Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің



бет4/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#22177
1   2   3   4

6-бөлім. Тәуекелдерді басқару



Ықтимал тәуекел атауы

Тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдар

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс- шаралар

Тәуекелдерді басқару жөнінде факті бойынша орындалған іс-шаралар

Орындалмаған іс-шаралардың себептері

1

2

3

4

5

Сыртқы тәуекелдер

Көмірсутектің әлемдік бағасының өзгеруі немесе әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы


1. Қызмет көрсету саласында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеуі

2. Спорт инфрақұрылымын дамытуға тартылатын инвестициялардың қымбаттауы




Қолайлы инвестициялық климат үшін және инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жағдайларын жасау


-

-

Инфляцияның өсуіне байланысты бағаның өсуі

Спорт объектілерін салу қарқынының төмендеуі

Қолайлы инвестициялық климат үшін және инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жағдайларын жасау


-

-

Эпидемияның пайда болуы (құс тұмауы және т.б.)

Халықаралық жарыстардың нәтижелерінің төмендеуі

ДСМ бірлесіп алдын алу және жедел ден қою шаралары жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу

Жыл сайын мүгедек спортшылар арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам бұқаралық спорт іс-шаралар ұйымдастырып, өткізіліп тұрады, оған 1,5 мыңнан астам адамдар қатысады.

Есептік кезеңде спортшыларды диспансерлеу, оқу-жаттығу процесімен қамсыздандыру, спортпен айналысқан кезде жарақаттанудың алдын алу, спортшыларды емдеу және қалпына келтіру, оларды медико-биологиялық дәрумендермен және қалпына келтіру препараттарымен қамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Есептік кезеңде «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-ге дәрігерлерге 118 440 адам қаралған. Олардың ішінде 98 856 адам медициналық тексерістен өткен, 11 928 ауруы бойынша, 6 656 – тереңдетілген медициналық тексерістен өткен.

Қызмет көрсетілген жарыстар – 102, қатысушылар саны – 18320. Қатысушылардың ішінде медициналық көмекке жүгінгендерінің саны – 3 897. Оқу-жаттығу жиындары (бұдан әрі - ОЖЖ) – 271 дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, олардың ішінде қатысушылар – 3469. Орталық дәрігерлерімен 107 ОЖЖ қамтамасыз етілді, қатысушылар саны – 1937. Медициналық көмекке жүгінген ОЖЖ қатысушылар саны – 862. Республикада 145 ОЖЖ, шетелде – 126.






Ішкі тәуекелдер

Елдің стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын сапасыз іске асыру

Салалық және өңірлік дамудың белгіленген параметрлеріне қол жеткізбеу

Тиісті мемлекеттік органдар басшыларының стратегиялық жоспар міндеттерін іске асыруға және олар бойынша барабар шараларды уақтылы қабылдауға дербес жауапкершілігін арттыру

Агенттіктің жауапты хатшысы тоқсан сайын берілген нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі тапсырмалар мен ұсыныстардың нәтижелері бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру жөніндегі айналысатын саланың құрылымдық бөлімшелерін тыңдау өткізіліп тұрды.

-

Жоспарланудың жаңа жүйесін енгізу шеңберінде серпінді жобаларды сапасыз іске асыру

Агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің болмауы себебінен теріс нәтижелер алу

Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жасау және бағалау жүйесін құру және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында олардың қорытындылары бойынша тұрақты түрде кеңестер өткізу

Тоқсан сайын Агенттіктің 7 бағыты бойынша талдау және бағалау жүргізіліп тұрады.

-

Агенттіктен білікті мамандардың кетуі

Агенттіктің кәсіптік мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі және оның дене шынықтырумен спортты дамытудың негізгі міндеттерін орындауға қабілетсіздігі

Мыналар жөніндегі шараларды қамтамасыз ету:

(1) жұмыс күнінің ұзақтығын қалпына келтіру

(2) қызметкерлердің еңбекақысы деңгейін кәсіптік шеберлігіне қарай арттыру

(3) қызметтік мақсаттарда көлікпен қамтамасыз ету

(4) біліктілігін арттыру

(5) моральдық тұрғыдан ынталандыру



(1) Агенттік қызметкерлерімен Еңбек кодексі сақталған Агенттікте жұмыс күнінің ұзақтығы қалпына келтірілген. Сондай-ақ, Агенттік қызметкерлері арасында Еңбек кодексінің сақталуы жөнінде анонимді сауал жүргізілді.

(2) Белгіленген заңнамалық тәртіпте қызметкерлердің еңбек ақысы жүзеге асырылады.

(3) Агенттікте қызметтік хат-хабарларды жүзеге асыратын және жеткізетін қызметтік автокөліктері бар.

(4) Есептік кезеңде біліктілігін арттыру курсынан 17 қызметкер, кадрларды қайта даярлау курсынан 7 қызметкер өтті.



(5) Дене шынықтыру және спорт саласына дамытуға маңызды үлес қосқан адамдарды моральдық ынталандыру мақсатында құрмет грамоталарымен – 166 адам, Төрағаның алғыс хатымен – 218 адам марапатталды.




Халықтың сатып алу қабілеттілігінің төмендегі

Лотерея қызметінен республикалық бюджетке түскен табыстың азаюы

Мемлекеттік лотереяның жаңа даму моделін әзірлеу

Агенттік Мемлекеттік және ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұлттық операторларды құруды көздеген «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасын әзірлеген. Қазіргі кезде Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобының қарауында.




Бұзушылықтың санының көбеюі

Ойын бизнесі саласындағы жеңіл жазалау шаралары, құқық бұзушылықтарды анықтаудың және сот орындауына жеткізудің жеткіліксіз тиімсіз тетігі

Ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізді.





Төрағаның

міндетін атқарушы Қ. Кәкен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет