«Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы ұсынады.
Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақтарының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу ережесі мен шарттарының, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығының және «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының 1414 телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан көшірме не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне (бұдан әрі - алушылар) спорттық разрядтары мен біліктіліктерін ресми тану мақсатында көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);
2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
жергілікті атқарушы органдарда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес оның жұмысы қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.
Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік қызмет алушының тұратын жері бойынша орталықтардың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стенділер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стенділер) көзделген.
Спортшыны спорттық атаққа, разрядқа ұсыну үшін құжаттар жергілікті атқарушы органдарға және орталықтарға тиісті норматив немесе талап орындалған сәттен бастап алты ай ішінде жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. «Спорт шеберіне кандидат» спорттық атағын, «1 разрядтағы спортшы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ұсыным;
2) жарыстың атауы, оны өткізу мерзімі мен орны көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған хаттамадан үзінді;
3) осы спорт түрінен республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
4) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес бас төрешісінің, бас хатшысының қол қойған бокс, күрес түрлері мен басқа да жекпе-жектердің нәтижелері туралы анықтамасы.
«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
1) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;
3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
4) бұдан бұрынғы біліктілік санатын беру туралы куәліктің көшірмесі;
5) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда);
6) осы спорт түрінен республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» біліктілік санатын беруді қоспағанда).
Мынадай құжаттардың мәліметтері:
алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санаттарын беру осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
1) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;
3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
4) бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәліктің көшірмесі.
Мынадай құжаттардың мәліметтері:
алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер» санаттарын беру осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
1) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері;
3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
4) спорт түрінен республикалық федерацияның спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген, санатын беру туралы мөрмен расталған қолдаухаты;
5) бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәліктің көшірмесі.
Мынадай құжаттардың мәліметтері:
алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
«Бірінші санатты спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа Қазақстан Республикасының спорттық жіктегішінің талаптарына сәйкес төрешілік практика курсынан өткенін растайтын құжатты ұсынады.
Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
12. Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.
13. Орталықтар құжаттарды қабылдауды операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.
Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін жергілікті атқарушы органға береді.
16. Жергілікті атқарушы органдар аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;
3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.
Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Жергілікті атқарушы органдардың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;
3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;
5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңдігі;
9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды алу үшін оларды сақтау;
12) ақпараттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
13) тиімділік;
14) сыпайылық.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. «Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсететін жергілікті атқарушы органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын жергілікті атқарушы органның бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу және өтініш дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады.
Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, алушы осы стандартқа 9-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жоғары тұрған инстанцияға жүгіне алады.
Орталықтың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде, не жұмыс кестесі мен мекенжайлары осы стандарттың 26-тармағында және 1, 2, 9-қосымшаларында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың, әкімдіктердің, орталықтардың және «Орталық» РМК кеңселерінде қолма-қол қабылданады.
23. Жергілікті атқарушы органның, әкімдіктің, орталықтың немесе «Орталық» РМК кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.
24. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Шағымды қараудың нәтижелері туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
25. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
26. «Орталық» РМК мекенжайы:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефон: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi
спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер,
бірiншi санатты спорт төрешiсi»
спорттық разрядтары мен санаттарын
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелері
Р/с №
|
Атауы
|
Мекенжайы
|
Телефон нөмірі
|
Жұмыс кестесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Астана қаласы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Астана қаласы, Кенесары көшесі, 14-үй
|
8(7172)556753, 557299, факс 391402
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
2.
|
Алматы қаласы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Алматы қаласы, Республика алаңы, 4-үй
|
8 (7272)71-65-74, 61-25-29, 71-65-72
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
3.
|
Алматы облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 222-үй
|
8(7282)251057
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
4.
|
Ақмола облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 «а»-үй
|
8(7162)763427, факс 763378
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
5.
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40-үй
|
8(7132)552636, факс 552636
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
6.
|
Атырау облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А-үй
|
8(7122)32-05-24, факс 32-05-26
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
7.
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19-үй
|
8(7232)250668, 252446, 296244, 578769, 577658
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
8.
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201-үй
|
8(7112)505272, 511740, 512711, 506589, 500862
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
9.
|
Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72-үй
|
8(7262)450514
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
10.
|
Қарағанды облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Қарағанды қаласы, Бұхар жырау даңғылы, 53-үй
|
8(7212)507112, факс 507114
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
11.
|
Қызылорда облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, 1-үй
|
8(7242)230564, факс 230138
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
12.
|
Қостанай облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Қостанай қаласы, Таран көшесі, 83-үй
|
8(7142)575330, 575216, факс 575330, 575216
|
Жұмыс күндері: сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
13.
|
Маңғыстау облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Ақтау қаласы, 12-ықшам ауданы, «Мұнайшы» спорт кешені
|
8(7292)310579, 310436, 330131
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
14.
|
Павлодар облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Павлодар қаласы, 1 май көшесі, 170-үй
|
8(7182)619400, 619153, факс 619150
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
15.
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 28-үй
|
8 (7152)46-60-40, факс 46-62-58
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
16.
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 1-үй
|
8(7252)224288, факс 423352
|
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда
|
«Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi
спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер,
бірiншi санатты спорт төрешiсi»
спорттық разрядтары мен санаттарын
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |