Қазақстан Республикасы Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жодауы 01қыркүйек 2021 жыл; анықтамалар психология



бет4/9
Дата21.06.2022
өлшемі0.61 Mb.
#459391
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Есенова Диссер

Кушунова Диана. Жеке штрихтардан тұратын сызықтар мен үзік сызықтар мазасызданудың белгісі. Қарындаш сызығының кей жерлерде басыңқы түсуі эмоцианалды лабильділіктің айғағы. Экстравертті позадағы ұзын саусақтардың салынуы қарым-қатынаста өтелмеген қажеттіліктің көрсеткіші.
Шешенғара Алихан. Түзетулерімен үзік сызықтарда мазасызданудың нақты дәлелі. Суреттің безендірілуі, қосалқы детальдардың бейнесі (сөмке, әртүрлі түстер) өзін-өзі көрсету ұмтылысы қарындаш сызығының бірде басыңқы бірде әлсірей түсуі эмоцианалды лабильділіктің белгісі, бала көңіл-күйінің еш себепсіз жиі ауытқып тұруы. Кең жайылған қолдар экстраверттіліктің белгісі, бірақ олардың қысқалығы және білектердің салынбауы қарым-қатынас тәжірибесінің жетіспеуінің немесе үстіртін қарым-қатынастың көрсеткіші.
Жұмабай Ескендір. Көптеген түзетулер, үзік сызықтар мазасызданудың белгісі. Адам бейнесіндегі үрей агрессивтілікті айғақтайды. Үлкен көздер күманданғыштық пен қоғамдық ойға тәуелділіктің белгісі. Ұзын әрі қуатты қолдар сыртқы әлем жағдайларына қатысты бағдардың белгісі. Білексіз салынған қысқа саусақтар үстіртін қарым-қатынас пен тәжірбесінің жетіспеуінің белгісі.
Кенжеғара Жанель. Мазасызданудың көрсеткіштері кездеседі. Әшекейлер мен ұқыптылықпен салынған еріндер өзін-өзі көрсету ұмтылысының айғағы.Аяқсыз сурет тұрақсыздықтың белгісі.
Мулдагалиев Әділет. Қыз ұл баланың суретін салған. Өз жынысымен еш ұқсастығы жоқ. Суреттің тігінен алғанда қағаздың ¼ бөлігін алуы — сарыуайымшылықтың белгісі. Жұмулы көздер баланың өзінің ішіне жан дүниесіне бағдарланудың айғағы. Адам қолдарының артқа тығылуы ешкіммен араласқысы келмеудің дәлелі.
Психикалық күйлердің мәліметтері төмендегі кестеде келтірілген.
“Адамның бейнесі” атты проективті әдістеме бойынша анықталған психикалық күйлер.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі - олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ак, кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге
байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру
мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік
қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден,
әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және
сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей коймайды.Адамдар, арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде карастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін "сүйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты -үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы түрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың шығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі - бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен-бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-біріне бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік), Көп жағдайда адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметгік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспестік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.
Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп -бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік-психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік-саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесіп тұрады: өзара келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетеді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынас кейін ресми бекігенімен, тату-тәтті туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор - бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды.Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе алады ма, не сезбейді ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу). Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондай да қарсыласын түбелегін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай.
Ірілі-кішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъекттердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетері баршаға аян.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні - адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес.Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса,
қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігөр күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік - қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Ой-өрісі кең дамыған, жасы бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін - оның даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін -адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз
үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.
Басқа адам туралы түсінік өзіндік санамыздың деңгейімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты: бір жағынан, өзің туралы түсініктің байлығы басқа адам туралы түсініктің байлығын анықтайды, екінші жағынан, неғұрлым басқа адам толық ашылып көрсетілсе,соғүрлым өзің туралы түсінік кең қалыптасады.
Адам өзін басқа адам арқылы саналы түсінеді. Өзін басқа адам арқылы саналы түсінудің екі жағы бар -идентификация және рефлексия.
Қарым-қатынас, жоғарыда көрсеткендей, ақпаратты қарапайым берумен шектеліп қана қоймайды. Сол жемісті болу үшін, ол міндетті түрде кері байланысты қажет етеді, өзара әрекет ету нәтижелері туралы ақпаратты субъектінің алуы.
Сонымен, тұлға аралық қабылдау үрдісінде кері байланыс түсінік беретін функцияның және өзін-өзі басқару қызметін атқарады.
Сөйтіп қарым-қатынас жасу нәтижесінде білім мен іскерлік ықылас –ынта ойлар мен сезімдер алмасып отырады.
Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы және олардың өздеріне серік іздеп, әріптестер таңдауы адам психологиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе болып табылады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен бай-ланысты екендАдам өз өмірінің барысында оларды өзінің даралық қасиеттеріне байланысты қайта өңдеп, өткен тәжірибесіне, ішкі ниеті мен сенімдеріне сүйене отырып, ассоциативті байланыстардың негізінде (мысалы суретті жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес талқыланды). Проективті әдістемелер жанама түрінде адамның эмоциялық ерекшеліктері мен невротикалық реакцияларын зерттеуге жағдай жасай отырып, оның даралықтарын көрсетеді.
Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге психология әлемінде қалыптасқан әдіс-тәсілдер қолдануда.Берілген әдістемелерді мектеп жасындағы юбалаларды зерттеуге кеңінен қолданылады.Зерттеулерді балалармен жүргізу барысында үлкен нәтиже береді.Бұл әдістемелерді сыныптан тыс жұмыстарда, оқу барысында
қолдануға болады. Әр ортада қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге болады. Балала арасындағы қарым-ұатынасты зерттеу бағдарламасының үлгісін Леонтьев /еңбектерінде кеңінен көрсетілген.Жиналған мәліметтер бойынша қарым-қатынас жүйесінің қалыптасқанын бағалау көрсеткіштері: ортадағы адамдармен қарым-қатынасы,ашықтығы, мейірімділігі, сенімділігі./105,76/.
Топтағы қарым-қатынасты зерттеуге арналған ДЖ. Морено әдістемесі.Психологиялық қызмет көрсету барысында көптеген ерекшеліктерді байқауға болады.Осы қолданған әдістемелер өз жұмысымда көрсетіп отырмын. Әр адамның қарым-қатынас мәдениеті оның жекелік қасиеттерімен тығыз байланыста деуге болады.Сонымен қатар бала
арасындағы қарым-қатынас мәдениетін зерттеу психологияда қалыптасқан әдістер бойынша жүргізіледі.Әр баланың жас ерекшеліктеріне қарай зерттеу жүргізген кезінде шығарылған нәтижелері берілід.Зерттеу барысында социометриялық талдауғ диагностикалар көмегімен баланың жеке ерекшеліктерін талдауға мүмкіндіғ кеңінен болды.
Зерттеу кезінде балалардың қарым-қатынасын анықтау мақсатында « Қарым-қатынасқа даярлыұ деңгейңн анықтау тесті қолданылды.Бұл әдістің мақсаты:балалардығ қарым-қатынас жасау қабілетін анықта. Орындайтын ережесі: Жас шамасындағы балалардығ қарым-қатынас жасауға қабілетін анықтау үшін оларға бірнеше сұрақтар оқылады.Сұрақтың үш жауабы бар. Балалар қажет деген жауапты таңдап алады.Зерттеудің нәтижелері Кестеде берілген
Зерттелінген балалардың көбі қарым-қатынас жасауға дайын екендігін көрсетті.Келесі жүргізілне сауалнама «Сен досыңа жол бере аласың ба».
Мақсаты: қарым-қатынас барысында басқаларға сыйластықпен , сол адамның пікірімен санаса алама соны бағалау.Орындау тәртәбә: әр сұрақты тыңдап, оған нақты жауап беру керек.Нәтижесі кестеде берілген.Зерттеу қорытындысы келесі көрсеткіш бойынша беріледі. Егерде ұпайы 20-44 болса – төмен. Ренжіскенде сен шыдамдысың және қандай жағдай болсада келісімге келесіз.Екі адамның арасындағы жаңдайды түсіндіріп жатқанда үндемей қалған адам мейірімді деп ойлайсыз.Егерде ұпай саны 46-74 болса. Бұл жағдайда дауласқанда пікірталасқан адам өз ойын дәлелдегенде оның ойы сенімен тең болған кезде, әлде оның пікірі зияны болмағанда сен оны қолдайсығ.Егерде ұпай саны 76-100 болған жағдайда сенің ұраның «Бүкіл өмір - күрес». Реніш сен үшін міселені шешу оңай әдісі болып табылады.Зерттеу нәтижесі кестеде берілген.
Зерттеу нәтижесі бойынша комуникативтікжәне ұйымдастырушылық қабілеттері орташа екенін көрсетті.Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді. Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

3 ЖАС ШАМАЛАРЫНДА АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫН ЗЕРТТЕУ


3.1 Әртүрлі жас шамасындағы балалардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу


Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақ тарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді. Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде даудамайды, жанжалды қатынастар өрбиді. Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бэрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл остранизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс калады, еленбейді. Осыдан өзі қатарлардан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі - олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ак, кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.Бірақ өмірде жеке және қызметтік қарымқатынастар арасында мындай өзара кіріге
байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру
мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік
қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден,
әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және
сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей коймайды.Адамдар, арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде карастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін "сүйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты -үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.
Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы түрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың шығуынан.Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі - бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен-бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-біріне бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе алады ма, не сезбейді ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу).Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.Қарым-қатынас – социумдық ұғым болғанымен, адам өмірінің ең маңызды әрі күн сайын жолығатын дүниесі. Тап қазір осы мақаланы оқып отырған Сіз осы уақытқа дейінгі сізбен болған бүкіл қарым-қатынастың өнімісіз. Демек, индивидаралық коммуникация белгілі бір тұлғаның бойындағы барлық қасиеттерді, түсінік-көзқарастары мен ұстанымдарын, талғам-қабілетін қалыптастыратын ең қымбат валюта. Ал оны дұрыс қалыптастыру мәселесі өз алдына бөлек дастан. Әсіресе, жас ата-ана мен бала арасы.
Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні - адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды. Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігөр күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Қарым-қатынас – үйлесімді, бақытты және шуақты өмірдің бір бөлігі. Әртүрлі белгілер мен өлшемдерге сәйкес қатынастардың бірнеше жіктелімі бар. Енді көлденең және тік қарым-қатынастардың айырмашылығын және оларды шатастырмай, өз уақытында дұрыс қолдану ретін айтайық.
Психология оқулықтарындағы қарым-қатынас классификациясы санаға біршама салмақ түсіруі мүмкін. Қарапайым түрде түсіндірсек, тік қарым-қатынас отбасылық байланыста жиі көрінетін иерархия түрінде жүреді. Іңгәлап жарық дүние есігін жаңа ашқан сәби ақ парақтай пәк. Ал соған ақпар жазып, болмысын бедерлейтін бәдізшілер – ата-ана, қоршаған орта.
Бала өсіп, есейген сайын құрдастарымен қарым-қатынаста болуды қажетсінеді. Біртіндеп достар шеңберін құру арқылы қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Алаөкпе асқынғанда, өтпелі шақта жасөспірім ата-анаға қарағанда құрдастар-құрбыларына көбірек көңіл аударады. Бұл – заңдылық.
Тұлға → ағайын → туыс → дос (сырлас) → сыныптас/группалас → көзтаныс → ұстаз → әріптес → кумир .
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты Лисина А.өз зерттеулерінде./99,26/Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік - қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.Ой-өрісі кең дамыған, жасы бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.
Сонымен қатар жас шамасындағы баалардың өарым-қатынасын анықтау мақсатында социометриялық талдау әдістемелері қолданылды.
Социометриялық талдау негізінде оқушылардың сынып ұжымындағы орнығ досымен ,ортадағы адамдармен қарым-қатынасы анықталады. Бұл зерттеу барысында бірнеше сыныптарда социометриялық зерттеу жүргіздім. Бұл жерде ұжым мүшелерінің қарым-қатынасын көрсеттім.Әр баланың ұжымдағы жаідайын зерттеу үшін социометриялық өлшеу әдістемесімен талдау жүргіздік. Әдәстемені қолдану Морено ұсынған вариантпен көрсетілді.Балаларға жауап парағымен жұмыс істеу әдісі көрсетілді. /86,32/. Мектеп психологы ретінде ең қажетті кеңінен пайдаланытан тренинг жұмыстары деп ойлаймын Өйткені тренинг арқылы баламен жақсы қарымқатынас орнатуға болады. Тренингтер балаға сенімділік, мейірімділік береді.Топтағы тұлғалардың бірін-бірі өзара қабылдауы көптеген факторларға байланысты. Тұлғалардың өзара бірін-бірі қабылдауға оның негізгі факторы ретінде тұлғалар арасындағы қатынастар ғана емес, индивидтің топтағы қатынасы да әсер ете алады. Индивидтің топты қабылдауы, тұлғалардың өзара қабылдауы жүзеге асатын фон тәріздес. Осылайша, индивидтің топты қабылдау мәселесі, тұлғалардың бірін-бірі қабылдауда екі түрлі әлеуметтік – перцептивті процесті байланыстыратын негізгі мезет. Ұсынылып отырған әдістеме индивидтің топты қабылдауының үш мүмкін “типін” анықтауға жағдай жасайды . Қабылдаушының дербес іс-әрекетіндегі топтың рөлі, қабылдау типінің көрсеткіші ретінде анықталады. 1 - тип. Индивид топты өз іс-әрекетінің кедергісі ретінде қабылдайды немесе оған бейтарап қатынаста болуы мүмкін. Топтың индивид үшін дербес құндылығы жоқ. Мұның барлығы іс-әрекеттің біріккен формаларынан бас тарту, дербес жұмыс атқаруға ынталану, басқалармен қатынасына шек қою сияқты әрекеттерінде көрінеді. Бұл “дербес ”топ. 2 – тип Индивид топты қандайда бір мақсаттарға жетуге ықпал ететін құрал ретінде қабылдайды. Сонымен бірге, топты индивид “пайдасы” жағынан бағалайды. Көмек көрсете алатын, қиын мәселелерді шеше алатын немесе қажет ақпараттың көзі ретінде топтың беделділерімен араласуға тырысады. Бұл “прагматикалық”, яғни “пайдакүнем” тип. 3 -тип Индивид топты дербес құндылық ретінде қабылдайды. Бүтіндей топқа ортақ және оның жеке мүшелерінің мәселелері бірінші жоспарда. Топтың әрбір мүшесінің жетістігіне қызығушылық таныту және топтың біріккен іс-әрекетіне өз үлесін қосу әрекеттері көзге түседі.
Жұмыстың ұжымдасқан түрлеріне қажеттілігі басым. Бұл “ұжымдық ” топ. Жоғарыда анықталған үш типтің негізінде зерттелінуші индивидтің топты қабылдауының басым типін анықтауына жағдай жасайтын арнайы анкета құрастырылғанТопты зерттеу нәтижесінде алынған жауаптардың негізінде индивидтің топты қабылдаудың әрбір үш типі бойынша ұпайлары есептелінді.
Индивидтің топты қабылдауының ұжымдық типі 5 адамда байқалды (60 %), Дербес тип 2 адамда (35 %), прагматикалық (пайдакүнем) 1 адамда (15 %) байқалады Топта өз құрылымы мен даму динамикасы бар іскер және жеке сияқты қатынастардың маңызды жүйелері бар. Жеке өзара қатынастар бала тұлғасының қалыптасуы мен ұжымның өміріне айтарлықтай әсер етеді. Топтың ішкі құрлымы жайлы және ондағы әрбір баланың орны туралы нақты ақпараттың болмауынан ұжым мен жеке тұлғаның дамуын басшылыққа ала алмас едік.Топтың дамуын басшылыққа алу мақсатында ұжымның даралығы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеу хақында, тұлғалар арасындағы қатынас пен қарым-қатынасты зерттеудің тиімді әдістерін әлеуметтік психология ұсынады. Қатынас - тікелей бақылауға болмайтын ішкі күй болса, ал қарым-қатынас - адамдардың бір-біріне деген нақты әсерлері түрінде жүзеге асатын, сырттай бақылауға болатын сыртқы процесс, сондықтан да бір жағынан қатынас, екінші жағынан карым-қатынас түрлі зерттеу әдістерін талап етеді. Қатынастар жайында ақпараттармен қамтамасыз ететін және тікелей қарым-қатынасты зерттеуге жағдай жасайтын әдістерді нақты талдай білген жөн.Біріншісіне сұрақнамалардың барлық түрлері жатса, екіншісіне өздігінен пайда болатын және зерттеуші тарапынан туындайтын өзара шынайы әрекеттестіктің негізіне сүйенген эксперименталды әдістер жатады.Зерттеу жұмысымыз әр жас шамасындағы балалармен жүргізілгендіктен,оларды ұйымдастыратындай, бәріне бірдей ортақ қызықтыратындай, құлшыныспен кірісетіндей іс-шараларды жүргізуді мақсат тұттық.Осы орайда, балалармен әрқайсысының бойындағы тұйықтықты, ұялшақтықты, тартыншақтықты, кейбіреулеріндегі мазасыздық пен агрессивтілікті төмендету үшін әуелінде мынадай ойын тренингтерді ұйымдастыруды жөн көрдік: Мәселен, “Қарым-қатынас” атты тренинг жаттығуында балалардың өз-өзіне деген сенімділікті оятуға, сарыуайымды жеңуге, ішкі үйлесімге жетуге талпындырады.Ал балаларды мазасыздықты, қорқынышты жеңуге және ортаға бейімделуге икемдеу мақсатында “Көбелекті ұстау” тренингі жүргізілді. Бұл ойындар демалыс маусымы ішінде бірнеше рет қайталанып жүргізілді.
Балалар бір-біріне жақын таныс болып, өзара бір-бірін жақсы біле бастаған сәттерінде “Күн жүйесі” ойынын ойнау ұсынылды.Топтағы жарасымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында жүргізілген ойындар мен тренинг-жаттығулармен қоса, балалардың құлшынысын тудырып, қабілеттерін танытатын, белгілі бір ортақ істі түсіністікпен ұйымдастыра алуларына жағдай туғызу мақсатында «Қарым-қатынас мәдениеті», «Адамдармен қарым - қатынас жолдары»

Балалардың жеке басының ерекшеліктерін анықтау мақсатында, танымдық қабілеттерін зерттеуге арналған, Ф.Гудинаф ұсынған “Адамның бейнесі” атты тест қолданылды. Бұл әдістеменің негізінде баланың жеке басында қандай психологиялық кемшіліктердің байқалатыны жайлы дәл жорамалды анықтауға жағдай жасалды.Осы әдістеме бойынша анықталған психикалық күйлерді 3 – кестеден қараңыз Социометриялық әдістемелер түрлі жас шамаларын қамтыған тұлғалар арасындағы ішкі қатынастардың динамикасын зерттеу үшін, тұйық топшаларды, топтың ішкі ауыз бірлігінің дәрежесін, топтық мотив, дау-дамайлар шегін анықтау үшін қолданылады.Алынған мәліметтер бойынша Г.Айзенктің экстроверттілік пен нейротизімнің екі факторлы үлгісі құрастырылды.Бұл жұмыстың нәтижесі кестеде берілген.Нақты жұмыстың қорытындысы шығарылыған. (2-кесте)

3.2 Баланың қарым - қатынастарын бағалаудың талдамасы


Г.Айзенктің жеткіншектерге арналған сауалнамасын шарты бойынша сұрақтарына жауап беру ұсынылып оның нәтижесін өңдегенде мынадай жетістіктер байқаладыТоптағы тұлғалардың өзара қабылдауын анықтауда “Индивидттің топты қабылдауы” әдістемесін қолдандық.Бұл әдістеме негізінде индивидтің топты қабылдауының үш мүмкін “типтік” анықтауға болатынша көз жеткіздік. Қабылдаушының дербес іс-әрекеттеріндегі топынң рөлі, қабылдау типінің көрсетікші ретінде анықталады Осы 3 типтің негізінде зерттеуші индивидтің топты қабылдауының басым типін анықтауына жағдай жасайтын арнайы анкета құрастырылған. Әдістемені пайдалана отырып, топты зерттеу нәтижесінде алынған жауаптардың негізінде индивидтің топты қабылдауының үш типі бойынша ұпайлары есептелінеді.


« Қарым- қатынас» тренинг сабағы
Мақсаты : Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа , достыққа , шындыққа , тәрбиелікке үйрету.
Тренинг тақырыбы: « Қарым – қатынас мәдениеті »
Мақсаты: Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу. Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту.Тәрбиелеудің табысы сыныптағы балалардың арасындағы тұлға аралық қарым-қатынасты білу және әрбір оқушының басқа баламен
Қазіргі уақытта социометрияны психологтар, әлеуметтанушылар, мұғалімдер, конфликтологтар, әлеуметтік қызметкерлер белсенді қолданады. Бұл әдістің сөзсіз артықшылығы – топ ішілік қатынастар кестелер, диаграммалар, графиктер және сандық мәндер түрінде нақты түрде көрсетіледі. Алайда, бұл ақпараттың барлығы топтың толық сипаттамасы емес, өйткені ол басым тұлғааралық артықшылықтардың, жанашырлық пен антипатия қатынастарының сипаттамасы болып табылады. Сонымен қатар, топтағы бейресми қарым-қатынастардың барлық алуан түрлілігінің ішінен ұсынылған сұрақтардың тұжырымында көрсетілгендері ғана анықталады. Ақырында, социометрия кейбір топ мүшелерін басқалардың таңдау немесе қабылдамау себептерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ол әдетте басқа шағын топтық зерттеу әдістерімен бірге қолданылады.
Социометриялық диагностикалық процедуралардың негізгі ұғымдары мен мазмұнын қарастырыңыз.Таңдаусоциометриядағы өлшем және талдау бірлігі болып табылады. Белгілі бір жағдайларда өз тобының мүшелерімен қарым-қатынасқа қатысты адамның жеке көзқарасын білдіреді.
Зерттеу тапсырмасының сипатына қарай критерийлер ажыратылады коммуникативтітоптағы қарым-қатынастарды анықтауға
Анықталған қатынастардың сипаты бойынша критерийлер бөлінеді қос, серіктестік қатынасты, сайлаушылар мен ол таңдаған ұстанымдардың теңдігін білдіреді (мысалы, «Кіммен кемпингке баруға келіспейтін едіңіз?»), және кәдімгібасшылық пен бағыныштылықтың иерархиялық қатынастарын орнатумен байланысты («Сіз топ басшысы ретінде кімді таңдар едіңіз?»)).Жауаптардың сипаты бойынша критерийлерді болжауға болады Шағын топта өтетін және адамның әлеуметтік «микроортасын» жасайтын тікелей әлеуметтік өзара әрекеттесу процесі тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеудің, оның қызметін әлеуметтік-психологиялық ынталандырудың және реттеудің аса күшті факторы болып табылады. Шағын топ - маңызды элемент әлеуметтік жүйе жалпы алғанда, ол өзі өрілген әлеуметтік қатынастарды өзіне бағыттайды, оларды топ ішілік қатынастарда бейнелейді. Бұл қатынастардың механизмдерін білу ғылыми негізде құрылған әлеуметтік басқарудың қажетті элементі болып табылады. Сонымен қатар, шағын топта бұл механизмдердің әрекеті соншалықты айқын және әртүрлі, бұл әлеуметтік шындықты түсіндірудің әртүрлі тәсілдерін - социологиялық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық, динамикалық әдістерді сәтті қолдануға және талдауға мүмкіндік береді. және статистикалық және т.бШағын топтағы эмоционалды тікелей қарым-қатынастарды зерттеудің ең тиімді әдістерінің бірі социометрия. Бұл топтағы тұлғааралық қатынастарды сандық бағалаудың бір түрі. «Социометрия» термині латынның societas – қоғам және гректің metruin – бір жағынан саланы өлшеу және белгілеу деген сөзінен шыққан. әлеуметтік психология және топ ішіндегі ұнатулар мен ұнатпауларды зерттеуге баса назар аудара отырып, сандық әдістерді қолдана отырып, шағын топтардағы тұлғааралық қатынастарды зерттейтін әлеуметтану, ал екінші жағынан, практикалық мәселелерді шешудің сәйкес құралдарын зерттеу, жетілдіру және пайдалануды қамтитын қолданбалы бағыт. проблемалар. Рөлдік репертуарды саралай келе, «Жұлдыздар» тобының басқа мүшелеріне қарағанда белсенділік деңгейі жоғары, олар мейірімді, саналы. Бұл балалар тұлғааралық қарым-қатынасты реттейді, топты басқарады, топ қызметін ұйымдастырады, жоспарлайды және басқарады. Бұл топтардың жетекшілері топтық іс-әрекеттерге қатысты тікелей шешім қабылдайды, топты ынталандырады және оны белгілі бір мәселелерді шешуге бағыттайды. Көшбасшы әрқашан табысты бола бермейді, белгілі бір жағдайларда көшбасшылық мүмкіндіктері артуы мүмкін, ал басқаларында, керісінше, азаяды. Топта «Жұлдыздардан» басқа да бар. әлеуметтік рөлдер... Топтың көпшілігі қабылданады және артықшылық беріледіБелгілі бір уақытта тұлғааралық қатынастарды үйлестіру үшін келесі әдістерді қолдануға болады, бірақ бұл үшін топ индивидтердің жиынтығы емес, барлық мүшелердің мінез-құлқына әсер ететін қауымдастық екенін есте ұстаған жөн: Жеке тұлғаларды бірлескен қызметке қосу. Бұл әрекет, алайда, топтың әрбір мүшесінің өмірінде маңызды болатыны сонша, ол оның құндылықтарын әсер ету немесе сендіру арқылы емес, өз бетінше қабылдайды; тәрбиеленушісінің жеке тұлғасын қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайларды іздестіру нәтижесінде қалыптасты. Оқушылардың қарым-қатынасы және қарым-қатынас мәдениеті ұғымына төмендегідей анықтама беруге болады:Қарым-қатынас дегеніміз – мұғалім мен оқушының мақсаты бір педагогикалық мәселелерді шешу кезіндегі сөз, қимыл-қозғалыс, ым арқылы бір-бірімен байланыс жасауы.
Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз.Оқушылардың бойында қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейі мен сапасын өлшеп көрсету өте күрделі. Адамгершілік қасиеттерді сақтай отырып, басқа адамдарға психологиялық қысым көрсетпей оң бағытта қарым-қатынаста болғанда ғана, қарым-қатынас мәдениетін сақталғанын көруімізге болады. Жалпы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеуде түрлі әлеуметтік психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдердің басым көпшілігін қолдануға болады. Осы әдістемелердің негізінде сыныптағы балалардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу барысында көптеген ұтымды жерлері бар.
Балалар сабақ барысында, сыныптан тыс көптеген іс-шаралар жүргізгенде, оқу-тәрбие мәселелерін шешу барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сонымен балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізу, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта достары, бос уақытында бірге ойнайтын құрбылары бар. Сыныптағы ұжымішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауға болад Оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті оның өзіндік дара қасиеттеріне тікелей қатысты. Сондықтан оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әр баланың даралық өзіне тән ерекшеліктері мен қасиетерін анықтау керек. Осы жеке – даралық қасиеттерді анықтап, бағалау үшін мынадай әдістемелерді қолдануға болады.
Қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге пайдаланылатын әдістемелер Агрессияны анықтауға арналған Басса-Дарки әдістемесі; Э. Берннің трансактілік талдау және Дж.Морено ұсынған «Социометрия» әдісітемесі;
Адамдар аралық қатынасты анықтауда социометрия әдісі көмектеседі. «Социометрия» әдісі адамның қарым-қатынасының психологиялық жақтарын және оқушылар арасындағы бір-бірімен қатынасын анықтайды.
Оқушылардың бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра отырып, сонымен бірге түзету жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Топта қолайлы жағдайларды қалыптастырудың тиімді жолы – ойын тренингін жүргізу. Тренингтің негізгі мақаты – әрбір жеке тұлғаның өз ортасында, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу. Топта жүргізілетін тренингтер арқылы оқушылар өзін еркін ұстап, өз ойларын еркін жеткізіп, эмоцияларын меңгере алады, шешім қабылдауға үйренеді, тұлға аралық қарым-қатынас құра алады.
Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жақсартуға өзін-өзі тану, тұлғалық дамуын қалыптастыру, ойдың икемділігін, ойлаудың дәлдігі, ұтқырлығын мен жылдамдығын жаттықтыру, өзінің және өзгенің даралығын дамытуға арналған психологиялық жаттығуларды қолдануға болады. Вирджиния Сатирдің «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» психологиялық жаттығуы /53/, «Мәдениаралық өзара әрекет» тренингі /85/, Ситуативті-коммуникативті ойындар т.б. тренингтерді жүйелеп, қолдану тиімді.
Ойын адамның қабілетін, мінез-құлқын, топтармен қарым-қатынасын жасау жолдарын, адамгершілік құндылықтарын анықтап, байқауда тиімді әдіс-тәсілдер болып табылады. Түзету жұмыстарының көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі. Ойын барысында тұлғаарлық қатынасты құру арқылы балалардың жалпы қарым-қатынас мәдениетін көтеруге мүмкіндік туады. Топта балалардың бір-біріне сенім артып, қарым-қатынастағы маңыздылығын жеке түсінуге көмек көрсетіледі және серіктестік қатынас кезінде өзінің өте маңызды екенін, оның әсерін түсінеді.Мен балалардың арасындағы қарым қатынасты анықтау мақсатында психологиялық тренингтар қйымдастырдым. Бұл тренингтар әрт.рлі жас амасындағы балалардың арасындағы қарым қатынсаты анықтау,а бағытталған тренингтар еді. Зерттеу барысында ьақылағаным осындай тренингтар арқылы бала арасындағы қарым қатынасты бақылауға болады.Мысалы мына тренингты өткізген кезде. «Қарым – қатынас мәдениеті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет