Аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты Жалпы ережелер Аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты (бұдан әрі Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



Дата03.07.2016
өлшемі57.74 Kb.
#175339


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы «20» шілдедегі

№ 600 бұйрығына

3-қосымша



Аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты


  1. Жалпы ережелер




  1. Аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және DIN EN 13940 «Медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» халықаралық стандартының талаптарын ескере отырып, медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілердің ауруларды электрондық профилактикалау жүйесіне (бұдан әрі – электрондық профилактика сервисі) қатысуы үшін шарттарды анықтайды.

  2. Осы Стандарттың міндеті: электрондық профилактика процестерін іске асыру үшін электрондық денсаулық паспортының сыртқы ақпараттық жүйелерімен ұлттық және өзара іс-қимылын реттеу үшін функционалды талаптар мен қағидаттарды айқындау болып табылады.

  3. Осы Стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

    1. денсаулық сақтау тарапы – пациенттерді, медициналық көрсетілетін қызметтерді беруші және медициналық көмек көрсетуде қолдауды қамтамасыз ететін тараптарды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінде өзара іс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар.

    2. сыртқы медициналық ақпараттық жүйе – үшінші тараптар әзірлеген және пайдаланатын кез келген медициналық ақпараттық жүйе.

  4. Электрондық профилактика сервисі электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) көмегімен пациентке қатысты біріншілік, екіншілік және үшіншілік профилактикалық медициналық көрсетілетін қызметті жоспарлау, орындау және тіркеуді қамтамасыз ететін қызмет болып табылады. Электрондық профилактика сервисінің деректер көзі болып ЭДП табылады.

  5. 4 және 7-тармақтарда көрсетілген іс-қимылдың нәтижесінде немесе іске асыру мақсатында алынған ақпарат осы Стандарттың реттеу мәні болып табылады.

  6. Пациентке қатысты біріншілік, екіншілік және үшіншілік профилактикалық медициналық көрсетілетін қызметті жоспарлау, орындау және тіркеу мақсатымен электрондық рәсімдер 3 типке бөлінеді:

    1. вакцинацияларды басқару;

    2. скринингті басқару;

    3. пациент тізімдерін басқару;

  7. Электрондық профилактика сервисі мен тиісті электрондық рәсімдердің іс-қимылы ЭДП арқылы басталады және басқарылады.




  1. Вакцинацияларды басқару




  1. Вакцинацияларды басқару аурулардың пайда болуының алдын алу, сонымен қатар олардың салдары мен асқынуларын профилактикалау мақсатында ЭДП арқылы жүзеге асырылатын электрондық профилактика сервисі мен электрондық рәсімдер функцияларының бөлігі болып табылады.

  2. Вакцинация жүргізілетін ауруды, вакцинация нәтижелері туралы ақпараты, вакцинация туралы мәліметтерді, жанама әсерлерді, пайдаланылған дәрілік препараттарды қамтитын пациенттердің вакцинациясы бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат ЭДП көмегімен жиналады, жүргізіледі және ұйымдастырылады.

  3. Пациенттің вакцинация статусы мен тарихын қарау, бағалау, басқару ЭДП арқылы жүзеге асырылады.

  4. Осы Стандарттың 10-тармағымен қарастырылған денсаулық сақтау субъектілері кез келген пациент бойынша сұрау салынған ақпаратты толық мөлшерде ала алады.

  5. Әр пациентке тағайындалған медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) дәрігерлері осы Стандарттың 10-тармағында белгіленген ақпаратқа тікелей қолжетімділігі бар денсаулық сақтау тараптары болып табылады.

  6. Вакцинация нақты пациентке де, пациенттер топтарына да Стандарттың 21-тармағында белгіленген пациенттер тізімдері көмегімен тағайындалады.

  7. Вакцинациялардың әр тағайындалуы денсаулық сақтау ұйымдарында ЭДП көмегімен және осы Стандарттың ережелеріне сәйкес тіркеледі.




  1. Скрининг пен профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды басқару




  1. Скрининг пен профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды басқару ауруларды ерте сатыда анықтау мен аурулардың дамуы, аурулардың туындауына ықпал ететін қауіп факторларының алдын алуға бағытталған халықтың нысаналы топтарын тексеріп-қарау, халық денсаулығын қалыптастыру және нығайту, кәсіби жарамдылықты анықтау, жұмыс және басқа да қызметтерді атқаруға рұқсат алу мақсатында ЭДП арқылы жүзеге асырылатын электрондық профилактика сервисі мен электрондық рәсімдер функцияларының бөлігі болып табылады.

  2. Халықтың нысаналы топтарына скринингтік және профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды жүргізудің белгіленген кезеңдік алгоритмдеріне сәйкес көрсетілген диагностикалық медициналық қызметтер бойынша ақпарат ЭДП-да жиналады және ұйымдастырылады.

  3. Белгілі скринингтік бағдарламаларды немесе скринингтік және профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу кезеңдігінің алгоритмдерін енгізу мақсатымен скринингтік және профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға жататын халықтың нысаналы топтарын анықтау үшін ЭДП-дағы ақпаратты қарауға және талдауға уәкілетті медициналық қызмет берушілердің ғана рұқсаты бар.

  4. Скринингтік және профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар шеңберіндегі диагностикалық зерттеулер мен емшаралар диагностикалық зерттеулердің электрондық процестерін басқару стандартына сәйкес нақты пациентке де, пациенттер топтарына да Стандарттың 21-тармағында белгіленген пациенттер тізімдері көмегімен тағайындалады.

  5. Жеке пациенттер мен пациент топтарына скринингтік тексерулерді тағайындау скринингтік тексеріп-қарауларды жүргізудің анықталған кезеңдік алгоритмдерінің негізінде уәкілетті денсаулық сақтау тарапының келісімінсіз ЭДП арқылы автоматты түрде анықталады. Стандарттың 19-тармағына сәйкес скринингтік тексеріп-қарау шеңберінде тағайындалған диагностикалық тексеріп-қарауды орындау үшін осы Стандарттың 18-тармағына сәйкес уәкілетті медициналық көрсетілетін қызмет беруші қажет. Бұл үшін ЭДП мониторингтеу мен скринингтік көрсеткіштерді автоматты түрде табу хаттамаларын пайдаланады.




  1. Пациент тізімдерін басқару




  1. ЭДП-дағы ақпараттың негізінде вакцинациялауға жататын пациенттер тізімдері жүргізіледі. Вакцинациялауға жататын пациенттерді ЭДП жүйесінен пациентті вакцинациялауға тиісті хабарландыру алатын уәкілетті МСАК дәрігері хабардар етеді.

  2. ЭДП-дағы ақпараттың негізінде скринингтік тексеруге жататын пациенттер тізімдері жүргізіледі. Скринингтік тексеріп-қарауға жататын пациенттерді ЭДП жүйесінен пациенттерді скринингтік тексеріп-қарауды өткізуге тиісті хабарландыру алатын уәкілетті медициналық көрсетілетін қызмет беруші хабардар етеді. Скринингтік тексеріп-қарауды өткізуге хабарландыру сыртқы медициналық ақпараттық жүйелерде беріледі.




  1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек және стационар деңгейіндегі медициналық көрсетілетін қызмет берушілердің міндеттері




  1. Электрондық профилактика сервисі немесе ЭДП ұлттық жүйесімен өзара іс-қимыл жасайтын МСАК және стационар деңгейіндегі медициналық көрсетілетін қызметті берушілер скринингтік тексеріп-қараулар мен электрондық профилактика сервисіне байланысты хабарландырулар мен скринингтік тексеріп-қараулар туралы хабарландыруларды алу үшін электрондық профилактика сервисімен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.

  2. ЭДП мен өзара іс-қимыл жасайтын сыртқы медициналық ақпараттық жүйе мынадай фунцияларды орындайды:

    1. ауруларды бақылау бойынша тиісті тіркелімдегі жаңартуларды тексереді;

    2. ауруларды бақылау бойынша тиісті тіркелімнен алған метадеректердің негізінде осы тіркелімде көрсетілген диагнозы бар пациенттер келіп түскен кезде ЭДП-ны хабардар етеді;

    3. ЭДП арқылы берілетін диагностикалық зерттеулерге келіп түсетін тағайындауларға қатысты электрондық профилактика сервисімен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасайды.

  3. Осы Стандарттың 24-тармағынын 3) тармақшасымен белгіленген тәртіпте тағайындалған скринингтік тексеріп-қараудың шенберіндегі диагностикалық зерттеу нәтижелері Стандарттың 5-тармағының ережелеріне сәйкес ЭДП-ға кайта беріледі.


  1. ЭДП байланысты клиникалық-әкімшілік деректері




  1. Осы Стандартта белгіленген деректер жинақтарына қосымша ретінде электрондық профилактика сервисін іске асыру және реттеу мақсатында ЭДП-ның тиісті деректердің жинағына клиникалық-әкімшілік деректер қосылған.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет