудандық ауруханасын салу;

  • ауа райының болжамы үшін метеожабдықты сатып алу және орнату;

  • электр энергиясына тарифтердің өсу мәселесін шешу;

  • малдың өлуінен келген зардапты өтеу (Жаңақорған ауданындағы 3800 бас);

  • мұражайлар жанынан ғылыми археологиялық орталықтарды құру, мұражай қызметкерлеріне жалақысын арттыру, білікті әдістемелік көмек көрсету, штат кестесінің нормативтерін белгілеу;

  • театрларда кадрлардың тапшылығы, театр қызметкерлеріне еңбек ақысын көтеру және тұрғын үй бөлу мәселелерін шешу.

Маңғыстау облысы


Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС емханасын жекешелендіруге жол бермеу;

  • «Қошқар - Ата» қоймасын қалпына келтіру

  • Қызыл-Төбе аулында жол салу, Ақтау қаласындағы жол кептелістерін жою үшін көшедегі жол желісін жаңғырту;

  • ауыз сумен қамтамасыз ету тұрақтылығын қамтамасыз ету, Ақтау қаласында жаз мезгіліндегі энергия қуатымен қамтамасыз ету проблемаларын шешу;

  • Мұнайлы ауданындағы медицина қызметкерлерінің және олар үшін тұрғын-үй тапшылығының, медицина қызметкерлерін тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

  • бала-бақшаларындағы орындармен қамтамасыз ету, кезек ұзақтығын төмендету үшін шаралар қабылдау және кезекте тұрғандардың өтініштерісіз e-gov кезегінен алып тастауды болдырмау;

  • Ақтау қаласындағы көріктендіру және жасыл екпелерін суару проблемаларын шешу;

  • Ақтау қаласындағы жалдамалы тұрғын үйді салу, халықты тұрғын үймен және ЖТҚ үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету;

  • энергия ресурстарына тарифтерді немесе жеңілдік тарифтері бойынша тұтыну көлемдерін көтеру, тәулік уақыты бойынша электр энергиясына дифференциалды тарифтерді жою кезінде аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көлемін арттыру;

  • мүгедектердің қозғалуы үшін жеткілікті жағдайлар жасау (пандустар, қоғамдық көлік, мемлекеттік мекемелер);

  • сот ұйымдарының тиімсіз жұмысы, ХҚККО жұмысының мәселелерін шешу;

  • жұмысқа орналасу мәселелерін шешу (жоғары білімі бар жұмыссыздар өте көп).


Павлодарская область

Павлодар облысы

Павлодар облысы


Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • «ҚР-да тұрақты тұруға ықтиярхаты бар Еуразия одағы мемлекеттерінің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы» Заңға заңнамалық деңгейде бастамашылық ету, КСРО-ның көптеген мемлекеттік наградалары, Ленин Ордені наградасы, «Еңбек ардагері» медалі бар зейнеткерлер үшін зейнетақының мөлшерін көбейту;

  • әскери қызметшілерді, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету, әскери қызметшілерге жалдамалы үй үшін өтемақы төлеу мәселелерін шешу;

  • жинақталған зейнетақы төлемдерін жеке меншікке және мемлекет иелігіне ауыстыру құқығы, не толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі созылмалы жүйке ауруларымен ауыратын мүгедектер тұратын мамандандырылған мекемелерде болу уақыты ішінде зейнетақылық төлемдерді есептеуді тоқтату туралы мәселені заңнамалық деңгейде қарастыру;

  • мәдениет қызметкерлеріне еңбек ақысын арттыру (мұражайдағы орта айлық жалақы 30-35 мың теңге), мектеп-интернаттарының директорлары үшін үстемақының мөлшерін базалыққа емес лауазымдық жалақыға байланысты есептеу;

  • «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына ата-анасының біреуін өзінің мүгедек баласына қарайтын әлеуметтік қызметкер ретінде жұмысқа орналастыру, азаматтардың осы санаты үшін коммуналдық қызмет көрсетулерге ақы төлеу бойынша жеңілдік беру бөлігінде толықтырулар енгізу;

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын жетілдіру (жеткізушілердің елеулі бюджет қаражатын игермеуге әкелетін төмен сападағы тауарды жеткізгені туралы ұзақ сот рәсімі), сондай-ақ интернат үлгісіндегі мемлекеттік білім беру мекемелерін киімді мемлекеттік сатып алудан алып тастау ;

  • бірыңғай мәдениет органының мемлекеттік сатып алуларды орталықтандырылған сатып алуын ұйымдастыру;

  • Прииртышское ауылындағы «Балдәурен» балалар сауықтыру лагерін ҚазТрансОйл жылу желілеріне қосу;

  • жастар саясатының мәселелерін, оның ішінде құқық бұзушылықтар, қоғамдық тәртіпті бұзу профилактикасы, балалардың келуі мақсатында, скаут лагерін тиімді пайдалану, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде скаут әдісін пайдалану;

  • автомобиль жолдарын салу және жөндеу;

  • өңірді индустриалдық-инновациялық дамыту мәселелерін шешу;

  • Баянауыл ауданындағы туристік инфрақұрылымды дамыту;

  • Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығын заңнамалық (қылмыстық және қылмыстық атқару кодекстері), ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

  • «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР-ның 09.07.2014 жылғы №591 Заңының бірқатар ережелерін (осы Заңның 13-бабының 2-тармағы ҚР АІК 308-1-бабының 1-тармағына қайшы келеді), сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексті қайта қарастыру және жетілдіру;

  • алимент төлемейтін ата-аналарға тиімді әсер ету шараларын қабылдау;

  • балаларды қаржылық сауаттылыққа оқыту үшін қамқоршы ретіндегі аналарға қолма-қол қаражат бөлу мәселелерін заңнамалық шешу;

  • кепілгерлері бар зейнеткерлік жастағы азаматтар үшін ипотекалық кредиттерді бермеу мәселелерін шешу;

  • Павлодар ауданының ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелерін ұтымды бөлу мәселелерін шешу (шетелдік жалдаушылар жерді пайдаланбай, қосалқы жалдауға береді, бұл шаруашылық өнімдердің құнын елеулі өсіреді);

  • суды пайдаланушылардың суға ақы төлеу шығыстарын субсидиялау, егін отырғызуды субсидиялау көлемдерін артыру, өңірдің фитосанитарлық қауіпсіздігін бақылау жөніндегі жұмыстарды өткізу (сәбіз ауруының себебі анықталмаған);

  • Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың (қаражат бар) жолдарды жөндеу және Баянауыл мемлекеттік табиғи паркінің аумағына электр өткізу бойынша жұмыстарды өткізуге рұқсат алу;

  • Баянауыл ауданында фельдшер пунктін ұйымдастыру.


Солтүстік Қазақстан облысы


Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • «Ардагерлер туралы» Заңын қабылдауды жеделдету;

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы қолданыстағы Заңды қайта қарастыру немесе жаңа Заң қабылдау;

  • ауылдық округтердің шотында салықтардың келіп түсуінен бар ақша қаражатын пайдалану, ауылдық округтердің әкімдіктерін көлікпен қамтамасыз ету механизмін пысықтау;

  • орталық аудандық қазандықты, мемлекеттік тілде оқытатын мектепті салу;

  • автожолдарды, оның ішінде Ғ. Мүсірепов ауданындағы автожолдарды сапалы жөндеу;

  • студенттер спортын дамыту, облыс орталығында спорт алаңдарын салу;

  • спорт мекемелеріне дәрігерлерді бекіту.





Оңтүстік Қазақстан облысы



Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • ауыз сумен қамтамасыз ету;

  • ауылдарды газбен қамтамасыз ету;

  • жеңілдікпен несие алу рәсімдерін оңайлату;

  • қорғасын зауытының (Шымкент) қалдықтарын көму мәселелерін шешу;

  • жастарға мемлекеттік бағдарлама бойынша үй берумен байланысты проблемаларды шешу.


Астана қаласы



Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • балалардың «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ-де болу жасын арттыру (18-ден 23-ке дейін), медициналық қызмет көрсетпейтін, тек қана әлеуметтік бағыттағы мекеменің атауын өзгерту, қызметкерлердің еңбек ақысын өсіру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

  • тұрғын үй мәселелерін шешу, «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын іске асыру, жалдамалы үй салу, ипотекалық несиелендіру бойынша пайыздық ставкаларды төмендету;

  • Астана қаласының «№2 Қалалық балалар ауруханасы» ПХВ-ны МКМ-ді уақтылы және толық қаржыландыру, кадрлардың жеке медицина ұйымдарына тұрақты түрде кетуі, медицина қызметкерлерін жергілікті жерлерде оқыту, қаржыландыруды арттыру және ЖМЖ (жедел медициналық жәрдемді) дамыту, халықаралық аккредитация мәселелерін шешу;

  • әскери дәрігерлерді даярлау үшін факультетті немесе жаңа медициналық жоғары оқу орнын ашу;

  • дәрі-дәрмектер сапасының төмендігі мәселелерін шешу, түпнұсқаларды дженериктермен ауыстыру;

  • Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметін бақылау комитетінің тексеру жиілігін төмендету;

  • Халыққа «Ана үйі» (дағдарыс орталығы) және «Балам-ай» (мүгедек балаларды дамыту орталығы) қоғамдық қорлардың жұмыс істеуі туралы хабарлау;

  • заңнамалық базаға жетімдер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу;

  • балаларды асырап алу, жетімдер мәселелеріндегі жалпы статистиканы дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (әртүрлі ведомстволардың бір және сол мәселе бойынша талдау және статистикалық деректерінің сәйкес келмеушіліктерін болдырмауға мүмкіндік береді);

  • балаларды мектепке дейінгі мекемелердегі орындармен қамтамасыз ету, бала-бақшалар мен мектептерді салу;

  • лицензиялау, құрамында алтын бар шикізат экспортына рента салығын енгізу, кәсіпорындарға құнды металдарды тазарту міндетін бекіту, Қазақстан Республикасындағы құнды металдардың айналымына ықпал ететін экономикалық сипаттағы шаралар қабылдау, инвестициялық алтынды сату айналымын ҚҚС-тан босату;

  • АЭА объектілері үшін салық заңнамасы мен кеден заңнамасының сәйкес келмеу, «Астана-жаңа қала» АЭА Индустриалды паркіне қатысушылар үшін салықтар бойынша жеңілдіктер қолдану, АЭА аумақтарын инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу.

Ақтөбе қаласы

Мыналардың қажеттілігі туралы:

  • шағын және орта бизнесті дамыту проблемаларын шешу;

  • мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру;

  • гранттарды бөлу кезінде салық салуды жетілдіру;

  • жоғары категориядағы мектеп және колледж оқытушыларына еңбек ақы төлеу мәселелерін шешу;

  • Қазақстандағы сот әділеттігі жүйесін, сот өндірісінде пәтер мәселелері бойынша алаяқтардың әрекеттерін уақтылы қарастыруды жақсарту;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық қорғау органдарында азаматтардың арыздарын қарау кезіндегі тиімділікті арттыру шараларын күшейту;

  • жолдағы ЖКО-ларды азайту үшін құқықтық тәртіпті күшейту;

  • Тұрғын үй департаментіндегі кезектілік тәртібін сақтау;

  • үй маңындағы учаскелер мен қала көшелерін абаттандыру;

  • әскери қызметшілер мен тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының түлектерін оқыту бағдарламасына өзгерістер енгізу;

  • Желтоқсандықтардың келесі мәселелерін шешу:

  • «Желтоқсан – 86» тарихы бойынша кітаптарды шығаруға қаражат бөлу;

  • Сараланған әлеуметтік көмек көрсету;

  • «Желтоқсан – 86» ұйымдарына Демократия үйіндегі үй-жайларды өтеусіз жалға беру.



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының аппараты дайындады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет