Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары


-тарау. Жануарлар мен құстарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін



бет5/11
Дата04.03.2022
өлшемі60.95 Kb.
#455964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 >AK

6-тарау. Жануарлар мен құстарды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

72.

Автокөліктің кіреберісінде/шығаберісінде қақпалардың, дезинфекциялық тосқауылы бар бақылау-өткізу пункттерінің болуы

Өрескел

73.

Жануарларды өткізу объектісінің аумағына қаңғыбас ауылшаруашылығы және ет қоректі үй жануарларының енуін, сондай-ақ келушілердің аумаққа белгіленбеген жерлерден келушілердің өтуіне кедергі қоршауының (жануарларды өткізу объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 м тұтас немесе торлы дуалдың) болуы

Өрескел

74.

Түрлері бойынша өткізілетін жануарларды ұстауға арналған орындарда қалқасы, оттығы және суарғышы бар секциялардан тұратын қашалардың болуы

Өрескел

75.

Қолданылған су мен шайындыларды орталық кәрізге ағызу үшін түбі мен қабырғасынан су өтпейтін арнайы шұңқырдың болуы. Қолданылған су мен шайындылар арнайы шұңқырда зарарсыздандырылғаннан кейін ғана орталық кәрізге ағызылады

Өрескел

76.

1 м тереңдікке қазылған тікбұрышты алаң түріндегі уақытша көң қоймасымен жабдықтау

Өрескел

77.

Көңді кейіннен биотермиялық зарарсыздандыру үшін уақытша көң қоймасынан апта сайын арнайы орынға шығару жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

78.

Жануарларды өткізу объектісінің ветеринариялық пунктінде:
1) жұмыс кабинетінің;
2) жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру үшін қажетті ветеринариялық құралдар мен аспаптар жиынтығының болуы

Елеулі

79.

Жануарларды сату объектінің таза аймағына кіретін келесі элементтерінің болуы:
1) жануарларды өткізу объектісінің аумағына кіреберіс/шығаберіс;
2) жануарларды өткізу объектісінің әкімшілік ғимараты;
3) жануарды сатып алушыларға арналған қатты жабынды қашалар секцияларының бойында тротуары бар қарау алаңы

Елеулі

80.

Жануарларды сату объектінің лас аймағына кіретін келесі міндетті элементтерінің болуы:
1) автокөліктің кіруіне және шығуына арналған қақпа;
2) жануарларды өткізу объектісіне жануарларды өткізу үшін әкелген жануарлар иелеріне арналған кіреберіс және шығаберіс;
3) дезинфекциялық заттарды сақтауға арналған қойма;
4) жемшөп сақтауға арналған орын;
5) жануарларды тасымалдаған көлік құралдарына арналған уақытша тұрақ;
6) пандус басқышы және тасып әкелінген немесе ертіп әкелінген жануарларды түсіруге арналған кіреберісі бар жинақтаушы қаша;
7) пандус басқышы және сатып алынған жануарларды тиеуге немесе шығаруға арналған шығаберісі бар жинақтаушы қаша;
8) ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстауға арналған оқшаулағыш;
9) ветеринариялық пункт;
10) жануарларды түрлері бойынша сату үшін орналастыруға арналған ашық секцияларының болуы

Елеулі

81.

Жануарларды сату объектісінде жануарлар, персонал және келушілер қозғалысының бағыттарының қиылыспау қағидатының сақталуы және сату объектісіне кіргізілетін жануарларды және шығарылатын жануарлардың бір-біріне қарсы ағындарының қиылысуын болдырмау

Елеулі

82.

Өткізілетін жануарларды күтіп-ұстау үшін жағдайлардың болуы, олардың түрлері бойынша қалқасы, оттығы және суарғышы бар секциялардын тұратын қашалармен жабдықтайды

Елеулі

83.

Жануарлардың ветеринариялық құжаттарын тексеру және ветеринариялық қарап-тексеру үшін жануарларды қозғалтпай ұстап тұратын арнайы станокпен жабдықталған жануарларды жинақтағыш қашаның және өткелектің болуы

Елеулі

84.

Жануарларды сату объектісінде көңнен, қоқыстан тазалап шығарудың, сондай-ақ дезинфекция жасаудың әкімшілік бекіткен кестесінің болуы

Елеулі

85.

Жануарларды өткізу объектісінің ветеринария саласындағы маманы нөмірленген, тігілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық дәрігерінің мөрімен және қолымен бекітілген арнайы журналда өткізу үшін жануарларды өткізу объектісіне келіп түсетін жануарлар туралы мәліметтерді (өткізілетін жануардың иесі, жеке нөмірі, жасы, түсі, түрі, жынысы, ветеринариялық байқау нәтижелері) тіркеу жүргізу, оларды кейіннен дерекқорға енгізу жөніндегі талапты сақтау

Елеулі

86.

Ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстайтын оқшаулағыштың болуы

Елеулі

87.

Оқшаулағышқа кіреберісте дезинфекциялық төсеніштің болуы

Елеулі

88.

Жануарларды ұстайтын қашаларда дренаж каналдары жағына 30-60 еңістің болуы. Дренаждық каналдар қазылған шұңқырға қарай 30-50 еңіс етіп жасалады

Елеулі

89.

Норманы сақтай отырып, жануарларды қашаларға орналастыру талаптарын сақтау:
1) ірі жануарлар (түйелер, жылқылар, ірі қара малдар) үшін – бір жануарға 3 м2;
2) ұсақ жануарлар (қойлар, ешкілер, шошқалар) үшін – бір жануарға 1,7 – 2 м2

Елеулі

90.

Жануарларды өткізу объектісінің аумағында қалқасы мен бетондалған едені бар, есігі бар, тығыз материалмен қоршалған жемшөптерді сақтауға арналған орынның болуы

Болмашы

91.

Оқшаулағышта оттық және суарғыштың болуы

Болмашы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет