Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру:
ТММКК-ні қаржыландыруды жетілдіру мақсатында өңірлер бойынша ТММКК-ні қаржыландырудың бірыңғай көлемдері айқындалатын болады. Сонымен бірге өңірлер арасында ТММКК-ге шығыстардың айырмасын кезең кезеңмен қысқарта отырып денсаулық сақтауға арналған шығыстар ұлғайтылатын болады. Денсаулық сақтауда бюджеттерді бағдарламалық шоғырландыру және медициналық-санитариялық алғашқы және консультациялық-диогностикалық көмекті қаржыландыруды орталықтандыру жүзеге асырылады. ТММКК-ні жетілдіру оны нақтылау және оңтайландыру (объективті өлшемдер негізінде) және МСАК көлемдерін кеңейту және мамандандырылған көмек көлемін оңтайландыру жағына медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында қаржыландыруды қайта бөлу жолымен жүзеге асырылатын болады. ТММКК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер мен дәрілік заттар тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту де жоспарланып отыр. Амортизациялық аударымдары тарифке енгізе отырып, ТММКК қызметтеріне тариф қалыптастыру жүйесі жетілдірілетін болады және негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі артады.
Азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында ТММКК-ге кіретін кейбір қызмет түрлерінің құнын қоса төлеу тетіктерін әзірлеу жоспарлануда. Қоса төлеу қызметтің мұндай түрлерін шамадан тыс пайдалануды біртіндеп шектеуге, ал екінші жағынан ТММКК-ге кіретін қызметтер үшін заңсыз төлемдер мен сыйақылардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдарлама шеңберінде қоса төлеуді көздейтін медициналық қызметтердің көлемдерін, құрылымын, түрі мен нақты тізбесін нақтылау жоспарлануда.
Нысаналы инвестициялауға айрықша көңіл бөлінетін болады: апатты және жапсарлас үй-жайларда, әсіресе ауылда орналасқан денсаулық сақтау объектілерін қайта жаңарту. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» атты Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында инвестициялық саясат жетілдіріледі, бірінші кезекте ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын регламенттейтін ұлттық стандарттар әзірленетін болады.
Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі шаралар мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
-
БҰДЖ аясында қаржыландыру тетіктерін жетілдіру:
ТММКК-ні қаржыландыруды кезең-кезеңмен орталықтандыру, МСАК-ты, консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыруды орталықтандыру;
медициналық ұйымдардың ТММКК-ге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ету шараларын жетілдіру;
ақшалай қаражаттың ағыны туралы мәліметтерді жинаудың, тізімдемеге енгізудің, бағалаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ету;
медициналық ұйымдар түрлі көздер есебінен алатын, оның ішінде ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алатын қаражатты есептеу жүйесін жетілдіру;
жан басына шаққандағы екі компонентті нормативті және ішінара қор иелену үлгісін енгізу;
стационарларда емдеу нәтижелерін ескере отырып, емделген жағдай үшін бірыңғай тарифтер бойынша төлеудің медициналық-экономикалық тарифтерін одан әрі жетілдіру;
қаржы ағынын стационарлық көмекке жұмсалатын шығысты қысқартуға және МСАК қызметі мен аурулар профилактикасына жұмсалатын шығысты көбейтуге қарай бөлу тетігін әзірлеу;
медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің түпкілікті нәтижеге бағдарланған сараланған жүйесін жетілдіру;
-
тариф саясатын жетілдіру:
тарифке амортизациялық аударымды қосуды есепке алып, ТММКК аясында көрсетілетін медициналық қызмет тарифін жасау жүйесін жетілдіру;
тарифтерді қалыптастырудың және медициналық қызметке жұмсалатын шығынның орнын толтырудың инновациялық әдістемелерін енгізу: жан басына шаққанда екі компонентті норматив, қорды ішінара иелену.
-
азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру және медициналық сақтандыруды одан әрі дамыту:
ТММКК-ге кіретін кейбір қызмет түрлерінің құнын азаматтардың қоса төлеу тетіктерін әзірлеу;
шетел азаматтарын медициналық сақтандыруды енгізу;
ТММКК-ден тыс қызмет көрсетуге берілетін медициналық ерікті сақтандыруды дамыту.
-
денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіру:
өңірлік ерекшеліктерді есепке алып, инвестицияны жоспарлаудың ғылыми тұрғыдан негізделген жүйесін әзірлеу;
материалдық-техникалық базаны теңестіру және нығайту қағидатын іске асыру үшін бірінші кезекте, амбулаториялық қызмет күші жеткіліксіз өңірлерде денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына, қайта жаңартуға және жөндеуге арналған мақсатты инвестициялау,
саланың басымдық берілген бағыттары бойынша денсаулық сақтауға салынған салымның мониторингі мен тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;
денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту тетіктерін әзірлеу және енгізу:
-
денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту;
-
негізгі құралдарды мемлекеттік қаражат есебінен сатып алу және оларды ТММКК көрсетуге қатысатын жеке құрылымдар лизингі жағдайында тапсыру жүйесін енгізу
-
денсаулық сақтау саласына шетелдік инвестицияны тарту.
4.4. Медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі:
Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық қызметтерді ұйымдастыру мен көрсетудің қазіргі заманғы технологиялары енгізіледі, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі (нақты ауруларда немесе патологиялық жағдайларда) дәлелдеу медицинасының қағидаттарына сәйкес расталады. Медициналық ұйымның деңгейінде сапаны басқару жүйесі жетілдіріледі және клиникалық практиканың сапасын арттыру мен медициналық технологияларды бағалау (стандарттау, дәлелдеу медицинасының қағидаттарын енгізу негізінде) жүйесін енгізу, сервисті дамыту және бағдарланған технологиялар-пациент бойынша жұмыс жалғасатын болады. Медициналық көмек сапасының сыртқы аудиті жетілдіріледі. Қазіргі заманғы сапаны басқару технологияларын енгізудің қисынды жалғасы денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу жалғастырылады. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық стандарттар негізінде, ал кейіннен халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ медициналық көмек сапасының халықаралық және ұлттық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететін және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілер жетілдірілетін болады.
4.4.1. медициналық қызметтің сапасын және қауіпсіздігін басқару тетіктерін жетілдіру:
денсаулық сақтаудың ұлттық стандарттарын әзірлеу және енгізу;
көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын басқарудың аурухана ішіндегі, сапаны үздіксіз жақсарту қағидаттарына негізделген, жүйесін (CQI) енгізу;
клиникалық нұсқауларды, диагностикалау мен емдеу хаттамаларын жетілдіру, оларды қолдану тиімділігінің мониторингі жүйесін енгізу;
халықаралық қағидаттарға негізделген медициналық ұйымдарын ұлттық аккредиттеуді дамыту;
халыққа денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиімділігі туралы ақпарат беру жүйесін әзірлеу және енгізу;
пациенттер мен қоғамдастықтың әлеуетін арттыру және жалпы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту процесіне қатысуын көтермелеу;
денсаулық сақтау ұйымы қызметін ішкі және сыртқы аудит нәтижелері негізінде рейтингілік бағалау жүйесін әзірлеу;
аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.
4.4.2. медициналық этика, деонтология және пациенттер құқықтарын қорғау институтын дамыту:
барлық деңгейде халықаралық этика қағидаттарын енгізу және этика комитеттерін құру;
медицина қызметкерлері мен пациенттер құқығын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
дәрігер қателіктерін олардың жіктегішімен және пациенттердің денсаулығына зиян келтірудің ауырлық деңгейімен дербестендіру (анықтау) жүйесін құру және енгізу;
пациенттердің құқықтарын регламенттейтін ақпаратқа қол жеткізуді арттыру;
ТММКК шеңберіндегі қызметтер тізбесін қосқанда отандық медицина ұсынатын әртүрлі ауруларды емдеудің, профилактиканың тиімді әдістері және мүмкіндіктер туралы халықты ақпараттандыру.
5.5. Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру:
медицинада инновациялық технологияларды енгізу және дамыту
Мақсаты: денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін құру және инновациялық технологияларды дамыту.
Негізгі міндеттері:
-
Денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесін жетілдіру;
-
Ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу.
Бағдарлама шеңберінде дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және білім беру жүйесін және денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамытуды жетілдіру, сондай-ақ денсаулық сақтаудағы инновациялық технологияларды енгізу және ғылымды одан әрі дамыту жоспарланып отыр. Жаңа университет базасындағы Медициналық мектепте дәрігерлерді даярлау Америка моделі бойынша жүргізілетін болады. Кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесімен салыстырғанда, бұл модель шеңберінде Premed міндетті кәсіпке дейінгі даярлық болуы, медициналық мектепке түсу үшін арнайы іріктеу рәсімі, сондай-ақ қорытынды аттестаттау алу үшін тәуелсіз емтихан тапсыру көзделген.
Қол жеткізу жолдары
5.1. Денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамытуды жетілдіру аясында мынадай жұмыстар жоспарланып отыр:
-
денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу,
денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесін өңірлік сұраныс негізінде жетілдіру;
корпоративтік басқару қағидаттарын енгізе отырып, білім беру ұйымдарын басқарудың дербестігін және ашықтығын арттыру;
медициналық ЖОО-лардың, колледждердің бітіруші түлектерінің және денсаулық сақтау саласының практикадан өтуші жұмысшыларының білімдерін және дағдыларын тәуелсіз бағалау институтын енгізу.
5.1.2. материалдық-техникалық базаны жаңғырту:
мемлекеттік медициналық ЖОО-лардың жеке клиникаларын салу;
студенттер жатақханаларын салу;
медициналық ЖОО-лардың оқу-клиникалық орталықтарын және зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандыру.
5.1.3. медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру:
Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін одан әрі дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру;
дәрігерлерді халықаралық озық стандарттарға сәйкес Жаңа университет базасында даярлаудың инновациялық жүйесін енгізу;
шетелдік аккредиттеу ұйымдарының қатысуымен медициналық ЖОО-ларды аккредиттеу;
шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
инновациялық білім беру технологияларын енгізу, профессорлар мен оқытушылар құрамының әлеуетін көтеру, шетелдік үздік тәжірибені тарту;
медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік білім беру және дамыту жүйесін жетілдіру.
5.2. Ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу мыналарды көздейді:
-
медициналық ғылымды басқарудың және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу:
корпоративтік басқару қағидаттарын енгізе отырып, медициналық ғылым ұйымдарын басқарудың дербестігін және ашықтығын арттыру;
мультиорталықты зерттеулерді, оның ішінде жетекші әлемдік ғылыми орталықтарды дамыту;
денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалаудың халықаралық индикаторларын енгізу.
-
медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту:
регенеративті медицина, молекулалық биология және жасуша технологиясы орталықтарымен бірге Астана қаласында «Өмір туралы ғылыми институт» ғылыми-зерттеу кешенін құру;
көпшілікке арналған, әлемдік үздік стандарттарға сәйкес келетін, құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 ғылыми орталық құру;
ЖОО ғылымының деңгейі мен сапасын арттыру;
денсаулық сақтау саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау, оның ішінде PhD магистратура және докторантура шеңберінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіру;
әлемге танылған ғалымдарды шақыра отырып, жас және перспективалы ғалымдардың шетелде тағылымдамаларын ұйымдастыру.
5.6. Дәрілік заттардың сапасын және халық үшін қолжетімділігін арттыру
Мақсаты: халықты сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және еліміздің дәрілік препараттарға қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін отандық өндірістің есебінен 50 %-ға жеткізу.
Негізгі міндеттер
1) Халықты сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.
2) денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтау, медициналық озық технологияларды қолдану және сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру.
3) дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.
4) мемлекеттік стандарттарға сәйкес жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығаруды дамытуға жәрдемдесу.
Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында пациенттерге дәріхана мен дәрілік затты таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реформалау жүргізілетін болады.
Пациенттерді барабар дәрі-дәрмекпен емдеу және дәрілік заттардың пациенттердің неғұрлым басым бөлігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету халықты тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың басымдықтарының бірі болады. Халықтың және аурулардың санаттары тізбесінен қолда бар басымдықтарды ескере отырып, сатып алу рәсімдерін өткізуді тоқтата отырып Дәрілік заттар тізбесіне көшу - халықаралық тәжірибесіне сәйкес амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолданыстағы моделін оңтайландыру және дәрілік затқа белгіленген бағаны белгілеу ұсынылады. Бұл тетік фармацевтика нарығындағы субъектілердің, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысуға тарту жолымен халыққа дәрілік заттардың нақты қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мембағдарлама шеңберінде жоспарланып отырған шаралар бүкіл халықтың сапалы дәрілік заттарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, дәрілік заттардың бағасының жыл сайынғы өсуін төмендетеді, ТММКК шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың көлемі мен тізбесін кеңейтеді, және отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасайды.
Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
6.1. Халықты сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мыналарды көздейді:
-
амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жетілдіріледі және пациенттерге дәріхананы және дәрі-дәрмектерді таңдау құқығы берілетін болады;
-
формулярлық жүйені дамыту және пациенттер мен медицина қызметкерлерін объективті және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы тиімді фармокотерапия (дәрі-дәрмектерді тиімді тағайындау және пайдалану) қағидаттарын енгізу;
6.1.3. ауылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін, оның ішінде МСАК арқылы ауыл тұрғындарына (дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдарда) дәрі-дәрмек көмегіне жеке қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз етуді жетілдіру;
6.1.4. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясы жүйесін жетілдіру.
6.2. Денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, озық медициналық техниканы қолдану және сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру мақсатында:
-
денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы технологиялармен қамтамасыз ететін және ұзақ мерзімді тапсырыстарды қалыптастыру бойынша үйлестіруші орталық құру;
-
медициналық техниканы жеткізудің лизингілік схемаларын пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу;
-
медициналық техника және қымбат бағалы жабдықтар үшін кепілден кейінгі сервистік контракт жүйесін енгізу.
6.3. Дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру үшін:
-
дәрілік заттардың айналысы саласында нормативтік құқықтық актілерді үйлестіру, рұқсат беретін құжаттарды өзара мойындау, дәрі-дәрмектердің сапасын Кеден одағының аясында инспекциялаудың және бақылаудың ықпалдастырылған жүйесін құру;
-
дәрі-дәрмектердің сапасы мен мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру, ол мыналарды көздейді:
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РММ зертханаларын (оның ішінде өңірлік) қазіргі заманғы зертханалық технологиялармен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру және қызметкерлерді оқыту;
аккредиттеу туралы ережені және зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүйесін әзірлеу;
Еуропалық фармакопея дәрілік заттар сапасын бақылау (OMCL) бойынша ресми зертханалардың еуропалық желісіне ену үшін дайындық іс-шараларын жүргізу;
фармацевтикалық инспекцияның (PIC/S) халықаралық ынтымақтастық жүйесіне ену үшін мемлекеттік және сараптау органының мамандарын оқыту.
-
контрафактілік және жалған өнімдердің өндірісі және таратылуына қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізу:
медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органның өңірлік бөлімшелерінде жалған дәрілік заттарды анықтау үшін экспресс зертханалармен қамтамасыз етуді көздейді.
6.4. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес отандық өндірісті құруды қолдау арқылы отандық дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығаруды дамыту:
-
халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүргізгенде отандық дәрі-дәрмектерді мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
-
ТММКК-ні қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісіне отандық өндірушілердің ұзақ мерзімді тапсырыстарын қалыптастыру.
-
БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде (2011-2012 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:
қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл бірыңғай ұлттық стратегиясын әзірлеу;
жүктілік кезінде ерте есепке қою кезінде әйелдерді қаржыландыру ынталандыруды әзірлеу;
халықтың мақсатты топтарына Ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу;
іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде өткізілетін бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу;
денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде Кеден одағы және ДСҰ-ның талаптарына сәйкестігіне оларды үйлестіру;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру;
әлеуметтік жұмыскерлер институтын денсаулық сақтау жүйесіне енгізу әдістемесін әзірлеу;
ТММКК көрсетуге республикалық деңгейде шығыстарды орталықтандыру;
медициналық көмек сапасын басқару жүйесін әзірлеу;
БҰДЖ-ды одан әрі жетілдіру;
денсаулық сақтауға инвестицияларды қатыстыру тетіктерін әзірлеу;
медицина ғылымын басқару және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясын жетілдіру;
дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.
Екінші кезеңде (2013-2015 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:
Бағдарламаның бірінші кезеңінде әзірленген стратегиялар мен әдістемелерді енгізу;
жүктілік кезінде ерте есепке қою кезінде әйелдерді қаржыландыру ынталандыруды әзірлеу;
негізгі әлеуметтік елеулі ауруларды емдеу, диагностикалау әдістері мен хаттамаларын, халықаралық стандарттарын енгізу;
азаматтардың денсаулық және өмір сүру үшін қауіп факторларын төмендету, мемлекеттік органдар, қоғам, жұмыс берушілердің тиімді ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылын іске асыру;
жеке және қоғамдық денсаулықты нығайту және қорғауға мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін енгізу;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру және стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкестігіне (санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) келтіру;
ТММКК шеңберінде дәрілік заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтер тізбесін кеңейту;
МСАК-ң әлеуметтік бағытталған үлгісін құру;
медициналық қызметтің сапасына бағдарланған денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру жүйесін енгізу;
денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесін енгізу;
медицина ғылымы инфрақұрылымын жаңғырту;
медицина қызметкерлерінің әлеуметтік статусы мен уәждемесін арттыру;
дәрілік заттардың сапасы мен қол жетімдігін арттыру;
денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық техникамен жабдықтау және оларға сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісін дамыту.
-
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ КӨЛЕМІ
Бағдарламаны іске асыруға 2001-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 552 160,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен (жергілікті бюджеттердің нысаналы трансферттерін қоса есептегенде) 528 061,6 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражатынан 3 098,8 млн. теңгені құрайды.
2001-2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.
______________________
Достарыңызбен бөлісу: |